Learningapps сервисін қалыптастырушы бағалау қҰралы ретінде пайдалану



жүктеу 26,73 Kb.
Дата04.01.2022
өлшемі26,73 Kb.
#31610
LEARNINGAPPS СЕРВИСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ







LEARNINGAPPS СЕРВИСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды  дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Орта білім беру мазмұнын жаңарту бүгінгі күннің талабы болғандықтан осы талап деңгейінде жұмыс атқару әр ұстазға жүктелер үлкен міндет, үлкен сын.

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу мұғалімдер алдына үлкен міндеттер жүктеуде. Солардың бірі оқушылардың бағдарламаны меңгеруі мен олардың жетістіктері бағалаудың дәстүрлі тәсілдерін өзгерту. Бағалау жүйесіндегі тиімділігі маңызды көрсеткіштердің бірі орта білім беретін мектептердегі білім беру әрекеттерінің қалай қызмет ететінін, даму жағдайын, білім алушыға, оның нәтижесіне әсер етуін көрсететін білім алушылардың оқу жетістігінің деңгейі болып табылады. Сондықтан білім алушылардың оқу жетістігі деңгейін бағалау жүйесінің қаншалықты сапалы құрылуы білім беру сапасын арттырудың шама деңгейіне соншалықты байланысты.

Бүгінгі жұмысымның өзектілігі:


  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттын және білім беру нәтижелерін бағалаудың жаңа тәсілдерін іздестіру;

  • қалыптастырушы бағалау құралдарын іздеу және енгізу;

 

Мақсаты:


Студенттердің пәнге деген қызығушылығын және тақырыпты оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында өз тәжірибемде қалыптастырушы бағалау құралдарын белсенді пайдалану.

 

Міндеттері:



  • LearningApps қызметінің құралдарын үйрену;

  • серверде интерактивті қосымшалар жасау;

  • сабақтың түрлі сатыларында сервер құралдарын қолдану;

  • студенттердің өзін - өзі бағалау қабілетін дамыту;

  • студенттердің белсенділігін және қызығушылығын арттыру;

  • Қалыптастырушы бағалаудың әдістері

Күнделікті тәжірибеде білім алушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдануға болады: «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Жинақтау парақшасының индексі», «Бір минуттық эссе», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б.

Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін, оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырманы орындау, білім алушыларға кері байланыс беру кезінде қолдануға болады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде де қолдануға болады.

Олардың әрқайсысы көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін тиісті құралдарды қолдануды талап етеді.

Солардың бірі оқушылардың өз бетінше жұмыстануына және өз жетістігін бағалауға негізделген  LearningApps сервисі.

LearningApps сервисі білім алушылардың оқуын өз бетінше дамыту және қамтамасыз ету үшін көп мүмкіндіктерге ие және оқушы мен мұғалім арасында кері байланыс бере алатын негізгі құрал болып табылады.

 

LearningApps сервисі туралы.



LearningApps - бұл әр түрлі пәндер бойынша интерактивті оқу-әдістемелік қосымшалар жасауға мүмкіндік беретін білім беру мекемелеріндегі білім беру процесін қолдау үшін арналған сервис

 

LearningApps сервисінің алғашқы парақшасы.


Сервердің ерекшелігі, пайдаланушылар жасаған барлық тапсырмалар галереяда жиналған және жалпыға қол жетімді болып табылады.

Іздестіруге оңай болу үшін барлық интерактивті тапсырмалар санат бойынша топтастырылған (пәндер бойынша).

Категория бойынша таңдаудан басқа, қиындығына қарай да топтастырылған тапсырмаларды таңдап алуға мүмкіндік бар.

Дайын тапсырмаларды серверге тіркелмегендер де пайдалануға мүмкіндігі бар.


Жеке материалдарды жасау және сақтау қарапайым тіркеуден өткен соң ғана мүмкін болады.

Сонымен қатар, өз материалдарын жасай отырып, пайдаланушы оларды жеке қолдану және жалпы пайдалану үшін сақтай алады.

 

 

LearningApps құралдары.



LearningApps құралдары әртүрлі интерактивті тапсырмаларды жасауға мүмкіндік береді: викторина, сұрыптау, топтастыру, жіктеу, мәтінді енгізу, кроссворд, уақытша таспа және т.б.
Осы қосымшалардың бірін таңдау сабақ барысында мақсаттарға жету мен білімді игерту көзделеді. Мен осы қосымшаларды сабақтың білімді тиянақтау, топтық және жұптық, жаңа материалды игерту, үй жұмысын тексеру  кезеңдерінде көптеп қолдануға болады.

Кей жағдайларда өз қосымшаңызды құрастырмас бұрын, басқа да әріптестер құрастырған қосымшаларды қарап шығуға кеңес беремін. Себебі әріптестер жариялаған немесе құрған қосымшаларды қарай отырып, өзің құруға талпынған қосымшаға жаңа идеялар алуға, сапалы қосымшалар табуға болады. Дайын қосымшаларды пайдалану кейде уақытты үнемдеуге де тиімді болуы мүмкін.

Сервис мәтіндік ақпаратпен ғана емес сонымен қатар графикалық, аудио, видео ақпараттарменде жұмыстанудың көптеген таңдауларын ұсынады.

Өзіңізге ұнайтын жаттығуларды таңдап, оны ашып, деректеріңізді енгізу үшін «Создать подобное приложение» функциясын қолдануға болады.

Әр қосымшаны құрудың алдында мысалдар категориясынан дайын өнімнің қалай жасалғандығында көре аласыз.

LearningApps сервисін пайдалану арқылы кері байланысты ұйымдастыру.

Сіз дайындап ұсынған тапсырмаларды орындау барысында оқушылар өздерінің теориялық білімдерін бірнеше рет тексеруге, білімдеріндегі кемшіліктерді жоюға, тапсырмаларды дұрыс орындауға қол жеткізеді, осылай олардың өз білімдерін өзін – өзі бағалауы артады.

Оқушылардың топпен немесе жұппен жұмыс жасаулары олардың өз білімдерін салыстыруға, өзара көмек көрсетуге, өздерінің қабілеттерін өзге оқушылармен салыстыра отырып бағалауға мүмкіндік туады.

Осылайша оқушылар берілген тақырып немесе бөлім бойынша тапсырмаларды меңгерудегі өз жетістіктері туралы кері байланыс алады және қаншалықты жақсы түсінгендігін біледі.

Кері байланыс алған оқушылар өздерінің білімін және оқуға деген ынта-жігерін арттыру үшін өз алдына мақсаттар қояды деп.

 Мұғалімде LearningApps сервисін пайдалана отырып кері байланыс алуға мүмкіндік алады. Ол үшін Сіз серверге тіркелген болуыңыз керек және өзіңіздің виртуалды кабинетіңізді құрып, онда сынып пен оқушылар тізімін құру қажет. Сыныптар тізімін жасағанда сервер оқушыларға арналған логин мен құпия сөздерді автоматты түрде береді.  Серверге тіркелген оқушылар өз аудиториясына логин мен құпия сөзін енгізу арқылы кіріп, мұғалім ұсынған тапсырмаларды орындай алады.

 «Статистика» батырмасын шерту арқылы мұғалім өзі ұсынған тапсырмаларды кімдер орындады немесе орындаған жоқ және тапсырманы орындау барысында қандай кедергілер болды осы жөнінде мәліметтерді бақылай алады.

Берілген тапсырмалардың нәтижесін қарай отырып, қай оқушыларға көмектесу керектігін, қандай тақырыпты жеткілікті түрде дұрыс бермегендігін көре алады. Осы кеткен кемшіліктерді жою үшін қосымша сабақтар ұйымдастыру арқылы қайта жұмыстануға тура келеді.

 LearningApps сервисінің тағы бір мүмкіншілігі бұл пайдаланушылармен жеке хабарлама алмасу. Бұл мүмкіндік Сізге оқушылар белгілі себептермен сабаққа қатыспағанда немесе сырқаттанып қалған жағдайда көмектеседі. Сіз оларға әртүрлі тапсырмаларды қарауды хабарлама арқылы жеке жазасыз. Осылайша, барлық оқушылар қол жетімді түрде білім алуға, олардың мүмкіндіктерін бағалауға және білім деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

 

Қорытынды



Интерактивтік тапсырмаларды орындаған кезде білім алушылардың ақпаратты қабылдау мен есте сақтауы, есте сақтау дағдысының артуы, зейіні мен эмоционалдық қасиеттері қарқынды дамитындығы, назарының тұрақталатындығы, қорыта білуі, жіктеу қабілеттері артады деп есептеймін.

Білім алушылар LearningApps сервисімен жұмыс жасағанды ұнатады, барлық тапсырмаларды уақытылы орындайды, олардың толық орындалуына қол жеткізеді деп есептеймін.

Тапсырмаларды орындау барысында олардың қиындықтарын талқылап, талдап, бағалайды. Берілген тапсырмаларды орындауда білімнің жоғары деңгейіне жетуге деген келесі қадамдарын құра алады. Бір – бірінен көмек сұрайды және көмектеседі.

Білім алушылардың сабаққа деген ынтасы мен белсенділігін артыруда LearningApps сервисі шын мәнінде қалыптастыруша бағалау құралы болып табылады.


 

Пайдаланылған  ресурстар:

«Негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық» оқу-әдістемелік құрал, «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕПТЕРІ» ДЕРБЕС БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ Астана, 2017

http://events.genndi.com/r/1/0/live/169105139238471717/8f3befd8e5/0/28514292, Бағалау жүйесіндегі өзгерістер, вебинар

https://www.youtube.com/watch?v=RhzWwcZjWNg - Секрет формирующего оценивания⎮Когда? Зачем?

https://www.youtube.com/watch?v=m1pw1NSEiRY - Инструменты формирующего оценивания, дающие мгновенную обратную связь (запись вебинара Курвитс Марины, образовательного блогера, докторанта Института Цифровых технологий Таллинского университета)

http://learningapps.org/ - приложение для поддержки обучения и процесса преподавания с помощью интерактивных модулей.


Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

«Жамбыл политехникалық жоғары колледжі»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны



LEARNINGAPPS СЕРВИСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ

ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУ

Дайындаған: Жакипбекова Р. К.



Тараз
жүктеу 26,73 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау