лицензиялау
Қызметтің мына түрлерімен айналысу үшін лицензияның болуы талап етіледі:
1) тауар биржаларының қызметі;
2) биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметі.
Ескерту. 3-тарау 37-1-баппен толықтырылды - ҚР 2009.05.04. N 156 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз, 2009.05.08. жарияланды) Заңымен.
4-тарау. ТАУАРЛАРДЫҢ ЭКСПОРТЫ МЕН ИМПОРТЫ САЛАСЫНДАҒЫ
ЛИЦЕНЗИЯЛАУ
38-бап. Жалпы ережелер
1. Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген, үшінші елдермен саудада Еуразия экономикалық қоғамдастығы шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйым салатын немесе шектеулер қолданатын тауарлардың бірыңғай тізбесі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі экспорты және (немесе) импорты лицензиялануға жататын тауарлардың тізбесін белгілейді.
Тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялау оларды орындау үшін осы шектеулер енгізілген мақсаттармен салыстырғанда тауарлар экспортына немесе импортына мейлінше шектеушілік немесе бұрмалаушылық әсер етпеуге тиіс.
2. Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес сыныпталатын, оған қатысты лицензиялау енгізілген әрбір тауарға лицензия беріледі.
Лицензиар мынадай лицензия түрлерін береді:
біржолғы;
бас;
ерекше.
Лицензиар бас және ерекше лицензиялар беруді Кеден одағы комиссиясының шешімімен көзделген жағдайларда жүзеге асырады.
3. Бас және ерекше лицензиялардың иелерi лицензияның орындалу барысы туралы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейiнгi айдың он бесiне дейiн уәкiлеттi органға электронды құжат нысанында есеп беруге мiндеттi.
Бiржолғы лицензиялардың иелерi лицензияның орындалуы туралы лицензияның қолданылу мерзiмi аяқталған соң күнтiзбелiк он бес күн iшiнде уәкiлеттi органға электронды құжат нысанында ақпарат беруге мiндеттi.
4. Біржолғы лицензияның қолданыс кезеңі оның қолданыла бастаған күнінен бастап бір жылдан аспауға тиіс. Біржолғы лицензияның қолданыс мерзімі сыртқы сауда шартының (келісімшартының) қолданыс мерзімімен немесе лицензия беруге негіз болып табылатын құжаттың қолданыс мерзімімен шектелуі мүмкін.
Сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін лицензияның қолданыс кезеңі квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
Егер Кеден одағы комиссиясының шешімінде өзгеше жазылмаса, бас лицензияның қолданыс мерзімі ол қолданыла бастаған күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс, ал сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
Ерекше лицензияның қолданыс мерзімі әрбір нақты жағдайда Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.
Ескерту. 38-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
39-бап. Жекелеген тауарлардың экспортын лицензиялау
Ескерту. 39-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
40-бап. Жекелеген тауарлардың импортын лицензиялау
Ескерту. 39-бап алып тасталды - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
41-бап. Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде
лицензиялау
Жекелеген тауарлардың импортын автоматты түрде лицензиялау кезінде өтініш барлық жағдайда мақұлданады. Бұл ретте, импорт операцияларын жүзеге асыру үшін импорттаушы елдің заңды талаптарын орындайтын кез келген тұлға импортқа лицензия алуға өтініш жасау және оны алу құқығын тең жағдайларда иеленеді. Лицензия алуға өтінішті тауарлар кедендік тазартылғанға дейін кез келген жұмыс күнінде беруге болады. Лицензия алуға өтініш пен қажетті құжаттар тиісті әрі толық нысанда ұсынылған жағдайда лицензия он жұмыс күні ішінде беріледі.
Импортты автоматты түрде лицензиялауға жататын тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Ескерту. 41-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-тарау. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМШАНЫ
БЕРУДІҢ ШАРТТАРЫ МЕН ТӘРТІБІ
42-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беру шарттары
1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, егер жергiлiктi атқарушы орган немесе орталық мемлекеттiк органның аумақтық органдары лицензиар болып табылса, жеке немесе заңды тұлғаны тiркеу орны бойынша берiледi.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі беретін, қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензияларды және (немесе) оларға қосымшаларды қоспағанда, өтініштер мен құжаттарды қабылдауды және лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар беруді жүзеге асыратын ұйымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
2. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны (қызметтiң кiшi түрлерi болған жағдайда) алу үшiн мынадай құжаттар беріледі:
1) өтiнiш;
РҚАО-ның ескертпесі!
2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2012.12.24 N 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.
2) заңды тұлға үшін – жарғының және өтініш берушіні заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшірмелері;
3) жеке тұлға үшiн – жеке басын куәландыратын құжаттың көшiрмесi;
4) дара кәсiпкер үшiн – өтiнiш берушiнi дара кәсiпкер ретiнде мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
5) өтiнiш берушiнiң салық органында есепке тұрғаны туралы куәлiктiң (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқа берiлмеген жағдайда нотариат куәландырған) көшiрмесi;
6) «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi;
7) бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.
Жарғының көшірмесін (салыстырып тексеру үшін түпнұсқалар берілмеген жағдайда нотариат куәландырған) ұсыну бөлігінде осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының талабы қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаларға қолданылады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2), 3) 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну олардағы ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден және (немесе) мәліметтер нысанынан алу мүмкін болған жағдайда, талап етілмейді.
«Электрондық үкімет» веб-порталы немесе халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы құжаттарды беру кезінде құжаттар электрондық нысанда беріледі.
Бұл ретте, Қазақстан Республикасының заңнамасында құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін немесе салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасын ұсыну туралы талап болған жағдайда мұндай құжаттар халыққа қызмет көрсету орталығы қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, құжаттың электрондық көшірмесі түрінде ұсынылады.
Куәландырылған құжаттардың анықтығы үшін оларды ұсынған өтініш беруші немесе лицензиат жауапкершілікте болады.
Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензия берген кезде құжаттар тiзбесiне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi де белгiлей алады.
3. Лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн мынадай құжаттар қажет:
1) өтiнiш;
2) қызметтiң кiшi түрiне қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сәйкес мәлiметтер мен құжаттар.
4. Лицензиар өтініш берушінің (лицензиаттың) құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеруге міндетті. Ұсынылған құжаттардың толық емес фактілері анықталған жағдайда лицензиар аталған мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тартады.
5. Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі мәніне мемлекеттік органдардың келісімдерін алу үшін лицензиар өтініш берушінің лицензия және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған құжаттары тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушінің лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыратын орны бойынша тиісті мемлекеттік органдарға сауал жібереді.
Мемлекеттік органдар лицензиар сауалының негізінде он жұмыс күні ішінде өтініш берушінің қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы тиісті лицензиарға жауап жібереді.
Мемлекеттік органдар осы Заңда белгіленген мерзімде жауап жібермеген жағдайда лицензия беру келісілді деп саналады.
6. Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысу құқығына лицензиялар беру, беруден бас тарту, олардың қолданылуын тоқтата тұру, тоқтату тәртібі мен шарттарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілейді.
Ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензиялар берудің шарттары мен тәртібі «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын жайлар құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия берудің шарттары мен тәртібі «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызметпен айналысу құқығына лицензия берудің ерекше талаптары «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалады.
7. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру үшiн тиiстi лицензиарға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына ұсынылған барлық құжаттар тiзiмдеме бойынша қабылданады, оның көшiрмесi аталған органның құжаттарды қабылдаған күнi туралы белгiсі соғылып, өтiнiш берушiге жiберiледi (табыс етiледi).
Ескерту. 42-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
43-бап. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру
туралы өтініштерді қарау мерзімдері
1. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны отыз жұмыс күнінен кешіктірмей беретін атом энергиясын пайдалану саласындағы, қаржы саласындағы және қаржы ресурстарын шоғырландырумен байланысты қызметтегі лицензиарларды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиар осы Заңда белгіленген тиісті құжаттармен қоса өтініш берілген күннен бастап он бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Лицензиар осы бапта белгiленген мерзiм iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тартудың себептерi туралы дәлелдi жауап қайтаруға мiндеттi.
2. Егер лицензиар осы Заңда белгіленген мерзімде өтініш берушіге лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген не лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден дәлелді түрде бас тартуды ұсынбаған жағдайда, оларды беру мерзімдері өткен күннен бастап лицензия және (немесе) лицензияның қосымшасы берілді деп есептеледі.
Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру мерзімдері өткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушіге тиісті лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруге міндетті.
Лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны бермеген жағдайда бес жұмыс күнi өткеннен кейiн лицензия және (немесе) лицензияға қосымша алынды деп есептеледi. Өтініштің қабылданғаны туралы өтініш беруші алған хабарлама лицензия алынғанға дейiн лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асырудың заңды екенiн растайтын құжат болып табылады.
Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
44-бап. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы
үшін төленетін лицензиялық алым
Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін төленетін лицензиялық алым Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес лицензиялар (лицензиялардың телнұсқасы) берілген (қайта ресімделген) кезде алынады.
Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алым ставкалары Қазақстан Республикасының Салық кодексімен белгіленеді.
Лицензияға қосымшаларды (лицензияға қосымшалардың телнұсқаларын) берген кезде лицензиялық алым алынбайды.
Ескерту. 44-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.12.10 N 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.11.16 N 200-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
45-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беруден бас тарту
1. Егер:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында субъектілердің осы санаты үшін қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салынған;
2) алып тасталды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3) қызмет түріне лицензия беруге өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым енгізілмеген;
4) өтініш беруші біліктілік талаптарына сай келмеген;
4-1) өтініш берушіге лицензия беру келісуші мемлекеттік органмен келісілмесе;
5) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жекелеген түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімі болған;
6) сот орындаушысының ұсынуы негізінде сот өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беруден бас тарту жүзеге асырылады.
Қаржы саласындағы қызметпен және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметпен айналысуға лицензиялар беруден бас тарту үшін қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілей алады.
2. Лицензия беруден бас тартқан жағдайда лицензиар лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру үшін белгіленген мерзімдерде өтініш берушіге дәлелді жауап қайтарады.
Ескерту. 45-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.07.04 N 167-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 N 262-IV (2010.10.21 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
46-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны
беруден бас тартуға шағымдану
Егер лицензия және (немесе) лицензияға қосымша осы Заңда белгіленген мерзімде берілмесе немесе лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту өтініш берушіге дәлелсіз болып көрінсе, ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұл іс-әрекеттерге шағымдануға құқылы.
6-тарау. ЛИЦЕНЗИЯНЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ЛИЦЕНЗИЯҒА ҚОСЫМШАНЫ ҚАЙТА
РЕСІМДЕУ, ОНЫҢ ТЕЛНҰСҚАЛАРЫН БЕРУ, ҚОЛДАНЫЛУЫН ТОҚТАТУ ЖӘНЕ
ТОҚТАТА ТҰРУ
47-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның
телнұсқаларын қайта ресiмдеу және беру, сондай-ақ
электрондық форматқа аудару
1. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлiнген жағдайда лицензиаттың лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын алуға құқығы бар.
Егер лицензия қағаз жеткізгіште берілген болса, лицензиат телнұсқаны алмастан, оны өтініш бойынша электрондық форматқа аударуға құқылы.
Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның жоғалған, бүлiнген бланкiлерi лицензиаттың лицензиарға жазбаша өтiнiш берген күнiнен бастап жарамсыз деп есептеледi.
Лицензиар өтiнiш берiлген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде жаңа нөмiр бере отырып және жоғарғы оң жақ бұрышында «Телнұсқа» деген жазуы бар лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын береді.
Лицензиялардың және (немесе) лицензияларға қосымшалардың телнұсқалары осы Заңның 10-бабының ережелерін сақтай отырып, электрондық нысанда ресімделеді.
2. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша мынадай:
1) жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) өзгерген;
2) дара кәсiпкер қайта тiркелген, оның атауы мен мекенжайы өзгерген;
3) заңды тұлға бiрiгу, қосылу, бөлiнiп шығу немесе қайта құрылу нысанында қайта ұйымдастырылған;
4) заңды тұлғаның атауы және (немесе) заңды мекенжайы өзгерген жағдайларда қайта ресiмделуге жатады.
Қызмет түрiнiң және (немесе) кiшi түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, лицензиаттың лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растай отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге құқығы бар.
Лицензиат қайта ресiмдеу туралы өтiнiштi лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде бередi.
Лицензиялық алым төленбеген жағдайда, лицензиар лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеуден бас тартады.
Лицензияланатын қызмет түрiнен бiр немесе одан көп банк операциялары, сақтандыру қызметiнен бiр немесе одан да көп сыныптар алып тасталған жағдайда, лицензиат күнтiзбелiк отыз күн iшiнде лицензияны қоса отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Қаржы саласындағы қызметтi және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға өызмет түрiнiң атауы өзгерген жағдайда, егер мұндай өзгерiс лицензияланатын қызмет түрi мәнiнiң өзгеруiне әкеп соқпаса, күнтiзбелiк отыз күн iшiнде лицензияларды қайта ресiмдеу кезiнде жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн бюджетке лицензиялық алымның төленгенiн растайтын құжаттарды қоса бере отырып, лицензияны қайта ресiмдеу туралы өтiнiш беруге мiндеттi.
Қайта ресімделген лицензиялар және (немесе) лицензияларға қосымшалар осы Заңның 10-бабының ережелерін сақтай отырып, электрондық нысанда ресімделеді.
Ескерту. 47-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
48-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның
қолданылуын тоқтату
1. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы мынадай жағдайларда:
1) лицензияның берілген мерзімі аяқталғанда;
2) жүзеге асырылуына лицензия берілген іс-әрекеттер (операциялар) толық көлемде жасалғанда;
3) лицензия алып қойылғанда;
4) жеке тұлғаның қызметі тоқтатылғанда, заңды тұлға таратылғанда, бірігу, біріктіру, бөліну, немесе қайта құрылу нысанындағы қайта ұйымдастырылуды қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылғанда;
5) лицензия және (немесе) лицензияға қосымша лицензиарға ерiктi түрде қайтарылғанда;
6) лицензияланатындардың тізбесінен қызметтің жекелеген түрі және (немесе) кіші түрі алып тасталса;
7) лицензиат лицензиялауға жататын субъектілер қатарынан алып тасталса;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
2. Лицензияның қолданылуы осы баптың 1-тармағының 6) және 7) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша тоқтатылғанды қоспағанда, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданылуы тоқтатылған кезде, лицензиат он жұмыс күнi iшiнде лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны лицензиарға қайтаруға мiндеттi.
Ескерту. 48-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.02.13 N 135-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз), 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
49-бап. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру, одан айыру Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 49-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2010.01.20 № 241-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.
49-1-бап. Лицензиялық бақылау
1. Лицензиялық бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілгеннен кейін лицензиаттардың Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын сақтауын тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Бақылаудың өзге де нысандары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
3. Лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берілгенге дейін өтініш берушінің немесе лицензиаттың біліктілік талаптарына сай келетіндігін тексеру тексерілетін субъектіге бару арқылы бақылаудың өзге де нысаны тәртібінде жүзеге асырылады, оның нәтижелері бойынша өтініш берушінің немесе лицензиаттың біліктілік талаптарына сай келетіндігі немесе сай келмейтіндігі туралы шешім қабылданады.
Құжаттарды ұсынумен расталмайтын біліктілік талаптары, сондай-ақ ұсынылған құжаттардың анықтығы тексерілуге тиіс.
Ескерту. 6-тарау 49-1-баппен толықтырылды - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
50-бап. Залалдарды өтеу
Лицензия беруден негізсіз бас тартудан немесе лицензиаттың құқығын бұзудан туындайтын залалдарды өтеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
51-бап. Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы
заңнамасын бұзу
Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
52-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
1. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
2. "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., N 3-4, 37-құжат; N 12, 88-құжат; N 14, 93-құжат; N 15-16, 109-құжат; N 24, 162-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 236-құжат; 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 7, 80-құжат; N 11, 144, 149-құжаттар; N 12, 184-құжат; N 13-14, 195, 205-құжаттар; N 22, 333-құжат; 1998 ж., N 14, 201-құжат; N 16, 219-құжат; N 17-18, 222, 224, 225-құжаттар; N 23, 416-құжат; N 24, 452-құжат; 1999 ж., N 20, 721, 727-құжаттар; N 21, 787-құжат; N 22, 791-құжат; N 23, 931-құжат; N 24, 1066-құжат; 2000 ж., N 10, 248-құжат; N 22, 408-құжат; 2001 ж., N 1, 7-құжат; N 8, 52, 54-құжаттар; N 13-14, 173, 176-құжаттар; N 23, 321-құжат; N 24, 338-құжат; 2002 ж., N 2, 17-құжат; N 15, 151-құжат; N 19-20, 165-құжат; 2003 ж., N 1-2, 2-құжат; N 4, 25-құжат; N 6, 34-құжат; N 10, 50, 51-құжаттар; N 11, 69-құжат; N 14, 107-құжат; N 15, 124, 128, 139-құжаттар; 2004 ж., N 2, 9-құжат; N 5, 27-құжат; N 10, 54-құжат; N 14, 82-құжат; N 15, 86-құжат; N 16, 91-құжат; N 17, 98-құжат; 2005 ж., N 7-8, 23-құжат; N 11, 37-құжат; N 14, 55, 58-құжаттар; N 23, 104-құжат; 2006 ж., N 8, 45-құжат; N 13, 85-құжат; N 15, 92-құжат; N 16, 97, 102-құжаттар) күші жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Достарыңызбен бөлісу: |