Үлгілік оқу жоспары



жүктеу 1,82 Mb.
бет6/7
Дата29.05.2018
өлшемі1,82 Mb.
#18278
1   2   3   4   5   6   7

Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (орта буын маманы)

Циклдің индексі

(пән)


Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білім, шеберліктер мен дағдылар

Қалыптасатын құзыреттер коды

ЖБП. 00

Жалпы білім беретін пәндер

ЖГП. 00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП. 01

Кәсіби қазақ (орыс) тілі

Кәсіби тілдің ролі. Мамандық бойынша терминология. Кәсіби бағдардағы мәтіндерді оқу техникасы және аудармасы (сөздікпен), мамандық бойынша бағытталған тақырыпта диалог құру, әңгіме құрастыру.



Білімдер: мемлекеттік және орыс тілдерін, кәсіби бағыттағы мәтінді оқуды және аудару (сөздікпен) үшін қажетті лексикалық және грамматикалық минимумдарды білуді.

Іскерліктер: кәсіптік лексиканы сауатты қолдануды, өзінің кәсіптік қызметінде қазақ және орыс тілдерінен алған білімдерін пайдалана алуды.

БҚ 1


ЖГП. 02

Кәсіби шетел тілі

Мамандық бойынша іскерлік тілдердің негіздері: кәсіби лексика, фразеологиялық тіркестер мен терминдер. Кәсіби бағыттағы мәтінді аудару (сөздікпен) техникасы. Кәсіби қарым-қатынас.



Білімдер: кәсіби қатынастар үшін қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалды.

Іскерліктер: кәсіби бағыттағы қатынасқа және мәтінді оқу, аудару (сөздікпен) үшін қажетті грамматикалық минимумдарды қолдануды.

БҚ1

ЖГП. 03

Дене тәрбиесі

Маманды дайындаудағы Дене тәрбиесідың ролі, оның салауатты өмір салтындағы маңызы. Дене тәрбиесідың әлеуметтік – биологиялық және психо-физиологиялық негіздері. Өзін-өзі жетілдірудің физикалық және спорттық негіздері: ақыл-ой және физикалық жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін дене тәрбиесінің құралдары.



Білімдер: салауатты өмір салтының негіздерін, ұйықтау тәртібін және физикалық жүктемені, дұрыс тамақтануды.

Іскерліктер: денсаулықты нығайту үшін, өмірлік және кәсіби табыстарға жету үшін Дене тәрбиесі-спорттық қызметті пайдалануды, және Дене тәрбиесіды өзіндік жетілдіруді.

БҚ 7

ЖГП. 04

Қазақстан тарихы

Қазақстан Республикасының қазіргі замандағы ролі мен алатын орны. Ежелгі Қазақстан. Аркаим-дүниежүзілік өркендеудің ошағы. ХVІІІ-ХІІ ерте орта ғасырлардың басындағы Қазақстан. Қазақстан тарихындағы Монғол кезеңі. Қазақ халықтарының білімі. Орта ХVІІІ-ХХ ғасырдағы Қазақстанның Ресейге қосылуының басы; Қазақ хандығының ХVІІІ ғасырдағы ішкі және сыртқы жағдайлары. Қазақстандағы қазақ халқы колониалдық патшалық қоршауға қарсы күресі. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс. Қазақстан ХХ –ші ғасырдың басында. Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. Ұлт-азаттық қозғалысы. Қазан төңкерілісі, азамат соғысы және шетелдік әскери инвервенция кезінде. Қазақстанға Совет үкіметінің орнауы. Қазақстандағы жаңа экономикалық саястаттың (ЖЭС) орнауы және оның ұйытқуы. Ұжымдастыру мен индустрияландыру.

Қазақстан тарихы - бүкіл әлемдік тарихтың бөлігі, Қазақстанның ежелгі тарихы. ХХ –ші ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Голощекиннің геноциді. «Кіші-Қазан» және оның салдары. Қазақстандағы шаруалар көтерілісі. Саяси репрессия. Казармалық социализм құрылысы. Соғысқа дейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Қазақстанның Ұлы отан соғысы кезіндегі фашизмді жеңу үшін қосқан үлесі. Соғыстан кейінгі кезең және халықтың әл-ауқатын көтеру. Елдің қоғамдық – саяси өмірі. Тың игеру. Республиканың интенсификациялық дамуы. Қазақстаннның (1969, 1979, 1986 ж.ж) саясатқа қарсы тұруы. Қоғамдық демокротияның басталуы. Тәуелсіздік пен Егемендіктің орнауы. Қазақстан Республикасының алғашқы конституциясы. Президенттік сайлаулар.


Білімдер: қазіргі замандағы Қазақстан Республикасының алатын орны мен ролін; қазақ халқының құрылуын; көшпелі өркениеттіліктің көрінуін; Ұлы жібек жолын және оның тарихи мағынасын; Қазақстанның Ресейдің құрамына енуін; XVII – XVIII ғ.ғ Тәуелсіздік үшін Жоңғар басып алушыларына қарсы ұлт-азаттық қозғалысн; XX ғ.ғ 20-80 жылдардағы қозғалыстарды және көтерілістерді; XX ғғ. 20-30 жылдардағы Қазақстан мәдениетін; Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайын; Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын; тамыз төңкерісін және оның құлауын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігін.

Іскерліктер: шағын тарихи-археологиялық баяндау құруды, картамен жұмысты; көшпелі мал шаруашылығы пайда болудың себептерін ашуды; бірінші мемлекеттік бірлестікті бейнелеуді;

қыстақтық саясаттың негізгі мақсаттарын анықтауды;

көтерілістердің тигізу себептеріне талдау жасауды; ЖЭСтың мәнін ашуды, коллективтентіруді; 20-30 жылдардағы этнодемографиялық жағдайды, жазалаулар мен қуғындауларды; қазақ диаспорасының пайда болу себептерін ашып көрсетуді; Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстанның ролін ашып көрсетуді.


БҚ 2

ӘЭП. 00

Әлеметтік-экономикалық пәндер

ӘЭП. 01

Мәдениеттану

Мәдениет түсінігі. Мәдениет және өркениет. Мәдениеттің формасы мен түрлері. Әлемнің негізгі тарихи мәдени орталықтары. Қазақстан аумағындағы мәдениеттер мен өркениет. Түрлі тарихи кезендердегі Қазақстанның тарихи мәдиниеті. Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның ғылымы мен мәдениеті. Діннің мазмұны және оның ролі. Дiннiң тегi және оның түрлері. Ислам мен христианның негізгі жағдайы.



Білімдер: түсінігін, мәдениеттің формасы мен атқаратын қызметін, негізгі дүниежүзілік өркениеті, әлемдік діндердін, Қазақстан халықтарының мәдениетін және олардың одан әрі даму болашағын.

Іскерліктер: мәдениет дамуының негізгі кезеңдерін қазіргі заманғы мәдиниет процестерімен салыстыруды.

БҚ 2


ӘЭП. 02

Философия негіздері

Философия және оның қоғамдағы ролі. Философияның тарихи түрлері. Болмыс. Материя. Диалектика оның альтернативасы. Қоғамдағы филисофиялық түсінік. Қоғам өздігінен дамитын жүйе. Адам болмысы философия мәселелері ретінде: жеке тұлға, бостандық және жауапкершілік. Сана сезім бұл шағылысу және қызмет, таным және шығармашылық. Философияның өнегелі мәселелері.



Білімдер: ғылыми түсінудің негізгі әдістерін; диалектика заңдары мен дәрежелерін; болмыстың түрлерін; сананың құрылымы мен қасиеттерін.

Іскерліктер: әлеуметтік және кәсіптік жағдайларды диалектиканың заңдары мен дәрежелері көзқарасында талдауды; арнайы пәндерді оқу кезінде және практикалық оқуда ғылыми таным әдістерін қолдануды; жаратылыстану ғылымдарын және арнай пәндерді оқыған кезде салыстырмалық теорияны қолдануды; өз тiршiлiк әрекетiнде әдеп пен болмыс ұғымдарын қолдануды.

БҚ 2

ӘЭП. 03

Саясаттану және әлеуметтану негіздері

Әлеуметтану түсінігі мен дәрежесінің негіздері. Әлеуметтік және этноұлттық қатынастар. Жеке тұлға субъектілерімен объектілердің қоғамдық қатынасы. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Әлеуметтік дау - жанжалдарды шешу механизмі. Саясаттанудың түсінігі мен дәрежесінің негіздері. Саясат және саяси билік. Саясат жүйесі. Мемлекет - саясат жүйесінің негізгі түйіні. Саяси партиялар және қозғалыс. Халықаралық сыртқы саяси қызмет және дүниелік саяси процес.



Білімдер: саясаттану мен әлеуметтанудың негізгі түсінігі мен дәрежесіні, саяси режимдерін, Қазақстандағы негізгі саяси партияларды және әлемдік қауымдастық; әлеуметтік дау-жанжалдардың себептерін.

Іскерліктер: қоғамдық қарым қатынастарды салыстыру мен талдаудың, олардың дамуына субъектік және объектік көзқарасында қарауды.

БҚ 2

ӘЭП. 04

Экономика негіздері

Қазақстан Республикасындағы экономикалық жағдай. Экономика және оның негізгі проблемалары. Микроэкономика. Ресурстар. Нарықтық бағаның құрылу механизмі. Бәсекелестік. Фирма қызметінің экономикалық негіздері. Монополияға қарсы реттеушілік. Халық табысы. Әлеуметтік-экономикалық проблемаларды реттеу. Макроэкономика. Ел экономикасының кұрылымы. Қаржы. Несие-ақша және салық жүйесі. Инфляциялық процестер. Жұмыссыздық. Экономикалық өсімнің жағдайлары. Қазақстан экономикасындағы микро және макроэкономикалық мәселелер. Еңбектегі халықаралық бөлу. Сауданың әлемдік нарығы, қызмет көрсетуі және валюта. Бизнес негіздері.



Білімдер: экономикалық теорияның жалпы ережелерін, Қазақстандағы экономикалық жағдайлардың негізгі кезеңдерін; елдің экономикалық құрылымын, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін реттеудің кезеңдерін.

Іскерліктер: аймақ пен ел масштабындағы ағымдағы әлеуметтік экономикалық жағдайларды бағалауды; саладағы экономикалық жағдайларды талдау үшін қажетті ақпараттарды іздеп табуды және пайдалануды.

БҚ 6

ӘЭП. 05

Құқық негіздері

Құқық: үғымы, жүйесі, қайнар көздері. Қазақстан Республикасының Конституциясы - құқық жүйесінің ядросы. Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы. Жеке тұлға, құқық, құқықтық мемлекет. Заң жауапкершілігі және оның түрлері. Негізгі құқық салалары. Қазақстан Республикасының сот жүйесі. Құқық қорғау органдары.



Білімдер: адамдар мен азаматтардың құқығы және бостандығын; кәсіптік қызмет шеңберінде құқықтық-этикалық және өнегелі нормаларды білуды.

Іскерліктер: маманның кәсіби қызметі регламентіндегі нормативтік-құқықтық құжаттарды пайдалануды.

БҚ 4

ЖКП. 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП. 01

Сызу

БЖҚҚ түсінігі, БЖҚҚ және МС талабына сай сызуларды графикалық безендіру. Сызудың пішіні мен бағыты. Масштабы. Көлемін ендіру. Бөлшектерді жобалаудың орындалуын қабылдау. Проекциялық сызу және техникалық суреттеу. Техникалық бөлшектерді жобалау. Сызу геометриясының негізі: нүкте және түзу, беттік және дене, аксонометриялық проекциялар; өзгеріс проекциясының амалы, геометриялық денелердің кескіні, жоғары геометриялық денелерді өзара кескіндеу. Сызу, геометриялық және жобамен сызудың негіздері. Сызуларды орындаудың жалпы ережелері, түрлері, кесігі, кескіні, бөлшектерді белгілеумен кескіндеу, эскизі, мамандық бойынша сызулар, нормативті техникалық құжаттар, машина графиктердің әдістері мен құралдары.



Білімдер:

конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесін (БЖҚҚ), сызулармен эскиздерді орындаудың дағдысы мен ережесін, проекциялық сызулар мен сызбалық геометрияның негізін.



Іскерліктер:

қазіргі кездегі компьютерлік кестелік әдістермен мамандық бойынша сызбаларды оқуды, орындауды және формаға келтіруді.



КҚ 3.9.5

КҚ 3.9.6


ЖКП. 02

Техникалық механика негіздері

Статика. Статиканың аксиомалары.

Күш. Күш жүйесі және байланыстар. Байланыс реакциялары. Күш жүйесіндегі жазық және кеңістіктік тепе-теңдік шарттары. Күш жұптары теориясы.

Жазық кескіннің ауырлық центрі.

Кинематика. Қозғалыстың кинематикалық сипаттамасы. Нүкте қозғалысының теңдеу. Әр түрлі қозғалыстағы үдеу, нүктенің күрделі байланысы.

Дене қозғалысының түрлері. Дененің күрделі қозғалысы туралы түсінік.

Динамика. Динамиканың негізгі міндеттері мен аксиомалары. Инерция күштері. Кинетостатика тәсілдері. Динамиканың жалпы теоремалары.

Ілгерлемелi және айналмалы қозғалыс кезіндегі жұмыс пен құатты анықтау. Пайдалы әрекет коэффициенті.

Материалдардың кедергісі. Сыртқы және ішкі күштер.

Қиылысудың геометриялық сипаттамалары. Қауырт және деформация. Күрделі қауыртылық жағдай. Беріктік гипотезалар.

Механизмдер мен машина тетіктерін анықтау және негізгі түсініктері. Машина тетіктерінің қосылуы.

Беріс түрлері. Бiлiктер, өстер. Сырғанау және домалау мойынтiректері. Жалғастырғыштар. Бұранды және буатты қосылыстар.



Білімдер: тепе-тендіктің, денелердің және нүктелердін қозғалысының жалпы заңдарын; ауырлық центр қиылысу жағдайын анықтауды; түрлі деформациялар кезіндегі беріктік шарттарын; орнықтылық түсінігі, сыртқы күш факторлары зардаптарын және қауыртылық жағдайларын; қозғалыс түрлерінің кинематикалық сипатаммалары; дененің ілгерлемелi және айналмалы қозғалысы кезіндегі жұмыс пен қуатты анықтауды; ПӘК; қолданысын, құрылысын, есептеу негіздерін және құрылымдауын; тетіктер мен механизмдерді қолдануды; беріктікке қатандыққа, орнықтылыққа негізгі есептеулерді; машина тетіктерінің негіздері, олардың қосылыстарын және берілістерін.

Іскерліктер: механиканың негізгі заңдарына есепті шығаруды; ішкі күш факторлары және қауырт эпюрлерін құру; қатаңдыққа, беріктікке есептеулерді жасауды; механизмдердің кинематикалық сызба-нұсқасын құрастыруды, құрылым ерекшеліктерін талдауды, геометриялық, кинематикалық және күштілік параметрлерін анықтауды.

КҚ 3.9.1

КҚ 3.9.6


ЖКП. 03

Электрониканың негіздері мен электротехника

Тұрақты және айнымалы тоқтын электр тізбектері. Электрмагнитизм, электр өлшемдері, тұрақты және айнымалы тоқтың электр машиналары. Трансформаторлар. Электр жетек негіздері. Электр энергиясын беру және бөлу. Электроника: электрониканың физикалық негіздері. Электронды аспаптар. Электронды генераторлар және өлшегіш аспаптары.



Білімдер: Ом заңын, Кирхгоф заңдарын, тұрақты және айнымалы тоқтарды анықтауды, тізбектердің негізгі элементін, трансформаторлардың құрылысын және қызмет принципін, тұрақты және айнымалы тоқтың машиналарын, өлшеуіш аспаптарын жіктеуді және қызмет принципін.

Іскерліктер: аспаптардың көрсеткішін алуды, электржабдықтарының принципті электр сызба-нұсқасын оқуды; Ом, Кирхгоф заңдарын пайдалана отырып тоқтың манызын есептеуді, кернеуін, кедергінің есептеуді.

КҚ 3.9.3

КҚ 3.9.4


ЖКП. 04

Металдар технологиясы және құрылымдық материалдар

Қара және түсті металдар. Металдардың құрылысы және кристаллизациялануы. Металдардың механикалық қасиеттерінің сынау және зерттеу әдістері. Құймалардың негізгі теориялары. Теміркөмірсулар құймалары. Түсті металдар және құймалар. Ұнтақ металургия және ұнтақ заттар өндірісі. Металдар мен құймалар коррозиясы және қорғау әдістері. Бейметалдар құрылым материалдары. Құю өндірісінің негіздері мен түрлері, қысым арқылы металдарды өндеу. Металдарды пісіру, кесу, дәнекерлеу.



Білімдер: металургиялық өндірістің технологиялық процестерін; құрылым материалдарының құрылысы мен қасиетін; материалдарды зерттеу әдістерін және сапаны бақылауды; құймалардың қасиеттері мен құрылысын, жіктілеуін, таңбалануын және түрлі құймалардың қолдану аймақтарын; коррозия түрлерін және қорғау әдістерін; металдарды суық және ыстық қысымда өндеудің технологиясын және металдарды қайта өндеу; пісірудің түрлерін; жабдықтарды кесуді және дәнекерлеуді.

Іскерліктер: өндірістің технологиялық сызба нұсқасын құруды; материал тандап алуды және берілген бөлшектер үшін жылу өндеудің параметрлерін білуді.

КҚ 3.9.1

КҚ 3.9.2


ЖКП. 05

Стандарттау негіздері, шақтамалар, қондырмалар және техникалық өлшемдері

Стандарттау негіздері, өнімнің сапа көрсеткіштері. Өзараалмасу туралы негізгі мағлұматтар. Шақтамалар және қондырмалар туралы негізгі түсініктер мен анықтамалар. Жазық цилиндрлі қосылыстардың шақтамалары мен қондырмалары. Домалақ тісті, және бұрамды берілістердің мойын тіректерінің шақтамалары мен қондырмалары. Кесу шақтамалары, бұрыштық өлшемдер және қонустық қосылыстар. Бөлшек формаларының дәлдігі. Беттің кедір бүдірлігі. Техникалық өлшемдер. Үзіндіктің сонғы өлшемдері. Штрихті аспаптар. Тетікті-механикалық және тетікті-оптикалық аспаптар.



Білімдер: кәсіптік саладағы стандарттаудың мақсаттарын, міндеттерін, принциптерін және атқаратын қызметерін, өнімнің сапа бағасы көрсеткіштерін, өндірістегі өлшеу құрылдары және бақылаудың әдістерін; шақтамалар және қондырмалар жүйесін; түрлердің ауысуын және беттерге орналасуын; беттердің кедір бүдірлігін; домалақты мойынтіріктердің шақтамаларын және қондырмаларын; бұрыштық өлшемдердің шақтамаларын және конустық қосылыстарды; бұрандалы, кілтекті және оймакілтекті қосылыстар, тісті және бұрамдық берілістерді; штангенаспаптардың және микрометриялық аспаптардың құрылымын білу.

Іскерліктер: стандарттарды қолдануды; берілістерді таңдай алуды, шақтамаларды қолдануды; өлшегіш құралдарын және аспаптарды дурыс пайдалана алуды.

КҚ 3.9.6

ЖКП. 06

Кесу мен өңдеу, метал кесу құралдары және білдектер

Металдарды кесу туралы негізгі түсініктер. Кескіш аспап және кесу тәртібі. Станоктардың негізгі түйіндері. Металкескіш станоктар туралы негізгі мағлұматтар. Жоңғыш топтары бұрғылау, кеулейжону, тіскесу, бұранда жону станоктарында өндеу. Металдарды сүргілеу және соққылау станоктарында өндеу. Металдарды ажарлау – ысқылау топтары станоктарында өндеу. Бағдарламалы басқару станоктарында өндеу.



Білімдер: металкескіш станоктарды жіктеуді; кесу аспабын, металкескіш станоктардың үлгідегі тетіктері мен механизмдерін; металкескіш станоктардың негізгі түрлерінің құрылысын және жұмыс принциптерін.

Іскерліктер: металкескіш станоктардың кинематикалық сызба – нұсқасын оқуды, станок түрін тандауды, кескіш аспапты, кесу тәртібін және тетікті өндеуге кететін уақытты анықтауды.

КҚ 3.9.2

ЖКП. 07

Жылутехника негіздері және жылутехникалық жабдықтар

Термодинамика, термодинамикалық процестер негіздері. Жылукүші қондырғылары. Жылу алмасу және жылу беру түрлері.

Отынның жану процесі негіздері, жану процесі балансын құру. Жылуалмасу аспаптарын жіктеу. Жылуалмасудың жұмыс принципі мен қолданылуы. Кептірудің теориялық негіздері.

Булану және кептіру қондырғыларының түрлері, қолданылуы және жұмыс принциптері. Күйдірудің теориялық негіздері. Материалдарды күйдіру үшін пештер. Қыш жартылай өнімдерін күйдіру үшін пештер. Жылутехникалық жабдықтардың жылу есептеу негіздері. Жылутехникалық жабдықтарды пайдалану.

Отын–энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану әдістері.


Білімдер:

термодинамика заңдарын, жылуалмасу түрлерін; құрылыс материалдары өндірісінің негізгі жылу техникалық жабдықтарын; оны пайдалану әдістерін.



Іскерліктер:

жану процесінің есптеулерін орындауды және балансын құруды;

жылутехникалық жабдықтардың жылу есебін жүргізуді.


КҚ 3.9.1

КҚ 3.9.4


ЖКП. 08

Гидравликалық және пневматикалық жетіктер

Гидравлика негіздері. Гидростатика және гидродинамика негіздері. Гидравликалық машиналар және сорғы қондырғылары. Гидравликалық құбырлар және гидрожетек. Пневможетектер туралы негізгі түсініктер. Пневможетектер және аспаптар. Пневможетектің жіктелуі, қолданысы жұмыс принциптері және пайдалану аймақтары. Пневможетіктердің принциптік сызба-нұсқасы.



Білімдер: гидростатика және гидродинамиканың негізгі басқармасын, сұйықтықтар қозғалысының тәртібін, сұйықтықтың саңылаулардаң ағып кету түсінігін және гидросоққыны, сору биіктігі түсінігін; беріс кестесін және индикатор диаграммасын; гидравликалық жетекті және гидроберіліс түсінігін; гидравликалық машиналардың әрекет принципі мен сипаттамасын, олардың қолданылуын, компрессордың жұмыс принципін, пневможетектердің түрлерін және олардың сызба-нұсқасын.

Іскерліктер: сұйықтық қозғалысынан тәртібі бойынша есептеулер жүргізуді; жүйенің кедергі жиынтығын анықтауды; индикатор диаграммасын пайдалануды және сору биіктігін анықтауды; сорғы және компрессорлар жұмысының күшін анықтауды.

КҚ 3.9.1

ЖКП. 09

Тұтқыр және сусымалы материалдар технологиясының негіздері

Тұтқыр және сусымалы материалдар өндірісінде қолданылатын негізгі шикізат материалдары. Минералды тұтқыр және сусымалы материалдарды жіктеу. Гипсті тұтқыр материалдар. Магнезиалды тұтқыр заттар. Құрылыс әкі. Портланд цемент және оны алу үшін алғашқы материалдар. Портландцемент клинкер өндірісінің технологиясы. Портландцемент алу және оның қасиеті. Талшықтас жөніндегі туралы жалпы мағлұматтар және талшықтасцемент бұйымдары өндірісі.



Білімдер: тұтқыр және сусымалы материалдар өндірісіндегі шикізат және шикізат қоспаларын; клинкер өндіру технологиясын, цемент алуды, цемент қасиетін; талшықтасцемент массасын дайындау технологиясын.

Іскерліктер: тұтқыр және сусымалы материалдар өндірісіндегі принциптік технологиялық сызба-нұсқаны оқуды, шикізат пен дайын өнімге сипаттама беруді.

КҚ 3.1.3

КҚ 3.1.4




ЖКП. 10

Жүк көтеру және тасымалдау құрылғылары

Жүккөтеру машиналарының элементтері. Жүккөтеру машинасының құрылысы және жұмыс принциптері. Үздіксіз тасымалдау машиналары. Жүктерді жүйелі әперу үшін тасымалдаушы машиналар. Пневматикалық және гидравликалық көлік. Тиеу-жүк түсіру машиналары. Беріктікке есептеулер.



Білімдер: жүккөтеруші және тасымалдау машиналарының құрылысын, құрылымын және жұмыс принципін; жүккөтеру машиналарының құрылым элементтерін; көтеру-тасымалдау машиналарының негізгі есептеулерін.

Іскерліктер: жүккөтеру тасымалдау машиналарының кинематикалық сызба-нұсқасын оқуды; жүккөтеру және тасымалдау машиналарының негізгі есептеулерін жүргізуді.

КҚ 3.9.1


ЖКП. 11

Қолданбалы информатика

Файлдармен жұмыс. Графика. Жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша міндеттерді шешу үшін, курстық жұмыстарды орындау және дипломдық жобалау үшін бағдарламаны қолдану.



Білімдер: технологтялық есептер шығару үшін қолданбалы бағдарламамен қамтамасыз етуді, сызбалар мен сызба-нұсқаларды құруды.

Іскерліктер: үлгідегі технологиялық және техникалық есептеулерді жүргізуді, компьютерде сызбаларды жасауды.

БҚ 3

КҚ 3.9.5


КҚ 3.9.10


ЖКП. 12

Менеджмент негіздері

Әртүрлі ұйымдық –құқықтық формалардағы ұйымдар мен басқарудың мақсаты және міндеттері. Менеджмент негіздерітің қызметі. Ішкі және сыртқы ұйым ортасы. Еңбектің мотивация жүйесі.

Іскерлік араласу этикасы. Менеджмент негіздерінің психологиясы.


Білімдер: ұжымдағы іскерлік қатынастардың принципін, коллективтегі жұмысты ұйымдастыру негіздерін, атқарушыларды, кәсіпшілік қызметтер саласындағы Менеджмент негіздерің ерекшеліктерін.

Іскерліктер: ұжымда іскерлік және тұлға аралық қатынастарға баға беруді.

БҚ 4

БҚ 10


КҚ 3.9.8

АП. 00

Арнайы пәндер

АП. 01

Еңбекті қорғау және өндірістік экология негіздері

Еңбекті қорғау бойынша ҚР негізгі заңдылықтары. Қауіпсіздік техникасы бойынша қызметкермен жұмысты ұйымдастыру. Қызметкердің құқығы мен міндеттері. Жазатайым жағдайларды талдау. Өндіріс алаңдары мен жұмыс орындарындағы, жабдықтарға, аспаптарға, еңбек қауіпсіздігі бойынша талаптар. Адамға зиянды факторлардың әсері. Қауіпті техникалық жүйелер мен технологиялық процестерден қоғану әдістері мен тәсілдері. Кәсіби қызметте қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етудің ерекшеліктері. ҚР экологиялық кодексі. Атмосферадағы қалдықтарды тазарту туралы негізгі мағлұматтар. Шаң-тозаң тұту жабдықтарын жіктеу. Техникалық сипаттамасы, жұмыс принципі және қолдану аймағы. Ақаба суларды тазарту туралы жалпы мағлұматтар. Ақаба суларды жіктеу. Шудан қорғану жәнеоны азайту бойынша шаралар. Өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану туралы түсінік. Экологиялық қауіпсіз технологияларды құрудың жалпы бағыттары. Кәсіпорында табиғатты қорғау қызметін ұйымдастыру.



Білімдер: еңбек қауіпсіздігі бойынша нормативті-техникалық құжаттамаларды, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігін; уландырғыш заттардың адам ағзасына әсерін және қасиетін, химиялық заттардың шекті мүмкімдік концентрациясын, зиянды өндірістік факторлардың ШРД; жеке қорғану құралдарын, оларды таратудың шарттары мен тәртібін; электрқондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын; технологиялық жабдықтарға жөндеу жұмыстарын жүргізу мен пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын; өрт қауіпсіздігі ережелерін; ҚР табиғатты қорғаудың негізгі құжаттарын; өндірістік экологияның негіздерін.

Іскерліктер: жеке қорғану құралдарын қолдануды; зардап шеккен адамға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетуді; ЕҚСЖ талдауды, учаскелерде ҚТ бойынша нұсқауларды жүргізу жұмысын ұйымдастыруды; қауіпсіздік жұмыстары, жарақатты ескерту бойынша техникалық шаралар жүргізу мен ұйымдастыруды; жұмыс орындарындағы зиянды өндірістік факторлардың деңгейін бақылауды жүргізуді; жабдықтарды пайдалану мен жөндеу жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын орындауды; өрт сөндіру құралдарын пайдалануды; нормативті-техникалық құжаттармен жұмыс істеуді.

БҚ 8

КҚ 3.9.7


АП. 02

Технологиялық процестерді автоматтандыру

Өлшеу және бақылау құралдары техникасының негіздері. Технологиялық процестерді реттеудің негіздері. Технологиялық простерді басқарудағы есептеу техникасы. Технологиялық процестерді басқарудың автоматты жүйелері (ТПБАЖ).

Тұтқыр және сусымалы материалдар өндірісіндегі автоматтандыру процестері.


Білімдер: бақылаудың автоматтық жабдықтарының құрылғысын, реттеу, қорғау және тоқтатуды, жеке аспаптардың және жалпы процестердің автоматтандырылған сызба-нұсқасын.

Іскерліктер: аспапты, технологиялық сызба-нусқа учаскесін немесе жалпы сызба-нұсқаны автоматтандыруды, аспаптардың көрсіткіштерін алуды және ақпарат анықтығын бағалауды.

КҚ 3.9.3


АП. 03

Электржабдықтар

Электржетек теориясы негіздері. Электрожетек механикасы. Электрқозғалтқыш қуатының есебі. Басқару аппаратурасы және электржетек қорғаныстары. Автоматты басқару және қорғау әдістері. Қыш өндірісі кәсіпорындарының электржабдықтары. Жалпы өндірістік механизмдердің электржабдықтары. Көлік -көтеру машинасы мен механизмдердің электржабдықтары. Сорғылардың, компрессорлардың және желдеткіш қондырғыларының электржабдықтары. Ағынды-тасымалдау жүйесінің электржабдықтары. Химия өндірісінің негізгі механизмдерінің электржабдықтары. Химия өндірісі механизмдерінің жалпы сипаттамасы және электржабдықтардың жұмыс жағдайлары. Бұрамдық машина электржабдықтары. Білік машинасы электржабдықтары.



Білімдер: электржетек түрлерін; қозғалтқыштардың құрылым ерекшіліктерін; қосудың негізгі сызба-нұсқалары және жұмыс тәртібін; электрқозғалтқыштардың электрмеханикалық сипаттамасын; тиристор жиiлiк түрлендiргiшiнің жұмыс принципін; асинхрондық вентилдi каскад, релелдiк-түйiскен және түйсіксіз аппараттарды басқаруды және қорғауды; электржабдықтау жүйелерін және оларға қойылатын талаптарын.

Іскерліктер: тұтқыр және сусымалы материалдар өндірісінің механизімдерін электржетектермен басқарудың релелі-түйіспелі сызбаларын оқуды;

механизімдерге сәйкес электржабдықтарды каталог бойынша таңдап алуды; осы қондырғыларды басқарудың электрлік сызба-нұсқасын құруды; құбырқалыптау машинасы үшін электржабдықтар таңдап алуды.



КҚ 3.9.1

КҚ 3.9.4



АП. 04

Түтқыр және сусымалы материалдар өндірісінің механикалық жабдақтары

Таулы цехтарды жабдықтау. Шикізат цехтарын жабдықтау. Күйдіру цехтарын жабдықтау. Клинкер ұнтақтау цехтарын жабдықтау. Әк және гипс өндірісі үшін жабдықтар. Шаң тұтқыш жабдықтары. Талшықтасцемент өндірісі үшін жабдықтар.



Білімдер: тау, шикізат цехтарының, клинкерді күйдіру, үгіту цехтарының, әк пен гипс өндірісінің, талшықтасцемент өндірісінің негізгі және қосымша жабдықтарының түрлерін, қолданысын, құрылысын және қызмет принципін.

Іскерліктер: тау, шикізат цехтарының, клинкерді күйдіру, үгіту цехтарының, әк пен гипс өндірісінің, талшықтасцемент өндірісінің негізгі және қосымша жабдықтарының кинематикалық сызбасы мен сұлбасын оқуды.

КҚ 3.9.1

КҚ 3.9.10




АП. 05

Тұтқыр және сусымалы материалдар өндірісінің жабдықтарын пайдалану, жөндеу және құрастыру

Машина беріктігі және теротехнология. Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыру мен жүргізу. Жабдықтар тетіктерінің жоғарғы тозу тұрақтылығы әдістері. Тұтқыр және сұсымалы материалдар өндірісі үшін жабдықтарды пайдалану. Таулы, шикізат цехтары, клинкер ұнтақтау, талшықтасцемент өндірісі, әк және известь өндірісі жабдықтардың тетіктері мен түйіндерін жөндеу. Жабдықтарды майлау. Шаңтұту үшін жабдықтарды пайдалану және жөндеу. Тұтқыр және сусымалы материалдар өндірісі жабдықтары монтаждау.



Білімдер: бұзылу мен тозудың түрлерін, олардың пайда болу жағдайлары мен сипаттамаларын; тетіктердегі ақаулардың пайда болу әдістерін, олардың мәнін; машиналар тетіктерінің тозуға төзімділігін арттыру мен қалпына келтірудің әдіс тәсілдерін, олардың мәнін, қолданылатын жабдықтарды; техникалық қызмет көрсету мен техниканы жөндеу жүйелерінің терминологиясын және анықтамасын; техникалық пайдалану ережелерінің негізгі жағдайларын; ТҚК ұйымдастырудың негізгі принциптерін; ТҚК ұйымдастыру мен жұргізу бойынша пайдалану, кезекші және жөндеуші қызыметкердің міндеттерін; жөндеу жұмыстарының түрлерін білуді; жөндеу құжаттамаларының түрлерін; оны толтырудың ережесі мен талаптарын; жабдықтардың жұмысының өлшемдері мен тиімділікті бағалауды; механикалық жабдықтардың тетіктері мен түйіндерін жөндеу бойынша негізгі жұмыстарды; тұтқыр және сусымалы материалдар өндірісі бойынша кәсіпорынның жабдықтарын пайдалану, жөндеу, реттеу және жинақтау ерекшеліктерін; жабдықтарды пайдалану кезінде қолданылатын майлау материалдары мен майлау жүйесін; жабдықтардың жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды; жабдықтардың сенімділігін; механикалық жабдықтарды пайдалану туралы жалпы түсініктер мен ережелерді; жабдықтарды пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жинақтаудың технологиясын; жабдықтарға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті жөндеу құжаттамаларын; жабдықтарды майлау үшін құрылғыларды және жүйенің құрылымы мен қызмет принципін.

Іскерліктер: бұзылу мен тозудың түрлерін анықтауды, олардың пайда болу себептерін табуды; аспапсыз әдіспен тетіктердегі ақауларды табуды; белгіленген жағдайлар бойынша тетіктердің тозуға төзімділігі мен қалпына келтіруді арттыру әдістерін белгілеуді; практикалық қызметте терминдерді, анықтамаларды, шартты белгілерді пайдалана алуды; техникалық пайдалану ережелерін сақтауды; ауысымды қабылдап алу мен тапсыру жорналын, агрегат жорналын толтыруды; жөндеу құжаттамаларын құруды; техникалық диагностика жүргізуді; жоспарлы-ескертпелі жөндеу жұмыстары туралы ереже негізінде жабдықтарға жөндеу, жинақтау жүргізуді, жөндеу құжаттарын құруды.

КҚ 3.9.2

КҚ 3.9.6


КҚ 3.9.9


АП. 06

Кәсіпорын саласының экономикасы

Кәсіпорынды ұйымдастыру түрлері, олардың ұйымдастырушылық және өндірістік құрылымдары. Өндіріс түрлері; олардың сипаттамасы. Негізгі өндірістік және технологиялық процестер. Негізгі және айналмалы қаражаты. Еңбек ресурстары. Ұйымдастыру, нормалау және еңбек төлемақы. Өнімнің өзіндікқұны. Бағаның құрылуы. Ұйымның тиімді қызметін бағалау. Өнімнің сапасы мен бәсікегеқабілеттілігі.



Білімдер: кәсіпорын қызметің тиімді ұйымдастыруды, жабдықтар жұмысы процестерінің экономикалық мәнің, жөңдеу-жинастыру жұмыстарын ұйымдастыру әдістерін; жұмыстың ұйымдастырылуын және кәсіпорын құрылысын, жұмыс істеп жатқан өндірістің жағдайындағы кәсіпорындағы түрлі кәсіптердің жұмысын, еңбекті ұйымдастыруды; өнімге бағаның құрылу механизімін және қазіргі жағдайдағы еңбек төлемақы түрлерін.

Іскерліктер: жабдықтардың жұмысының негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін есептуді, жабдықтардың тиімді жұмысын бағалауды және оның кәсіпорын жұмысының нәтижесіне әсерін; еңбек өнімділігінің берілген әдіс бойынша есептеу; еңбекақыны; өзіндікқұнды және өнімнің бағасын; ұйым әрекетінің тиімділігін бағалай білуді.

БҚ 6

КҚ 3.9.9



ӨО және КП

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика

ӨО. 00

Өндірістік оқыту

ӨО. 01

Слесарлық практикасы

Слесарлық жұмыстарды ұйымдастыру. Технологиялық жабдықтарды пайдалану үшін қажетті слесарлық аспаптардың тізімін оқып білу. Тетік арматурасы: құрылысы, пайдалану ережесі, ақауларын анықтау. Слесарлық-құрастыру жұмыстары: ажырамайтын қосылыстарды құрастыру; ажырайтын қосылыстарды бөлшектеу мен құрастыру. Техникалық қызмет көрсету мен негізгі және қосымша жабдықтарды жөндеу кезіндегі слесарлық жұмыстар. Қыш өндірісінің жабдықтары: қолданысы жіктелуі, құрылысы, қызмет принципі, пайдалану ережесі, кездесетін ақаулар, олардың болу себептері мен жою әдістері. Жабдықтарды пайдалану қасиеті: түсінігі, сапасы, беріктігі жұмысқа қабілеттілігі, жөндеуге жарамдығы.



Іскерліктер: слесарлық жұмысты орындау үшін аспаптар мен жабдықтарды пайдалануды; белгілеуді; металды шабуды, түзетуді, июды, металды кесуді, металды егеулеуді, тетіктерді бұрғылауды және тетіктердегі бұранданы қиюды; тетіктер мен механизмдерді өңдеудің оптималды режімін қолдануды.

Дағдылар: технологиялық аппараттар, технологиялық процестер, тетік арматурасы, коммуникацияға қызмет көрсету кезіндегі қажетті слесарлық және слесарлық-жөңдеу жұмыстарын орындауда; Слесарлық өлшеу аспаптарын қолдануда.

КҚ 3.9.11

ӨО. 02

Механикалық практикасы

Жонғыш топтары станоктарында бөлшектерді өңдеуге оқыту: сыртқы цилиндрлі және шеткі беттерді өңдеу; бунақтарды жону және кесу; кеулейжону, ажарлау, сүргілеу, жонғылау. Бағдарламалық басқару арқылы білдектерде жұмыс істеу.



Іскерліктер: білдектерге тетіктерді орнықтыруды және бекітуді; кескіш аспаптар мен жонғылағыштарды орнықтыру мен бекітуді; білдектердің басқару органдарын пайдалануды; тетіктерді өлшеу әдістерін қолдануды; білдектерге баптау жүргізуді; кесу аспабына таңдау жүргізуді; металлкескіш білдектерде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау мен өндірістік санитарияны.

Дағдылар: металлкескіш білдектерде тетіктерді дайындауда және өңдеуде; кескіш аспаптарына қайрау жүргізуде.

КҚ 3.9.11

ӨО. 03

Танысу практикасы

Кәсіпорынның жұмыс тәртібі. Кәсіпорынның негізгі және қосымша цехтары, олардың тағайындалуы және технологиялық процесс. Негізгі цехтардың шикізаттары мен өнімдерінің сипаттамасы. Кәсіпорындағы негізгі қауіпті және зиянды факторлар. Кәсіпорынның технологиялық тізбегі (цехтардың өзара байланысы).



Іскерліктер: өндіріс пен цех орындарында қауіпсіз қозғалыс және жұмыс істеуді; жалпы кәсіптік және арнайы пәндерден алған білімдерін колдануды; технологиялық процесті талдауды; техникалық құжаттамалармен жұмысты; өндірістің цехтары арасындағы байланыстарды анықтауды.

Дағдылар: кәсіпорын және цех орындарында қауіпсіз тәртіпті, кәсіпорында қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауда, технологиялық процестің негізгі қауіпсіз ережесін еңгізуде, цехтің құжаттамаларын жүргізгендегі алғашқы дағдыны қалыптастыруда.

КҚ 3.9.1

КҚ 3.9.2


КҚ 3.9.6


КП. 00

Кәсіптік практика

КП. 01

Алғашқы кәсіптік дағдылар қалыптастыру практикасы

Жөндеуді, сынауды және өндірістік жабдықтарды қабылдаудың технологиясын оқып білу.Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесі. Жабдықтарды жөндеуге дайындау. Жабдықтарды пайдалану тәртібі мен ережесі. Жабдықтарды құрастырудың тәртібі мен ережесі. Құрастыру кезінде қолданылатын аспаптар мен құрылымдар. Өндірістік жабдықтарды реттеу. Өндірістік жабдықтардың тетіктерін, түйіндерін және механизмдерін жөндеу. Мойынтірек түйіні тетіктерін жөндеу. Шкивтер мен тежеуіштерді,жалғастырғыштарды жөндеу; тісті, бұрамдық, шынжырлы және белдікті беріліс тетіктерін жөндеу. Қозғалыстың механизмдерінің тетіктерін жөндеу. Базалық тетіктерді жөндеу. Пневмо және гидрожетек тетіктері мен түйіндерін жөндеу. Өндірістік жабдықтардың монтажы.



Іскерліктер: жай механизімдер мен машиналардың техникалық қызмет көрсетуін іске асыруды, ауысымды қабылдау мен тапсыру жорналын толтыруды, жабдықтарды жөндеуге дайындауды, жабдықтардың тетіктері мен механизімдеріне бөлшектеуді жүргізуді,жабдықтардың жылжымайтын қосылыстар механизімдерін бөлшектеу кезіндегі аспаптар мен құрылғыларды пайдалануды, жөндеудің әдістері мен тозған тетіктерді қалпына келтіру тәсілдерін, жабдықтардың жөнделген тетіктері мен механизімдеріне құрастыру жүргізуді, жөнделген және бапталған жабдықтарға жаттықтырулар жүргізуді.

Дағдылар: бригададағы жұмыстарда, жабдықтарды ағымдағы жөндеуге дайындауда, жабдықтардың механизімдерін, түйіндерін бөлшектеуде; пневмо- және гидрожетек тетіктері мен түйіндерін жөндеу бойынша, жөнделген жабдықтардың механизімдері мен түйіндерін бөлшектеу бойынша жұмыстарды орындауда; жай машиналарды жинақтауда.

БҚ1-10

КҚ 3.9.1-3.9.7

КҚ 3.9.11


КП. 02

Өндірістік технологиялық практикасы

Цехтағы (бөлімшелелердегі) технологиялық процестерді оқып білу, орта буын маманының дублеры есебінде жұмыс істеу.



Іскерліктер: жабдықтардың техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеу бойынша шебердің (шебердің көмекшісі), учаске механигінің міндеттерін орындауды.

Дағдылар: механизімдер мен машиналардың сызбсын оқуда, жабдықтарға жай жөндеу жүргізуде, жабдықтарға технологиялық бақылау мен жөндеуді ұйымдастыруда, жөндеудің құжаттарын енгізу мен рәсімдеуде, жабдықтарды жөндеу мен тексеру кестелерін құруда.

БҚ1-10

КҚ 3.9.1-3.9.11



КП. 03

Диплом алды практикасы, сонын ішінде дипломдық жобаны орындау

Дипломдық жобаны орындау үшін ақпарат жинау, орта буын маманы бойынша жұмыс орнында тәжірибеден өту.



Іскерліктер: цехтың линейлік жетекшісінің міндеттерін орындауды; нормативтік- техникалық құжаттамалармен жұмысты; талдау нәтижелерін рәсімдеуді; іскерлік құжаттамаларды; жоспарлау құжаттамасында хабарлар болуды; еңбек төлем ақысына есептеу жүргізуді; цехтың шығындар сметасын талдауды.

Дағдылар: линиядағы жетекшінің; өндірістік учаске ұжымының жұмыстарын ұйымдастыруда және нормативті-техникалық құжаттамалармен жұмыста.

БҚ1-10

КҚ 39.1-3.9.11



жүктеу 1,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау