Әдебиеттер тізімі:
Гавердовский Ю.К. Техника гимнастических упражнений: популярное учебное пособие. М.: Терра-Спорт, 2002.
Гимнастика. М.Л.Журавина, Н.К.Меньшикова. М.: «Академия», 2002.
Гимнастическая терминология: справочник по курсу «Гимнастика». С.А.Александров. Гродно, 2000.
Горанько М.И. Спортивная гимнастика Казахстана. Исторический очерк (1917-2011гг.). Алматы, 2011.
Ракишев Т.К. Дене шынықтыру және спорт: казахско-русский, русско-казахский словарь. Алматы, 2014.
Словарь терминов гимнастики и основ хореографии. А.И.Рябчиков, Ж.Е.Фирилева. СПб.: Детство-Пресс, 2009.
Лекция 5-6. «Гимнастика оқытушы-жаттықтырушы» профилі
Жоспар:
Маман моделі: әдіс, дағды көлемі, гимнастика жаттықтырушысына қойылатын талаптар.
Гимнастика маманы дайындығын ұйымдастыру ерекшелігі.
1. Маман моделі: әдіс, дағды көлемі, гимнастика жаттықтырушысына қойылатын талаптар.
Дене тәрбиесі сабақтарын сапалы өткізуде мұғалімнің кәсіптік шеберлігі шешуші рол атқарады. Ол мұғалімнің білімі, шеберлігі мен кәсіптік маңызды қасиеттерінен құралады.
Дене тәрбиесі мұғалімінің білімі. Білім- мұғалімнің педагогтық қызметіндегі мүмкіндігін анықтайтын себептердің бірі болып табылады. Дене тәрбиесі мұғалімінің білімдарлығы жалпы және арнайы білімдерден тұрады. Жалпы білім - мүғалімнің жалпы мәдениетін көрсетеді. Кәсіптік қызметіне өте қажет арнайы білімді екі топқа бөлуте болады. 1. Психо-педагогтық, медико-биологтық және спорттық-педагогикалык. 2. Теориялык ( дене мәдениеті тарихы, дене тәрбиесі теориясы, гигиена білімдері т.б.) оку бағдарламасы деңгейінлері материалдарды көрсете алу шеберлігі.
Дене тәрбиесі мүғалімінің шеберлігі. Шеберлік- ол әрекеттерді немесе барлық дене тәрбиесі қызметін ережелері мен мақсатына сәйкес меңгеру. Дене тәрбиесі мұғалімінің шеберлігі - жоспарлау, коммуникативті,ұйымдастыру, диагностикалық, қимыл ептілігі деп бөлінеді. Жоспарлау шеберлігі мұғалімге келешек іс әрекетті жоспарлауға көмектеседі, яғни сабаққа, дене қуаты қасиетін демытуға, жаттығулар таңдап, іріктеп алу процесін жоспарлауға т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |