Литературоведение



жүктеу 9,27 Kb.
Pdf просмотр
бет11/86
Дата28.11.2017
өлшемі9,27 Kb.
#2113
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   86

Қазақ мемлекеттік қыздар  
педагогикалық университеті                                                                                Хабаршы №3 (51), 2014 ж.  
 
25 
 
адамның  ішкі  жан  дүниесі  мен  сыртқы  іс-қимылы  арасындағы  байланысы  табиғатпен 
астарласа  келіп  заман,  қоғам,  әлем  секілді    макроортаға  араласып,  ұштасып  жататынын 
көреміз: 
Әркімді заман сүйремек, 
Заманды қай жан билемек. 
Заманға жаман күйлемек, 
Замана оны илемек. 
Бұл  өлеңінде  көптің  ішіндегі  жеке  адам  немесе  бүкіл  бір  дәуір  не  замандағы  жеке 
адамның  мінез-құлқын    сипаттаған.  Заманға  ілесе  алмаған  адамның  ұсқынсыз  кейпі 
өлеңмен  беріліп  отыр.  Жан  рахатын  табиғаттан  іздегендігін  біз  «Қансонарда  бүркітші 
шығады  аңға»  өлеңінен  көреміз.  Бұған  дәлел  ақынның  осы  өлеңін  алдымен  оқығандағы 
алғашқы әсері туралы сөз қозғағанда студенттердің аузына түскен алғашқы сөз «аппақ, әлі 
ешкімнің ізі түспеген, жаңа жауған қар», «таудың басында бір, төмен жағында (ойда) тағы 
бір аңшының тұрғаны»,  «олардың үстінде ішік, басында тұмақ, қолында бүркіт» дегенді 
айтысты. 
Адамның  мінез-құлық  эстетикасын  ақын  шығармаларынан  іздегенде  оның  сыртқы 
сипаты, іс-әрекеті мен ым-ишарат, жаңсаулары, сөйлеген сөзінің мәнділігі т.б. ұштастыра 
қарастыру керек. Өйткені, ақын адамның бүкіл болмысын бір-бірінен бөлмей, тұтас, жан-
жақты  зерделейді.  Оның  талғамына  іліккен  қыз  сипатынан  көреміз  де,  бүгінгідей 
«еуропацентрлік»  ұғымға  еліктеу  тұсында  ақынның  көзқарасының  оған  мүлде  қарама-
қайшы  болғанын  аңғарамыз,  ол:  «Иузи-рәушан  көзі  –  гәуһар»  өлеңінде  қыз  сұлулығын 
шығыс ғұламаларынша сипаттай келе, оны көргендегі эстетикалық ләззатын: 
Кетіп қуат, йұмылып көз
Бойың  сал-сал  бола  нигә?  –  деп  өзіне  сұрақ  қояды.  Мүмкін  ол  бұның 
сұлулыққа  құмарлықтан  туған  күшті  сезімнің  әсері  –  эмоция    қуаты  екенін  бала  жігіт 
кезінде  әлі  түсіне  бермегендігінен  шығар?  Не  десек  те,  әйтеуір,  эстетикалық  сезімнің 
болғанын  анық  көреміз.  Осының  жалғасы  іспетті  «Әліпби»  өлеңінде  де  сұлу  қыздың 
суретін  айға,  ернін  шекерге,  ақылын  кемелге  теңеп,  өзін  асыл,  қас,  кірпік,  көзін  жазу 
өнеріне балап, осы сұлулықтың эстетикалық әсерінен туындаған бойындағы сезім
 
әсерін – 
күйдірді,  мүшкіл,  сабырым  қалмады,  ақылымды  тартып  алды,  уайым  жеп,  өлді  деп 
ойлаңыз деген сөздермен білдірген. 
Ақынның эстетикалық
 
талғамы қазіргі кезде де өз құндылығын жойған жоқ, қашанда 
қыз  сұлуы  –  қыпша  бел,  қара  көз,  жігіт  сұлуы  –  ойлы,  еңбекшіл.  Ақын  жалпы  адамды 
мінез-құлқы мен жүріс-тұрысы, адаммен болған  қарым-қатынасы арқылы бағалаған. Кім 
ақылды, мінезді, ізденгіш, еңбекшіл болса – сол көркем, сол әдепті, сол асқақ. Ақынның 
бұл  пікірлері  адамның  көркемдігі  туралы  ой  жүгіртіп,  пайымдау  арқылы  бағалауға 
мүмкіндік береді. 
Ақын  шығармаларын  эстетикалық  тұрғыда  талдаған  зерттеуші  А.Тұрбекова  «ақын 
топшылауында  өлең,  ән,  күй  болмыс  көрінісі  болғандықтан,  мұң,  зар,  шер  өмір 
қайшылығын  да  бейнелейді»,  –  деп  олардың  өмірмен  байланысын  жоғары  бағалаған. 
Қайғы,  қасіреттен  туындайтын  күйіну,  қапалану,  торығу,  жабырқау,  ызалану  мен  ашу 
сияқты  эстетикалық  сезімінің  барлығын,  менің  пайымдауымша,  қуаныш,  сүйініштен 
басым  бастан  кешкендігінен  шығармалары  хабар  береді.  Осыған  орай  өлеңдері  жас 
буындардың эстетикалық сезімін оятуға, адам өміріндегі қайғы, қасіретті орынды бағалай 
білуге тәрбиелеуде ұрымтал құрал бола алады. 
Біздің оқу пәніміз ағылшын тілі болғандықтан, осы пәнге арналған сабақтарда Абай 
Құнанбаев  шығармаларындағы  осындай  ой-пікірлерді  сабақта  қолдану.  Бұл  жерде 
ағылшын  тілі  пәні  негізге  алынғандықтан,  сабақтың  білім  беру  мақсаты:  шетел  тіліндегі 
сөздерді меңгеру, мағынасын дұрыс пайымдау, дұрыс айту, байланыстырып сөйлеу, дұрыс 


 
 Казахский государственный женский 
 педагогический университет                                                                                  Вестник №3(51), 2014 г. 
 
26 
аудару,  жылдам  аудару  немесе  ойлау  және  шығармашылық  мүмкіндіктерін  дамытуда 
Абай шығармаларын ұтымды пайдалану.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1. Абай. Энциклопедия. Бас редактор Нұрғалиев Р.Н. – Алматы, 1995. – Б.13. 
2. Абай Құнанбаев. Шығармалардың екі томдық толық жинағы. – Алматы: Жазушы, 
2005. – Т. 1,2.  
3. Әуезов М. Әр жылдар, ойлар. – Алматы, 1959. – 142 б. 
4. Мұқанов С. Наш Абай //Ленинская смена, 1971. – 28 май. 
5. 
Сыздықова Р. Абайдың сөз өрнегі. – Алматы, 1995. – 207 б. 
6.  Жұмалиев Қ. Абай Құнанбаев // Сөз зергерлері. – Алматы, 1966. – Б. 350-395. 
7.  Сүйіншәлиев  Х.  Абайдың  эстетикалық  көзқарасы  //  Қазақ  әдебиеті.  –  1980.  –18 
июль. –Б. 10. 
8.  Қалмырзаев А.С. Абайдың эстетикалық көзқарасы // Жұлдыз. – 1974. – №5. 
9.  Қабдолов З. Абайдың ақындығы. – Алматы: Жазушы, 1988. – Б. 9-42. 
10. Халитова  І.Р.  Абай  Құнанбаев  мұрасын  оқу-тәрбие  процесіне  енгізу  тарихы 
(1960-1995 жж.).: пед. ғыл. док. ... дис. – Алматы, 1998. – 250 б. 
11. Тұрбекова  А.  Абайдың  әдеби-эстетикалық  көзқарасы  жайында  //  Қазақстан 
мектебі. 1975. – № 7. –Б. 93-94. 
 
РЕЗЮМЕ 
 
Кансеитова У.Р., 
к.п.н. 
(г.Алматы, Казахский государственный женский педагогический университет) 
МЫСЛИ КАСАЮЩИЕСЯ ЭСТЕТИЧЕСКОЙ ВОСПИТАНИЙ В 
ПРОИЗВЕДЕНИЯХ АБАЯ КУНАНБАЕВА 
В  данной  статье  рассматриваются  природная  красота,  эстетический  вкус  и 
эстетические  мнения,  касающиеся  эстетического  характера  в  творчестве  Абая.  Цель 
использования произведений Абая развитие творческого мышления и навыков перевода. 
Ключевые  слова:  красота  природы,  искусство  слова,  эстетика,  произведение, 
мыслить, эффективное использование.  
 
SUMMARY 
 
Kanseitovа U.R.,  
candidate of pedagogical sciences 
(city Almaty, Kazakh State Womеn`s Teacher Training University) 
THOUGHTS ABOUT AESTHETICAL EDUCATION IN WORKS OF ABAY 
KUNANBAEV 
This  article  focuses  on  the  opinion  concerning  the  natural  beauty,  aesthetic  choice  and 
behavior in the Abay’s work. 
Keywords: beauty of nature, art of word, aesthetics, works, to think, efficient use.  
 
 
 
 
 
 


жүктеу 9,27 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   86




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау