педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы, маңыздылығы әртүрлі, олардың бір-біріне бағыныштылығы (иерархия) мен бір-біріне әсері бар;
педагогикалық процесс бір қас-қағым сәттік емес, ұзақ мерзімдік уақытқа бағытталған;
педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің ортасы мен өзара байланысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның ықпалы негізінде ең ақырғы, түпкі нәтиже қалыптасады.
Педагогикалық процестің заңдылықтары мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға жол табуға әсер етеді. Заңдылықтар мен принциптер педагогикалық процестің қызметін және оны нақтылы жағдайға сәйкес құрауда болжауға болады.
Барлық педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтарының айқындалғандарын ескере отырып, баланың тұлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақтылы әлеуметтік-экономикалық жағдайларда өзіндік даму және өз орнын таба алу қабілетін қамтамасыз ететін, мұғалімнің тікелей басшылыққа алатын қағидаларын принциптер деп атайды.
Біртұтас педагогикалық процестің принциптері – нақтыланып баратын оқу мен тəрбиеге бастау, жетекші талаптар анықталады. Қай педагогикалық процесс болмасын, өз дамуының белгілі бір ізділігіне сəйкес кезеңдерге бөлінеді.
Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып есептеледі, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет істеуінде шығармашылық ықпал етеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары жүзеге асады. Бұл мұғалімнің теориядан практикалық әрекетке көшуі болады:
педагогикалық процестің ізгіліктілігі, тұлғалық-нысандық бағыттылығы;
іс-әрекеттің сана мен мінез-құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы;
педагогикалық процестегі іс-әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру;
педагогикалық талап қоюшылықты оқушының көзқарасын оны адамдарға, құбылыстарға, процестерге қарым-қатынасын сыйлаумен ұйымдастыру;
оқушы мен ұжымның дамуында жеке даралықты, психологиялық физиологиялық жас ерекшелік пен ұлттық ерекшеліктерді ескеру;
педагогикалық басшылықты оқушылардың инциативасымен, қайраткерлігімен ұластыру;
оқушылардың іс-әрекеттерде тиімді нәтижелерге жетуге көмектеседі;
ұстаздардың, оқушылар ұжымының және отбасыларының оқушыларға қоятын талаптарының үйлесімділігі;
әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
оқушы тұлғасы мен ұжымның дамуындағы жаңа құрылымды үздіксіз бақылау.
Біртұтас педагогикалық процестің даму кезеңдері жүйелі түрде жүріп отырады. Олар: дайындық кезеңі, мұнда мақсатқа сай қажетті жағдайлар жасалады, мақсат тұжырымдалады, нәтиже болжамдалады. Негізгі кезеңде мұғалім мен оқушы арасында өзара байланыс формалары, әдістері, құралдары негізінде педагогикалық процесс жүзеге асады. Қорытынды кезеңде нәтиже талқыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |