Лекция Тағам өнімдерінің биоқауіпсіздігі


Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырылады



жүктеу 0,57 Mb.
бет11/15
Дата27.03.2023
өлшемі0,57 Mb.
#41865
түріЛекция
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
азық тех қауіпсіздігі (1)

Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай қағидаттар негізінде жүзеге асырылады:


  1. адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған ортаны қорғау үшін тамақ

өнімдері қауіпсіздігінің басымдығы;

  1. адам денсаулығы мен қоршаған ортаға ықтимал зиянды әсердің алдын алу;

  2. жүзеге асыратын іс-шаралардың ашықтығы;

  3. ақпараттың жариялылығы, қолжетімділігі, дұрыстығы;

  4. тәуекелдерді бағалаудың ғылыми негізділігін;

  5. тамақ өнімдерін әзірлеудің (жасаудың), өндірудің (дайындаудың), айналымының, кәдеге жаратудың және жоюдың барлық процестерінде (сатыларында) тамақ өнімдерінің қадағалануы;

  6. тамақ өнімдерінің барлық сатыларында қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін субъектілердің жауапкершілігі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы құзыретіне:


  1. тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу;

  2. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, оның ішінде техникалық регламенттерді бекіту;

  3. Қазақстан Республикасының аумағына алғаш рет өндірілетін және алғаш рет әкелінетін азық қоспаларын, тағамға биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді тіркеу тәртібін бекіту;

  4. тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы салалық (секторалдық) бағдарламаларды бекіту;

  5. тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін салааралық

үйлестіру;

  1. адамның өмірі мен денсаулығына және жануарларға қауіп төндіретін тамақ өнімдерін алып қою, кәдеге жарату және жою тәртібін бекіту;

  2. мемлекеттік тіркеуге жататын тамақ өнімдерін әкелу (импорттау) тәртібін бекіту;

  3. тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органдардың тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) сәйкестігін, әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою кезінде пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың, материалдар мен бұйымдардың Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін келісу тәртібін бекіту;

  4. санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын тамақ өнімдерін байыту

(фортификациялау) тәртібін бекіту;

  1. тамақ өнімдерін өндіру объектілерін тіркеу тәртібін бекіту;

  2. ветеринариялық бақылауға жататын экспортталатын тамақ өнімдерін өндіру

объектілерін тіркеу және осы өнімге ветеринариялық сертификат беру тәртібін бекіту;

  1. тамақ өнімдерінің Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растау тәртібін бекіту;

  2. тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінде (сатыларында) олардың сәйкестігін, тамақ өнімдерін әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналымы, кәдеге жарату және жою процестерінің (сатыларының) Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру тәртібін бекіту;

  3. генетикалық түрлендірілген объектілер айналымының тәртібін бекіту;

  4. генетикалық түрлендірілген объектілердің қауіпсіздігін ғылыми-негізделген растау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін бекіту;

  5. консервіленген тамақ өнімдерін тіркеу тәртібін бекіту.

жүктеу 0,57 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау