Майларды адсорбциялық тазалау. Майларды адсорбциялық тазалау адсорбенттердің майлардан шайырлы және күкіртті қосылыстарды, қанықпаған және полициклді ароматты көмірсутектерді, сондай-ақ органикалық қышқылдарды, еріткіштердің күкірт қышқылының қалдықтарын іріктеп алу қабілетіне негізделген. Тазалау нәтижесінде майдың түсі, оның тұрақтылығы, тұтқырлық индексі, кокстелуі жақсарады.
Майларды тазалау кезінде адсорбент ретінде, отындарды тазарту кезінде табиғи балшықтар (ағартқыш жерлер) және жасанды алюмосиликаттар қолданылады. Қолдану алдында табиғи балшықты күкірт немесе тұз қышқылымен белсендіріледі және кептіреді.
Бақылау сұрақтары:
1. Май өндіру процесі кезеңдері
2. Қандай майлар «дистиллят» және «қалдық» деп аталады?
3. Қалдық майларды пропанмен екі сатылы деасфальтизациялау қондырғысының технологиялық сызбасын сипаттау.
4. Майларды фенолды және фурфуролды тазалау ерекшеліктерін келтіріңіз.
5.Майларды адсорбциялық тазалау ерекшеліктерін келтіріңіз.
Лекция 29
Мұнай битумдарын өндіру.
Әртүрлі мақсаттағы мұнай өнімдерін өндіру
Битум алу. Битумдар маркалары мен мақсатына байланысты қара пластикалық мұнай өнімдері, сұйық, жартылай қатты және қатты болады. Битумдардың тұтқырлығы барлық мұнай өңдеу өнімдеріне қарағанда ең жоғары тұтқырлық болп есептеледі.
Дайын битумдардың пайдалану қасиеттері мынадай көрсеткіштердің қатарында бақыланады: иненің ену тереңдігі (мм) 250С кезінде (пенетрация), сақина және шар әдісімен анықталатын жұмсарту температурасы (0С), 250С кезінде созылу (үрлеу), сыну температурасы (0С), 200С кезінде когезия (МПа, немесе кг/см2) және адгезия кезінде. Иненің ену тереңдігі мен жұмсарту температурасы битум қаттылығын, созылғыштығын - оның икемділігін сипаттайды. Когезия, яғни жарылуға сынау кезінде битум жұқа қабаттарының беріктігі битум беріктігін, сыну температурасы — аязға төзімділікті куәландырады. Адгезия (немесе жабысу) — минералды материалдармен берік ілінісу қабілеті-тек сапалы түрде анықталады.
Тұтқыр жол және құрылыс битумдарына қойылатын негізгі техникалық талаптар 29.1 кестеде келтірілген. Мысалы, БГ -40/70, СГ-40/70, МГ-40/70 маркалы битумдардың тұтқырлығы 40-70с.
Битум құрамына кіретін компоненттердің арақатынасы оның қасиеттеріне әсер етеді. Битумда асфальтендер көп болған сайын, битум қатты, шайырлар битумның икемділігін және оның цементтейтін қасиеттерін жақсартады, майлар битумдарға аязға төзімділікті хабарлайды.
Битумдардың пайдалану қасиеттерінің олардың химиялық құрамына тәуелділігі асфальтендер құрамының А/С шайырларының құрамына қатынасы және асфальтендер мен шайырлар қосындысының майлардың (А+С)/М құрамына қатынасы шамаларымен сипатталады. Жоғары беріктігі бар жақсы жылу және аязға төзімділікті үйлестіретін битумдарда 23% шайыр,15-18% асфальт және 52-54% май бар; А/С = 0,5 - 0,6; (А + С) /М = 0,8
- 0,9 болады.
Битумдардың адгезиялық қасиеттерін жақсарту үшін беттік-активті зат (БАЗ) қоспалары қолданылады. БАЗ ретінде әдетте синтетикалық май қышқылдарын айдаудың кубтық қалдықтары қолданылады [1-4% (масс.)].
29.1-кесте. Битум сипаттамасы
Көрсеткіштер
|
Жол битумдары
|
Құрылыс битумдары
|
БНД – 40/60
|
БНД – 60/90
|
БНД – 90/130
|
БНД – 130/200
|
БНД – 200/300
|
БН – 70/30
|
БН – 90/10
|
Иненің ену тереңдігі, 0,1мм
250С – та
00С, төмен емес
|
40 – 60
13
|
61 - 90
20
|
91 - 130
28
|
131 – 200
35
|
201 - 300
45
|
21 - 40
–
|
5 – 20
–
|
Сақина және шар әдісімен босау температурасы, 0С, төмен емес.
|
51
|
47
|
43
|
39
|
35
|
70
|
90
|
Созылмалығы, см,
250С – та
00С – та
|
40
–
|
50
3,5
|
60
4,2
|
65
6
|
–
20
|
3
–
|
1
–
|
Cынғыштық температурасы, 0С – дан жоғары емес
|
|
|
|
|
|
–
|
–
|
Тұтану температурасы, 0С – дан төмен емес
|
220
|
220
|
220
|
220
|
220
|
230
|
240
|
Мрамор немесе құммен жабысу
|
ұсталады
|
Достарыңызбен бөлісу: |