Үлгілік оқу жоспары



жүктеу 1,82 Mb.
бет5/7
Дата29.05.2018
өлшемі1,82 Mb.
#18278
1   2   3   4   5   6   7


Ескерту: ЖБП– Жалпы білім беретін пәндер; ЖГП– Жалпы гуманитарлық пәндер; ӘЭП - Әлеуметтік-экономикалық пәндер; ЖКП – Жалпы кәсіптік пәндер; АП – арнайы пәндер; БҰАП – жұмыс берушілердің талаптары бойынша білім беру ұйымдары анықтайтын пәндер; ӨО – өндірістік оқыту; КП – кәсіптік практика; АА – аралық аттестаттау; ҚА – қорытынды аттестаттау; КДДБ – кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілік беру; К – консультация; Ф – факультативтік сабақтар.

*Семестр бойынша бөлу оқыту формасына, мамандықтың өзгешелігіне, аймақтық ерекшеліктеріне және тағы басқаларға байланысты өзгертіледі.

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2013 жылғы «____»___________

№_____ бұйрығына 157-қосымша




0815000 Тұтқыр және сусымалы материалдарды химиялық өңдіретін машиналар мен жабдықтарды пайдалану мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік білім беретін оқу бағдарламалары

Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (жоғары деңгей)




Циклдің белгіленуі

Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері

Қалыптасатын білім, іскерліктер мен дағдылар

Қалыптасатын құзырет коды

ЖБП. 00

Жалпы білім беретін пәндер

ЖГП. 00

Жалпы гуманитарлық пәндер

ЖГП. 01

Кәсіби қазақ (орыс) тілі

Кәсіби тілдің рөлі. Мамандық бойынша терминология. Кәсіби бағдардағы мәтіндердің оқу техникасы және аудармасы (сөздікпен). Мамандық бойынша бағытталған тақырыпқа диалог құру, әңгіме құрастыру.



Білімдер: мемлекеттік, орыс тілдерін, кәсіби бағыттағы мәтінді оқуды және аудару (сөздікпен) үшін қажетті лексикалық және грамматикалық минимумдарды білу.

Іскерліктер: кәсіптік лексиканы сауатты қолдануды, өзінің кәсіптік қызметінде қазақ, орыс тілдерінен алған білімдерін пайдалана алуды.

БҚ 1

ЖГП. 02

Кәсіби шетел тілі

Мамандық бойынша іскерлік тілдердің негіздері: кәсіби лексика, фразеологиялық тіркестер және терминдер.



Кәсіби бағыттағы мәтінді аудару (сөздікпен) техникасы. Кәсіби қарым-қатынас.

Білімдер: кәсіби қатынастар үшін мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалды.

Іскерліктер: кәсіби бағыттағы қатынасқа және мәтінді оқу, аудару (сөздікпен) үшін қажетті грамматикалық минимумдарды қолдануды.

БҚ 1

ЖГП. 03

Қазақстан тарихы

Қазақстан Республикасының қазіргі замандағы ролі мен алатын орны. Ежелгі Қазақстан. Аркаим-дүниежүзілік өркендеудің ошағы. ХVІІІ-ХІІ ерте орта ғасырлардың басындағы Қазақстан. Қазақстан тарихындағы Монғол кезеңі. Қазақ халықтарының білімі. Орта ХVІІІ-ХХ ғасырдағы Қазақстанның Ресейге қосылуының басы; Қазақ хандығының ХVІІІ ғасырдағы ішкі және сыртқы жағдайлары. Қазақстандағы қазақ халқы колониалдық патшалық қоршауға қарсы күресі. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы ұлт-азаттық көтеріліс. Қазақстан ХХ –ші ғасырдың басында. Бірінші дүние жүзілік соғыс және Қазақстан. Ұлт-азаттық қозғалысы. Қазан төңкерілісі, азамат соғысы және шетелдік әскери инвервенция кезінде. Қазақстанға Совет үкіметінің орнауы. Қазақстандағы жаңа экономикалық саястаттың (ЖЭС) орнауы және оның ұйытқуы. Ұжымдастыру мен индустрияландыру.

Қазақстан тарихы - бүкіл әлемдік тарихтың бөлігі, Қазақстанның ежелгі тарихы. ХХ –ші ғасырдың басындағы Қазақстан мәдениеті. Голощекиннің геноциді. «Кіші-Қазан» және оның салдары. Қазақстандағы шаруалар көтерілісі. Саяси репрессия. Казармалық социализм құрылысы. Соғысқа дейінгі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Қазақстанның Ұлы отан соғысы кезіндегі фашизмді жеңу үшін қосқан үлесі. Соғыстан кейінгі кезең және халықтың әл- ауқатын көтеру. Елдің қоғамдық – саяси өмірі. Тың игеру. Республиканың интенсификациялық дамуы. Қазақстаннның (1969, 1979, 1986 ж.ж) саясатқа қарсы тұруы. Қоғамдық демокротияның басталуы. Тәуелсіздік пен Егемендіктің орнауы. Қазақстан Республикасының алғашқы конституциясы. Президенттік сайлаулар.


Білімдер: қазіргі замандағы Қазақстан Республикасының алатын орны мен ролін; қазақ халқының құрылуын; көшпелі өркениеттіліктің көрінуін; Ұлы жібек жолын және оның тарихи мағынасын; Қазақстанның Ресейдің құрамына енуін; XVII – XVIII ғ.ғ Тәуелсіздік үшін Жоңғар басып алушыларына қарсы ұлт-азаттық қозғалысн; XX ғ.ғ 20-80 жылдардағы қозғалыстарды және көтерілістерді; XX ғғ. 20-30 жылдардағы Қазақстан мәдениетін; Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайын; Алматыдағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын; тамыз төңкерісін және оның құлауын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігін.

Іскерліктер: шағын тарихи-археологиялық баяндау құруды, картамен жұмысты; көшпелі мал шаруашылығы пайда болудың себептерін ашуды; бірінші мемлекеттік бірлестікті бейнелеуді; қыстақтық саясаттың негізгі мақсаттарын анықтауды; көтерілістердің тигізу себептеріне талдау жасауды; ЖЭСтың мәнін ашуды, коллективтентіруді; 20-30 жылдардағы этнодемографиялық жағдайды, жазалаулар мен қуғындауларды; қазақ диаспорасының пайда болу себептерін ашып көрсетуді; Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі кезеңдегі Қазақстанның ролін ашып көрсетуді.

БҚ 2

ЖГП. 04

Дене тәрбиесі

Маманды дайындаудағы Дене тәрбиесідың ролі, оның салауатты өмір салтындағы маңызы. Дене тәрбиесідың әлеуметтік – биологиялық және психофизиологиялық негіздері. Өзін-өзі жетілдірудің физикалық және спорттық негіздері: ақыл-ой және физикалық жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ететін дене тәрбиесінің құралдары.



Білімдер:

салауатты өмір салтының негіздерін, ұйықтау тәртібін және физикалық жүктемені, дұрыс тамақтануды.



Іскерліктер: денсаулықты нығайту үшін, өмірлік және кәсіби табыстарға жету үшін Дене тәрбиесі-спорттық қызметті пайдалануды, және Дене тәрбиесіды өзіндік жетілдіруді.

БҚ 7

ЖКП. 00

Жалпы кәсіптік пәндер

ЖКП. 01

Сызу

БЖҚҚ, МС түсінігі. БЖҚҚ талабына сай сызуларды графикалық безендіру. Сызудың пішіні мен бағыты. Сызудағы жазуларды оқу. Масштабы. Көлемін ендіру. Бөлшектерді жобалаудың орындалуын қабылдау. Проекциялық сызу және техникалық суреттеу. Техникалық бөлшектерді жобалау. Сызу геометриясының негізі: нүкте және түзу, беттік және дене, аксонометриялық проекциялар; өзгеріс проекциясының амалы, геометриялық денелердің кескіні, жоғары геометриялық денелерді өзара кескіндеу. Сызу, геометриялық және жобамен сызудың негіздері. Сызуларды орындаудың жалпы ережелері, түрлері, кесігі, кескіні, бөлшектерді белгілеумен кескіндеу, эскизі, мамандық бойынша сызулар, нормативті техникалық құжаттар, машина графиктердің әдістері мен құралдары.



Білімдер: конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесін (БЖҚҚ), сызулармен эскиздерді орындаудың ережесі мен әдістерін, проекциялық сызулар мен сызбалық геометрияның негізін.

Іскерліктер: мамандық бойынша сызбаларды оқуды, орындауды және рәсімдеуді, соның ішінде компьютерлік графиканы.

КҚ 2.1.4 - 2.8.4


ЖКП. 02

Техникалық механика негіздері

Статика. Статика аксиомалары.

Күш жөнінде түсінік. Күшті анықтайтын элементтер. Күштің шамасын өлшеу. Күш жүйесі.

Ауырлық центрі. Ауырлық центр қималарының ережесі. Қиманың геометриялық сипаттамасы. Тепе-теңдік орнықтылығы.

Күш моменті. Ортадан тепкіш және ортадан тартқыш күштер.

Материалдар кедергісі. Деформациялану жағдайының түрлері: созылу (сығылу), қозғалту, ширату, иілу, күрделі деформация.

Беріктігіне есептеу, қаттылығы және орнықтылығы.

Динамика және кинематика элементтері. Нүкте қозғалысы түрлері. Жай дене қозғалысы. Ілгермелі және айналмалы қозғалыстың кинематикалық сипаттамасы.

Жұмыс және күш. Пайдалы әрекет коэффициенті.

Үйкеліс. Үйкелістің техникадағы ролі.

Аксиомалар және динамика заңдары. Механизімдер мен машинаның тетіктері. Жай механизімдерді техникада қолдану.

Беріліс түрлері. Беріліс қатынасы.

Қозғалыстың қайта жаңару механизімдері: қосиінді-бұлғақ механизімі, бағдартқыш механизімі; олардың құрылысы мен қолданысы.


Білімдер:

тепе-теңдіктің жалпы заңдылықтарын, дене қозғалысы мен нүкте қозғалысын; беріктікке есептеулер негізін; қатаңдықты, орнықтылықты; дененің айналмалы қозғалысы кезінде жолдың түзу бөлігіндегі жұмыс пен қуатты анықтауды; механизімдер ПӘК-ін, машина тетіктері негіздерін, олардың қосылысы мен берілісін; жай механизімдерді.



Іскерліктер: кәсіптік тапсырмаларды шешуде механика заңдылықтарын қолдануды, механизмдердің кинематикалық сызба нұсқаларын құруды және оқуды, олардың құрылым ерекшеліктерін талдауды.

КҚ 2.1.3 - 2.8.3


ЖКП. 03

Электрониканың негіздерімен электротехника

Тұрақты және айналмалы тоқтың электр тізбектері. Электрмагнетизм, электрлік өлшемдер, тұрақты және айналмалы тоқтарының электрлік машиналары. Трансформаторлар. Электржетек негіздері. Электр энергияларын беру және тарату. Электроника: электрониканың физикалық негіздері. Электронды аспаптар. Электронды генераторлар және өлшеу аспаптары.



Білімдер: Ом заңын, Кирхгоф заңын, тұрақты және айналмалы тоқтарды анықтауды, негізгі тізбек элементтерін, трансформаторлардың, тұрақты және айналмалы тоқтың машиналарының құрылысын және әрекет принципін; өлшеу аспаптарының жіктелуін және әрекет принципін.

Іскерліктер: аспаптардың көрсеткішін алуды, электржабдықтарының принциптік электр сызбаларын оқуды; Ом, Кирхгоф заңдарын пайдалана отырып тоқтың, кернеудін, кедіргінің манызды есептеулерін жүргізуді.

КҚ 2.1.3 - 2.8.3


ЖКП. 04

Стандарттау, метрология және өнім сапасын басқару негіздері

Метрология, стандарттау және сертификация құралдары мен объектілері. Метрология: негізгі түсінігі мен анықтаулары; бірыңғай өлшеммен қамтамасыз етілетін метрологиялық қызметтер, мемлекеттік метрологиялық бақылау мен байқау. Стандарттау: сапаны бақылау және стандарттау саласындағы негізгі терминдер мен анықтаулары. Халықаралық және аймақтық стандарттау. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі: өнімнің сапасы, сапаның көрсеткіші және оларды бағалау тәсілі; сынақ және өнімді бақылау; технологиялық сапаны қамтамасыз ету; сапа жүйесі. ИСО 900 серия талаптарына негізделген сапа менеджмент жүйесі.



Білімдер:

метрология, стандарттау сертификация және өнімнің сапасын басқарудың негізгі түсініктерін, сапа көрсеткіштерін және оларды бағалау тәсілдерін.



Іскерліктер:

кәсіптік қызыметте сапа жүйесінің негізгі принциптерін қолдануды.



КҚ 2.1.2 - 2.8.2


ЖКП. 05

Құрылым материалдары

Құрылым материалдарын жіктеу, тұтқыр және сусымалы материалдар өндірісіндегі құрылым материалдарына қойылатын талаптар. Қара металдар, олардың тағайындалуы мен қолданылуы. Шойын мен болаттың химиялық құрамы. Шойын мен болаттың механикалық қасиеті. Қосындыланған болат, оның қасиеті және қолданылуы. Түсті металдар; жез, алюминий, қола. Түсті металдарды техникада пайдалану және қолдану. Металдардың жетіспеушілігі кезінде пластмассалық заттар және т.б. материалдарды қолдану. Металдар мен қоспалар коррозиясы. Металдарды коррозиядан қорғау әдістері. Электрайырғыш материалдар: түсінігі, түрлері, қасиеті, қолданылуы. Қымтап-тығыздау материалдары, олардың сипаттамасы және қолданылуы. Бекіту материалдары.



Білімдер:

құрылым материалдарын жіктеуді, олардың технологиялық қасиеттерін және қолданылуын; құрастырмалы материалдарға қойылатын талаптарды.



Іскерліктер:

технологиялық жабдықтардың бөлшектері, түйіндері үшін материалдарды, құрылымдық материалдарды технологиялық қолдануға дәйектеме жасауды.



КҚ 2.1.3 - 2.8.3


ЖКП. 06

Жылутехника негіздері және жылутехника жабдықтары

Термодинамика негіздері. Термодинамикалық процестер. Жылукүші қондырғылары. Жылу алмасу және жылу беру түрлері. Отынның жану процесі негіздері, жану процесі балансын құру. Жылуалмасу аспаптарын жіктеу. Жылуалмасудың жұмыс принципі мен қолданылуы. Булану және кептіру қондырғыларының түрлері, қолданылуы және жұмыс принциптері. Жылутехникалық жабдықтардың жылу есептеу негіздері. Жылутехникалық жабдықтарды пайдалану. Отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалану әдістері.



Білімдер: термодинамиканың негізгі заңдарын, термодинамикалық процестерді, жылу беру түрлерін, жанудың түрлерін, жылу балансы есептерін, тұтқыр және сусымалы материалдар өндірісіндегі негізгі жылутехникалық жабдықтарды және оларды пайдалануды.

Іскерліктер: негізгі термодинамикалық процестерді сипаттауды және анықтауды, жылу беру процесін айыра білуді; отынның жануының есебін жүргізуді және жылу балансын құруды, жылутехникалық жабдықтардың жылу есебін орындауды.

КҚ 2.1.3 - 2.8.3


ЖКП. 07

Нарықтық экономика негізідері

Нарықтық экономиканың негізгі түсінігі мен принциптері. Талап және ұсыныс. Нарықтық жүйе, монополия және бәсекелестік. Кәсіпкерлікті дамыту және нарықтық жағдай субъектісі. Экономикалық шығындар және кәсіпорын қызыметінің нәтижелері. Маркетинг және жарнама. Баға және бағаның пайда болуы. Өндірістік-шаруашылық қызметінің тиімділігі. Салық және салықсалу. Инфляциялық процестер. Жұмыссыздық. Экономикалық дамудың проблемалары. Еңбектің халықаралық бөлінуі.



Білімдер:

өнімді анықтауды, сауданы; бәсекелестік мәнін, нарық субъектісі шығыны бойынша негізгі түсініктерді; жарнама мәнін; салық түрлерін.



Іскерліктер:

шығындар мен кірістерді есептеуді; тауардың өзіндікқұн бағасын анықтауды; көтерме бағасын, жекеше бағасын (әдіс мысалында) салықтың мәнін түсіндіруді.



БҚ 6

ЖКП. 08

Қолданбалы информатика

Алгоритімдер жөніндегі негізгі түсініктер, алгоритімнің негізгі құрылысы. Бағдарламалау негізін оқу, файлдар. Файлдармен жұмыс. Графика. Бағдарламаны жалпы кәсіптік, арнайы пәндер және курстық жұмыстарды орындауда есептер шығару үшін қолдану.



Білімдер: алгоритімдеуді және бағдарламалау негіздерін, технологтялық есептер шығару үшін қолданбалы бағдарламамен қамтамасыз етуді, сызбалар мен сызба-нұсқаларды құруды.

Іскерліктер: производить үлгідегі технологиялық және техникалық есептеулерді жүргізуді, компьютерде сызбалардыжасауды.

БҚ 3

КҚ 2.1.4 - 2.8.4




АП. 00

Арнайы пәндер

АП. 01

Тұтқыр және сусымалы материалдар технологиясының негіздері

Тұтқыр және сусымалы материалдар өндірісінде қолданылатын негізгі шикізат материалдары. Минералды тұтқыр және сусымалы материалдарды жіктеу. Гипсті тұтқыр материалдар. Магнезиалды тұтқыр заттар. Құрылыс әкі. Портланд цемент және оны алу үшін соңғы материалдар. Портландцемент клинкер өндірісінің технологиясы. Портландцемент алу және оның қасиеті. Талшықтас жөніндегі жалпы мағлұматтар және талшықтасцемент бұйымдары.



Білімдер: тұтқыр және сусымалы материалдар өндірісінің шикізат және шикізат қоспаларын, олардың физика-химиялық қасиеті мен технологиялық қасиеттерін, қолдану аймақтарын; олжаның технологиясын және тасымалдауды; тұтқыр және кен емес сусымалы материалдар өндірісінің технология негіздерін, соның ішінде цемент клинкерін, цементті, талшықтасцемент массасын дайындау технологиясын; олжаның негізгі технологиялық кезеңдерінің жабдықтарын және өндірістің шикізатын қайта өңдеу мен оның құрылымын.

Іскерліктер: тұтқыр жәрне сусымалы материалдар өндірісінің принциптік технологиялық сызбасын құруды, шикізат пен дайын өнімге сипаттама беруді.

КҚ 2.1.1 - 2.8.1

КҚ 2.1.2 - 2.8.2




АП. 02

Технологиялық процестерді автоматтандыру

Тұтқыр және сусымалы материалдар өндірісіндегі қызмет көрсететін жабдықтардың бақылау-өлшеу аспаптары. Тұтқыр және сусымалы материалдар өндірісіндегі процестерді автоматтандырудың негізгі түсінігі. Блокировкалау жүйесі, дыбысты және жарықты сигнал берулер. Технологиялық поцестерді басқаруды есептеу техникасы.



Білімдер: бақылаудың автоматтық жабдықтарының құрылғысын, реттеуді, қорғауды және тоқтатуды, жеке аспаптардың және жалпы процестердің автоматтандырылған сызба-нұсқасын.

Іскерліктер:

аспаптардың көрсіткіштерің алуды және ақпарат анықтығын бағалауды.




КҚ 2.1.2- 2.8.2

КҚ 2.1.3 - 2.8.3



КҚ 2.1.4 - 2.8.4

АП. 03

Еңбекті қорғау және өнеркәсіп экологиясының негіздері

Заңдылықтар және еңбекті қорғау бойынша бақылау органдары. Қауіпсіздік техникасы. Қауіпсіздік техникасының міндеттері. Өндірістік жарақат жағдайларын тіркеу тәртібі және ережелері. Өндіріс алаңдары мен цехтарындағы еңбек қауіпсіздігі бойынша шаралар. Қызымет көрсететін жабдықтардың жұмысы кезіндегі қауіпсіздік ережелері. Өндірістік санитария және еңбек гигиенасы. Негізгі профилактикалық және қорғаныс шаралары. Өртқауіпсіздік шаралары. Өртқауіпсіздік құрылғылары, аспаптар мен сигнал беру, өрт сөндіру құралдары. ҚР экологиялық кодексі. Атмосферадағы зиянды қалдықтарды тазарту жөніндегі негізгі мағлұматтар. Шаң тұтқыш жабдықтар. Техникалық сипаттамасы, жұмыс принципі және қолданылуы. Шукүңгірттету және оны азайту шаралары. Ағынды суды тазарту туралы жалпы мағлұматтар. Ағынды суларды жіктеу. Өндірістік қалдықтарды пайдаға жарату туралы түсінік. Экологиялық қауіпсіз технологияны құрудың жалпы бағыттары. Өндірісте табиғатты қорғау іс-әрекеттерін ұйымдастыру.



Білімдер: сала кәсіпорындарындағы еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды; нұсқаулардың түрлерін; жабдықтардың қызмет көрсетуі бойынша жұмыстарды жүргізу кезіндегі өндірістік жарақат себептерін; жеке қорғану құралдарын; өрт сөндірк құралдарын.

Іскерліктер: жеке қорғану құралдарын қолдануды; зардап шеккен адамға алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді; өндірістік қауіпті жағдайлардың дәрежесін бағалай білуді, жүйеде жұмыс істей білуді.

БҚ 8

АП. 04

Кәсіпорынның тұтқыр және сусымалы материалдар өндірісінің механикалық жабдықтары

Таулы цехтарды жабдықтау. Шикізат цехтарын жабдықтау. Күйдіру цехтарын жабдықтау. Клинкер ұнтақтау цехтарын жабдықтау. Әк және гипс өндірісі үшін жабдықтар. Шаң тұтқыш жабдықтары. Талшықтасцемент өндірісі үшін жабдықтар.



Білімдер: тау, шикізат цехтарының, клинкерді күйдіру, үгіту цехтарының, әк пен гипс өндірісінің, талшықтасцемент өндірісінің негізгі және қосымша жабдықтарының түрлерін, қолданысын, құрылысын және қызмет принципін.

Іскерліктер: тау, шикізат цехтарының, клинкерді күйдіру, үгіту цехтарының, әк пен гипс өндірісінің, талшықтасцемент өндірісінің негізгі және қосымша жабдықтарының кинематикалық сызбасы мен сұлбасын оқуды.

КҚ 2.1.1 - 2.8.1

КҚ 2.1.3 - 2.8.3




Біліктіліктер: «Цемент диірмені жүргізушісі»,

«Айналмалы пештер машинисі (күйдіруші) көмекшісі»

АП. 05

Цемент өндірісі технологиясының негіздері

Цементтің жіктелуі, қасиеті. Цемент өндірісінің тәсілдері: Цементті ылғалды, құрғақ және аралас тәсілдермен өндіру процесінің технологиялық сызбасы. Цемент өндірісі үшін шикізат материалдары. Шикізат материалдарын ұнтақтау. Үгінді шикізат материалдары. Цементтің шикізат қоспаларын дайындау. Отын, оны дайындау және жану процесі. Шикізат қоспаларын кептіру. Шикізат қоспасын күйдіру және клинкер алу. Клинкер күйдіру үшін пештер. Клинкерді үгіту және цементті сақтау. Өндірістік газдарды тазарту.



Білімдер: жалпы технологиялық процестің және қызмет көрсету учаскелерінің принциптік сызбасын; цемент өндірісінде қолданылатын шикізаттар мен материалдар сипаттамасын; ұнтақтау жабдықтарының жұмыс принципін, құрылымын, пайдалану сипаттамасын; үгіту процесін; ұнтақтаудың ашық және жабық циклдарын, шикізат материалдарының түйіршіктерін; клинкерді күйдіру үшін пештердің жұмыс принципін, құрылымын, пайдалану сипаттамасын; кептіру қондырғыларын, клинкер ұнтағын күйдірудің ашық және жабық циклдерін, оны сақтау мен қаптауды; газ тазартқыш және шаң-тозаң тұтқыр қондырғыларының жұмыс принципін; бақылау-өлшеу аспаптарының құрылысы мен қызмет принципін; технологиялық процестер мен дайын өнімдерді бақылау әдістерін.

Іскерліктер: технологиялық процестердің принциптік сызбасын оқу мен графикалық орындауды; технологиялық працестердің параметрлерін салыстыруды, шығаратын өнімнің сапасын болжалауды; цемент өндірісінде қолданылатын жабдықтардың қызымет көрсетуі кезіндегі әрекет алгоритімін құруды; цемент өндірісінде қолданылатынжабдықтардың қызмет көрсетуін.

КҚ 2.1.1

КҚ 2.1.2

КҚ 2.4.1

КҚ 2.4.2



АП. 06

Клинкер күйдіру және ұнтақтау жабдықтарын пайдалану және жөндеу

Айналмалы пештер мен ұнтақтау агрегаттарының құрылысы мен әрекет принципі. Айналмалы пештер мен ұнтақтау агрегаттарының техникалық сипаттамасы және пайдаланудың техникалық ережелері. Пештер мен ұнтақтау агрегаттарының техникалық қызымет көрсетуі. Пештерді шегендеу. Шегендеудің қызымет уақытына әсер ететін факторлар.Үрлеу желдеткіштері, тоңазытқыштар, қоқырқоректендіргіштер мен бүркігіштер, түтін газдарын тазарту жүйесі. Айналмалы пештер, диірмен және ұнтақтау жұмыстарынд кездесетін ақаулықтар. Ескертулер және болдырмау шаралары. Пештердің, диірменнің, қосымша жабдықтар мен тасымалдау механизімдерінің жеңіл ағымдағы жөндеу жұмыстары. Клинкерді күйдіру және ұнтақтау жабдықтарының майлау жүйесі.



Білімдер: бұзылу мен тозудың түрлерін, олардың пайда болу жағдайлары мен сипаттамаларын; тетіктердегі ақаулардың пайда болу әдістерін, олардың мәнін; машиналар тетіктерінің тозуға төзімділігін арттыру мен қалпына келтірудің әдіс тәсілдерін, олардың мәнін, қолданылатын жабдықтарды; техникалық қызмет көрсету мен техникалық жөндеу жүйелерінің терминологиясын және анықтамасын; техникалық пайдалану ережелерінің негізгі жағдайларын; ТҚК ұйымдастырудың негізгі принциптерін; ТҚК ұйымдастыру мен жұргізу бойынша пайдалану, кезекші және жөндеуші қызыметкердің міндеттерін; жөндеу жұмыстарының түрлерін білуді; жөндеу құжаттамаларының түрлерін; оны толтырудың ережесі мен талаптарын; клинкерді күйдіру мен үгіту цехының құрастыру бірліктері мен тетіктерін жөндеу технологиясын; майлау материалдарының қолданысын, олардың түрлерін; клинкерді күйдіру мен үгіту үгіту цехтағы жабдықтарды майлау үшін жүйелер мен құрылғылардың құрылымын және қызмет принципін.

Іскерліктер: бұзылу мен тозудың түрлерін анықтауды, олардың пайда болу себептерін табуды; аспапсыз әдіспен тетіктердегі ақауларды табуды; практикалық қызметте терминдерді, анықтамаларды, шартты белгілерді пайдалана алуды; техникалық пайдалану ережелерін сақтауды бақылауды іске асыруды; ауысымды қабылдап алу мен тапсыру жорналын, агрегат жорналын толтыруды; жөндеу құжаттамаларын құруды; клинкерді күйдіру мен үгіту цехының жабдықтарына техникалық пайдалануды, техникалық қызмет көрсету, жөндеу мен құрастыруды жүргізуді.

КҚ 2.1.3

КҚ 2.1.10

КҚ 2.4.3

КҚ 2.4.10




Біліктіліктер: «Парақ қалыптаушы машинаның жүргізушісі»,

«Құбыр машинасының машинисі»

АП. 05

Талшықтасцемент бұйымдарының өндірісі

Шикізат және негізгі технологиялық процестер. Талшықтасты қопсыту және талшықтасцемент массасын дайындау. Заттарды талшыққұбыр машинасына қалыптау. Талшықцемент заттарын қалыптаудағы қосымша процестер. Талшықцемент заттарының қатуы.Табақ талшықтасцемент материалдары. Талшықцемент құбырлары және оларды жалғастырғыштар. Жабдықтарды күту,технологиялық процесті қадағалау және дайын өнімнің сапасы.



Білімдер: шикізаттың түрлері мен негізгі технологиялық процестерді; талшықтасцемент массасын дайындау кезеңдерін; шикізаттың мөлшерін; жұмыс принципін және талшықтасцемент құбыр машиналарының өнімділігін; қаңылтыр материалдарының түрлерін; бүрлеуді пішімдеу технологиясын; пішінделген және жалпақ баспақталған қаңылтырлар өндірісінің технологиясын; талшықтасцемент құбырларының түрлерін; оларды өндіру ерекшеліктерін; технологиялық процесті бақылау әдістерінт және дайын өнімнің сапасын.

Іскерліктер: технологиялық процестердің принциптік сызбасын оқу мен графикалық орындауды; технологиялық процестің параиетрлерін салыстыруды, шығарылатын өнімнің сапасын болжамдауды; талшықтасцемент бұйымдары өндірісінде қолданылатын жабдықтардың қызмет көрсетуі кезіндегі қызмет алгоритімен құруды.

КҚ 2.2.1

КҚ 2.2.2




АП. 05

Талшықтасцемент бұйымдарының өндірісіндегі жабдықтарды пайдалану және жөндеу

Табаққалыпқұю және құбыр машинасының құрылысы, қызымет принципі. Табаққалыпқұю және құбыр машиналарының техникалық сипаттамасы және техникалық пайдалану ережелері. Табаққалыпқұю мен құбыр машиналарының техникалық қызымет көрсетуі. Негізгі және қосымша жабдықтардың жұмыстарында болатын ақауылдар. Табақ қалып құю машинасы жабдықтарның тетіктері мен түйіндерінің, бүрлеу пішімі машиналарының, толқындаушылардың, әр түрлі қалаушылардың, әр түрлі қатаю тасымалдауыштарының, толқынды табақ жолдарының, талшықтасцемент құбыр машиналарының технологиялық жөндеуі. Талшықтасцемент заттары жабдықтарының түйінін майлау. Талшықтасцемент заттары өндірісі үшін жабдықтар монтажы.



Білімдер: талшықтасцемент бұйымдарының жабдықтарын пайдалану туралы жалпы түсініктер мен ережелерді; механикалық жабдықтардың тетіктері мен түйіндерін жөндеу бойынша негізгі жұмыстарды; талшықтас цемент бұйымдарын өндіру бойынша жабдықтарды пайдалану, жөндеу, реттеу және жинақтау еерекшеліктерін; жабдықтарды пайдалану кезінде қолданылатын майлау материалдары мен майлау жүйелерін;

Іскерліктер: жабдықтардың қызметіндегі тоқырау себептерін анықтауды; талшықтас цемент бұйымдары өндірісі үшін жабдықтарды техникалық пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жинақтауды жүргізуде;

КҚ 2.2.3

КҚ 2.2.11

Біліктіліктер: «Сығымдағыш қондырғылардың жүргізушісі і»,

«Шаң-тозаң сорғыларының жүргізушісі», «Технологиялық сығымдағыштардың жүргізушісі», «Технологиялық сорғырлардың машинисі»

АП. 05

Компрессорлар мен сорғылар

Газды қысу. Газды қысудың идеалды және нақты процесі. Компрессорлар жөніндегі жалпы мағлұматтар.Компрессорларды жіктеу. Поршенді компрессорлар. Түрлері, қолданылуы, құрылыс ерекшеліктері, жұмыс принциптері. Бірсатылы қысу. Компрессордың теориялық және индикаторлық диаграммасы. Зиянды кеңістік. Көпсатылы қысу. Компрессордың күші, компрессордың ПӘК-і. Центрден тепкіш компрессорлар. Әрекет принципі, жіктелуі, қолдану аймағы, поршенді компрессорлармен салыстыру. Центрден тепкіш компрессорлардың сипаттамасы. Компрессордың күші. Турбокомпрессорлар мен турбогазүрлегіштер, жұмыс принципі, қолданылуы. Айналу компрессорлары, жұмыс принциптері мен қолданылуы. Компрессордың қосымша жабдықтары: құбыртасымалдаушылар мен арматура. Компоессорларды майлау жүйесі. Компрессорларды пайдалану. Компрессор қондырғылары жабдықтарын жөндеу. Компрессор жабдықтарын жинау және монтаждау. Гидростатика және гидродинамика негіздері.Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Сорғылардың түрлері, жіктелуі және қолданысы. Поршенді және центрден тепкіш сорғылар. Жіктелуі, қолданысы және жұмыс принципі. Гидротасымалдауыш: қоқырлы сорғылар, тегісті, құмды, көмірсорғылар. Пневмотасымалдауыш: пневматика-камералық, пневмобұрандалы, аэронауалы. Сорғылардың бөлшектері және арматурасы. Сорғыларды пайдалану.



Білімдер: жабдықтарды пайдалануды, жөндеуді, құрастыруды және жинақтауды; PV және TS диаграммаларындағы қысудың негізгі процестерін; компрессорлардың түрлерін, қолданысын, қызмет принципін; компрессорлардың теориялық және техникалық сипаттамаларын; қысу туралы негізгі мағлұматтарды; газдарды қысу туралы негізгі мағлұматтарды; компрессорлардың пайдалану және техника-экономикалық көрсеткіштерін; сұйықтықтың негізгі түсінігін және анықтамасын; сұйықтық қозғалысының жұмыс режімдерін; гидростатика мен гидродинамиканың негізгі заңдылықтарын; сорғылардың қызмет принциптерін.

Іскерліктер: компрессорлардың техникалық сипаттамаларын салыстыруды; жабдықтарға қызымет көрсетудегі әрекет алгоритімін құруды; компрессордың қуаты мен ПӘК-не есептеу жүргізуді; компрессорлардағы ақаулардың себептерінанықтауды; сорғыларды түрлері мен типтері бойынша жіктеуді; сорғыға сипаттама беруді; бастапқы деректері бойынша сорғыны таңдауды; сорғыны іске қосу мен тоқтатуды іске асыруды.

КҚ 2.5.3

КҚ 2.5.11

КҚ 2.6.3

КҚ 2.6.10

КҚ 2.7.3

КҚ 2.8.3

КҚ 2.8.10


ӨО және КП

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика

ӨО. 00

Өндірістік оқыту

ӨО. 01

Танысу практикасы

Кәсіпорынның жұмыс тәртібі. Кәсіпорынның негізгі және көмекші цехтары, олардың қолданысы және технологиялық процесі. Негізгі цехтардың шикізат пен өнімдерінің сипаттамасы. Кәсіпорындағы негізгі зиянды және кауіпті факторлар. Кәсіпорынның технологиялық тізбегі (цехтардың өзара байланысы).



Іскерліктер: өндіріс пен цех ауласында қауіпсіз қозғалыс пен жұмыс істеуді; техникалық құжаттамалармен жұмысты; өндірістің цехтары арасындағы байланыстарды.

Дағдылар: кәсіпорын және цех орындарында қауіпсіз тәртіпті, жұмыс орындарындағы қауіпсіздік техникасы мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауда, технологиялық процестің негізгі қауіпсіз ережесін еңгізуде, цехтың құжаттамаларын жүргізгендегі алғашқы дағдыны қалыптастыруда.

БҚ8

КҚ 2.1.1-2.8.1

КҚ 2.1.2-2.8.2


ӨО. 02

Слесарлық механикалық практикасы

Жалпы ұсталық жұмыстарға үйрету: белгілеу, металды шабуға, металды түзету және ию, кесу және егеу, бұрғылау және үңгіштеу, бұрандау беттерін өңдеу, қыру және ысқылау. Жай бөлшектерді дайындау. Механизімдерді сұрыптау және құрастыру. Жоңғыш станоктары топтарында бөлшектерді өңдеуге оқыту: ішкі цилиндрлі және шетжақты беттерді өңдеу, бунақтарды жону және кесу, ажарлау, сүргілеу, жоңғылау.



Іскерліктер: слесарлық - механикалық жұмыстарды орындау үшін аспаптар мен жабдықтарды пайдалануды; тетіктердің әдістерін және өлшемдерін қолдануды, білдектерге баптау жүргізуді және кескіш аспаптарын таңдауды;

Дағдылар: слесарлық және механикалық жұмыстарды орындауда, кескіш аспаптарын қайрауда;

КҚ 2.1.3-2.8.3

КҚ 2.1.10-2.8.10




ӨО. 03

Механикалық және жылу техникалық жабдықтар зертханасында оқыту

Технологиялық сызбамен тәжірибелік танысу. Ұнтақтау жабдықтарының, кептіргіш барабандардың, ұнтақтау агрегаттарының, пештер агрегаттарының, шаң тұтқыр жабдықтарының құрылысы мен жұмыс принциптерін оқу. Табаққалыпқұю машиналарының, құбыр машиналарының, бүрлеу пішімдерінің, қайтарымдаулардың құрылысы мен жұмыс принциптерін оқу. Техникалық сипаттама. Техникалық пайдалану ережесі. Механикалық және жылутехникалық жабдықтарға техникалық қызымет көрсету және жөрндеу (оқытудың қызымет көрсету тәсілі және процестерді жартылай өндірістік қондырғыларда жүргізу).

Негізгі жабдықтардың және оларға байланысты механизімдердің жұмысында кездесетін ақауылдар.

Еңбек қауіпсіздігі ережесі.



Іскерліктер:механикалық және жылутехникалық жабдықтарға сыртқы тексеру жүргізуде; оны іске қосу мен тоқтатуды іске асыруда; жабдықтардың және олармен байланысты механизмдердің қызметіндегі мүмкін болатын ақауларды ескерту мен болдырмауда; ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша жұмыстарды орындауда, майлау материалдарын тиімді пайдалануда; жорналға технологиялық параметрлердің тіркеулерін жүргізуде.

Дағдылар: механикалық және жылутехникалық жабдықтардың техникалық күйін анықтауда;

- механикалық және жылутехникалық жабдықтарға жинақтау мен реттеу жүргізуде;

- механикалық және жылутехникалық жабдықтарды пайдалануда;

- ұсақ ақаулылықтарды болдырмауда;

- жабдықтарды іске қосу мен тоқтатуда;

- жабдықтар мен аппараттардың жұмысын бағалауда;

- жабдықтардың сызбаларымен жұмыс істеуде;


КҚ 2.1.3-2.8.3


ӨО. 04

Гидро- және пневможабдықтар зертханасында оқыту

Жұмыс орнын ұйымдастыру. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқа. Негізгі және қосымша жабдықтардың техникалық құжаттарын оқу. Гидрожабдықтарды пайдалану және жөндеу. Сорғылар және қосымша жабдықтардың құрылысымен және жұмыс принципімен танысу. Сорғылар мен қосымша жабдықтардың жағдайын анықтау және жұмысқа дайындау. Сорғылар мен электрқозғалтқыштарды жұмысқа қосу және тоқтату. Сорғылар жұмыс тәртібін оқу және құрастыру. Сорғылар мен қосымша жабдықтарды жөндеу. Пневможабдықтардың қызымет көрсетуі. Компрессорлардың техникалық сипаттамасымен және жұмыс принципімен танысу. Компрессорларды пайдалану және іске қосу мен тоқтату. Жабдықтардың майлау жүйесі. Бақылау-өлшеу аспаптарының қызымет көрсетуі және автоматтау құралдары.



Іскерліктер: сұйықтықтар мен газдардың физикалық қасиеттерінің параметрлерін анықтауды; Рейнольдс санын, арын шығынын, тұрақты кедергі коэффициентін анықтауды; гидро- және пневможетектердің түрлерін таңдауды; жетектердің жай сызбаларын оқу мен құруды; жетектердің жұмысындағы ақаулылықтарды анықтау мен болдырмауды; гидравликалық және пневматикалық сынамалар жүргізуді; гидравликалық және пневматикалық элементтер мен жетектерді пайдалану мен сынау кезіндегі қысымға, шығынға, температураға және басқа да параметрлерге көрсеткіштер алу мен өзгерістер жүргізуді.

Дағдылар: жай гидрожүйелер мен пневможүйелерді жинақтауды және реттеуді орнындауда; гидрожетектер мен аппараттарды пайдалануда; ұсақ ақаулылықтарды болдырмауда; жабдықтар мен аппараттардың жұмысын бағалауда.

КҚ 2.1.3-2.8.3


ӨО. 05

Тұтқыр және сусымалы материалдарды зертханалық бақылау

Шикізат пен дайын өнімді бақылау зертханасын ұйымдастыру. Зертханалық жабдықтар, аспаптар. МС талаптары бойынша шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылаудың зертханалық әдістерін игеру. Цементтің себілген және шынайы тығыздығын анықтау; цементтің жіңішке ұнтақтарын анықтау; цемент қамырының қалыңдығын анықтау; цемент қамырының қатаю уақытын анықтау; цементтің қалыпты көлемін өлшеуді анықтау; цементтің көлемінің бірқауыпты өзгеруін анықтау; цемент таңбасын анықтау; талшықтас ылғалдығын анықтау, талшықтас түту деңгейін анықтау парақтардың жазықтық және жазықтық толқынды сызықтық өлшемдерін; иілу және езу кезіндегі талшықтасцемент бұйымдарының беріктік шегін анықтау.



Іскерліктер:

Шикізат пен дайын өнімге химиялық талдаулар және физика-химиялық сынаулар жүргізуде;



Дағдылар: зертханалық жабдықтармен және химиялық ыдыстармен жұмыс істеуде; әр түрлі таразыларда түрлі заттарды өлшеуде; өлшеу ыдыстарында жұмыс істеуде, электрқыздырғыш және т.б. аспаптарды, кептіру шкафтарын, муфельдік пештерді пайдалануда; сүзу процестерін жүргізуде; сынаманы іріктеуде; әдістер негізінде дәл сынама жүргізуде; стандарттар және өнім сапасын бағалау негізіндегі жұмыстарда; қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауда.

КҚ 2.1.2-2.8.2


ӨО. 06

Бақылау-өлшеу аспаптарымен автоматты (БӨАжА) зертханасында оқыту

Жұмыс орнын ұйымдастыру. Бақылау өлшеу аспаптарының және автоматты құралдарының қызмет көрсету кезіндегі еңбек қауіпсіздігінің нұсқасы, қысымды кедергіш аспаптарының; дифференциалды манометрлердің негізгі түрлерінің құрылысын және аспаптардың кызмет көрсетуімен танысу; дифманометрлердің қашықтағы пневматикалық және электрлік жүйе беріліс көрсеткіштері, деңгейөлшегіштердің, дистанционды нұсқағыш деңгейін, температура өлшегіш аспаптарының тахометрлер, потециометрлер, диірмендерді шікізат пен толтырудың электронды реттегіш аспаптарымен, шығыс метрлерінің, қысымды реттеуіштер, радиация перометрлер, пештін дистанционды қалхандармен танысу.



Іскерліктер:

аспаптар көрсеткішін алуда; аспаптардың орнықтылығын алуда және жүргізуде, аспаптардың қызмет көрсетуіне қатысуда;



Дағдылар:

аспаптарды пайдалануда, аспаптардан көрсеткіш алуда, ұсақ ақауылдарды жоюда, бақылау-өлшеу аспаптарының нәтиже көрсеткіштері бойынша технологиялық процестің жүрісін бағалауда.



КҚ 2.1.2-2.8.2

КҚ 2.1.3-2.8.3

КҚ 2.1.4-2.8.4


КП. 00

Кәсіптік практика

КП. 01

Алғашқы кәсіптік дағдылар қалыптастыру практикасы

Жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқалар. Өндірістік регламентті оқып білу. Процестің оптималды режимінің параметрлері. Жабдықтардың қызмет көрсетуі және процесті жүргізу бойынша нұсқаулар. Технологиялық процестің қызмет көрсету жабдықтарын практикалық меңгеру. Технологиялық процесті бақылау әдістерімен танысу.



Іскерліктер:

белгіліенген технологиялық регламент негізінде технологиялық процестерді жүргізу бойынша жұмыстар орындауда; учаскенің жабдықтары мен аппараттарын іске қосу мен тоқтатуда; учаскенің технологиялық жабдықтарының қызмет көрсетуінде; берілген технологиялық регламенттен аутқуды ескертуде және жоюда.



Дағдылар:

бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және аналитикалық бақылау нәтижелері бойынша технологиялық процестің қауіпсіз қызмет көрсету әдістерінде.

БҚ 1- 10

КҚ 2.1.1-2.1.10

КҚ 2.2.1-2.2.11

КҚ 2.3.1-2.3.11

КҚ 2.4.1-2.4.10

КҚ 2.5.1-2.5.11

КҚ 2.6.1-2.6.10

КҚ 2.7.1-2.7.10

КҚ 2.8.1-2.8.10


КП. 02

Бітіру алдындағы өндірістік практика сонын ішінде дипломдық жұмысты орындау және/немесе комлесті емтиханға дайындық

Біліктілік пен дағдыны тығыз меңгеру, кәсіптік-біліктілік сипаттағы талаптар көлемінде жұмыстың барлық түрлерін өздігінен орындау. Дипломдық жұмыс және/немесе комплексті емтиханға дайындыққа материалдар жинау.



Іскерліктер:

өндірістің техникалық құжаттамасы негізінде аппаратшыға разряд беру негізіндегі жұмыстарды орындауда.



Дағдылар:

3 разрядты аппаратшының (оператордың) кәсіптік-біліктілік сипатының көлемінде.

БҚ 1- 10

КҚ 2.1.1-2.1.10

КҚ 2.2.1-2.2.11

КҚ 2.3.1-2.3.11

КҚ 2.4.1-2.4.10

КҚ 2.5.1-2.5.11

КҚ 2.6.1-2.6.10

КҚ 2.7.1-2.7.10

КҚ 2.8.1-2.8.10


жүктеу 1,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау