Дәріс №5
Тақырыбы: Браузер мен серверлер.
Интернеттегі мекендеу.
Домендік аттар жүйесі. DNS –сервері.
Браузер мен серверлер. Прокси –сервер. URL – мекенінің форматы.
Домендік атаулар жүйесі
Домендік атаулар жүйесі – бұл желілік топтарға олардың атауларының ішкі жиындарына жауапкершіліктіжіберу жолымен атаулар беру әдісі. Жүйенің әрбір деңгейі домен деп аталады. Атаулардағы домендер бір-бірінен нүкте арқылы ажыратылады, мысалы, nusun.jinr.dubna.su, arty.bashkiria.su, vxcern.cern.ch, nic.ddn.mil. Домендік атауда деңгейлердің әртүрлі саны болуы мүмкін, практика олардың саны бесеуден аспайды. Домендік атау бойынша солдан оңға қарай жылжуы бойынша сәйкес топқа кіретін атаулар саны жоғарылайды.
Атауда бірінші болып жұмыс мәшинесінің - IP-адресті нақты компьютердің аталуытұрады. Бұл атау өзі қатысты топпен (мысалы, nusun (SUN SPARC) компьютері jinr тобында) құрылған және қолдау тапқан. Топ аса ірі бөлімше құрамына кіреді (мысалы, қалалық бірлестік – Шымкент қаласының желісі), ал бұл бөлімшенің өзі ұлттық желінің (мысалы, СНГ елдерінің желілері, su домені) бөлігі болып табылады.
Топ өзінің меншігіндегі кез-келген атауларды құрады және өзгерте алады. Егер jinr тобы Интернет желісінің өз бөлігінде тағы бір компьютер қойғысы келсе, мысалы VAX, және оны mainx деп атаса, онда оған осы іс-әрекеттерді орындау үшін қосымша рұқсат сұрау қажет емес. Оған қажеті – жаңа атауды сәйкес бүкіләлемдік деректер қорының сәйкес бөлігіне қосу қажет. Осындай үлестіру реті бойынша Интернет желісінің ешқандай екі түйінінің бірдей атаулары болуы мүмкін емес.
Интернет әлемдік желі болғандықтан, атаулардың домендік жүйесін құру кезінде ел ішіндегі атауларға жауапкершілікті жіберу әдісі де қажет болды. Қазіргі кезде мемлекеттерді екі әріптік кодтау қабылданған. Мысалы, бұрыңғы СССР – su, АҚШ – us және т.б. Жалпылық пен тәртіп үшін осы құрылымдау жүйесіне АҚШ-ты да қосқан. Пайдаланушы пернетақтадан қандай да бір атау тергенде, мысалы mx.ihep.su, компьютер оны цифрлық адреске түрлендіруі керек. Бұл үшін ол DNS-серверлер деп аталатындардан көмек сұрайды. DNS-сервер атауды өңдеуді оның соңының оң жағынан бастап, онымен солға қарай жылжиды, яғни адресті іздеу алдымен ең үлкен топта (доменде) орындалып, ал кейінірек бірте-бірте сығыла (сужается) береді.
DNS – сервер.
DNS – атаулар серверінің таратылған жүйесі. Атаулар серверінің топтары бұл жүйеде домендер мен ішкі домендердегі түйіндерге қатысты жазбаларға жауап береді. Бұл топтар зоналар деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |