Лицензиялау туралы



жүктеу 219,94 Kb.
Pdf просмотр
бет5/5
Дата17.02.2020
өлшемі219,94 Kb.
#29257
1   2   3   4   5

айналымына бақылау жасау туралы заңдармен белгіленеді.   

      Сақтандыру рыногының кəсiпқой қатысушыларына лицензиялар беру шарты мен 

тəртiбi сақтандыру жəне сақтандыру қызметi туралы заңдарда белгiленедi. Z000126 

      Кредиттік бюроға лицензия беру шарттары мен тəртібі Қазақстан 

Республикасының кредиттік бюролар жəне кредиттік тарихты қалыптастыру туралы 

заңдарында айқындалады.   

      Зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметті жүзеге асыруға жəне зейнетақы 

төлемдерін жүзеге асыруға лицензия берудің шарттары мен тəртібі Қазақстан 

Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдарымен белгіленеді.   

      Лицензиясын жоғалтқан жағдайда лицензиаттың дубликат алуға құқығы бар. 

Лицензиаттың жазбаша өтініші бойынша лицензиар лицензияның дубликатын беруді он 

жұмыс күнi ішінде орындайды. Бұл орайда лицензиат жекелеген қызмет түрлерімен 

айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төлейді. 

<*>

 

      Лицензияланатын қызмет түрiнің атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгерiс 



лицензияланатын қызмет түрi шеңберiнде орындалатын операциялар мəнінің өзгеруiне 

əкеп соқпаса, лицензиат лицензияны қайта ресiмдеуге өтiнiш бередi. Лицензиардың 

нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген жағдайларда лицензиат лицензияны 

қайта ресiмдеген кезде лицензияланатын қызмет түрiмен байланысты қосымша 

құжаттарды беруге мiндеттi. 

<*>

 

      Жеке тұлғаның тегi, аты, əкесiнiң аты өзгерген жағдайда ол бұл туралы 



көрсетiлген мəлiметтердi растайтын тиiстi құжаттарды қоса тiркей отырып, бiр ай 

мерзiм iшiнде лицензиарға жазбаша хабарлауға мiндеттi.  

      Заңды тұлғаның атауы өзгерген (соның ішінде Қазақстан Республикасының заң 

актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген), 

тұрған жері (егер ол лицензияда көрсетілген болса) өзгерген жағдайда, ол бір айдың 

ішінде көрсетілген мəліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса тіркей отырып, 

лицензияны қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті. <*> 

      Лицензиар лицензиат тиiстi жазбаша өтiнiшiн берген күннен бастап он күннiң 

iшiнде лицензияны қайта ресiмдейдi.  

      Лицензияны қайта ресiмдеу жəне көрсетiлген құжатты беру кезiнде Қазақстан 

Республикасының салық заңдарында белгiленген тəртiппен жəне мөлшерде қызметтің 

жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым төленедi.   

      Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға байланысты қызметтi жүзеге асыруға арналған 

лицензия жұмыс берушi Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерден Республика 

аумағында жұмыс iстеу үшiн жалдайтын шетел азаматтарын тартуға арнап, Қазақстан 

Республикасының Үкiметi тұтастай жəне кəсiптiк топтар бойынша белгiлейтiн квота 

ескерiле отырып берiледi.   

      


Ескерту. 15-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 

1995.08.31. N 2447 

Жарлығымен



, Қазақстан Республикасының 1998.07.10. N 

282 

заңымен


, 1998.12.30. N 343 

Заңымен


, 1999.07.16. N 436 

Заңымен


, 1999.10.08. N 

471 

Заңымен


, 2000.07.05. N 79 (2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа 

енгiзiледi) 

Заңымен


, 2000.12.18. N 128 

Заңымен


, 2001.03.16. N 164 

Заңымен




2001.12.24. N 276 

Заңымен


, 2002.11.14. N 352 

Заңымен


, 2003.03.13. N 394 

Заңымен




2003.05.08. N 411 

Заңымен


, 2004.07.05. N 568

 Заңымен


, 2004.07.06. N 572 

Заңымен




2005.04.15. N 45 

Заңымен


, 2005.06.09. 

N 56


 (қолданысқа енгізілу тəртібін 2-баптан 

қараңыз) Заңымен, 2005.07.08. 

N 69


 Заңымен.

 

      



16-бап. Лицензия алу үшiн қажеттi құжаттар

 

      Лицензия алу үшiн мынадай құжаттар қажет: 



      1) нысанын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн белгiленген үлгiдегi 

арыз; 


      2) өтiнiш берушiнiң осы Заңның 15-бабының талаптарына сəйкес келетiндiгiн 

растайтын құжаттар; 

      3) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның 

бюджетке төленгенiн растайтын құжат (осы Заңның 18-бабы).  

      Бұдан басқа заңды тұлғалар үшін мемлекеттік тіркеу туралы куəліктің 

көшірмесі табыс етілуі қажет.  

      Заң актілерінде лицензияланатын қызметтің жекелеген түрлері жөніндегі 

құжаттар тізбесіне қосымша жəне арнаулы талаптар белгіленуі мүмкін. 

      Өтiнiш берушi құжаттарда берілген ақпараттың дұрыстығы, толықтығы жəне 

уақтылы берілуі үшін заңдарда белгіленген тəртіппен жауапты болады.   

      

Ескерту. 16-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.02. 

N 144-1 

Заңымен


, 1999.10.08. N 471 

Заңымен


, 2000.07.05. N 79 (2000 жылғы 1 

қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi) 

Заңымен


, 2001.12.24. N 276 

Заңымен




2005.04.15. N 45 

Заңымен


.

 



      

17-бап. Лицензия беру туралы арызды

 

              қарау мерзiмi

 

      Егер заң актiлерiнде өзгеше мерзiм белгiленбесе, лицензиялар барлық қажеттi 



құжаттарымен қоса арыз берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмнен, ал шағын 

кəсiпкерлiк субъектiлерi үшiн - он күн мерзiмнен кешiктiрмей берiледi. 

      

Ескерту. 17-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1998.07.10. 

N 283 

Заңымен


.

 

      



18-бап. Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы

 

              үшiн төленетiн лицензиялық алым

 

      Қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның 



бюджетке төленетiн ставкалары, есептеу мен төлеу жəне төленген сомаларды қайтару 

тəртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сəйкес белгiленедi.   

      Қызметтiң тиiстi түрiмен айналысатын бүкiл кезеңге лицензия беру лицензия 

берген кезде лицензиялық алымды бiр жолғы төлеумен қоса жүзеге асырылады. 

      

Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.02. N 

144-1 

Заңымен


, өзгерiс енгiзiлдi - 1998.07.10. N 283 

Заңымен


, 2000.07.05. N 79 

(2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi) 

Заңымен


, 2001.12.24. N 

276 

Заңымен


.

 

      



19-бап. Лицензия беруден бастарту

 

      1. Егер: 



      1) субъектiлердiң осы санаты үшiн белгiлi бiр қызмет түрiн жүзеге асыруға 

заң актiлерiмен тыйым салынса; 

      2) осы Заңның 16-бабына сəйкес немесе басқа заң актiлерiмен талап етiлетiн 

барлық құжаттар табыс етiлмесе. Арыз берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған 

жағдайда арыз жалпы негiздер бойынша қаралады;  

      3) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн төленетiн лицензиялық 

алым төленбесе (осы Заңның 18-бабы);  

      4) арыз берушi осы Заңның 15-бабына сəйкес белгiленген бiлiктiлiк 

талаптарына сай келмесе;  

      5) арыз берушi жөнiнде оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын 

сот шешiмi болса, лицензия берiлмейдi.  

      Банк операцияларын, валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты қызметті 

жəне валюталық операцияларды жүзеге асыруға лицензия беруден бас тартуға арналған 

өзге де негiздер банк жəне валюта заңдарымен белгiленуi мүмкін.   

      Сақтандыру жəне қайта сақтандыру қызметi туралы заңдарда сақтандыру 

рыногының кəсiпқой қатысушыларына лицензия беруден бас тартудың өзге де негiздерi 

белгiленуi мүмкiн.

 

  

      Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау саласындағы 



заңдармен азаматтық жəне қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, жауынгерлік 

қол атыс қаруы мен оның патрондарын суық қаруды, азаматтық пиротехникалық заттар 

мен оларды қолданатын бұйымдарды, сондай-ақ химиялық өзін-өзі қорғау құралдарын 

жасауға, өндіруге, жөндеуге, сатуға, сатып алуға, коллекциялауға, экспонаттауға 

лицензия беруден бас тарту үшін өзге де негіздер белгіленуі мүмкін.

 

  

      2. Мына себептер бойынша:  



      1) арыз берушiге лицензияланатын қызметтi жүзеге асыру құқығын берудiң 

жөнсiздiгi;  

      2) өндiруге не сатуға лицензия талап етiлетiн тауарлардың (жұмыстың, 

қызметтiң) нарықта мол болуы;  

      3) нарықта монополиялық жағдайдың қамтамасыз етiлуi;  

      4) арыз берушiнiң жеке басына жəне iскерлiк беделiне күмəндану, соның iшiнде 

бұрын сотталғандығы, егер тыйым салу мен қайтарып алу заңда белгiленген тəртiпке 

сəйкес өзiнiң қолданылуын тоқтатқан (өтелген) деп есептелсе кəсiпкерлiк қызметтi 

жүзеге асыруға бұрын тыйым салынғандығы, мұның алдындағы лицензиялардың қайтарып 

алынуы себептерiмен күмəндану бойынша лицензия беруден бастартуға тыйым салынады.  

      3. Лицензия беруге мынадай талаптарды:  

      1) мемлекет мұқтаждары үшiн мiндеттi түрде тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) 

сатып алу туралы;  

      2) алынған лицензияға сəйкес өндiрiлген тауарларды (жұмысты, қызметтi) 

белгiлi бiр тұтынушыларға өткiзу не оларды республиканың белгiлi аймақтарына 

жеткiзу туралы, соның iшiнде белгiлi бiр əкiмшiлiк-аймақтық бөлiнiстен тыс жерге 




немесе экспортқа шығарудан бастарту туралы талапты;  

      3) өндiрiлетiн тауарға (жұмысқа, қызметке) белгiлi бiр баға (тариф, нарық) 

белгiлеу туралы, соның iшiнде оларды белгiлi бiр тұтынушыларға алдын ала 

белгiленген бағамен сату туралы талаптарды шарт етiп қоюға тыйым салынады. 

      4. Лицензия беруден бастартылған жағдайда арыз берушiге лицензия беру үшiн 

белгiленген мерзiмде жазбаша түрде дəлелдi жауап қайтарылады. 

      

Ескерту. 19-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 

1995.08.31. N 2447 

жарлығымен



, Қазақстан Республикасының 1997.07.02. N 144-

Заңымен


, 1998.12.30. N 343 

Заңымен


, 1999.07.16. N 436 

Заңымен


, 1999.10.08. N 

471 

Заңымен


, 2000.07.05. N 79 (2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа 

енгiзiледi) 

Заңымен


, 2000.12.18. N 128 

Заңымен


, 2001.12.24. N 276 

Заңымен




2005.04.15. N 45 

Заңымен


, 2005.06.09. 

N 56


 (қолданысқа енгізілу тəртібін 2-баптан 

қараңыз) Заңымен.

 

      



20-бап. Лицензия беруден бастартқаны үшiн шағым

 

              жасау

 

      1. Егер лицензия осы Заңда немесе басқа да заң актiлерiнде белгiленген 



мерзiмде берiлмесе немесе бастарту арыз берушiге дəлелсiз болып көрiнсе, ол бiр ай 

мерзiмде бұл əрекеттерге сот тəртiбiмен шағым жасауға құқылы. 



 

 

      2. Лицензия беруден негiзсiз бас тарту немесе белгiленген мерзiмде бермеу 



фактiсiн анықтағаннан кейiн сот лицензия органын сот шешiмi заңды күшiне енген 

сəттен бастап он күн мерзiмде лицензия беруге мiндеттейтiн шешiм шығарады.  

      

Ескерту. 20-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 

1995.12.23. N 2720 

жарлығымен



.

    


      

21-бап. Лицензия қолданудың тоқтатылуы

  

      1. Лицензияның қолданылуы, тек мынадай жағдайларда: 



      1) лицензия берiлген мерзiм аяқталғанда; 

      2) лицензия берiлген ic-əрекет (операциялар) жасалып, толық көлемiнде жүзеге 

асырылғанда; 

      3) лицензия  қайтарып алынғанда; 

      4) лицензиялар берудің тəртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының заң 

актілеріне сəйкес белгіленетін жағдайлардан басқа, азаматтық кəсіпкерлік қызметі 

тоқтатылғанда, заңды тұлғаның бір түрінің заңды тұлғаның екінші бір түрі болып 

қайта құрылуын (ұйымдық-құқықтық нысаны өзгеруін) қоспағанда, заңды тұлға қайта 

ұйымдастырылғанда немесе таратылғанда;  

      5) лицензияны лицензиарға ерікті түрде қайтарғанда тоқтатылады.  

      2. 

(алып тасталды - 2000.07.05. N 79 

Заңымен


)

 

      3. Лицензияны қолданудың тоқтатылуына байланысты дауларды соттар шешедi. 



      

Ескерту. 21-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 

1995.12.23. N 2720 

жарлығымен



, Қазақстан Республикасының 2000.07.05. N 79 (2000 

жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгiзiледi) 

Заңымен


, 2002.11.14. N 352 

Заңымен




2003.05.08. N 411 

Заңымен


, 2005.04.15. N 45 

Заңымен


.

 

      



22-бап. Лицензияны қайтарып алу жəне оның

 

              қолданылуын тоқтату

 

      1. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, сот тəртiбiмен лицензияны мынадай 



жағдайларда: 

      1) осы лицензияланатын қызмет түрiне қойылатын талаптарды лицензиат 

орындамаса; 

      2) лицензия алған қызмет түрiмен лицензиаттың айналысуына сот тыйым салса; 

      3) лицензиар лицензияның қолданылуын кiдiртiп қойған себептер жойылмаса; 

      4) лицензиат лицензия алу кезінде көрінеу жалған ақпарат берсе, қайтарып 

алуы мүмкін. 

      2. Лицензия осы баптың 1-тармағында көзделген негiздер бойынша сотқа беру 

жолымен қайтарылып алынуы мүмкiн. 

      3. Лицензиар кiдiрте тұру себебiн көрсете отырып, лицензияның қолданылуын 

алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға құқылы.  

      Шағын кəсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруды 

лицензиардың, бақылау жəне қадағалау мiндеттерiн жүзеге асыратын мемлекеттік 

органдардың өтiнiшi бойынша сот жүргiзедi.  

      Шағын кəсiпкерлiк субъектiсi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы 



өтiнiштi уəкiлеттi мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде 

белгiленген тəртiппен жəне негiздерде сотқа жiбередi.  

      Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген ерекше жағдайларда шағын 

кəсіпкерлік субъектiсi лицензиясының қолданылуын сот шешiмiнсiз тоқтата тұруға 

талап арызды 3 күннен аспайтын мерзiмде сотқа табыс ету мiндеттелiп, аталған 

мерзiмге рұқсат етiледi. Бұл орайда тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шыққанға 

дейiн қолданылады.  

      4. Лицензиат лицензияның қолданылуын тоқтата тұру туралы шешiмге сотқа беру 

жолымен шағым жасауға құқылы. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұрудың заңдылығы 

туралы сот шешімі болған жағдайда оны тоқтата тұру мерзімі лицензиар осындай шешім 

қабылдаған күннен бастап есептелсін.  

      5. Лицензияның қолданылуын тоқтату себептерi жойылғаннан кейiн лицензия 

қайтадан қолданылады. 

      6. Жекелеген қызмет түрлерiн реттейтiн заң актiлерiнде лицензияны қайтарып 

алу мен оның қолданылуын тоқтата тұрудың өзге негiздерi мен тəртiбi көзделуi 

мүмкiн. 


      

Ескерту. 22-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 

1995.12.23. N 2720 

жарлығымен



, Қазақстан Республикасының 1997.12.08. N 

200 

Заңымен


, 1999.10.08. N 471 

Заңымен


, 1999.11.29. N 488 

Заңымен


, 2005.04.15. N 

45 

Заңымен


.

 

 



 5 тарау. Лицензиялау туралы заңдарды бұзғаны үшiн

 

жауапкершiлiк

 

      


23-бап. Шығындардың орнын толтыру

 

      Лицензия беруден орынсыз бас тартудан немесе лицензиаттың құқығын бұзудан 



туындайтын шығындардың орнын толтыру азаматтық заңдарда белгiленген тəртiп бойынша 

жүзеге асырылады.  

      

24-бап. Лицензиялауға жататын қызметтi лицензиялау

 

              туралы заңдарды бұзып жүзеге асырғаны үшiн

 

                



жауапкершiлiк

 

      1. Тиiстi лицензиясыз не лицензиялау нормалары мен ережелерiн бұза отырып 



қызметпен айналысу заңдарда белгiленген əкiмшiлiк жəне қылмыстық жауапқа əкелiп 

соқтырады.  

      2. 

(алып тасталды - 2005.04.15. N 45 

Заңымен


)

 

      3. Лицензиарлар жəне олардың лауазымды адамдары лицензиялау туралы заңдарды 



бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленген жауаптылықта 

болады.


 

  

      



Ескерту. 24-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.06.09. 

N 116-1 

Заңымен


, 1997.07.11. N 154 

Заңымен


, 1998.07.10. N 283 

Заңымен


, 1999.10.08. 

N 471 

Заңымен


, 1999.11.29. N 488 

Заңымен


, 2000.07.05. N 79 (2000 жылғы 1 қазаннан 

бастап қолданысқа енгiзiледi) (2000 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа 

енгiзiледi) 

Заңымен


, 2005.04.15. N 45 

Заңымен


.

 

      



25-бап. Есепке алу жəне бақылау

 

      Лицензияларды есепке алуды, сондай-ақ лицензиялық ережелердiң сақталуын 



бақылауды лицензиар жүзеге асырады. 

      Біліктілік талаптары мен белгіленген ережелердің сақталуын тексеруді 

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тəртіппен лицензиар жүргізеді. 

      Медициналық жəне фармацевтикалық қызмет саласында лицензиялау ережелерi мен 

бiлiктiлiк талаптарының сақталуын бақылауды денсаулық сақтау саласындағы уəкiлеттi 

орган жүзеге асырады. 

      

Ескерту. 25-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 1999.10.08. 

471


, 2006.07.07. N 

171


 (қолданысқа енгізілу тəртібін 

2-баптан


 қараңыз) 

Заңдарымен.

 

      



26-бап. Осы Заңды күшiне енгiзу тəртiбi

 

      Осы Заң жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. 



      Осы Заңның 11-1-бабының 2) тармақшасы 2006 жылғы 31 желтоқсанды қоса алған 


мерзім бойынша қолданылады. 

      


Ескерту. 26-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 

2005.06.09. 

N 56


 (қолданысқа енгізілу тəртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.

 

      Қазақстан Республикасының 



      Президентi 

      

 

жүктеу 219,94 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау