Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Пәннің оқу – әдістемелік кешені
Басылым:
бесінші
ЕҰУ Ф 703-08-15. ПОӘК. Бесінші басылым
төмендетіп, жылдамдықты жоғарылатады. Басқа сөзбен айтқанда, катализатор
термодинамикалық мүмкін болатын реакцияның энергиялық тиімді жолмен
жүруін қамтамасыз етеді.
Гомогенді
катализдік
реакцияларға
қышқылдық-негіздік
катализ,
ферментативтік катализ жатады.
Қышқылдық-негіздік катализ
Қышқылдық-негіздік катализде катализатор рөлін
және
иондары
атқарады. Мысалы, күрделі эфирдің сабындану реакциясы:
Реакцияның жалпы жылдамдығы:
Күрделі эфирдің сабындану реакциясының жылдамдық константасын
практика жүзінде
және
иондарының қатысында анықтайды. Катализатор
қатысында реакцияның жылдамдық константасы жоғары болады. Бұл
қышқылдық-негіздік катализдің жеке түрі, ал жалпы жағдайларда барлық
реакцияласатын заттардың концентрациясының, табиғатының, температураның
т.с.с. әсерлерін қарастыру қажет.
Гомогенді катализдің тағы бір түрі – ферментативтік катализ дедік, мұнда
катализатор рөлін белгілі бір құрамды белоктар (ферменттер) атқарады, яғни
ферменттер тірі табиғаттың тіршілік әрекетін каталитикалық реттеп отыратын өте
күрделі биохимиялық заттар.
Бұл орайда табиғат күшінің кереметтігін айтуға болады, табиғат құрамы және
әсері осы уақытқа дейін құпия катализаторлар дайындап берген үлкен бір зауыт
сияқты. Катализатор – ферменттердің әсері адам денесінің температурасында (36-
370С) ғана болады, ал одан жоғары немесе төмен температураларда ферменттер
әсер етпей жойылады. Жасанды ферменттер 2-4 есе әлсіз әсер етеді. Іс жүзінде,
барлық тірі ағзалардағы процестер катализаторлық қасиеті бар ферменттердің
қатысуымен жүреді.
Гетерогенді катализ
Гетерогенді катализ катализдің ең көп тараған түрі. Гетерогенді катализге
,
,
сияқты құнды өнімдерді синтездеу, мұнай және мұнай
өнімдері қатысындағы реакциялар, қанықпаған көмірсутектерді гидрлеу т.с.с.
процестер жатады.
Гетерогенді катализде берілген реакцияға қатты фазаның бетінде яғни
әртүрлі фазалар аралығында өтуінде. Гетерогенді катализдің негізінен екі түрі
бар: а) катализатор қатты, ал реакцияға түсетін және реакциядан шығатын заттар
газдар; б) катализатор қатты, ал реакцияға түсетін және реакциядан шығатын
заттар сұйықтар.
а) қатты катализатор
б) қатты катализатор
газ газ сұйық сұйық
|