Солтүстік патшалықтар: Солтүстік Вей (386-534 жж.); Солтүстік Ци (550-577 жж.); Солтүстік Чжоу (550-577жж.);
Оңтүстік патшалықтар: Сун империясы (420-479 жж.); Ци (479-502 ж.ж.); Лян (502-557 жж.); Чэнь (557-589 жж.) патшалықтары.
Қытай орталығының мемлекет кезеңінде. Қытайда феодалдық кезеңнің дамыған кезеңі VIII ғасырда болды. Қытайда 610 - 18 жж. Халықтық толқулар орын ала бастады. Оның түрткісі болған Суй-династиясы мен Когуре (Корей түбегіндегі патшалық) арасындағы жиілеп кеткен соғыс еді. Шаруалар көтерілісінің негізгі ошағы Шаньдун провинциясы болды. Бұл жерде күшті феодал аристократтардың салтанатты үйі болып, олар шаруаларды аяусыз қанады. Шаньдун - Суй династиясының Хэньан мен Хэбэй сияқты біршама бай және халқы тығыз орналасқан ірі провинцияларының бірі болды. Сонымен қатар Кореямен соғыс кезіндегі әскерлерді тамақ пен оқ-дәрі мен қамтамасыз еткен провинция болады. Осы кезде 611 жылы Хэньан мен Гуаньдунда күшті су апаты орын алады. Миллиондаған шаруалар үйсіз-күйсіз қалып, сонымен қатар қалыптасқан салықтар мен барщиналарды өтеуге тиіс болды.
Ал 610 жылы Хэньан мен Гуаньдунда шаруалар көтерілісі тұтанып, келесі жылдар Шаньдун провинциясында орын алады. Шаруалар көтерілісі ендігі жерде басқа да провинциялар: Хэбэй, Шэньси, Чжэцзян, Цзянсу, Гуанси, Ганьсуға тарайды. 614 жылдың басында Қытайда 130 ірі және ұсақты отрядтарға бірігіп олардың үлкен бөлігі Шаньдунда, Хэнэн мен Хэбэйде еді. Көтерілістерге шамамен 4 миллион адам қатысты.
Жоғарғы тап өкілдерінің көпшілігі Ян Гуанның деспоттық билеуімен күштеп ұстап отырған орталығына оппозицияда болды. Осы сәтті тиімді пайдаланған Шаньси, Хунань, Шэньси, Шаньдун, Чжэцзян, Ганьсу феодалдары императорға қарсы шыға бастады. 613 жылдың жазында Хэнанда Суй династациясына қарсы көтерілісті генерал Ян Сюань - Гань басқарады. Толқулар екі айдан астам уақытқа созылды. Ян Сюань - Гань әскері Лоянға кауіп төндірді. Суй династациясы бұған қарсы шаралар мен күштерін дайындады.Корей майданынан халыктың көтерілісін басып -жаншу үшін аса үлкен армия жөнелтеді. Бірақ, бұл амал-шаралар халықтың козғалысына ешқандай әсерін тигізбейді. Шаруалардың көтерілісі Янцзы мен Хуанхэ өзендерінің бассейніне таяп жетеді. Шаруалар көтерілісінің ең күшейген кезі тарихта Ваган көтерілісі деп аталады. Ол Хэнань провинциясындағы таулы аймақтың атымен аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |