Лабораторная работа №1 Создание классификационных справочник основных средств, готовой продукции, товарно-материальных ценностей



жүктеу 1,09 Mb.
бет2/10
Дата23.11.2018
өлшемі1,09 Mb.
#24406
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Павлодар
Зертханалық жұмыс № 1 Ақпараттық базаны ұйымдастыру және жүргізу


Жұмыстың мақсаты мен мазмұны

Мақсат – ақпараттық базаны құрастыру жұмысын игеру


Тапсырма

Тапсырма 1 Негізгі қорларды қайта бағалау бойынша жиынтық ведомостьін құрастыру және толтыру.

Тапсырма 2 Сұрыптауды, мәліметтерді фильтрлеуді орындау және берілген өрістер бойынша нәтижелерді қорытындылау.

Тапсырма 3 Берілген өрістер бойынша диаграммаларды құру.

Тапсырма 4 Алғашқы жиынтық ведомость негізінде құрама кестені құру.

Қажетті материалдар мен жабдықтар

Компьютер Pentium-4, бағдарламалық қамсыздандыру Windows XP, Office XP


Зертханалық жұмыс орындау барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелері

Оқытушының рұқсатысыз ПЭЕМ-ды қосуға мен сөндіруге болмайды. Өрт қауіпі мен жарылыс қауіпі бар кезінде ПЭЕМ-ды электр желісінен сөндіру керек. ПЭЕМ-ның блоктарын желіден сөндірген кезде ғана орын ауыстыруға болады. ПЭЕМ-ды занулениясыз қолдану болмайды.

ПЭЕМ-да жұмыс жасаған кезде проводтағы үзілімдерді қолмен ұстауға, су қолмен жұмыс жасауға болмайды.
Жұмыстың зертханалық бөлімін орындау методикасы

Төменде көрсетілген негізгі қорларды қайта бағалау бойынша жиынтық ведомостьін құрастыру қажет. Обьектілердің баланстық, қалдықтық және қайта қалыптастыру бағаларының мәнін, сонымен бірге тозу бағасын млн. теңгемен есептеу керек. Есептеу алгоритмі келесідей:


ОС=БС-И,

ВП=БС*К,


ВО=ОС*К,

мұнда ОС – қалдықтық баға;

БС – баланстық баға;

ВП – толық қайта қалыптастыру бағасы;

ВО – қалдықтық қайта қалыптастыру бағасы;

К – түзетілім коэффициенті (К=3, егер баланстық баға 500 млн. теңгеден артық немесе тең, кері жағдайда К=2).


Бұл мәндерді есептеу үшін ЕСЛИ логикалық функциясын қолдану керек.

Кесте 1 – Негізгі қорларды қайта бағалау



Объекттің атауы

Баланстық баға

Тозуы

Қалдық баға

Толық қайта қалыптастыру бағасы

Қалдық қайта қалыптастыру бағасы

Адм. корпус

12458,6

568,0










Диспетчерская

126,0

45,4










Цех 1

895,3

120,3










Цех 2

952,1

240,5










Цех 3

589,3

365,3










Цех 4

458,3

125,3










Цех 5

789,6

458,3










Цех 6

799,3

587,1










Цех 7

12365,3

658,2










Цех 8

963,2

458,5










Склад 1

570,1

221,2










Склад 2

430,4

92,2










Склад 3

564,9

118,0










Склад 4

320,5

87,5









Осыдан кейін ведомостьқа жаңа Обьект түрі бағанын қосу керек және барлық Цех № 1 – Цех № 8 обьекттеріне Негізгі түрін, ал қалған обьекттерге Көмекші түрін қолдану керек.

Объект түрлерінің өсуі бойынша және әр түр ішінде объект атауларының өсуі бойынша ведомостьтің сұрыптауын орындау керек.

ДанныеФильтрАвтофильтр менюі арқылы көмекші объектілерді ғана қалдырып, ведомостьқа фильтрация жасау. Нәтижелерді талдап болғаннан кейін кестені алғашқы қалпына, яғни ол объектілердің барлық түрлерін қамтыған қалпына келтіру.

Данные Итоги командасы арқылы объектілердің барлық негізгі және көмекші түрлерінің жалпы (жиынтық) баланстық бағасын, тозуын және жалпы қалдықтық бағаны есептеп шығару. Нәтижелерді талдап болғаннан кейін кестені алғашқы қалпына келтіру керек.

ДанныеФильтрРасширенный фильтр командасы арқылы баланстық бағасы 500 млн.теңгеден артық объектілер бойынша жиынтық ведомостьін қалыптастыру керек.

Содан кейін графикте (гистограммада) негізгі түрдің барлық объектілері үшін баланстық, қалдықтық және толық қайта қалыптастыру бағаларының құрылымын көрсету керек. Графикте легенданы және «Негізгі өндірістік құралдарды қайта бағалау» деген графиктің атауын көрсету керек.

Жеке жұмыстық Excel бетінде аралас диаграмма(график/гистограмма) құрастыру, онда барлық көмекші обьекттілердің баланстық және қалдықтық баға көрсеткіштерін гистограмма түрінде көрсету, ал қайта қалыптастыру (толық) бағаларының көрсеткіштерін сол диаграммада график түрінде көрсету.

Алғашқы жиынтық ведомость негізінде (кесте 1) құрама кесте 2 құру.


Кесте 2 – Құрама кесте

 

Объект түрі

Мәліметтер

негізгі

Орташа баланстық баға

2226,55

Максималды тозу

658,2

Минималды тозу

120,3

Максималды қалдық баға

11707,1

Орташа калдық баға

1849,9

Объекттілер саны

8


Нәтижелерді көрнектілеу

Нәтижелер электронды кесте түрінде көрнектіледі.


Бақылау сұрақтары

1 ЕСЛИ функциясының логикасын түсіндіріңіз.

2 Фильтрация (фильтрлердің әр түрлерінің көмегімен), мәліметтерді сұрыптау және нәтижелерді қорытындылау қалай орындалады?

3 Диаграммаларды құру кезеңдерін түсіндіріңіз.

4 Құрама кестені құрудың мақсатын түсіндіріңіз.
Зертханалық жұмыс туралы отчетке қойылатын талаптар

Зертханалық жұмыс туралы отчет МИ ГТГУ 4.01.1-05 сәйкес көрнектіледі.

Отчет нәтижелердің жазбаша көрнектілуі болып табылады. Отчеттер А-4 форматындағы беттерде басылады, жұмыстың мақсаттарын, электронды кестелерді және тапсырма орындау барысындағы керекті түсініктемелерді қамту керек, ұқыпты көрнектілуі керек, түзетілімдер, сызылған жазулар болмау керек.
Ұсынылатын әдебиет тізімі


  1. Гарнаев А. Использование MS Excel и VBA в экономике и финансах. – Киев - Москва - Санкт-Петербург, 2000. – С. 54-67.

  2. Николь Н., Альбрехт Р. Электронные таблицы Excel: Практическое пособие. – М. : 2004. – С. 16-25.

Зертханалық жұмыс №2 Құрама кестелер
Жұмыстың мақсаты мен мазмұны

Есепті орындау студенттерге құрама кесте сияқты Excel-дің мәліметтер қорымен жұмыс жасау құралын игеруге мүмкіндік береді.


Тапсырма

Тапсырма 1 Эмитенттер мен құнды қағаздардың түрлері бойынша сұраныс пен ұсынысты талдау.

Тапсырма 2 Құрама кесте көмегімен қалалар бойынша банктердің жұмысын талдау.

Тапсырма 3 Тауарлардың өткізілімін талдау.



Қажетті материалдар мен жабдықтар

Компьютер Pentium-4, бағдарламалық қамсыздандыру Windows XP, Office XP


Зертханалық жұмыс орындау барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелері

Оқытушының рұқсатысыз ПЭЕМ-ды қосуға мен сөндіруге болмайды. Өрт қауіпі мен жарылыс қауіпі бар кезінде ПЭЕМ-ды электр желісінен сөндіру керек. ПЭЕМ-ның блоктарын желіден сөндірген кезде ғана орын ауыстыруға болады. ПЭЕМ-ды занулениясыз қолдану болмайды.

ПЭЕМ-да жұмыс жасаған кезде проводтағы үзілімдерді қолмен ұстауға, су қолмен жұмыс жасауға болмайды.
Жұмыстың зертханалық бөлімін орындау методикасы

Құрама кестелер ақпаратты талдау үшін және мәліметтер қорында, жұмыс парақтарында, сыртқы файлдарда сақталынатын ақпараттарды жалпылау үшін қолданылады. Құрама кесте интерактивті кесте болып табылады, оның көмегімен мәліметтердің үлкен көлемдерін жылдам біріктіруге және салыстыруға болады, алғашқы мәліметтер бойынша әр түрлі нәтижелер алуға болады, сонымен бірге керекті облыстар бойынша мәліметтерді көрсетуге болады.



Тапсырма 1 Эмитенттер мен құнды қағаздардың түрлері бойынша сұраныс пен ұсынысты талдау үшін 3 кестеде көрсетілген мәліметтер қоры бойынша құрама кестені құру қажет. 4 және 5 кестелерінде құнды қағаздар мен эмитенттер түрлері бойынша анықтамалар келтірілген.
Кесте 4 – ҚҚ түрлері бойынша анықтама

ҚҚ түрінің коды

ҚҚ атауы

А

Акция

О

Облигация

В

Вексель

Кесте 5 – Эмитенттер анықтамасы



Код эмитента

Эмитент атауы

П1

АО «Сигнал»

П2

ПО «Вымпел»

П3

Банк «Сигма»

Ұсыныс бағасы эмиссияны номиналды бағаға көбейткенге тең болады.Сұраныс бағасы құнды қағаз сұранысы, номинал және берілген құнды қағаз курсының көбейтіндісіне тең.



Кесте 3 – Құнды қағаздарының деректер базасы

ҚҚ түрінің коды

Эмитент коды

ҚҚ номиналы

ҚҚ эмиссиясы

ҚҚ сұранасы

ҚҚ курсы

Ұсыныс құны

Сұраныс құны

А

П1

1000

10

10

1,05







А

П1

1500

2

2

0,07







А

П2

500

6

3

0,98







А

П3

100

3

4

0,97







В

П1

5000

2

3

1,12







В

П2

10000

1

2

1,06







В

П3

2000

1

1

1,09







В

П3

15000

3

1

1,12







О

П1

5000

6

5

1,01







О

П2

500

3

4

1,02







О

П3

1000

5

2

1,02







О

П2

2000

4

3

1







А

П2

5000

6

3

0,98







В

П3

100

3

4

0,97







В

П1

5000

2

3

1,1







В

П2

500

1

2

1,06







О

П3

500

5

1

1,07







О

П1

2000

6

5

1,04







О

П3

500

3

4

1,02







А

П3

1000

4

2

1,02







В

П3

500

1

3

0,98







О

П1

500

5

1

1,15







О

П2

1000

5

5

1,04






Құрама кестені құру үшін бастапқы кестенің облысына курсорды қою керек, содан соң Данные менюіне кіру керек те, Сводная таблица командасын орындау керек. Әрі қарай сіз жиынтық кестені құру үшін деректер көзінің түрі ретінде Excel деректер базасын(тізімін) көрсетуіңіз керек. Келесі қадамда макет облыстарында бағалы қағаздардың деректер базасының өрісін келесі түрде орналастырыңыз:



  • жолдарға – бағалы қағаздар түрінің коды;

  • бағандарға – эмитент коды.

Данные облысында Стоимость предложения атты қорытынды өріс болу керек. Сіз оны ҚҚ бойынша сұраныс деп атын өзгертіп, Сумма операциясын қолдану керексіз.

Құрылған кестені жаңа бетке орналастырыңыз және оны «Құрама кесте» деп атаңыз.

Курсорды құрама кестенің облысына орналастырыңыз да тышқанның оң жақ батырмасын басып, Формулы, Вычисляемое поле командасын орындаңыз. Жаңа есептеуіш өрістің – Дефицит/Избыток атын көрсетіңіз. Есептеу формуласы: Ұсыныс құны – Сұраныс құны.

Құрама кестенің Данные облысына жаңа өрістер қосыңыз:

– Ұсыныс құны – Эмитент бойынша ұсыныс құрылымы атымен, операция – сома, қосымша есептеулер – Жол бойынша сома бөлігі;

– Сұраныс құны – Эмитенттер БҚ–дарына сұраныс құрылымы атымен, операция – сома, қосымша есептеулер – Жол бойынша сома бөлігі;

– Ұсыныс құны – Эмитенттің ұсыныс құны атымен, операция – сома, қосымша есептеулер – Баған бойынша сома бөлігі.

Параметры контексті меню командасы арқылы құрама кестенің келесі параметрлерін өзгертіңіз:


  • баған бойынша жалпы сомасы;

  • жол бойынша жалпы сомасы;

  • афтоформат;

  • форматтауды сақтау;

  • кестелері бар деректерді сақтау;

  • ашу кезінде жаңарту.


Тапсырма 2 Қалалар бойынша банктер жұмысын талдаңыз және құрама кесте мастерінің көмегі арқылы 6 бастапқы кесте негізінде 7 кестені алыңыз.

Банк қызметінің анализінде қарыз капитал меншікті капиталдың 10 %-іне тең. Ағымдағы берешек ағымдағы активтер мен қарыз капитал арасындағы алымға тең. Ағымдағы активтердің пайдалылығы таза пайданы ағымдағы активтердің орташа сомасына бөлгенге тең.


Кесте 6 – Банктер бойынша деректер базасы

Қала

Банк коды

Таза пайда

Меншікті капитал

Меншікті капиталдың орташа сомасы

Ағымдағы активтер

Ағымдағы активтердің орташа сомасы

Негізгі қорлардың орташа құны

Алматы

123

123000

688799

568493

152356

15499

15000

Астана

123

186500

700000

600000

160000

16000

15500

Астана

115

15600

521358

684929

2165652

356513

59656

Алматы

145

59696

566389

659878

2656233

596568

596523

Алматы

112

126000

798931

684521

296532

526532

265945

Москва

137

135005

846563

659779

549656

651226

154835

Астана

108

15862

568598

550000

2656235

546563

154512

Астана

107

123687

798956

780025

358989

326562

788952

Алматы

197

56900

635799

516782

2698565

56598

265953

Алматы

131

148900

598369

600000

6589235

187652

126556

Алматы

156

15687

574894

550000

2168562

184952

1548535

Астана

122

132567

635979

590489

6598779

489926

154562

Алматы

125

122680

568722

505050

4587963

265623

645879

Астана

147

98503

843689

845000

2154652

219856

656546

Москва

159

110369

589355

600050

2165935

595965

216562

США

146

125863

597997

560045

6597556

26562

956235

Астана

111

149024

587600

560421

9562326

748756

595624

Алматы

108

125679

890000

850000

7521356

265562

265626

Москва

156

45455

678000

666023

1265597

487987

565624

Москва

121

26876

955606

850000

2165856

216583

154623

Алматы

196

26583

669768

669120

3457953

216956

595622

Алматы

110

139813

780008

764035

9432523

454526

1545213

Кесте 7 – Қалалар бойынша банктердің жұмысын талдау



Қала

Москва













Банк коды

Мәліметтер

Қорытынды

121

Таза пайда

26876

Меншікті капитал

955606

Қарыз капитал

95560,6

Ағымдағы берешек

2070295,4

Ағымдағы активтердің пайдалылығы

0,124090995

Негізгі қорлардың пайдалылығы

0,173816315

Меншікті капиталдың пайдалылығы

0,028124562

137

Таза пайда

135005

Меншікті капитал

846563

Қарыз капитал

84656,3

Ағымдағы берешек

464999,7

Ағымдағы активтердің пайдалылығы

0,207308983

Негізгі қорлардың пайдалылығы

0,871928182

Меншікті капиталдың пайдалылығы

0,159474251

156

Таза пайда

45455

Меншікті капитал

678000

Қарыз капитал

67800

Ағымдағы берешек

1197797

Ағымдағы активтердің пайдалылығы

0,093147973

Негізгі қорлардың пайдалылығы

0,080362573

Меншікті капиталдың пайдалылығы

0,067042773

159

Таза пайда

110369

Меншікті капитал

589355

Қарыз капитал

58935,5

Ағымдағы берешек

2106999,5

Ағымдағы активтердің пайдалылығы

0,185193761

Негізгі қорлардың пайдалылығы

0,509641581

Меншікті капиталдың пайдалылығы

0,18727083

Қорытынды Таза пайда

317705

Қорытынды Меншікті капитал

3069524

Қорытынды Қарыз капитал

306952,4

Қорытынды Ағымдағы берешек

5840091,6

Қорытынды Ағымдағы активтердің пайдалылығы

0,162778639

Қорытынды Негізгі қорлардың пайдалылығы

0,291033524

Қорытынды Меншікті капиталдың пайдалылығы

0,103503019

Негізгі қорлардың пайдалылығы таза пайданы негізгі қорлардың орташа құнына бөлу арқылы табамыз. Меншікті капиталдың пайдалылығы таза пайданы меншікті капиталға бөлгенге тең.


Тапсырма 3 Алғашқы ведомостьінің 8 кестесі негізінде құрама кестенің мастері көмегімен 9 кестені алу.

«Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы» және «Құнындағы үлес салмағы» атты өрістер есептелетін болып табылады. Қосымша есептеулер ретінде баған бойынша соманың бөлігін қойыңыз.



Кесте 8 – Өткізілген тауарлардың тізімдемесі

п/п

Тауар топтарының коды

Тауар аты

Сатылған тауарлар саны

Бірлік бағасы

1

Ет

2005

250

7980,00

1

Колбаса өнімдері

1258

360

8152,00

1

Сүт

4587

50

5133,00

1

Сыр

569

450

6551,00

2

Ұн

14789

45

3461,00

2

Тары

1258

26

1472,00

2

Рис

456

70

4216,00

2

Манка

789

50

3825,00

2

Гречка

123

85

4917,00

3

Сәбіз

478

15

1266,00

3

Қызылша

589

25

1977,00

3

Картоп

233

20

2511,00

Кесте 9 – Өткізілген тауарлар анализінің тізімдемесі



Тауар аты

Деректер

Қорытынды

Колбаса өнімдері

Төлеуге арналған шығындар(сома), тенге

8152

Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы

29,31%

Өткізілген сомасы

452880

Құнындағы үлес салмағы

4,85%

Сүт

Төлеуге арналған шығындар(сома), тенге

5133

Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы

18,45%

Өткізілген сомасы

229350

Құнындағы үлес салмағы

2,45%

Ет

Төлеуге арналған шығындар(сома), тенге

7980

Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы

28,69%

Өткізілген сомасы

501250

Құнындағы үлес салмағы

5,36%

Сыр

Төлеуге арналған шығындар(сома), тенге

6551

Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы

23,55%

Өткізілген сомасы

256050

Құнындағы үлес салмағы

2,74%

Қорытынды Төлеуге арналған шығындар(сома), тенге

27816

Қорытынды Төлеуге арналған шығындардың үлес салмағы

100,00%

Қорытынды Өткізілген сомасы

9345090

Қорытынды Құнындағы үлес салмағы

100,00%


Нәтижелерді көрнектілеу

Нәтижелер кесте түрінде көрнектіледі.


Бақылау сұрақтары

1 Құрама кестелердің жұмыс қажеттілігін және механизмін түсіндіріңіз.

2 Эмитенттер бойынша ұсыныс құрылымы, Эмитенттердің ҚҚ-на сұраныс құрылым және Эмитент ұсыныстарының құрылымы өрістері арасындағы айырмашылықтарды түсіндіріңіз.

3 Пайдалылық пен тиімділіктің түсініктері

4 9 кестеде өткізілген тауарлар қандай принцип бойынша таңдап алынған?
Зертханалық жұмыс туралы отчетке қойылатын талаптар

Зертханалық жұмыс туралы отчет МИ ГТГУ 4.01.1-05 сәйкес көрнектіледі.

Отчет нәтижелердің жазбаша көрнектілуі болып табылады. Отчеттер А-4 форматындағы беттерде басылады, жұмыстың мақсаттарын, электронды кестелерді және тапсырма орындау барысындағы керекті түсініктемелерді қамту керек, ұқыпты көрнектілуі керек, түзетілімдер, сызылған жазулар болмау керек.
Ұсынылатын әдебиет тізімі

1 Гарнаев А. Использование MS Excel и VBA в экономике и финансах. – Киев-Москва-Санкт-Петербург, 2000. – С. 69-87.


Зертханалық жұмыс №3 Excel-дегі қаржылық талдау
Жұмыстың мақсаты мен мазмұны

Мақсаты – студенттерді қаржылық талдаудың ең қуатты құралдарының бірі болып табылатын қаржылық функциялармен жұмыс жасауды үйрету.


Тапсырма

1 БС, ПС, КПЕР, СТАВКА және БЗРАСПИС қаржылық функцияларын оқып үйрену

2 ЧПС және ВСД қаржылық функцияларын оқып үйрену

3 ОСПЛТ, ПРПЛТ және ПЛТ қаржылық функцияларын оқып үйрену


Қажетті материалдар мен жабдықтар

Компьютер Pentium-4, бағдарламалық қамсыздандыру Windows XP, Office XP


Зертханалық жұмыс орындау барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелері

Оқытушының рұқсатысыз ПЭЕМ-ды қосуға мен сөндіруге болмайды. Өрт қауіпі мен жарылыс қауіпі бар кезінде ПЭЕМ-ды электр желісінен сөндіру керек. ПЭЕМ-ның блоктарын желіден сөндірген кезде ғана орын ауыстыруға болады. ПЭЕМ-ды занулениясыз қолдану болмайды.

ПЭЕМ-да жұмыс жасаған кезде проводтағы үзілімдерді қолмен ұстауға, су қолмен жұмыс жасауға болмайды.
Жұмысты орындау методикасы
Excel қаржылық талдау функцияларының үлкен спектрін ұсынады: процент бойынша төлемді, жабдықтардың амортизациясын, қарыз бойынша реттелген төлемдерді анықтаудан бастап капитал салымдарының тиімділігін бағалауға дейін.

Берілген функциялар Вставка, Функции командаларымен немесе Мастер функций батырмасын шертумен шақырылады. Осыдан кейін Финансовые категориясы орнатылады және 1-суретте көрсетілгендей тізімнен керекті функция таңдалады.



1-сурет –Мастер функций терезесі
2-суретте көрсетілген БЗ (БС) қаржылық функциясы периодты тұрақты төлемдер және тұрақты проценттік мөлшерлеме негізінде салымның (инвестицияның) болашақ мәнін есептеуге мүмкіндік туғызады. БЗ функциясы айлық банктік жарналар кезінде жинақтаулардың қорытындысын есептеуге қолайлы.

2-сурет – БЗ функциясының сұхбат терезесі
Синтаксис: БС (ставка; кпер; выплата; нз; тип).

Аргументтер:



  • ставка – периодтың проценттік мөлшерлемесі;

  • кпер – төлем периодтарының жалпы саны;

  • плт (выплата) – тұрақты периодтық төлемдердің шамасы;

  • нз – ағымдағы мән, яғни болашақ төлемдер құрайтын жалпы сомма;

  • тип – төлем қашан болу керектігін көрсететін 0 немесе 1 саны. Егер тип 0-ге тең болса немесе тастап кетілсе, онда төлем периодтың аяғында орындалады, егер 1-ге тең болса – периодтың басында.

«Ставка» және «кпер» аргументтерін тапсыру үшін өлшем бірліктерін тізбекті таңдаудың маңызы зор. Көп жағдайда, егер бұл арнайы айтылып кетілмесе, проценттік мөлшерлеме жылдық болып келеді және салым немесе қарыз мерзімі жыл бойынша есептелінеді, сондықтан проценттерді айлық (квартальдық, жартыжылдық, әркүндік және т.б.) есеп аударуда «ставка» аргументін тапсыру кезінде жылдық проценттік мөлшерлемені жыл ішіндегі периодтар санына бөлу керек, ал «кпер» аргументін тапсыру кезінде жыл санын керісінше осы санға көбейту керек. Мысалы, егер жылына 12 % есебімен төртжылдық қарыз бойынша ай сайын төлемдер орындалса, онда «ставка» аргументін тапсыру үшін 12 %/12 қолданылады, ал «кпер» аргументін тапсыру үшін – 4*12. Егер де сол қарыз бойынша жыл сайын төлемдер орындалса, онда «ставка» аргументін тапсыру үшін 12 % қолданылады, ал «кпер» аргументін тапсыру үшін – 4.

Төлем интервалдарымен байланысты функцияларда төленілетін ақша теріс санымен беріледі, ал алынатын ақша оң санымен беріледі. Мысалы, 1000 теңге соммасындағы банкіге депозит –1000 аргументімен беріледі егер есеп айырысу салымшы жағынан болса және 1000 аргументімен егер есеп айырысу банк өкілі жағынан болса.



БЗ функциясының қолданылу мысалын қарастырайық. Егер 3 миллион теңге жылына 12 %-пен бес жылға орналастырылса және проценттер ай сайын есеп аударылса, онда есеп шоттағы сомма қандай болатынын есептеу керек. Болашақ құн келесі тәсілмен есептелінеді:

=БС(12%/12;5*12;;-3000000).

Бес жылдан кейін есеп шотта 5450090 теңге болады.

3-суретте көрсетілген ПЗ (ПС) қаржылық функциясы салым ның (қарыздың) бірегей соммасының және болашақ төлемдердің (тіркелген және преиодтық) ағымдағы құнын есептеу үшін қолданылады. Бұл есеп БЗ функциясының болашақ құнын анықтауына қарама-қарсы болып табылады.

Синтаксис: ПЗ (ставка; кпер; плт; бс; тип).

Аргументтердің барлық мәндері БЗ функциясының мәндерімен сәйкес келеді. «бс» аргументі соңғы төлемнен кейін орындауға міндетті болашақ құнды немесе балансты білдіреді.



ПЗ функциясының көмегімен есеп шығарудың мысалын қарастырайық. Жылына 11,5% мөлшерлемесі және 1500 теңге шамасында депозитке ай сайынғы салымдар кезінде бес жылдан кейін 100 мың теңгені алу үшін осы депозитке қандай сомма салу керек екендігін анықтау қажет.


3-сурет – ПЗ (ПС) функциясының сұхбат терезесі
ПЗ функциясын қолдана отырып мынаны аламыз:

=ПЗ(11,5%/12;5*12;-1500;100000).

Жауабы: депозитке 11780 теңге салу керек.

НПЗ (ЧПС) қаржылық функциясы периодтық төлемдердің айнымалы шамасындағы таза ағымдағы (берілген) құнын процент мөлшерімен дисконтталған күтілетін табыстар және шығарылымдардың соммасы ретінде есептейді. Салымның таза ағымдағы көлемі – бұл болашақ төлемдердің (теріс мәндер) және түсімдердің (оң мәндер) бүгінгі көлемі.

Берілген функцияның терезесі 4-суретте көрсетілген.



4-сурет – НПЗ (ЧПС) функциясының сұхбат терезесі
Синтаксис: ЧПС (норма; значение1; значение2; …; значение29).

Аргументтер:



  • норма – бір периодтың шегерім мөлшері;

  • значение1, …, значение29 – әр периодтың аяғындағы табыстар мен шығарылымдарды білдіретін 1-ден 29-ға дейінгі аргументтер.

Мәнін ЧПС функциясы есептейтін инвестиция бірінші мәнді ақша жарнасының күніне дейін бір период бұрын басталады және тізімдегі ақырғы ақша жарнасымен аяқталады. Егер бірінші ақшалай жарна бірінші периодтың басына келсе, онда бірінші мәнді ЧПС функциясының қорытындысына қосу керек, бірақ аргументтер тізіміне қоспау керек. ЧПС функциясын есептеу болашақ ақша жарналарына негізделеді.

ПЗ функциясы ЧПС функциясына ұқсас. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық – ПЗ функциясы кезінде ақша жарналары периодтың аяғында немесе басында болуы мүмкін.

Сонымен бірге ЧПС функциясына қарағанда ПЗ функциясындағы ақшалай жарналар инвестицияның бүкіл периоды кезінде тұрақты және тең болуы керек. Ал ЧПС функциясы бірдей емес мәндерді қабылдайды.



ЧПС (НПЗ) функциясының қолданылу мысалын қарастырайық. Жоба бойынша – оның өткізілуінің алғашқы кезінде – жұмсаулар 37 миллион теңгені құрайды, ал алғашқы бес жыл ішіндегі күтілетін табыс – 8, 9,2, 10, 13,9 және 14,5 миллион. Алтыншы жылы 6,5 миллион теңге шамасында залал күтіледі. Капитал бағасы – жылына 8 %. Жобаның таза ағымдағы құнын есептеу қажет

Осы келтірілген мән келесі тәсілмен есептелінеді:

=ЧПС(8%;8;9,2;10;13,9;14,5;-6,5).

Қорытындысында жобаның таза ағымдағы құны шамамен 39,2 миллион теңгені құрайды. Бұл шамаға қарап берілген жоба капитал салымы үшін пайдалы деген қорытынды жасауға болады.



5-суретте көрсетілген КПЕР қаржылық функциясы төлем мерзімін есептеу үшін қолданылады. Бұл функция төлеу периодтарының жалпы санын салымның бірегей соммасы ретінде де, тұрақты проценттік мөлшерлемеге негізделген периодтық және тұрақты төлеулер үшін де есептейді

5-сурет – КПЕР функциясының сұхбат терезесі
Синтаксис: КПЕР (ставка; выплата; нз; бз; тип).

Берілген функцияның аргументтерінің барлық мәндері жоғарыдағы қаржылық функциялардың мәндерімен сәйкес келеді.

Келесі мысалды қарастырайық: кәсіпкер 100000 теңгені несиеге алады,жылдық мөлшерлемесі 12 % . Ол айына 2000 теңгеден төлейді. Төлеу саны келесі түрде есептелінеді:

=КПЕР(12%/12;-2000;100000;0;1).

Несиенің төлеу мерзімі шамамен 69 айды немесе 5,7 жылды құрайды.

Төлеу қашан болу керек екендігі – периодтың басында немесе аяғында – берілген функция үшін өте маңызды. Егер жоғарыдағы мысалда «тип» графасына 0 қойсақ, онда мерзім шамамен 70 айды немесе 5,8 жылды құрайды.



жүктеу 1,09 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау