Литературоведение



жүктеу 9,27 Kb.
Pdf просмотр
бет47/86
Дата28.11.2017
өлшемі9,27 Kb.
#2113
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   86

 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
98 
 
ӘОЖ 372.8:811.111    
 
ШЕТ ТІЛІН ИННОВАЦИАЛЫ ОҚЫТУДА ЖАҺАНДАНУ ЗАМАНЫНЫҢ 
КӨПТІЛДІ БОЛАШАҚ ЖАС МАМАН ИЕЛЕРІН ЛИНГВО-МӘДЕНИ БАҒЫТТА 
ДАЯРЛАУ 
Г.А. Койтасова, 
аға оқытушы, магистр 
(Алматы қ., Шет тілдер және іскерлік 
карьера университеті) 
 
Аңдатпа:  Мақалада  қазіргі  кездегі  актуальды  мәселелердің  бірі  еліміздегі 
көптілділік,  халқымыздың  алдына  қойылып  отырған  мақсат  –  тілдің  үш  тұғырлығын 
сақтау,  қазіргі  жаһандану  заманы  талап  етіп  отырған  ортақ  тілдің  керектігі  және 
мемлекетіміздің  алдыңғы  қатарлы  елдердің  қатарында  болуына  септігін  тигізетін 
мәселелердің  бірі  бәсекеге  қабілетті  бірнеше  тілдерді  меңгерген  маман  иелерін  даярлап 
шығару туралы айтылған. 
Түйін  сөздер:  тіл,  қостілді,  көптілді,  билингвизм,  мультилингвизм,  шет  тілі,  тұлға, 
құбылыс, жаһандану, тіл өкілі, байланыс құралы, аспект, полиглот, қарым-қатынас, тілдік 
табиғи орта, тіл меңгеру, лингво-мәдени, бәсекеге қабілетті, заманауи технология. 
Қостілді  немесе  көптілді  жағдай  ұлтаралық  қарым-қатынас  арқылы  туындайтын 
құбылыс.  Зерттеулер  бойынша  әлемде  қостілділер  немесе  көптілділер  бір  тілділерден 
көбірек  екен.  Бірнеше  тілді  меңгеру  бұл  қазіргі  кездегі  Еуропа  мен  Азияның  көптеген 
елдерінде  мемлекеттік  білім  беру  саясаты  болып  отыр.  АҚШ-та  ғана  бір  тілді  білім 
саясатының  бастапқы  талабы  ресми  тіл  –  ағылшын  тілін  меңгеру.  Тіл  үйренуде  Еуропа 
елдерінде көздеп отырған мақсат, сол елдердегі мектептерде әрбір оқушы үш тілде жетік 
болуы керек: ана тілі, Одақтағы қолданылатын үш тілдің біреуі (ағылшын, неміс, француз) 
және Еуроодақтағы сол тұрып жатқан елдің мемлекеттік тілі. Еуропа елдерінің мектептегі 
тәжірибесі  екі  тілді  (билингвальді)  мектептер  моделін  ұстанады  және  үшінші  тіл  оларда 
екінші оқу жылынан басталып оқытылады.  
Билингвизм немесе қостілділік  (латын сөзінен шыққан екі тілді деген)  – дағды, бір 
әлеуметтік ортада тұлғаның немесе бірнеше адамдардың тұтас немесе жартылай екі тілді 
жазбаша немесе ауызша қолданып, қарым-қатынас үдерісін іздеу жолы. 
Полилингвизм немесе мультилингвизм (латын сөзінен шыққан көптілділік деген) бір 
әлеуметтік  ортада  бірнеше  тілде  сөйлеп,  қарым-қатынас  жасау.  Көпұлтты  топта  немесе 
ортада  қостілділік,  көптілділік  –  бұл  ажырамас  әлеуметтік  құбылыс.  Екінші,  үшінші 
тілдерге  деген  сұраныс  барлық  жерде  кездеседі,  әртүрлі  ұлттар  шоғырланған  аймақтағы 
қарым-қатынас  жасау  жағдайында  болады,  яғни  тікелей  адами  қарым-қатынасқа  деген 
практикалық қажеттілік. 
Тілдің  байланыс  ретінде  көрінуі,  таралуы,  әрекет  етуі  адам  өміріндегі  әлеуметтік-
тарихи жағдайлардың себептерінен әрекет етеді және ең бастылары мыналар:  
- әр  тілде  сөйлейтін  адамдардың  арасындағы  экономиканың  қарқын  дамуы,  саяси, 
ғылыми, мәдени, тұрмыстық қарым-қатынастардың дамуы; 
- бір  елдің  басқа  бір  елмен  территориалды  көршілес  болуы  немесе  сол  елді  мекенде 
бірге тұруы, бірге тұрмыс, шаруашылықты жүргізуі; 
- адамдар өміріндегі әрбір тілдің қарым-қатынастағы әлеуметтік функциясы мен оның 
мүмкіншіліктері. 


Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
99 
 
Мультилингвизм немесе көптілділік ежелден келе жатқан дүние. Ағарту дәуірінде де 
бұл құбылыс кең тараған. Лингводидактикалық таным бойынша сауатты адам бірнеше тілді 
білуі керек болған. Мысалы:  
- ана тілі жеке өміріне керек болған; 
- көршілес жатқан елдердің тілдері сол елдермен қарым-қатынас жасау үшін керек; 
- латын тілі ғылыми мағынада жазылған кітаптарды оқып түсіну үшін керек; 
- араб, грек тілдері дәрігерлер мен философтарға;  
- иврит, араб тілдері діни қолжазбаларды түсініп оқуға керек болған. 
Сол бірнеше тілді немесе кем дегенде екі  тілді меңгеру, қазіргі жиырма бірінші  ғасыр – 
жаһандану заманында бізден талап етіп отыр. 
Тілді  үйрену  мәселесі  әртүрлі  жағдайларға,  шарттарға  байланысты.  Қандай 
жағдайда, қай жастан бастап және не мақсатпен тіл оқып үйрену. 
Тіл мамандары тілді жетік меңгерудің бірнеше түрін анықтайды: 
- монолингвизм – біртілділік, яғни алдымен ана тілін меңгеру; 
- билингвизм – қостілділік, тілдің бастапқы даму кезеңінен бастап, екі тілде сөйлеу; 
- мультилингвизм – көптілділік, бірнеше тілде сөйлеу; 
- екінші тілде сөйлеу өзінің ана тілімен қоса – бұл меңгеру үдерісі ана тілінің толық 
немесе жартылай дамығанынан кейін басталады; 
- шет  ел  тілдерін  меңгеру  дағдылары  –  әртүрлі  үйрену  жағдайларында,  үйреніп 
жатқан тілдің табиғи ортасында немесе тысқары болады. 
Қазақстан – көпұлтты ел. Әр ұлт өз тілінде еркін сөйлей алады және шектеу жоқ. Әр 
ұлттың  өз  тарихы,  мәдениеті,  әдет-ғұрыптары  бар.  Қазақстанда  және  көршілес  көптеген 
елдерде  көп  жылдар  бойы  қостілділік  (билингвизм)  болды,  сол  екітілділік  әлі  де  болып 
жатыр. Өйткені, Қазақстанда да, көршілес жатқан елдерде ұлтаралық ресми тіл – орыс тілі 
болды, әлі де болуда. Қостілділік бала кезеңнен пайда болуы мүмкін. Бала үш-төрт жасқа 
келіп,  тілі  шыға  бастағаннан  басталады.  Екітілділік  ересек  өсіп  жетілгеннен  кейін  де 
болуы  мүмкін.  Екінші  тілді  байланыс  құралы  ретінде  үйренеді.  Елімізде  ұлттық, 
мемлекеттік, ресми тіл – қазақ тілі, орыс тілі – ұлтаралық тіл, ал ағылшын тілі – шет тілі 
болып есептелінеді. Қазіргі кезде елімізде  көптілділік, үштілділік – қазақ-орыс-ағылшын 
тілдері бағыт алып отыр.  
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан  –  2050»  стратегиясы  –  қалыптасқан 
мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты»  Жолдауында  тіл  мәселесіне  қатысты  Қазақ  тілі  және 
тілдердің  үш  тұғырлығы  қағидасын  тағы  атап  өткен.  Бәсекеге  қабілетті  отыз  елдің 
қатарына ену үшін еліміздегі халықтар қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеру керек 
[1].  
Жоғарыда  айтылғандай  Қазақстанда  қостілділік  көп  жылдардан  бері  қалыптасып 
келе жатқандықтан, билингвизм біздің ата-аналарымызға, бізге, біздің алдымыздағы және 
кейінгі  ұрпаққа  да  үйреншікті  мәселе,  ол  қазақ  тілі  мен  орыс  тілі.  Өйткені,  өмір  сүріп 
жатқан орта осы тілдерде сөйлейді. Ал ағылшын тілі – шет тілі пәні ретінде мектептерде, 
жоғары  оқу  орындарында  оқытылып  келеді.  Біздің  кезімізде  5-6  сыныптан  бастап 
оқытылатын.  Қазіргі  кезде  ағылшын  тілі  қалалық  жерлерде,  арнайы  тіл  мектептерінде 
бірінші сыныптан оқытылады. Қосымша француз, неміс, араб, қытай т.б. тілдер өтіледі. 
Жаңа  тілді,  яғни  шет  ел  тілін  меңгеру  әртүрлі  жағдайда  болады.  Сол  елдің  тілін 
үйреніп жатқан елде немесе тілін үйреніп жатқан елде емес, яғни тілдік ортада емес. Екі 
жағдайда  да  тек  тілді  үйреніп  меңгеру  керек.  Сондықтан  да,  шет  ел  тілін  үйрену,  тілін 
үйреніп жатқан елде немесе ортада болмаған жағдайда немесе мүмкіншілік болмаса, онда 
тіл үйренуге екі таңдау қалады: 
- сол  тілде  сөйлейтін  тіл  өкілімен,  яғни  табиғи  тілмен  қарым-қатынас  сабақ  кезінде 
немесе сабақтан тыс уақытта  қолдануға мүмкіншілік береді; 


жүктеу 9,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   86




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау