Лекция мақсаты: Жаратылыстану негіздері пәнінің мақсаты, міндеттері, мазмұны туралы және ботаника ғылымы жөнінде түсінік беру


Рельефтің пішіндері мен элементтері және



жүктеу 438,57 Kb.
бет75/90
Дата07.01.2022
өлшемі438,57 Kb.
#37101
түріЛекция
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   90
Лекция тезистері Жаратылыстану 3

Рельефтің пішіндері мен элементтері және оның морфографиясы мен морфометриясы. Рельеф - эндогендік және экзогендік процестердін өзара карым-катынас әрекетінен калыптасқан құрлық беті және мұхит түбі пішіндерінің жиынтығы. Қыскаша айтқанда, рельеф - жер беті пішіндерінің жиынтығы.

Рельеф жеке пішіндерден, ал пішіндер элементтерден құралады. Рельеф элементтері - жер бетінің жай категориясы, мысалы, жеке беткейлер, шындар, төбешіктің етегі және т.б. Бірнеше рельеф элементтері рельеф пішіндерін құрайды. Рельеф пішіндері - биіктігі немесе тереңдігі, ұзындығы немесе ендігі бар жер бетінің көлемді табиғи күрылымы.

Рельеф пішіндері - оңаша (жеке шокы, төбешік), немесе ашық (сай, жыра), оң мағыналы (дөңес) жәнс теріс мағыналы (ойыс), жай және күрделі болып келеді. Рельеф пішіндерінің элементтері көбінесе табнғат агенттерінің әсерінен өздерінің морфологиялық көрсеткіштерін жоғалтып дөңгеленіп қалады, күрделі түрлерінде беткейлердің иілуі аркылы пішіндері бір-біріне ауысып түрады. Экзогендік агенттер әрекетінен борпылдак жыныстар үйіліп шоғырлану аркылы аккумулятивтік рельеф пішіндерін (құм төбе, шағыл) және шайылу, мүжілу аркылы денудациялык немесе эрозиялык рельеф пішіндерін (сай, дефляциялык қазан щүңқырларды) калыптастырады.

Рельефтін. тектік түрлері (генетические типы рельефа) - белгілі бір табиғат әрекетінен пайда болған, күрылымы және сырткы бейнесі жағынан ұқсас жер беті пішіндерінің занды түрде үйлескен табиғат құрылыстары. Мысалы, жел әрекетінен пайда болған рельефтің эолдык, пішіндері, мүздык әрекетінен калыптаскдн биік таудағы рельефтін, мүздык пішіндері және т.б.

Рельефтің элемснттсрі мен пішіндерін зерттеп білу олардың негізгі белгілерін,яғни морфометриясын, морфографиясын, калыптасу тегін және кенелігін (мезгілін) анықтауға мүмкіндік береді. Белгілі бір аумактың рсльефін зерттеу үшін ең алдымен оның морфоғрафиялык және морфометриялык сипатын білу кажет.

Морфография - (гр. mогрһе пішін+graphy - бейнелеу, суреттеу) рельефті с ы ртқы бейнесін, оның пішінін бейнелеу Морфометрия (гр. mогрһе пішін metreo -өлшсу) рельефке сандык сипаттама беру. Морфометриялык, тәсілмен белгілі геоморфология аймақтарынын, рельеф пшіндерін өлшеу; олардып. үзындығын, енін, биіктігін, терендігін және рсльефтін. тілімделу жиілігіп аныктау арқылы жүзеге асады. Морфометриялык. мәлімсттер кебімс топографиялык жәие әуе-ғарыш материалдарып талдау нәтижесінде алынады. Жүргізілгсн өлшеулер меп есептеулер негізінде арнайы морфометриялык. карталар жасалыналы. Морфометриялык. мәліметтер әсіресе жол құрылыстарын жобалауға, эрозияға кдрсы күрес шараларын бе;ігілеуге, мұнайлы газды тектоникалык құрылымдарды іздестіруге кажет.

Рельеф пішіпдері оздерінін, молшеріне карап томендегідеи топтарға белінеді:



а) рельефтің планеталык пішіидері, 6) мегапішіпдер, в) макро-пішіндер, г) мезопішіндер, д) микропішіндер, с) нанопішінлср

Планеталык пішіндер жер бетінің жүздеген мың, тіпті миллиондағаи шаршы километр аукымын камтиды. Бүларға мынадай планеталык. пішіндер жатады: 1) материктер; 2) геосинклинальды белдеулер: 3) мұхит түбі (тесеніші); 4) орта мүхиттык жоталар.

Материктер жер бетінің eң ірі дөңес пішіндері. Бұлар жер кыртысыныи. материктік түрінен құралады және олар құрлык аймағынын. Көп бөлігін камтиды.

Мұхит түбі немесе мұхит төсеніші (ложе океана) дүние жүзі мұхитының негізгі бөлігі, олардың терендігі 3 километрден төмен және жер қыртысының мұхиттык түрімен сипатталған. Мұхит түбінің аса маңызды элементтері - мұхит түбінің кең көлемді қазан-шұңқырлары мен оларды бөліп тұратын жоталар.

Казіргі геосинклинальды белдеулер, көбінеее материктер мен мүхиттар арасындағы шекарада және құрлық шегінде орналасады.

Орта мүхиттык жоталар өздерінің үзындығымен дүние жүзінде ең кең таралған таулар жүйесі болып сапалады.

Мегапішіндер жүздеген және ондаған мың шаршы километр аукымды қамтиды. Мысалы, Гималай, Альпі немесе Кавказ тау жүйелері, Батыс -Сібір жазығы, Орта Сібір кыраты, Тянь-Шань ray жүйесі, Тибет тау кыраты т.с.с.

Макропішіндср - мегапішіндердің күрамдас бөлігі. Олардың аумагы жүздеген, мыңдаған кейде он мыңдаған шаршы километрге дейін жетеді. Макропішіндерге таулы аймақтардың жеке кыраттары немесе ойыс жерлері жатады. (Іле Алатауы, Күңгей және Теріскей Алатау, Ыстыккөл ойысы т.б.).

Мезопішіндердік аумағы әдетте бірнеше шаршы километр немесе ондаған шаршы километр. Бұларға жотаныы. тарамдары, жыралар. сайлар, жеке аңғарлар, ірі аккумулятивтік пішіндер (шағыл тізбектері) жатады.

Микропішіндер - ірі пішіндердің бөлшегі болъіп саналатын, кішігірім кедір-бүдыр түрлері, мысалы, карст шүңкырлар, эрозиялык казбалар, үсак құм төбелер, көлдеулер (степные блюдца) және т:б.

Нанопішіндер макро - мезо және микропішіндердін. үстін шиелендіріп бөлшектейтін өте үсак кедір-бүдырлар. Бұларға ш а л г ы н д ы к төбе ш і кте р, үса к же м і р і л ге н казы н ды л ар, кеміргіштердің індері, шағылдардын, бетінде дамыған күм иректері (эоловая рябь) т.б. жатады.

И.П.Герасимов пен Ю.А.Мещеряков рельефтің тектік топтасуында планеталык. пішіндер мен мегапішіндерді геотектура деп, макропішіндерді морфоструктура деп атаған. Олар көбінесе эндогендік процесс әрекетінен пайда болған. Ал экзогендік процестердің әрекетінен калыптаскан мезо-және микропішіндерді олар морфоскульптура (морфомүсіндер) деп атаған.




жүктеу 438,57 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   90




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау