1.2 - сурет – Мұнайдың дүние жүзілік қоры. Қазақстан – 3,2 %.
Қазақстан Республикасы ірі мұнайгаз потенциалына ие, ол айтарлықтай барланған қорлардан және де қомақты болжамдық қорлардан тұрады. Мұнай және газ кенорындары тұнба бассейндерінің қатарына келтірілген, олардың бір бөлігі айрықша геологиялық ерекшеліктерімен сипатталады. Қазақстанның оңтүстік-шығыс және шығыс аудандарында юралық-палеогендік Арал маңы, Сырдариялық және Оңтүстік-Торғай тұнба бассейндері, сонымен қатар Шу-Сарысу, Зайсан, Алакөл, Іле сияқты әртүрлі жасты тау аралық ойпаттар тобы бөлінген. Қазақстанның солтүстік аудандарына Батыс-Сібір тұнба бассейні жартылай кіреді.
Ең ірі игерілуге дайындалған көмірсутек шикізатының қорлары Каспий маңы ойпатының кунгур тұздық палеозойына келтірілген. Сонымен бірге, Республикамыздағы мұнай өндірісінің негізгі көлемі Оңтүстік-Маңғыстау мұнайгаз облысының кенорындары есебінен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан территориясында қалдық бассейндер тобы дамыған. Олар бір-бірінен геологиялық құрылымдары, платформалық жабындының стратиграфиялық көлемі және мұнайгаздылығы бойынша ерекшеленеді.
Республикамыздың батыс аудандарында қалдық бассейндерге қуатты мезозой-кайназойлық және жоғарыпалеозойлық платформалық жабындымен Каспий маңы; юра-палеогендық қалдық орындалумен Маңғыстау-Үстірт бассейндері жатады.
Мұнай қоры бойынша Қазақстан Республикасы әлемнің 15 жетекші елдерінің қатарына кіреді. Республика көмірсутек шикізатының айтарлықтай үлкен қорына ие – әлемдік қордың 3,3%, (өндірілетін мұнай қоры 4,8 млрд т құрайды, өндірілетін газ қоры Каспий қайраңындағы жаңа кенорындарды ескерумен 3 трлн м3 дейін жетті, ал мүмкін ресурстары 6-8 трлн м3 бағаланған).
Республикамыздың 172 мұнай кенорны және 42 конденсаттық кенорындары (оның ішінде 80 аса кенорын игерілуде) орналасқан мұнайгаз аудандары Қазақстан территориясының шамамен 62 % ауданын алып жатыр. Қазақстандағы негізгі мұнай қорлары (90% аса) 15 ірі кенорындарда шоғырланған – Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ, Өзен, Жетібай, Жаңажол, Қаламқас, Кенкияк, Қаражанбас, Құмкөл, Солтүстік Бозашы, Әлібекмола, Орталық Прорва, Шығыс Прорва, Кенбай, Королевское және қордың жартысы – екі ірі Қашаған мен Теңіз мұнай кенорындарында.
Кенорындар Қазақстанның он төрт облысының алтауының территориясында орналасқан. Бұл Ақтөбе, Атырау, Батыс-Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. Көмірсутек қорларының шамамен 70% Қазақстанның батысында шоғырланған.
Атырау облысы айтарлықтай мұнай қорына ие, оның территориясында өнеркәсіптік категория қорлары 930 млн тоннаны құрайтын 75 асатын кенорын ашылған. Облыстың ең ірі кенорны – Теңіз (бастапқы өндірілетін қоры – 781,1 млн. тонна). Облыстың қалған кенорындарының үлесіне – щамамен 150 млн. тонна өнім тиесілі. Бұл қорлардың жартысынан көбі екі кенорынға тиесілі – Королевское (55,1 млн. тонна) және Кенбай (30,9 млн. тонна).
Маңғыстау облысының территориясында 70 аса кенорын ашылған, өнеркәсіптік категориядағы өндірілетін мұнай қорлары 725 млн тоннаны, конденсат 5,6 млн тоннаны құрайды. Кенорындардың жартысынан азы пайдаланылуда. Олардың көпшілігі – игерудің соңғы кезеңдерінде. Қалдық қорлардың басым бөлігі қиын өндірілетін категорияға жатады. Ірі кенорындарға Өзен, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |