Лекция №18. Меншік құқығының ұғымы және мазмұны



жүктеу 0,61 Mb.
бет27/68
Дата02.06.2020
өлшемі0,61 Mb.
#30830
түріЛекция
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68
Лекция 3 курс азаматтык кукык

Жауапкершiлiк жəне мiндеттеменi заттай орындау. Мiндеттеме тиiстi дəрежеде орындалмаған жағдайда айып төлеу жəне залалдард ы өтеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқорды мiндеттеменi орындаудан босатпайды. Мiндеттеме орындалмаған жағдайда залалды өтеу жəне оны орындамағаны үшiн айып төлеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқорды міндеттеменi заттай орындаудан босатады. Мерзiмi өтiп кеткендiктен өзi үшiн ендi керегi болмай қалған мiндеттеменiң орындалуынан несие берушiнiң бас тартуы, сондай-ақ бас тарту төлемi ретiнде белгiленген ақшалай соманы төлеу борышқорды мiндеттеменi заттай орындаудан босатады.

Белгiлi бiр затты жеке беру мiндеттемесiн орындамаудың салдары

Белгiлi бiр затты меншiкке, шаруашылық жүргiзуге, жедел басқаруға немесе несие берушiнiң пайдалануына жеке беру мiндеттемесiн орындамаған жағдайда, бұл затқа үшiншi жақтың артықшылық құқығы болмаса, несие берушi оны борышқордан алып қоюды жəне несие берушiге берудi талап етуге құқылы. Затты беру борышқорды залалдың орнын толтырудан босатпайды.

Мiндеттеменi борышқордың есебiнен орындау. Борышқор затты жасап, несие берушiге беру немесе оған белгiлi бiр жұмыс жасап беру немесе қызмет көрсету мiндеттемесiн орындамаған жағдайда заңдардан, шарттан немесе мiндеттеменiң мəнiнен өзгеше туындамайтындықтан, несие берушi мiндеттеменi орындауды үшiншi адамдарға ақылға қонымды бағаға ақылға қонымды мерзiмде тапсыруға немесе оны өз күшiмен орындауға жəне шыққан қажеттi шығындар мен басқа залалдарды өтеудi борышқордан талап

етуге құқылы.

ҚР АК жауапкершіліктің субсидиярлық жауапкершілік сияқты түрін қарастырады. Заңдарға немесе мiндеттеменiң шарттарына сəйкес негiзгi борышқор болып табылатын (субсидиялық жауапкершiлiк) басқа адамның жауапкершiлiгiне қосымша жауапты болатын адамға талап қойғанға дейiн кепiл берушi талапты негiзгi борышқорға қоюға тиiс.

Егер негiзгi борышқор несие берушiнiң талабын қанағаттандырудан бас тартса, не оны толық орындамаса немесе несие берушi одан қойылған талапқа ақылға қонымды мерзiмде жауап алмаса, бұл талаптың орындалмаған бөлiгi субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамға қойылуы мүмкiн.

Егер бұл талап негiзгi борышқорға қарсы қойылған талапқа жатқызу арқылы қанағаттандырылуы мүмкiн болса, несие берушi өзiнiң негiзгi борышқорға қоятын талабын субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамның қанағаттандыруын талап етуге құқылы емес.

Субсидиялық жауапкершiлiгi бар адам оған несие берушi қойған талапты қанағаттандыруға дейiн бұл туралы негiзгi борышқорға ескертуге, ал егер мұндай адамның үстiнен талап арызы түссе, негiзгi борышқорды iске қатыстыруға тиiс.

Олай болмаған жағдайда негiзгi борышқордың несие берушiге қарсы айтайын деген қарсылықтарын субсидиялық жауапкершiлiгi бар адамның регрестiк талабына қарсы қоюға құқығы бар.

ҚР АК 358-бабы мiндеттемелер жөнiндегi жауапкершiлiктiң мөлшерiн шектеуге рұқсат етеді. Мiндеттеменiң кейбiр түрлерi бойынша жəне қызметтiң белгiлi бiр түрлерiне байланысты мiндеттемелер бойынша заң құжаттары залалды толық өтеу құқығын шектей алады (шектелген жауапкершiлiк). Егер мiндеттемелердiң осы түрi немесе осындай құқықбұзушылық үшiн жауапкершiлiк мөлшерi заңдармен белгiленген болса, қосылу шарты бойынша немесе тұтынушы ретiндегi азамат несие берушi болып табылатын өзге шарт бойынша борышқордың жауапкершiлiк мөлшерiн шектеу жөнiндегi келiсiм жарамсыз болады.



Кінə жəне мiндеттеменiң бұзылғандығы үшiн жауапкершiлiк. Кінə міндеттеменің бұзылғандығы үшін орын алатын жауапкершіліктің негізі болып табылады. Борышқор кiнəлi болған кезде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, мiндеттеменi орындамағаны жəне (немесе) тиiстi дəрежеде орындамағаны үшiн жауап бередi.

Егер борышқор мiндеттеменi тиiстi дəрежеде орындау үшiн өзiне байланысты шаралардың барлығын қолданғанын дəлелдесе, ол кiнəсiз деп танылады.




жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау