Қан айналу жүйесі. Эволюциялық дамудың барысында омыртқалы жануарлардың ішінде құрлыққа шығуына байлайысты қосмекенділерде ең бірінші рет өкпе пайда болады. Осыған сәйкес қан айналыс жүйесінде елеулі өзгерістер туады. Барлық қосмекенділердің жүрегі балықтардың жүрегі сияқты екі бөлімнен емес үш бөлімнен: бір қарыншадан, сол жүрекшеден және оң жүрекшеден тұрады. Өкпеде оттегіне қаныққан және көмір қышқыл газы азайған қан өкпе веналары арқылы сол жақ жүрекшеге келіп құйылады. Мұндай қандарды вена қан тамырлары әкелсе де, оны артерия қаны деп атау ұйғарылған. Бүкіл денеге оттегін таратып, көмір қышқыл газына қаныққан қан веналар арқылы оң жақ жүрекшеге келіп құйылады. Мұндай қанды вена қаны деп атауға (мақұлданған) ұйғарылған.
Жүрекшелердің жиырылуының нәтижесінде барлық қан құлақшаға құйылады. Құлақшада артерия мен вена қандары толық араласпайды, өйткені қарыншаның ішкі бетіндегі әртүрлі өсінділер қандардың толық араласуына мүмкіндік бермейді. Сондықтан жүрекше жиырылып болғаннан кейін қарыншаның оң жақ бөлігінде вена қандары, сол жағында - артерия қандары, ал ортасында — аралас қандар тұрады.
Жүрекшенің оң жақ бөлігінен артериялық конус шығады, одан төрт жұп артериялық доғалар тарайды. Бірінші жұп артерия таза артериялық қанды бас бөліміне апарады, оны ұйқы артериясы дейді. Екінші және үшінші жұп артериялар дененің барлық жеріне таратылған үлкен тамырлар жүйесін ортасын құрайды. Төртінші жұп артерия — ол қанды өкпеге апарады, әрбір өкпе артериясынан бірден ұлкен қан тамыры шығып, теріге барып, теріде веноздық қан оттегіне қанығып денеге тарайды. Сондықтан бұл қан тамырларын өкпе-тері артериялары деп атайды. Сайып келгенде, қомекенділерде балықтардікі сияқты бір ғана қан айналыс шеңбері емес, екі қан айналыс шеңбері бар. Үлкен қан айналыс шеңбері — жүректен шыққан қан артериялар мен капиллярлар арқылы бүкіл дененің бөліктеріне тарап, одан капиллярлар мен веналар арқылы оң жақ жүрекшеге келіп құяды. Кіші кан айналым шеңбері - жүректен шыққан қан өкпе артериясы мен капиллярлар арқылы өкпеге барады, одан капиллярлар және екпе венасы сол жақ жүрекшеге келіп құяды.
Қосмекенділерде бұл екі шеңбер жылы қанды омыртқалардағы сияқты толық бөлінбеген. Вена қаны да, артерия қаны да жүректің жалғыз қарыншасы арқылы өтеді. Қан тамырлар арқылы қан баяу қозғалады және қанда оттегі аз аралас қанмен қамтамасыз етеді. Сол себептен зат алмасудың дәрежесі жоғары болмай, олардың денесінде жылу аз болады. Бұлар да балықтар сияқты, суық қанды жануарларға жатады. Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның температурасымен тығыз байланысты. Қосмекенділердің тіршілігінің маусымдық, тәуліктік ерекшеліктері және географиялық таралуы осыған байланысты. Олардың түрлері тек тропикалық жерлерде ғана көп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |