Лекция мақсаты: Жаратылыстану негіздері пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұны туралы және ботаника ғылымы жөнінде түсінік беру


Тақырыбы: Моллюскалар типі (немесебылқылдақденелілер)



жүктеу 438,57 Kb.
бет29/90
Дата07.01.2022
өлшемі438,57 Kb.
#37101
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   90
Лекция тезистері Жаратылыстану 3

Тақырыбы: Моллюскалар типі (немесебылқылдақденелілер). Буынаяқтылар типі

Жоспары:

1.Моллюскалар типінің тіршілік ету ортасы, сыртқы және ішкі құрылысы

2. Буынаяқтылар типіне жалпы сипаттама

1.Былқылдақденелілер - кейбіреулері ғана болмаса, көпшілігі бақалшақты, жұмсақ денесі бас, тұлға, аяққа бөлініп, нағыз суда мекендейтін жәндіктер. Олардың құрлықта тіршілік ететін де түрлері бар. Денесі буылтықсыз және өте жұмсақ болғандықтан, бұл топтағы жәндіктер былқылдақденелілер деп аталады. Жер жүзінде былқылда қденелілердің 130 мыңға жуық түрлері бар.

Моллюскалар типі екі класқа: бауыраяқтылар және қосжақтаулылар класына жіктеледі.

Теңіздерде, кейбірі тоғандар мен құрлықта тіршілік ететін, жұмсақ денесін бақалшақ қаптаған, тұлғасы бүкіл бауыр жағын қамтитын жәндіктер бауыраяқтылар немесе ұлулар класына жатады. Аяқ бөлігі бақалшақтың астыңғы бөлігін толтырып, дененің сол бөлігімен жүретін болғандықтан, бұлар бауыраяқтылар деп аталады. Бұлардың 90 мыңға жуық түрлері белгілі.

Бауыраяқтылардың өздеріне тән ерекшеліктер мыналар:

1.Бауыраяқтылар – көбінесе суда, кейде құрлықта мекендейтін, денесін бақалшақ қаптап, кейбіреулерінде бақалшағы болмайтын ең көп тараған былқылдақденелілер тобы. Бұлардың денесі бас, тұлға және аяқ деп үш бөліктен құралады.

2.Бауыраяқтылар - өсімдікқоректі жәндіктер. Ас қорытуға аыз, жұтқыншақ, өңеш, қарын, ішектен басқа бауыр да қатысады. Тынысалу мүшесі - өкпе, зәршығару мүшесі – бүйрек. Ұлудың қанайналымы ашық болады. Олардың тіршілік әрекетінің күрделенуіне байланысты жүйке жүйесі де жақсы жетілген. Сезім мүшелері – көз, тепе-теңдікті сақтау мүшесі және денеде бытыраңқы орналасқан сезімтал жасушалары мен қармалауыштары атауға болады. Ұлулар – гермафродиттер, көпшілігі ауыл шаруашылығына зиянды жәндіктер.

Көпшілігі теңіздер мен мұхиттарда, біразы тұщы суда тіршілік ететін, екі жақтаулы, жалпақ бақалшақтары бар, құрлықта кездеспейтін, тақташа желбезекті былқылдақденелі жәндіктер қосжақтаулылар немесе тақташа желбезектілер класына жатады. Кластың олай аталуы бақалшағы мен желбезегінің құрылысына негізделген. Кластың 20 000-ға тарта түрлері бар.Қосжақтаулылардың желбезектері тақташалардан құралған. Қосжақтаулы былқылдақденелілердің бақалшағы шапанша жасушаларынан бөлінетін сұйықтықтан түзіледі. Бақалшақ үш қабаттан құралған: сыртқы жасыл қоңыр түсті қабат, оның астында ақ немесе күңгірт түсті кәрден қабат және ең ішкі меруерт қабаты болады. Бақалшақ – былқылдақденелі жәндіктердің сыртқы қаңқасы.

Қосжақтаулы былқылдақденелілердің ақорыту, қанайналық, зәршығару, тынысалу және көбею мүшелері бар, нашар да болса жүйке жүйесі сыртқы тітіркендірулерді қабылдайды. Бұлар – дара жынысты жәндіктер, жұмыртқа және дернәсіл арқылы өсіп-өнеді. Дернәсіл кезінде уақытша паразиттікпен тіршілік етеді.Өкілі ретінде теңіз жағалауларында кездесетін айқұлақты келтіруге болады.

3.Моллюскалар тип өкілдеріне тұщы суларда тіршілік ететін, бауыр сорғыш паразитіне аралық ие - тоспа ұлуы, жүзімнің жапырағына зиян келтіретін - жүзім ұлуы, бауда өсетін өсімдіктер көпшілігінің жемісі мен жапырақтарын зақымдайтын - жалаңаш шырыш т.б. жатады. Оларға жеке-жеке тоқталайық.

Құрлықта мекендеп, өкпе арқылы тыныс алатын жүзім ұлуының көздері қармалауыштарының ұшінда болады. Жазғы ыстықта денесін бақалшақтың ішіне тартып алып, қатқыл қақпақ түзетін шырыш бөледі де, қақпақпен бақалшақтың кең ауызын жауып, жазғы ұйқыға кетеді. Бұл – қосжынысты, аналығы жұмыртқасын топыраққа салады.

Жалаңаш шырыш та - өкпе арқылы тыныс алатын ұлу. Басқа ұлулардан мұның айырмашылығы: бақалшағы болмайды, шапаншасы да өте нашар дамыған, оның біраз бөлігі тыныс алу қуысын астарлап жатады. Жалаңаш шырыштың екі ұзын, екі қысқа қармалауыштары болады, ұзын қармалауштарының ұшында көздері бар болса, қысқа қармалауыштарымен заттарды сипап сезеді.Жалаңаш шырыштың денесін шырыш қаптап тұрады, сондықтан шырыш деген атауға ие болған. Олар қорегін кешкілікті және түнгі салқында аулайды, күннің қызуына шыдай алмайды, күзде дымқыл топыраққа үйме-үйме жұмыртқа салады.

Бауыраяқты моллюскалардың кейбіреуі тағамға (Қытайда және т.б. елдерде теңізқұлақты) пайдаланылса, көпшілігі түрлі түсті әдемі бақалшағы үшін әр түрлі безендірулерге пайдаланылады.

Мұхиттар мен теңіздерде бақалшақсыз былқылдақденелілер де кездеседі. Оларға жыртқыш басаяқты былқылдақденелі жәндіктер жатады. Мұндай жәндіктердің денесі тек екі бөліктен – бастан және тұлғадан құралады, денесін қозғалысқа келтіретін бұлшықетті аяғы баста болғандықтан, бұлар басаяқты былқылдақденелілер деп аталады. Сегізаяқ, кальмар, каракатицаның басында 8-10 қармалауыштар аяқтың да қызметін атқарады. Бұлар балық пен таңқышаянды жеміне пайдаланып, кейде тіпті бірін-бірі, өзінің қармалауыштарын жейді. Бұрынғы КСРО-да солтүстік және қиыршығыстағы теңіздерде басаяқтылардың 60-тан астам түрі кездеседі, алайда бұлардың денесі онша ірі болмайды. Ал өте тереңде тіршілік ететін кальмарлардың кейбіреуі қармалауыштарымен қоса есептегенде ұзындығы 18 метрге дейін жететіні анықталған, ондай кальмардың салмағы 300 кг тартады екен. Демек, ғаламшарда мекендейтін басаяты былқылдақденелілер – бүкіл омыртқасыз жәндіктердің алыбы екен.



  1. 1.Жалпы сипаттама. Буынаяқтылар типі жануарлардың ең көп түрлі болып келетін типі, мұндай алуан түрлілігі, олардың тіршілік жағдайларының түрліше болып келетіндігімен байланысты, жануарлар тіршілік ететін қандай жағдай болса да, ол жерде, сөзсіз, буынаяқтылар кездеседі, атмосфераны, түрлі сулардың беттері мен олардың ішін, топырақ беттері мен оның арасын, қарлы жерлер мен мәңгі тұздарды буынаяқтылар жайлаған. Буынаяқтылардың арасында өз бетінше күн көретіндерімен қатар, жануарлар мен өсімдіктердің паразиттері де бар. Буынаяқтыларға сушаян тәрізділер көпаяқтылар және насекомдар жатады.

Буынаяқтылар екі жақты симметриялы және сегменттелген. Олардың буын-буын болып келетін қол аяқтары да метамериялы орналасқан. Буынаяқтылардың сегменттері үш бөлімге бөлінеді: бас, көкірек және құрсақ. Бұлшық еттері көлденең салалы жолақ. Орталық нерв жүйесі алғашында жұп болып, баспалдақ кейіптес келеді. Қан жүру жүйесі ашық, қан жүректің жиырылуы арқылы жүреді, ал жүректің өзі дорзаль түрде (ішектердің үстінде) орналасады және өзінің жұбынан келген кіру саңлаулары – остиялары болады. Зәр шығару органдары есебінде ішектермен байланысқан Мальпиги тамырлары мен орта ішектің оларға ұқсас қосалқылары бар. Буынаяқтылар дара жыныстылар.

Жалпы құрылысы. Буынаяқтылардың ата-тегі буылтық құрттар болып есептелінеді, олармен буынаяқтыларды байланыстыратындар мыналар: бұлардың екеуініңде денелерін кутикула жауып тұрады, сегменттелген, жүру үшін арнаулы органдары болады және ішкі органдарының жүйелерінің орналасу жағынан да ұқсас келген жеке органдарының құрылысы жағынан да ұқсастығы бар.

Сырт жамылғысы: Буынаяқтылардың сыртқы жамылғысы кутикуладан және оны астарлап жататын гиподермалық клетканың қабатынан тұрады. Кутикула хитин деп аталатын заттан құралады. Буынаяқтылардың кутикуласы тек жамылғы болып қана қоймайды, сонымен бірге сыртқы скелеті ( қаңқасы ) болып та саналадады, оған бұлшықеттер жабысып бекиді.

Денесінің сыртқы бөлшектенуі: Буынаяқтылар денесінің сегменттері әдетте үш бөлім құрайды – бас, көкірек және құрсақ, бірақ денесінің жіктелуі түрліше болуы мүмкін: құрсағы көкірегінен айрықша бөлініп тұрмауы мүмкін (көпаяқтыларда), екінші жағынан, денесінің бөлімдері екінші кезекте бір-бірімен тұтасып кетуі мүмкін.

Аяқ-қолдары. Буынаяқтылардың аяқ-қолдары өз сегментіне қозғалмалы түрде жанасқан және бір-бірімен буын-буындалып мүшеленген, мұндай бөлшектеніп жіктелген аяқ-қолдар күрделірек қозғалыстар жасай алады. Буынаяқтылардың жеке топтарының өздеріне тән пішінде біткен және олардың өздеріне лайық түрде жіктелген аяқ қолдары болады.

Бұлшық еттері. Бунаяқтылардың бұлшық еттер тек бөлек-бөлек мышица тіндеріне бөлінген. Сонымен бірге бұынаяқтылардың бұлшыеті көлденең салалы жолақ, міне сондықтан ол тез жиырыла алады.

Нерв жүйесі. Буынаяқтыларының орталық нерв жүйесінің құрылысы өзінің алғашқы түрінде ол жұп болып келіп, гиподерманың (сыртқы жамылғының ) ішкі жағындағы дененің құрсағының бойымен бір-бірімен жарыса – паралель жатқан, екі стволдан құралады. Дененің әрбір сегментіне келгенде ствол жуандайды, нерв түйіні пайда болады. Ұзына бойлық стволдың бірінен кейін бірі жатқан екі түйінді жалғастыратын бөлімі коннективалар деп, көлденең жатқан белдеушелер – комиссуралар деп аталады. Коннективалардың алдыңғы жақтағы жұбы өңештің алдыңғы бөлімін екі жағынан бірдей орап алады, сонда түйіндердің бірнеше жұбы жұбы ішектердің ішінде жатады да, орталық нерв жүйесінің басқа қалған бөлімдері – ішектердің астында жатады. Түйіндердің бірінші жұбы жұтқыншақ үсті түйіндері , яки ми деп, ал ішектер астындағы түйіндер - құрсақ тізбегі деп аталады.

Орталық нерв жүйесінен шеттік нервтер кетеді, олар сыртқы теріге, бұлшықеттергежәне сезім органдарына таралады, бұлардың барлығыда сыртқы жамылғыментығыз байланыста жатады. Ал ішкі органдар мысалы: ішек және қосалқылары, қан жүру жүйесі, тыныс алу органдары вицеральдық немесе симпатикалық деп аталатын ерекше нерв жүйесі арқылы нерв қозуын алады. Симпатикалық жүйе нерв түйіндерінен құралады.

Сезім органдары. Буынаяқтылардың сезім органдары тітіркендіруді қабылдайтын гиподермалық клеткадан құралған. Бұл клетка бір жағынан хитиннен пайда болған бір мүшемен байланысты болады да екінші жағынан – нерв талшықтары арқылы орталық нерв жүйесімен байланысты болады. Буынаяқтылардың көру органдарын екі ктигорияға бөледі: күрделі яки фасеткалы көздер ғана өздігінен көре алатын сыртқы заттардың пішіндерін және қозғалысын қабылдай алатын органдар деп есептеледі. Жай көздер тек жарықты сезетін органдар деп қана саналады.

Ас қорыту жүйесі. Буынаяқтылардың ішек каналының пішіні түтік түрінде болады және ілгері жағында жұтқыншақ немесе ауыз тесігі жатады да, артқы жағында – аналь тесігі жатады. Жұтқыншақ тесігі денесінің алдыңғы жағының құрсақ жақ бетінде болады, артқы тесігі денесінің артқы ұшында немесе денесінің артқы ұшының құрсақ жақ бетінде болады. Буынаяқтылардың ішектерінің үш бөлімі болады, алдыңғы ішек пен артқы ішек эктодерманың ішке жиырылып кеткен жері ретінде өседі де, осымен кутикуладан астсры болады. Орта ішек эктодермадан өсіп шығады.

Буынаяқтылырдың орта және артқы ішегі без қызметін атқаратын (мальпиги түтіктері) өсінділер түзеді.

Қан жүру жүйесі. Буынаяқтылардың сөлден (лимфадан) және гемоциттерден (қан клеткаларынан) құралатын қанының біразы, дербес қабырғасы бар, түтіктер арқылы жүреді де, біразы синустармен, яки лакундармен жүреді. Буынаяқтылардың қан жүру жүйесі ашық.

Күштірек дамыған қан жүру жүйесі жүректі құрайтын арқадағы қан тамырларын ан және одан ілгері қарай, кейін қарай сегменттерге бөлініп жан-жаққа кететін артерия қан тамырларынан тұрады. Жүректен шыққан қан артерия бұталары арқылы дененің барлық бөлімдеріне барып, сол жерлерде лакундарға құйылады. Қанның ағысын жүрек қақпашаларының жүйесі бағыттап отырады.

Дененің ішкі қуысы. Буынаяқтыларда дененің екінші кезектегі қуысы, яғни целом алғашқы қуыспен қосылып кетеді де, дененің тұрақты қуысын құрайды.

Тыныс алу органдары. Буынаяқтылар суда немесе құрғақшылықта тіршілік етуіне қарай олардың тыныс алу органдары түрліше болады.Суда тіршілік ететіндерінде тыныс органы ретінде желбезектер болады, желбезек денеден өсіп шыққан жұқа жамылғысы бар беткейі үлкен өсінді жамылғының нәзіктігі және беткейдің үлкендігі қан мен айналадағы судың арасында газ алмасуын жеңілдетеді. Сушаян тәрізділер, семсерқұйрықтылар және насекомдардың судағы личинкалары желбезекпен тыныс алады.

Буынаяқтылардың атмосфера ауасымен дем алуы үшін дененің ішіне қарай жымырылып жатқан жамылғы учаскелері қызмет етеді, бұларға кеңірдектер мен өкпелер жатады, кеңірдектер түтік түрінде болады және әдетте бұтақтанып келеді.

Буынаяқтылардың өкпесінің әдеттегі пішіні – жапырақты өкпе, өкпенің бұл түрдегі құрылысы өрмекші тәрізділерге тән болады.

Зәр шығару органдары. Буынаяқтылардың зәр шығару органдарына мыналар жатады: 1) ортаңғы ішектің не артқы ішектің мальпиги түтігі деп аталатын, түтік тәрізді тұйық өсіндісі; 2)бастың не көкіректің аяқ-қолдарының түп жағы мен байланысты бездері антенналық, максиллярлық және коксальдық.

Өніп-өсу органдары. Буынаяқтылар әдетте дара жынысты болады, тек сушаян тәрізділердің біраздарында ғана гермафродитизм кездеседі. Ішкі жыныс органдары – аталық без, аналық без, аналық және олардың жолдары – аталықтарында да, аналықтарында да дененің ішінде ұқсас орындарда жатады. Жыныс өзектерімен қосалқы мүшелер байланысты. Олар: аталық ұрық түтігі мен простатикалық безі, аналығының ұрық аталық ұрық түтігі мен простатикалық безі, аналығының ұрық қабылдағышы.

Аталықта көбінесе шағылыс аппараты болады, ол кейде өте күрделі келеді және оның құрамына сыртқы жыныс тесігінің айналасына біткен өсімдіктер жүйесімен әдетте, жыныс тесікті болатын есік кіреді. Аналығы жұмыртқаларын қатты жерлерге салатындығына байланысты, кейде оның күрделі құрылған жұмыртқа салғышы болады. Буынаяқтылардың көбінің сыртқы жыныс аппараты жыныс аяқшалары - гоноподалар деп аталады.

Ішкі жыныс аппараты алғашында жұп, егер аталық без немесе аналық без жұп болмаса без жұп болмаса без жұп бездің қосылуынан пайда болады.

Дамуы. Буынаяқтылардың эмбриондық дамуы өте түрліше болып келеді. Әдетте буынаяқтылардың жұмыртқасы сары уызға бай болады, міне осыған байланысты, бөліну беткейлік болады, бөлінуден шыққан бластодерма, сары уызбен толы бластоцельді қоршап жатады.

Постэмбриональдық өсу дәуірінде личинкалық фазалардан өтпейтін тікелей өсуді (эпиморфоз) және личинкалық фазалардан өтетін – метаморфозды көруге болады. Эмбриональдық және постэмбриональдық дамудың ұзақтығы өте өзгеріп отырады.

2.Класқа бөлу

1-тип тармағы. Желбезек тыныстылар

І класс. Трилобиттер

ІІ класс. Сушаян тәрізділер

2-тип тармағы. Хелицералылар

І класс. Меростомалылар

ІІ класс. Өрмекші тәрізділер

3-тип тармағы. Кеңірдекпен тыныс алушылар

І класс. Алғашқы кеңірдектілер

ІІ класс. Көпаяқтылар

ІІІ класс. Насекомдар

3.Ауыл шаруашылық дақылдарына насекомдармен қатар жануарлар дүниесінің басқа топтарының (нематодтар, кенелер, жалаңаш шырыштар, кемірушілер) өкілдері де зиян келтіреді. Солардың ішінде түрлерінің саны жағынан өте көбі-насекомдар класы.

Практикалық маңызына байланысты насекомдар пайдалы және зиянды болып екі топқа бөлінеді. Пайдалы насекомдарға зиянды организмдерді құртатын жыртқыш және паразиттік тіршілік ететін (энтомофагтар) түрлері, топырақ пен орман зақымдануын қамтамассыз ететіндер, сонымен қатар аса бағалы азық-түлік (бал) және өндіріс шикі заттарын (балауыз, жібек бояу т.б.) беретіндер жатады. Ал ауыл шаруашылық дақылдарын, басқада пайдалы өсімдіктерді және орман ағаштарын зақымдайтын өсімдік қоректілер (фитофагтар), адамға және үй жануарларына қауіпті аурулар жұқтыратын әр түрлі қан сорғыш жәндіктер жатады.



жүктеу 438,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   90




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау