Пәндер циклдері және кәсіптік практика бойынша білім беру бағдарламасының мазмұны (орта буын маман деңгейі)
Циклдың белгіленуі
|
Пәннің, практиканың
атауы және негізгі
бөлімдері
|
Қалыптасқан білім,
іскерліктер мен дағдылар
|
Қалыптасатын құзырет коды
|
ЖГП ОО
|
Жалпы білім беретін пәндер
|
ЖГП ОО
|
Жалпы гуманитарлық пәндер
|
ЖГП 01
|
Кәсіби орыс тілі
Қазақ тілінің синтаксисі. Мамандық бойынша тілді дамыту. Мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізу іскерлігі. ҚР іс- қағаздарының нормативті құжаттарын білу. Аударма техникасы, кәсіптік қарым- қатынас. Орыс тілінің синтаксисі. Кәсіптік лексика. Орыс тіліндегі техникалық кітаптармен жұмыс жүргізу. Мамандық бойынша сөздіктерді пайдалану. Тілді дамыту және кәсіптік қарым- қатынас жасау.
|
Білімдер:
-қазақ (орыс) тілін үйреніп, кәсіптік бағыттағы мәтіндермен жұмыс істеуге және оларды талдауға қажетті лексикалық және грамматикалық минимумды меңгеруін;
Іскерліктер:
-әр саладағы терминологияны қолданып құжаттар оқуды, диалог жүргізуді;
-өзінің ауызша және жазбаша сөйлесу кемшілігі мен қателіктерін жоюды;
-мамандық бойынша анықтамалық қолдана алуды;
|
БҚ 3
|
ЖГП 02
|
Кәсіби шетел тілі
Мамандық бойынша іскерлік тіл негіздері, кәсіптік лексика, фразеологиялық орамдар мен терминдер. Кәсіптік бағытталған мәтіндерді аудару техникасы. Кәсіптік сөйлесу, тыңдап түсінуді, оқу мен жазу, ауызша және жазбаша аудару, тыңдап ауызекі тілді түсіну міндетті деңгейлерін білу.
|
Білімдер:
-кәсіптік қарым қатынас жасауға қажетті мамандық бойынша лексика-грамматикалық материалдарды;
Іскерліктер:
-тілдік іс әрекет түрлерін және сөйлеу нысандарын ажырату (ауызша, жазбаша, монологтік, диалогтік);
-шет тілінде қатынас жасаудың қарапайым іскерлігін игере алу;
|
БҚ 7
|
ЖГП 03
|
Дене тәрбиесі
Дене тәрбиесінің әлеуметтік маңызы; дене тәрбиесі мен өзін өзі тәрбиелеу жүйесінің негіздері; салауатты өмір сүруді анықтайтын себептер; жұмыс қабілеттілігін қалпына келтіретін әдістер; жұмыс қабілеттілігі мен қозғалу белсенділігінің тәртіптері; өздігінен жетілудің физикалық негіздері; кәсіби қолданбалы іс жүзінде қолданылатын дене дайындығы дене тәрбиесінің бағыты мен қажеттілігі.
|
Білімдер:
-салауатты өмір салтының негізгі құрамдарын білу;
-дене тәрбиесінің әлеуметтік биологиялық және психофизиологиялық негіздерін;
Іскерліктер:
-спортпен айналысу, физикалық белсенділікті жүйелі түрде қолдана алу;
-денсаулығын нығайту және өздігінен жетілу үшін дене шынықтыру жөнінде алған білімін қолдану;
|
БҚ 3
БҚ 4
|
ӘЭП 00
|
|
Әлеуметтік экономикалық пәндер
|
|
ӘЭП 01
|
Мәдениеттану
Дүниежүзілік және отандық мәдениет. Қазақстан мәдениетінің тарихы. Дінтану негіздері. Мәдениет түсінігі; мәдениет пен өркениет; қазіргі кездегі мәдениет.Қазақстан территориясын мекендейтін халықтар мәдениеті. Қазақстан территориясындағы ежелгі өркениеттер мәдениеті. Тайпалық одақтар мен IX-XIII ғасырлардағы қазақ хандығының ортағасырлық мәдениеті. XIY-X ғасырлардағы Қазақстан тұрғындарының мәдениеті. XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті. Ресей империясының құрамындағы отарлық жағдайдағы XIX ғасырдың 2-ші жартысындағы Қазақстан мәдениетінің дамуы. Қазақстан революция мен Кеңес өкіметінің орнау жылдарында. 20-30 жылдардағы мәдени құрылыс. Ұлы Отан соғысы жылдарында ғылым, халыққа білім беру, әдебиет пен өнер. 40 жылдардың басына дейінгі Қазақстан мәдениетінің дамуы. ҚР қазіргі кездегі мәдениеті мен ғылымы.
|
Білімдер:
-негізгі түсініктерді;
-түсініктер: конфуцианство; даосизм; Қытай өнерін;
-үнді мәдениеттерінің ерекшеліктерін және оның негізгі жетістіктерін.
-түсініктер: ислам, курайш, Мұхаммед, Құран, Аллах, Мекке;
-христиан дінінің негізгі принциптерін және оның құндылықты бағытын;
-Франция мәдениетін: Ашель мәдениетін, проманьондықтарды, галдарды, франктарды, әдебиетті, философияны;
-көшпенділердің өмір сүру дағдысын және құндылықтар жүйесін;
-орта ғасыр кезеңіндегі қазақ этносының мәдени негізі туралы білімді қалыптастыруды;
-түрік араб мәдениетінің орта ғасырдағы Қазақстан мәдениетіне тиген әсерін білу;
Іскерліктер:
-дүниежүзілік мәдениет тарихының негізгі кезеңдерін және олардың өркениет мәдениетін аша білу;
-мәдени мұраны пайдалану;
-мәдениеттану түсініктерін еркін қолдана алу;
-көшпенділер мәдениетінің материалды және рухани өзгешілігін көрсете алу;
-діннің пайда болуымен оның тарихи түрлерін талдай алу.
|
БҚ 6
|
ӘЭП 02
|
Философия негіздері
Философия пәні, әлемдік философиялық ойдың негізгі елеулі кезеңі. Адам табиғаты және оның қалыптасу мәні. Адам және Құдай. Адам және Ғарыш. Адам, қоғам, өркениет, мәдениет. Тұлғаның еркіндігі және жауапкершілігі. Адамзаттық ұғым және әрекет. Ғылым және оның ролі. Адамзат жахандық проблемалар алдында.
|
Білімдер:
-әлемнің философиялық, ғылыми және діни көріністері туралы түсінік болу, адам өмірінің мәнін;
-ғылым және ғылыми танымдар ролі туралы түсінікті, оның құрылысын, әлеуметті және этикалық мәселелердің түрлері мен әдістерін білу.
Іскерліктер:
-биологиялық және әлеуметтік, дене және рухани бастамаларындағы адам іс-әрекетін, оның сана мәнін, саналы және санасыз әрекеттерін анықтай білу;
-қоғамдағы адамдар арасындағы адамгершілік қарым қатынастар нормаларын реттей алу.
|
БҚ 5
|
ӘЭП 03
|
Саясаттану мен әлеуметтану негіздері
Пәні, негізгі түсініктері мен категориялары. Саяси ойдың тарихы мен қазіргі кездегі саяси мектептер.Саясат. Саяси білік. Демократия билікті жүзеге асыру түрі ретінде. Саяси жүйе. Мемлекет оның негізгі құрамдас бөлігі ретінде. Саяси партия мен партиялық жүйелер. Қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар. Саясат жүйесіндегі адам. Саяси қызмет: мәні мен мақсаты; саяси қызметтің құралдары мен әдістері; тоталитарлықтан демократиялық қоғамға өтудің өзекті мәселелері. Сыртқы саяси қызмет пен әлемдік саяси үрдіс.
|
Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы
Білімдер:
-заңдылықтарды әлеуметті тұрғыда түсіну туралы түсінікті;
-әлеуметтік құрылымдар туралы түсінікті, әлеуметтік жіктелуді. Әлеуметтік әрекеттестіктерді;
-тұлғаның әлеуметтену үрдісінің ерекшеліктерін, реттеу формаларын білу;
ске
-әлеуметті өзгешеліктер мен дамудың әлеуметтік қозғалыстарын және басқа факторларын дамыту;
-билік мәнін, саясат субъектілерін, саяси қарым қатынастар мен үрдістерді аша білу;
-саяси жүйелер мен саяси тәртіптер туралы түсінікті қалыптастыру;
|
БҚ 4
БҚ 5
|
ӘЭП 04
|
Экономика негіздері
Мақсаттары, негізгі ұғымдары, мәні, қағидалары. Меншік нысаналары мен түрлері. Жоспарлар түрлері, олардың негізгі кезеңдері, мазмұны, стратегиялық жоспарлауы. Жоспарлардың экономикалық негіздеулерінің және болжауларының әдісі. Экономикалық талдау. Халық тұтынатын тауарлар нарығының және қызметінің жағдайын талдау.
|
Білімдер:
-экономикалық теорияның жалпы ережелерін;
-мемлекеттегі және шетелдегі экономикалық жағдайларды;
-макро және микроэкономика негіздерін, салық, қаржы несиелік, әлеуметтік және инвестициялық саясатты білу.
Іскерліктер:
-нарықтық бағаның қалыптасу механизмдерін сипаттауды;
-өз кәсіптік қызметін бағдарлау үшін экономикалық ақпаратты іздеу және пайдалана алу.
|
БҚ 1
|
ӘЭП 05
|
Құқық негіздері
Құқық, ұғым, жүйе, дерек сөздер. Қазақстан Республикасы Конституциясы құқықтық жүйесінің өзегі. Адам құқығының жалпылай декларациясы, тұлға, құқық, құқықтық мемлекет, заңды жауапкершілік және оның түрлері, құқықтық негізгі салалары. ҚР сот жүйесі, құқық қорғау органдары.
|
Білімдер:
-адам және азаматтың құқығы мен еркіндігі, оларды жүзеге асыру механизмі;
-кәсіптік қызмет саласында құқықтық және адамгершілік этикалық нормаларды білу;
Іскерліктер:
-жеке бас бостандығы мен қадір қасиетін қорғай алу;
-маманның кәсіптік қызметті реттеуші, нормативтік құқықтық құжаттарды қолдана білу.
|
БҚ 4
|
КП 00
|
Кәсіптік пәндер
|
ЖКП.00
|
Жалпы кәсіптік пәндер
|
ЖКП 01
|
Мемлекеттік тілде іс жүргізу
Пәннің мазмұны, оның мақсаттары. Іс қағаздарын жүргізуде әр түрлі лингвистикалық сөздіктерді қолдану. Мемкемелерде іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру. Техникалық сөздіктердің ерекшеліктері. Кеңсе құжаттарын жүргізу негізі. Ұймдастыру, реттеу, құқықтық ақша финанс есептік және анықтамалық құжаттары. Қызметтік хаттар жазудың негізгі әдістері Автоматты басқару жүйесін іс қағаздарын жүргізуге пайдалану.Құжаттар жинағы туралы түсінік. Жазба құжаттарының алғашқы және күрделі жинақтары. Құжат қорлары туралы түсінік. Іс қағаздарын сақтауды қалыптастыпу. Архив. Мемлекеттік және мекеме архивтері. Ұлттық архив қоры.
|
Білімдер:
- Пәннің мазмұны, оның мақсаттары. Іс қағаздарын жүргізуде әр түрлі лингвистикалық сөздіктерді қолдану.
-ақпараттық және іс құжаттарының жіктелуін.
-қазіргі кезде іс қағаздарын жүргізу стандарттарына қойылатын талаптарды;
-құжаттар формуляры және олардың бөліктерін;
Іскерліктер:
-әр түрлі құжаттарды жіктеуді;
-құжаттар формулярын толтыру;
-әкімшілік ұймдастыру құжаттарымен жұмыс жасауды;
-архивтік құжаттардың текстілері үлгілерін талдауды;
-архивке құжаттарды дайындап, сақтауға тапсыруды.
|
БҚ 6
|
ЖКП 02
|
Инженерлік графика
Геометриялық сызу; сызбалардың орындалу ережесі; геометриялық құрылым және деталдардың техникалық контурларын сызу ережелері; проекциялық сызу; техникалық сурет салу;конструкциялық құжатнамаларды рәсімдеу және әзірлеудің ережелері;
-машина жасаудағы сызу; сызбалардағы кескіндер категориясы; инженерлік графиканың құралдары мамандық бойынша бұймдардың сұлбалар мен сызбаларын орындалу тәсілдері және әдістері; көркемдік конструкциялаудың элементтері; графикалық ақпаратта бейнеленген техникалық құралдар туралы негізгі ұғымдар; компьютерлік графикалы жүйелер туралы ұғымдар.
|
Білімдер:
-геометриялық және проекциялық сызудың тәсілдері мен ережелерін;
-конструкторлық және технологиялық құжаттарды оқу және рәсімдеу, құрастырудың негізгі ережелерін;
-графикалық тапсырмаларды шешудің әдістерін;
Іскерліктер:
-нобай мен көшірмелер арқылы тұтас көріністің сызбаларын, бөлшектер сызбасын орындауды;
-конструкторлық және технологиялық құжаттамаларды әзірлеуге арналған қолданбалы программалардың пакеттерін қолдануды.
|
БҚ 3
|
ЖКП 03
|
Техникалық механика
Теориялық механиканың негіздері; статистика; күштердің жазықтық және кеңістік жүйелері, кинематика; нүкте және қатты дененің кинематикасы; динамика; күштер инерциясы; үйкеліс; қуат және жұмыс; материалдар кедергілері; ішкі және сыртқы күштер; қиманың әдістері; созылу және қысылуы; жаншылу мен кесіктер есебі; бұралуы; иілуі; беріктік пен қатаңдығын есептеу; нүкте күйіндегі кернеулігі; эквивалентті кернеулік күйі; беріктілік гипотезасы және оларды қолдану; кедергінің қажуы, қысылған сырықтың беріктігі; машиналар мен механизмдер бөлшектері; жазықтық механизмдер бөлшектері; жазықтық механизмдері; біліктер мен осьтер; осьтер мен біліктер тірегі; муфталар; машиналар бөлшектерінің қосылысы; конструкция элементтері; машиналар мен механизмдер сипаттамасы;
|
Білімдер:
-теориялық механиканың аксиомалары мен негізгі ұғымын;
-статистика, кинематика, динамиканың негізгі ережелерін;
-машина бөлшектерін беріктікке, қатаңдыққа, орнықтылыққа есептей алуды;
-материалдарды сынау әдістері мен тәсілдерін;
-механизмдердің негізгі түрлерін, олардың кинематикалық және динамикалық сипаттамасын;
Іскерліктер:
-қозғалыс нүктесінің параметрін және оның жылдамдығы мен үдеуін есептеп шығаруды;
-практикалік жұмыстарда бөлшектердің өзгеру мүмкіндігін анықтауды;
-машиналар бөлшектерін қосып жалғауды;
|
БҚ 4
|
ЖКП 04
|
Жалпы электротехника электроника негіздерімен
Электротехника: электрик өріс; тұрақты және айнымалы тоқтың электрлік тізбегі; эдектрмагниттер; электрлік өлшеуіштер; тұрақты және айнымалы тоқтың электрлік машиналары; трансформаторлар; электрлі жетек негіздері; электрлік энергияның берлісі және үлестірімі;
Автоматика мен есептеуіш техникалардың электрондық жабдықтары; микро ЕТМ және микропроцессорлар.
|
Білімдер:
-электрлік тізбектің жұмыс тәртібін және электрлік тоөтың сипатын өлшеуге арналған аспаптарды;
-тұрақты тоқтың сызықты және сызықсыз тізбектерін есептеудің негізгі әдістерін;
Іскерліктер:
-тұрақты токтың құрылысы және тізбектер жұмысының берілген шарттары бойынша элементтер параметрін таңдай алуды;
-жай электрлік және магниттік тізбектің негізгі мараметрлерін таңдай алуды;
|
БҚ5
|
ЖКП 05
|
Физикалық және коллоидтік химия
Химиялық термодинамика негіздері; химиялық үрдістерге термодинамика заңдарының қосымшасы; қайтымды және қайтымсыз химиялық реакциялар;
Фазалар ережесі; ерітінділер типтері; Д.И.Менделеевтің ерітінділері теориясы; электркинетикалық құбылыстар; коагуляция үдерісі; микрогетерогентік жүйелердің жалпы сипаттамасы;ВМС ерітінділері және олардың ерекшеліктері:
|
Білімдер:
-химиялық термодинамика негіздерін;
-химиялықүдерістерге термодинамика заңдарының қосымшасын; Д.И.Менделеевтің ерітінділері теориясын; -коагуляция үдерісі
-жоғары молекулалық қосылыстарды ВМС ерітінділері мен олардың ерекшеліктерін;
Іскерліктер:
- қайтымды және қайтымсыз химиялық реакцияларды анықтау;
-өздігінен пайда болатын үдерістерді анықтауды;
-фазалық өтулерді айқындауды;
- электркинетикалық құбылыстарды анықтауды;
-микрогетерогентік жүйелерді сипаттауды.
|
БҚ 1
БҚ 2
|
ЖКП 06
|
Аналитикалық химия
Заттарды талдау әдістері; сапалы талдау: жеке катиондар мен аниондарды анықтау; заттар ұқсастықтары жөніндегі ұғымы; аналитикалық мәліметтің анықтығын бағалау; сапалы талдаудың әдістері; комплексонометрия әдістері және қышқылды негізді, фотометриялық, хроматографикалық, рефрактометриялық, поляриметриялық және потенциометриялық талдаудың теориялық негіздері және маңызы.
|
Білімдер:
-аналитикалық химияның теориялық негіздерін;
-физико химиялық талдауды;
-экология заңдарын білу, негізгі түсініктерді;
Іскерліктер:
-программамен сәйкестенген сынамаларға химиялық зерттеулер жүргізе алуды;
-минералдарды анықтау үшін бағдарламаға сай диагностикалық белгілерді қолдану.
|
БҚ 1
БҚ 2
|
ЖКП 07
|
Микробиология
Микроорганизмдер морфологиясы мен физиологиясы; дайын өнімдер мен шикізаттардағы микробиологиялық процестер; микроорганизмдер белсенділігіне экологияның әсері; патогенді микроорганизмдер және олардың улы заттары; инфекциялар және иммунитет; қоршаған ортаның, балық өнімінің, жабдықтың санитарлы көрсеткішті микрофлорасы; балық және балыққа жатпайтын шикізаттан жасалған қоректік өнімдер өндірісіне санитарлы микробиологиялық бақылаудың схемалары: балық өңдеуші кәсіпорны мен кемесіне арналған санитарлық нормалар және ережелер:
|
Білімдер:
- Микроорганизмдер морфологиясы мен физиологиясы;
-балық өңдейтін кәсіпорындар мен кемелерге арналған санитарлық нормаларды және ережелерді;
Іскерліктер:
-балық өнімдер өндірісінде қолданылатын микроорганизмдерді сипаттай алуды;
-қарапайым микробиологиялық зерттеулер атқару және алынған нәтижелерге баға беруді;
|
БҚ 4
|
ЖКП 08
|
Салалық экономика
Нарықтық экономика және саласы; саланы дамыту перспективасы және ерекшеліктері; өндірістің түрлері және олардың сипаттамасы; негізгі өндірістік және технологиялық процестер; айналымдағы қаражаттар; еңбек ресурстары; ұйымның қызметінің тиімділік бағасы; инновациялық және инвестициялық саясат; ұйымның сыртқы экономикалық қызметі; негізгі техникалық экономикалық көрсеткіштерді есептеудің әдістемесі.
|
Білімдер:
саладағы қолданыстағы негізгі экономикалық категорияларын;
-негізгі қорларын пайдаланатын көрсеткіштерін және олардың шығарылуын;
-айналмалы қаражат көрсеткіштерін;
-тариф жүйесінің мәнін;
Іскерліктер:
-жұмыс орнын ұйымдастыруды және жұмыс уақытын жоспарлауды;
-қосалқы материалдар мен шикізат шығынын есептей алу және бақылауын жүзеге асыруды;
-шығынды қысқарту және үнемдеу бойынша технологиялық шаралар құрастыруды;
-жобаның санитарлы техникалық жағына есеп жүргізуді;
|
БҚ 7
|
ЖКП 09
|
Еңбекті қорғау
Адамдағы келеңсіз факторлардың әсері; жарақаттайтын және зиянды факторларды теңестіру; тенхникалық жүйелер мен технологиялық процестердің қауып – қатерлігінен қорғану құралдары және әдістері; экобиоқорғайтын және өртке қарсы техникалар; кәсіпорындағы еңбекті қорғаудың құқықтық, нормативтік және ұйымдастыру негіздері; еңбекті қорғаудағы материалдық шығындар; кәсіби қызметтік саласындағы қауыпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз етудің ерекшеліктері;
|
Білімдер:
-еңбектің қорғаудың жалпы нормаларын;
-технологиялық процестердің қауыпсіздігін;
-кәсіпорындағы жарақат алудың себептерін;
-өрт сөндіру қауыпсіздігі туралы жалпы мағұлматтарды;
Іскерліктер:
-еңбекті және қоршаған ортаны қорғау бойынша білімді практикаде қолдануын;
-қорғанудың жеке құралдарын пайдалануды;
-өндірістік жарақат кезінде көмек көрсетуді;
|
КҚ 3.7.1
КҚ 3.7.2
КҚ 3.7.3
КҚ 3.7.4
|
ЖКП 10
|
Ақпараттық технология
Техника қауіпсіздігі. Ақпараттар. Ақпараттарды кодтау. Санау жүйесі. Бір жүйеден екіншісіне ауысу. Екілікті арифметика логика – пән ретінде. Үлгілік; математикалық логика. Моделдеу. Модель туралы түсінік. Модель түрлері. ОС WINDOWS түрлері. WORK мәтіндік процессоры. EXCEL электронды кестелері. CORL DRAW векторлық редакторы. Вирустардан қорғану. WinZip архивтары. Norton Commender – бұлт бағдарламасы. Ойындар. Алгоритм түсінігі. Көрініс тәсілдері мен қасиеттері. Алгоритм түрлері. Есеп шығару кезеңдері. Бағдарлама тілі. Бағдарлама және оның құрылымы. Командалар мен операторлар. Шартты операторлар. Цикл операторлары. Берілген шарт түрлері. Сызықты бағдарламаны жобалау.Тармақты бағдарламаны жобалау. Массивтер. Графиктік бағдарламалар. Шығармашылық жобаларды жобалау. Автоматтық реттеу туралы түсінік, анықтама, реттемелі параметр, нысаны объектісі, олардың қасиеттері мен схемалары. Автоматты реттеуіштердің атқаратын қызметі, тіктелуі, құрылысы, жұмыс істеу принципі, функциональдық және құрылымдық схемалары, реттеу мүшелері. Автоматтық басқару жүйесінің қосалқы құралдары; панельдер, станциялар, басқару блоктары, жағдайларды көрсеткіштер мен сезгіштер, бағдарламалық құрылғылар. Процестерді автоматтық басқару жүйесінен қолмен басқаруға ауыстыру және керісінше.
|
Білімдер:
-ақпаратты кодпен хабарлау ережелерін;
-есептеу жүйелерін;
-екілік арифметиканы;
-формалды, математикалық логикаларды;
-WINDOWS ОЖ, WinZip архиваторын, DOS ОЖ- нің түрлерін;
-программалар қабығын;
-алгоритмдер түсінігін;
-көрініс тәсілдері мен қасиеттерін;
-алгоритм түрлерін;
-бағдарлама тілін;
-сызықты бағдарламаны жобалаудың тәсілдерін;
-тармақты бағдарламаны жобалауды;
-графиктік бағдарламаларды;
-автоматтық басқару жүйесінен процестерді қолмен және керісінше ауыстыру ретін;
Іскерліктер:
-бір жүйеден басқасына ауыстыруды;
-WORD – тың мәтіндік процессорымен, EXCEL – дің электронды кестесімен, Corel DRAW- тың векторлық редакторымен жұмыс істеуді;
-вирустардан қорғауды құруын;
-творчестволық жобаларды әзірлеуін;
-автоматты реттеуді қолдануын;
-автоматты жүйемен басқарудың қосалқы құралдарын пайдалануды;
-техника қауіпсіздігін сақтауды;
|
БҚ 4
|
АП 00
|
Арнайы пәндер
|
|
|
|
Біліктілігі: «Техник – технолог»
|
|
|
АП.01
|
Су тегіндегі шикізаттың биохимиясы
Тірі организм құрамына жатқызылатын негізгі заттардың биохимиялық рөлі; ақуыздар қасиеттері және олардың алмасуы; көмірсутегі қасиеттері және олардың алмасуы; липидтер қасиеттері және олардың алмасуы; ферменттер қасиеттері; олардың қалыптасу механизмдері және олардың белсенділігін реттеу тәсілдері; ферментті қосымшалар; витаминдер; су және минералды заттар;өлгеннен кейінгі, өңдеуден кейінгі және сақтау кезінде балық тканында болатын биохимиялық процестер;
|
Білімдер:
-шикізаттар мен дайын балық өнімдерінде кездесетін биохимиялық процестің мәнін;
Іскерліктер:
-еңбек қауіпсіздігі, еңбек гигиенасы және өндірістік санитариясын сақтаумен технологиялық операцияларын атқара алуды;
|
КҚ 3.7.4
КҚ 3.7.1
|
АП.02
|
Кәсіпшілік ихтиология
Балық кәсіпшілігінің шикізат тық базалары; кәсіпшіліктің ,негізгі аймақтары; балық аулау құралдары және тәсілдері; негізгі балық және балыққа жатпайтын объектілердің кәсібі және олардың шаруашылықт ағы маңыздылығы; улы және у шығаратын балықтар; балық морфологиясы мен биологисы; балықтың ішкі белгілері; балықтың ішкі қүрылымы жөніндегі негізгі мәліметтер; балықтың негізгі жүйелілігі; балықтың негізгі аурулары; балық шикізатының негізгі санитарлық және паразиттік сараптамасы; балық шикізатына ветеринарлық бақылау жасау.
|
Білімдер:
-кәсіпшілік балықтың негізгі түрлерін және олардың шаруашылықтағы маңыздылығын;
Іскерліктер:
-балық және балыққа жатпайтын объектілер сапасына санитарлы және паразиттік бағасын беруді, балықтың кәсіпшілік көлемін және түрлерін анықтай алуды;
|
КҚ 3.7.4
КҚ 3.7.5
|
АП.03
|
Балық өнеркәсібінің шикізаттары және материалдары
Балық өнеркәсібі шикізаттарының технологиялық сипаттамасы; су тегіндегі шикізаттарын қолдануда гигиеналық және экологиялық аспектер; балық және балыққа жатпайтын шикізаттар тканінің негізгі қасиеттері, құрылысы, құрамы; шикізатты орынды қолдану принциптері; энерго үндемейтін және қор үндемейтін технологиялар; шикізатты алғашқы өңдеу және сақтау кезіндегі өзгерістер; балық және балыққа жатпайтын шикізаттарды консервілеу принциптері және тәсілдері; балық және балыққа жатпайтын шикізаттарды өңдеудің келешектегі тәсілдері; негізгі және қосалқы материалды балық өнімдерінің өндірісте қолданылатын түрлері және сипаттамасы, тұтынушылық және көліктік ыдыстар буып – түю материалдары.
|
Білімдер:
-негізгі түрдегі тағамдық, азықтық және техникалық балық өнімі өндірісінің технологиясының теориалық негіздерін;
Іскерліктер:
-балық кәсіпшілігіндегі шикізаттар мен қосалқы материалдарды қолдана алуды;
-органолептикалық, физикалық және химиялық әдіспен дайын балық өнімлері мен материалдар, шикізаттрдың сапасын анықтай алуды;
|
КҚ 3.7.2
КҚ 3.7.6
|
АП.04
|
Балық және балық өнімдерін өңдеу технологиясы
Шикізаттарды алғашқы өңдеу; тоңазытқыш технологиясы; салқындату және қатыру тәсілінің сипаттамасы, негізгі теориясы, классификациялық; салқындатылған және тоңазытылған балық өнімдер өндірісінің технологиясы; салқындатылған және тоңазытылған балық өнімдерінің ақаулықтары және сақтау; тұздау тәсілінің сипаттамасы, классификациялық, негізгі теорисы; тұздалған балық өнімдері мен престеу өндірісінің технологиясы; уылдырық өндірісінің технологиясы; тұздалған балық өнімдері мен престеудегі ақаулықтар және сақтау; кептіру, қақтау және ыстау тәсілдерінің сипаттамасы, классификациясы, негізгі теориясы; кептірілген, қақталған және ысталған балық өнімдері өндіріссінің технологиясы; кептірілген, қақталған және ыстлған балық өнімдерінің ақаулықтары және сақтау; зарарсызданғаан консервілер түржиыны, сиппаттамасы, негізгі теориясы; зараарсызданған консервілер өндірісінің технологиясы; зарарсызданған консервілердің ақаулықтары және сақтау; негізгі түрдегі кулинар өнімдері өндірісінің сипаттамасы және технологиясы; кулинар өнімдері өндірісінің ақаулықтары және сақтау; тағамдық, азықтық және техникалық балық өнімдері мен майлар өндірісінің технологиясы мен классификациясы; тағамдық, азықтық және техникалық балық өнімдері мен майлар ақаулықтары және сақтау; теңіз аңдары м ен балдырларын өңдеу технологиясы жөніндегі ұғымдар; балық өнімдерін таңбалау және буып түю; тағамдық, азықтық және техникалық балық өнімдері мен майлардың негізгі түрлеріне қойылатын стандаттар және басқа да нормативтік құжаттардың талабы; балық өнімдерінің жаңа түрлерін жақсарту; жақтартудың негізгі кезеңдері; технологияда қолданылатын экологиялық аспектер; теехнологиялық есептемелер және технологиялық құжатнамалар.
|
Білімдер:
-балық өнімдерінің жаңа түрлерін жақсартудың негізгі кезеңдерін;
-дайын балық өнімінің негізгі түрлеріне және шикізаттарына қойылатын стандаттар және басқа да нормативтік құжаттардың талабын;
Іскерліктер:
-нормативтік және технологиялық құжатнамалармен сәйкестенген балық өнімдер өндірісінің технологиялық процестеріне құрастыру, ұйымадастыру және жетекшілік жасауды;
-технологиялық есептемелер жүргізуді;
|
КҚ 3.7.4
КҚ 3.7.5
КҚ 3.7.8
|
АП.05
|
Балық және балық өнімдер өндірісін технохимиялық бақылау
Негізгі ұғымдар және терминдер; шикізаттармен дайын өнімдерді талдау әдістері; өндірісін бақылау схемасы және оларды әзірлеу; дайын өнімдер, шикізаттарды қабылдау ережесі және сынама таңдау әдістері; салқындатылған және тоңазытылған балық өнімдерінің сапасын және өндірісін тексеру; тұздалған балық өнімдері мен престеу сапасын және өндірісін тексеру; кептірілген, қақталған және ысталған балық өнімдерінің сапасын және өндірісін тексеру; кулинар өнімдер сапасын және өндірісін тексеру; зарарсызданған консервілер сапасын және өндірісін тексеру; тағамдық, азықтық және техникалық балық өнімдері мен майлар сапасын және өндірісін тексеру; су, ас тұзы, тузлук негізгі және қосалқы материалдаарды, ыдыстар сапасын тексеру; балық және балыққа жатпайтын шикізаттарды, тағамдық, азықтық және техникалық балық өнімдеріне қойылатын техникалық шарттар, стадарттың негізгі талаптары; дайын өнімнің сапасын куәландыратын құжаттары рәсімдеу реті.
|
Білімдер:
-шикізаттар, материалдар мен дайын балық өнімдерінің сапасын және өндірісті бақылау әдістерін, ұйымдар принциптерін;
Іскерліктер:
-технологиялық және нормативтік құжатнамаларды пайлана алуды;
-шикізаттың жоғарғы шығынын және ақаулық себептеріне талдау жасауды
|
КҚ 3.7.4
КҚ 3.7.7
|
АП.06
|
Балық өндірісінің технологиялық жабдықтары
Технологиялық жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар; технологиялық жабдықтар жасау үшін қолданылатын негізгі материалдар; азық – түлік өндірісінің негізгі технологиялық процестері; технологиялық машиналар мен аппаратурасын пайдалану ережесі және қолдану аумағы, тағайындалуы, әрекет ету принциптері; механикалық операцияларға арналған жабдықтар: көліктік жұмыстар және жүк тиеу және түсіруге арналған; балықты сұраптау және жууға арналған; балық және балыққа жатпайтын объектілерін бөліуге арналған; ұсақтауға, араластыруға, сүртуге және престеуге арналған; дозалайтын бууға арналған ыдыстың герметикасына арналған;өнімді тауарлық түрге келтіруге арналған;жылулық процестерге арналған жабдықтар:шикізатты тоңазыту ретіне арналған;қайнату,бланширлеу қуырып тастау және пісіруге арналған;консервіні зарарсыздандыруға арналған;булауға арналған;кептіру және ыстауға арналған;өндірістік желілер қоректік балық ұны мен майлар өндірісіне арналған жабдықтар және қондырғылар;жабдықтың бірлік саны мен өнімділігінің есебі,жылулық есептеме әдістері;технологиялық жабдықтарды пайдалану кезінде еңбек қорғау.
|
Білімдер:
-Балық өңдеу өндірісінің негізгі технологиялық және тоңазытқыш жабдықтарын пайдаланудың ережесін және әрекет ету принциптерін;
Іскерліктер:
-негізгі технологиялық және тоңазытқыш жабдықтарын пайдалану;
-кез келген схемамен өндірістік механизмінің негізгі параметрлерін таңдай алуды;
|
КҚ 3.7.2
КҚ 3.7.6
|
|
АП.07
|
Тоңазытқыш жабдықтары
Термодинамика және жылу берілісінің техникалық негіздері; төменгі температурамен алудың негізгі тәсілдері; жасанды жолмен салқындатып алудың термодинамикалықнегіздері; тоңазытқыш агенттері және жылу тасығыштар; негізгі тоңазытқыш жабдықтары мен тоңазытқыш машинасының әрекет ету принциптері; технологиялық жабдықтың тоңазытқыштың әрекет ету принциптері және құрылысы; тоңазытқыш камерасы мен трюмның құрылысы және салқындату тәсілдері; тоңазытқыш көлігінің түрлері; тоңазытқыш камерасы мен трюмның сиымдылық есептемесі және калоритті есептеу әдістемесі; тоңазытқыш қондырғыларын пайдалану кезіндегі еңбекті қорғау.
|
Пәнді оқу нәтижесінде білім алушы
Білімдер:
-тоңазытқыш машинасының құрылысын,техникалық сипаттамасын;
-тоңазытқыш машинасының жұмыс процестерін және олардың салқындату жүйелерін;
Іскерліктер:
-тоңазытқыш жабдығын орнату ережесі бойынша зауыт-дайындаушылардың нұсқаулығын сақтау және оларды колдана алуын;
|
КҚ 3.7.2
КҚ 3.7.6
|
|
ӨО және КП
|
Өндірістік оқыту және кәсіптік практика
|
|
ӨО.00
|
Өндірістік оқыту
|
|
ӨО.01
|
Танысу практика
Жұмыс орнын ұйымдастыру және еңбек қауіпсіздігі бойынша нұсқау. Технологиялық жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар, азық-түлік өндірісіндегі негізгі технологиялық үдерістер.Технологиялық машиналар мен аппараттарды пайдалану мен қолдану ережелері.
|
Іскерліктер:
Балық өңдеу өндірісіндегі негізгі технологиялық және тоңазытқыштық қондырғылардың жұмыс жасау принциптері мен пайдалану ережелерін;
Дағдылар:
Кез келген сызба үшін өндірістік механизмдердің өлшемдерін (параметрін)таңдай білу.
|
КҚ 3.7.2
КҚ 3.7.5
КҚ 3.7.6
КҚ 3.7.7
КҚ 3.7.1
КҚ 3.7.5
|
|
ӨО.02
|
Оқу практика
Негізгі ұғымдар мен терминдер, шикізатты және дайын өнімді талдау әдістері, балық өнімдерінің сапасын бақылау сызбасы, шикізатты қабылдау ережелері, сынама таңдау әдістері, құжаттарды толтыру тәртібі.
|
Іскерліктер:
Жұмыс кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды.
Дағдылар:
-технологиялыө нормативтік құжаттарды қолдана білу;
-өнімнің сапасын бақылауды жүзеге асыру.
|
КҚ 3.7.2
КҚ 3.7.6
КҚ 3.7.7
КҚ 3.7.6
|
|
КП00
|
Кәсіптік практика
|
|
КП.01
|
Технологиялық практика
Оқыту балық өңдеу кәсіпорындарының мамандарымен арнайы бағдарлама бойынша жүзеге асырылады. Оқыту барысында апатты жағдайлардағы жұмысшылардың іс-әрекетіне, білікті түрде алғашқы медициналық көмек көмек көрсетуге, өртке қарсы құралдарды қолдануға аса көңіл бөлу керек.
|
Іскерліктер:
Балық өнімдерін өндірудің технологиялық үдерісін дайындау, ұйымдастыру және оған басшылық жасау;
Төменгі температура алудың негізгі тәсілдері,
Жасанды салқындық алудың термодинамикалық негіздері.
Салқындатқыш қондырғыларды пайдалану кезінде қауіпсіздік техникасын сақтау.
Дағдылар:
Мамандық бойынша өз бетімен жұмыс жасай білу;
Негізгі технологиялық және тоңазытқыштық қондырғыларды пайдалана білу.
|
КҚ 3.7.1
КҚ 3.7.5
КҚ 3.7.6
КҚ 3.7.1
КҚ 3.7.2
|
|
КП 02
|
Диплом алды практика
Техник-технолог дублері ретіндегі жұмыс. Нормативтік құжаттармен, техникалық және технологиялық құжаттамалармен жұмыс.
Жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау.
|
Іскерліктер:
Шикізатты алғашқы өңдеуді, салқындату және мұздатудың тәсілдерінің жіктеуіштерінің және сипаттамасының негізгі теориясын.
Шикізатқа және дайын балық өнімдерінің негізгі түрлеріне қойылатын стандарттың және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарын.
Дағдылар:
Тоңазытқыш қондырғыларды қондыру кезіндегі нұсқау мен ережелерді сақтау.
|
КҚ 3.7.4
КҚ 3.7.1
КҚ 3.7.1
КҚ 3.7.5
КҚ 3.7.2
КҚ 3.7.3
КҚ 3.7.1
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |