Чунгэл Бекей
С.Саттаров атындағы №57 мектеп-лицейінің
жоғары санатты биология пән мұғалімі
Қарағанды қаласы
Биология сабағында сандық білім беру ресурстарын
қолдану
“(E-learning) электрондық оқытуды енгізу – білім беру үдерісінің барлық
қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол
жеткізуін қамтамасыз ету”
(Н.Назарбаев)
«Қазақстан ел болашағы –жас ұрпақтың әлемдік стандартқа сай білім алуы үшін
барлық жағдай жасалған. Бұл мемлекеттік даму саясатының басым бағыттарының бірі.
Болашақта білімді де, қабілетті, ел үшін аянбай еңбектеніп, Қазақстанның даңқын
асыратынына, мәртебесін асқақтататынына мен сенемін», – деп елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты интерактивті сабақта айтқан. Осы сенімді
ақтау ең бірінші бүгінгі күнгі жас ұрпаққа білім беретін ұстаздар – біздің міндетіміз болып
келеді.Қазіргі заман талабына сай мұғалім өз пәнін терең біліп қана қоймай, жан-жақты
ізденіспен, шығармашылықпен жұмыс жасап, үздіксіз өз білімін жетілдіріп отыруға міндетті.
Мемлекет тарапынан ұстаздарға жан-жақты жағдай жасалуда. Оның бір мысалы
Кембридж университеті мен «Назарбаев зияткерлікмектептері» дербес білім беру
ұйымдарының (ДББҰ) педагогикалық шеберлік орталығы бірлесіп, үш деңгейлік бағдарлама
жасалып, осы арқылы ұстаздардың білімін жетілдіруде.Менде осы 3 айлық курстың бірінші
(ілгері) деңгейін оқып, сабақ беру тәсілдерімді заман талабына сай өзгерте
бастадым.Биология сабағында Кембридждің 7 модульдік тәсілін күнделікті қолдану арқылы
оқушылардың білім сапасын арттыруға мүмкіндігім жоғарылады.
Мұғалім өз пәнін заман талабына сай, ақпараттық-комуникациялық технологиялардың
мүмкіндігін кеңінен пайдалану арқылы пәнді оқушыларға тереңдете түсіндіруге жағдай
жасай білуі керек. Биология пәнінен стандартта берілген тақырыптар бойынша 6-11
сыныптарда сабақ өткізу барысында 7модульдің ақпараттық коммуникациялық
технологияны қолдану арқылы кең көлемде түсінік берумен қатар оқушылармен түрлі
деңгейде ғылыми жобалар жасау үстіндемін.Мысалы: Мектеп оқушыларындағы жиі
кездесетін ауруларды анықтап, талдау жасай келе «Vernier құрылғылар арқылы оқушы
денсаулығына әсер ететін факторларды анықтау» тақырыбында 10, 11 сынып оқушылары
Уахитова М., Қасенханова Ж. халықаралық ғылыми жобаның жеңімпаздары атанды.
Жобаның негізгі мақсаты –жүрек жұмысы мен бұлшық еттердің арасындағы байланысты,
ағза температурасының зат алмасуға әсерін компьютерлік Heart Rate, Surface Temperature
Sensor, Stainless Steel Temperature Probe құрылғылары арқылы анықтап, зертханалық
жұмыстар орындап, оқушыларға түсіндіру барысында талдаулар жасап, денсаулықты
сақтауға себеп болатын негізгі компоненттерды анықтау.
Жалпы сабақтарды өткізу барысындакомпьютер,Heart Rate құрылығылары,ехplorer
GLX құралдары, фотоаппаратты, интернет, электрондық оқулықтар, бейне жазбалар, әр түрлі
презентациялар жасау, интерактивті тақтаны пайдалаумен қатар «е-Learning» электрондық
оқытуды қолданыпөткізілген сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттырады. Сол себепті мен биология пәніне жоғарда аталғандермен қоса «е-Learning»
электрондық оқытудың қосымша берілген сандық білім беру ресуртарындағы ақпараттарды
үздіксіз түрде, кең көлемде қолданып келемін.
Сандық білім беру ресурстарының (СБР) қазіргі заман талабына сай биология пәнін
оқыту барысында ақпараттық коммуникациялық технологиялардықолдана отырып, оқушыға
жан-жақты білім беріп,олардың қызығушылықтарын арттыруға мүмкіншілігімол екендігі
байқалды. Биология пәнінен 6-11 сыныптарға арналып жасалған сандықбілім
беруресурстарында берілгенақпараттарды төмендегідей жүйелеп қолдану арқылы
тақырыпты оқушыларға терең түсіндіруге болады.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеу барысында кесте толтыру, кестені сәйкестендіру
бағыттарындағы түрлі тапсырмалар, мәтіндер,жаттығулар, ережелердіоқушылардың жас
ерекшеліктеріне байланысты қолдануға үлкен мүмкіншілік береді.
Сандықбілім беру ресурстарын, яғни сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және
басқа оқытудың ақпараттық көздерін әр тақырыптарды қолдануарқылы оқушылардың
биология пәнінен алған білімдерін тереңдетіп, ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар
мен ережелердің, сонымен қатар берілген білім стандартындаоқытылатын объектілердің,
құбылыстар мен үрдістердің қатынастары мен қасиеттерінің жиынтығын меңгерте отырып,
СБР-да берілген бейне жазбаларды көру арқылы жаңа сабақтың 40-50% еске сақтауына
мүмкіндік береді. Кез-келген сабақта электрондық ресурстарды пайдалану оқушылардың
танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға,
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.Оқушылар күнделікті жаңа сабақта
естігенінің 5%, көргенінің 20%ғана есіне сақтай алады.
СБР-дағы ақпараттар оқытудан алаңдатпай, оқу материалын жеңіл меңгеруге көмектесу
үшін қолдануға тиімді. Мысалы: «Ағзадағы жасушалардың құрылымдық деңгейлері»
бөлімінде берілген бейне жазба сабақты қорытындылау кезеңінде пайдалануға немесе
оқушыға миға шабуыл жасауға, логикалық ойландыруға мүмкіншілік беріп, оқушының пәнге
деген қызығушылығын арттырады.Ұлпа туралы ереже мен иллюстративті материал берілген,
оларды сабақтың бастапқы кезеңінде қолдану пайдалы.Орталық жүйке жүйесіне байланысты
берілген анықтамалар жаңа сабақтың басында қолданылып, ми құрылысы, мишық, ми діңі,
жұлындарға байланысты берілген бейне жазбалар оқушының шығармашылық, танымдық
қабілеттерін арттыруға тиімді.
Гормонға байланысты анықтамалар, гипотиреоз және гипертиреоз туралы теориялық
ақпараттар, химиялық құрамымен гормондарды жіктеу бойынша дайын кестелер берілген,
осы анықтамалармен теориялық материалдар арқылы оқушыларға қосымша білім беру
арқылы пәндік олимпиадаға дайындау мүмкіншілігі жоғарылайды. Гипоталамус,гипофиз,
теріс кері байланыс, оң кері байланыс бейне жазбаларындағы анимациялық құрылымы өте
жақсы жасалғандықтан сабаққа қолдану, оқушыға түсіндіру, сабақтың бас кезеңде "миға
шабуыл" жасау барысында көрсетуге болады.
Жалпы
берілген
материалдар
сабаққа
қолдануға,
оқушының
танымдық,
шығармашылық қабілетін дамытуға, кейбір тапсырмалар дарынды оқушылармен жұмыс
жүргізуге өте тиімді. СБР-де көрсетілген ақпараттар оқу бағдарламасына сай жасалған. Осы
СБР-лерде берілген бейне жазбалар сәйкес келетін тақырыптарды өту барысында сабақтың
кез-келген бөлімінде қысқа да нұсқа қолдануға мүмкіншілік беріп, бейне жазбалар мен
анимациялық көріністер күнделікті өмірмен тығыз байланысты және уақыттыүнемдеуге
және әр сабақта тиімді қолдануға бағытталған. Яғни биология сабағында СБР-да берілген
ақпараттарды ұтымды пайдалана білудің нәтижесінде оқушы білімін тереңдетіп, салауатты
өмірсалтын сақтауға, функционалдық сауаттылығын арттыруға тиімді қол жеткізуге болады.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Н.Ә. Назарбаев өзінің «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты халыққа
арналған жолдауы
2. 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
мемлекеттік бағдарламасы – Астана, 2010 жыл.
Достарыңызбен бөлісу: |