14-бап. Улы заттар айналымы саласындағы қызметті
лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) уларды өндіру, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу, пайдалану, жою; P070493, P071137
2) тіркеу, өндірістік сынақтар мен ғылыми зерттеулерге арналған тәжірибелік үлгілерді қоспағанда, пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляция), өткізу, қолдану, сондай-ақ пестицидтерді (улы химикаттарды) және оларды өндіруге арналған бастапқы құрамдас заттарды әкелу жөніндегі қызмет.
15-бап. Техникалық қауіпсіздік саласындағы қызметті
лицензиялау
Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі қызметті қоспағанда, күзет дабылы құралдарын монтаждау, ретке келтіру және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.
16-бап. Көлік саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) жолаушылар тасымалдау.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
жолаушыларды темір жол көлігімен тасымалдау;
жолаушыларды теңіз көлігімен тасымалдау;
жолаушыларды өзен көлігімен тасымалдау;
2) қауіпті жүктерді тасымалдау.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
қауіпті жүктерді темір жол көлігімен тасымалдау;
қауіпті жүктерді теңіз көлігімен тасымалдау;
қауіпті жүктерді өзен көлігімен тасымалдау;
қауіпті жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау.
17-бап. Есірткі, психотроптық заттардың, прекурсорлардың
айналымы саласындағы қызметті лицензиялау
Есірткі, психотроптық заттардың және прекурсорлардың айналымы саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, өндіру, өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, тарату, өткізу, пайдалану, жою;
құрамында есірткі және психотроптық заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау;
денсаулық сақтау жүйесінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру, тасымалдау, сатып алу, сақтау, тарату, өткізу, пайдалану, жою.
18-бап. Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) мемлекеттік құпияларды техникалық қорғау бойынша.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
мемлекеттік құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын әзірлеу, өндіру, жөндеу және оларға сервистік қызмет көрсету;
мемлекеттік құпияларды қорғаудың техникалық құралдарын монтаждау, орнату, оларға қызмет көрсету;
2) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзірлеу және өткізу (оның ішінде өзге де беру). P071160
19-бап. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін
арнайы техникалық құралдар саласындағы қызметті
лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі: P070528
1) жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру; V085166
2) жедел-іздестіру шараларын жүргізу үшін арнайы техникалық құралдарды жөндеу және өткізу, ақпараттың таралып кетуін болдырмаудың техникалық арналарын іздеу.
Қызмет түрлерін лицензиялаудың осы баптың 1) және 2) тармақшаларында белгіленген ережелерінде лицензия берудің арнайы шарттары, тәртібі, мерзімдері және лицензиялық бақылау көзделуі мүмкін.
20-бап. Қару-жарақ, әскери техника мен жекелеген қару
түрлері, жарылғыш заттар мен олар қолдана отырып
жасалған бұйымдар айналымы саласындағы қызметті
лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі: Z980339
1) монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ оларды өндіруге арналған арнайы материалдар мен жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, алу және өткізу. P080093
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
1) монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру;
монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды жөндеу;
монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, арнайы материалдарды, оларды өндіруге арналған жабдықтарды сатып алу және өткізу;
2) жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, сатып алу және өткізу. P080243
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды өндіру;
жарылғыш және пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды сатып алу және өткізу;
3) босатылған оқ-дәріні, қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу. P080082
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
босатылған оқ-дәріні жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;
босатылған қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды жою (құрту, кәдеге жарату, көму) және өңдеу;
4) қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу. P080084
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын әзірлеу;
қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын өндіру;
қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын жөндеу;
қолға ұстайтын жауынгерлік атыс қаруы мен оның патрондарын сатып алу, оларды сату;
5) азаматтық және қызметтік атыс қаруы мен оның патрондарын, суық қаруды, сондай-ақ газ қаруы мен оның патрондарын әзірлеу, өндіру, жөндеу, сату, сатып алу, коллекциялау, экспонаттау; P070692
6) азаматтық, пиротехникалық заттар мен олар қолданылып жасалған бұйымдарды әзірлеу, өндіру, өткізу, сатып алу. P070692
21-бап. Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті
лицензиялау
Зымыран-ғарыш техникасын жасауды, өндіруді, пайдалануды, жөндеуді және жаңғыртуды, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жер үсті инфрақұрылымдарын (полигонды, командалық-өлшеу кешенін, стендтік базаны және басқаларын) пайдалануды қоса алғанда, ғарыш кеңістігін пайдалануға байланысты барлық қызмет түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі. P071395
22-бап. Ақпараттандыру және байланыс саласындағы
қызметті лицензиялау
1. Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтіне сәйкестігін куәландыру жөніндегі, сондай-ақ тіркеу куәлігінің дұрыстығын растау жөніндегі қызмет;
2) байланыс саласында қызмет ұсыну.
Қызметтің бұл түріне мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
жергілікті телефон байланысы;
қалааралық телефон байланысы;
халықаралық телефон байланысы;
ІР-телефония (Интернет-телефония);
деректерді беру (оның ішінде Интернет пен телеграфтық байланыс қызметтері);
бөлінген байланыс желісі бойынша телекоммуникациялар;
спутниктік жылжымалы байланыс;
ұялы байланыс (стандарт атауын көрсете отырып);
ұтқыр телекоммуникациялық байланыс (оның ішінде жылжымалы радио (радиотелефондық), транкингтік және пейджингтік байланыс қызметтері);
байланыс арналарын ұсыну;
почта байланысы.
Радиожиіліктер спектрі мен нөмірлеу ресурсы пайдаланылатын байланыс саласындағы қызметке лицензиялар конкурстық негізде берілуі мүмкін.
Байланыс саласындағы қызметпен айналысуға лицензия берудің, оның ішінде конкурстық негізде берудің шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының Заңдарында айқындалады.
2. Мынадай қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алу талап етілмейді:
1) меншікті не жалға алынған желілік немесе коммутациялық жабдығы жоқ және пайдаланушыларға тиісті лицензиялар негізінде әрекет ететін басқа байланыс операторларының қызметтерін ұсынатын жеке және заңды тұлғалардың қызметі.
Мұндай тұлғалар мен байланыс операторының арасындағы қатынастар жасалған шарттармен реттеледі, олардың құрылымы лицензиармен келісілуге тиіс. Делдалдар қызметтерді шарт жасасқан байланыс операторының сауда маркасымен ұсынуға міндетті. Бұл ретте, тұтынушыларға ұсынылатын қызметтердің сапасына және лицензияның қолданылу шарттарының орындалуына байланыс операторы жауап береді;
2) өндірісішілік қызметті және технологиялық процестерді, оның ішінде үшінші тұлғаларға байланыс қызметтерін ұсынбай радиожиілік спектрін пайдалана отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының резиденті емес байланыс операторлары ұсынатын байланыс қызметтерін пайдаланбай, басқаруға арналған желілерді құру және пайдалану жөніндегі қызмет;
3) байланыс саласындағы қызметпен байланысты емес, ортақ пайдаланудағы телекоммуникация желісіне қосылмаған және негізгі қызмет түрін жүзеге асыруға арналған ұтқыр телекоммуникациялық байланыс желілерін құру және пайдалану (оның ішінде жылжымалы радио (радиотелефондық), транкингтік және пейджингтік байланыс) жөніндегі қызмет.
Осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көзделген жағдайларда жиілік, радиожиілік жолақтарын (радиожиілік арналарын) пайдалану үшін байланыс саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы заңнамасына сәйкес радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат береді.
23-бап. Білім беру саласындағы қызметті лицензиялау
Лицензияның болуы білім беру қызметінің мынадай кіші түрлерімен айналысу үшін талап етіледі: P070452
мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың білім беру қызметі;
мамандандырылған және арнайы білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім берудің, оның ішінде кәсіптер бойынша, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің, оның ішінде мамандықтар бойынша негізгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
діни білім беру бағдарламаларын іске асыратын заңды тұлғалардың білім беру қызметі;
халықаралық және шетелдік заңды тұлғалардың білім беру қызметі.
Ескерту. 23-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.07.27. N 320 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
24-бап. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қызметті
лицензиялау
Телевизиялық және (немесе) радио хабарларын таратуды ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.
25-бап. Ауыл және орман шаруашылығы, жерге орналастыру,
геодезия және картография саласындағы қызметті
лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) мемлекеттік орман қорының учаскелерінде орман пайдаланушылар жүзеге асыратын сүрек дайындау;
2) "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес астықты қабылдау, өлшеу, кептіру, тазалау, сақтау және тиеп жөнелту; P070769
3) "Астық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес астықты экспортқа өткізу жөніндегі қызмет; P070768
4) шитті мақтаны талшықты мақтаға бастапқы өңдеу; P070449
5) жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды: P070574
жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу;
топография-геодезиялық жұмыстар жүргізу;
картографиялық жұмыстар жүргізу.
26-бап. Денсаулық сақтау саласындағы қызметті
лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) медициналық, дәрігерлік қызмет. P071057
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
бастапқы медициналық-санитариялық көмек: дәрігерге дейінгі;
білікті;
жедел медициналық көмек;
диагностика:
дерттану анатомиясы;
радиологиялық диагностика;
рентгенологиялық диагностика;
ультрадыбыстық диагностика;
функционалдық диагностика;
эндоскопиялық диагностика;
зертханалық диагностика: бактериологиялық зерттеулер, биохимиялық зерттеулер, иммунологиялық зерттеулер, адамның қорғаныш тапшылығы вирусын зертханалық диагностикалау (АҚВ-диагностика), жалпы клиникалық зерттеулер, серологиялық зерттеулер, цитологиялық зерттеулер;
ересектерге және (немесе) балаларға мына мамандықтар бойынша консультациялық-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмек:
акушерлік және гинекология (ұрпақты болудың қосалқы технологияларын қоса алғанда);
аллергология және иммунология;
анестезиология және реаниматология;
андрология;
валеология;
гематология;
гипербариялық оксигендік терапия;
дерматовенерология;
дерматокосметология;
емдәмтану;
инфекциялық аурулар;
массаж;
наркология;
невропатология;
неонатология;
жалпы дәрігерлік практика, отбасылық дәрігер;
онкология, маммология;
оториноларингология;
офтальмология;
педиатрия;
психиатрия;
психотерапия, медициналық психология;
радиология;
сексопатология;
спорттық медицина және емдік дене шынықтыру;
стоматология: терапиялық, хирургиялық, ортопедиялық, ортодонттық;
терапия: жалпы, гастроэнтерология, кардиология, нефрология, профпатология, пульмонология, ревматология;
травматология, ортопедия және камбустиология;
токсикология;
трансплантология;
урология;
физиотерапия;
фтизиатрия;
хирургия: абдоминальды, ангиохирургия, кардиохирургия, микрохирургия, нейрохирургия, жалпы хирургия, пластикалық, торакальды, эндоскопиялық;
эндокринология;
сараптамалық медициналық қызмет:
уақытша еңбекке жарамсыздық пен кәсіптік жарамдылық сараптамасы (профилактикалық және мерзімді медициналық тексеру);
психиатриялық, оның ішінде сот-психиатриялық, наркологиялық және сот-наркологиялық сараптама;
дәстүрлі емес медициналық қызмет: гомеопатия, гирудотерапия, мануальдық емдеу, рефлекс арқылы емдеу, фитотерапия және табиғи текті құралдармен емдеу;
халықтық медицина (емшілік);
санаториялық емдеу: бальнеотерапия, гидротерапия, парафиноозокериттік балшықпен емдеу;
қан мен оның компоненттерін дайындау, консервациялау, өңдеу және сақтау;
санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызмет: халықты гигиеналық оқытып-үйрету, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама;
санитариялық-гигиеналық және зертханалық зерттеулер: бактериологиялық; вирусологиялық; шуды, дірілді, электромагниттік өрістерді және басқа да физикалық факторларды өлшеу; паразитологиялық; радиометрия және дозиметрия; санитариялық-химиялық; токсикологиялық зерттеулер;
2) фармацевтикалық қызмет: дәрілік заттарды өндіру, дайындау, көтерме және бөлшектеп өткізу. P071341
27-бап. Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету
саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерде және мемлекеттік емес медициналық-әлеуметтік ұйымдарда әлеуметтік қызмет көрсетуді ұсыну.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
қарттар мен мүгедектерге арналған жалпы үлгідегі медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету;
психикалық неврологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерде әлеуметтік қызмет көрсету;
жүріп-тұру мүшелерінің функциялары бұзылған мүгедек балаларға медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) әлеуметтік қызмет көрсету;
балалар психикалық неврологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінде әлеуметтік қызмет көрсету;
2) адвокаттық қызмет;
3) нотариат қызметі;
4) мүлікті бағалау (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтер құнын қоспағанда);
5) зияткерлік меншікті, материалдық емес активтер құнын бағалау;
6) банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің мүлкі мен істерін басқару; P070615
7) аудиторлық қызмет;
8) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындау және қызмет көрсету.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
табиғат қорғауға қатысты жобалау, нормалау;
экологиялық сараптама саласындағы жұмыстар;
экологиялық аудит;
9) лотерея ұйымдастыру және өткізу (мемлекеттік (ұлттық) лотереядан басқа);
10) жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруы;
11) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау, қайта даярлау;
12) білім беру ұйымдарындағы қызметті қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру, спорттық қызметтер көрсету; P071063
13) Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшін әкету;
14) туроператорлық, турагенттік қызмет, туризм нұсқаушысы көрсететін қызметтер.
28-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі: Z070219
1) казино қызметі;
2) ойын автоматтары залының қызметі;
3) букмекерлік кеңсе қызметі;
4) тотализатор қызметі.
29-бап. Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау
Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі. P020636
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру және өткізу;
ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды өткізу;
жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитарлық сараптама жүргізу;
ветеринариялық емдеу-профилактикалық қызмет.
30-бап. Сот-сараптама саласындағы қызметті лицензиялау
Сот-сараптама қызметімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.
31-бап. Мәдениет саласындағы қызметті лицензиялау
Тарих пен мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялық жұмыстарды жүзеге асыру үшін лицензияның болуы талап етіледі. P070495
32-бап. Қаржы саласындағы қызметті және қаржы
ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті
лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар жүргізетін банк операциялары:
заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу;
жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банк шоттарын ашу және жүргізу;
банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;
жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргізу, оларда осы тұлғаға тиесілі тазартылған қымбат бағалы металдар мен қымбат металдардан жасалған монеталарының физикалық мөлшері көрсетіледі;
кассалық операциялар: осы тармақшаның екінші, үшінші, жетінші-тоғызыншы, он бірінші және он екінші абзацтарында көзделген банк операцияларының бірін жүзеге асыру кезінде қолма-қол ақшаны қабылдау және беру, соған қоса оны ұсақтау, айырбастау, қайта есептеу, сұрыптау, орау және сақтау;
аударым операциялары: жеке және заңды тұлғалардың төлемдер ақша аударымдары жөніндегі тапсырмаларын орындау;
есепке алу операциялары: жеке және заңды тұлғалардың вексельдерін және өзге де борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
банктік қарыз операциялары: номиналдық ұстаушы ретінде клиенттердің шотын жүргізу құқығы бар банктің, ипотекалық ұйымның, брокердің және (немесе) дилер мен жалғыз акционері (қатысушысы) мемлекет болып табылатын заңды тұлғаның төлем жасалу, мерзімдік және қайтарымдылық шарттарында ақшалай нысанда кредиттер беруі;
шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;
банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау;
төлем құжаттарын (вексельдерден басқа) инкассоға қабылдау;
аккредитив ашу (шығару) мен оны растау және ол бойынша міндеттемелерді орындау;
ақшалай нысанда орындау көзделетін банк кепілдіктерін беру;
үшінші тұлғалар үшін ақшалай нысанда орындау көзделетін банктік тапсырмалар мен өзге де міндеттемелерді беру;
2) банктер жүзеге асыратын өзге де операциялар:
тазартылған қымбат бағалы құйма металдарды (алтын, күміс, платина, платина тобының металдары), қымбат бағалы металдардан жасалған монеталарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және өткізу;
құрамында қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастар бар зергерлік бұйымдарды сатып алу, кепілге қабылдау, есепке алу, сақтау және өткізу;
вексельдермен жасалатын операциялар: вексельдерді инкассоға қабылдау, төлеушінің вексельдерге ақы төлеуі жөнінде қызметтер көрсету, сондай-ақ домицильдендірілген вексельдерге ақы төлеу, делдалдық тәртіппен вексельдердің акцепті;
лизингтік қызметті жүзеге асыру;
меншікті бағалы қағаздарды (акциялардан басқа) шығару;
факторингтік операциялар: төлем жасамау тәуекелін қабылдай отырып, сатып алушыдан тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) ақы төлеуді талап ету құқығын иелену;
форфейтингтік операциялар (форфейтер): сатушыға айналымсыз жолмен вексель сатып алу арқылы тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушының борыштық міндеттемесіне ақы төлеу;
сенімгерлік операциялар: сенімгердің мүддесіне орай және тапсырмасы бойынша ақшаларды ипотекалық қарыздар және тазартылған қымбат бағалы металдар бойынша талап ету құқықтарын басқару;
сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй-жайларды жалға беруді қоса алғанда, клиенттердің құжаттамалық нысанда шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттары мен құндылықтарын сақтау жөніндегі қызметтер;
3) "өмірді сақтандыру" саласы бойынша мынадай сақтандыру сыныптары шегінде:
өмірді сақтандыру; аннуитеттік сақтандыру;
өмірде белгілі бір оқиғаның басталуына орай сақтандыру;
өмірді сақтандырушының инвестициялық кірісіне сақтанушының қатысуы арқылы сақтандыру;
4) "жалпы сақтандыру" саласы бойынша мынадай сақтандыру сыныптары шегінде:
жазатайым оқиғалардан сақтандыру;
ауру жағдайына арналған сақтандыру;
автомобиль көлігін сақтандыру;
темір жол көлігін сақтандыру;
әуе көлігін сақтандыру;
су көлігін сақтандыру;
жүктерді сақтандыру;
осы тармақшаның төртінші-сегізінші абзацтарында көрсетілген сыныптарды қоспағанда, мүлікті залалдан сақтандыру;
автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
осы тармақшаның оныншы және он бірінші абзацтарында
көрсетілген сыныптарды қоспағанда, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру;
қарыздарды сақтандыру;
ипотекалық сақтандыру;
кепілдіктер мен кепілдемелерді сақтандыру;
өзге де қаржы шығындарынан сақтандыру;
сот шығыстарын сақтандыру;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген және сақтандырудың жекелеген сыныптары болып табылатын міндетті сақтандыру түрлері:
көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; Z030446
тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; Z030444
жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру;
аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; Z030440
туроператор мен турагенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; Z030513
өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру;
қызметі үшінші тұлғаларға зиян келтіру қаупімен байланысты объектілер иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; Z040580
қызметкер еңбек (қызмет) міндеттерін атқарған кезде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін жұмыс берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру; Z050030
міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі қызмет;
6) қайта сақтандыру жөніндегі қызмет.
"Жалпы сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымының тек "жалпы сақтандыру" саласында ғана сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнінде лицензия алуға және қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.
"Өмірді сақтандыру" саласы бойынша лицензиясы бар сақтандыру ұйымының тек "өмірді сақтандыру" саласында ғана сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыру жөнінде лицензия алуға және қызметті жүзеге асыруға құқығы бар.
Қайта сақтандыру жөніндегі лицензия негізінде қызметтің ерекше түрі ретінде қайта сақтандыруды жүзеге асыратын қайта сақтандыру ұйымы "өмірді сақтандыру" және "жалпы сақтандыру" салаларындағы сақтандырудың барлық сыныптары бойынша қайта сақтандыруды жүзеге асыруға құқылы;
7) сақтандыру брокерінің қызметі;
8) сақтандыру нарығындағы актуарийлік қызмет;
9) брокерлік қызмет;
10) дилерлік қызмет;
11) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесін жүргізу жөніндегі қызмет;
12) инвестициялық портфелді басқару жөніндегі қызмет;
13) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызмет;
14) кастодиан қызметі;
15) трансфер-агенттік қызмет;
16) бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен жасалатын сауданы ұйымдастыру жөніндегі қызмет;
17) зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызмет;
18) кредиттік бюроның қызметі.
33-бап. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы
қызметті лицензиялау
Лицензияның болуы мынадай қызмет түрлерімен айналысу үшін талап етіледі:
1) жобалау-іздестіру қызметі.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
инженерлік-геодезиялық жұмыстар, оның ішінде:
геодезиялық орталықтарды салу және қалау;
жоспарлы-биіктік түсіру желілерін құру;
жобалау мен салуға арналған топографиялық жұмыстар (1:10000-1:200 масштабтағы түсірулер, сондай-ақ жер асты коммуникациялары мен құрылыстарын түсіру, жердегі желілік құрылыстар мен олардың элементтерінің трассаларын жасау және түсіру);
инженерлік-геологиялық әзірлемелерді, геофизикалық және басқа да іздестіру нүктелерін бекіту арқылы заттай көрініске ауыстырумен байланысты геодезиялық жұмыстар;
инженерлік-геологиялық және инженерлік-гидрогеологиялық жұмыстар, оның ішінде:
геофизикалық зерттеулер, шолып байқау және түсіру;
жер қабаттарын далалық зерттеулер, гидрогеологиялық зерттеулер;
жер қабаттарын, жер асты суларын, негіздер мен іргетастардың жай-күйін зертханалық зерттеулер;
қала құрылысын (табиғат және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруді қоспағанда, тарихи құрылыс аудандарының қала құрылысын қалпына келтіру үшін жобалау құқығымен) жобалау және жоспарлау, оның ішінде:
жоспарлау құжаттамасын (аумақтардың қала құрылысын жоспарлаудың кешенді схемаларын - аудандық жоспарлау жобаларын, елді мекендердің бас жоспарларын, аудандарды, шағын аудандарды, кварталдарды, жекелеген учаскелерді егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен салу жобаларын);
елді мекендердің (елді мекендер шекарасының шегінде орналасқан көше-жол желілері мен қалаішілік және сыртқы көлік объектілерінің) және қонысаралық аумақтардың (елді мекендердің көше-жол желісінен тыс орналасқан сыртқы көлік объектілері мен коммуникацияларының) көлік инфрақұрылымын дамыту схемаларын;
құрылыс салу жүйесінде жылу энергиясын өндіру және тасымалдау жөніндегі объектілерді орналастыра отырып, елді мекендерді жылумен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндірістік кешендерді жылумен жабдықтау схемаларын;
ауыз су және (немесе) техникалық су көздерін орналастыра отырып және су ағызу трассаларын жасай отырып, елді мекендерді сумен жабдықтау схемаларын, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндірістік кешендерді сумен жабдықтау схемаларын;
тұрмыстық, өндірістік және жауын-шашынның қалдық суларын жинау мен ағызудың орталықтандырылған жүйесін, бас тазартқыш құрылыстарды, буландыру және қалдық суларды қайта генерациялау жөніндегі объектілерді орналастыруды қоса алғанда, елді мекендер мен өндірістік кешендердің кәріз схемаларын;
қонысаралық аумақтарда орналасқан елді мекендер мен өндірістік кешендерді газбен жабдықтау схемаларын;
құрылыс салу жүйесінде электр энергиясын өндіру және тасымалдау жөніндегі объектілерді орналастыра отырып, елді мекендерді электрмен жабдықтау, сондай-ақ қонысаралық аумақтарда орналасқан өндірістік кешендерді электрмен жабдықтау схемаларын;
инфрақұрылым объектілері мен ақпарат көздерін орналастыра отырып, елді мекендер үшін телекоммуникация және байланыс схемаларын әзірлеу;
күрделілігі бірінші немесе екінші және үшінші деңгейдегі ғимараттар мен құрылыстарды сәулеттік жобалау (тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруді қоспағанда, сәулеттік-қалпына келтіру жұмыстары үшін жобалау құқығымен), оның ішінде:
объектілердің бас жоспарларын, аумақтың инженерлік дайындығын, жер бедерін көркейту және ұйымдастыруды;
өндірістік (өндірістік-шаруашылық) мақсаттағы ғимараттарды, құрылыстар мен коммуникацияларды;
тұрғын үй-азаматтық ғимараттар мен құрылыстарды;
монументалды немесе қолданбалы-сәндік мақсаттағы құрылыстарды, шағын сәулет нысандары мен ландшафттық сәулет объектілерін сәулеттік жобалау;
құрылыстық жобалау (ғимараттар мен құрылыстарды күрделі жөндеу және (немесе) реконструкциялау үшін жобалау, сондай-ақ төменде аталған жұмыстардың әрқайсысы үшін конструкцияларды нығайту құқығымен) және конструкциялау, оның ішінде:
негіздер мен іргетастарды;
бетон және темір-бетон, тас және темір-тас конструкцияларды;
металл (болат, алюминий және қорытпа) конструкцияларды;
ағаш конструкцияларды құрылыстық жобалау және конструкциялау;
инженерлік жүйелер мен желілерді, оның ішінде:
жылудың ішкі жүйелерін (электрмен жылытуды қоса алғанда), желдетуді, кондиционер орнатуды, салқын ауамен жабдықтауды, газдандыруды (төмен қысымды газбен жабдықтауды), сондай-ақ олардың қосалқы объектілері бар сыртқы желілерін;
су құбыры (ыстық және суық су) мен кәріздің ішкі жүйелерін, сондай-ақ олардың қосалқы объектілері бар сыртқы желілерін;
тогы әлсіз құрылғылардың (радиофикациялаудың, электрочасификациялаудың, телефондандырудың, ішкі және домофон байланысының, кабельдік теледидар мен күзеттік бейне бақылаудың, өрттен қорғау және күзетті қоса алғанда, электросигнализацияның) ішкі жүйелерін, сондай-ақ олардың сыртқы желілерін;
бақылау-өлшеу, есептік және реттеуші құрылғыларды қоса
алғанда, технологиялық процестерді автоматтандыруды;
ішкі және сыртқы электрмен жарықтандыру жүйелерін, 0,4 кВ-ға дейін және 10 кВ-ға дейін электрмен жабдықтауды;
35 кВ-ға дейін, 110 кВ-ға дейін және одан жоғары электрмен жабдықтауды;
магистральдық мұнай құбырларын, мұнай өнімдері құбырларын, газ құбырларын (орта және жоғары қысымды газбен жабдықтауды) жобалау;
мыналар:
еңбекті қорғау;
коррозияға қарсы қорғау құрылғысы;
найзағайдан қорғау құрылғысы;
ғимараттар мен құрылыстарды жаңадан салу, күрделі жөндеу, реконструкциялау немесе қайта жабдықтау үшін жобалау кезеңінде автоматика, өрттен қорғау сигнализациясын, өрт сөндіру және өрттен қорғау жүйесін орнату;
сметалық құжаттама жасау;
құрылысты ұйымдастыру жобалары мен жұмыс өндірісінің жобаларын құру бойынша жобалардың арнайы бөлімдерін әзірлеу;
тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы, оның ішінде:
мектепке дейінгі білім беруге, жалпы және арнаулы білім беруге, интернаттарға, кадрлар даярлайтын орындарға, ғылыми-зерттеу, мәдени-ағарту және ойын-сауық мекемелеріне, сауда (дәріханаларды қоса алғанда), денсаулық сақтау (емдеу және аурулардың алдын алу, оңалту және санаториялық емдеу), қоғамдық тамақтану мен тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарына, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық жаттығуларға, демалыс пен туризмге арналған, сондай-ақ түрлі қоғамдық мақсаттағы үй-жайлары бар өзге де көп функциялы ғимараттар мен кешендерге арналған;
көлік инфрақұрылымына (тікелей халыққа қызмет көрсету үшін көзделген) және коммуналдық шаруашылыққа арналған (көлік құралдарына қызмет көрсетуге арналған, сондай-ақ өзге де өндірістік шаруашылық мақсатындағы ғимараттар мен құрылыстардан басқа) ғимараттар мен құрылыстарды технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу);
өндірістік мақсаттағы, оның ішінде:
энергетика өнеркәсібіне арналған;
жеңіл және тамақ өнеркәсібін қоса алғанда, қайта өңдеу өнеркәсібіне арналған;
ауыр машина жасауға арналған;
медицина, микробиология және фармацевтика өнеркәсібіне арналған;
бөгеттер, дамбалар, басқа да гидротехникалық құрылыстарға арналған;
мұнара және діңгек үлгісіндегі конструкцияларға арналған;
көтеруші-көліктік құрылғылар мен лифтілерге арналған объектілерді технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу);
көлік инфрақұрылымы, байланыс және коммуникация, оның ішінде:
автомобиль, электрлі, темір жол және өзге де рельсті, әуе, су көлігі түрлерін қоса алғанда, қалаішілік және сыртқы көлікке;
жергілікті байланыс, радио-, телекоммуникация желілеріне;
байланыс (спутниктікті байланысты қоса алғанда) және өзге де телекоммуникация түрлерінің жалпыреспубликалық және халықаралық желілеріне қызмет көрсету жөніндегі объектілерді технологиялық жобалау (құрылыс жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу);
мыналарды:
темір жол көлігі қатынастарын;
барлық санаттағы автомобиль жолдарын;
қалалық электрлі көліктің көше-жол желісін;
көпірлер мен көпір өткелдерін, оның ішінде көлік эстакадалары мен көп деңгейлі жол айрықтарын қамтитын технологиялық жобалау (көлік құрылысы жобаларының технологиялық бөлігін әзірлеу);
қайта өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын қоспағанда, ауыл шаруашылығы объектілерінің құрылысын технологиялық жобалау (жобалардың технологиялық бөлігін әзірлеу);
2) құрылыс-монтаж жұмыстары.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
жалпы сипаттағы жер жұмыстары;
мыналарды:
металл конструкцияларды монтаждауды, арматуралар орнатуды;
қысыммен жұмыс істейтін не жарылу-өрт қаупі бар немесе өзге де қауіпті (зиянды) сұйық және газ тектес заттарды сақтауға арналған болат резервуарларды (сыйымдылықтарды) монтаждауды;
мұнара және діңгек үлгісіндегі құрылыс конструкцияларын, түтін мұржаларын монтаждауды;
көпірлер мен көпір өткелдерінің тіреуіш конструкцияларын монтаждауды;
көтеруші құрылғылардың (лифтілердің, эскалаторлардың, шахта тоқпақтары мен көтергіштерінің, аспалы жолдардың және басқалардың) құрылыс конструкцияларын монтаждауды;
металлургия, мұнай-химия, тау-кен рудасы, энергетика және басқа да өнеркәсіп салалары агрегаттарының, аппараттары мен басқа да технологиялық ғимараттарының құрылыс конструкцияларын монтаждауды;
іргетасты орналастыру мен қада қағу жұмыстарын;
монолитті конструкцияларды орналастыру, сондай-ақ құрама-бетон және темір-бетон конструкцияларын монтаждауды, қабырға тасын қалау мен далдаларды орналастыруды және ойықтарды толтыруды;
шатырлау жұмыстарын қамтитын күрделілігі I немесе II және III деңгейдегі ғимараттар мен құрылыстардың тіреуіш және қоршау конструкцияларын тұрғызу;
мыналарды:
мұнай құбырларының, газ құбырларының кәсіпшілік және магистральдық желілерін, сондай-ақ мұнай өнімдері құбырларының магистральдық желілерін;
ұңғымаларды жайластыруды (мұнай және газ ұңғымаларын жайластыруды қоспағанда);
кернеуі 35 кВ дейінгі және 110 кВ дейінгі және одан жоғары электр беру магистральдық желілерін;
тұрғын үй және коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газдандыруды;
гидротехникалық және селден қорғау құрылыстарын, бөгеттерді, дамбаларды;
түтін шығатын мұржаларды, күш түсетін тіректерді, градирняларды, шахта үстіндегі тоқпақтарды;
отқа төзімді материалдарды қалауды;
жарылу-өрт қаупі бар жабдықтарды монтаждауды;
түсті металдардан, полимерлік материалдар мен шыныдан жасалған технологиялық құбырларды монтаждауды;
байланыс пен телекоммуникацияның жалпы республикалық және халықаралық желілерін;
мұнай, мұнай өнімдері мен сұйытылған газ қоймаларын;
жер қабатындағы бұрғылау және бұрғылау-жару жұмыстарын;
су асты-техникалық жұмыстар мен теңіз шельфіндегі жұмыстарды;
мелиоративтік және су шаруашылығы құрылысындағы жер жұмыстарын;
жер қабатындағы гидромеханикаландырылған жұмыстарды;
тау-кен ұңғылау және тоннель жұмыстарын, сүзілуге қарсы қалқаларды орналастыруды қамтитын арнайы құрылыс және монтаждау жұмыстары өндірісі (оның ішінде жер қабатындағы арнайы жұмыстарды жүргізу);
сыртқы инженерлік желілер мен құрылыстарды және ішкі инженерлік жүйелерді, оның ішінде:
темір жол қатынасы жолдарын электрмен жабдықтау желілерін, әуе көлігі кәсіпорындарын электрмен жабдықтау және электрмен жарықтандыру желілерін;
магистральдық жылу желілері мен орта және жоғары қысымды газбен жабдықтау желілерін қоса алғанда, қысыммен жұмыс істейтін құбырларды;
газбен жабдықтаудың төмен қысымды тұрмыстық және өндірістік желілерін, газ шаруашылығының ішкі жүйелері мен тұрмыстық құрылғыларды;
суық және ыстық сумен жабдықтау желілерін, тұрмыстық, өндірістік және жауын-шашынның қалдық суларының орталықтандырылған кәрізін, су құбыры мен кәріздің ішкі жүйелерінің құрылғысын;
электрмен жабдықтау желілерін, сыртқы электрмен жарықтандыру құрылғысын, электрмен жарықтандыру және электрмен жылытудың ішкі желілерін;
байланыс, радио-, телекоммуникация және теледидар желілері мен ішкі жүйелерін;
ішкі орталықтандырылған жылу жүйелерін;
желдетуді, ауаны салқындатуды, пневматикалық көлікті және аспирацияны орналастыру жөніндегі арнайы жұмыстар;
мыналарды:
құрылыс конструкцияларын су өтпейтіндей етіп қымтауды;
құбырларды, құрылыс конструкциялары мен жабдықтарын жылу шығармайтындай етіп қымтауды;
қаптау және шегендеу жұмыстарын;
құрылыс конструкциялары мен жабдықтарын, құбырларды, оның ішінде тасқын су әсері кезіндегі химиялық қорғаныш жабындыны коррозиядан сақтауды;
құбырларды, конструкциялар мен жабдықтарды электрлі химиялық қорғауды;
найзағайдан қорғауды қамтитын конструкциялар мен жабдықтарды қорғау жөніндегі арнайы жұмыстар;
күрделілігі I және II деңгейдегі ғимараттар мен құрылыстарды салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу кезіндегі әрлеу жұмыстары (сылақ және сырлау жұмыстарын қоспағанда);
мыналарды:
темір жолға арналған негіздерді;
темір жолдың беткі құрылыстарын;
I және II техникалық санатындағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ жүрдек және реттелмелі қозғалыстың қалаішілік магистральдық жолдарының, үздіксіз және реттелмелі қозғалыстың жалпықалалық маңызы бар магистральдық көшелерінің көлік жүретін бөлігінің негіздері мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстарын және оларды жайластыруды;
III, IV және V техникалық санатындағы автомобиль жолдарының, сондай-ақ магистральдық болып табылмайтын елді мекендер көшелерінің көлік жүретін бөлігінің негіздері мен жабындыларын, қорғаныш құрылыстарын және оларды жайластыруды;
аэродромдардың ұшу-қону жолақтары мен тікұшақ алаңдарының негіздері мен жабындыларын қамтитын жол құрылысы жөніндегі жұмыстар;
мынадай:
лифт шаруашылығы және өзге де көтеруші-көліктік құрылғылармен;
металлургиямен, кен байытумен;
металл өңдеумен;
ағаш өңдеумен;
геологиялық барлау, мұнай және газ кәсіпшілігімен;
тау-кен-шахта өндірісімен, метрополитендер және тоннельдермен;
гидротехникалық және мелиоративтік құрылыстармен;
астықты сақтаумен және ұқсатумен, өзге де тамақ өнімдерін өндірумен және сақтаумен;
көмір, химия және мұнай өңдеуші өндіріспен;
құрылыс материалдары, бұйымдар мен конструкциялар өндірісімен;
жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің өндірісімен;
дәрі-дәрмек препараттарының өндірісімен, денсаулық сақтаумен, оңалтумен және аурудың алдын алумен;
театр ойын-сауыққа, білім беруге, спорт және көңіл көтеру-демалуға арналған объектілермен;
жарылыстан қорғалған электрлі техникалық жабдықты қоса алғанда, электр пештермен, өзге де электр техникалық құрылғылармен;
компрессор машиналарымен, сорғылармен және желдеткіштермен;
байланыспен, аварияға қарсы қорғаумен, бақылау және сигнализация жүйесімен, көлікте, электр энергетикасы және сумен жабықтау объектілерінде, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ететін өзге де объектілерде оқшаулаумен, сондай-ақ өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы бақылау мен есепке алу аспаптарымен байланысты технологиялық жабдықтарды монтаждау (оның ішінде іске қосу-жөндеу жұмыстары);
объектілерді күрделі жөндеу және реконструкциялау (табиғат және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтіруді қоспағанда), оның ішінде мыналардың:
газбен жабдықтау, лифтілер және өзге де көтергіш-көлік құрылғыларынан басқа, ішкі инженерлік жүйелер мен сыртқы желілерді қоса алғанда, күрделілігі бірінші деңгейдегі тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың;
газбен жабдықтау, лифтілер және өзге де көтергіш-көлік құрылғыларынан басқа, ішкі инженерлік жүйелер мен сыртқы желілерді қоса алғанда, күрделілігі бірінші деңгейдегі өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың;
газбен жабдықтау, лифтілер және өзге де көтергіш-көлік құрылғыларынан басқа, ішкі инженерлік жүйелер мен сыртқы желілерді қоса алғанда, күрделілігі екінші және үшінші деңгейлердегі тұрғын үй-азаматтық және өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстардың;
көпірлердің (көпір өткелдерінің, көлік эстакадалары мен көп деңгейлі жол айрықтардың) тоннельдер мен өзге де жер асты көлік құрылыстарының;
барлық техникалық санаттағы автомобиль жолдары мен шаруашылықішілік (өндірістік) жолдардың, елді мекендердің көше-жол желілерінің;
темір жолдардың;
гидротехникалық және гидромелиоративтік құрылыстардың;
газбен жабдықтаудың төмен қысымды желілері мен ішкі жүйелерінің және құрылғыларының;
бу құбырларының, ауа құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнімдері құбырларының, газ құбырларының (газбен жабдықтаудың орта және жоғары қысымды желілерінің) және басқа да заттар мен материалдарды тасымалдайтын стационарлық құрылғылардың элементтері мен желілерінің;
конструкциялар мен жабдықтардың қорғау жабындыларының (қаптау, шегендеу, оқшаулау, коррозияға қарсы және химиялық жабындыларының) тіреуіш конструкцияларын күшейту;
3) құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын (сертификатталатын өнімдерін қоспағанда) өндіру (шығару). P070555
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
өнеркәсіп өндірісі:
желдетуші, санитариялық-техникалық, электр-монтаж жабдықтарын;
өндіріс қалдықтары негізінде, металдардан, полимерлік және композиттік материалдардан жасалған бұйымдарды;
мұнара-діңгек үлгісіндегі элементтерді, түтін шығару мұржаларын;
көпірлер мен көпір өткелдерінің элементтерін, көлік эстакадалары мен жол айрықтарын;
қысыммен жұмыс істейтін не жарылу-өрт қаупі бар немесе өзге де қауіпті (зиянды) заттарды сақтауға арналған резервуарлар мен сыйымдылықтарды;
мыналарды:
тіреуіш және қоршау конструкцияларына арналған элементтерді;
технологиялық металл конструкциялары мен олардың бөлшектерін шығаруды (өнеркәсіптік дайындауды) қамтиды;
4) сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы сараптамалық жұмыстар және инжинирингтік қызметтер көрсету. P070555
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
аумақтар мен елді мекендердің қала құрылысын жоспарлау үшін және (немесе) ғимараттар, құрылыстар және олардың кешендерін, коммуникацияларын салу (кеңейту, жаңғырту, техникалық қайта жабдықтау, реконструкциялау, қалпына келтіру, күрделі жөндеу) үшін жобалардың (жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттамалардың) мемлекеттік сараптамасы;
мемлекеттік сараптаманың айрықша құзыретіне жатпайтын сараптамалық жұмыстар рыногының субъектілері болып табылатын жеке және (немесе) заңды тұлғалар орындайтын құрылысқа арналған жобалардың (жобалау құжаттамаларының) сараптамасы. Бұл ретте, өзінің жобалары немесе осы лицензиаттың қандай да бір қатысуымен орындалған жобалар бойынша сараптамалық бағалау жүргізуге жол берілмейді;
ғимараттар мен құрылыстар салу (күрделі жөндеу, реконструкциялау) кезінде тапсырыс берушінің (техникалық қадағалау, инженерлік қызмет, құрылысты техникалық сүйемелдеу) және жобалау ұйымының (авторлық қадағалау) жеке бақылауын жүргізу жөніндегі қызметтері;
пайдаланылатын ғимараттардың, құрылыстардың, инженерлік жүйелер мен коммуникациялардың және олардың элементтерінің (бөліктерінің) олардың сенімді әрі тұрақты жұмыс істеуін белгілеу мақсатында физикалық (техникалық) жай-күйін техникалық тексеру;
5) тұрғын үй ғимараттарының құрылысын үлескерлердің ақшасын тарту есебін ұйымдастыру жөніндегі қызмет.
34-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын
дайындау саласындағы қызметті лицензиялау
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасын, сондай-ақ олар бейнеленген материалдық объектілерді дайындау үшін лицензияның болуы талап етіледі. Z070258, P040392
35-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті лицензиялау
Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жекелеген кедендік режимдер шеңберінде жүзеге асырылатын қызметпен және кедендік қызметтер көрсету жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
кедендік қойманың кедендік режимі шеңберіндегі қызмет;
кедендік тасымалдаушының қызметі;
тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау қоймасының қызметі;
кеден делдалының қызметі.
36-бап. Этил спиртінің және алкоголь өнімінің өндірісі
мен айналымы, темекі өнімдерінің өндірісі
саласындағы қызметті лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) этил спиртінің өндірісі;
2) алкоголь өнімінің өндірісі.
Қызметтің бұл түрі мынадай кіші қызмет түрлерін қамтиды:
арақтар мен айрықша арақтардың өндірісі;
ликер-арақ өнімдерінің өндірісі;
шарап материалының өндірісі;
шарап өндірісі;
коньяк өндірісі;
бренди өндірісі;
сыра өндірісі;
3) алкоголь өнімдерін өндіру аумағында оларды сақтауды, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сатуды қоспағанда, алкоголь өнімін сақтау, көтерме және (немесе) бөлшек саудада сату; P070731
4) этил спирті мен алкоголь өнімінің импорты;
5) темекі өнімдерінің өндірісі.
37-бап. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты
қызметті лицензиялау
Бөлшек сауданы жүзеге асыру және қолма-қол шетел валютасына қызмет көрсету үшін лицензияның болуы талап етіледі. Z050057, V064468, V053902
4-тарау. ТАУАРЛАРДЫҢ ЭКСПОРТЫ МЕН ИМПОРТЫ САЛАСЫНДАҒЫ
Достарыңызбен бөлісу: |