Лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде Саясаттанудың объектісі. Саясаттанудың танымдык пәні. Жеке пән ретіндегі саясаттанудың жанжақтылығы


ҚР Конституциясының негізгі қағидалары



жүктеу 0,9 Mb.
Pdf просмотр
бет45/124
Дата15.11.2022
өлшемі0,9 Mb.
#40160
түріЛекция
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   124
Лекция. Саясаттану ылым ж не о у п ні ретінде Саясаттануды объ

ҚР Конституциясының негізгі қағидалары.
1995 жылы 30 тамызда 
қазақстандықтар бүкiлхалықтық референдумда қолдап дауыс берген Конституция елiмiзде 
демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтiк және әлемге ашық мемлекет құруға негiз 
қалап бердi. Ата Заңды референдум арқылы қабылдау ең демократиялық тәсiл болып 
табылады. Әлемдiк тәжiрибеге жүгiнсек, Франция, Италия, Болгария, Румыния және т.б. 
бiрқатар елдердiң Конституциялары референдум жолымен қабылданған.
ҚР жаңа Конституциясы ең алдымен адамның негiзгi құқықтары мен бостандықтарын 
бекiттi. Бұл әрбір азаматының құқығы мен еркіндігін қорғауға бет бұрудың маңызды саяси 
басымдылыққа айналуы жаңа дүниеге келген егеменді елдің тұрғындарын барынша 
біріктіруге, қоғамның саяси өмiрiне демократиялық қағидаларды ендiруге мүмкiндiктер 
жасады. Өйткенi, азаматтарымыздың көбiсi – 60 пайызы өздерiнiң құқықтары мен 
еркiндiгiне ерекше мән беретiндiгiн әлеуметтiк зерттеу нәтижелерi де көрсетiп отыр.
Көптеген посткеңестік мемлекеттер сияқты Қазақстанда тоталитарлық режімнен 
орталықтанған саяси кеңістікті мұраға алған болатын. Енді осы жағдайда демократиялық 
саяси институттарды көп ұлтты мемлекетте енгізу мақсаты мен міндеті тұрды. 1995 жылғы 
ҚР Конституциясы негiзiнде елiмiзде демократиялық саяси институттар өмiрге келдi, атап 
айтсақ, билiктiң тармақтарға бөлiнуi, билiктiң жоғарғы ұйымдарының сайланбалы болуы, 
президент, парламент институттары және көппартиялық жүйе т.б. Парламент Қазақстан 
халқының демократиялық қалаулары мен қажеттіліктерін жариялаушы, жүзеге асырушы 
органға айналуы тиіс болатын. Сонымен бірге, Қазақстанға президенттік басқару 
жүйесіндегі қуатты мемлекеттік биліктің қажет екендігі мойындады.
Конституция азаматтарға ерiктi және жалпыға ортақ сайлауларда ел Президентi мен 
Парламент, маслихат депутаттарын сайлау құқығын бердi. 
Заң негiзiнде азаматтарымыз өз қалауы бойынша бiрлестiктер құруға құқығы бар. ҚР 
саяси партиялар туралы Заңы бойынша азаматтардың кәсiптiк, нәсiлдiк, ұлттық, этностық 
және дiни белгiлерi бойынша саяси партия құруға жол берiлмейтiндiгiн бiлгенiмiз жөн. Бұл 
поликонфессиялы, полиэтникалық күрделi қоғамымызда тұрақтылық пен келiсiмдi сақтау 
үшiн қажеттiлiк болып табылады. 
ҚР жаңа Конституциясы негiзiнде саяси жүйе институттарының орнықтылығы, 
олардың сыртқы және iшкi өзгерiстер кезiнде тиiмдi жұмыс iстеу мүмкiндiгi қалыптасты. 
Негiзгi Заңымыз қоғамымызда саяси және мемлекеттiк тұрақтылықты қалыптастырды, одан 
маңызды еш нәрсе жоқ. Қоғам өмiрiнiң кез келген саласына жүргiзiлген реформа нәтижесi 
қоғамда қалыптасқан саяси ахуалға тәуелдi. Тиiмдi, қолайлы саяси ахуал, яғни саяси 
тұрақтылық реформа тиiмдiлiгiнiң негiзгi кепiлi. Бiз қазiргi кезде қоғам өмiрiнiң кез келген 
саласында жүргiзiлген реформалар нәтижелерiн көрiп отырмыз.
Қазақстан Республикасы жаңа азаматтық қоғам құру идеясын қолға алып отыр. Бұл 


полиэтникалық Қазақстанның әлеуметтік-мәдени ерекшеліктерін ескере отырып 
жүргізілетін күрделі іс. Өйткені, азаматтық мәдениет өте мықты іргетасқа сүйенгені абзал. 
ҚР Конституциясы елімізде азаматтық қоғамның мына қағидаларын да ендіруде:
1 алдымен жеке бастың мүдделерін бәрінен жоғары қоюы, ол адамның жеке 
қауіпсіздігін қамтамасыз етуді негізгі бағдар ретінде қарастырады. Қоғамдағы барлық 
заңдар жүйесі, соттар қызметі, ішкі істер басқармалары осы қауіпсіздікті қамтамасыз етуі 
тиіс.
2 ешкімнің басқадан заң алдында артықшылығы, басымдылығы, биіктігі болмауы 
керектігі азаматтық құндылық ретінде мойындалады. Шыныменде әділ соттың алдында хан 
да, қара да бірдей болуы керектігі жөнінде өткен заманда қазақтың дәстүрді мәдениетінде 
де айтылған болатын. Бұл теңдік принципі қоғамдағы әділеттілікті орнату үшін керек негіз 
болады деген ойдамыз.
3 жеке меншіктің болуы, қорғалуы, әкеден балаға берілуі жөніндегі құқық азаматтық 
қоғамның жетекші қағидасының бірі деп есептеледі, әрі заңымыз оны бекітеді.
4 азаматтық қоғамның мемлекеттік органдар мен аппаратының қызметін бақылау 
жүйесін орнату. Бұл бақылаудың төмендегі деңгейден (ұжымнан) мемлекеттің ең жоғары 
сатысына дейін жүргізілуі шартты. 
Конституция азаматтық қоғамның негізгі қағидасы сөз бостандығын, әркім пікірін, 
ойын білдіргені үшін қудаланбауын қамтамасыз етеді. Тек ол қоғамның моралдың 
қалыптарына, азаматтардың ар-ұятына, абыройына нұқсан келтірмейтін сипатта болуы 
керек. 
Қоғамдағы мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарға әрбір азаматтың қатысуға құқы
болуы керек, оған ешқандай шектеулер қойылмауы шарт, яғни бұл әлеуметтік жіктелудің 
болмауын қадағалау, заңның биіктігін мойындау, азаматтық теңдіктің көрінісі болып 
табылады. Бұл тұрғыда елімізде көптеген игі істер жүргізілуде. Көптеген қайшылықтар мен 
жанжалдар сотта шешілуі қажеттілігі айтылуда. Тек сол соттың жемқорлықтан алыстау 
болуы мен болмауы көптеген саяси және әлеуметтік процестердің бағыт-бағдарын 
анықтайды.
Заң ар-ұждан бостандығын, яғни діни көзқарастар бойынша қудаламауды да 
қамтамасыз етеді. Ол жағынан елімізде жүзден аса діни ұйымдардың заңды түрде 
тіркелгенін айта аламыз. Еліміз дін мәселесі бойынша өз позициясын анықтап, зайырлы 
қоғамды құру мақсатын білдіріп отыр. Конституцияда бекiтiлген зайырлы мемлекет 
қағидалары әлемде дiни қақтығыстар өршiп отырған кезде өте күрделi поликонфессиялы 
елiмiзде дiни келiсiм мен түсiнiстiк орнауына мүмкiндiк беруде. 
Қазақстандағы 1993 жылы қабылданған Конституция ұлттық-этникалық және 
азаматтық параметрлерді дамытуға үлкен екпін берді. Осыдан келіп көптеген орыс тілді 
ағайындар (400 мыңдай) өздерінің тарихи отанына қоныс аударды. Бұл әлеуметтік тарихи 
қажеттіліктен туындаған, өзіндік заңдылығы бар құбылыс болатын. Ешқандай ұлттық, 
этникалық болмысына байланысты азаматтарды қуғындаудың, шектеудің көрінісі 
байқалмаған еді. 
Ал, енді ауыспалы, өзгермелі кезеңнен кейін Қазақстандағы әртүрлі халықтардың 
өкілдері 1995 жылдан бастап біртұтас елімізде азаматтық етенелесуге, бірыңғай күйге, 
ұстанымға бет бұрған сияқты. Бұл жалпы қазақстандық отаншылдықты туындататын, оны 
бекіте түсетін жағдай. Әсіресе, 1995 жылы жаңарған Конституция Қазақстанда басқа 
халықтардың өкілдеріне біршама сенімділік орнатты, олардың өздерін біртұтас 
мемлекеттің азаматы деп сезінуге ұмтылдырды. Алғашқы ұлттық тәуелсіздікке 
ұмтылыстан кейін, бұл әрекеттерді өркениетті ел боламыз ба деген ойдан туындаған 
қадамдар деп түсінуге болады.
Сайып келгенде елiмiздiң ертеңi, оның демократиялық, құқықтық жолмен дамуы 
бүгiнгi жастардың қолында. Сондықтан болар ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың «Егер бiз 
құқық идеялары салтанат құратын өркениеттi қоғам орнатқымыз келетiнi рас болса, онда 
әр бiр азамат мектеп қабырғасында жүргенде-ақ құқықтың қарапайым бастауларын бiздiң 


қарапайым есеп-қисапты бiлгенiмiздей игерiп алуға тиiстi» – деп атап көрсеттi. Мұнда екi 
мәселеге ерекше назар аударған жөн: 
1 құқықтық бiлiм беру жүйесiн дамыту, оған отбасын, бiлiм беру саласын, БАҚ-ын
тарту;
2 шетелдiк ғалымдардың жастарды әлеуметтендiруде iс-әрекеттiң маңыздылығын 
атап айтуы ойландыруы қажет. Өйткенi бала санасында айтқан сөзден гөрi, көрiп отырған 
iс-әрекет қатты әсер етедi, әрi ұмытылмайды. Демек, күнделiктi iс-әрекетiмiзде заң бұзу 
әрекетiнен аулақ болуымыз тиiс. 
Қорытындылай келе айтарым, қоғамымыз жетiле түсу үшiн демократия 
қағидаларының қалыптасуы шарт. Бұл әлеуметтiк, этникалық, мәдени проблемаларды 
өркениеттi тұрғыда шешудi талап етедi, адам тұлға болып дамуына жағдайды 
қалыптастыруды сұрайды. Мұның өзi азаматтарымыздың санасы жаңа ХХІ ғасырға сай 
құқықтық сипатта қалыптасуымен байланысты. Бұл өте жауапты мiндетті орындау 
барлығымыздың азаматтық және кәсiби парызымыз деп санаймын.

жүктеу 0,9 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   124




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау