Kz $$$umkd name$пэоәК атауы


«Табиғи материалдарды өндеу технологиясының практикумы» пәнінің электрондық оқу-әдістемелік кешені қашықтықтан оқыту технологиялалары (ҚОТ) бойынша оқитын «5В012000» – «Кәсіптік білім» мамандығы үшін



жүктеу 490 Kb.
бет3/3
Дата05.02.2020
өлшемі490 Kb.
#28277
түріЖұмыс бағдарламасы
1   2   3

«Табиғи материалдарды өндеу технологиясының практикумы» пәнінің электрондық оқу-әдістемелік кешені қашықтықтан оқыту технологиялалары (ҚОТ) бойынша оқитын «5В012000» – «Кәсіптік білім» мамандығы үшін


мамандығының студенттеріне арналған. ПЭОӘК студенттерді курс мазмұнымен, өзектілігімен, қажеттілігімен, саясатымен және студенттің оқу үдерісінде қандай дағдылар мен іскерлікті үйренетінімен таныстырады.

Пәнді ҚОТ бойынша оқу кезінде ПЭОӘК негізгі құрал болып табылады.


&&&

###002-002#2.2 Нормативтік сілтемелер

Осы «Табиғи материалдарды өндеу технологиясының практикумы» пәнінің электрондық оқу-әдістемелік кешені (ПЭОӘК) берілген пән бойынша оқу үдерісін ҚОТ пайдалана ұйымдастыру ретін анықтайды және келесі құжаттардың талаптары мен ұсыныстарына сәйкес әзірленген:

«5В012000» – «Кәсіптік білім» мамандығы үшін


мамандығының Мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті білім стандарты ҚР МЖМБС 3.08.020-2006, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы «3» тамыз № 337 бұйрығымен бекітілген.

Шәкәрім атындағы СМУ «Пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешені туралы ережесі».


&&&

###002-003#2.3 Жалпы ережелер



  • Оқытушының тегі, аты, жөні –Битимирова Алма Мейрамхановна, оқытушы;

  • Кафедра – Бейнелеу өнері және дизайн;

  • Хабарласу ақпараты – тел: 30-41-03, Оқу ғимараты № 2, кабинет № 409; e-mail: bitimirova@inbox.ru

  • Контактілі сабақтардың өткізілу орны – аудитория № 409;

  • Пән атауы – «Табиғи материалдарды өндеу технологиясының практикумы»;

  • Кредит саны – 3;

Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


1 кесте

Курс

Семестр

Кредиттер

Аудиториялық жұмыс

СӨЖ

(сағ)


Барлығы

(сағ)


Қорытынды бақылау түрі

АС (сағ)

ҚК (сағ)

1

х

3

12

8

115

135

емтихан

2.3.1 Пәннің қысқаша мазмұны.

2.3.2 Курстың мақсаты студенттердің үйірме жұмыстарын өткізу мен ұйымдастыруға тәжірибелік білім алуы

2.3.3 Пәнді оқытудың негізгі міндеттері – табиғи материалдармен жұмыс істей алатын оның қасиеттерін өндеу әдістері мен сапасын білетін мамандарды дайындау

2.3.4 Пәнді оқу нәтижесінде студенттер:

- білу - табиғи материалдарының түрлері, оның қасиеттері , сапалық түрлерін білу;

- игеру – табиғи материалдарын өндеу әдістерін;

- қабылдау - табиғи материалдарын өндеуге керекті әр түрлі құралдармен, техникалармен, материалдармен;

- істей алу – коллаж техникасында, аппликация, сазбалшық, тұз қамыр, қауырсынмен жұмыс жасау;

- ұғу - табиғи материалдарының түрлері, оның қасиеттері , сапалық түрлері;

- болу - үйірме жұмыстарын өткізу мен ұйымдастыруға тәжірибелік кеңестер;

- ұғып алу – табиғи материалдары бойынша негізгі теориялық және тәжірибелік білімдерді.


2.3.5 Курс пререквизиттері: - жоқ
2.3.6 Курс постреквизиттері:

2.3.6.1 Педагогикалық практика

2.3.6.2 Диплом жұмысы

&&&

###002-004#2.4 Әдебиеттер және қорлар

2.4.1 Негізгі әдебиет және қорлар

2.4.1.1 Фокина Л.В. Орнамент. Учебное пособие. Ростов-на-Дону. «Феникс», 2000

2.4.1.2 Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы кітап - 2007.

2.4.1.3 Энциклопедия рукоделия: М. 2000.«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы: Алматы 2003.

2.4.1.4 Сәндік-қолданбалы өнерді пайдалану жолдары. Қазақстан мектебі. – Алматы, 2009. №9, –Б.35-37.
2.4.2 Қосымша әдебиет және қорлар

2.4.2.1 Художественное проектирование. Под ред. Б.В. Нешумова, Е.Д. Щедрина, М., 1979г.

2.4.2.2 Аппликация Гусакова М.А. М.1987г.

2.4.2.3 Древний календарь КожабаевЕ.Алма-ата 1987г.

2.4.2.4 Практикум в учебных мастерских и технология конструкционных материалов. Под ред. Б. В. Нешумова – М., Просвещение, 1986

&&&

###002-005#2.5 Пәннің мазмұны және пәннің модульдік бөлінуі

Модульдар бойынша пән мазмұны

2 кесте


Модуль атауы

Тақырып атауы

Мазмұны

Әдебиет

1

2

3

8

Сәндік-қолданбалы өнерінің түрлері.

Сәндік-қолданбалы өнерінің түрлері. Ою-өрнек және оның түрлері. Сәндік-қолданбалы өю-өрнектің жазықтық негіздегі белгі, заңдылықтары. Ою-өрнектік композиция құрастыру.


1. Сәндік-қолданбалы өнерінің түрлері. 2.Ою-өрнек және оның түрлері. 3.Сәндік-қолданбалы өю-өрнектің жазықтық негіздегі белгі, заңдылықтары. 4.Ою-өрнектік композиция құрастыру.

5.Табиғи материалдармен орындалатын жұмыстарға қолданатын құрал жабдықтар.



  1. Фокина Л.В. Орнамент. Учебное пособие. Ростов-на-Дону. «Феникс», 2000

  2. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы кітап - 2007.




Аппликация.


Аппликация /жапсырмалау / –сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын көркемдеу техникасы. Шығу тарихы Аппликацияның түрлері.


1.Аппликация және оның түрлері.

2.Көлемді және жалпақ аппликация.

3. Аппликацияны табиғи материалдардан жасау.


Энциклопедия рукоделия: М. 2000.

«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы: Алматы 2003.

Ысқаққызы Ә. Сырмақ өнері. Алматыкітап -2007. 8. Шоқпарұлы Д., Дәркенбайұлы Д. Қазақтың қолданбалы өнері. Алматы кітап - 2007.


Коллаж техникасы.



Коллаж техникасы. Оның дайындау және орындау тәртібі.


1.Коллаж түрлері.

2. Тұз қамырдан коллаж жасау әдісі.

3. Коллажға табиғи материалдарды еңгізу.


Сәндік-қолданбалы өнерді пайдалану жолдары. Қазақстан мектебі. – Алматы, 2009. №9, –Б.35-37.

Сәндік-қолданбалы өнер және эстетикалық мәдениет. Қазақстан мектебі. – Алматы, 2009. №10, – Б.31-33.

Сәндік-қолданбалы өнердің эстетикалық тәрбиедегі орны. Бастауыш мектеп. – Алматы, 2009. №10. Б.3-5. (Ұ.М.Әбдіғапбаровамен авторлық бірлестікте.)


Макраме.

Макраме өнері. Түйін түрлері. Схемалар.


  1. Макраме өнері.

  2. Түйін түрлері.

  3. Схемалар.




Народные ремесла: учеб. пособие / С.А. Жолдасбекова, А.Ш.Изтилеуова, А.И.Ысак и др. / - 2013

Соколовская М. М. Знакомьтесь с макраме. /Для учащихся 4 – 8 классов/ М., Просвещение, 1990.




&&&

###002-006#2.6 СӨЖ тақырыптары тізімі және мазмұны


СӨЖ тақырыптары мен мазмұны

3 кесте


№ р/б

СӨЖ тақырыбы

СӨЖ мазмұны

Өткізу мерзімі

(апта)


Қойылатын баллдар

1

2

3

4

5

1

Сәндік-қолданбалы өнерінің түрлері. Ою-өрнек және оның түрлері. Сәндік-қолданбалы өю-өрнектің жазықтық негіздегі белгі, заңдылықтары. Ою-өрнектік композиция құрастыру.


1. Сәндік-қолданбалы өнерінің түрлері. 2.Ою-өрнек және оның түрлері. 3.Сәндік-қолданбалы өю-өрнектің жазықтық негіздегі белгі, заңдылықтары. 4.Ою-өрнектік композиция құрастыру.

5.Табиғи материалдармен орындалатын жұмыстарға қолданатын құрал жабдықтар.



3

135

2

Аппликация /жапсырмалау / –сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын көркемдеу техникасы. Шығу тарихы Аппликацияның түрлері.


1.Аппликация және оның түрлері.

2.Көлемді және жалпақ аппликация.

3. Аппликацияны табиғи материалдардан жасау.


6

135

3

Коллаж техникасы. Оның дайындау және орындау тәртібі.


1.Коллаж түрлері.

2. Тұз қамырдан коллаж жасау әдісі.

3. Коллажға табиғи материалдарды еңгізу.


9

105

4

Макраме өнері. Түйін түрлері. Схемалар.


  1. Макраме өнері.

  2. Түйін түрлері.

  3. Схемалар.




14

105


&&&

###002-007#2.7 Пәнді оқу бойынша оқу-әдістемелік нұсқаулар



  • {пәнді оқуға қажетті уақытты жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша кеңестер;

  • студент әрекеттерінің ретін сипаттау;

  • ПЭОӘК материалдарын пайдалану бойынша ұсыныстар;

  • әдебиетпен жұмыс істеу бойынша ұсыныстар;

  • емтиханға дайындық бойынша кеңестер және т.б.}

&&&

###002-008#2.8 Курс форматы

Пән бойынша офф-лайн және он-лайн сабақтар жүреді. Офф-лайн сабақта студенттер материалды дербес оқып игереді, практикалық сабақтарды, модульдар бойынша бақылау тапсырмаларын орындайды, межелік тестілеу өтеді. Топтық он-лайн семинарлаода ең маңызды тақырыптар талқыланады. Әрбір он-лайн семинардың күні мен уақыты, тақырыбы мен тапсырмалары алдын ала хабарланады. Осы семинарларға белсенді қатысу керек. Сонымен қоса, пән бойынша он-лайн кеңестер жүргізіледі, олардың кестесі курс ішінде жазылады. Офф-лайн кеңес алу үшін оқытушыға хат жазып, жауап алуыңызға болады.
&&&

###002-009#2.9 Курс саясаты

Пәнді студент дербес жүйелі түрде оқуы тиіс, қажет болғанда оқытушыдан кеңес алуға болады. Порталға үнемі кіріп, оқыңыздыр, оқытушының жұмыс бағдарламасында немесе практикалық сабақтарда берген әдістемелік нұсқауларын мұқият оқыңыздар. Тек дәрістер материалымен шектелмей, курс ішінде көрсетілген электрондық қорларды, әдебиетті оқыңыздар. Алдымен бір модульды оқып, игеріп, тапсырмасын орындаңыздар, сонан соң ғана келесі модульға көшу керек. Бақылау тапсырмаларын уақытында орындап, тексеруге жіберу қажет, межелік тестілерді де мерзімінде өту керек. Бақылау мерзімдері: 1-8 апталардағы тапсырмалар мен тестілер үшін – 8-аптаның соңы, қалғандары үшін 15-аптаның соңы.
&&&

###002-010#2.10 Баға қою саясаты

Әрбір студент пән бойынша жеткілікті рейтинг алуы үшін белгілі балл санын жинуы тиіс. Баллдардың максималды саны:

1-рейтинг нәтижесі бойынша 1-8 апталарда – 300 балл,

2-рейтинг нәтижесі бойынша 9-15 апталарда – 300 балл.

Пән бойынша семестрде максималды балл саны – 600.

Баллдар келесі жұмыс түрлері үшін қойылады:

1. Модульдар бойынша тапсырманы орындағаны үшін (1 модуль бойынша максимум 135 балл, 2-модуль бойынша – максимум 135 балл, 3-модуль бойынша – максимум 105 балл, 4-модуль бойынша – максимум 105 балл)

2. Он-лайн семинарға қатысқаны және белсенділігі үшін (қатысу үшін – 10 балл, белсенділігі үшін максимум 50 балл)

3. Межелік тестілерді орындағаны үшін (максимум 30 баллдан)

Курстық жұмыс жеке бағаланады.

Пән бойынша баллдардың бөлінуі төменде 5-кестеде берілген.

Бақылау мерзімдері 8-аптаның соңы және 15-аптаның соңы. Уақытында өткізілмеген тапсырма мен тестерді 15-аптада тапсыруға болады, бірақ егер студент себепсіз уақытында орындамаса, оларға айыппұл салынып, баллдың 60% ғана қойылады.

&&&

###002-011#2.11 Студент білімін бақылау

Студенттің білімін бақылау келесі түрде жүргізіледі:



  • ағымдағы бақылау (әр модуль соңында жүргізіледі)

  • межелік бақылау тестілеу түрінде (8 және 15 апталарда)

  • қорытынды бақылау – семестр соңында бір рет жүргізіледі (емтихан және курстық жұмысты (жобаны) қорғау, мамандықтың МЖМБС-на сәйкес).

Студент пән бойынша емтиханға жіберілуі үшін оның семестрдегі жиынтық рейтингілік бағасы 50% тең немесе артық болуы тиіс. Қорытынды баға 1 және 2 рейтинг пен емтихан нәтижесі бойынша есептеледі: 1-рейтинг нәтижесінің 30% + 2-рейтинг нәтижесінің 30% + емтихан нәтижесінің 40% қосындысына тең.

Пән бойынша қорытынды баға келесі шкала бойынша анықталады (4 кесте).

Әріптік, баллдық және пайыздық эквиваленттегі бағалар шкаласы
4 кесте


Әріптік жүйедегі баға

Баллдың цифрлық эквиваленті

Пайыздық мөлшері

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4,0

95 – 100

Өте жақсы

А–

3,67

90 – 94

В+

3,33

85 – 89

Жақсы


В

3,0

80 – 84

В–

2,67

75 – 79

С+

2,33

70 – 74

Қанағаттанарлық




С

2,0

65 – 69

С–

1,67

60 – 64

D+

1.33

55 – 59

D

1,0

50 – 54

F

0

0 – 49

Қанағаттанарсыз

I

NA

-

Аяқталмаған

P

-

өтті

Пәнді өтті


&&&

###002-012#2.12 Қашықтықтан кеңестер беру және оқу үдерісінің күнтізбелік графигі



5 кесте

№ р/б

Апталар

1

2

3

4

5

6

7

8

Жиыны

1-рейтинг

1

Бақылау түрі







ТМ1







ТМ2




МБ1

300

балл

2

Баллдар







135







135




30

3

Кеңестер

OF

OL

OL

OF

OF

OL

OF

OF

№ р/б

Апталар

9

10

11

12

13

14

15

Жиыны

2-рейтинг




1

Бақылау түрі

ТМ3










ОС

ТМ4

МБ2

300

балл


2

Баллдар

105










60

105

30

3

Кеңестер

OL

OL

OF

OF

OL

OF

OF

Белгілеулер: ТМ-модуль бойынша тапсырма; ОС-он-лайн семинар; МБ-межелік бақылау;

OL – он-лайн кеңес; OF- офф-лайн кеңес


&&&

$$$003-000-000$3.3
Практикалық сабақтар

&&&

$$$003-001-000$3.3.1 Практикалық сабақ №1

{Сабақтың тақырыбы, жоспары}



Сәндік-қолданбалы өнерінің түрлері . Ою-өрнек және оның түрлері. Сәндік-қолданбалы өю-өрнектің жазықтық негіздегі белгі, заңдылықтары. Ою-өрнектік композиция құрастыру.

  1. Студенттерге тәжірибелік тапсырманы орындау әдістерін көрсету.

  2. Тәжірибелік бөллім.

  3. Тапсырманы тексеру.

&&&

$$$003-001-001$3.3.1.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №1

Сабақ мақсаты:

студенттерге сәндік-қолданбалы өнері және ою-өрнек түрлері мен тансытыру және олардың заңдылықтарын сақтап композициялар құрастыруды үйрету.



Әдістемелік ұсыныстар:

Сәндік қолданбалы өнерінің түрлері. Қазақ қолөнері сонау ескі заман тарихымен өсіп біте қайнап келе жатқан бай қазына. Қазақ халқының қолөнері ол көнеден келе жатқан мұра, өнегелі дәстүрі бар өзіндік ерекшелігі мол байырғы өнер. Қазақ ою-өрнектеріне жақын сарынды біз көне сақ, скиф салтының өнерінен көреміз. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың сапасына қатты талап қойып, олардың әрі ұнамды, әрі сәнді болуын қалады. Еңбек үстіндегі шығармашылық ізденудің нәтижесінде тұрмысқа керекті заттардың жаңа алуан түрлері жасалып отырды. Жалпы қазақ халқының қолөнер түрлеріне: кілем, алаша, ши, сырмақ, киіз, тұскиіз, текемет, кесте, желбау, жержастық, құрақ, басқұрлар, өру, шашақ бау, қамшы, қоржын, аяққап жатады. Бұл қолөнер түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекше мәні мен мағынасы және талай ғасырлық тарихы бар. Және жасалу жолдарының да, оларға түсетін ою-өрнек әуендерінің де өз алдына ерекшеліктері болады. Бұл тек қазақ халқының ғана емес, сондай-ақ туысқан Орта Азия, орыс халқының қолданбалы өнеріменде ұштасып жатады. Мысалы: Хохлома, Жостов, Петриков көркемсуреттері, Дымков балшық ойыншықтары, Грузияның керамика өнері, Дағыстанның қыштан жасайтын өнері т.б. Қазақ халқының алғашқы ою-өрнек үлгілері андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері мұраларына саяды. V-VII ғасырда зергерлік өнері мен кілем тоқу, VII-XVII ғасырда сән және қолданбалы өнері дамуына байланысты ою-өрнек өнері қазақ топырағында гүлдене түсті Қазан революциясынан кейін Қазақстан көптеген шеберханалар мен өнеркәсіптерінің ашылуна байланысты сәндік қолданбалы өнер жаңа түр, жаңа мазмұнымен байи түсті.

Ою- өрнектер түрлері. Қолөнер шеберлерін, суретшілер мен сәнгерлерді ұлттық рухта тәрбиелеуде ою-өрнектің атқаратын ролі өте зор. Сұңғат және бейнелеу өнерінде, сондай-ақ қолөнер шеберлері жасаған бұйымдарда ұлттық нақыш анықталып тұруы қажет. Сол ұлттық нақышты айқындап бейнелейтін өнер түрі –қазақтың ою-өрнегі. Қазақ халқының ою-өрнек өнері байырғы ұлттық өнерлердің ішіндегі ең ежілгісі, әрі кең тараған саласы. Бұл –ұлтымыздың мәдени дамуының шежіресі, адам жанына ләззат сыйлайтын, эстетикалық мәні зор өнер. Бүгінгі таңда қазақтың 230-дай оюының ежелден келе жатқан атауылары бар. Қолөнер шеберлері ертеден ою-өрнек атауларын екі топқа бөліп қарастырған, бірінші топқа ою-өрнектердің тікелей өзіне, түріне қатысты негізгі атаулар, екінші топқа жалпы ою-өрнек қолданылатын бұйымдардың атаулары жатады. Бүгінгі таңда ою-өрнектің практикалық маңызы артып отыр. «Ою», «өрнек» сөздері бір мағынаны білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойып, кесіп, қиып немесе екі затты оя кесіп, қиюластыру ою деп аталады. Ал киім –кешекке, түскиізге, т.б.қолөнер бұйымдарына кестелеп бейнеленетін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, басқұрға және қоржынға түсірілетін түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейді. Өрнекті тасқа, ағашқа күйдіріп, қашап, бояп түсіруге болады. Ою-өрнек өнері табиғатында поэзияға, өлеңге ұқсамайтын өнер түрі, соған қарамастан бұлардың екеуі де ырғақ заңдылықтарына бағынады. Ою-өрнектегі ритм заңдылықтары басқаларға қарағанда ақындарға таныс дүние, өйткені өлең жолдарындағыдай ұйқас пен ырғақты оюлар да сақтайды . Ою-өрнектің құрылымы, ырғақ зңдылықтарыбүгінге күнге дейін ғалымдардың назарына тыс қалып отыр, себебі өнертанушылардың оюлар саласына жүргізілген ғылыми зерттеулерінде өрнектің түп-тамыры, пайда болуы мен символикасы бізге қазірше жұмбақ. Соған қарамастан қолөнер саласында ою-өрнек негізгі роль атқарады. Поэзиядағы өлең жолдарындағыдай мазмүн мен ритмді ою-өрнектер берік сақтайды. Ою-өрнек элементтерінде формальді түрде бейнеленетін элемент жоқ, олардың бәрінің мазмұны бар. Ою-өрнек өнері мүсін немесе сұңғат сияқты өз бетімен өмір сүре алмайды, әрқашн қосалқы роль атқарады. Оны біз сәулет өнерінен, үй жиһаздарына, сандыққа, кебежеге, бесікке, жүкаяқққа, ұлттық киім-кешекке, ер-тұрман, қару-жараққа салынған оюлар ретінде қабылдаймыз, яғни ою-өрнекті қандай да болмасын бір затпен байланыссыз елестете алмаймыз. Қазақ ою-өрнегіне зер салған адам әрбір бұйымда бейнеленген ою-өрнектің тақырыптық мазмұны, құрылымы, тепе-теңдігі мен ырғағы, ең бастысы өзіндік философиялық мәні бар екенін байқау қиын емес. Ою-өрнекті салып не қиып дағдыланған шебер өлең жазатын ақын секілді, табан астында –ақ мағынасы мен құрылымы сәтті үйлескен ою үлгісін өз қиялынан шығарып, сол сәтте бере алады. Ол үшін тәжірибенің молдығымен қоса, ой –қиялдың ұшқырлығы қажет. Қолданбалы өнер түрлері ішінде бір жүйеге келтірілгені ою-өрнек. Өрнектің жай немесе күрделі элементтері бірнеше қайталанса да симметрия заңы берік сақталады. Көне дәуірдегі қолөнершілер «егіз» өрнегін немесе егіз аңды, жануарды бейнелегенде өмірде бейбітшілік пен тепе-теңдік сақтау ұғымын білдірген. Барлық ою-өрнек симметриялық принципті берік сақтайды, әрбір ою-өрнектің негізі, яғни симметриялық осьі болады. Симметриялық ось табиғатта өсімдіктерде көп кездеседі, гүлдердің, өсімдіктердің діңі симметриялық осьті білдіреді. Қолөнерде де заңдылық қатан сақталған. Киізден, ағаштан, темірден жасалған кез келген затты бұйымға бейнеленгенде оның осьіне арнайы салынатын ою-өрнек элементтері болады. Олар- өрнектер: «күн», «күнкөзі», «жұлдыз», «жұлдызгүл» өрнектері. Егер бір осьтің бойына қатар-қатар бірнеше элементті орналастырсақ, шексіздікке ұласатын «шетоюды» алуға болады. Шексіздікке ұласатын бұл ою көбінесе бұйымның жиегінде немесе бірнеше элементтермен қайталана отырып, белгілі бір ретпен орналасады және ою-өрнектердің араларын бөлу үшін қолданылады. Ал көбінесе «шетоюды» аралас элементтерден құралған композицияның жазықтығын қоршау үшін қолданады және көбіне бұйымның жиегіне орналастырады. «Шетоюға» ассиметрия жасап, басқа түрге аударсақ та , «шетоюдың» бастапқы нұсқаларын көріге болады. Қолөнердің барлық саласында оюды қосалқы өнер ретінде пайдаланып келдік, жеке бейнелеу туындысы сияқты өрнек элементтерінің суреті салынып, қабырғаға ілінбейді. Қазір тек «шымши» өнерінде ғана ою-өрнектің абстрактілі түрі бейнеленіп қабырғаға ілінеді. Мүмкін болашақта ою-өрнектің мағынасын, логикалық күшін түсіне отырып, оюдың әр элементін көркем туынды ретінде қабырғаға әсемдік үшін ілетін болармыз. Өйткені ғасырлар бойы «тұмар», «ұмай», «қошқармүйіз» –ою-өрнегінің магиялық күші бар деп сенген ата-баба дәстүрінің әлі де ашылмай жатқан құпия сыр бар. Қазақтың «ою» және «өрнек» деген сөзі бірігіп келіп, латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз халықтың тіліне сіңген термин, мағынасы –сәндеу, әсемдеу. Сан –алуан ою-өрнек әрбір қолөнер туындысында жаңа түрге ие болады және қолданыста бірін-бірі қайталамайды. Қарадүрсін бұл өнер туындысында өнердің басқа түріндей аса талғампаздық пен бай мазмұн кездеспейді. Соған қарамастан ою-өрнектің тілі өте өте күрделі, ал құрылымы аса қарапайым. Ою-өрнектің әрбір тұтас туындысында белгілі бір тақырып бар. Белгілі суретшілер Сапар Төленбаев, Нұрбұлан Өтепбаев бұл өнерге бағыт әкелді, олар ежелгі қазақ оюларын бүгінгі талғаммен сабақтастырып, оның элементтерін пайдалана отырып, мыңдаған жаңа ою-өрнек нұсқасын жасады. Халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа үзбей жалғасып келе жатқан құндылығы –ою-өрнек салу дәстүрі жеке кітап болып шықты. Ою-өрнек өнері эстетикалық жағынан жоғарғы деңгейге көтеріліп, кеңінен қолданыс тапты. Республикамыздың барлық сәнгерлерімізбен өндіріс орындары тоқсаныншы жылдардан бері С. Төленбаевтың және Н.Өтепбаевтың жаңа оюларын өз бұйымдарына кеңінен қолданып жүр. Қазақ қолөнерінде қолданылатын түстердің символдық мәні бар: көк түс –аспанның, қызыл- оттың, күн көзінің, ақ түс – ақиқаттың, сары- ақыл-парасаттың, қаыйғы-мұңын, қара- жердің, жасыл- жастықтың, көктемнің символы. Бұйымдағы ою-өрнек осы түстердің бірімен бейнелегенде ғана оған белгілі мән беріледі. Сырмақ сыруда қара мен ақ түсті пайдаоану қалыптасқан, сол сияқты көк пен сары түстің, көк пен жасыл, қара мен ашық қызыл түстің қатар пайдаланылуы ғасырлар бойы дәстүрге айналған. Көбінесе түстер нақ ортадан бастапшетке қарай түрленеді. Сонда ортада қара, ақ, қызыл, жасыл, сары, көк, түс келдеді. Бұл ұлт өрнегінде түстерді орналастырудың көне мәнері. Өрнек атауларын түгел қамтып, олардың әрқайсысына жеке ату беру мүмкін емес, әр шебер өзі жасаған ою-өрнекке өзі ат береді. Сол оюдың пайда болу тарихын оюшыдан артық ешкім білмейді. Ою-өрнек саласын зерттеп жүрген ғалымдар оларды бір жүйеге түсіріп мынандай топтарға бөлген.

  1. Өсімдік типтес ою-өрнек («жапырақ», «үшжапырақ, «шиыршық гүл», «ағаш» т.б.).

  2. Зооморфтық ою-өрнек (жан-жануарлардың табиғи және мифтік бейнелері, «қошқармүйіз» және оның түрлі нұсқалары: «қосмүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», сондай-ақ «өркеш», «табан», «ботамойын», «құсқанаты» т.б.).

  3. Космогониялық өрнек («дөңгелек», «ирек»,»шимай», «торкөз» т.б.)

Өрнектің типтері және құрастыру тәсілдері. Ою-өрнектің композициясын құрастыру.

Ою-өрнектерді орындауда оның бірнеше типтері бар. БАУЛЫҚ ТИП. Жолақтағы өрнектер тігінен және көлденеңінен кезектесіп отыратын түрін айтамыз Бұнда фризалар, кайма, жиектеу және бордюр жатады. Бордюр қарама-қарсы екі жаққа ритмді қайталанатын өрнекті жиекті жасайтын тұтас композиция. Бордюрды салудың бірнеше тәсілдерін қарастырайық.



1. Бір жақты жолақ. Бір жағына ритмді орналасқан элементтер.

а) Қарапайым статикалық ритм /ырғақ/.

б) қарапайым динамикалық ритм /ырғақ/.

в) күрделі элементтерден тұратын қарапайым статикалық ритм/ырғақ/

д) күрделі статикалық ритм /ырғақ/

2) Екі жақты жолақ.

а) қарсы жаққа орналастыру осімен сәйкес келетін қарапайым статикалық ритм/ырғақ/

б) қарсы жаққа орналастыру осімен сәйкес келмейтін қарапайым статикалық ритм

в) қарсы жаққа орналастыру осімен сәйкес келетін қарапайым динамикалық ритм

г) қарсы жаққа орналастыру осімен сәйкес келмейтін қарапайым динамикалық ритм

д) қарсы жаққа орналастыру осімен сәйкес келетін күрделі статикалық ритм

е) қарсы жаққа орналастыру осімен сәйкес келетін кұрделі динамикалық ритм

ж) қарсы жаққа орналастыру осімен сәйкес келмейтін кұрделі статикалық ритм

з) қарсы жаққа орналастыру осімен сәйкес келмейтін кұрделі динамикалық ритм

3) симметрия жазықтығында орналасқан элементтерден тұратын жолақ.

а) қарапайым статикалық ритм

б) қарапайым динамикалық ритм

в) күрделі статикалық ритм

г) күрделі динамикалық ритм

4) Аралас бордюр. Элементтердің екі жақында және ортасында орналасқан жолақты айтамыз.

а) Статикалық элементтерден құрастырылған жолақ.

б) Динамикалық элементтерден құрастырылған жолақ.

БІТЕУ ТИП. Ол төрт бұрышта, квадратта, және шеңберде орындалады (Розетта). Бұндағы мотив қайталанбайды немесе белгілі бір бір бұрыш (симметриялы) жасап айнала жазықтықтарда қайталанады.

Розетта деп симметрия осі немесе жазықтықты қолдана отырып орындаған тұтас композицияны айтамыз. Розеттаны орындаудың үш түрі бар: айналы (зеркальный) симметрия, осьті симметрия, айналы-осьті симметрия. Розеттаның негізінде шеңбер ішіндегі өрнек орындалады.

ТОРЛЫ (РАПОРТТЫ) ТИП. Раппорт немесе торлы өрнек – бұл түзулері бір-бірімен тор жасап қиылысатын шексіз композиция. Төменде бірнеше нұсқасы көрсетілген. Ондағы мотив көлденеңінен де тігінен де қайталана береді. Бұндай өрнектер кез-келген бағытта шексіз болып келеді.

Кез-келген құстың не өсімдіктің стилизацияланған өрнегін алайық. Мысалы тотықұсты алып көрейік.

Бұл өрнек симметриялы. Калькадан өрнектің трафаретін жасап алып. Жоғарыда көрсетілген бордюрдің түрлері бойынша жолақты композициялар жасаймыз. Өрнектер А4 форматында түстік шешімде орындалады.

Табиғи материалдарды қазіргі кезде 4 топқа бөледі.

1. Өсімдік материалдары (дәнді дақылдар, ағаш бүрлері, сүйекті ағаш, түрлі өсімдік ұрықтары)

2. Жануар материалдары (сүйек, жүн, тері)

3. Гоеграфиялық материалдар (тас, ұлутас, құм) 

4. Пластмасс материалдар (целофан, пластмасс)            

&&&

$$$003-001-002$3.3.1.2 №1 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

{Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда вариантты таңдау кілтін көрсету керек)}

1. Табиғи материалдарының түрлері, олардын қасиеттері, сапалық айырмашылықтары туралы мәлімет.

2. Ою-өрнек туралы тарихи мәлімет беру.

3. Табиғи материалдармен жұмыс әстеуге арналған құралдар.

4. Ою-өрнек түрлері?


&&&

$$$003-002-000$3.3.2 Практикалық сабақ №2

{Сабақтың тақырыбы, жоспары}



Аппликация /жапсырмалау / –сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын көркемдеу техникасы. Шығу тарихы Аппликацияның түрлері.

  1. Студенттерге тәжірибелік тапсырманы орындау әдістерін көрсету.

  2. Тәжірибелік бөллім.

  3. Тапсырманы тексеру.

&&&

$$$003-002-001$3.3.2.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №2

Сабақ мақсаты: студенттерді аппликация техниканың түрлерімен таныстыру, олардың орындау технологиясын игерту. Шығармашылық тұрғыда жұмыстар жасату.

Әдістемелік ұсыныстар:

Қолөнер – халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі, тұрмысқа сән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген.

Осылардың ішінде біз жапсырмалау өнеріне тоқталамыз. Ежелден келе жатқан қолөнердің бір түрі – жапсырмалау өнері. Бұл өнер жылдан – жылға өркендеп, өмірге жаңа түрлермен еніп келеді. Жапсырмалау деп мата түрлерінің құрақтарын басқа матаға әр түрлі бейнеде көркемдік ретпен араластыруды айтады.

«Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Аппликацияны қолданылатын материалына қарай 3-ке бөліп қарастыруға болады.

1) түрлі қағаздармен орындалатын аппликация;

2) әр түрлі мата, тері, шүберек, киіз, т.б. қолданумен орындалатын аппликация;

3) табиғи материал (сабан, ши, қамыс, т.б.) қолдану арқылы орындалатын аппликация.

Сурет ретінде қағаздан орындалған аппликация б.з.д. ертеректе Греция өнерінде пайда болған.

Ал әр түрлі мата материалдарында орындалған аппликация түрі І6 – ғасырда Италия мен Испанияда, 17 – ғасырда Германия мен Францияда пайда болған. Аппликацияның силуэттік түрде орындалуы 18 – 19 ғасырда Ресейде жақсы дамыды. Өнердегі қара силуэтті аппликация орыс дворяндарының үйлерін әшекейлеуге жиі қолданылған. Аппликацияға аса көңіл бөлген француз суретшісі Анри Матисс (1869 – 1954) «Қайшыны пайдалану арқылы кереметтей аппликация түрлерін жасауға болады» деген жақсы пікір айтқан. Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше, әсіресе қолданбалы өнерде көп қолданылады. Аппликация шығыс пен батыс елдерінде, сонымен қатар Орта Азия және Қазақстанда жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі – аппликацияның бір түрі, әсіресе ұлттық киімдерді ою-өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі.

Сәндік аппликация түрлері қорап қағаздары, ашық хаттарды безендіруде қолданады. Сәндік аппликациямен қабырға газеттерді, альбом, папкаларды да безендіреді. Осы үлгімен әр түрлі түсті қағаздардың алуан түрін жасауға болады. Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер ішінде ою-өрнектерден үйлестіріп орындауға болады.

Сюжеттік аппликация түрінде әр түрлі тақырыпта тапсырмалар орындаудың маңызы ерекше. Өйткені еркін, әр түрлі тақырыпта жасалған аппликация оқушылардың дербес ойлауына және шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.

Бұл өнерден қазіргі кезде, сәндік интерьер үшін панно, коллаж дайындауға болады.

Жапсырманы мата қалдықтарынан немесе киізден жасауға болады. Ол үшін ең алдымен қағазға, жасайтын жапсырманың суретін түсіреміз, яғни бейнелейміз, содан кейін оны матадан, қағаздан, киізден жасауға болады. Оны түрлі-түсті жіппен көркем тігіс арқылы кестелеп, әшекейлейміз. Әшекейлеу де үлкен өнер. Жапсырманы желіммен де жасауға болады, оған ПВА желімін пайдаланамыз, бірақ жапсырманың үстінен бастырып кестелеген әдемі көрінеді. Матадан, киізден жасалған жапсырма өнері баланың ой-өрісін, қабілетін, шығармашылық шеберлігін арттырады. Жапсырма өнері оқушыларды үнемділікке, ұқыптылыққа, әсемдікті қолдан жасауға, әдемілікті сүйе білуге тәрбиелейді. Жапсырма өнерін қазіргі кезде сәндік интерьер ретінде қолданамыз.

Жалпы жапсырма (аппликация) өнерін зерттеу барысында оның түрлері, жасалу жолдары айтылған. Адам, қоғам үшін жапсырма өнерінің жасалуын зерттей келе, қолөнер байлығымыз екенін білдік. Сол себепті жапсырма өнері арқылы біз осы жұмысты ары қарай жалғастыру өзіміздің міндетіміз деп зерттеп, оны ары қарай, жасалуын дамыту, түрлендіру керек екенін іздестіреміз деген жоспардамыз.

Біз жұмысымызды киізден және мата қалдықтарынан жасауды жөн көрдік. Қазіргі киіз өнеріне келетін болсақ, жаңа сұраныстардың салдарынан қолдануы және жасалу технологиясы жағынан көптеген өзгерістерге түскен. Бұл мәселе киіз өнерінің бүкіл әлемдік ассоциясының 2004 жылдың 12-24 тамыз аралығында Венгер елінде өткен симпозиумында қаралды. Бұл симпозиумға Орта Азия және Қазақстан суретшілері алғашқы рет қатысты. Осыдан жиырма жыл бұрын бүкіл әлемнің киіз өнері суретшілерін біріктірген Ұлыбританиялық 76 жастағы Марин Буркет осында болды. Жыл сайын әр елде өткізілетін бұл кездесуде өнер шеберлері шеберлік үлгісін жүргізіп, жаңа технологияларымен танысып, киіз өнерінің көрмесін ұйымдастырады. Мал шаруашылығы дамыған Жапон елінің өзінде осы өнерді кәсіп еткен суретшілер көп. Солардың бірі Джори Джонсон. Киіз өнері ассоциясының әрбір елде жауапты суретшілері бар. Швейцарияда, Венгрияда, Будапештте сәндік қолөнер және арнайы киіз өнері музейі бар. Киіз өнері осы елдерде бала-бақшаларда ойыншық жасаудан бастап үйретіледі.

Швейцарияның қатынастарды дамыту агенттігінің Орта Азиядағы Тау программасы шетелдерден киіз өнерінің суретшілерін арнайы шақырып семинарлар өткізуде. Бұл ауыл әйелдерінің қолдарында бар материал жүннен әртүрлі бұйымдар жасаудың технологиясын меңгеріп, табыс табуына мүмкіндік жасау мақсатында болып отыр. Осындай семинарлардың бірі 2002 жылдың 1-10 тамыз аралығында Қырғызстанда өтті. Дәстүрлі өнеріміздің күнделікті тұрмыста қолданылатын саласымен қатар, жоғарғы деңгейдегі шығармашылық киіз картиналары өз дәрежесінде бағаланып, көпшіліктің сұранысына ие болатындығын Венгриядағы симпозиум дәлелдегендей. Киіз келешектің өнері деген сөз жиі айтылады.

Бүкіл дүние жүзі халқы қазақ қолөнеріне қызығып жатса, неге бізге өз ата кәсібімізді үйренбеске. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырады. Ата кәсіпті қайта дамыту, ата мұраны қалыптастыру, мәдени дамуымызға үлес қосу деп білеміз.

Жапсырмалау өнері қай халықтың өнерінде болса да кездеседі. Әсіресе қолданбалы өнерде алатын орны ерекше. Бұл өнер түрі Батыста, орта Азияда жақсы дамыған.

«Жапсырма», «Аппликация», латынның «жабыстыру, қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Жапсырмалау өнерін қолданылатын материалдарына қарай үш түрге бөледі:

- түрлі-түсті қағаз, қатты картонмен орындалатын жапсырма;

- Әр түрлі мата, киіз, тері, мақта, қауырсын, жіп т.б. материалдарды қолданумен орындалатын жапсырма;

- табиғи материалдармен (сабан, ши, қамыс, дәндер т.б.) қолданумен орындалатын жапсырма.

Қазақ халқының дәстүрлі өнерінің бірі – екі түстен құрақ құрап, жапсырмалау. Негізі жүннен басылған жұқа киіз бетіне түсті барқыттан өрнекті құрақ жапсырып бұйым жасайды. Сондай-ақ ақ, қара киіз арқылы оюлап жасалған сырмақтың өзі жапсырмалау өнерінің бір туындысы. Бұл өнер киімде, әсіресе баскиімде көбірек қолданылады.

Ертеде халқымыз бар қажетін өз қолдарымен жасаған уақытта, қолөнерді барынша дамытты, әр бұйымды үлкен өнер көзіне айналдырды, бұйымға салынатын ою-өрнекке терең мән береді, наным-сенімін паш етті. Барынша әдемілікке ұмтылды, ал қазіргі уақытта өнеркәсіп пен техника дамыды, барлық қажет бұйымдар дүкенде бар. Әйтсе де, өз қолымызбен, игерген білімді пайдаланып жасаған дүниелердің орны бөлек. Әр істе өзіңді сынап, шеберлігіңді қалыптастыру өз-өзіңді бағалау үшін қажет.

Қолөнер - халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдары әсемдігі, өрнегі, тұрмысқа сән берумен адамдарға рухани ләззат әкелген.

Сурет ретінде қағаздан орындалған аппликация б.з.д. ертеректе Греция өнерінде пайда болған.

Ал әр түрлі мата материалдарында орындалған аппликация түрі І6 ғасырда Италия мен Испанияда, 17ғасырда Германия мен Францияда пайда болған. Аппликацияның силуэттік түрде орындалуы 18-19 ғасырда Ресейде жақсы дамыды. Өнердегі қара силуэтті аппликация орыс дворяндарының үйлерін әшекейлеуге жиі қолданылған. Аппликацияға аса көңіл бөлген француз суретшісі Анри Матисс (1869-1954) «Қайшыны пайдалану арқылы кереметтей аппликация түрлерін жасауға болады» деген жақсы пікір айтқан. Аппликацияның қай халық өнерінде болса да алатын орны ерекше, әсіресе қолданбалы өнерде көп қолданылады. Аппликация шығыс пен батыс елдерінде, сонымен қатар Орта Азия және Қазақстанда жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі -аппликацияның бір түрі, әсіресе ұлттық киімдерді ою-өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі.

Сәндік аппликация түрлері қорап қағаздары, ашық хаттарды безендіруде қолданады. Сәндік аппликациямен қабырға газеттерді, альбом, папкаларды да безендіреді. Осы үлгімен әр түрлі түсті қағаздардың алуан түрін жасауға болады. Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер ішінде ою-өрнектерден үйлестіріп орындауға болады.

Сюжеттік аппликация түрінде әр түрлі тақырыпта тапсырмалар орындаудың маңызы ерекше. Өйткені еркін, әр түрлі тақырыпта жасалған аппликация оқушылардың дербес ойлауына және шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.

Бұл өнерден қазіргі кезде, сәндік интерьер үшін панно, коллаж дайындауға болады.



Жапсырманы мата қалдықтарынан немесе киізден жасауға болады. Ол үшін ең алдымен қағазға, жасайтын жапсырманың суретін түсіреміз, яғни бейнелейміз содан кейін оны матадан, қағаздан, киізден жасауға болады. Оны түрлі-түсті жіппен көркем тігіс арқылы кестелеп, әшекейлейміз. Әшекейлеу де үлкен өнер. Жапсырманы желіммен де жасауға болады, оған ПВА желімін пайдаланамыз, бірақ жапсырманың үстінен бастырып кестелеген әдемі көрінеді. Матадан, киізден жасалған жапсырма өнері баланың ой-өрісін, қабілетін, шығармашылық шеберлігін арттырады. Жапсырма өнері оқушы-ларды үнемділікке, ұқыптылыққа, әсемдікті қолдан жасауға, әдемілікті сүйе білуге тәрбиелейді. Жапсырма өнері қазіргі кезде сәндік интерьер ретінде қолданамыз. Жалпы жапсырма (аппликация) өнерін зерттеу барысында оның түрлері, жасалу жолдары айтылған. Адам, қоғам үшін жапсырма өнерінің жасалуын зерттей келе, қолөнер байлығымыз екенін білдік. Сол себепті жапсырма өнері арқылы біз осы жұмысты ары қарай жалғастыру өзіміздің міндетіміз деп зерттеп, оны ары қарай, жасалуын дамыту, түрлендіру керек екенін іздестіреміз деген жоспардамыз. Аппликация. ЖАПСЫРМАНЬІ (аппликацияны) алдымен қарастырайық. Қаңдай киімге болмасын жылтыраған жапсырма жапсырсаңыз, оның әрі ашы-лып шыға келеді. Халқымыз бұл әшекейді ежелден білген. «Жылтырағанды үстіне жапсырып» деген сез тіркесі кез-келген ауылда естілері анық. Оны сән қуған адамдарға арнап айтады. Демек, жапсырма - ежелден моданың басты талаптарының бірі болып табылған және солай болып қала береді де. Алдымен қандай киімдерге және оның қаңдай тұстарына жапсырма жасауды білу керек. Жапсырма көрік беріп, көңіл қуантып тұру үшін көшеге, кешкі сауықтарға, тойларға киетін салтанатты киімдерге жасалады. Күнделікті үй ішіне киетін киімге жапсырма түсіріп әуре болудың қажеті жоқ. Өйткені, жапсырма қымбатқа түседі және ол үшін қымбат маталар мен жіптер пайдаланылады, оның орындалуы да асқан шеберлікті қажет етеді. Сондықтан да кештерге бір киіп шығатын киімдер қарастырылады. Енді жапсырма киімнің қандай тұстарына орналасуы керек дегенге келсек, оның бірден көзге түсіп тұруы заң-дылық. Сол себепті жапсыр-маны омыраудың жоғары тұсына, кеудеге, алдыңғы қос өңірге, жеңге, етекке және ретіне қарай иыққа, арқаға орналастырады. Қалай болғаңца да ол бірден жарқ етіп, назарды өзіне аудартуы керек. Бұл үшін үшінші талапты ескеру керек. Ол - жапсырманың матасы қандай болуы керек дегенге саяды. Жапсырма үшін тек қана қымбат, жалтыраған, тамсанды-ратын алтын немесе күміс маталар алынады. Кеп ретте алтын немесе күміс паршалар таңдалады. Ешқандай жағдайда да арзан және көз тартпайтын қарапайым маталар жапсырма ретінде пайдаланылмайды. Моданың қатаң талабы осындай. Егер қолыңызда жаңағыдай жал-тыраған, нүр шашып тұрған маталар болмаса, онда жапсырмадан бас тарту керек. Содан кейін жапсырманың қандай формада болуын мықтап ойлау керек. Бұл көбінесе суретшінің немесе үлгілеушінің, болмаса тігіншінің қиялына, ойлау қабілетіне байланысты. Сондықтан да жапсырма тура мынадай формада ғана болады деп кесіп айта алмаймын. Қаншама қиял қанат қақса, жапсырманың да соншама түрі кездесуі зандылық. Бірақ, оның әрқайсысы талғамды болуы керек. Тек ебедейсіз үлкен немесе ретсіз және сансыз кеп жапсырмалар киім әрін кіргізу орнына қашырып жіберетінін ескермей болмайды. Сондықтан оны мөлшермен қолдану керек. Сән әлеміндегі талаптарға және ұлттық киім үлгісіндегі дәстүрлерге қарасақ, жапсырмалардың кеп ретте есімдік тектес болып келерін аңғаруға болады. Суретшілер түрлі гүлдерді - раушанды, қалампырды және басқаларын, кейде тіпті оларды сабағымен, болмаса өсімдіктің бір белшегі - жапырағын, күлтесін жапсырма ретінде қолдануға құмар. Болмаса, жоғарыда біз айтып кеткен ғарыш сипатты жапсырмалар - жұлдыз, шоқ жұлдыз, Ай, Күн, Құс жолы сияқты да жасала береді. Тотықұстың құйрығы, қырғауылдың қауырсыны, тіпті балапанның өзі, еліктің мүсіні түрінде де жапсырмалар кептеп кездеседі. Жаңа айтқанымдай, қаншама қиял болса, соншама жапсырма жасауға болады.

Жапсырманың таза орындалу техникасының екі түрі бар. Біріншісінде ол бірден тығыз матаның үстіне келесі жапсырма матаны қою арқылы жасалады. Алдымен жапсырма ретінде қолданылатын жалтырақ матаны арнайы жұқа желімдегіш матамен желімдеп қоямыз. Содан кейін оған суретті немесе бейнені бормен немесе басқа белгілеу құралымен түсіреміз. Содан соң белгіні бойлап машинемен тігіп шығу керек. Осы тігілген өрнекті жалтырақ матадан кесіп бөліп аламыз. Енді суреттің шеттерін ара тісіндей (зиг-заг)тігіспен тығызетіп тігу керек. Бұл үшін матаны кергішке керіп қояды. Өрнек толық жапсырылған соң оны үтікпен жақсылап үтіктеп жіберсе, ол тырысып-бүріспей, біркелкі рең беріп, жайнап тұрады. Жапсырманың екінші орындалу түрінде жұмыстардың реті сәл өзгереді. Алдымен өрнектің өзін алтын не күміс паршадан кесіп алады. Содан кейін ол араның тісіндей, бірақ өте ұсақ тігіспен негізгі матаға тығыз етіп тігіліп шығады. Егер біз жапсырманың одан да бедерлі болуын қаласақ, оны үстінен басып кестелеп те шығудың қиындығы жоқ. Өрнектің шет-шеті тағы да алтын немесе күміс паршаның жіңішке таспасымен әдіптеледі. Жапсырманың сондай-ақ үшінші техникалық орындалу түрі бар. Ол үнемі болмаса да, кейбір киімдерде кез-десіп тұрады. Бұл - желіммен жапсыру. Жұқа полиэтилен түріндегі арнайы пленка жапсырмалық матаның астынан төселіп, матамен бірге ернек бойынша кесіледі. Со-дан кейін қыздыру тәсілімен негізгі матаға жапсырылады. Қыздыру үшін үтік болмаса қысым аппараты қолданылады.

&&&

$$$003-002-002$3.3.2.2 №2 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

{Тапсырмалар немесе тестілік сұрақтар(керек жағдайларда варианты таңдау кілті көрсету керек)}

1.Аппликация және оның түрлері.

2. Жазықтық, көлемді, рельефті аппликация.

3. Аппликация туралы тарихи мәлімет.

4. Аппликацияға арналған материалдар мен құралдар.


&&&

$$$003-003-000$3.3.3 Практикалық сабақ №3

{Сабақтың тақырыбы, жоспары}



Коллаж техникасы. Оның дайындау және орындау тәртібі.

  1. Студенттерге тәжірибелік тапсырманы орындау әдістерін көрсету.

  2. Тәжірибелік бөллім.

  3. Тапсырманы тексеру.

&&&

$$$003-003-001$3.3.3.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №3

Сабақ мақсаты:

студенттерге коллаж жасау технологиясын игерту, және шығармашылық тұрғыда жұмыстар жасату.



Әдістемелік ұсыныстар:

Мақсаты: студенттерге коллаж жасау технологиясын игерту, және шығармашылық тұрғыда жұмыстар жасату.

Қысқаша ақпаратт:

Коллаж (франц. collage – жапсыру, желімдеу) – бейнелеу өнеріндегі техникалық әдіс, кубизм, футуризм суретшілерінің шығармашылық ізденісі кезінде пайда болған бейнелеу өнерінің бір тәсілі. Бұл өнер ағымдары суретшілері қиялына байланысты кез келген өзіне ұнаған заттарды кескіндемесіне пайдаланған. Мысалы, суретшілер түрлі матаның, қағаз, газеттің қиындыларын, әйнек, түйме, фольга, ағаш қалдықтарын, т.б. пайдаланып (жапсырып, желімдеп), шығармшылық жетістіктерге жеткен. Кейіннен коллаж көркемдеу-безендіру саласында қолданылатын болды. Сонымен қатар Коллаж балалар шығармашылығында кең қолдау тапқан өнерге айналды. Олардың ой-өрісінің шыңдалуына үлкен әсер етті. Коллажды алғаш дамытқандардың ішінде суретші Пикассоныңң үлесі зор болды. Желімдеу ісінің негізіне желімнің ағаш бөліктеріне сіңіп, таралу процесі жатады. Желім жіңішке жіп тәрізді талшықтарымен үстіңгі қабаттарды бір-бірімен берік байланыстырады. Желімдеудің сапалы болуына көптеген факторлар әсер етеді. Солардың қатарында желімнің тиісті бөлшектерге неғұрлым терең әрі біркелкі сіңуін, желімделетін үстіңгі қабаттардың бір-бірімен өте тығыз байланысуын, ағаш материалдарының қаншалықты дәрежеде дымқыл екендігін, желімнің нақты кездегі жағдайын және сапасын, преске салған кездегі қысым күшін, сондай-ақ престен шыққаннан кейінгі төзімділік уақытын айтуға болады. Сонымен бірге желімдеудің сапасына әсер ететін фактор ретінде желімнің қаншалықты дәрежеде қоюлану керектігін де естен шығармау керек. Оған қосымша айтарымыз – желім қабатының қалыңдығы шамамен 0,1 мм болуы тиіс. Желімдеп құрастырудың беріктігі мен сапасы ағаш материалдарының дымқылдығы 12-15 пайыздан аспайтын кезде жоғары болады. Ағаш материалдарының дымқылдығы 8-10 % болған кезде өте жақсы, берік желімделеді. Өйткені ол желімнің құрамындағы суды өз бойына тартып алады. Желімдеп жапсырылатын үстіңгі беттердің жағдайына келетін болсақ, олардың аздаған кедір-бұдырлау болғаны, жете өңделмегені мақұл. Өйткені бұл жапсырылатын үстіңгі қабаттардың желіммен жапсырылатын аумағын арттыра түседі.

Желімдеу технологиясымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері: 1. Керекті жеріне аздап қана жақ. 2. Көлемді нәрсе желімдегенде, желімді әуелі оның ортасына жақ, сосын оны таяқшамен тарат. 3. Жолақша немесе майда нәрсе желімдегенде абайла. 4.Желімдеген бөліктің үстінен таза қағаз жауып, сыртынан қолыңмен сипап бас. 5. 5-10 минут салмақтылау, тегіс затпен бастыр. 6. Желімдеп болған соң міндетті түрде қолыңды сабындап жу. 7. Жапсырмалау өнері қай халықтың өнерінде болса да кездеседі. Әсіресе қолданбалы өнерде алатын орны ерекше. Бұл өнер түрі Батыста, орта Азияда жақсы дамыған.
«Жапсырма», «Аппликация», латынның «жабыстыру, қиыстыру» деген сөзінен шыққан. Жапсырмалау өнерін қолданылатын материалдарына қарай үш түрге бөледі:
- түрлі-түсті қағаз, қатты картонмен орындалатын жапсырма;
- Әр түрлі мата, киіз, тері, мақта, қауырсын, жіп т.б. материалдарды қолданумен орындалатын жапсырма;
- табиғи материалдармен (сабан, ши, қамыс, дәндер т.б.) қолданумен орындалатын жапсырма. Материалдар. Коллажды орындауда тіпті қажетсіз болып жатқан кез-келген материалдарды алуымызға болады. оларға : әр түрлі фактурадағы маталарды, қағаз, жіп, тері, киіз, моншақ, түйме, бисерлерді жатқызуымызға болады. бұл арада сол материалдардың түстік шешімін таба отырып олардың жеке фактуралық ерекшеліктерін ескере отырып, жапсыру. Және жалпы коллажды орындаған кезде оның композициялық тақырыбынан ауытқып кетуге болмайды. Суретші коллажды бірден орындамасы бұрын кішкене ізденіс эскиздерін орындап алған жөн. Сонда суретші өзінің композициясында не өргісі келетіндігін толығымен көз алдына келтіре алады. эскизге байланысты материалдардың фактуралық ерекшеліктерін ескере отырын панно бетіне жапсыра беруіне болады. Жалпы композицияның сәтті орындалуы, оның негізіне байланысты. негізгі материалдар коллажда қолданылатын маталарды анықтайды. Масылы: картонда қағаз қиындыларын жапсыруымызға болады; жеңіл матада жіптерді қолдануымызға болады.

Ең алдымен негізі болатын материалды, мысалы матаны, рамкаға керіп аламыз. Кей жағдайда рамканың орнына матаны картонға немесе қатты ватман бетіне жапсыруымызға болады. Алдын-ала қолданылатын материалдарды қиып негігі материалдың бетіне орналастырып аламыз. ең бірінші коллажды қағаздан істеп көрген жөн. Түрлі түсті қағаздарды таңдап алып, бірден оларды қиып ұқыптап жапсыру керек. Келесі жұмысты матадан жасауға болады. матаны үтіктеп дайындап алып оны түстік шешімдерін орналастырып алып, әр түрлі геометриялық формада қиып алып негізгі материалға жапсыруымыз керек. Жалпы маталардың формаларымен олардың түстікорналасуы арқылы суретші өзінің сол мезеттігі көңіл-кұйін бейнелейді. Осы жаттуғалардан кейін бір негізгі материалға әртүрлі материалдарды орналатырып жапсыруға болады. Негізгі материалдың бетіне қосымша материалдардың нобайын салып алуға болады сонда суретші өзінің композициясын орындаған тәжірибе үстінде олардың орындарын ауыстырып жапсыруға мүмкіндік береді.



&&&

$$$003-003-002$3.3.3.2 №3 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1.Коллаж деген не?

2. Коллажды қандай материалдардан жасауға болады?

3. Коллаж жұмыстарына қандай желімдерді қолдануға болады?


&&&

$$$003-004-000$3.3.4 Практикалық сабақ №4

{Сабақтың тақырыбы, жоспары}



Макраме өнері. Түйін түрлері. Схемалар.

  1. Студенттерге тәжірибелік тапсырманы орындау әдістерін көрсету.

  2. Тәжірибелік бөллім.

  3. Тапсырманы тексеру.

&&&

$$$003-004-001$3.3.4.1 Практикалық сабаққа арналған оқу-әдістемелік нұсқаулар №4

Сабақтын мақсаты:

студенттерге макраме өнері, түйіндерді жасау технологиясын игерту және шығармашылық тұрғыда жұмыстар жасату.



Әдәстемелік ұсыныстар:

МАКРАМЕ (өрнектеп тоқу) – белгілі ретпен орналасқан әр түрлі түйіндердің көмегімен тоқу. Түйіп тоқу арқылы әр алуан өрнек шығаруға болады. Тоқу үшін әр түрлі жуандықтағы жіптер, баулар, таспалар пайдаланылады. Ұсақ бұйымдарды әбден ширатылған жіңішке жіптерден тоқиды. Тоқу үстінде керамикалық, ағаш және моншақтар мен сақиналарды қолдануға болады. Бір затқа ілініп қойып немесе арнаулы тоқу жастығын пайдаланып тоқуға болады. Жұмыс жастығын (размері 50 х 3 х 10) поролоннан немесе қалың резинадан оңай жасап алуға болады. Мұны матамен қаптайды. Дайын жастықты ағаш тұғырыққа (желімдейді немесе қағып кереді) бекітеді. Тоқуды бастамас бұрын керіліп тұратындай етіп арқау жіпті түйреуішпен жастыққа түйреп қояды. Оған өріс жібін іле де, бұйымды тоқиды. Кейбір түйіндерді жасауда (мысалы, бұршақ) темірден жасалған шағындау тоқыма ілмек қажет.

Жұмыс барысында 3 жіпті: тоқу үшін жіпті бекітіп қоятын арқау жіпті (мұның орнына тақтайша, шығыршық пайдалануға да болады); түйіндерді байлайтын түйін және түйін түйетін өріс жіптерін ажырата білу керек. Жіпті ілмекке шалу. Бірінші әдіс: өріс жіпті тең ортасынан бүктеп арқау жіптің астыңғы жағынан алады, ілмекті жіпке ілдіріп, екі ұшын ілмектен өткізеді. Екінші әдіс: жіпті екі бүктеп, арқау жіптің астынан алады да, жіптердің ұшын ілмектен өткізеді. Жіпті репс түйінмен шалу. Жіпті бірінші әдістегідей етіп шалады. Сосын өріс жіпті арқау жіптің жоғарғы жағынан шалып алып, ұшын ілмектен өткізеді де түйген түйіндердің жан-жағынан әр жіптен бір-бір орам жасайды. Жалпақ түйін. Жалаң қабат түйінді оңға сол жақтағы өріс жібін түйін жіптің үстіне, оң жақтағы өріс жібін сол жақтағы жіптің үстіне салады. Одан кейін түйіннің астынан өткізіп, сол жақтағы өріс жібінің үстінен суырып алады. Сол жақтағы жалаң қабат түйін – оң жақтағы өріс жібін түйіннің үстіне, сол жақтағы өріс жібін оң жақтағы өріс жібіне салып, түйіннің астынан өткізеді де, оң жақтағы өріс жібіне салып, түйіннің астынан өткізеді де, оң жақтағы өріс жібінің үстінен суырып алады. Оң және сол жалаң қабат түйіндерді қайталау арқылы еспе бау жасауға болады. Қос түйін – оңнан жалаң қабат түйін, содан кейін – солдан жалаң қабат түйін жасайды. Қос түйінді қайталаудан жалпақ бау жасалады. Жалпақ бауды бірнеше жіптен де тоқуға болады, үлгіде (түйін ішінде немесе онымен қатар) сандық белгіде (жіп саны) қойылады. Мысалы, 1 – 3 – 1 (түйінді 5 жіптен жасайды: 3 – түйін жіп және жан-жағынан бір-бірден өріс жібі). Репс түйін. Оң жақтағы түйін жіпті оң қолмен алып, өріс жібінің үстінен ұстайды. Сол қолмен өріс жібін ұстап, түйін жіпті айналдыра орайды. Түйінді тағы бір рет қайталайды. Сол жақтағы түйін – жіпті сол қолмен алып, өріс жібінің үстінен ұстайды. Оң қолмен өріс жібін ұстап, түйін жіпті айналдыра орайды. Түйінді тағы бір рет қайталайды. Тұтас жібек жіптегі әр түрлі тоқу жібінен жасалған бірнеше репс түйін брида құрайды. Ол түйін жіпті көлденең ұстаса – көлденең, егер оны бұрыштата ұстаса – еңкіш болуы мүмкін. Ілмек түйін. Өріс жібін түйін жіпке салады. Оны түйіннен өткізіп, өріс жібінің сыртынан тартады. Шынжыр түйін. Ілмек түйінді оңнан және солдан алады. «Ұлу қабыршағы». Екі қос тегіс түйін (1 – 2 – 1 ); төрт еңкіш брида. Түйін дөңес болып шығуы үшін шеткі екі бриданы керіп, ортаңғы екеуін сол күйінде қалдырады. Бриданың астынан екі қос тегіс түйін жасайды (1 – 2 – 1 ). «Бұршақ» тегіс қос түйіндерден тұрады. 4 қос тегіс түйіннен бау жасайды. Түйін жіптерді жоғары қайырып, оларды баудың үстіндегі түйін және өріс жіптерінен өткізеді. Бұдан соң түйін жіптерді баудан шығыршық жасалатындай етіп тартады. Бауды жалаң қабат тегіс түйінмен бекітеді.Баудағы қос қабат түйіндердің саны үлгіде цифрлармен көрсетілген. Шашақтарды орау қосымша жіптен жасайды. Оның бір ұшы ұзын, екінші ұшы қысқа болатындай етіп орналастырады. Қысқа жағының ұзындығы орамның ұзындығымен тең. 5 – 7 сантиметр қосымша болуы керек. Жіпті шашақ жасайтын бір буда жіпке төменнен қайырылатындай, ал ұштары жоғары қарайтындай етіп орайды. Қысқа шағын және шашақ жасайтын бір буда жіпті ұзын жағымен жоғарыдан төмен қарай орайды. Орам жіптің қайырылған жеріне 1 – 2 сантиметрдей жетпеуі керек. Жіптің қалған ұштарын ілмектен өткізіп, ілмекті қысқа ұштан жоғары қарай тартып орамды бекітеді.

Сумка. Жуандығы 2,5 мм келетін 234 метр бау мен диаметрі 1 сантиметр 4 металл шығыршық дайындайды. Сосын әрқайсысы 5 метрден 46 жіп; ұзындығы 1,5 метр 1 жіп және ұзындығы 70 сантиметр 3 жіп кеседі. Әуелі үлгі бойынша сумканың бауын жасайды: 2 шығыршық алып, оны бір-бірінен 25 сантиметр қашықтықта жұмыс жастығына бекітеді. Шығыршықтың біреуіне ұзындығы 5 метр жіптен ілмек өткізіп, оның екі ұшын екінші шығыршыққа тартады. Сөйтіп арасындағы жіп 8 қабатқа жеткенше шығыршықтарды жіппен орайды. Жіптің қалған екі ұшынан бір шығыршықтан екіншісіне дейін (2) тегіс бау (1 – 8 – 1) тоқиды. Ұзындығы 1,5 метр қосымша жіп алып, оны екі қабаттайды, оған репс түйінмен әрқайсысының ұзындығы 5 метрден 44 жіп өткізеді. Арқау жіптердің ұшын шығыршыққа бекітіп, сумканы айналдыра тоқиды. Бастапқы бриданың астынан ұзындығы 70 сантиметр қосымша жіптен 2 – бриданы тоқиды. Бұдан соң сумканы үлгі бойынша жасайды. Жұмыс біткен соң сумканың ішкі жағын аударады. Қарама-қарсы жақтардың жіптерін жәй түйіндермен жалғап инемен тігеді, артық қалған жіптерді кесіп тастайды.

Алқа. Бұған жуандығы 1 мм 14 метр жіп және диаметрі 8 мм моншақ алынады. Әрқайсысының ұзындығы 60 сантиметр 14 жіппен 2,5 метр 2 жіп кесіп алады. Алқаны үлгі бойынша тоқиды: ұзындықтары 60 сантиметрден екі жіп алып, ортасынан бастап екі жағына түйін бау (ұзындығы 2 сантиметр) жасайды. Бауды екі бүктеп, бұдан пайда болған 4 ұштан қос тегіс түйін жасайды (1 – 2 – 1 ), баудан ілмек (петля) жасайды. Тегіс түйіннен түйіндейтін жіпті алып, оған өріс жібімен репс түйін салады. Репс түйінмен осы жіпке әрқайсысының ұзындығы 60 сантиметр 6 жіп өткізеді. Брида жасайды. Бриданың астынан 2 брида салады. Алқаны «ұлу қабыршағының» суретіндей етіп тоқиды. Моншақты алқаның дәл ортасына орналастырады, оның мөлшері бір (ұлу қабыршағының) үлкендігіндей болуы тиіс. Жіптің қалған ұштарын кесіп тастайды (1 сантиметрге дейін), теріс жағына аударып, бекітеді (тігеді немесе желімдейді). Бауды бөлек тоқиды: ұзындығы 2,5 метрден 2 жіп алады, қажет ұзындықта түйін бау тоқиды. Баудың ұштарын алқадағы ілмекке өткізіп, екі ұшын біріктіреді (тігеді немесе желімдейді), содан кейін жалғанған жерді жіппен орайды. Газет салғыш. Бұған жуандығы 2 мм 300 метр жіп: диаметрі 1 сантиметр 9 ағаш немесе пластмасса моншақ, әрқайсысының ұзындығы 40 сантиметр ағаш тақтайша керек. Газет салғыш: негізгі және қалта бөліктерден тұрады. Негізгі бөлік: әрқайсысы 4 метрден 42 жіп кеседі. Жіптерді екі бүктеп, тақтайшаға шалып іледі. Үлгі бойынша тоқиды. Қарсы кездесетін еңкіш екі бриданың түйін жіптерін моншақтап өткізеді (1). Ұзындығы 40 сантиметр қосымша жіпте көлденең брида тоқиды (2). Қалта бөлік. Әрқайсысы 2 метрден 42 жіп кесіп алады. Жіптерді екі бүктеп, репс түйінімен 2-тақтайшаға шалып іледі. Бұдан соң үлгі бойынша тоқиды. Қалта бөлік пен негізгі бөлікті біріктіру үшін негізгі бөліктің жіптерінен біріншіден 0,5 сантиметр қашықтықта 2 – көлденең брида тоқиды. Бриданы 3-тақтайшада жасайды. Қалта бөлікті негізгі бөлікке беттестіріп, қалта бөліктің жіптерін екі көлденең бриданың арасы (тақтайшалардың үстінен) арқылы негізгі бөліктің екінші жағынан ілгішпен шығарады. Қалтаны бекіту үшін қалтаның екінші жағындағы жіптерден көлденең брида жасайды. Содан соң әрқайсысының ұзындығы 16 метрден 2 жіп және ұзындығы 4 метрден 1 жіп алады. Оларды ортасынан жұмыс жастығына бекітіп, ортадан 3 жіптен ширатпа бау жасайды. Түйін жіптің ұзындығы 4 метр, өріс жібінің ұзындығы 16 метр. Баудың ұзындығы бір жағына қарай 30 сантиметр болады. Одан кейін баудан жіптер арқылы газет салғыштың жоғарғы тақтайшасынан солға және негізгі бөліктен оңға қарай репс түйіндер жасайды. Ширатпа бауды қалта тақтайшасына дейін тоқиды. Сондай-ақ қалта тақтайшасына репс түйіндер жасайды және бауды 3 – тақтайшаға дейін тоқиды. 3-тақтайшада репс түйіндер түйіп, жұмысты шағын шашақтар жасаумен аяқтайды. Шалма белбеу. Бұған екі түсті жіп алынады: 29 метр қоңыр, 14 метр ашық түсті, 6 метрден 4 қоңыр; 6 метрден 2 ашық; 2 метрден 2 қоңыр; 2 метр 1 ашық және 1 метр 1 қоңыр жіп қиып алады. Жіптерді жұмыс жастығына ортасынан мына тәртіппен түйрейді: ұзындығы 6 метр – 1 қоңыр; 2 метр – 1 қоңыр; 6 метр – 1 қоңыр; 6 метр – 1 ашық; 2 метр – 1 ашық; 6 метр – 1 ашық; 6 метр – 1 қоңыр; 2 метр – 1 қоңыр және 6 метр – 1 қоңыр жіп. Белбеуді ортасынан бастап екі жаққа бірдей үлгі бойынша: ұзындығы 1 метр (1) қосымша қоңыр жіпте 4 көлденең брида, әрқайсысы 3 жіп ілмек түйнектен жасалған үш бау (2) 9 жіптегі ілмек түйнектен жасалған бір бау (1 – 7 - 1) салып тоқиды. Ортадағы 3 жіпті қиып, олардың ұштарын баудың ішкі жағына бекітеді (4). Белбеуді әрқайсысының ұзындығы 20 сантиметр 3 бөлек түйін баумен бітіреді.

&&&

$$$003-004-002$3.3.4.2 №4 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1. Макраме түйіндерінің түрлері?

2. Жіптің ұзындығын өлшеу?

3. Макраме өнерінде қолданатын жіптердің түрлері?

4. Макраме техникасында қандай бұйым жасауға болады?


$$$007-000-000$3.7 Білімді бақылау бөлімі

...


&&&

$$$007-001-000$3.7.1 1-модуль бойынша тапсырма

{Әдістемелік нұсқаулар және тапсырма}



Сәндік-қолданбалы өнерінің түрлері . Ою-өрнек және оның түрлері. Сәндік-қолданбалы өю-өрнектің жазықтық негіздегі белгі, заңдылықтары. Ою-өрнектік композиция құрастыру.

Баға студенттердің орындаған жұмысының сапасына қарай қойылады. Курстын тақырыптық жоспарына сәйкес 1 шығармашылық жұмыс орындалу керек: А3 форматта ою-өрнекті композиция құрастыру.



&&&

$$$007-001-001$3.7.2 2-модуль бойынша тапсырма

{Әдістемелік нұсқаулар және тапсырма}



Аппликация /жапсырмалау / –сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын көркемдеу техникасы. Шығу тарихы Аппликацияның түрлері.

Баға студенттердің орындаған жұмысының сапасына қарай қойылады. Курстын тақырыптық жоспарына сәйкес 1 шығармашылық жұмыс орындалу керек: А3 форматта сюжеттік аппликация құрастыру.


&&&

$$$007-001-002$3.7.3 3-модуль бойынша тапсырма

{Әдістемелік нұсқаулар және тапсырма}



Коллаж техникасы. Оның дайындау және орындау тәртібі.

Баға студенттердің орындаған жұмысының сапасына қарай қойылады. Курстын тақырыптық жоспарына сәйкес 1 шығармашылық жұмыс орындалу керек: А3 форматта табиғи материалдардан коллаж құрастыру.


&&&

$$$007-001-002$3.7.3 3-модуль бойынша тапсырма

{Әдістемелік нұсқаулар және тапсырма}



Макраме өнері. Түйін түрлері. Схемалар.

Баға студенттердің орындаған жұмысының сапасына қарай қойылады. Курстын тақырыптық жоспарына сәйкес 1 шығармашылық жұмыс орындалу керек: Макраме техникасында шығармашылық жұмыс орындау.


Өте жақсы деген бағаға–барлық жұмыстар аяқталып, ұқыпты, таза орындалу керек, жұмыста шығармашылық тәсілдеме байқалу керек. Жұмысқа қосымша түрлі эскиздер жасалған, нобайы болуы керек. Жақсы деген бағаға - барлық жұмыстар аяқталған болу керек, ұқыпты, таза орындалу керек. Жұмысқа қосымша түрлі эскиздер жасалған, нобайы болуы керек. Қанағаттанарлық деген бағаға - барлық жұмыстар аяқталған болу керек.Жұмысқа қосымша түрлі эскиздер жасалған, нобайы болуы керек.Қанағаттанарлық емес деген баға, егерде студент курстын тақырыптық жоспарына тиісті жұмыстарды орындамаса, орындаған жұмыстары алда жазылған талаптарға сай келмесе қойылады.
&&&

$$$007-001-004$3.7.5 1-межелік бақылау тестілері

1. Табиғи материалдарының түрлері, олардын қасиеттері, сапалық айырмашылықтары туралы мәлімет.

2. Ою-өрнек туралы тарихи мәлімет беру.

3. Табиғи материалдармен жұмыс әстеуге арналған құралдар.

4. Ою-өрнек түрлері?

5.Аппликация және оның түрлері.

6. Жазықтық, көлемді, рельефті аппликация.

7. Аппликация туралы тарихи мәлімет.

8. Аппликацияға арналған материалдар мен құралдар.

&&&

$$$007-001-005$3.7.6 2-межелік бақылау тестілері

1.Коллаж деген не?

2. Коллажды қандай материалдардан жасауға болады?

3. Коллаж жұмыстарына қандай желімдерді қолдануға болады?

4. Макраме түйіндерінің түрлері?

5. Жіптің ұзындығын өлшеу?

6. Макраме өнерінде қолданатын жіптердің түрлері?

7. Макраме техникасында қандай бұйым жасауға болады?




$$$007-001-007$3.7.7 Емтихан сұрақтары немесе тестілер үлгілері

Бақылау сұрақтар:

1. Табиғи материалдарының түрлері, олардын қасиеттері, сапалық айырмашылықтары туралы мәлімет.

2. Ою-өрнек туралы тарихи мәлімет беру.

3. Табиғи материалдармен жұмыс әстеуге арналған құралдар.

4. Ою-өрнек түрлері?

5.Аппликация және оның түрлері.

6. Жазықтық, көлемді, рельефті аппликация.

7. Аппликация туралы тарихи мәлімет.

8. Аппликацияға арналған материалдар мен құралдар.

9.Коллаж деген не?

10. Коллажды қандай материалдардан жасауға болады?

11. Коллаж жұмыстарына қандай желімдерді қолдануға болады?

12. Макраме түйіндерінің түрлері?

13. Жіптің ұзындығын өлшеу?

14. Макраме өнерінде қолданатын жіптердің түрлері?

15. Макраме техникасында қандай бұйым жасауға болады?



&&&
жүктеу 490 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау