Лекция №5 2021/2022 уч год Старший



жүктеу 137,4 Kb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата24.02.2022
өлшемі137,4 Kb.
#37604
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
file-8193 21

 

9-кесте     

                                     Полигонометрияның сипаттамалары. 

  

Полигонометрия    

   кластары 

 

Қабырғалар 

саны 

Қабырғалар 



ұзындығы, км. 

Бұрыш  өлшеудің 

орт.Кв.шекті 

қателік 


Ұзындық 

өлш. 


Салыст. қателік 

 



           1 

           12 

         8-30 

           0,4″ 

      1:400000 

           2 

            6 

         5-18 

           1,0″ 

      1:200000 

           3 

            6 

         3-10 

           1,5″ 

      1:100000 

           4 

           20 

        0,25-2 

           2,0″ 

      1:40000 



 

Мемлекеттік невилирлеу жүйесі. Мемлекеттік нивелирлеу жүйесінің пункттерінің  биіктіктерін 

геометриялық нивелирлеу әдісімен анықтайды. 

 

1 класты нивелирлеу жүйесі периметрі 2000 км-ге жуық тұтас полигонды құрайтын жүрістерден 



тұрады. 1 класты нивелирлеу мейлінше жоғары дәлдікпен жүргізіледі, оған барынша жетілдірілген 

аспаптар мен бақылау әдістерін қолдану арқылы жетуге болады. 

 

Салыстырмалы биіктікті анықтаудың орташа квадраттық кездейсоқ қателігі 1 км жүрісте mһ 0,5 



мм болады. 

 

II класты нивелирлеу сызығы 1 класты нивелирлеу пункттерінің  арасында периметрі 500-600 



км  полигондар  түрінде  салынады.  II  класты  нивелирлеу  жүрісінде  салыстырмалы  биіктікті 

анықтаудың орташа квадраттық  қателігі 1 км  жүрісте mһ = 0,8 мм-ден аспауы керек.  

 

III класты нивелирлеу жүйесі 1 және II класты нивелирлеу полигонының ішінде жүйе немесе II 



кластық  полигонды  периметрі  150-200-ден  6-9  полигонға  бөлетін  жеке  жүрістер  түрінде 

жасалынады.(1км жүрісте mһ = 1,6 мм-ден аспауы керек). III класты нивелирлеу жүйесін одан әрі 

жиелендіру  IV  класты  нивелирлік  жүрістер  жүйелерін  құру  арқылы  орындалады.  Олар 

топографиялық  түсірулердің  тікелей  биіктік  негізі  болып  табылады.  Оларды  салу  жиілігі  түсіру 

масштабымен және жергілікті жердің жер бедерінің сипатымен сабақтас болады. 

 

Барлық  кластағы  нивелирлеу  жүрістері  жергілікті  жерде  орта  есеппен  алғанда  5  км  сайын 



тұрақты реперлер жәгне таңбалармен бекітіледі. 

 

●  Геодезиялық  жиілету  жүйелері  мемлекеттік  геодезиялық  жүйелер  негізінде  дамиды,  әр 



қалалар  мен  ауылдарды,  ірі  өндіріс  объектілерінің  құрылыс  алаңдарында  ,  тау-кен  өндірісі 

территориясында  атқарылатын  ірі  масштабтағы  т.сірулерді,  сондай-ақ  инженерлік  және 

геодезиялық жұмыстарды негіздеу үшін қызмет етеді. 

 

 Топографиялық  түсіруді  белгілі  бір  масштабта  жасау  үшін  геодезиялық  жүйелерді  керекті 



тығыздыққа  жиілендіру,  түсіру  жүйелерін  немесе  осылай  аталатын  геодезиялық  түсіру 

негіздеулерін дамыту есебінен жасалады, негіздеу пландық және биіктік болып бөлінеді. 

 

Ал түсіріс торлары да пландық және биіктік торлары болып бөлінеді. 



 

Пландық  түсіріс  жүйелері  теодолиттік,  тахеометриялық  және  мензулалық  жүрістер  немесе 

триангуляция  арқылы  құрылады.  Торлардың  тығыздығы  түсіру  масштабына  ,  жердің  рельефіне 

тікелей  байланысты.  Мәселен,  1:500  масштабты  түсіруде  пункт  саны  4-тен  кем  болмауы  керек. 

1:2000 масштабта 10-нан, ал 1:1000 масштабтағы түсіруде 16-дан кем болмауы керек. 

 

Арақашықтықтары өлшеу қиынға түсетін жерлерде түсіру пункттері үшбұрыштар тізбегін құру, 



тура және кері қиылыстыру әдістері не теодолиттік жүрістер арқылы анықталады. 

 

Түсірудің  масштабтары  өндіріс  жұмыстарының  ерекшеліктеріне  байланысты  алынады. 



Мәселен, көлемі үлкен, ірі кен орындарын барлау және игеру кезінде жер бетін 1:5000 масштабта, 

ал шағын кен орындары планға 1:2000 және 1:1000 масштабтармен түсіріледі. 

 

Күнделікті жұмысқа қажет сызбалар 1:1000 не 1:500 масштабтарға қима биіктіктері 0,5 м болып 



жасалады. 

 

Топографиялық түсіріс - бұл жергілікті жердің карта мен планын жасау үшін орындалатын 

геодезиялық өлшеулер процесі түсіру деп аталады. Топографиялық түсірулер 1:25 000, 1:10 000, 1:5 

000, 1:2 000, 1:1 000 және 1:500 масштабтарда орындалады. 

Түсірудің  қандай  да  бір  әдісін  қолдану  көптеген  факторларға,  яғни  түсірудің  масштабына, 

учаскесінің  өлшеміне,  жергілікті  жердің  ерекшеліктеріне  (салынғанына,  ормандылығына, 

жазықтығына,  таулылығына  және  т.  б.),  жұмыстарды  орындау  мерзіміне  байланысты. 

Топографиялық түсірулер нәтижесінде топографиялық пландар мен карталар, фотопландар, сондай-

ақ жергілікті жердің сандық моделі (ЖСМ) жасалынады. Фотопландарда әуе суреттерін аймақтар 

бойынша фототрансформациялау арқылы алады. 

Топографиялық  карталардың  жаңа  түрі  әуеден  суретке  түсірудің  материалдарын  өңдеу 

арқылы  алынатын  ортофотокарталар  болып  табылады.  Ортофотокарталар  жергілікті  жердің 

фотографиялық картасы, болып есептеледі, оларда шартты белгілер мен жердің жай-жапсары және 

жер бедері кескінделеді. 

Топографиялық  түсірулердің  материалдары  уақыт  өткен  сайын  көнере  береді,  өйткені 

жергілікті  жерде  шаруашылыққа  пайдалану  процесі  жүріп  жатады:  жаңа  объектілер  салынады, 




пайдалы  қазбаларды  шығару  жүргізіледі  және  т.с.с.  Оның  үстіне  физикалық-  географиялық 

жағдайлар да өзгеріп тұрады, солардың бәрі топографиялық карталарда бейнеленіп көрсетілуі тиіс. 

Топографиялық карталарды қазіргі заман талабына сай дегендей ұстап тұру үшін оларды уақтылы 

жаңартып отыру керек. 

Қолданылатын  аспаптар  мен  әдістерге  байланысты  топографиялық  түсірулер  мынадай 

түрлерге:  фототопографиялық,  теодолиттік,  мензулалық,  тахеометриялық,  көз  мөлшерімен  және 

буссольмен түсірулер және жер бетін нивелирлеу болып бөлінеді. 

Егер осының нәтижесінде контурлар мен объектілердің өзара пландық орны, яғни жергілікті 

жердің  жай-жапсары  анықталатын  болса,  онда  түсіру  горизонтальдық  деп  аталады.  Егер  жай-

жапсарынан басқа жергілікті жердің жер бедері түсірілетін болса, онда түсіру топографиялық деп 

аталады. 

Дала  өлшеулерін  орындаудың  дәлдігі,  жергілікті  жердің  жай-жапсары  мен  жер  бедерін 

түсіруді  нақтылау  негізінен  карта  мен  планның  масштабына  байланысты.  Неғұрлым  планның 

масштабы  үлкен  болса,  жергілікті  жердің  планда  кескінделуінің  дәлдігі  мен  толықтығына 

қойылатын  талаптар  соғұрлым  жоғары  болады.  Топографиялық  пландар  мен  карталарды 

географиялық  барлау  жұмыстарында  топографиялық  негіз  ретінде  пайдаланған  кезде  олардың 

масштабы  объекті  мен  барлау  жұмысының  кезеңдеріне  байланысты  тағайындалады.  Жер  бедері 

қимасы  биіктігінің  шамасы  топографиялық  картадағы  жер  бедерін  кескіндеудің  толықтығы  мен 

дәлдігінің көрсеткіші болып табылады. 


жүктеу 137,4 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау