Казахский государственный женский
педагогический университет Вестник №3(51), 2014 г.
80
need substantial upgrading of the content and structure of educational activities in accordance
with requireme.
Keywords: globalization,
integration, conceiving experts,
the philosophy makes, the
creatively conceiving.
ӘОЖ 811.111
СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЕТЕЛ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕУ ІСКЕРЛІКТЕРІ МЕН
ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
А.И. Алдибекова
, оқытушы
(Алматы қ., Қазақ мемлекеттік
қыздар педагогикалық университеті)
Аңдатпа:
Мақалада қазіргі таңда білім беруде шет тілінде еркін сөйлеу мен сауатты
жазу іскерліктерін қалыптастыру жолдары көрсетілген. Мақалада сөйлеуді дамытудың
мәнін, мазмұнын анықтауға байланысты философиялық, педагогикалық, психологиялық,
лингвистикалық талдау жасалып, студенттердің тілді қалай меңгергендігін білу арқылы
олардың дағдысын анықтауда қазіргі қолданылып жүрген бағдарлама мен оқулықтар, оқу
құралдары жөнінде айтылған.
Түйін сөздер: дұрыс cөйлеу мен сауатты жазу дағдылары, қарым-қатынас дамуының
түрлері, педагогикалық қарым-қатынастардың сыпайылық және әдептілік қағидасы,
ақпараттық технология.
Қазіргі таңда шет тіліне үлкен сұраныс болуына байланысты елімізде сөйлеу
мәселесі қолға алына бастады. Өйткені сөйлеу мәселесі өзекті болуының себебі шет ел
мемлекеттерімен қарым-қатынас негізгі мақсаты болуына байланысты студенттердің
дұрыс сөйлеу мен сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Жоғары оқу
орындарында шет тілінде тілдің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылу нормасын,
дыбыстық заңдылықтарды, оның грамматикалық құрылысын игеруге, ойын еркін
жеткізуге, басқаның сөзін түсініп, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеріп, шет тілінде
қарым-қатынас жасауға дағдыланады.
Қазіргі таңда жүргізіліп жатқан әрекет, оған ең алдымен, жоғары оқу орындарына
арналған оқулықтар мен бағдарламалар қажет, яғни білім деңгейін жоғары көтеру негізгі
мәселе. Сондықтан тілді үйрету үшін сөйлесу әрекетіне дағдыландырылады. Өзге тілді
үйрену барысында, студенттің қабілеттілігі мен бейімділігі, шеберлігі мен икемділігі
ерекше орын алады. Тілді тәжірибеде пайдалану – сөйлесу, қарым-қатынас жасау. Қарым-
қатынастың дамуының түрлері, қатысым үрдісі, оның мазмұны, негізі маңызы және
құрамының жүйесі бар. Студенттерді сөйлеуге үйретуде осы ерекшеліктер негізге
алынады. Сондықтан сөйлеу үрдісі қатысымдық негізде құрылады және сөйлеу
құралдарын игеру мен оны қарым-қатынаста пайдалану, сөйлесу икемділігі мен
дағдыларын сапалы қалыптастыруға ықпал етеді. Сөйлеу тілін дамыту әрқашан әдісте
қаралып отырады. Оның маңызы, қажеттілігі айқындалып, шет тілінде сөйлеу жақсы
деңгейде дамып, әрі жастар арасында тілге деген үлкен қызығушылық орын алуда.
Дегенмен де, сөйлеуге жаттықтырудың негізгі атаулары және категориялары, тілді
дамытуға арналған жұмыстар, сөйлеудің мазмұны, құралы. Студенттердің тіл байлығын
бағалау қалыптары анықталмаған, бірақ қазіргі тіл дамыту әдістерінің өзіндік зерттеулері
Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университеті Хабаршы №3 (51), 2014 ж.
81
бар, керекті педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық базасы жетіле бастаған. Бұл
мәселелер студенттердің қатысымдық әрекет негізінде сөйлеуге үйретудің өзектілігін
анықтайды.
Егер студенттерге білім беру және іскерлік пен дағдыны сіңдіру процесі
педагогикалық қарым-қатынастың қандай ынталандырушы түрінде берілгендігі және
ұйымдастырушылығы ескерілмесе, онда сабақтың сәтті болуын мәтіндердің мазмұны да,
тиімді жаттығуларды да, әдіс-тәсілдер мен құралдарды іріктеп алуды да қамтамасыз ете
алмайды. Сабақта қарым-қатынас кезінде сезімталдық пен тілектестік, табиғилық пен
еркіндік, адамгершілік жағдайын жасау студенттің тілдік қызметін және белсенділігін
жандандырады. Әдеттегідей, оқытушы сабақтарда студенттермен іскерлік қарым-
қатынасты қалыптастыруға тырысады, онда шет тілінде сөйлеуді қолдайтындығын,
ынталандыратындығын, қуаттайтындығын және тағы басқа танысу үшін қолданылады.
Өкінішке қарай, іс жүзінде оқытушылардың студенттермен қарым-қатынасының
мынадай түрлері таралған: педагог талап етеді – студенттер оны бұлжытпай орындайды,
педагог сұрақ қояды – студенттер оған жауап қайтарады және тағы басқалары. Мұндай
жағдайда ынтымақтастық жайында, адамгершілік қарым-қатынасын тәрбиелеу туралы,
әрқайсысын белсенді іс-әрекетке тарту жөнінде сөз қозғау бекер. Тек адамгершілік,
тілектестік, өзара көмек пен ынталандырушылық жағдайында студенттер өздерін іштей
еркін сезінеді, педагогикалық ықпалына қарай белсенділік танытады, батылырақ сөйлейді.
Студенттер бәрінен бұрын талап қойғыш және әділетті педагогтарды ұнатады және
бағалайды. Алайда бәрін бірдей емес, өзінің қаталдығын, талап ете білетіндігін
адамгершілік, жаны ашығандық, жігерлендіргіштік және көмек берушілік жағдайында
танытатын ұстаздарды сыйлайды.
Осындай жағдайларды қалыптастырудың негізгі қағидаларының бірі – оқыту
процесі кезіндегі педагогикалық қарым-қатынастардың сыпайылық және әдептілік
қағидасы. Адамдар қарым-қатынасындағы сөйлеу әдебінің нормасы сол тілде сөйлейтін
халықтардың тарихи, әлеуметтік және мәдени ерекшеліктерде көрініс тапқан едәуір
ұлттық ерекшеліктермен және өзіндік өзгешелігімен сипатталады. Бірақ та жалпыға
бірдей қағидалар да бар. Егер адамдар өзара түсіністікке қол жеткізгісі келсе, онда олар
сол жолға бірдей қағидаларды басшылыққа алады. Бұл қағидалар қарым-қатынас
жасаудың, тіл табысудың анық та айқын түрін қолдану қажеттігіне басымдық береді
.
Егер
шет тілінде жоғары оқу орындарында студенттердің сөйлесу тілін дамыту ісі
лингвистикалық, психологиялық, педагогикалық негіздерге сай, оның қатысымдық әрекет
әдісі арқылы жүйелі, тілдің қарым-қатынас қызметі мен экспрессивтік қызметіне қарай
ұйымдастырылса, ауызша сөйлесудің тиісті лексикалық, грамматикалық икемділіктері
мен дағдыларын қалыптастыруда дамыта сөйлеудің әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланып
жүргізгенде ғана нәтижелі болады.
Сөйлеуді дамытудың мәнін, мазмұнын анықтауға байланысты философиялық,
педагогикалық, психологиялық, лингвистикалық талдау жасалып, студенттердің тілді
қалай меңгергендігін білу арқылы олардың дағдысын анықтауға қазіргі қолданылып
жүрген бағдарлама мен оқулықтарға, оқу құралдарына талдау жасалынып,
оқытушылардың тәжірибесін дамыту арқылы білуге болады. Сонымен қатар шет
мемлекеттермен қарым-қатынас жасау үшін сөйлеудің маңызы арта түсті. Шет тілі
басқару орындарында, өндіріс ошақтарында, ғылыми мекемелер мен білім беру саласында
кеңінен қолданылып келеді. Қазіргі заман да сөйлеудің үш түрін талап етуде: ауызша,
жазбаша және электронды түрлерінің дамуын ерекше талап етіп отыр. Сөйлеудің
электронды және жазбаша түрі қаншалықты маңызды болса, сөйлеу түрі де соншалықты
маңызды. Студенттің ауызша сөйлеу мәселесіне келсек, бұл әлеуметтік қажеттілік,
заңнамалар талабы, Елбасы тапсырмасы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев бәрімізге «Өсіп келе
Достарыңызбен бөлісу: |