Лекция Кіріспе. Электростанциялар және олардың мақсаты



жүктеу 1,88 Mb.
бет6/13
Дата18.12.2017
өлшемі1,88 Mb.
#4743
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

мұндағы Gпр – пештің бу үрлеуші суының шығыны (тура ағатын пештер үшін Gпр=0 және Gп.в= Dо).   Gпр =1 %  буландырғыш буы мен конденсаттарын тұщыландырылған су немесе дистиллятормен толтырған кезде; 2% аспайтын бөлігі - химиялық тазартылған сумен; 5% дейінгі бөлігі – алғашқы судың минерализациясы барысында, тұтынушылардын конденсаттың көп мөлшерде қайтпауына сәкес келеді.

  


Қоректендіруші су келесідей шамалардан тұрады

,                               (5.3)

мұндағы  – турбиналық конденсаттың ағыны, регенративті іріктеудегі бу конденсаты және тығындардағы бу шығындары;



  – пештің урлеушісінің кеңейтіліміндегі будың конденсаты (30 % дан басатп дан);  – қосымша судың шығыны (жылу схемасындағы бу мен конденсат шығынын толықтырады).

,                                         (5.4)

,                                                   (5.5)

мұндағы  – электростанциядағы бу мен конденсат шығындары;  – үрлеушілердің кеңейтілімінен болатын судың дренаж күйіндегі шығындары;  – сыртқы түтынушылардағы конденсат шығыны (ЖЭС үшін).

Бу мен конденсат шығындарын азайтуға арналған әрекеттер: шығындарды азайтатын сатылы буландыру мен барабанды пештерде жетілдірілген сепарациялаушы қондырғыларды қолдану; стационар тұтынушылардан конденсаттарды жинау, соның ішінде агрегаттарды қосу кезінде; құбырлардың дәнекерленген қосылымдарын қолдану; сыртқы тұтынушылардан таза конденсатты жинау мен қайтаруды ұйымдастыру.

Бу мен конденсаттың шығындарынан болатын отынның қосымша жылу шығыны мынаған тең:

,              (5.6)

мұндағы  – будың сәйкес энтальпиялары: пешитен кейін, ағын сумен, конденсаттың, ЖЭС қайта қайтаратын тұтынушыларына, қосымша судың; ηк – пештің ПӘК.



Қосымша суды айдаумен байланысты пайда болған қоректендіруші насостың электрлік қуатын арттыруға кеткен қосымша жылу шығыны.

.                                                 (5.7)

Мұндағы  – қоректендіруші насостың қысымы;  – қоректендіруші насос пен нетто электростанциясының ПӘК;  – қосымша судың шығыны мен тығыздығы.
Өзін өзі тексеру сұрақтары
1 Жұмысшы дененің ішкі шығындары немен анықталады?

2 Жұмысшы дененің сыртқы шығындары немен анықталады?

3 АЭС қандай жұмысшы денелердің шығыны болады?

4 Қосарланғандағы материалдық баланс неге тең?

5 Нәрлі суда материалды баланс неге тең?

6 Қосалқы суда материалды баланс неге тең?

7 Қол жетімді қоспалардың сыртқы қайнар көзіне нені жатқызады?

8 Қол жетімді қоспалардың ішкі қайнар көзіне нені жатқызады?

9 Электрстанцияның жолынан қоспаларды шығару қалай іске асырылады?
Ұсынылатын әдебиеттер
1 Стерман Л.С. Тепловые и атомные электростанции – М.: МЭИ, 2000. – 395с.

2 Теплоэнергетика и теплотехника: Тепловые и атомные электрические станции: Справочник. Под общ. ред. чл.-корр. РАН Клименко А.В. и проф. Зорина В.М. – М.: Издательство МЭИ, 1999. – 522 с.

3 Рыжкин В. Я. Тепловые электрические станции. / Под ред. В. Я. Гиршфельда. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: Энергоатомиздат, 1987. – 328 с.

4 Маргулова Т.X. Атомные электрические стан­ции. – М.: Высшая школа, 1984.


Дәріс 8. Органикалық және ядролық отында жүретін электрстанциялардың принципиалды жылулық сұлбасы
Дәрістің мазмұны
1 Органикалық отында жұмыс істейтін электрстанцияның принципиалды жылулық сұлбасы.

2 АЭС принципиалды жылулық сұлбасы.


1 Органикалық отында жұмыс істейтін электрстанцияның принципиалды жылулық сұлбасы.

Қазіргі заманғы КЭС жеке үлкен блоктардан тұрады. 1 суретте К-200-130 турбинасы бар блоктың принципиалды жылулық сұлбасы келтірілген. Блок аралық буды қыздырумен жүреді. Келтірілген К-200-130 турбинасы бар блокта және барабанды булы қазандықта деаэратор үшінші (турбинадағы бу реті бойынша) іріктеу қосылған және П5 қыздырғышпен бірге бір қыздыру сатысында тұрады.

Жоғары қысымды қыздырғыштар буды суытқыш БС және ОД дренаж бар. Барабанды булы қазандықтағы ірлеп тазартатын судағы жылуды қолдану сұлбасында Р1 және Р2 ұлғайтқыштар бар. Буландырғыш қондырғыда алынған буды жоғалту мен конденсат дистиллятпен орын толтырылады, сондықтан ірлеп тазартатын су Р2-ден бакка барады, онда ол химиялық өңделген сумен араласып, буландырғышқа бағытталады. Блокта екі буландырғыш қондырғы бар, оның біреуі бесінші іріктеуге, екіншісі – алтыншыға қосылған.

И1 және И2 буландырғышта қоректік су регенеративті қыздыру жүйесіне қосылған КИ1 және КИ2 конденсаторлары бар. Буландырғышқа бағытталған жұмсарған су деаэраторда р = 0,117 МПа деаэраторланады. Барлық блоктағы бу тығыздалған турбинадан іріктеуге және тығыздалған бу қыздырғышқа ПУ бағытталады. Турбинаның төмен бөліктеріндегі тығыздау деаэратор буынан пайда болады.

ЖЭО-да қарсы қысымды турбина (Р типті), конденсация мен өңделген буды іріктеу (П типті), конденсация мен бір немесе екі жылуфикациялық іріктеу (Т типті), конденсация, өндірістік және жылуфикациялық іріктеумен (ПТ типті) қолданылады. ПТ типті турбина сонымен қатар бір немесе екі жылуфикациялық іріктеу болуы мүмкін. Станцияның принципиалды сұлбасы турбина типіне байланысты, сондықтан ЖЭО сұлбалары әртүрлілігімен ерекшеленеді.

ЖЭО бу турбиналы қондырғының бастапқы параметрі әдетте, конденсациялық станциядағы сияқты, бірақ үлкенірек қондырғылардың электрлік қуаты азырақ, және жалпы қуаты төмен.



Қазіргі кезде жылыту ЖЭО қондырғылар 100 және 50 МВт электрлік қуатпен, бастапқы параметрі 12,7 МПа, 540° С тең. Үлкен қалалардағы жылыту ЖЭО үшін қондырғылардың электрлік қуаты 175 МВт (турбинамен Т-175-130) және 250 МВт (турбинамен Т-250-240). Т-250-240 турбиналы қондырғы блоктік болады және жоғары критикалық бастапқы параметрлер B3,5 МПа, 540—560° С.




ПК — бу қазандығы; Пе және ПП — буқыздырғыш және аралық буқыздырғыш ПК; Т — турбина; Г — генератор; К — конденсатор; КН — конденсациялық сорғы; ПЭ — эжекторлік қондырғылы қыздырғыш; ПУ1 және ПУ2 — бу тығыздауға арналған қыздырғыш; И1 және И2 — буландырғыш; Д —деаэратор; ДН — дренаждық сорғы; ПНИ — буландыру қондырғысының қоректік сорғысы; КИ1 және КИ2 — екінші ретті буландырғыш конденсатор; П1—П2 —төмен қысымды регенеративті қыздырғыш; ОД — дренаж суытқыш; CП1 және СП2 — торлы қыздырғыш; ДНС — дренаждық сорғы торлы; ПН — қоректік сорғы; П5—П7 — жоғары қысымды регенеративті қыздырғыш; Р1 және Р2 — үрлеуді ұлғайтқыш; ХОВ —химиялық өңделген су.

Сурет 1. К-200-130 турбиналы конденсациялық блоктың принципиалды жылулық сұлбасы.

2 АЭС принципиалды жылулық сұлбасы.

Блоктік сызбада бу турбинасы қондырғыларының жабдықтары электростанцияның басқа жабдықтарымен технологиялық байланыстары болмайды. Органикалық отындардағы электростанциялар үшін соның ішінде әрбір турбинаға бу тек онымен бір немесе екі байланысқан қондырғыны, яғни оның турбинасы бумен бір бу қазандығынан қоректенеді. Ол моноблок деп аталады, егер екі қазандық бір турбинаға болса –дубль блок деп аталады.

ТЭС-ң блоктік емес сызбасында бу барлық бу қазандықтарынан ортақ магистральға келіп түседі және тек содан ғана жеке турбиналарға таратылады.кейбір жағдайларда буды тікелей бу қазандықтарынан турбинаға бағыттау мүмкіндіктері болады, бірақта ортақ байланыстырушы магистраль сақталып және сондықтан әрқашан кез келген турбинаны қоректендіру үшін барлық қазандықтардан буды қолдануға болады.

Бу қазандықтарына су берілетін желі көлденең байланысқа ие.

Блоктік ТЭС блоктік емес ТЭС –ке қарағанда арзанырақ, өйткені бірінші жағдайда құбырлар ықшамдалады, арматуралар мөлшері қысқарады. Мұндай станцияларда жеке агрегаттарды басқару жеңіл, блоктік типтегі қондырғыларды автоматтандыру оңай.пайдалануда бір блоктін жұмысы көрші блоктарға әсер етпейді. Электростанцияның кеңеюінде келесі блок басқа қуатқа ие болуы және жаңа параметрлерде жұмыс жасауы мүмкін. Бұл кеңейетін станцияда өте жоғары қуатты параметрлердегі жабдықтар орнатуға мүмкіндік береді, яғни электростанциялардың технико –экономикалық көрсеткіштерін көтеруге мүмкіндік береді. Жаңа жабдықты игеру және баптау жұмыстары бұрын орнатылған агрегаттарға әсер етпейді. Бірақта блоктік ТЭС дұрыс пайдалануы үшін жабдықтардың сенімділігі блоктікте блоктік емеске қарағанда жоғары болуы қажет. Блоктікте резервтік бу қазандықтары жоқ, егерде мүмкін болар қазандықтың өнімділіктен асып кетсе, турбина үшін шығынмен будың бір бөлігін басқа қондырғыға өткізуге болмайды.

Бу турбиналы қондырғылар үшін аралық будың қызуымен блоктік сызба іс жүзінде негізгі мүмкін болары болып саналады, бұл кезде станцияның блоктік емес сызбасы тым қиын болады.

Рессейде ТЭС бу турбиналық қондырғылары будың реттеусіз таңдауларымен Р0⩽8,8 МПа бастапқы қысыммен және реттеулі таідауларымен Р0⩽12,7 МПа будың аралық қыздыруынсыз циклмен жұмыс жасайды. Мұндай жабдықтармен электростанцияларды блоктік емес қылып салады. Өте жоғары қысымда (КЭС Р0=12,7 МПа, ТЭЦ –та Р0=23,5 МПа) барлық бу турбиналарының агрегаттары өндірістік қыздыруы бар циклмен жұмыс жасайды. Мұндай қондырғылармен станцияларды блоктік болып тұрғызылады.

АЭС – ті арқашан блоктік етіп тұрғызады. АЭС блогі негізінен бір реакторда және бір немесе бірнеше БГ және турбинадан тұрады. Ірі блоктарда кейінгі салынған екі турбинадан тұрады, бірақ БГ 4 – 6 жетеді.

АЭС мұндай жылулық сызбасының құрылымы ірі конденсациондық АЭС – де негізгі жабдық жоғары қуатты бойынша таңдалады. Қуатықаншалықты жоғары болса, соншалықты меншікті құны төмен болады. Қазіргі уақытта реактор турбинаға қарағанда жоғары қуатты болып шығарылуда. Сонымен қатар 1 реакторлы және 2 турбиналы блок моневралық болып табылады.





1 - реактор; 2— ПГ; 3— айналдырғыш сорғы; 4 — көлем компенсатор; 5 —регенеративтік жылуалмастырғыш; Ь — суытқыш; 7 —сүзгі; 8 — реактор контурына қосалқы суды жеткізу; 9 — жылуалмастырғыш; 10— суытқыш; 11 — ионалмастырғыш сүзгі; 12 — турбина; 13 — электрлік генератор; 14 — салқындату жүйесінің салқындатқышы; 15 — қосалқы суды қыздырғыш; 16—сорғы; Р — үрлеуді ұлғайтқыш ПГ; С — сепаратор; ПП1 және ПП2 — бір және екі сатылы бу қыздырғыш

Сурет 2. К-220-44 турбиналы АЭС принципиалды жылулық сұлбасы


Өзін-өзі тексеру сұрақтары
1 Принципиалды жылулық сұлба дегеніміз не?

2 ЖЭО және КЭС принципиалды жылулық сұлбасының айырмашылығы?

3 ЖЭО қандай турбина қолданылады?

4 АЭС принципиалды жылулық сұлбасы қандай болады?




Қолданылған әдебиеттер
1 Стерман Л.С. Тепловые и атомные электростанции – М.: МЭИ, 2000. – 456с.

2 Теплоэнергетика и теплотехника: Тепловые и атомные электрические станции: Справочник. Под общ. ред. чл.-корр. РАН Клименко А.В. и проф. Зорина В.М. – М.: Издательство МЭИ, 1999. – 522 с.

3 Рыжкин В. Я. Тепловые электрические станции. / Под ред. В. Я. Гиршфельда. – 3-е изд., перераб. и доп. – М.: Энергоатомиздат, 1987. – 328 с.

4 Маргулова Т.X. Атомные электрические стан­ции. – М.: Высшая школа, 1984.





жүктеу 1,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау