Кесте 4 – «Педагогикалық процесс» ұғымының мәні
№
|
Анықтама
|
Автор
|
1
|
Педагогикалық процесс – көптеген процестердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні әлеуметтік құнды тәрбие адамның қалыптасқан сапасына айналатындығы
|
М.А. Данилов
|
2
|
Педагогикалық процесс – үлкендердің мақсатты, мазмұнды, ұйымдасқан педагогикалық іс-әрекеттерінің өзара әсері және тәрбиешінің басым рөліне бағытталған белсенді өмірлік іс-әрекет нәтижесінде баланың өзін-өзі өзгертуі
|
Б.Т. Лихачев
|
3
|
Педагогикалық процесс – қойылған мақсатқа жетуге бағытталған, тәрбиеленушінің қасиеттерінің белгіленген өзгерісіне, түрленуіне алып келетін тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара бірлескен іс-әрекетінің дамуы
|
И.П. Подласый
|
4
|
Педагогикалық процесс – тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту заңдылықтары негізінде қойылған мақсатқа сәйкес баланың өмірлік іс-әрекетін мақсат-бағыттылыққа ұйымдастыру
|
С.А. Пуйман
|
5
|
Педагогикалық процесс тәрбиеленушінің тұлғалық қасиеттері мен сапалық түрленуіне алып келетін, қойылған мақсаттың нәтижесіне бағытталған, арнайы ұйымдастырылған, уақыт пен кеңістікке қатысты нақты тәрбиелік жүйеде дамитын тәрбиеші мен тәрбиеленушінің өзара іс-әрекеті
|
В.И. Смирнов
|
6
|
Педагогикалық процесс – өзінің табиғатында өзіне-өзі әрекет жасай алатын жеке қоғамдық тұлғаның жан-жақты жетілуі
|
П.Ф. Каптерев
|
7
|
Педагогикалық процесс – ұстаздардың қатысуымен және басшылығымен жүзеге асатын оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, ол әлеуметтік тәжірибені меңгеру, әрбір оқушының дамуға және өзін еңбекте, қоғамдық өмірде жүзеге асыруға дайын тұлғасын қалыптастыруға бағытталған
|
Педагогика /Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университетінің авторлар ұжымы
|
Ғалым Т.А.Стефановскаяның пікірінше, педагогикалық процестің құрамды бөліктері болып табылатындар:
педагогикалық процестің негізгі басты идеялары мен принциптері;
тұтас педагогикалық процесс функциялары;
тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері;
тұтас педагогикалық процесс тиімділігінің көрсеткіштері;
педагогикалық процесс мазмұны;
педагогикалық процестің негізгі құралдары, іс-әрекет түрлері.
Педагогикалық процесс – көптеген процестердің ішкі байланысқан жиынтығы, оның мәні – әлеуметтік тәжірибе қалыптасқан адами санамен байланыстылығы. Тұтастық, жалпылық, бірлік – бірдей мақсатқа бағытталған педагогикалық процестің барлық құраушыларының негізгі сипаттамасы. С.А.Смирнов, И.Б.Котова, Е.Н.Шиянов, Т.И.Бабаева және т.б. ғалымдар педагогикалық процесті көптеген педагогикалық іс-әрекеттер мен құбылыстарды біріктіретін тұтас жүйе ретінде қарастырады: тұтас педагогикалық процесс, тұтас педагогикалық процестің заңдылықтары, тұтас педагогикалық процестің кезеңдері, педагогикалық инновациялар, креативті педагог.
Педагогикалық процестің негізі тірегі – бұл оқу жəне тəрбие. Педагогикалық процестің құрылымы екі тұрғыдан қарастырылады: педагогикалық процеске қатысушылардың субъективті құрамы; іс-əрекеттік құрамы (12-сурет).
Процессуалды (іс-әрекеттік) құрам:
мақсаттылық
мазмұндық
іс-әрекеттік
эмоционалдық
мотивациялық
бақылаушылық
бағалаушылық
нәтижел
Субьективті құрам:
Достарыңызбен бөлісу: |