Лекция мақсаты:Тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық мектеп тұжырымдамасының өзіндік ерекшеліктерін айқындау, Әдеби білім мазмұнындағы жаңа ұстанымдар мен құндылықтарға тоқталу. Студенттерге бүгінгі оқытудың жаңа технологиялары мен ғылыми-әдістемелік басылымдар туралы мағлұмат беру.
Жоспары:
1. Кеңестік дәуірдегі әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуы
2. Білім беру жүйесіндегі реформалар. Қазақтың ұлттық мектебі тұжырымдамасы.
3.Әдеби білім мазмұнын жаңарту бағытындағы жаңа ұстанымдар мен кұндылықгар.
4.Оқытудың жаңа технологиясы.
Лекция мақсаты:Қазақ әдебиеті әдістемесінің тарихын жүйелеу барысында оның басты даму кезеңдері туралы студенттерге білім беру, әдістемелік ой-пікірлердің өзіндік ой өзегін аша отырып, қазақ әдебиеті әдістемеіні қалыптасуына өз үлестерін қосқан қаламгерлер мен әдіскер-ғалымдардың еңбектеріне тоқталу.
Лекция мәтіні (қысқаша):
Кеңестік дәуірде әдебиетті оқыту әдістемесінің дамуын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады. 1917-1927 жылдарда әдебиет пәні кеңестік идеологияны орнықтырушы қоғамтану құралы ретінде оқытылды. Тарихта болған бұрмалаушылықтар әдебиетке де өз әсерін тигізбей қоймады. Ал, 1928-1938 жылдары әдебиет мектептік жүйеге негізделген тарихи-әдебиеттік курс ретінде оқытылды. БКП(б) орталық комитетінің 1931-1932 жылдардағы «Бастауыш және орта мектептер» туралы қос қаулы мектепте әдеби білімді жетілдіру, арнайы бағдарламалар, оқулықтар арқылы оқыту тиімділігін арттырудың бағыт-бағдарын белгілеп берді. 1939-1990 жылдары КСРО-да халыққа білім беру жүйесі одан әрі жетіле түсті.1958, 1985 жылдары мектеп реформалары жаңартылды. Бұл реформалардың мектепте әдеби білім беру ісін жетілдіруге тигізген әсері зор болды.1970-1972 жылдары «Литература в школе» журналының бетіндегі оқыту сапасын жақсарту, оқытудың жаңа әдістерін іздестіру мақсатындағы пікірталастардың маңызы ерекше. Орыс әдебиетін оқытудағы әдістемелік тәжірибелер қазақ мектебіндегі әдебиетті оқыту ісін жетілдруге және ғылыми-әдістемелік зерттеулердің қанат жаюына тигізген әсері көп болды. 1990-2000 жылдары жалпы және орта білім беру жүйесінде әр түрлі тарихи-әлеуметтік себептерге байланысты түбегейлі өзгеріс болды.Қазақтың ұлттық мектебі тұжырымдамасы дүниеге келді. Ұлттық мектеп тұжырымдамасы ұсынған болашақ мектеп үлгісі мен білім берудегі жаңа жүйенің кеңестік білім жүйесінен айырмашылықтары болды. Оқытудың жаңа технологиялары жүзеге аса бастады. Оның елімізде ғылыми-әдістемелік ізденістерді байыта түсуге тигізген ықпал-әсерлері мол.
Сонымен оқытушы және оқушының оқу әрекетіндегі бірлестіктер мен дербестік сипаттарын, ұйымдастыру жолдарын қарастыруға әдістеме ғылымы қолда бар бай тәжірибеге сүйенеді және оның таяу болашақтағы даму бағыттарын айқындайды:
- әдеби білімді саралауды жүзеге асыру, бағдарламаларды қайта қарап, тұжырымдама негізінде батыл жаңарту; V-ІХ сыныптарды негізгі базалық біліммен қамтамасыз ететін базалық білім бағдарламаларын, оқушының жеке сұранысы мен мүддесіне, қызығушылығы мен бейімділігіне қарай екі жылдық бағдарламада сараланған толық орта білім деңгейлерін қамтамасыз ететін жарыспалы бағадарламалар жасау; әдебиетті оқытудың гуманистік, адамгершілік-эстетикалық сарынын күшейту, сабақ үрдісінде жазушы көтерген ізгілікті тағылымды, өнегені ашуды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді танытуды, сол арқылы оқушының ұлттық рухани санасын қалыптастыруды нысана тұту; оқушының көркемдік-ассоциациялық, образдық ойлануына, әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуіне, шығарманың идеялық-эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына, кейіпкер тағдырына ортақтасуына жағдай жасап, стандартқа сай білім, біліктілікпен қаруландырып, оқырман ретіндегі мәдениетін көтеру;оқытудың шығармашылық сипатын көтеру, оқушылардың оқу еңбегіндегі ой дербестігін, оқу-танымдық қабілеттерін дамытуды қамтамасыз ету, сабақ тиімділігін арттыру нәтижелігіне қол жеткізу; оқытуды демократияландыру, сабақта мұғалім мен оқушы арасында бірлескен мақсатты қарым-қатынас, субъект-субъект дәрежесіндегі еркін диалог ахуалын туғызу, нақтылы сынып жағдайында әдеби білім нәтижелігін қамтамасыз ете алатын мұғалім ізденісін қолдау;
әдебиет пәнінің гуманитарлық циклдегі басқа да пәндермен, білім салаларымен пәнаралық, пәнішілік байланысын тиімді пайдалану, тіл мәдениеті, шешендік өнер, тіл дамыту бойынша тіл мен әдебиетке ортақ бағдарлама жасау; әдебиет оқулықтарының ,оқу кітаптарының мазмұны, ғылыми-дидактикалық негіздерін түбегейлі жақсарту,оқулықтарға білім берудің жаңа технологиясын ендіру. Бұл бағыттар жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі әдеби-білім тұжырымдамасының негізгі ұстанымдары. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің бұл тұжырымдамада көрсетілген негізгі бағыттары әлемдік тәжірибеге де сай келеді деуге болады.«Әдебиетті оқыту әдістемесінің таяу болашақтағы дамуы оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру, оқытуды саралау, пәндердің сондай-ақ жеке әдістемелердің интеграциялануы, оқыту деңгейінің қазіргі ғылым, мәдениеттің даму деңгейіне жақын келуі, вариативті бағдарламалардың, сабақтардың жаңа технологияларын жасау, әдебиетті оқыту әдістерінің жаңа түрлерін іздестіру болып табылады». Отандық әдістемеліктің даму бағыттарының әлемдік тәжірибенің даму бағыттарымен үндес келуі егеменді еліміздің білім дамуының әлемдік білім кеңістігімен үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа алады.
Достарыңызбен бөлісу: |