Лекция 0 cағат Практикалық сабақ 15 сағат ожсөж- 45 сағат CӨЖ 45 сағат Емтихан семестрде



жүктеу 1,14 Mb.
бет6/7
Дата11.01.2020
өлшемі1,14 Mb.
#26151
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7

Патологиялық үрдіс

Аурудың жұғып, дамып жетілу үрдісі патогенез деп аталады. Ол бірнеше кезеңдерге бөлуге болады: аурудың жұғуы, инкубациялық кезең және аурудың айқындалуы.



Аурудың жұғуы. Кез келген инфекциялық аурудың дамуы жұғудан, яғни ауру қоздырғышының өсімдік тканіне еніп, паразиттік тіршелек ете бастағаннан басталады. Алғашқыда ауру қоздырғышы өсімдік бетіне түседі, ал саңырауқұлақ патогендердің споралары өсіп, қоршаған ортаның белгілі бір жағдайларына сәйкес өсімдіктердің жабын ткандері арқылы енеді. Жай ғана саңырауқұлақ спораларының өсімдік бетіне түсуі, яғни өсімдіктердің споралармен “ластануынан” ауру жұқпайды.

Ауру қоздырғыштарының өсімдік бойына енуі үшін қоршаған ортаның температуралық және ылғалдылық жағдайы белгілі бір деңгейде болуы қажет. Әр түрлі ауру қоздырғыш саңырауқұлақтардың споралары өсу үшін қажетті жылуға және ылғалдылыққа талабы әр түрлі болады. Осымен қатар жарық, оттегі, өсімдіктердің бойынан бөлініп шығатын заттар сияқты факторлардың маңызы зор.

Мысал ретінде бидайдың қоңыр тат ауруның қоздырғышымен зарардануын қарастырып өтейік. Көктемгі немесе саңырауқұлақ споралары ауа ағысымен жапырақ бетіне түседі. Егер жапырақ ылғалды болса немесе көп ұзамай шық түссе споралардың өсу түтікшесі өсе бастайды (қажетті температура 3…25оС деңгейінде болуы қажет). Бұл кезде өсу спора бойында заттар қорының есебінен жүреді. Спораның өсу түтікшесі устьице саңылауы бағытында қозғалады. Осы жерде саңырақұлақ гифасы аппрессория деп аталатын жазық түзілім көмегімен жапырақтың эпидермалық клеткасына беркиді. Аппрессориядан гифа жалғасы өсіп шығып, устьицеге еніп, жапырақ тканіне таралады. Өсімдік пен паразиттің арасында орналасқан байланыс бойынша саңырауқұлақөз қорегіне өсімдік синтездеген өнімдерді пайдалана бастайды. Ауру қоздырғыштарының өсімдік бойына енуі әртүрлі жолдармен жүреді. Патогендердің басым көпшілігі жоғарыдағы мысалда аталғандай өсімдік тканіне табиғи саңылаулары: устьицелер, чечвичкалар, гидатодтар арқылы енеді. Бұл жол негізінен бактерияларға және кейбір саңырауқұлақтарға тән. Факультативті паразиттер қатарына жататын ауру қоздырғыштары өсімдік тканіне негізінен әр түрлі механикалық жарақаттар арқылы енеді.

Кәдімгі ақ ұнтақ ауруын қоздыратын кейбір саңырауқұлақтар, гүлді паразиттер өсімдік бйына тұтас жабын ткані арқылы, оны өзінің ферментімен ыдыратып ене алады. Олар енгеннен соңғы дамуы да өсімдік бетінде жүреді.



Инкубациялық кезең. Ауру жұққаннан соң алғашында даму үрдісі байқалмайды. Алғашқы ауру симптомдары әдетте бірнеше күннен соң пайда болады. Кейде бұл үрдіс бірнеше апта немесе ай бойына созылуы мүмкін.

Аурудың жұққан кезінен көзбен көрінетін белгілерінің пайда болуына дейінгі кезеңі инкубациялық деп аталады. Инкубациялық кезеңнің ұзақтығы ең алдымен патоген түрінен, сол сияқты температураның ең төменгі шегіне байланысты. Мысалы, картоптың фитофтора ауруы қоздырғышының инкубациялық кезеңінің қолайлы жағдайдағы ұзақтығы 4-5 күн. Сонымен қатар өсімдіктің ауруға сезімталдық дәрежесінің де маңызы бар.

Инкцбациялық кезеңнің ұзақтығын білу аурудың таралуын қысқа мерзімді болжау және оны есептеп шығару үшін өте маңызды. Бұл қорғаныш шараларын уақыттылы өткізіп, аурудың таралуының алдын алуға мүмкіндіе береді.

Аурудың айқындалуы. Ауру белгілері патоген, қожайын-өсімдік және сыртқы орта жағдайларының өзара әрекеттесу нәтижесінде белгілі бір ауруға тән патологиялық өзгерістердің туындайтынын көрсетеді. Ауру белгілері сырт көзге неше түрлі болуы мүмкін және ол ең алдымен ауру қоздырғыш түріне байланысты. Мысалы, нағыз ұнтақ ауруымен ауырғанда өсімдік жапырақтарының бетіне ақ ұнтақ тәрізді дақтар түседі, солсияқты тат ауруларында бірден ажыратуға болады. Саңырауқұлақтар қоздыратын жұқпалы аурулардың инкубациялық кезеңінің аяғында саңыралақтың спора шашуы жиі байқалады. Түзілген бұл споралардың көмегімен аурудың жаңадан жұғуы, яғни патогеннің жаңа гұрпағана бастау болады.

Адамдар мен жануарларға қарағанда аурудан жазылып кетуі өте сирек кездеседі. Алайда кебір аурулардан кейін өсімдік емдеуге келеді.


Алғашқы және екінші кезекті инфекция. Инфекцияның сақталуы.
Бір жылдық өсімдіктерде және көп жылдық өсімдіктердің жапырақтары мен ағымдағы жылғы өскіндер ауруға шалдыққанда ауру вегетация басынан басталып, маусым бойына жүреді. Бұл бастапқы немесе алғашқы инфекция деп аталады, яғни бір маусымда басталып, әдетте жеке өсімдіктерде байқалады. Алғашқы залалдануды топырақта немесе өткен жылғы өсімдік қалдықтарында қыстап шыққан, немесе тұқыммен келген ауру қоздырғыштар туындатады. Ауру қоздырғыш сондай-ақ ауа ағынымен де келуі мүмкін.

Бір қатар аурулармен өсімдіктердің заладануы бір маусымда тек бір-ақ рет болады. Бұндай аурулар моноциклдік аурулар деп аталады. Олардың қатарына мысалы дақылды тек гүлдеген кезде ғана залалдайтын бидайдың тозаңды қара күйе ауруы жатады. Басқа көптеген ауру қоздырғыштарының инкубациялық кезеңі біткеннен соң, бір вегетация кезеңінің ішінде басқа сау өсімдіктерді залалдауға қабілетті инфекция түзіледі (саңырауқұлақ споралары, бактерия клеткалары). Өсімдікті залалдағаннан жаңа инфекциялық бірлікті түзгенге дейінгі мерзім генерация кезеңі, немесе генерация деп аталады.

Патогеннің биологиялық ерекшелігіне, сорттың төзімділік дәрежесіне және нақты қалыптасқан ауа-райы жағдайына байланысты бір ауру қоздырғышы вегетация бойына бірнеше (кейде 8-10 тіпті одан да көп) генерация (ұрпақ) беруі мүмкін. Бұндай аурулар полициклдік деп аталады.

Жұқпалы аурулар қоздырғыштарының тарату көзі және сақталу формалары әр түрлі болуы мүмкін. Олардың ішіде кең тарағандары:



  • Топырақ. Топырақ инфекцияның сақталу және жинақталуының негізгі орны. Топырақта спора түзетін бактериялар, кейбір өте тұрақты вирустар, гүлді паразиттердің тұқымдары сақталады. Циста, ооспоралар, телиоспоралар, хламидоспоралар, склероцийлер түріндегі саңырауқұлатардың тыныштық күйдегі формалары да осныда сақталады. Олардың ішінде әсіресе цисталардың тұрақтылығы өте жоғары болады: олар тіршілікке қабілеттілігін 10-15 жылға дейін сақтайды. Бірқатар саңырауқұлақтар топырақта сапротрофты кезеңде болып, топырақтағы тұрақты организмдермен бәсекеге түседі. Белгілі ауру түрлерінен картоптың рак ауруының, астық, бұрша және де басқа дақылдардың тамыр шірігінің, күздіктердің жалған ақ ұнтақ, склеротиниоза және басқалары топырақта жақсы сақталады.

  • Өсімдік қалдықтары. Көптеген фитопатогенді бактерияларды, көптеген жартылай паразит саңырауқұлақтарды таратушы – өткен вегетациялық кезеңде ауруға шалдыққан өсімдіктердің қалдықтары. Облигаттылар қатарына саңырауқұлақтар.

Ауру қоздырғыштарының бір тобы өсімдік қалдықтарында жер астында да топырақ бетінде де сақтала алады, ал кейбірі – тек қана топырақ бетінде ғана сақтала алады.

  • Тұқым және тұқымдық материал. Фитопатогенді микроорганизмдердің барлығы да, сол сияқты гүлді өсімдік паразиттері тұқымда және тұқымдық материалда сақталады. Ауру қоздырғыш түріне қарай инфекция ішкі, сыртқы немесе қоспа түрінде болады. Мысалы, бидайдың шаңды қара күйе ауру қоздырғышыұрықтық мицелий түрінде дән ұрығынд, ал қатты қара күйе ауру қоздырғышы телиоспоралар түрінде тұқымның бетінде сақталады.Қара бидай слерацийлері тұқымның құрамында қоспа түрінде жүреді. Картоп ауруларының ауру қоздырғыштары көпшілігі тұқымдық материалда болады.

  • Өсімдіктер. Аурға шалдыққан өсімдіктер (арам шөптер, күздіктер, көпжылдық өсімдіктер, жылыжайларда өсірілетін дақылдар) келесі жылы жаңа өсімдіктерді заладайтын ауру тарату көздері болады. Бұлайша вирустар, микоплазмалар, бактериялар тарайды. Саңырауқұлақтардың бұндай таралуы сирек кездеседі.

  • Кейбір фитопатогенді вирустар мен бактериялар қыс кезінде насекомдар денесінде сақталады. Қыстан шыққан насекомдар неғұрлым көп болса өсімдіктерді аурулардың заладау ықтималдығы да соғұрлым артады.


Ауру қоздырғыштарының таралу жолдары
Жұқпалы аурулар көбіне мынадай жолдармен тарайды:

  • ауа ағысымен (желмен) – анемохория;

  • сумен – гидрохория;

  • жануарлармен – зоохория;

  • адамдардың көмегімен – антропохория.

Ауа ағынымен негізінен саңырауқұлақтардың споралары тарайды. Олар ауа ағынымен бернеше километрге дейін биіктікке көтеріліп, мыңдаған километр қашықтыққа дейін тасымалданады. Споралардың инфекцияға (ауруды таратуға) қабілеттілігі олардың тіршілікке қабілеттілігіне, сондай-ақ ауаның температурасы мен ылғалдығына, күн радиациясына және басқа да бірқатар факторларға байланысты. Мысалы, дәнді дақылдардың сабақтатының жаздық споралары тіршілікке қабілеттілігін ұзақ мерзім сақтайды, ал картпотың фитофтороз ауруы қоздырғышының зооспорангийлері тіршілікке қабілеттілігін тез жоғалтады.

Фитопатогенді бактериялар ауа ағынына өсімдіктің залалданған ткандерінің ұсақ бөлшектерімен енеді. Алайда олар ұзақ қашықтыққа тасымалданбайды.

өсімдіктерді суарғанда, жауын-шашынмен саңырауқұлақтар мен баутериялар қоздыратын аурулар тарайды – бір қатар өсімдіктердің фузариозды солуы, бактериоздар.

Насекомдар, кенелер, нематодалар, жабайы және үй жануарлары вирус және бактериялардық патогендерді тасымалдайды. Кейбір фитопатогенді вирустар мен микоплазмалар үшін насекомдардың бойында жетілуі биологиялық даму циклінің бір бөлігі болып табылады. Бактериялар насекомдар бойында немесе денесіның бетінде болуы мүмкін. Мысалы, шыртылдақ қоңыз личинкалары – сым құрттар, өсімдік ткандерімен қоректеніп, картоптың бактериялар қоздыратын шеңберлі шірік және қара сирақ ауруларының қоздырштарын таратады.

Насекомдар саңырауқұлақ спораларын да таратады. Бұған қара бидайдың қастауыш ауруының конидиялық кезеңіндегі таралуы мысал бола алады. Қастауыш конидиялары түзілген кезде масақша жатындарында «бал шығы» деп аталатын тәтті сұйық шығады. Насекомдар осы сұйықпен қоректеніп, үстіне спораларды жұқтырып алады, сосын оларды қара бидайдың басқа гүлдеріне таратады.

Өсімдік ауруларын адамдардың таратуы өсімдіктерді күтіп-баптау кезінде болады. Сонымен қатар тұқыммен немесе өніммен бірге басқа тараптарға таралуы мүмкін.


Эпифитотийлер
Эпифитотийлер дегеніміз белгілі бір уақыт ішінде белгілі бір аймақта инфекциялық аурулардың кең таралуы. Олар белгілі бір заңдылықтарға бағынады және 3 жағдайдың өзара сәйкестігінен туындайды:

  • белгілі бір аймақта ауру қоздырғыштарының қорының жинақталуы;

  • үлкен аудандарда нақты патогенге төзімсіз сорттарды өсіру;

  • патогеннің өсіп-жетілуіне оңтайлы сыртқы орта жағдайларының қалыптасуы.

Аталған жағдайлардың маңыздылығы басқа факторларға да байланысты. Мысалы, патоген қоры жиналғанда оның тек саны емес сапасының да маңызы бар. Сабақ татының масақтану кезеңінде бір сабаққа қоздырғыштың 50-ден астам жаздыұ споралары келсе ғана дәннің сүттеніп пісу кезеңінде эпифитотийге айналуы мүмкін. Патогеннің агрессивтігі жоғары болуы қажет. Сол сияқты өсіріліп жатқан сорттарға патогендердің вирулентті нәсілдері сәйкес келуі қажет. Өсімдіктердің ауруларға төзімділігі агротехникалық шараларға да байланысты.

Ауру қоздырғышы мен өсімдіктердің күйі негізінен сыртқы орта жағдайларына байланысты. Мысалы бидайдың қоңыр тат ауруының қоздырғышымен залалдануы үшін міндетті түрде 15...20о температура деңгейінде (саңырауқұлақ споралары өсуі үшін оңтайлы температура деңгейі) 4-8 сағат бойына өсімдік жапырағының бетінде сұйық-тамшы күйіндегі ылғал болуы қажет.

Температура мен ылғалдылық сондай-ақ патогеннің инкубациялық кезеңінің, спора түзу (саңырауқұлақтар үшін) ұзақтығын және заладану ерекшеліктерін анықтайтын факторлар.

Кез келген эпифитотия үш сатыдан тұрады:



  • әзірлік;

  • нағыз эпифитотия;

  • басылу.

Дайындық сатысында инфекция қорының жинақталуы жүреді. Бұл сатының ұзақтығы едуір болады; моноциклдік аурулар үшін – бірнеше жылдар бойына. Екінші сатыда өсімдіктердің кеселмен жаппай ауруы байқалады. Бұл кезде егістіктің түгел жарамсыз болуы да жиі кездеседі. Соңғы сатысында аурудың қарқындылығы біртіндеп бәсеңдейді, оның себебі патогеннің ерекшелігі немесе қорғау шараларының нәтижесі болуы мүмкін.
Ауру қоздырғыштарының мамандануы
Ауру қоздырғышының мамандануы дегеніміз олардың белгілі бір қоректік субстратқа бейімделуі. Патогендердің әр түрі үшін қажетті қоректік субстрат өсімдік ткандерінде немесе өсімдіктердің белгілі бір өсу кезеңінде болуы мүмкін. Фитопатогенді микроорганизмдердің мамандануының бірнеше типтері ажыратылады: филогенетикалық, органотроптық және онтогенетикалық.

Патогендердің филогенетикалық мамандануы олардың өсімдіктердің нақты тұқымдасын, туысын, түрін, тіпті кейде нақты сортын залалдауымен сипатталады. Бұл мамандану көлемі патоген әр түрлі тұқымдасқа, немесе бір тұқымдастың әр түрлі туысына жататын өсімдіктерде паразиттік күйде тіршілік етеді. Мысалы, ақ шірік ауруының қоздырғышы Sclerotinia sclerotiorum саңырауқұлағы күнбағысты, бұршақты, сәбізді, қиярды және басқа да көптеген өсімдіктерді залалдайды. Қырыққабаттың кила ауруының қоздырғышы крестгүлділер тұқымдасына жататын басқа дақылдарды да залалдайды. Көптеген дақылдардың сұр шірік ауруының қоздырғышы Botritis cinerea саңырауқұлағына кең көлемдегі филогенетикалық мамандану тән. Pseudomonas solanacearum бактериясы картоп, қызанақ, темекі, күнбағыс, майбұршақ дақылдарының түтікті бактериоз ауруын қоздырады.

Сонымен қатар кей патогендер бір туысқа, немесе түрге жататын дақылдарды ғана залалдайды. Олардың қатарына дәнді дақылдардың қаракүйе түрлері, тат ауруларының қоздырғыштары жатады. Патогендердің бір қатарының мамандану шеңбері одан да тар болады. Мысалы дәнді дақылдардың сабақ татының қоздырғышы Puccinia graminis: ал оның Puccinia graminis forma specialis tritici бидайды, Puccinia graminis forma specialis avenae маманданған формасы сұлыны залалдайды. Сол сияқты дақылдардың жеке биотиптерін, тіпті жеке сорттарын залалдауға бейім ауру қоздырғыш түрлері кездеседі. Олар шартты негізде цифрмен немесе латын әрпімен белгіленеді.

Көптеген патогендердің филогенетикалық мамандануы паразитизм дәрежесімен коррелятивтік байланыста болады. Тар көлемде маманданған ауру қоздырғыштарының басым көпшілігі облигатты паразиттерге, немесе оларға жақын организмдер қатарына жатады. Бұндай патогендермен күресте ең тиімді шаралардың қатарына ауыспалы егістік жатады.



Онтогенетикалық, немесе жас-физиологиялық мамандану – патогендердің өсімдіктерді нақты бір өсіп-жетілу кезеңінде залалдауға бейімделген қасиеті. Ол өсімдік ткандерінің метаболизм өнімдерінің күйіне байланысты.

Онтогенетикалық мамандану бойынша ауру қоздырғыштары 3 топқа бөлінеді. Бірінші топқа жас ткандерді немесе өсімдіктерді бастапқы даму кезеңдерінде зақымдайтын патогендер жатады. Бұл топқа ақ ұнтақ ауру қоздырғыштарына (жас ткандерді зақымдайды), қызылша тамыржемірлері (көктегеннен 4-ші нағыз жапырақ түзілгенге дейін зақымдайды).

Екінші топқа кәрі ткандерді, яғни өсімдіктер дамуының соңында зақымдайтын ауру қоздырғыштары жатады (қызылшаның церкоспорозы, қарақаттың антрокнозы).

Үшінші топқа өсімдіктерді бүкіл тіршілік циклі бойына зақымдайтын патогендер жатады (жүгері қара күйесі).

Бірінші және екінші топ өсімдіктерінің ауру қоздырғыштарына қарсы төзімсіз кезеңдерінен тез өтуге мүмкіндік беретін күрес шараларын қолдануға болады.

Органотроптық, немесе ткандік мамандану нақты өсімдік мүшелерінің ткандерінің: жапырақтарының, жемістерінің, түйнектерінің, тамырларының немесе олардың нақты бір ткандерінің зақымдануы. Мысалы, қырыққабаттың кила ауруы оның тамырын жарақаттаса, ақ ұнтақ ауру қоздырғышы – жапырақтың эпидермалық тканін зақымдайды.

Бір ауру қоздырғышының бірнеше мамандану типі де кездеседі. Мысалы, бидайдың ақ ұнтақ ауруының қоздырғышы Erysiphe graminis f.sp.tritici тек Triticum туысын ғана заладайды (филогенетикалық мамандану); сонымен қатар ол эпидермис тканінде паразиттік тіршілік кешеді (ткандік мамандану).
вирустар, вироидтар, микоплазмалар
Вирустар

Вирустарды 1892 жылы орыс физиологы Д.И.Ивановский темекінің мозаика ауруын зерттеу барысында ашты. Бұл өсімдіктер, жануарлар және адамдардың, облигатты паразиттер қатарына жататын өте ұсақ ауру қоздырғыштары. Олардың клеткалық құрылысы жоқ. Вирустардың мөлшері негізінен 200 нм-ден аспайды. Фитопатогенді вирустардың пішіні жіп, таяқша және шар тәрізді. Ересек вирустық бірліктің (вирионның) құрамында инфекциялық бастау ретінде РНК (салмағының 5% көлемінде), тек біразының ғана құрамында ДНК және ақ уыз (90%) болады. Вирус ақуызы қожайын клеткасының рибосомаларында түзіледі. Бұл биосинтез клетканың энергиясы есебінен жүреді.

Вирустар бір клеткалы организмдер сияқты бөліну арқылы емес жеке молекулаларды синтездеп, олардан тұтас бөлшектердің құрастырылуы арқылы көбейеді. Қожайын өсімдік клеткасына енгеннен соң вирус ақуыз бен нуклеин қышқылына бөлінеді. Нуклеин қышқылы өсімдік клеткасына емес вирусқа қажетті ферменттердің синтезделуін басқара бастайды. Осы ферменттердің әсерінен клетка бойындағы материалдан вирус ақуызы мен нуклеин қышқылының жаңа молекулалары түзіліп, олардан жаңа вирустық бөлшектер құрастырылады. Вириондарды құрастыру үрдісі (репликация) барысында генетикалық тұрғыдан өзгеріске түскен формалар – вирус штаммалары түзілуі мүмкін. Өзгерген штаммалар ілкіде төзімді сорттарды да зақымдауы мүмкін. Вирус нуклеин қышқылы плазмодесма арқылы көршілес клетка өтіп, оның бойында да вирус бөлшектерінің синтезін бастауы мүмкін. Вирус нуклеотидтері флоэма бойымен жүретін қоректік заттар ағынымен бүкіл өсімдік организмінің бойына тарайды.

Клеткадағы вирус бөлшектерінің концетрациясы бірнеше миллионға жетіп, ары қарай көбеюін тоқтатады да тыныштық кезеңі басталады. Бұл кезде кейбір фитопатогенді вирустар аморфты денелер (Х-денелер) немесе пішіндері әр түрлі кристалдардан (Ивановский кристалдары) вирустық бөлшектердің жиынтығы.

Сыртқы орта факторларына катынасы бойынша фитопатогенді вирустар екі топқа бөлінеді берік және берік емес. Берік вирустардың басым көпшілігі мозаикалар тобына жатады. Олар қыздырған кезде, қышқылдығын өзгерткенде бөлшектердің тұтастығын сақтайды, кейбіреулері 10-минут бойына 80-90оС-қа дейін қыздыруды, бірнеше күн бойына сығып алынған залалданған өсімдік шырынына салуды көтереді. Ал вирустардың басқа бір тобы 37-50оС деңгейіне дейін қыздырылса тіршілігін тоқтатады. Сол сияқты берік емес вирустар өсімдік шырынында тез арада тіршілігін тоқтатып, әр түрлі химиялық заттардың әсерінен ыдырайды. Сондықтан вирустарды таза күйінде бөліп алу өте қиян.
Өсімдіктердің вирус ауруларының белгілері мен типтері
Өсімдіктердің вирус аурулары белгілерінің ең кең тараған типі – хлорофилдің ыдырауы себепті өсімдік жапырағының алапестігінің байқалуы: түссізденуі, ашық жасыл және қою жасыл жолақтардың кезектеліп келуі, некроз дақтары, шеңберлер және т.б. кейбір өсімдіктер ткандерінің азғана бөлігінің өлуі де байқалады. Бір қатар жағдайларда жапырақтарының бүрісуінің нәтижесінде өсімдіктің пішіні де өзгеруі (деформация) мүмкін.

Сонымен қатар вирус ауруларының өсімдік сары ауруы деп аталатын тағы бір тобы да жиі кездеседі. Оның қоздырғышы флоэма орналасып, өсімдіктің зат алмасу үрдісіне тереңірек әсер етеді. Осының нәтижесінде өсімдіктердің биіктеп өсуі тежеліп, шамадан тыс түптеніп, рак өсінділері пайда болып және басқа да өзгерістер жүреді. Көмірсулардың қалыпты тасымалдануы бұзылуынан жапырақтарда крахмал жиналады. Олар қалыңдап, үгілгіш келеді, түсі өзгереді және де орталық жүйке бойымен бұратылуы да байқалады.


Вирустардың сақталуы
Вирустар өсімдік-қожайынның немесе тасымалдаушы насекомның тірі клеткасынан тыс жерде көбейе алмайды. Вирустардың көпшілігі тірі организмдерден тыс тіршілік ете алмайды. Бұл ең алдымен биологиялық жолмен таралатын циркулятивтік вирустарға тән. Олар өсімдіктердің тірі бөліктерінде (картоп, қызылша, пияз т.б. – вегетативті жолмен көбейетін дақылдар вирустары) – тамыржемістерінде, түйнектерінде, пиязшықтарында және басқа да бөліктерінде қыстап шығады. Жылдан жылға ұрпақтарына тарауының нәтижесінде өсімдіктердің өнімділігі күрт төмендейді.Кейбір вирустар: темекі мозаикасы (TMV), қиярдың жасыл мозаикасы (CGMMV) және т.б. ең берктері, өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталуға қабілетті вирустар. Май бұршақ мозаикасының, үрме бұршақ мозаикасының вирустары, сүйекті жеміс дақылдарының сақиналы вирустары (CGMMV) және т.б. тұқымдарында сақталып, таралады. Вирустардың мамандануы тар және кең ауқымды болуы мүмкін. Мысалы CGMMV тек қиярды ғана заладайды, ал CMV қиярдың, асқабақ тұқымдасының басқа дақылдарының мозаика ауруын қоздарап, сонымен басқа тұқымдастарға жататын дақылдарды да (қара құмықты, қызынақты т.б.) залалдайды.


Вирустардың таралуы
Фитопатогенді вирустардың бір өсімдіктен екіншісіне таралуының бірнеше тәсілдері бар: ұластыру, контақтты жұғу, насекомдар көмегімен жұғу, тұқымдары және тозаңдары арқылы таралуы.

Ұластыру. Бұндай жолмен ұластырылып көбейтілетін жеміс дақылдарының көптеген вирустары тарайды. Сондықтан ұластыру үшін шыбық алынатын аналық өсімдіктер вирустардан таза болуы қажет.

Контактты жұғу. Ауру өсімдіктер жапырағының сау өсімдіктермен жанасқанда жұғу тек өте берік, сығып алынған өсімдік шырынында ұзақ уақыт сақталатын вирустарға тән (TMV, картоптың PVX вирусы және басқалары). Бұл вирустар сол сияқты ауыл шаруашылық машиналарымен, жұмысшылардың киімдерімен және басқа да жолдармен таралуы мүмкін. Әсіресе өсімдіктерді жарақаттайтын тәсілдер қауіпті (қызанақтың гүлдерін жұлу, темекінің жапырақтарын сындыру және басқалары).

Насекомдардың таратуы. Фитопатогенді вирустардың көбі ауыз аппараттары шаншып-сорғыш насекомдар – негізінен бітелер көмегімен таралады. Вирустарды тарататын өсімдіктер қатарына сол сияқты цикадкалар, трипсілер, кандалалар, аққанаттылар, қоңыздар және кенелерде жатады. Насекомдардың вирустарды тасымалдау механизмі бірдей емес. Мозаика вирустары (персистентті еместер) стилеттік, немесе персистентті емес тәсілмен тарайды. Біте тәрізді насекомдар ауру өсімдіктермен қоректеніп 1,5-2 сағаттан кейін вирофорлы, яғни вирус инфекциясын таратуға қабілетті күйге айналады. Олардың бұл қасиеті бірнеше сағаттан кейін тарайды. Бұл вирустардың қатарына Potato virus (PV), қызылшаның мозаика вирусы, алманың мозаикасы, CMV және басқалары.

Басқа вирустар тек қана персистенттік тәсілмен тарайды. Насекомдар бірнеше сағаттан немесе тәуліктен соң вирофорлы болып, инфекциялық қасиетін ұзақ уақытқа дейін – 100 және одан да көп сағат бойына, ал кейде өмір бойы сақтайды. Насекомдар сау өсімдіктерде қоректенген кезде вирустар олардың сілекейі арқылы тарайды. Таратушы әдетте арнайы насекомдар – цикадкалар, сирек – бітелер, трипсілер, кандалалар, кенелер. Таралудың осындай жолын қалайтын вирустар персистентті немесе циркулятивті деп аталады. Олардың қоздыратын аурулары сары аурулар тобына жатады. Бұл вирустар қоздыратын аурулар – қызанақ күреңі, асқабақ мозаикасы, қызылша жапырағаның бүрісуі және басқалары.

Сол сияқты жартылай персистентті жолмен таралу жолы да бар. Бұндай да насекомдардаң инфекциялық қасиеті 10-100 сағат бойына сақталуы мүмкін. Осы жолмен картоптың PMV, Potato virus M және басқа вирустар тарайды. өсімдік тамырларында паразитті тіршілік ететін топырақ нематодалары бидайдың жолақты мозаика ауруын қоздыратын вирусты, жеміс-жидек дақылдарының бірқатар вирустарын тасымалдайды. Сол сияқты вирустарды топырақ саңырауқұлақтарының тарататыны туралы да мәліметтер бар: темекінің, қиярдың некроз ауруының қоздырғыш вирустары Olpidium brassicae саңырауқұлағының зооспораларымен тарайды, Картоптың Potato virus X (PVX) картоптың рак ауруының қоздырғышы Synchytrium endobioticum көмегімен, картоп ұшының шашақтану вирусы (monton) – парша ауруының қоздырғышының (Spongospora subrranca) көмегімен, дәнді дақылдардың бірқатар вирустары және қызылшаның ризомания ауруының қоздырғышы Polymixa туысына жататын саңырауқұлақтармен таралады.

Тұқымы арқылы шамамен 20% аурулар тарайды. Бұл бұршақ ауруларын қоздыратын вирустар (үрме бұршақ және май бұршақ мозаикасы), қызынақ вирусы (TMV), қиярдың вирусы 2 (CGMMV). Вирустардың тозаң арқылы тұқымға енуі тек бір азғантай вирустарға ғана қатысты дәлелденді.


Вирус ауруларының дамуына қоршаған

орта жағдайларының әсері
Ортаның қолайсыз жағдайлары (температура, ылғалдылық және басқалары) өсімдіктерді әлсіретіп, олардың бойындағы вирустардың көбеюі дәрежесін күшейтіп, зиянын арттырады. Жоғары температура картоптың көпшілік вирус ауруларын, оның ішінде картоптың сары ергежейлік ауруының артуына ықпал етеді. Ал таңкурайдың мозаика (алапес) ауруы керісінше төменгі температура жағдайында (күзде) артады. Қолайсыз факторлар қатарына сол сияқты тыңайтқыштарды есепсіз шашу да жатады.
Вирус ауруларының диагностика тәсілдері
Вирустарды және олар қоздыратын аурулар диагностикасының негізгі тәсілдері:

  1. кеселдің жұқпалы екенін анықтау;

  2. серологиялық әдіс;

  3. индикатор-өсімдік әдісі;

  4. электрондық микроскопия;

  5. люминесценттік талдау;

  6. анатомиялық тәсіл;

  7. химиялық тәсіл.

Кеселдің жұқпалы екенін анықтау контактты-механикалық тәсілмен таралатын вирустарды ауру өсімдіктерден сау өсімдіктерге жеткізу. Ауру өсімдіктердің жапырақтарынан шырын дайындап, оны бармақпен, мақта тампонмен немесе мақта ораған шпательмен сау өсімдіктің жапырағаны сіңіреді. Осылайша ауру жұқтырылған өсімдікті изоляторға салып, бақылауға алынады.

Ұластыру – вирус инфекциясын тарату мақсатында ауру өсімдіктен алынған телінушіні сау өсімдікке телиді, немсе осыны керісінше істейді.

Таратушы-насекомдар. Насекомдарды, олардың ішінде мысалы шабдалы бітесін белгілі бір уақыт бойына ауру өсімдікте ұстайды да, одансоң оларды сау өсімдікке жібереді. Басқалай жолмен залалданбас үшін өсімдік қатаң оқшаулау қажет етеді.

Өсімдіктерді бір жерден екінші жерге отырғызу. Бұл тәсіл аурудың вирустық табиғатын дәлелдеу немесе керісінше теріске шығару мақсатында қолданылады. Мысалы өсімдік жапырақтарының сарғаю (хлороз) себебін анықтау мақсатында оны тазалығы белгілі топыраққа отырғызады. Егер өсімдік жапырақтарының сарғаюына топырақтың нашарлығы әсер еткен болса белгелі бер уақыттан соң өсімдіктердің жапырақтары қайтадан жасарып шығады. Ал сарғаю себебі вирус болса хлороз өзгермейді.

Серологиялық тәсіл. Бактериялар, саңырауқұлақтар, және де өсімдіктер мен жануарлардың ақ уыздары сияқты вирустар да жылу қанды жануарлардың қанында ерекше түр-өзгеріске ұшыраған арнайы ақуыз-анти денелердің жинақталуына себепкер болады. Олар тек сары су алынған антигендерге ғана әсер етеді. Антиденелер мен айрықша антиденелердің арасындағы реакция серологиялық реакция деп аталады (латынша serum – сары су).

Практикада М.С.Дудин мен Н.Н.Поповтың (1937) шығарған тамшы серологиялық тәсілі кең қолданылады. Тәсілдің мәні мынада: Заттық шыныға 2 тамшы сыналатын шырын тамызылады. Олардың біріне 1-2 тамшы белгілі бір вирусқа тән сары су қосып, иммунитеті жоқ жануарлардан алынған 1-2 тамшы бақылау сары суы қосылады. Шырынның тамшысы мен сыворотканы таза заттық шынының ұшымен араластырылады. Егер өсімдік шырынында сары судағы антиденелерге сәйкес вирус болса тамшыда 1-3 минуттан соң мақта тәрізді тұнба – преципитат түзіледі (оң реакция). Ал егер шырында вирус болмаса тамшы бақылау сияқты өзгеріссіз қалады.



Индикатор-өсімдіктер тәсілі. Зарардау мақсатында жас, қарқынды өсіп тұрған 3-4 жапырақ кезеңіндегі өсімдіктер алынады. Бұл өсімдіктер белгілі бір вирустарға ғана рекация берулері қажет. Ол үшін индикатор өсімдіктің жапырағын ауру шалдыққан (зерттеліп жатқан) өсімдіктен алынған шырынмен сүртеді.

Бұл тәсіл өте күрделі, алайда дәлдігі жоғары. Орынды, материалды үнемдеу мақсатында тұтас өсімдікті емес, оның жапырақтарын алып, Петри шынысына салып сынауға болады.



Электрондық микроскопия тәсілі. Электрондық микроскоп вирустардың тек пішіні мен құрылысын ғана емес, сонымен қатар мөлшерінде анықтауға мүмкіндік береді.

Вирустық қосымшалар тәсілі. Бір қатар жағдайларда вирус бөлшектерінің клеткадағы дамуы оның бойындаерекше түзілімдердің түзіліуі мен қатар жүреді (вирустық қосымшалар). Бұл вирус бөлшектерінің жиынтығы (кристалдар мен паракристалдар) немесе қарапайым вирус бөлшектері мен клетканың аморфты заттарынан тұратын түзілімдер болуы мүмкін. Вирустың әр түріне өз вирус қосымшалары тән болады. Мысалы темекі вирустарына клеткаларда түзілетін ине тәрізді және гексагоналды кристалдар тән болса, картоптың Х-вирусына және бидай мозаикасының вирусына сфера пішінді аморфты денелер тән. Клетка іші вирустық қосымшалар негізінен қыл немесе жапырақ эпидермисі клеткаларында түзіледі. Оларды қарапайым биологиялық микроскоп көмегімен көруге болады.

Диагностиканың химиялық тәсілі қиярдың жасыл және ақ мозаикасын, картоптың жапырақ ширатпасының вирусын және басқаларын анықтау үшін жасалды.

Вирус ауруларынан қорғау шаралары
Вирус ауруларына қарсы қорғау шаралары дақылдардың және ауру қоздырғыш вирустың ерекшеліктерін есекере отырып жасақталады. Кешенді қорғау шаралары профилактикалық және алдын алу шараларынан тұрады. Бұлардың ішінде белгілі бір вирустарға төзімді (иммунды) қасиеті бар сорттарды шығару жетекші роль атқарады. Вирустың туыс түрлерінің немесе штаммларының интерференциясын (өзара сәйкессіздігін) пайдалану перспективалық бағыт болып табылады. Вирустың әлсіз штаммдарымен қолдан залалданған өсімдіктер сол вирустың агрессивтік штаммдарына төзімді болып келеді. Аурулардан таза, сау тұқымдық немесе отырғызу материалдарын алу үшін тұқымдық учаскелерді вирусқа қарсы тазарту шараларын жүргізеді. Бұл үшін тұқымдық учаскедегі жай көзге байқалған және серологиялық тәсілмен анықталған вирус ауруының белгілері бар барлық өсімдіктер жұлынып алынады.

Сау, аурулардан таза өсімдіктерді өсіру үшін агротехникалық шаралардың, өсімдіктердің өсу жағдайларының: себу мерзімінің, өсімдіктердің жиілігінің, тыңайтқыштардың, егістікте вирус инфекциясының жинақталып, сақталатын орны - арамшөптерді жоюдың, вирустарды тасымалдаушы – насекомдармен күресудің маңызы өте зор. Вирус ауруларына қарсы химиялық тәсіл сирек қолданылады, себебі вирустар әдетте тірі клеткалардың бойында болатындықтан вирустың тіршілігін тоқтатуға қабілетті заттар клеткалардың өздеріне де уытты болып келеді. Темекі мозаикасы мен қызанақ жапырағының күреңдлігі ауруларының вирустарына қарсы кейбір антибиотиктердің (иманин, аренарин т.б.) тиімділігі анықталды.

Вирустардың тіршілігіне металдардың тұздары мен органикалық қышқылдардың әсері бар.
Вироидтар
Вироидтардың вирустардан өзгешелігі – нуклеопротеидті бөлшектерді түзбей, өсімдіктердің бойына еніп, сол жерде көбеюге қабілетті, бір тізбекті РНК-дан тұрады. Вироидтар картоп түйнегінің ұршықтәрізділігін («готика»), цитрус өсімдіктерінің экзокортис ауруын және т.б. бірқатар ауруларды қоздырады. Вироидтар жоғары инфекциялық қасиетімен ерекшеленеді. Олар химиялық заттар мен термиялық әсерге төзімді келеді.

Вироидты инфекция залалданған тұқымдық материалдармен және механикалық жолмен тарайды. Негізгі анықтау (диагностика) тәсілдері: өсімдік-индикаторлар тәсілі, ауру өсімдіктердің анатомиялық-морфологиялық өзгерістері бойынша визуалды бағалау, электрондық микроскопия, вироидты РНК-ны бөліп алу. Сонымен қатар вироидтар репликациясымен, олардың мамандануымен, қожайын өсімдіктердің клеткасы және ағзасымен ара қатынастарымен байланысты көптеген мәселелер әзірге толық зерттеліп болған жоқ.


Микоплазмалар
Мөлшері (80-800 нм) және өсімдіктерге әсері бойынша вирустарға жақын патоген организмдердің ерекше бір тобы – микоплазмалар. Олардың көбі пішіні бойынша сопақша немесе шар тәрізді; сонымен қатар ұзынша, жіп тәрізділері, тарамдалған пішінділері т.б. да кездеседі. Вирустардан айырмашылығы – олардың полиморфизмділігі, бір микоплазмалық организм әр түрлі мөлшерде, немесе әркелкі пішінді болуы мүмкін. Микоплазмалық организмдердің клеткалық құрылысы бар, алайда нағыз клетка қабықшасының орнына үш қабатты қарапайым мембранамен шектелген, құрамында РНК, ДНК және бактериялырдың рибосомаларына ұқсас рибосомалары болады. Микоплазмалар пеницилинге төзімді, алайда тетрациклин тобына жататын антибиотиктер олардың тіршілігін тоқтата алады. Көбеюі бүршіктену арқылы немесе бинарлы бөліну арқылы жүреді. Кейбір түрлері жасанды қоректік ортада көбеюге қабілетті. Олар негізінен өсімдіктер бойында флоэманың өткізгіш түтікшелерінің бойымен таралады. Бұл зиянды ауруларға тән белгілер: өсудің баяулауы, вегетативті және генеративті мүшелерінің деформациялануы т.б. Өсімдік гүлдерінің жасылдануы (алқалылар столбуры), гүлдерінің жеке бөліктерінің жапырақ тәрізді түзілімдерге айналуы (жоңышқа филлодия, қара қарақаттың реверсия аурулары және т.б.).

Микоплазмалдарды негізгі тасымалдаушылар – цикадкалар: Hyalesthes oboletus, Macrosteles fascifrons және басқалары. Олар инфекцияны белгілірі мерзім (латенттік немесе инкубациялық) өткеннен соң ғана таратады.

Микоплазмалық организмдер тек өсімдіктердің тірі мүшелерінде – түйнектерде, көпжылдық арам шөптердің атпа тамырларында, пиязшықтарында және т.б. қыстайды. Тұқымдарымен және өсімдік қалдықтарымен тарайды.

Микоплазмалық организмдерінің көптеген түрлерінің филогенетикалық мамандануы бар, яғни олар әр түрлі тұқымдастарға жататын өсімдіктерді заладауға қабілетті. Мысалы, алқалылар столбуры қызанақты, картопты, бұрышты, сонымен қатар шырмауық, сүттіген, қалуен т.б. арам шөптерді залалдайды. Ал қарақаттың реверсия ауруы тек қара қарақатқа ғана қауіпті.

Микоплазма қоздыратын аурулар диагностикасы.


  1. Сыртқы түрі бойынша (айқындалу белгілері бойынша).

  2. Электрондық микроскопия көмегімен зерттеу.

  3. Патогеннің инфекцияға қабілетін анықтау (насекомдар көмегімен залалдау).

  4. Биологиялық тәсіл (ауру қоздырғыштарды таза күйінде алып, олармен сау өсімдіктерді залалдап, ауру белгілерін (симптомаларын) анықтау, қолдан жарақаттаған өсімдіктерден қайтадан ауру қоздырғышты қайтадан бөліп алу).

  5. Тетрациклин тобына жататын антибиотиктерге ауру қоздырғыштардың реакциясы.


Микоплазмалық аурулардан қорғау шаралары


  1. Инфекцияның жинақталатын орны (резерватор) болып табылатын арам шөптерді жою және тасымалдаушы насекомдармен (негізінен цикадкалармен) күресу.

  2. Сау (таза) отырғызу материалдарын пайдалану.

  3. Тетрациклин тобына жататын антибиотиктерді пайдалану.


бактериялар
Бактериялар – прокариоттар қатарына жататын бір клеткалы организмдер. Өсімдіктерде төрт жүзге тарта гетеротрофты организмдер паразиттік тіршілік етеді, олардың тек бірнеше ондаған түрлері ғана аул шаруашылық дақылдарын залалдайды. Фитопатогенді бактериялардың ішінде облигатты паразиттер жоқ.

Ауыл шаруашылық дақылдарының ауруын қоздыратын бактериялардың барлығының дерлік пішіні таяқша тәрізді болады. Көбіне полярлы орналасқан бойындағы талшықтарының арқасында олардың көбі қозғалғыш. Дегенмен де қозғалмайтын да түрлері кездеседі. Клетканың ұзындығы 1-3 мкм, ені – 0,3-0,6 мкм. Бактерия клеткасы – сыртынан көп қабатты қатты қабықшамен жабылған цитоплазмадан тұрады. Бір қатар бактериялардың қабықшасының сыртында жұқа шырышты қабаты болады. Бұл қабат ісініп, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайтын желе тәрізді капсула түзеді. Басқа прокариоттар сияқты бактериялардың оқшауланған ядросы болмайды, тек ДНК-дан тұратын ядролық заты (нуклеотид) болады.

Бактериялар ферменттердің әсерінен сіңірілетін күйге еніп, клетка қабықшасы арқылы сіңірілген өсімдіктердің органикалық заттарымен қоректенеді.

Бактериялардың дені аналық клеткалардың қарапайым екіге бөлінуі арқылы көбейеді, кейбіреулері – бүршіктеніп те көбейеді. Бактериялар тіршілігіне қажетті ең төменгі температура (minimum) – 5-10о, оңтайлы (optimum) – 25-30o, ал 33-40о деңгейінде көбеюді тоқтатады. Бактериялардың қалыпты жетілуі үшін орта реакциясы бейтарап немесе әлсіз сілтілі болуы қажет. Фитопатогенді бактериялардың көбі – аэробты, барлығы дерлік грамтеріс (Грам бойынша бояғанда бояуды тұтпайды).

Бактериялар өсімдік бойына табиғи саңылаулар: устьице, су саңылаулары – гидатодалар, қабық жасымықшалары, гүлдері арқылы, немесе ткань жарақаттары арқылы енеді. Бұл үшін тиімді жағдай – ауаның жоғары ылғалдылығы, өсімдік бетінде сұйық тамшы күйінде ылғал және 20-30о деңгейінде ыссылық болуы.

Көлемінің кіші болуының арқасында бактериялар өсімдіктердің түтікті жүйесі арқылы тез тарап, тұқымына да енуі мүмкін. Ауа-райы ылғалды болғанда некроздардан құрамында бактериялардың мол клеткалары бар экссудат бөлінеді. Бір өсімдіктен екіншісіне олар сумен (жаңбыр жауғанда), насекомдар көмегімен, адамдармен және жақын жердегі өсімдіктерге ауамен де тарайды.

Фитопатогенді бактериялар негізінен өсімдік қалдықтарымен бірге топырақ бойында немесе бетінде сақталады. Топырақта тек спора түзгіш бактериялардың біразы ғана патогендік қасиетін жоғалтпайды: Bacillus туысына жататын бактериялар, жеміс ағаштарының рак ауруының қоздырғышы Agrobacterium tumefaciens. Сонымен қатар тұқымдар (бактериялар олардың бетінде болады) және бойында бактериялар латентті күйде сақталатын тұқымдық материалдар да инфекция көзі болуы мүмкін. Кейбір бактериялар насекомдардың бойында сақталады.

Бактериоздың 2 типі болады: диффузиялық және локалды (оқшауланған). Диффузды ауру жағдайында ауру қоздырғыштар түтікті жүйенің бойында көбейіп, түтікті бітейді де токсиндермен өсімдіктерді улайды. Локалды немесе жергілікті бактериоздар жағдайында бактериялар паренхималық ұлпаларды жарақаттап, клетка аралық заттарды және клеткаларды ыдыратады.

Бактериалдық ауруларға тән жиі кездесетін белгілер (ауру симптомалары): солу, некроздар, дымқыл шіріктер, ісіктер,, хлороздар. Солу - өсімдік немесе оның жеке мүшелерітургорлық қасиетін жоғалтып, кейін тұтас немесе жеке мүшелері өледі. Оның себебі су мен қоректік заттар тасымалданатын түтікшелердің бітелуі. Бұл кеселдің ең көрнекті мысалдарының бірі – картоптың сақиналы шірігі. Некроз кезінде жапырақ бетінде алғашында суланған тәрізді дақтар пайда болады. Кейін бұл дақтар қоңырайып немесе қарайып, ткандері өледі. Егер ауа ылғалдығы төмен болса некроздық дақтар кеуіп, уатылып жапырақтардың бойында тесіктер пайда болады. Ал ылғалдылық жоғары болса некроздық ұлпалардан экссудат бөлініп шығады. Өсімдіктің жер бетіндегі басқа мүшелеріің бетінде хлоропластары ыдырау себінен хлороздық дақтар пайда болады. Бактериялар шырынды, көмірсуларға бай паренхималық ұлпалардың бойында (түйнектерде, тамыржемістерінде, шырынды жемістерде және өсімдік сабақтарында) паразиттік тіршілік етуі олардың бойында дымқыл шіріктердің пайда болуына соқтырады. Бактериялардың бойынан бөлініп шыққан ферменттер клетка аралық заттарды ыдыратып, ұлпаны иісті ботқа тәрізді массаға айналдырады.

Ісіктер (өсінділер) зақымдалған меристема ұлпасының клеткаларының қарқынды бөлінуінің нәтижесінде түзіледі. Бұл көп тарамаған ауру белгісі қызылша тамырының туберкулез ауруында, жеміс ағаштары сабағының рак ауруында кездеседі.

Кей жағдайларда бактериоз белгілері аралас болады. Мысалы, картоптың қара сирақ ауруының қоздырғышы Erwinia caratovora var. Caratovora өсімдік сабағын солдыруымен қатар түйнектерін шірітеді. Түйнектердің шіріуі сақтаған кезде де жалғасады.

Өсімдіктердің ауруларын дәл анықтау (диагностика) үшінсырт көзбен қараумен қатар зақымдалған ұлпаны микроскоп көмегімен де қарау қажет. Жаңадан жасалған кесінділерде бактерия клеткалары жақсы көрінеді. Қажеттілігі болса сатылы диагностика жүргізеді: зақымдалған клеткалардан бактерияларды жасанды қоректік ортаға бөліп алып сау өсімдіктерді залалдайды. Осыдан соң залалданған өсімдіктерден қайтадан қоректік ортаға бактерияларды бөліп алады.Бұл әдіс Кох ережесі немесе Кох триадасы деп аталады. Сонымен қатар серологиялық әдіс те қолданылады.
Бактерияларды жіктеу
Бүгінгі күнгі номенклатура бойынша фитопатогенді барлық бактерияларды жиынтық топтарғабіріктіреді. Олар кезегінде түршелерге (subsp.) немесе патотиптерге (pv.) бөлінеді. Түрше немесе патотип дегеніміз ортақ патогендік белгісі бар бактериялар популяциясы. Бактерияларды анықтау немесе идентификациялау олардың пішіні, мөлшері, талшықтарының орналасуы, капсуласының болуы, Грам бойынша боялуы және басқа да белгілер бойынша жүргізіледі.

Фитопатогенді бактериялар үш топтар жігіне ажыратылады:



  1. Грамтеріс аэробты таяқшалар – Pseudomonas, Xantomonas, Agrobacterium туыстары. Бұл бактериялар қозғалғыш. Pseudomonas бактерияларының бір немесе бірнеше қарама қарсы орналасқан талшықтары бар. Олар дақ және солу ауруын тудырады (мысалы, үрме бұршақтың бактериоз ауруының қоздырғышы Pseudomonas syringae pv. phaseolicola). Xanthomonas бактериясының бір полярлы талшығы болады (қырыққабаттың түтікше бактериозының қоздырғышы Xanthomonas campestris pv. Campestris). Agrobacterium туысының бактериялары перитрихалды 1-4 талшықтары болады. Бұл бактериялар өте қозғалғыш, топырақта тіршілік етеді, циста түзеді, өсімдік тамырларында ісік түзеді (қызылша тамыр жемісінің бактериалдық рак ауруының қоздырғышы A. tumefaciens).

  2. Грамтеріс факультативті аэробты таяқшаларға жататын Erwinia туысына жататын бактериялар. Олар некроз және дымқыл шірік ауруларын қоздырады. Олардың ішінде ең кең тарағаны – картоп түйнегінің дымқыл шірігінің қоздырғышы.

  3. Грамоң және қозғалмайтын тамырформды бактериялар. Олар Clavibacter туысына жатады. Бұл бактериялар өсімдіктердің солуын тудырады. Мысалы, картоптың сақиналы шірігінің қоздырғышы Clavibacter michiganense subsp. Sepedonicum.


Бактериоздардан қорғау шаралары
Басты көзі тұқымдар мен өсімдік қалдықтары болып табылатын алғашқы инфекцияны жою немесе барынша азайту. Ол үшін төмендегідей алдын алу шараларын қолдануға болады:

  • отырғызылатын материалдарды бактериалдық аурулармен залалданбаған немесе заладануы төмен танаптардан алу;

  • тұқымдарды химиялық жолмен және жоғарғы температурамен зарарсыздындыру;

  • өсімдік қалдықтары жою;

  • қоздырғыштары тыныштық күйде сақталатын споралар түзетін бактериоздардан қорғаудың ең тиімді жолы – ауыспалы егістік жүйесін енгізу;

  • тұқымдық танаптарда және вегетативтікөбейтілетін көпжылдық дақылдардың (жеміс-жидек дақылдары) көбейту материалдарын дайындайтын жерлерде ауру өсімдіктерді жұлып тастау.

Танапта аурудың ауру өсімдіктен сау өсімдікке таралуына және тасымалдаушы насекомдарға қарсы химиялық препараттар қолданылады.
саңырауқұлақтар
Саңырауқұлақтар Mycota бөліміне жатады. Жұқпалы ауру қоздырғыштарының ішінде саңырауқұлақтар ең басты орын алады. Саңырауқұлақтар өсімдіктер мен жануарлар патшалығының аралығынан орын алады. Мысалы өсімдіктерден айырмашылығы:

  • қоректену тәсілі гетеротрофты;

  • клетка қабықшасында хитин болуы;

  • зат алмасу өнімдерінде мочевинаның болуы;

  • қор заты – гликогенді түзуге қабілеттілігі.

Саңырауқұлақтардың маңызды санитарлық қызметі – негізінен өсімдік текті болып келетін органикалық қосылыстарды минералдауға қабілеттілігі. Сонымен қатар эволюция барысында саңырауқұлақтардың бір тобы өсімдіктердің бойында паразит тіршілік етуге бейімделген. Саңырауқұлақтар құнды антибиотиктер мен физиологиялық белсенді заттар алуға пайдаланылады. Сол сияқты саңырауқұлақтардың нан пісірудегі, шарап, сыра қайнатудағы және басқа да технологиялық үрдістерде қолданылатыны белгілі.

Көпшілік саңырауқұлақтардың вегетативтік денесі өте жіңішке, тармақталған мицелий жіпшелерінен (гифтерден) тұрады. Мицелий ұшымен өседі. Ол көп клеткалы (септелген) немесе, үлкен мөлшеріне және күшті тармақталғанына қарамастан көп ядролы бір клеткадан тұрады. Саңырауқұлақтардың бір азғана тобының мицелийі плазмодий деп аталатын цитоплазма бөліктерінен тұрады. Мицелийдің құрылысы саңырауқұлақтардың төменгі (мицелийі бір клеткалы және плазмодийлі) және жоғарғы (мицелийі көп клеткалы) сатылы болып бөлінуіне негіз болады.

Саңырауқалақтардың клеткасының қатты қабықшасы болады. Ол негізінен саңырауқұлақ клеткасы мен субстарттың арасындағы зат алмасуына қажетті көмірсутектерден, азотты қосылыстардан және майлы заттардан тұрады. Бұл клеткалардың ішінде митохондриялар, рибосомалар, ядро (немесе бірнеше ядро), вкауолялар және тағы бір қатар қосымшалар болады. Бұлардың бәрінің сыртында жартылай өткізгіш плазмолемма болады.

Фитопатогенді саңырауқұлақтардың мицелийлері беткі (экзогенді) немесе субстартқа батып тұратын (эндогенді) болуы мүмкін. Қоректік заттар сорғыш (присоски), немесе гаусторийлер көмегімен жүреді. Бұл әдетте өсімдік клеткаларына ене алатын саңырауқұлақтардың жіңішке жіпшелері (гифтердің өсінділері). Тіршілік ортасында қалыптасқан жағдайларға байланысты мицелийлердің басқа да түрөзгерістері кездеседі. Қолайсыз жағдайларда саңырақұлақ мицелийі ыдырап, қабықшасы қалың – хламидоспоралар және мөлшері мен пішіні тұрақты болмауымен ерекшеленетін геммалар түзіледі. Бұл түзілімдер ұзақ сақталуға қабілетті, бір мезгілде қолайлы жағдайлар туа қалса олар мицелий түзіп өседі. Қабықшасы жұқа дөңгелек, немесе сопақша оидиилер, мицелий бұтақшалары бұтақшаларының оқшауланып ыдырауы нәтижесінде түзіледі. Олар ұзақ сақталмайды, әдетте мицелиймен өсіп шығады. Ашытқы саңырауқұлақтары мен жалаңаш қалталылар класс тармақшасына жататын тағы бір қатарлар бластоспоралармен, немесе бүршіктелетін мицелийлерімен сипатталады. Бластоспоралар дөңгелектеніп, оқшауланған мицелий клеткаларының бетіндегі кішкене өсінділер. Олар бірте-бірте ұлғайып, аналық клеткадан бөлінеді де, қайтадан бүршіктеле бастайды.

Бұтақталған гифтері беткі (экзогенді) қара қошқыл реңді шырматылған мицелийлер – ризоморфтар – қолайсыз жағдайларда саңырауқұлақтардың таралуы және сақталуын қамтамасыз етеді. Ризорфтардың сыртқы гифтері әдетте өлі, ал ішкілері – түссіз, тірі болады. Бұндай ризоморфтарды түзі опеноктер Armillariella mellea Karst.

Мицелиалдық өңез – қоректік субстраттың бетінде немесе ішінде жетілетін сырт пішіні тәрізді мицелидің шырматылуы. Бұл ағаш тектес өсімдіктерді зақымдайтын саңырауқұлақтар. Склероциялар – саңырауқұлақ жіпшелерінің пішіні шар немесе сопақша болып, тығыз шырматылуы. Мөлшері – миллиметрдің оңдаған бөлігінен бірнеше сантиметрге дейін. Қоректік заттарға бай, құрамында азғантай мөлшерде (5-10%) су болады. Қолайсыз жағдайларға едәуір төзімді келеді. Склероциялар жеміс денесімен немесе мицелийлерімен өнеді. Стромалар – субстраттың бойында орналасқан склероция типтес саңырауқұлақ мицелиінің шырматылуы. Олар қатты немесе жұмсақ, түсі – ашықтан қараға дейін болуы мүмкін. Стромалардың бетінде немесе бойында саңырауқұлақтардың споралы мүшелері түзіледі.

Саңырауқұлақтар гифалар беті арқылы сіңіріп, дайын органикалық заттармен қоректенеді. Органикалық қосылыстардың қарапайым заттарға айналуы саңырауқұлақтардың әртүрлі ферменттерінің көмегімен жүреді. Ферменттердің алуан түрлілігі патогендердің түріне және қоректік субстратқа байланысты болады. Ал кейбір фермент түрлері патогенез үрдісі барысында түзіледі.

Саңырауқұлақтардың негізгі қоректік элементтері – көміртегі, азот, кейбір күлдік элементтер, сонымен қатар биологиялық белсенді заттар. Көміртегі көзі қарапайым қанттар, азоттікі – аминқышқылдары, ақуыздар және нитрат, нитрит, аммоний тұздары секілді бейорганикалық заттар. Сонымен қатар саңырауқұлақтар тіршілігіне күкірт, фосфор, калий, магний және басқа да бірқатар микроэлементтер қажет.
Саңырауқұлақтардың көбеюі, сақталуы және таралуы
Саңырауқұлақтар вегетативті және репродуктивті жолдармен көбейеді. Вегетативтік көбею мицелий бөліктерімен немесе оның түрөзгерістермен жүреді. Ал олардың споралар көмегімен репродуктивті көбеюі жыныстық және жыныссыз жолмен жүреді. Жыныссыз споралар, немесе конидиялар, көбіне тарамдалған гифтердің ұшында мицелийлердің жеке учаскелерінің оқшаулануымен жүреді. Бұндай гифалар споралы немесе конидиялы деп аталады. Конидиялар арнайы мицелия текті орындарда, мысалы, Жетілмеген саңырауқұлақтар класының кейбір түрлеріне тән пикнидаларда түзілуі мүмкін.

Жынысты жолмен көбейгенде екі әр келкі сапалы жыныс клеткаларының ядросы мен цитоплазмасы қосылады. Гаметалардың қосылуы нәтижесінде зигота түзіледі.

Жыныс кейде жыныссыз споралар, тірі мицелиялар және оның түр өзгерістері күйінде фитопатогенді саңырауқұлақтар өсімдік қалдықтарында, топырақта, тұқымдық материалда сақталады.

Вегетация кезінде өсімдіктердің алғашқы залалдануы саңырақұлақтардың тыныштық күйдегі формалары есебінен жүрсе, өсімдіктен өсімдікке тарауы конидиалы споралар түзілуі есебінен жүреді. Споралар желмен, суарғанда немсе жауын-шашынмен, жануарлар, насекомдар көмегімен, залалданған тұқымдық материалды тасымалдағанда және өсімдіктерді күтіп-баптау барысында тарайды.


Даму циклдері
Тізбектеле әртүрлі сатылардан өтіп, алғашқы формалардың түзілуімен аяқтала жүретін үрдіс саңырауқұлақтардың даму циклі деп аталады. Ең қарапайым даму циклі Оомицет класына жататын саңырауқұлақтарға тән. Тыныштық күйдегі жыныс ооспораларынан қозғалғыш зооспоралары бар зооспорангийлер түзіледі. Олар ұлпаға клетка аралықтарымен кіріп өсімдіктерді залалдайды. Залалданған ұлпалар бетінде ішінде споралары бар споралы түзілімдер түзіледі. Бұл жыныссыз споралар өсімдіктерді екінші кезекті залалдайды. Кейін өсімдіктер ұлпасының бойындағы мицелийлерде ооспоралар түзіледі.

Саңырауқұлақтардың даму циклі барысында әр типті споралар түзу қабілеті плеоморфизм деп аталады. Бұған даму циклі тезбектеліп келетін 5 сатыдан тұратын Базидиалдылар класына жататын тат ауруын қоздыратын саңырауқұлақтар мысал бола алады.

Көпшілік саңырақұлақтардың бүкіл даму циклі бір өсімдікте өтеді. Сонымен қатар кейбір тат саңырауқұлақтарының даму циклі екі түрлі өсімдіктерді өтеді.

Өсімдік ауруларына қарсы қорғаныш шараларын жасақтау үшін саңырауқұлақтардың даму циклін білудің маңызы зор.Саңырауқұлақтың тыныштық сатысына қарсы алғашқы инфекция әсерін азайтуға немесе оны тұтас құртуға бағытталған алдын алу (профилактикалық) немесе жою шаралары тиімді. Жыныссыз споралардың таралуына қарсы химиялық улы заттар қолдану, немесе көп таралмаса, спораның түзілуіне қолайсыз жағдай жасау қажет.



Қоршаған орта жағдайларының әсері
Саңырауқұлақтардың өсіп-жетілуі, олардың паразиттік белсенділігі ең басты қоршаған орта жағдайларына, олардың ішінде температура мен ылғалдылыққа байланысты.

Сңырауқұлақтардың басым көпшілігінің өсіп-жетілуіне оңтайлі температура дәрежесі 20...25оС, қалыпты тіршілік етуі 2...40оС деңгейінде жүреді. Залалдағаннан кейінгі инкубациялық кезеңі оңтайлы температура жағдайында ең қысқа мерзімде өтеді. Саңырауқұлақтардың жетілуіне жоғарғы ылғалдылық – міндетті түрде қажет. Мысалы, споралардың өнуі үшін ауа ылғалдылығы 100% жақын болуы қажет. Бұлардың қатарына тек нағыз ақ ұнтақ ауруын қоздыратын саңырауқұлақтар жатпайды.

Өсімдік ұлпасына енгеннен соң өсімдіктің жеткілікті дәрежеде сумен қамтамасыз етілуі маңызды фактор болып табылады.

Барлық саңырауқұлақтар – аэробтар. Облигат паразиттер мен клетка іші патогендерімен салыстырғанда сапротрофты және факультативті паразиттердің оттегіге талабы жоғарырақ болады.

Саңырауқұлақтардың көбі тіршілік ету ортасының қышқылды болғанын қалайды (рН 4-тен 6-ға дейін)

Жарық тек спора түзер кезде қажет. Ақ ұнтақ саңырауқұлақтарынан басқа саңырауқұлақтар мицелийлері жарық жоқ жерде жақсы өседі.


САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДЫ ЖІКТЕУ
Қазіргі кезде саңырауқұлақтар патшалығы 2 бөлімге бөлінеді. Шырындылар (Myxomycota) және Нағыз саңырауқұлақтар (Eumycota). Бұл жіктеудге саңырауқұлақтардың шығу тегі, вегетативтік денесінің типі және бірқатар белгілер кіреді.
ШЫРЫНДЫЛАР, НЕМЕСЕ МИКСОМИЦЕТТЕР (MYXOMICOTA)
Саны бойынша көп емес бөлім. Олардың вегетативтік денесі көп ядролы жалаңаш цитоплазма түрінде болады, плазмодийінің өз дербес қабықшасы және түрақты пішіні болмайды. Жыныстық үрдісіизогамия типінде өтеді. Бұл кезде әр жынысты гаплоидты зооспоралар қосылып, диплоидты плазмодий түзеді. Жыныссыз көбеюі зооспоралар көмегімен жүзеге асады.

Плазмодиофоромицеттер (Plasmodiophoromycetes) класына жататын миксомицеттер фитопатогендер болып табылады. Бұл клетка ішінде тіршілік етуге бейімделген, негізінен гипертрофалық (шамадан тыс ұлғайған) клеткалардан тұратын ісік тудыратын облигатты паразиттар. Ауру қоздырғышы тыныштық күйде болатын споралар түзеді. Олар өсімдік қалдықтары шірігеннен соң топыраққа еніп, бірнеше жылдар бойына сақталуы мүмкін. Кейін зооспоралар өніп өсімдіктердің топырақ асты мүшелерін залалдайды.

Ең жиі кездесетін зиянды екі түр: крест гүлділер тұқымдасына жататын өсімдіктердің кила ауруының қоздырғышы – Plasmodiophora brassicae Wor. және картоптың ұнталғыш парша ауруының қоздырғышы – Spongospora subterranca (Wallr.) Jonson. Шырындылар бөліміне жататын басқа түрлерінің көбі - өсіп тұрған өсімдіктерге қауіп төндірмейтін – сапртрофтар.


НАҒЫЗ САҢЫРАУҚҰЛАҚТАР (EUMYCOTA) БӨЛІМІ
Бұл бөлім өкілдерінің вегетативтік денесі субстраттың бетінде немесе бойында орналасатын мицелий күйінде болады. Жыныс үрдісінің типі және басқа да бір қатар белгілері бойынша саңырауқұлақтар 6 класқа біріктірілген: Хитридиоми-цеттер, Оомицеттер, Зигомицеттер, Аскомицеттер, Базидиомицеттер және Деуте-ромицеттер. Алғашқы үшеуі төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар тобына жатады.
Хитридиомицеттер класы (Chytridiomycetes)
Бұл класқа жататын саңырауқұлақтардың вегетативтік денесі нашар жетілген және плазмодий немесе мицелий бастамасы болуы мүмкін. Кең тарағандары Хитридий тәрізділер қатарының өкілдері (Chytridiales). Олардың қатарына мыалы картоптың рақ ауруының қоздырғышы – Synchitrium endobioticum Pers. (1-сурет). Картоптың рак ауруының қоздырғышы вегетативтік денесінің морфологиясы және залалданатын ұлпаға әсер ету сипаты бойынша плазмодиофоралы саңырауқұлақтарға ұқсайды. Бұл аурумен негізінен картоп түйнегі жарақаттанады: клеткалардың қарқынды бөлінуінің (гиперплазия құбылысы) нәтижесінде түйнектердің бетінде өсінділер түзіледі.

Саңырауқұлақтың көп клеткалы плазмодийі ұдайы клетка ішінде жетіледі. Қолайсыз жағдайлар туған кезде олардан сырты қалың қабықшамен қапталған цисталар түзіледі. Олар ұзық мерзім бойына (10 жыл және одан да ұзақ) топырақта сақталуы мүмкін. Ылғалды жерде цистадалардан дара талшықты зооспоралар өсіп шығады. Түйнектер (көбіне көзшелерінің тұсы) дара немесе қосарланған зооспоралармен зақымданады. Егер заладану дара зооспоралармен жүрсе жетілген плазмодийден түзілетін цисталар ұзақ сақталуға қабілетсіз (жаздық цисталар). Ал қосарланған цисталармен залалданса цисталар ұзақ сақталады.

Тағы бір маңызды түр – қырыққабат, шалқан және басқа да крестгүлді тұқымдасына жататын өсімдіктердің қара сирақ ауруының қоздырғышы – Olpidium brassicae Dang.

Аталған екі саңырауқұлақ та облигатты паразиттер қатарына жатады. Кеселдің жетілуі топырақтың ылғалдылығы жоғары болған жағдайда жүреді. Сондай-ақ олар үшін топырақ ерітіндісінің реақциясы қышқыл болуы қолайлы.

Хитридиомицеттер қоздыратын аурулардан қорғауға бағытталатын басты бағыттар:


  • ауыспалы егістік талабын сақтау: дақылдар бір танапқа цистілер тіршілігі жойылмай қайта отырғызылмауы тиіс;

  • өндіріске ауруларға төзімді сорттарды енгізу;

  • қышқыл топырақтарды ізбестеу (әктеу).


Оомицеттер класы (Oomycetes)
Бұл класс өкілдерінің вегетативтік денесі көп ядролы бір клеткалы мицелийден болып табылады. Ол жақсы жетілген, тармақталған жіпшелерден тұрады. Жыныстық үрдіс оогамия типі бойынша өтеді. Мицелий бойында жыныстық клеткалар: аналық – оогониялар және аталық – антеридиялар. Олар қосылғанда тыныштық күйдегі споралар (ооспоралар) түзіледі. Қолайлы жағдай туғанда ооспоралар көбіне қос талшықты зооспораларға өнеді. Зопроганиялар мен зооспоралар – жыныссыз көбею мүшелері. Зооспоралардың көмегімен өсімдіктердің алғашқы залалдануы жүреді.тармақталған мицелийлердің ұшында жазғы зооспорангиялар түзіледі. Олар қайтадан залалдауы мүмкін.

Оомицеттер класына 5 қатарға жататын сапротрофты және паразит түрлер жатады. Қатарға жіктеу мицелийдің, зооспорангийдің және ооспоралардың морфологиялық ерекшеліктеріне негізделеді. Фитопатогенді қасиеті бар саңырауқұлақ өкілдері Сапролегниялы (Saprolegniales) және Пероноспоралы (Peronosporales) қатарларына жатады.


Сапролегниялылар қатары
Бұл қатарға негізінен су қоймаларында немесе ылғал топырақта сапротрофты күйде тіршілік ететін саңырауқұлақтар түрлері жатады. Арасында өсімдіктер мен жануарлардың бойында паразит ретінде тіршілік ететін бірнеше түр кездеседі. Оларға мысалы қызылша көгінің тамыр жемірі – Aphanomyces cochlioides Drechs. кіреді.
Пероноспоралылар қатары
Жақсы тармақталған мицелийлерде дараланған зооспорангиеносцалар (конидиеносцалар) түзіледі. Ооспоралар ұлпа ішіндегі мицелийде түзіліп, өсімдік қалдықтарында сақталады. Ал олар шірігеннен соң тіршілікке қабілеттігін жоймастан 2 жыл кейде одан да ұзақ мерзім бойына сақталады.

Пероноспоралылардың көбі паразиттер, тек бірқатары ғана суда сапротрофты тіршілік етеді.. Пероноспоралылар қатарына үш тұқымдас кіреді: Питиелілер, Пероноспоралылар және Альбуголылар. Олардың ішінде алғашқыларының саны өте көп.

Питиелілер (Pythiaceae) тұқымдасына негізінен сапртрофты, көбіне әлсіреген өсімдік көгін зақымдайтын, түрлер, және балдырлар паразиттері кіреді. Мицелийлері жіңішке, зооспорангиеносцілері гифтерге (жіпшелерге) ұқсайды. Зооспорангийлерден зооспоралар немесе мицелийлер конидилер сияқты өсіп шығады. Ооспоралары шар тәрізді, тіршілікке қабілетін 12 жылға дейін сақтайды.

Өсімдіктерге ең көп зиян келтіретін Питиум (Pythium) және Фитофтора (Phytophthora) туыстарының өкілдері.

Питиум туысының ішінде ең көп тарағаны өсімдіктердің (қызылша, қырыққабат, рапс, жүгері, темекі, қызанақ, сәбіз т.б.) өркенінің тамырында орналасатын Pythium debarianum Hesse ауру қоздырғышы. Ол өсімдік тамыры менсабақ етегінің жіңішкеріп, қараюын тудырып, жас өсімдіктердің өлуіне әкеліп соқтырады. Бұл кеселді – қара сирақ, тамыр жемірі, өркеннің өлуі деп атайды. Кеселдің кең етек алуына топырақтың сапасыз өңделуі, егістік жиілігі, ауыспалы егістіктің болмауы септігін тигізеді.

Фитофтора туысының құрамына 70-тен астам саңырауқұлақ түрлері кіреді. Олардың ішінде факультативтік паразиттерден факультативті сапрофиттерге дейін бар. Бұл саңырауқұлақтар барынша мицелий күйінде, яғни конидийлер сияқты қызмет атқаратын маманданған спорангиеносцалар түзуімен сипатталады. Төменгі дәрежедегі оң температуралар жағдайында зооспоралар түрінде өнеді.

Бұл туысқа жататын саңырауқұлақтардың ішінде ең көп зиян келтіретін өкілі қызанақ, картоп және басқа да кейбір алқалы тұқымдастар өкілін зақымдайтын Phytophthora infestans de By. Сол сияқты P.erythroseptica Pctn, P.cactorum Schöt, P parasitica Dastur және басқа түрлер фитопатогенді болып табылады.

Пероноспоралылар тұқымдасы (Peronosporaceae). Бұл тұқымдас өкілдері – облигатты паразиттер. Жалған ақ ұнтақ деп аталатын кеселге төмендегідей ерекшеліктер тән:


  • мицелийлер әрдайым клетка аралықтарымен жайылады. Клетканың ішіне гаусториялар еніп, бойынан су мен қоректік заттарды сорып алады;

  • зақымдалған ұлпа бетіне устьицелер арқылы зооспорангиеносцалар (бір түрлерде) немесе конидиеносцалар (екінші бір түрлерде) шығады. Олар тармақталған, ұшында зооспоралар түзетін зооспорангийлер немесе мицелийлер өсіп шығатын конидийлер болады;

  • ауру қоздырғыштармен негізінен өсімдіктің топырақ беті мүшелері, оның ішінде көбіне жапырақтар залалданады;

  • өсімдік ұлпаларының залалдануы устьицелер арқылы өсіп шығатын зооспоралармен немесе конидиялармен жүреді.

Жалған ақ ұнтақ ауруының белгілері (симптомалары) бір типті болып келеді: жапырақ алақанының үстіңгі бетінде сарғыш, қызғылт немесе қоңырқай дақ түседі, ал төменгі бетінде үстіңгі даққа сәйкес – ақ, кейде боз споратүзу өңезі пайда болады.

Ауру қоздырғыштардың тыныштық күйдегі формасы ретінде көбіне ұлпа ішінде түзілетін ооспоралар болып табылады. Олар топырақта 2-4 жыл бойына сақталуға қабілетті. Вегетативті жолмен көбейетін өсімдіктер мен көп жылдық дақылдар зақымданса инфекция мицелий түрінде де сақталуы мүмкін. Кеселмен қайталай залалдануы жыныссыз жолмен түзілген споралар (зооспоралар немесе конидийлер) көмегімен жүреді. Олар спороносцалардан бөлініп, желмен, сумен, кейде насекомдар көмегімен де таралады.

Зооспоралар мен конидийлер тек тамшы күйіндегі ылғал болса ғана өсе алады, ал спора түзуі ауа ылғалдылығы салыстырмалы түрде жоғары болғанда ғана жүреді.

Саңырауқұлақ тұқымдасының туыстарға бөлінуі спороносцалар мен жыныссыз споратүзу спораларының морфологиялық ерекшеліктеріне негізделеді. Ауыл шаруашылығы дақылдар үшін ең қауіпті ауру қоздырғыштары 2 туысқа жатады: Пероноспора (Peronospora) және Плазмопара (Plasmopara).

Конидиеносцалардың тармақталуы – Peronospora туысының саңырауқұлақтарында дихиотомиялық болса, Plasmopara туысының өкілдерінде – моноподиалды. Бұл екі туысқа да көптеген түрлер жатады. Олардың ішінде жалған ақ ұнтақ немесе пероноспороз ауруының қоздырғыштары: асбұршақтікі – Peronospora pisi Syd., бұршақтардікі – Peronospora fabae West., жоңышқанікі – Peronospora aestivalis Syd., сиыр жоңышқанікі – Peronospora pratensis Syd., крест гүлді дақылдардікі – Peronospora brassicae Gaeum, күнбағыстікі – Plasmopara helianthi Novot, жүзімдікі – Plasmopara viticola және басқалары.

Альбуголылар тұқымдасы (Albuginaceae). Облигатты паразиттер. Ең кең тараған түр Albugo candida Lev. – крестгүлділердің ақ таты ауруының коздырғышы.

Оомицеттер класына жататын ауру қоздырғыштарына қолданылатын негізгі қорғаным шараларды мынадай:



  • ауыспалы егістік талаптарын қатаң сақтау;

  • орта ылғалдылығын (әсіресе жылыжайларда) реттеу;

  • өндіріске ауруларға төзімді сорттарды ендіру;

  • қайталай зақымдауды болдырмау мақстаында фунгицидтер пайдалану.



Зигомицеттер класы (Zygomycetes)

Оомицеттердікі сияқты зигомицеттердің де мицелийлері жақсы жетілген, тармақталған, көп ядролы, бірклеткалы. Олардан айырмашылығы – зиглмицеттерге жыныс үрдісінің тән болуы: морфологиялық белгілері бойынша бір-бірнен айнымайтын аналық және аталық клеткалары қосылуы. Бұл үрдіс зигогамия деп аталады. Жыныс клеткаларының нәтижесінде түзілетін зигоспора қолайсыз жағадайларда сақталуға қабілетті.

Зигомицеттер класы 2 қатарға бөлінеді: Мукор тәрізділер және Энтомофторалылар. Мукор тәрізділер (Mucorales) – табиғатта кең тараған, кәдімгі сапротрофтар. Олардың негізгі туыстары Mucor және Rhizopus. Олар органикалық қалдықтарға бай топырақта тіршілік етеді, тұқымдар мен жемістердің, өсімдік тектес жем-шөптің және өнімдердің сақталу кезінде көгеріп, шіруін қоздырады.

Энтомофторалылар (Entomophthorales) қатарына ауыл шаруашылық дақылдарын зиянды насекомдардан биологи ялық жолмен қорғау мақсатында қолданылатын насекомдар паразиттері жатады.
Аскомицеттер немесе Қалталы саңырауқұлақтар (Ascomycetes) класы
Бұл класқа жататын саңырауқұлақтардың мицелийлері көп клеткалы, жақсы жетілген. Бұл класс саңырауқұлақтарының ерекше белгілері – жыныс үрдісінің нәтижесінде қалталы споралардың қалталарда түзілуі. Олардың ішінде сапротрофтар, жартылай паразиттер және паразиттер кездеседі.

Қалталарын түзу ерекшелеріне қарай класс 3 класс тармағына бөлінеді: Жалаңаш қалталылар немесе Гемиаскомицеттер (Hemiaskomycetidae), Жеміс қалталылар немесе Эуаскомицеттер (Euascomycetidae) және Қуыс қалталылар немесе Локуломицеттер (Lokuloascomycetidae).



Жалаңаш қалталылар (Hemiaskomycetidae) класс тармағының мицелиінде орналасқан қалталарының (аскілерінің) жеміс денелері немесе ол тәрізді түзілімдері болмайды. Оларға сапротрофты қоректенетін ашытқы саңырауқұлақтары, сонымен қатар шабдалы, өрік ағаштарының жапырақтарының бүрісуін тудыратын өсімдік паразиттері – тафрин саңырауқұлақтары жатады.

Жеміс қалталылар (Euascomycetidae) класс тармағы қатарына қалталы саңырауқұлақтардың басым көпшілігі жатады. Жыныссыз спора түзу үрдісінің нәтижесінде конидийлер түзіледі. Споралы қалталы жеміс денелерінің 3 типі түзіледі (сурет): клейстотеций (жабық жеміс денелі); перитеций (жартылай ашық) және апотеций (ашық). Жеміс денелерінің типіне, оның қалталарының құрылысы мен орналасуына және қалталық споралардың босау ерекшелігіне байланысты класс тармағына жататын саңырауқұлақтар көптеген қатарларға бөлінеді (сурет). Қатарларды 3 топқа бөліп қарастырады: Плектомицеттер, Пиреномицеттер және Дискомицеттер.

Плектомицеттер қатарлар тобы. Көбіне клейстотеций түзеді, перитеций түзуі сирек кездеседі. Қалталық споралары өздігінен босайды. Бұл қатарлар тобына өсімдік қалдықтарында және өсімдік тектес өнімдердің бойында сақтау кезінде жетілетін сапротрофты саңырауқұлақтар жатады. Олардың ішінде кең тарағандары Aspergillus және Penicillium. Плектомицеттер арасында ауыл шаруашылық дақылдары мен ағаштардың ауру қоздырғыштары болып табылатын жартылай паразиттер де кездеседі.

Пиреномицеттер қатарлар тобы. Бұл саңырауқұлақтар даму циклінде негізінен перитецийлертүзеді. Клейстотецийлер түзуі сирек кездеседі. Бұл топтың ішінде өсімдіктердің қауіпті ауруларын қоздыратын саңырауқұлақ қатарлары кездеседі.

Эризифтілер немесе Ақ ұнтақтылар қатары (Erysiphales). Бұл саңырауқұлақтар даму циклінде клейстотецилер мен конидиалды споралар түзеді. Қатардың барлық түрлері де «ақ ұнтақ» деп аталатын ауруды қоздыратын облигатты паразиттер.

Дәнді дақылдардың ақ ұнтақ ауруының қоздырғышы – Eryziphe grfminis D.C., қызылшаның ақ ұнтағының қоздырғышы – E. communis F. betae Jacz., алманың ақ ұнтағының қоздырғышы – Podosphaera leucottricha Salm., асқабақ тұқымдасының ақ ұнтағының қоздырғышы – Sphaerotheca fuliginea Poll. тағы басқалары Эризифтілер қатарының өкілдері болып табылады. Қатар ішінде туыстарға бөлінуі клейстотийдің мицелиалдық қосалқылары мен жеміс денелеріндегі қалталар санына негізделеді.

Оомицеттер класымен танысқанда сипатталған жалған ақ ұнтақтармен салыстырғанда нағыз ақ ұнтақ аурулары төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:


  • мицелийі көп клеткалы, ұдайы зақымданатын ұлпалардың бетінде дамиды; клеткаларға тек гаусторийлері енеді;

  • өсімдіктердің кеселмен залалдануы ауаның салыстырмалы ылғалдылығының шекті аралықтары алшақ болады. Спора өнуі барысында промицелий сау ұлпалар арқылы енеді.

Ақ ұнтақ ауруының белгілері – жас өсімдіктің топырақ беті мүшелерінде немесе жапырақтарында (үстіңгі және астыңғы беттерінде) ақ түсті ұнтақ өңез пайда болады. Бұл өңез ұлпа бетіне ораналасқан мицелий және жыныссыз, тізбектелген бір клеткалы сопақша конидийлердің кондиалдық спора түзуі. Конидийлер өсімдіктердің қайталап залалдануын туындатады. Біраз уақыттан соң мицелийлерде көзге көрінетін қоңыр немесе қара нүктелер түрінде клейстотецийлер түзіледі. Клейстотецияларда споралары бар қалталар түзіледі. Бұл ауру қоздырғыштардың қолайсыз жағдайларда сақталу формасы болып табылады.

Пиреномицеттерге сол сияқты Гипокрейлілер (Hypocreales), Сфералылар (Sphaeriales) және Қастауыштылар (Clavicipitales) қатарлары жатады. Дәнді дақылдардың фузариоз ауруын қоздыратын саңырауқұлақтар Гипокрейлілерге (қалта кезеңінде) жатады. Сфералылар – негізінен шалғын шөптерінің қара дақ ауруын қоздыратын сапротрофтар.



Қастауыштылар қатарының көпшілік өкілдері – паразиттер. Олардың ішінде ауылшаруашылық дақылдарының ауруларының қоздырғыштары: қара бидай қастауышы (Claviceps purpurea Tul.). Олардың даму циклінде склероцийлер жиі түзіледі. Олардан кезегінде ішінде перитециялар бар басты стромалар өсіп шығады.
Дискомицеттер қатарлар тобы
Олар ашық жеміс дене – апотеций түзеді. Апотеций пішіні бойынша табақша, немесе шүмек тәрізді, орналасуы бойынша – отырықты немесе аяқты болады. Әдетте конидиалдық кезеңі болмайды. Бұл топтың ішінде ең маңыздысы – Гелоциелілер қатары (Helotiales). Осы қатарға жататын Sclerorotinia туысының өкілдері өсімдіктердің склеротиниоз немесе ақ шірік ауруын қоздырады. Әдетте ақ шірік ауруымен зақымданған ұлпа алғашында суланады, соден соң бетін мақта тәрізді саңырауқұлақ мицелиінен тұратын өңез басады. Ол біртіндеп отырып, тығыздалыпірі қара-қошқыл склероцийлер түзеді. Олардан кейін мицелий немесе апотецийлер өсіп шығады. Апотецияларда споралары қалталар түзіледі. Конидиалды спора түзу кезеңі болмайды.

Ең кең тараған түрі Sclerotinia sclerotiorum Lib. – күнбағыс, сәбіз және басқа да бірқатар дақылдардың ақ шірік ауруының қоздырғышы. Pseudopeziza туысының саңырауқұлақтары жоңышқаның, бұршақтың, қара қарақаттың жапырақтарының дақ ауруын қоздырады. P. medicaginis – жоңышқа жапырығының қоңыр дақ ауруын қоздырады.

Осы топқа жататын тағы бір қатар –Фацидий тәрізділер (Phacidiales). Олардың арасында өсімдік қалдықтарымен қоректенетін сапротрофтармен қатар өсімдік паразиттері де кездеседі, мысалы шменің коккомикоз ауруының қоздырғышы – Coccomyces hiemalis Higgins.
Қуысқалталылар класс тармағы

(Локулоаскомицеттер – Loculofscomycetidae)
Бұл класс тармағы өкілдерінің нағыз жеміс денелері болмайды. Қалталары ерекше қуыс – локулаларда түзіледі. Олар кезегінде мицелиалдық түзілім – псевдотецияларда орналасады. Көптеген локулоаскомицеттер паразиттік дәрежесі бойынша факультативтік сапрофиттер қатарына жатады. Әдетте қалта түзу сатысы өсімдік қалдықтарында аяқталады. Сонымен қатар вегетация кезеңінде екінші кезек залалдау көзі болып саналатын конидиалдық даму сатысы да сақталуы мүмкін.

Қуыстықалталылар қатарына алма мен алмұрттың парша ауруының қоздырғыштары – Venturia inaequalis Wint. және V. pirina Aderh. және бидай мен арпаның тамыр шірігінің қоздырғыштары – Ophiobolus graminis Sacc. жатады.


Базидиомицеттер класы (Basidiomycetes)
Базидиомицеттердің ерекшеліктері – негізінде гетероталлизм жатқан жыныстық үрдістен соң базидийлер мен базидиоспораларды түзуі (- сурет). Бұл класқа жататын саңырауқұлақтардың құрылысы, тіршілік ерекшелігі және зақымдау сипаты әркелкі болып келеді. Олардың арасында сапротрофтар, жартылай паразиттер және облигатты паразиттер кездеседі. Базидийлер типіне және олардың түзілу орнына қарай 3 класс тармағын ажыратады: Холобазидиомицеттер, немесе Гомобазидиомицеттер, Гетеробазидиомицеттер және Телиобазидиомицеттер.

Гомобазидиомицеттер (Homobasidiomycetidae) класс тармағына сапртрофты паразиттер немесе жартылай паразиттер жатады: қалпақты саңырауқұлақтар, олардың ішінде тағамдықтары да бар, трутовиктер және ағаш тұқымдастардың сабақтары мен тамырларының ауру қоздырғыштары. Олардың арасында тек Экзобазидиалдылар қатарының өкілдері ғана облигатты паразиттер.

Гетеробазидиомицеттер класс тармағының (Heterobasidiomycetidae) құрамына кіретін түрлердің көпшілігі де сапротрофтар. Олардың ішінде қызылша, сәбіз және басқада көкөніс дақылдары тамыр жемісінің киіз, немесе қызыл шірігінің қоздырғышы өзгішілеу болады.

Телиомицеттер (Teliomicetidae) класс тармағы 2 қатардан тұрады: Қара күйе (Ustilaginales) саңырауқұлақтары және Тат (Uredinales) саңырауқұлақтары. Қара күйе саңырауқұлақтар қатарынаоблигатты, ерекше маманданған, өсімдіктің әр түрлі мүшелерін (көбіне реппродуктивті мүшелерін) зақымдайтын қара күйе ауруының қоздырғыштары жатады. Олар ыдырап, телиоспоралардан тұратын тығыз немесе тозаңды қара массаға айналады. Бұл телиоспоралар көмегімен саңырауқұлақтар сақталып, тарайды. Бұл саңырауқұлақтар негізінен дәнді дақылдарды зақымдайды.

Өсімдіктердің даму кезеңін зақымдауына қарай қара күйе саңырауқұлақтары 4 топқа бөлінеді (2-кесте)



  1. Астық дақылдарының қара күйе ауруларының негізгі түрлері




Қара күйе түрі

Ауру қоздырғышы

Зақымдау типі

1

2

3

4

а

б

в

Бидайдың қатты қара күйесі

Tiletia tritici (T. caries)

+

-

-

-

-

-

Бидайдың тозаңды қара күйесі

Ustilago tritici

-

-

-

+

-

-

Бидайдың ергежейлі қара күйесі

Tiletia controversa

-

-

-

-

-

+

Бидайдың сабақ қара күйесі

Urocystis tritici

+

+

-

-

-

-

Қара бидайдың сабақ қара күйесі

Urocystis occulta

+

+

-

-

-

-

Арпаның тозаңды қара күйесі

Ustilago nuda

-

-

-

+

-

-

Арпаның қатты қара күйесі

Ustilago hordei

+

-

-

-

-

-

Сұлының тозаңды қара күйесі

Ustilago avenae

+

-

+

-

-

-

Сұлының қатты қара күйесі

Ustilago levis

+

-

+

-

-

-

Тарының қара күйесі

Sphacelotheca panici miliacei

+

-

-

-

-

-

Жүгерінің үрме қара күйесі

Ustilago zeae

+

+

-

-

+

-

1-сурет. Жаздық жұмсақ бидайдың тозаң қара күйесімен жарақаттанған масағы. а – ауруға шалдыққан масақ; б – инфекция тозаңы; в – тозаң түйіршігінің өсуі.


1. Бидай қатты қара күйесі типті дамуы – тұқым өну кезінде зарардануы, инфекцияның орналасуына қарай:

а) тұқым бетіндегі инфекциядан зарардануы;

б) топырақта сақталған инфекциядан зарардануы;

в) инфекция тұқым қауызының ішінде орналасқан (қауызды дақылдар үшін).

2. Бидайдың тозаңды қара күйесі типі типті дамуы – гүлдеу кезінде гүлдері арқылы зарардануы.

3. Бүкіл вегетация бойына зарардануы. Бұл тип бойынша жүгерінің үрме қара күйесі дамиды.

4. Дақыл өскінінің топырақ бетінен зарардануы.

Тат (Uredinales) саңырауқұлақтары қатары. Бұл қатар саңырауқұлақтары шектеулі маманданған облигатты паразиттер жатады. Тат ауруның белгілері әр түрлі болуы мүмкін, алайда көбіне сары-қоңыр немесе тат түсті путулалар. Тат саңырауқұлақтардың даму циклі күрделі.

Толық циклі 3 саты және 5 спора түзу кезеңінен тұрады:

І – 2 спора түзу кезеңінен тұратын көктемгі, немесе эцидиалды саты. Спора түзу кезеңдерінде спермагонияларда спермацияларда, эциоспоралар эцияда түзіледі;

ІІ – жазғы, немесе урединий сатысы. Бұл кезде урединияларда (уредеопустулаларда) урединоспоралар (уредоспоралар) түзіледі;

ІІІ – қысқы, немесе телиостаысы. Бұл кезде телиопустулаларда телиоспоралар (телейтоспоралар) түзіледі. Телиоспоралар жетілгенде ішінде базидиоспоралары бар базийлер түзіледі.

Көктемде өсімдіктер дара жынысты базидиоспоралармен зарарданған соң өз жыныс белгісіне сәйкес (+ немесе -) гаплоидты мицелий жетіледі. Бұл мицелийлерде спермагонийлер түзіледі. Әр түрлі жыныс белгілері бар спермациялар қосылып, дикариотикалық мицелийлер дамуының бастамасы болады. Оларда ішінде эциоспоралары бар эциялар түзіледі. Вегетация бойына урединоспоралардың бірнеше ұрпағы жетіледі. Күзге таман телиоспоралардың түзілуі басталады. Олар әдетте қою қоңыр түсті, сондықтан телиопустулалар қара-қоңыр, немесе қара түске дейін боялады. Тат саңырауқұлақтары телиоспоралар түрінде қыстайды. Қыстап шыққан телиоспораланың әр клеткасы базидияға өсіп шығады. Базидияда 4 базидиоспора түзіледі.

Бір саңырақұлақтардың (бір қожайынды) бүкіл даму сатылары бір өсімдіктің бойында өтеді. Ал басқа бір саңырауқұлақтардың (әр түрлі қожайынды) даму циклі барысында міндетті түрде қожайын-өсімдіктерін алмастырып отырады. Көктемгі (эциалды) сатысы өтетін өсімдік аралық деп аталады. Негізгі қожайын-өсімдікте жазғы және қысқы сатылары өтеді. 3-кестеде бір қатар егістік дақылдардың бір және әр түрлі қожайынды тат ауруларының мысалы келтірілген.
3. Егістік дақылдарыдың негізгі тат аурулары


Ауру түрі

Қоздырғыш

Қожайын-өсімдік

негізгі

аралық

Әр түрлі қожайынды

Дәнді дақылдардың сабақ таты

Puccinia grsminis

Дәнді дақыл

Барбарис, магония

Бидайдың жапырақ қоңыр таты

Puccinia recondita

Бидай

Василистник, лещина

Сұлының тәжді таты

P. coronifera

Сұлы

Крушина түрлері

Арпаның ергежейлі таты

P.hordei

Арпа

Птицемлечник

Жүгері таты

P. sorghi

Жүгері

Кислица

Асбұршақ таты

Uromyces pisi

Асбұршақ

Сүттіген

Жоңышқа таты

Uromyces medicaginis

Жоңышқа

Сүттіген

Бір қожайынды

Күнбағыс таты

Puccinia helianthi

Күнбағыс

Қызылша таты

Uromyces betae

Қызылша

Зығыр таты

Melampsora lini

Зығыр

Тат саңырауқұлақтарының тұқымдас және туыстарға бөлінуі телиоспоралардың құрыслысы мен клеткалықтарына негізделген. Негізгі туыстары: Uromyces, Puccinia, Phragmidium, Melampsora, Cronartium.


Жетілмеген саңырауқұлақтар класы, немсесе Дейтеромицеттер

(Deuteromycetes)

Бұл класқа тек гаплоидты сатыға дейін жетілетін көп клеткалы грибницасы бар саңырауқұлақтар жатады. Саңырауқұлақтардың сақталу және таралу функциясын конидиалдық спора түу атқарады. Кейбір саңырауқұлақтардың қалталы, немесе базидиалы спора түзумен сипатталатын жыныстық сатысы да жетіледі. Алайда оның айтарлықтай маңызы жоқ. Жетілмеген саңырауқұлақтардың кейбір түрлерінің тіпті конидиалдық та спора түзуі болмайды, олар жыныссыз (стерилді) мицлий күйінде жетіледі.



Жетілмеген саңырауқұлақтар – саңырауқұлақтардың ең үлкен тобы. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шірік, дақ, дақтар, солу, өңез, жара т.б. ауруларын туындататын қоздырғыштарының басым көпшілігі жартылай паразиттерге (факультативті паразиттер мен факультативті сапротрофтарға) қатарына жатады. Конидиалды спора түзу типі бойынша дейтеромицеттер 3 қатарға юөлінеді: Гифомицеттер, Меланкониелілер және Сферопсидалділер, немесе Пикнидиалділер. Ал спора түзбейтіндер Стерилді саңырауқұлақтар қатарына жатады.

Гифомицеттер қатары (Hyphomicetales). Спора түзу тікелей мицелийде жүреді; оны зақымданған өсімдіктің бетінде өңез күйінде байқауға болады. Бұл қатарға бөлінуі конидиеносцелер мен конидиялардың морфологиясына (тармақталуы, клеткалы болуы, пішіні, түсі т.б.) негізделген көптеген туыстардан тұрады.

Fusarium туысы – конидийлері түссіз, көпклеткалы, орақ тәрізді. Зығырдың солуын қоздырады – F. lini Bolley, асбұршақ ауруын – F. oxysporum Schlecht, астық дақылдарының фузариоз ауруының қоздырғышы – F. graminearum Schw. және басқалары.

Botrytis туысы – конидиеносцылары тарамдалған, конидийлері бір клеткалы, сопақша, конидиеносцыларының ұшында жинақталған. Ең жиі кездесетін түрі B. cinerea Pers – асбұршақ, қызылша, рапс, қырыққабат, сәбіз т.б. дақылдардың боз шірік ауруының қоздырғышы.

Drechslera (Helminthosporium) туысы – конидиеносцылары жақсы жетілген, конидийлері ұзынша, көп клеткалы, зең түстес. Арпаның жолақты дағының қоздырғышы – D. graminea Ito және арпаның торлы дағының қоздырғышы – D. teres Ito осы туысқа жатады.

Cercospora туысы – конидиеносцылары біріктіріп жинақталған, конидийлері ұзын, ұршық тәрізді, түссіз, бірнеше жерден бөлінген. Бұл туысқа қызылшаның церкоспороз ауруының қоздырғышы C. beticola Sacc жатады.

Alternaria, Macrosporium туыстары – конидиеносцылары қарапайым, дара немесе біріктіріп жинақталған, конидийлері шоқпар немесе жұмыртқа тәрізді, қоңыр түсті. Көптеген дақылдардың дақ ауруларын қоздырады, мысалы картоптың макроспориоз ауруының қоздырғышы – M. solani Ell.

Меланкониелілер қатары (Melanconiales). Спора түзу мицелийдің арнайы түзілімдерінде (жастықша, немесе мицелиалды жатын) жетіледі. Кондиеносцылары қысқа, топталып, шоғырланып орналасқан. Конидийлері бір клеткалы, түссіз. Ең кең тараған ортақ атауы антракноз деп аталатын аурудың қоздырғыштары туыстар – Colletotrichum және Gloeosporium: жоңышқа антракнозы – Colletotrichum trifolii, зығыр антракнозы – C. lini Manns. Бұл ауруға шалдыққанда өсімдік жапырақтарында пішіні, көлемі әр түрлі дақтар пайда болады. Бұндай дақтар өсімдік жемістеріне, тұқымына, сабағына түссе жараға айналады.

Пикнидиалдылар қатары (Pycnidiales, немесе Sphaeropsidales). Конидиалдық спора түзу шар немесе алмұрт тәрізді пикнидаларда жетіледі. Пикнидалар субстратқа батып тұрады да, бетінде тек қара ноқат күйінде байқалатын сыртқа шығатын саңылауымен кішкене бөлігі ғана болады. Конидийлер, немесе пикноспоралар, пикнидалардың ішінде, олардың қабырғаларында түзіледі. Ауру белгілері дақ (өңезсіз), немесе құрғақ шірік.

Туыстарға бөлінуі пикноспоралар мен пикнидалардың пішіні мен құрылсына негізделеді.



Phoma туысы – пикноспоралары ұсақ, бір клеткалы, түссіз. Бұл туысқа картоптың фомоз ауруының қоздырғышы Р. exuqua Desm.

Ascochyta туысы – пикноспоралары бір, кейде бірнеше бөліктерден тұрады, түссіз. Осы туыстың өкілі асбұршақтың аскохитоз ауруының қоздырғышы A. pisi Lib.

Septoria туысы – споралары түссіз, жіп тәрізді, көп клеткалы. Бұл туыс өкілдері – S. nodorum Berk және S. tritici Rob. дәнді дақылдардың септориоз ауруын қоздырады.

Мицелиалдылар, немесе Стерилділер қатары (Myceliales). Спора шашпайды. Даму циклінде склероция (сақталу формасы) және вегетативтік мицелийі болады. Картоптың ризоктиноз ауруының қоздырғышы – Rhizoctonia solani Kühn, осы қатарға жатады. Бұл қатарға күнбағыс, үрме бұршақ, пияздың шірігі ауруының қоздырғышттары осы қатарға кіретін Sclerotium туысына жатады.
ПАРАЗИТ ЖӘНЕ ЖАРТЫЛАЙ ПАРАЗИТ

ГҮЛДІ ӨСІМДІКТЕР
Эволиция барысында өсімдіктің кей түрлері паразиттік тіршілікке бейімделген. Олардың ассимиляциялық аппараты мен тамыр жүйесі болмайды. өсімдіктердің сабақтары мен тамырларына жабысып, арнайы сорғыштары – гаусторийлер – көмегімен өткізгіш жүйесінен қоректік заттар мен суды сорып алады. Сабақ паразитіне – повилика, тамыр паразитіне – заразиха жатады. Егер паразиттер жапырақ аппаратын сақтап, қожайын-өсімдіктен тек минералды қорек алатын болса жартылай паразиттер деп аталады. Оларға омела, иван-да-марья, погремок және басқалары жатады.
Повиликалар

Повиликалар – Повилика тұқымдасының Cuscuta жататын гүлді паразит өсімдіктер. Олар хлорофилсіз, қожайын-өсімдік сабағына шырматылып жабысқан сабағы шөп тәрізді, тармақталған, жіңішке, немесе жуан қызғылт, сарғыш-қызыл немеесе жасыл-сары. Гүлдері – ұсақ (2-7 мм), қызғылт, немесе ақшыл түсті қысқа, немесе ұзын кисть, головка немесе клубочка жинақталған. Жемісі – ұзындығы 1-3 мм, ішінде пішіндері шар тәрізді, сопақша немесе шамалы ұзындау тұқымдары бар коробочка. Тұқымдары топырақта бірнеше жылдар бойына өнгіштігін жоймастан сақталуға қабілетті. Біздің елдегі повиликаның барлық түрлері де бір жылдық, қожайын-өсімдік өлгеннен соң олар кеуіп қалады. Повиликалар тұқымымен және сабақ бөліктерімен көбейеді. Көпшілік түрлері жылу сүйгіш, сондықтан негізінен оңтүстік аймақтарда өседі. Повилика кең тараған кезде картоп, жоңышқа, көкөніс және басқа дақылдардың өнімділігіның шығыны 50%-дан астам болуы мүмкін.


Заразихалар

Заразиха тәрізділер тұқымдасының Orobanche туысы – кәдімгі паразит. Ол қожайын-өсімдік тамырына сабағының қалыңдау етек жағымен жабысып орналасады. Сабақтары етті, күрең немесе сары түсті, қабыршақты, қарапайым немесе тарамдалған, етек жағы жуандау. Гүлдері жанама бұтақтарының қолтығында орналасқан. Гүлтабаны бесмүшелі, екі ерінді, 4 аталықты. Жемісі – көп тұқымды коробочка. Тұқымдары қожайын-өсімдіктің тамырының шығарындысының әсерінен көктейді. Біздің елде кездесетін көптеген түрлерінің ішінде 5-уі – күнбағыс арамсояуы, тармақталған арамсояу, мысыр арамсояуы және сары арамсояу – ауыл шаруашылық дақылдарын зақымдайды.


Омела

Омела Ремнецветный тұқымдасының Viscum туысына жататын жартылай паразит өсімдік. Ең көп тараған V3scum album – ақ омела, ағаштар мен бұталарды зақымдайды. Омеланың ризоидтары ағаш сүрегіне енеді. 3-5 жылдан соң өсіп шыққан жасыл сабақ пен жапырақтарының көмегімен органикалық заттарды синтездейді. Ал қожайын-өсімдіктен минералды қоректік заттар мен су алып, оны әлсіретеді. Омеланың сабағы жалаңаш, жасыл, дихотомикалы бұтақталған. Жапырақтары қалың, пішіні ұзынша, қысқа сағақта қос-қостан орналасқан. Гүлдері сарғылт-жасыл, топтасып орналасқан. Жемісі – жидек, басында жасыл, кейін ақ түсті. Тұқымы қыста пісіп, құстармен тарайды. Висцина деп аталатын жабысқақ затпен ағаштардың бұтағына жабысып, көктемде көктеп өседі.

Омела негізінен Шығыс Европа, Балтық теңізі жағалауындағы және Кавказ елдерінде кездеседі.
ӨСІМДІКТЕРДІҢ АУРУЛАРҒА ИММУНИТЕТІ НЕГІЗДЕРІ
Ауру қатты таралған кездің өзінде де (эпифитотий) өсімдіктердің ауру шалдығу дәрежелері бірдей болмайды. Бұл өсімдіктің ауруға төзімділігімен және иммунитетімен байланысты. Иммунитет дегеніміз инфекцияның таралып, жетілуіне қолайлы жағдай болғанның өзінде де өсімдіктің ауруға шалдықпау қабілеті. Ал организмнің инфекцияға бой бермей қарсы тұру қабілеті – төзімділік деп аталады. Өсімдіктердің бұл екі қасиетінің көбіне бірінен бірін айырмай қарастырады.

Төзімділік пен иммунитет – организмнің күрделі динамикалық күйі. Ол өсімдіктің, ауру қоздырғышының және сыртқы орта жағдайларының ерекшеліктеріне байланысты. Ауруларға төзімді дақыл сорттарын шығару үшін төзімділік себептері мен заңдылықтарын зертеудің маңызы ерекше.


Иммунитет категориялары
Иммунитет туа біткен (тұқым қуалайтын) және қалыптасқан болып екіге бөлінеді. Туа біткен иммунитет ата-анасынан балаларына беріледі. Ол тек өсімдіктердің генотипі өзгерсе ғана өзгереді.

Қалыптасқан иммунитет онтогенез барысында қалыптасады. Оның мысалын медицинада жиі кездестіруге болады. өсімдіктерде бұндай айқын байқалатын қалыптасу қасиеті болмайды, алайда өсімдіктердің ауруға төімділігін арттыруға бағытталған шаралар болады. Бұл шаралар ұдайы зерттеліп, толықтырылуда.

Пассивті төзімділік патогеннің әрекетіне байланыссыз, өсімдіктердің конституционалдық ерекшеліктерімен анықталады. Мысалы, өсімдіктердің кей мүшелері кутикуласының қалыңдығы пассивті иммунитет факторы болып табылады. Активты иммунитет факторлары өсімдік пен патоген әрекеттескенде ғана іске асады, яғни патологиялық үрдіс кезінде ғана пайда болады.

Сондай-ақ иммунитеттің спецификалық және спецификалық емес түрлері ажыратылады. Спецификалық емес иммунитет – кейбір ауру қоздырғыштардың өсімдіктердің нақты түрлерінің ауруын қоздыруға қабілетсіздігі. Мысалы, қызылша дәнді дақылдарыдың қара күйе ауруына, картоптың фитофторозына, картоп қызылшаның церкоспороз ауруына, астық дақылдары картоптың макроспориоз ауруына шалдықпайды. Ал дақылдың сорт деңгейіндегі кейбір ауру қоздырғыштарға төзімділігі спецификалық иммунитет деп аталады.


Өсімдіктердің ауруларға төзімділік қасиетіне әсер ететін факторлар
Өсімдіктердің ауруға төзімділігі бүкіл патологиялық үрдіс бойындағы қорғаныш факторларының жиынтығы деп қарастырылады. Қорғаныш факторлары мынадай 2 топқа ажыратылады: патогеннің өсімдік организмінің бойына енуіне тосқауыл болатын факторлар (аксения); патогеннің өсімдік ұлпасында таралуына тосқауыл болатын факторлар (нағыз төзімділік).

Бірінші топқа морфологиялық, анатомиялық және физиологиялық сипаттағы факторлар немесе механизмдер жатады.



Анатомиялық-физиологиялық факторлар. Патогеннің өсімдіктің бойына енуіне жабын ұлпасының қалыңдығы, устьице саңылауының құрылысы, жапырақтардың түктілігі, балауыз өңездің болуы, өсімдік мүшелерінің құрылыс ерекшеліктері. Жабын ұлпасының қалыңдығы өсімдік бойына ұлпасы арқылы енетін патогендерге қатысты қорғаныш фактор болып табылады. Ең алдымен бұлардың қатарында Оомицеттер класына жататын ақ ұнтақ ауруының қоздырғыш саңырауқұлақтарын атауға болады. Устьице құрылысының ерекшелігі бактериалдық аурулар, жалған ақ ұнтақ, тат аурулары сияқты патогендер үшін маңызы бар. Әдетте тығыз жабылатын устьице саңылауы арқылы патогендердің енуі қиындайды. Жапырақ түктілігі өсімдіктерді вирустық аурулардан және вирустарды тарататын насекомдардан қорғайды. Жапырақтар мен сабақтартың балауыз өңезінің болуынан олардың бетінде су тамшысы (тамшы күйіндегі су) тұрмайтындықтан патогенді саңырауқұлақтар өспейді.

Өсімдіктердің габитусы мен жапырақтарының пішіні де аурудың бастамасының таралуына тосқауыл болады. Мысалы, бұтасы кең таралып өсетін картоптың сорттары фитофтороз ауруына сирек шалдығады. Жапырақ беті неғұрлым жіңішке болса, соғұрлым оның бетіне отыратын споралар саны да аз болады.

Өсімдіктердің жеке мүшелерінің төзімділікке әсерін келесі мысалдан көруге болады: Қара бидай қастауышпен қатты зарардалады, ал бидай – өте сирек. Себебі бидай гүлінің гүл қауыздары ашылмайды, сондықтан гүл ішіне патоген ене алмайды, ал қара бидай ашық гүлдейтіндіктен спораның енуіне тосқауыл бола алмайды.

Физиологиялық факторлар. Патогендердің өсімдік организмінің бойына енуіне клетканың осмостық жоғары қысымы, патогендердің негізгі өсімдік бойына енетін негізгі жолы болып табылатын жара ауызының бітуін қамтамасыз ететін (жара перидермасының түзілуі) физиологиялық үрдістер жылдамдығы әсер етеді. Сонымен қатар онтогенездің жеке кезеңдерінің өту жылдамдығының да өсімдіктің ауруға шалдығу дәрежесіне маңызы бар. Мысалы, бидайдың қатты қара күйесінің қоздырғышы тек жас өркенге ғана ене алады, сондықтан тез және біркелкі көктейтін бидай сорттары бұл ауруға аз шалдығады.

Механикалық тосқауылдар қатарына клеткасының қабықшасының қалың болуы немесе өсімдік клетка қабықшасында паразиттердің ферменттері ыдырата алмайтын лигниннің болуы жатады.

Өсімдік ұлпаларында патогендердің дамуына қажетті заттардың болмауы (немесе жеткіліксіз болуы). Кез келген өсімдік ұлпасы патоген үшін паразиттік тіршілігіне қажетті субстрат болып табылады. Әдетте суы мол, көмірсулар мен амин қышқылдарына бай ұлпа ең көп және жиі зақымданады. Онтогенездің белгілі бір даму сатыларында патогеннің дамуына қажетті кейбір заттардың әлі түзілмеуі, немесе метаболизм нәтижесінде өзгеріске енуі өсімдік организмінің ауруға төзімділігін арттырады. Мысалы, Fusarium graminearium Schw. саңырауқұлағы астық тұқымдас дақылдар ұлпасында холин және бетаин тектес заттар болса ғана паразиттік тіршілік етеді. Ал бұл заттардың көбі тозаң қапшығында болады, сондықтан дақыл масағы фузариозға гүлдеу кезеңінен кейін шалдығады.



Ингибиторлар. Бұл өсімдік ұлпаларының құрамында болатын немесе зақымдануға қарсы реакция ретінде синтезделетін, патогендердің дамуына тосқауыл болатын қосылыстар. Олардың қатарына фитонцидтер – химиялық табиғаты әр түрлі туа біткен пассивті иммунитет факторы болып табылатын заттар. Фитонцидтер көп мөлшерде пияз, сарымсақ, черемуха, эвкалипт, лимон т.б. дақылдар ұлпаларында өндіріледі.

Алкалоидтар - өсімдіктер бойында түзілетін құрамында азот бар органикалық заттар. Бұл заттарға әсіресе бұршақ, мак, алқалы, астра тұқымдас өсімдіктері бай келеді. Мысалы, картоптың құрамында болатын соланин және қызанақта болатын томатин көптеген патогендге уытты болып келеді. Ауру қоздырғыштардың дамуын сондай-ақ фенолдар, эфир майлар және бірқатар қосылыстар баяулата, немесе тоқтата алады. Барлық аталған ингибиторлар тобы интактты (зақымданбаған ұлпаларда) күйде әрдайым өсімдік организмінің бойында болады.

Патогеннің даму кезінде өсімдікте синтезделетін индукциялық заттар фитоалексиндер деп аталады. Химиялық құрамы бойынша бұлардың барлығы да төменгі молекулалық заттар, олардың көбіне фенолдық табиғат тән. Өсімдіктің зақымдануға сезімталдық дәрежесі фитоалексиндерді өндіру жылдамдығына байланысты болатыны анықталды. Қазіргі кезде фитоалексиндердің көбі анықталды. Мысалы, фитофтороз ауру қоздырғышымен зақымданған картоптан ришитин, любимин, фитуберин бөлініп алынса, ас бұршақтан – пизатин, сәбізден – изкумарин бөлініп алынды. Фитоалексиндердің түзілуі активті иммунитетке жатады.

Иммунитеттің бұл түріне ферменттік жүйенің мысалы тотығу фермендттерінің (пероксидаза, полифенолоксидаза) қарқындылығының артуы жатады. Бұндай қасиет ауру қоздырғыштарының гидролиздік ферменттерін инактивциялауға және патогендердің уының уытын жоюға мүмкіндік береді.

Қалыптасқан, немесе индукцияланған иммунитет. Өсімдіктердің инфекциялық ауруларға төзімділігін арттыру мақсатында биологиялық және химиялық иммунизация тәсілі қолданылады.

Биологиялық иммунизация – өсімдіктерді патогендердің әлсіздендірілген культураларымен немесе олардың тіршілік өнімдерімен өңдеу арқылы жүргізіледі (вакцинация). Оны өсімдіктерді кейбір вирустық, сол сияқты бактерилық және саңырауқұлақ ауруларынан қорғау үшін қолданады.

Химиялық иммунизация – кейбір химиялық заттардың, олардың ішінде кейбір пестицидтердің де, әсеріне негізделеді. Өсімдіктердің бойында олар зат алмасу үрдісіне қатысып оны ауру қоздырғыштарға қолайсыз бағытта өзгертеді. Бұндай химиялық иммунизаторлардың қатарына фенол қосылыстары – гидрохинон, пирогаллол, ортонитрофенол, паранитрофенол жатады. Бұл заттармен өсімдік тұқымдары немесе жас өркендері өңделеді. Бірқатар фунгицидтердің де иммунизациялық қасиеттері болады. Мысалы, дихлорциклопропан фенол синтезінің және лигниннің түзілу қарқынын арттырып күрішті пирикуляриоз ауруынан қорғайды.

Сол сияқты өсімдік ферменттерінің құрамына кіретін кейбір микроэлементерінің иммунизациялық маңызы бар. Сонымен қатар микроэлементтер негзігі қоректік элементтердің өсімдік бойына енуін жақсарту арқылы өсімдіктердің ауруға төзімділігін арттыруға мүмкіндік береді.



Төзімділік пен патогендіктің генетикасы. Төзімділік түрлері
Өсімдіктің төзімділігі де, микроорганизмдердің патогенділігі де барлық тірі организмдердің қасиеттері мен белгілеріне тән бір немесе бір-бірінен сапалық айырмашылықтары бар бірнеше гендермен бақыланады. Төзімділік гендерінің өсімдіктер генотипінде болуы патогеннің белгілі бір нәсілдеріне абсолютті иммунитет болуын қамтамасыз етеді. Өз кезегінде ауру қоздырғыштарының иммунитет генінің әсерін басатын гені (немесе гендері) болады. Х.Флораның теориясы бойынша әр төзімділік геніне вируленттік ген пайда болуы мүмкін. Бұндай құбылыс комплементарлық деп аталады. Вируленттіліктің комплементарлы гені бар патоген әсер еткенде өсімдік ауруға шалдығады. Егер төзімділік және вируленттілік гендері комплементарлы болмаса өсімдік клеткалары ауру қоздырғышты оқшаулап, оның әсерін шектейді.

Мысалы (3-кесте), жоғарыдағы теорияға сәйкес генотипінде төзімділік гені R бар картоп сорты ауру қоздырғышының P. infestans немесе одан да күрделі, бірақ міндетті түрде 1 (1,2; 1,3; 1,4; 1,2,3) т.б. вирулеттік гені бар 1-нәсілімен залалданады. Ал төзімділік гені жоқ (r) сорттар ауру қоздырғышының барлық нәсілдерімен де, оның ішінде вирулентті гені (0) болмаса да ауруға шалдығады.



Төзімділік гендері көбіне доминантты, сондықтан оларды селекция барысында келесі ұрпаққа жеткізу айтарлықтай жеңіл. Сезімталдығы өте жоғары R-гендер төзімділіктің де жоғары сезімталдық типін анықтайды. Сол сияқты бұл тип олигогенді, моногенді, нағыз, вертикалды деп те аталады. Ол өсімдікке вируленттіліктің комплементарлы емес нәсілі әсер еткенде өсімдіктің ауруға толық қарсы тұрар қабілетін қамтамасыз етеді. Алайда патогеннің вируленттілігі артық нәсілдердің пайда болуына байланысты өсімдіктің ауруға төзімділігі жойылады.


  1. P. infestans саңырауқұлағының физиологиялық нәсілдерінің

төзімділік гені (R – гендер) бар өсімдіктермен өзара байланысы


Төзімді сорт генотипі

P. infestans саңырауқұлағының физиологиялық нәсілдері

0

1

2

3

4

1,2

1,3

1,4

2,3

1, 2, 3, 4

r

+

+

+

+

+

+

+

+

+

+

R1



+







+

+

+



+

R2





+





+





+

+

R3







+





+



+

+

R4









+





+



+

R1 R2











+







+

R1 R3













+





+

R1 R4















+



+

R2 R3

















+

+

R3 R4



















+

R1 R2 R3



















+

и т. д.






























Ескерту. Фитофтороз ауру қоздырғышының бұл нәсіліне сезімтал ген «–», төзімділік гені «+» белгілерімен белгіленген.


Төзімділіктің басқа бір типі – полиггенді, егістік, салыстырмалы, горизонталды: көптеген гендердің жиянтығының әсеріне байланысты болады. Полигендік төзімділік әр түрлі дәрежеде кез келген өсімдіктерге тән. Полигендік төзімділіктің жоғарғы дәрежесінде патологиялық үрдіс баяулайды. Бұл аурумен зақымданғанына қарамастан өсімдіктің өсіп-жетілуіне мүмкіндік береді. Кез келген полигенді белгі сияқты бұндай төзімділік орта жағдайына байланысты (минералдық қоректену дәрежесі мен сапасы, ылғалмен қамтамасыз етілуі, күн ұзақтығы және басқа да бірқатар факторлар) өзгереді.

Полигенді төзімділік трансгрессивті тұқым қуалайтын болғандықтан оны селекция жолымен сорттарға бекіту өте қиын.

Жоғары сезімталдық пен полигенді төзімділіктің бір сортта болуы жиі кездеседі. Бұндай жағдайда сорт моногендік төзімділіктен басым жаңа нәсіл пада болғанға дейін иммунды болады да одан соң ауруға төтеп беру қызметін полигенді төзімділік атқарады.
Төзімді сорттар шығару тәсілдері
Нақты жағдайда ең көп қолданылатын тәсілдер бағытты гибридизация мен сұрыптау.

Гибридизация. Ата-аналарынан ұрпақтарына төзімділік гендерінің берілуі сортаралық, түраралық және туысаралық гибридизация кезінде жүреді. Гибридизация үшін ата-ана формалары ретінде қажетті шаруашылық-биологиялық сипаттағы және ауруларға төзімді өсімдіктер алынады. Төзімділік доноры ретінде көбіне жабайы түрлер алынады, сондықтан келесі ұрпақтардың қатарында қажетсіз белгілер мен қасиеттер пайда болуы мүмкін. Ондай белгілерден арылу мақсатында қайталай шағылыстыру, немесе беккросс нәтижесінде жүзеге асады. Беккроссты төзімділіктен басқа «жабайы» белгілер жойылғанша жүргізеді.

Сортаралық және түраралық гибридизация көмегімен дәнді дақылдардың, бұршақ дақылдарының, картоптың, күнбағыстың, тағы басқа да дақылдардың ең қауіпті деген ауруларға төзімді көптеген сорттары шығарылды.

Кейбір түрлер өзара шағылыспайтын болса «аралық» түрлерді пайдаланады: өзара шағылыспайтын түрлердің әр қайсысы үшінші бір түрмен шағылыстырылып, одан алынған буданды өзара немесе қайтадан бастапқы бір түрмен шағылыстырады.

Қандай жолмен алынса да будан өсімдіктерді ауру қоздырғыш мол және олардың дамуына қолайлы болған жағдайда сынайды. Кейін көбейтуге ауруға төзімді, шаруашылық тұрғыдан құнды өсімдіктер сұрыпталып алынады.



Сұрыптау. Бұл кез келген гибридизация кезінде қолданылатын тәсіл. Алайда оны өз бетінше де төзімді сорттар алу үшін пайдалануға болады. Ауыл шаруашылық дақылдарының көптеген сорттары біртіндеп сұрыптау арқылы алынған. Ол әсіресе айқас тозаңданатын өсімдіктер үшін тиімді, себебі олардың ұрпағы гетерозиготалы популяцияға жатады.

Аталған тәсілдермен қатар ауруға төзімді сорттар шығару үшін мутагенез, гендік инженерия және т.б. тәсілдер де кеңінен қолданылады.


Төзімділіктен айрылу себептері
Өсімдік сорттардың біраздан соң ауру қоздырғышының патогендік қасиетінің өзгеруінің, немесе өсімдіктердің иммунологиялық қасиетінің бұзылуының нәтижесінде ауруға төзімділігі біртінде төмендеп, мүлдем жоғалады. Сезімталдығы өте жоғары сорттардың ауруға төзімділік қасиетінен айрылуы патогеннің вируленттігі басымырақ нәсілдерінің немесе комплементарлы гендердің пайда болуына байланысты болады. Төзімділігі моногенді соттар патогеннің жаңа нәсілдерінің көбеюіне байлансыты зақымдануы біртіндеп артады. Сондықтан да селекцияда тек қана сезімтілдығы өте жоғары сорттарды қолдануыдың болашағы жоқ.

Патогендердің жаңа нәсілдерінің пайда болуының бірнеше себептері бар:



  1. Мутация. Бұл ең жиі кездесетін себебі. Мутациялар әр түрлі мутагендік факторлардың әсерінен болады. Олар фитопатогендік саңырауқұлақтарға және бактерияларға тән. Ал вирустар үшін мутация – өзгергіштіктің жалғыз ғана себебі.

  2. Генетикалық тегі бойынша әр түрлі микроорганизмдер особтерінің жыныстық үрдіс нәтижесінде будандасуы (гибридизация). Бұл негізінен саңырауқұлақтарға тән;

  3. Гетерокариоз, немесе гаплоидты клеткалардың ядролық әркелкілігі. Саңырауқұлақтардың ядролық әркелкігінің пайда болу себептері – жеке ядролар мутациясы, ядролардың сапасы әркелкі гифтерден анастозалардың (гифтердің тұтасып өскен бөліктері) бойымен көшуі және ядролардың қосылып, одан соң бөлінуі кезінде гендер комбинациясы пайда болуы (парасексуалды үрдіс). Жыныстық үрдісі болмайтын жетілмеген саңырауқұлақтар класы үшін ядролардың әркелкілігі мен парасексуалды үрдістің маңызы ерекше.

Бактерияларда мутациядан басқа трансформация құбылысын да байқауға болады. Трансформация кезінде бактериялардың бір штаммының бөліп шығарған ДНҚ-сы басқа штамм клеткаларымен сіңіріледі де, оладың геніне кіреді. Ал трансдукция кезінде хросоманың жеке сегменттері бактериофаг көмегімен бір бактериядан екіншісіне көшеді.

Микроорганизмдердің жаңа нәслідерінің пайда болу үрдісі ұдайы жүріп тұрады. Алайда түзілетін нәсілдердің басым көпшілігі даму пәрменділігінің төмендігінен немесе маңызды белгілерінің болмауынан бәсекелестікке шыдамай бірден өліп қалады. Патогендер популяциясында өсімдіктердің сорттары мен түрлері төзімділігінен басым болатын вируленттігі жоғары патогендер сақталады.

Сонымен қатар өсімдік сорттарының иммунологиялық қасиеттерінің өзгеруі өсу жағдайларына да байланысты болады. Сондықтан дақыл сорттарын белгілі бір аймақта аудандастыру үшін, алдымен сол болашақта аудандастырылмақ аймақта міндетті түрде иммунологиялық сынау жүргізіледі.
өсімдіктерді аурулардан қорғаудың тәсілдері

мен құралдары. ауруларды есепке алу
Ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру технологиясының міндетті бөлігі – өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғау. Әсіресе ауыл шаруашылық дақылдарын өсіру интенсивті жүргізілетін жағдайда бұл мәселенің маңызы ерекше. Себебі интенсивті технология жағдайы ауру қоздырғыштардың да өсіп-жетілуіне жағдай туғызады. Мысалы ауыспалы егістікте бір дақылдың үлесінің жоғары болуы сол дақылдарды зақымдауға бейімделген патогендердің жинақталып, кейін кең таралуына ықпал етеді. Ал тыңайтқыштарды көп мөлшерде қолдану өсімдіктердің сезімталдығын арттырады. Ауыл шаруашылық дақылдарын қорғау жүйесіне бір жағынан дақылдардың өсуіне және олардың патогендерге төзімдлігін арттыруға қолайлы жағдай қамтамасыз ететін, ал екінші жағынан ауруқоздырғыштардың өсіп жетілуіне тосқауыл болатын, ғылыми негізделген тәсілдер кіреді. Өсімдіктерді аурулардан қорғауға бағытталатын барлық шаралар мақсатына қарай екіге бөлінеді: алдын-алу (профилактикалы) және емдік (терапевтикалық). Өз кезегінде аталған шаралар биологиялық, агротехникалық, физико-механикалық, химиялық және карантиндік болып бөлінеді. Бұл тәсілдердің барлығы да нақты жағдайларға сәйкес, техникалық жаңа және экономикалық тұрғыдан тиімді болулары қажет.
Селекциялық тұқымдық тәсіл

Өсімдіктерді аурулардан алдын-ала қорғау шараларының ішінде, сау тұқымдық материал алуды қамтамасыз ететін, тұқым және көшеттік шаруашылығын ұйымдастыру маңызды орын алады. Оның ең маңызды элементтері:



  • қорғау шараларын кешенді түрде өткізетін тұқымдық немесе аналық учаскелерін құру. Бұл учаскелер өндірістік егістіктерден кеңістіктен шектеледі (кем дегенде 1000 м қашықтықта);

  • тұқымдық немесе отырғызу материалын залалдану дәрежесін бағалау (фитопатологиялық сараптау), оны залалсыздандыру және тұқымдық учаскелерді екінші кезекті залалданудан қорғау, уақытылы өткізілетін фитопатологиялық бақылау және жекелеген ауру өсімдіктерді жою. Апробация өткізу қарсаңында ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдық егістіктері Мем стандарт талабына сай болуы қажет;

  • селекциялық мекемелердің ұсынуларын ескере отырып, уақытылы сорт алмастыруды өткізу.


Агротехникалық тәсіл
Ауыспалы егістік – егістікте патогендердің жинақталмауының алдын алатын өсімдік қорғаудың маңызды агротехникалық тәсілдерінің бірі. Ауыспалы егістік құрарда ең алдымен ауру қоздырғыштарының биологиясы мен олардың топырақта сақталу ұзақтығын есепке алады. Дақыл бір танапқа қайта себілу мерзімі топырақтағы патогендік бастамалардың тіршілігін тоқтатпастан ерте болмауы қажет және бір патогенмен зақымданатын дақылдар ауыспалы егістікте бір кезекте болмауы тиіс. Мысалы киламен зақымданған қырыққабаттан соң шалқанды, турнепсті, брюкваны және басқа да крест гүлділерді отырғызуға болмайды. Ауыспалы егістікте картоптан соң қызанақ, немесе керісінше орналастыруға болмайды, себебі бұл екі дақыл да фитофтороз ауруына шалдығады (P.infestans). Сонымен қатар бір дақылдың тауарлық және тұқымдық мақсатта өсірілетін танаптары арасында кеңістік изоляциясын сақтаудың маңызы зор.

Топырақ өңдеу. Аңызды қопсыту (лущение), ерте терең сүдігер жырту сияқты топырақ өңдеу тәсілдері, сапрофитті және патогенді организмдердің антагонистік микрофлорасының дамуы нәтижесінде өсімдік қалдықтарында сақталатын ауру қоздырғыштардың жетілуіне кедергі келтіреді. Отамалы дақылдар танабының күтіп-баптау (тырмалау, қатар аралығын қопсыту, түптеу) кезінде арам шөптер жойылып, топырақтың физикалық қасиеттері жақсарып, өсімдіктердің өсіп жетілуіне қолайлы жағдай туады. Бұл олардың патогендерге төзімділігін арттырады.

Тыңайту. Тыңайтқыштарды дұрыс қолданбау (өлшемсіз немесе мезгілсіз) өсімдіктердің ауруға төзімділігінің төмендеуіне себепкер болады. Мысалы, азотты бір жақты немесе шамадан тыс мөлшерде қолданған жағдайда бидай тат ауруына көбірек шалдығады, ал фосфор және калий тыңайтқыштары және микроэлементтер аурудан қорғаныш ролін атқарады. Мыстың азғана мөлшері картоптың фитофтороз ауруына шалдығуын төмендетеді, құрамында бор бар тыңайтқыштар қызылшаның өзегінің шіруін болдырмайды. Астық дақылдарының тұқымын молибден тұздарымен мен өңдеу олардың тат, қара күйе және т.б. аурулары төзімділігін арттырады. Қышқыл топырақтарды ізбестеу қырыққабаттың кила және қара сирақ ауруларымен заладануын төмендетеді.

Себу, отырғызу және өнімді жинау мерзімдері. Оңтайлы себу және өнімді жинау мерзімдерін сақтау көптеген аурулардың дамуын тежейді. Көпшілік жағдайларда тұқымды ерте себу кеш себуге қарағанда өнімді көбірек береді және өсімдіктердің ауруға шалдығу дәрежесі де төменірек болады. Бұл біріншіден бидай, арпа сияқты ерте себілетін дақылдарға қатысты. Бұл дақылдар ерте себілсе тамыр шірігі ауруынан аз зардап шегеді. Картопты ерте отырғызу фитофтороз ауруы кең ауқымда таралмай тұрып өнімін жинап алуға мүмкіндік береді. Алайда, жеткілікті дәрежеде қызып үлгермеген топыраққа отырғызу картоптың ризоктиноз ауруына шалдығуын күшейтеді.
Химиялық тәсіл
Химиялық тәсіл – фитопатогенді организмдерге уытты әсері бар әр түрлі органикалық және бейорганикалық қосылыстарды қолдануға негізделеді. Бұндай химиялық заттар фунгицидтер деп аталады. Фунгицидтер контакты және жүйелі әсерлі болып екіге бөлінеді. Контактты препараттар тиген жеріне ғана әсер ететін болса, жүйелі препараттар – ауру қоздырғыштарға тиген жерінде де, өсімдіктің басқа мүшелерінде де әсер етеді. Саңырвуқұлақ ауру қоздырғыштарына қарсы қолданылатын контактты әсерлі фунгицидтер қатарына бордос сұйығы, мыстың хлорлы тотығы, каптан, купрозан дәне т.б. жатады.; ал жүйелі әсерлілер қатарына – бенлат (фундазол), байтан-универсал, беномил, тилт, ридомил және т.б. жатады. Фунгицидтер ылғалды ұнтақ (ЫҰ), эмульсия концентраттары (ЭК), пасталар, гранулды препараттар, ұнтақтар, су ерітінділері (СЕ), концетрлі суспензиялар (КС), аэрозолдар, ультра аз көлемді бүркуге (УАБ) арналған ерітінділер.

Қолдану сипатына қарай фунгицидтер 4 бөлінеді:



  • тұқым дәрілеуге қолданылатын;

  • өсіп тұрған өсімдіктерді өңдеуге қолданылатын;

  • түгел жоятын;

  • топырақты зарарсыздандыру үшін қолданытын.

Тұқымдарды дәрілеу олардың бетіндегі немесе бойындағы ауру қоздырғыштармен өсәмдік көгінің және ересек өсімдіктердің залалдануын болдырмайды. Тұқымдарды дәрілеудің үш түрлі тәсілі бар: жартылай құрғақ, дымқыл тәсіл немесе арнайы тұқым бетіне өңез қабатын түзетін заттарды пайдалану арқылы. Қай тәсілін қолданғанда да препарат тұқым бетін тұтас жабуы қажет. Өсіп тұрған өсімдіктерді өңдегенде ерітінді немесе суспензия күйіндегі препарат өсімдік бетіне біркелкі тарауы қажет. Фунгицидтерді, оларды қолдану мерзімін және тәсілін таңдау ауру қоздырғыштарының биологиялық ерекшеліктерімен – залалдауға қажетті жағдайлармен, алғашқы залалдау мерзімімен, қожайын өсімдікпен қарым-қатынасы ерекшеліктерімен (эндо- немесе эктопаразит, залалдау тәсілі) және т.б. анықталады.

Химиялық препараттар қоршаған ортаны және өсімдік өнімдерін залалдайтын болғандықтан қатаң санитарлық эпидемиялық бақылау қажет. Әр препараттың қолдану мерзімі соңғы өңдеу уақыты мен өнім жинауға дейінгі уақыт бойынша белгіленуі тиіс. Қолданыста тек рұқсат етілген препараттар ғана болуы тиіс.


Биологиялық тәсіл
Ауру қоздырғыштарының өсіп жетілуін биологиялық әдіспен тежеу табиғатта қалыптасқан жеке организмдер арасында – мысалы микроорганизмдер мен олардың тіршілік өнімдерінің арасында кездесетін антагонизміне негзіделеді. Мысалы, актиномицеттер мен бактериялар субстратта қатар өспейді, себебі баутериялардың көбею қарқындылығы көбірек болғандықтан ол бар жерде актиномицеттер тарамайды.алайда егер актиномицеттер бактериялардың тіршілігін басуға қабілетті антибиотикалық заттар деп аталатын зат алмасу үрдісінің ерекше өнімдерін өндіруге қабілетті. Олар нақты белгілі бір организмдер тобына қатысты (вирустар, бактериялар, актиномицеттер, саңырауқұлақтар және т.б.) физиологиялық пәрменділігі жоғары заттар. Фитонцидтігі жоғары өсімдіктер қатарына сарымсақ, пияз, хрен, черемуха, тополь, можжевельник, шырша және тағы бірқатар өсімдіктер жатады. Мысалы, зверобойдан алынған иманин антибиотигі клевердің тамыр шірігі ауруының тіршілігін тоқтатады.

Антагонистерді қолданудың негізгі бағыттары:

1) топырақта антагонист-микробтардың жинақталуына қолайлы жағдай туғызу;

2) антагонистер культурасын қолдану;

3) антибиотиктерді қолдану.

Табиғи жағдайларда фитопатогендердің паразиттері ретінде тіршілік ететін микроорганизмдер (бактериялар, саңырауқұлақтар және т.б.) анықталды. Олар гиперпаразиттер немесе екінші кезекті паразиттер деп аталады. Олардың әсер ету механизмі әр қилы болып келеді: қожайын клеткаларының лизисі; патогендердің тіршілігіне тежеу болатын биологиялық пәрменді заттарды өндіру. Мысалы, Trichoderma lignorum әсер ету ауқымы кең бірқатар пәрменді антибиотиктер бөліп шығарады (глитоксин, виридин және т.б.). Сонымен қатар Trichoderma lignorum кейбір патогенді саңырауқұлақтардың склероцияларында паразит күйде тіршілік етеді.

Өз патшалығының басқа түрлерінде паразит күйде тіршілік ететін саңырауқұлақтар микофилді саңырауқұлақтар деп аталады. Қоректену тәсіліне қарай оларды биотрофтар және некротрофтар деп екіге бөледі. Тат саңырауқұлақтарында паразит күйінде тіршілік ететін Darluca filum, ақ ұнтақ саңырауқұлақтарының паразиті – Cicinnobolus sgn. Ampelomyces, плазмопара, питиум, биполярис және тағы бірқатар саңырауқұлақтар паразиті – Trichothecium, питиум, фитофтора және басқа да жалған ақ ұнтақ саңырауқұлатарының паразиті – Dactylella, заразиха түрлерінің паразиті – Fuzarium мысал бола алады.

Екінші кезекті паразиттер ретінде личинкалары заразиханың тұқымын зақымдайтын фитомиза минер-шыбындарын (Phytomiza orobanchiae Kolt.) атауға болады.

Алайда өсімдік қорғау мақсатында биологиялық тәсіл әлі күнге аз қолданылады. Қоршаған ортаға, адамдарға, жануарларға және өсімдіктерге қауіпсіз болғандықтан бұл тәсілдің қолдану аясын кеңейту қажеттілігі туындайды.
Физикалық-механикалық әдіс
Өсімдікті қорғаудың физикалық тәсілдеріжоғарғы және төменгі температураларды, радиациялық сәулелерді, ультрадыбысты, жиілігі жоғары токтарды және басқа да физикалық шамаларды қолданумен байланысты. Мысалы, тозаңды қара күйенің ауру қоздырғышын басу үшін бидай мен арпаның тұқымын 47о С дейін қыздырылған суға 2 сағат бойына салып, одан соң салқындатып, кондициалық ылғалдылыққа дейін кептіріледі. Жылыжайлардың топырақтарын залалсыздандыру үшін термикалық тәсіл, сол сияқты биотермикалық тәсілдер қолданылады. Биотермикалық тәсіл – компосттардың өздігінен қызуы пайдаланылады. Олардың бойында аэробты термофилді микроорганизмдердің қарқынды жетілуі (бактериялар мен актиномицеттер) органикалық заттардың тез ыдырауына және компостың 60...65о дейін қызуына ықпал етеді. Бұндай жағдайда фитопатогендер өледі. Тұқымдарды тұз ерітіндісінде қастауыштың (Claviceps purpurea Tul.) қоздырғышының склероцияларынан тазарту да физикалық тәсілдер қатарына жатады.

Жеміс ағаштарының бұтақтарын кесіп, шырпу, егінді ауру өсімдіктерден арылту, астық дақылдарының тат ауруының аралық қожайын өсімдіктері болып табылатын барбарис, крушина т.б. жою механикалық тәсіл болып табылады.


Өсімдіктер карантині
Басқа елдердің территориясынан өсімдіктердің карантин ауру қоздырғыштарының енуінің алдын алуға (сыртқы карантин) және аурудың таралуын шектеуге (ішкі карантин) бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесі – өсімдіктер карантині деп аталады. Ел ішінде таралмаған немесе таралуы шектеулі, алайда айтарлықтай зиян келтіретін ауру қоздырғыштары карантин объектілері болып табылады. Карантин обектілер тізімі мезгіл-мезгіл қаралып, жаңартылып, бекітіліп отырады.
Өсмідіктерді интегривті қорғау
Нақты экологиялық географиялық аймақта белгілі бір дақылдың ауруларына (зиянды организмдеріне) қарсы қолданылатын биологиялық, агротехникалық, химиялық, физикалық және басқа да тәсілдер кешені интегривті қорғау деп аталады. Оның мақсаты – пайдалы организмдердің тіршілігін сақтай отырып зиянды организмдер түрлерінің санын шектеу.

Интегривті қорғау бірқатар өзара тығыз байланысқан мынадай элементтерге негізделеді:



  1. Өсімдіктердің жақсы жетіліп, ауруларға төзімділігінің артуын, және жекелеген зиянды организмдердің таралуының алдын алынуын қамтамасыз ететін жоғарғы агротехника.

  2. Ауруларға төземді өсімдік сорттарын өсіру.

  3. Өсімдік ауруларының тарлуын болжау негізінде құрылған зиянды организмдер санын шектеуге бағытталған тиімді тәсілдерін (билогиялық, химиялық, физикалық және басқалары) қолдану.

Өсімдіктерді қорғауда белсенді құралдарды қолдануды зиянкестердің зияндылық шегін есекере отырып, яғни зиянды организм түрінің таралу тығыздығына байланысты, қолданылуы тиіс.зиянды организмдердің экономикалық тиімді таралу шегі аймақтың экологиялық-географиялық және дақылдың ерекшеліктеріне байланысты болады.

Жекелеген қорғау шараларына қарағанда интегривті қорғаудың экономикалық көрсеткіштері жоғары болады, және қоршаған ортаға да салмағы төмендеу болады.



Өсімдік ауруларын есепке алу әдістері
Өсімдік ауруларын есепке алу үшін негізінен 2 әдісі қолданылады: тұрақты (стационарлық) учаскелердегі бақылау және бағытты (маршрутты) байқау.

Стационарлық учаскелер белгілі бір аймаққа тән аурулар тараған 2-3 танапта белгіленіп алынады. Бақылау бүкіл вегетация бойына әр 10 күн сайын жүргізіледі. Аурумен залалдану біркелкі болса бақылау өсімдіктері танаптың бір немесе екі диагоналы бойынан, ал біркелкі болмаса өзара параллель бағытпен алынады; ал залалдану бір жерде шоғырланған болса оның аумағы өлшенеді. Егер белгілі бір территорияда бір аурудан жекелеген өсімдіктер өлсе өзара қосылады.

Бағытты (маршрутты) байқаулар тұтас ауданда дақылдардың аурулармен зақымдану туралы мәлімет береді. Оларды жыл сайын 2-3 шаруашылық территориясында жүргізеді. Бақылауларға зерттелетін дақылдың аумағының 10 %-нан кем болмауы тиіс. Барлық мәліметтер арнайы журналдарға жазылады.

Астық дақылдарының вегетация кезеңінің бойына 3 бақылау жүргізілуі тиіс: толық көктеу кезінде, масақтану-гүлдеу кезінде және ору алдында. Міндетті түрде алғашқы белгілерінің пайда болу күнін белгілейді. Ол аурудың шамамен максималды таралу мерзімін анықтау үшін қажет.

Танаптың диагоналы, екі жарты диагоналы немесе оның конфигурациясына сәйкес тұтас учаскеде бір қалыпты өсімдіктердің күйін бағалау үшін бақылау өсімдіктерін алып, мұқият өсіп тұрған жерінде зертеуден бастайды. Қажет болғанда бақылау өсімдіктерінен бау жасайды.

Фитопатологиялық байқаулар кезінде аурудың туу себебі, оның таралуы, дамуы және зияны анықталады. Аурудың таралуы алынған баудағы сау және ауру өсімдіктерді (немесе олардың мүшелерін) есептеу P=(a100): N, мұндағы P ауру өсімдіктер саны, %; a – ауру өсімдіктер саны, дана; N жалпы өсімдіктер саны, дана. Шаруашылықта, ауданда аурудың таралуы (Рс, %) орташа көрсеткіш болып табылады және Рс = ∑Sp : So арқылы анықталады. Мұндағы ∑Sp – танптың гектармен өлшегендегі ауданының көбейтіндісі мен аурудың таралуының тиісінше пайыз көрсеткішінің сомасы; So – байқаудан өткен танаптар ауданы, га.

Аурудың дамуы, немесе өсімдіктердің немесе олардың мүшелерінің) аурумен залалдану дәрежесі зақымданған өсімдік мүшесіндегі дақтардың, өңездердің, пустулалардың санымен және зақымдану аумағымен сипатталады. Зақымдану дәрежесі арнайы шкаламен бағалайды да баллмен немесе пайызбен көрсетеді. К.М.Степанов пен А.М.Чумаковтың (1972) ұсынысы бойынша әр балға толық сипаттама берілген 3-4 балдық шкала қолданылады. Мысалы, 0 – зақымдану жоқ; 1 балл – өсімдік мүшесі бетінің 10 % аумағы зақымданған; 2 балл – өсімдік мүшесі бетінің 11-25 % аумағы зақымданған; 3 – өсімдік мүшесі бетінің 26-50 % аумағы зақымданған; 4 – өсімдік мүшесі бетінің 50 %-дан астам аумағы зақымданған.

Дамудың даму дәрежесі бір немесе бірнеше өсімдіктің белгілі бір аумақта орташа зақымдану дәрежесін сипаттайды. Ол үшін өсімдіктердің жеке мүшелерінің зақымдану дәрежесінің біркелкі көрсеткіштерінің орташа арифметикалық көрсеткіші есептеледі: R = ∑ав  100 : (N ∙ K), мұндағы R – өсімдіктердің дамуы, %; ∑ав – зақымдаған өсімдіктер санының (а) тиісті зақымдану балына (в) көбейтіндісінің қосындысы; N – есептелген өсімдіктер (сау және ауру) саны; K – есептеу шкаласының ең жоғарғы балы.

Шаруашылықта (ауданда) аурудың дамуы орташа өлшенген пайызды сипаттайды; Rc = ∑R ∙ Sn : So, мұндағы Rc –аурудың дамуының орташа пайыз көрсеткіші; ∑R ∙ Sn – аурудың дамуы мен тиісті ауданының көбейтіндісінің қосындысы; So – есеп жүргізілген аудандар қосындысы, га.

Аурудың таралуы мен дамуының мәліметтерін пайдаланып ауру келтірген шығынды – аурудың зияндылық дәрежесі анықталады. Аурудың зияндылығы өнім мөлшерінің азаюы немесе оның сапасының нашарлауымен сипатталады. Ол өсіру жағдайларына, ауру қоздырғышыны патогендік дәрежесіне, өсімдіктің басқа зиянды организмдермен зақымдануына байланысты болады. Зияндылық коэффициенті әр зақымдану келетін өнім шығынының мөлшерімен бағаланады (балл немесе пайыз); В = (Уз – Уб) 100 : Уз, мұндағы В – зияндылық, немесе шығын, %; Уз – сау өсімдіктер өнімі, ц/га; Уб – ауру өсімдіктер өнімі, ц/га. Зияндылық коэффициент көмегімен жүргізілген шараларға шаруашылық және экономикалық тұрғыдан баға беруге болады.

Қандайда болмасын қорғаныш шаралары қолданылған аумақта аурудың дамуының бақылаумен салыстырғанда төмендеуі биологиялық тиімділік деп аталады.

Б = (Рк – Ро) / Рк * 100,



Мұндағы Б – биологиялық тиімділік, %; Рк – бақылау учаскесіндегі аурудың даму көрсеткіші; Ро - өңделген учаскедегі аурудың даму көрсеткіші.


    1. ПРАКТИКАЛЫҚ, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР




  1. Астық тұқымдастырының саңырауқұлақ аурулары. Дәнді дақылдардың қаракүйе саңырауқұлағы: қатты, карлик, үнді. Дәнді дақылдардың тат саңырауқұлағы.

  2. Хитридиомицеттер және Оомицеттер класының морфологиялық белгілерімен танысу, а/ш дақылдарға тигізетін зияннына тоқталу. Картоптың рак ауруы, орамжапырақтың фитофторозы, қызылша, орамжапырақ және пияздың жалған шығы.

  3. Хитридиомицеттер және Оомицеттер класының морфологиялық белгілерімен танысу, а/ш дақылдарға тигізетін зияннына тоқталу. Картоптың рак ауруы, орамжапырақтың фитофторозы, қызылша, орамжапырақ және пияздың жалған шығы.

  4. Жеміс қалталы саңырауқұлақтардың морфологиялық ерекшеліктерімен танысу. Бидайдық шығы, қастауышы, сұр дағы, бидайдың офиоболезі, алма және алмұрттың паршасы.

  5. Телиобазидиомицеттер класс астына жататын базидиальды саңырауқұлақтардың морфологиялық ерекшеліктері. Бидайдың қатты және шаңды қастауышы, арпаның шаңды қастауышы, сұлының қастуышы, қара бидайдың сабағының тат саңырауқұлағы, Ерекше белгілері, оларды алдын алу шаралары.

  6. Дейтеромицеттердың (жалған саңырауқұлақтар) а/ш дақылдарына тигізетін зияны. Гифомицеттер және меланкония қатарының морфологиялық ерекшеліктері. Гельминтоспориоздар, бидайдың қара-қоңыр дағы. Фузариоздар. Шиенің коккомикоз, зығырдың антракноз, қиярдың антракнозы.

  7. Бактерия, вирус, актиномицетер және микоплазмалардың морфологиялық ерекшеліктері және олардан пайда болатын ауру түрлері. А/ш өсімдіктерінде байқалатын басты бактериалық аурулардың негізгі белгілері: картоптың кәдімгі паршасы, картоптың сақиналы шірігі.

  8. Тұқымның саңырауқұлақпен және бактериямен зақымдануын анықтау әдістері: сыртқы пішіні бойынша анықтау әдісі (визуальді), центрифугалық әдіс, биологиялық әдіс, анатомиялық әдіс, іріткі әдісі, люминисценция.

  9. Тұқымның вируспен зақымдануын анықтау әдістері. Ішкі контаминация инфекциясы. Тамышылық орташа диагностика. индикаторлық өсімдіктің инокуляциясы, имунду-ферменттік талдау, электронды микроскопия.


8. ТИПТІК ЕСЕПТЕР, ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ, ЕСЕПТІК-ГРАФИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТАР, КУРСТЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

  • Ауылшарушылық фитопатология ғылым ретінде, а/ш фитопатологиясы, мақсаттары мен міндеттері. Ғылым ретінде фитопатологияның даму тарихы. Даму сатысы.

  • Өсімдіктердің ауру түрлері мен топтары. Аурудың патологиялық түрлері. Өсімдіктерде ауру туғызытын тірі және өлі табиғат факторлары.

  • Өсімдіктердің ауруларының классификациясы: инфекциялық (микоз, бактериоз, вироз) и инфекциялық емес. Өсімдіктің сыртқы түрінің зақымдану типтері. Инфекцияның жинақталу орны. Паразиттік түрлер.

  • Аурудың белгілері. Аурудың өткір түрлері. Өсімдік ауруларының ұқсас белгілері.

  • жүктеу 1,14 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау