Курстық жұмыс Тақырыбы: Алғашқы қазақ баспасөзінің сипаты мен бағыт бағдарлары


«Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаяты»



жүктеу 62,39 Kb.
бет2/3
Дата21.01.2022
өлшемі62,39 Kb.
#34131
1   2   3
курсовой

«Түркістан уалаяты» мен «Дала уалаяты» газеттерімен қатар зор маңызға ие болған басылым — «Айқап» журналы. Журнал 1911–1915 жылдардың аралығында жарық көрген. Ол туралы Ү. Субханбердина былай деп жазды: «Троицк қаласындағы «Энергия» баспасында қазақ тілінде үзбей шығып тұрған «Айқап» журналы халқымыздың əлеуметтік, саяси өмірінде, əдебиет пен мəдениетімізді насихаттап, таратуда елеулі роль атқарды» [2; 24]. Бұл «Айқап» журналына байланы- сты айтылған шынайы пікір.

«Айқап» журналының шығарушысы жəне оның редакторы танымал жазушы, белгілі журналист Мұхамеджан Сералин. Зерттеуші-ғалымдар М. Сералинді қазақ журналистикасының негізін салушылардың бірі деп есептейді. Оған дəлел М. Сералиннің қазақ халқының ауыз əдебиетін зерттей отырып, өзінің де өлеңдер жаза бастауында. Орыс, парсы, татар тілдерін жетік меңгере отырып, «Топжарған» жəне «Гүлһашима» поэмаларын жазып, көпшілікке танымал болады. «Айқап» журна- лында М. Сералин алдымен қолға алған, көп жазған негізгі, маңызды тақырып — жер мəселесі, отырықшы болу, егін кəсібімен айналасу, қала салу мəселелері болды. Бұл мəселелер жөнінде М. Сералин өзінің «Жер мəселесі», «Ескі жыр», «Қазақ халқының мұқтаждығы» деген мақалаларын жазып, оны «Айқап» журналының беттерінде жариялайды. Мұхамеджан Сералин тек журнал шығарып қана қоймай, ел арасындағы ағарту мəселесіне де көңіл бөледі. Журнал жабылып қалғаннан кейін ол 1919–1920 жж. «Ұшқын» газетінде де қызмет атқарады.

1913 ж. шыққан «Қазақ» газеті ел арасына ресми түрде ұлттық идеяны насихаттауда үлкен қызмет атқарды. Қазақ тарихындағы ең алғашқы ірі қоғамдық ұйым — ұлттық-демократиялық «Алаш» партиясының ұйымдасуына ұйытқы болған да осы «Қазақ» газеті. Газеттің № 1 санында «Аталы жұртымыздың, ауданды ұлтымыздың аруақты аты деп, газетіміздің есімін «Қазақ» қойдық. Ұлт үшін деген істің ұлғаюына күшін қосып, көмектесіп, қызмет ету қазақ баласына міндет. Халыққа қызмет етемін десеңдер, азаматтар, тура жолдың бірі осы. Жол ұзақ, ғұмыр қысқа, қолдан келгенін ғұмыр жеткенінше істеп кетелік...», — деп өз оқырмандарына ой тастауында үлкен философиялық мəн бар.

Мерзімді басылымдар қазақ жерінің бірқатар өңірлерінде жарық көре бастады. Айталық, Семей- де «Сарыарқа», Ордада «Ұран», Ташкентте «Алаш» газеттері шықты. Бұлардан басқа Өскеменде «Голос Алтая», Орынборда «Қазақ мұңы», Қостанайда «Вольное слово», Верныйда «Мұхбір» жəне басқа да газеттер жарық көрді.

Орынборда шыққан «Қазақ мұңы» газеті Торғай облыстық Совдепінің басылымы болды. Оның редакторы Нəзір Төреқұлов кейіннен танымал қоғам қайраткері болды. Ол 1923 ж. Мəскеуге шақырылып, КСРО Орталық атқару Комитеті жанындағы Орталық баспа басқармасының төрағасы етіп тағайындалады, Шығыс халықтары институты ректорының орынбасары қызметін қоса атқарады. Міне, осы кезеңде жоғарғы партия басшылығында Н.Төреқұловтың бай білімі мен тəжірибесін дипломатиялық қызметте пайдалану туралы əңгімелер жүреді. Ал 1927 ж. 15 желтоқсанда КСРО ОАК Президиумының Қаулысымен Н.Төреқұловты Джиддадағы (Сауд Арабиясы) КСРО-ның өкілетті өкілі етіп тағайындау туралы жарлық шығады. Сауд Арабиясында ол сегіз жыл елшілік қызмет атқарған кезінде КСРО мен Сауд Арабиясының арақатынасын, бүгінгі тілмен айтқанда, стратегиялық əріптес елдерге айналдырды. Шығыс халықтарының білгірі ретінде ол Кеңестер Одағының Арабия түбегінде өз саясатын жүргізуде достастық қарым-қатынас орнатуда король отба- сымен, оның ішінде корольдің өзі Абдель Азиз аль Сауд жəне оның мұрагері ханзада Фейсалмен тікелей қарым-қатынас орнатудың маңызы зор екенін түсінді. Сөйтіп, ол мұрагер ханзада Фейсалмен достасу арқылы король отбасының сеніміне ие болды. КСРО-ның бұл өңірде кең ауқымда өз саяса- тын жүргізумен қатар, сауда-саттық мəселесін шешуде де маңызды рөл атқарды. Өз қызметін жоғары дəрежеде атқару үшін Н.Төреқұлов бірнеше тілді меңгерді. Ол тілдердің санатында қазақ, орыс, өзбек, татар, түрік, неміс, француз тілдері бар. Аз ғана уақытта араб тілін де үйреніп алады. Осылай- ша қазақтан шыққан тұңғыш дипломат алғашқыда мерзімді баспасөзге де қызмет ете білді.

Өңірлерде шыққан мерзімді басылымдар өздерінің аттары айтып тұрғандай, қазақ тілімен қатар татар, ұйғыр, орыс тілдерімен араласып жарық көрді. Мысалы, орыс тілінде шыққан ӨскеменніңХХ ғ. басында жарық көрген қазақ басылымдарының арасында мəдени-ағартушылықпен қоса ел ішінде орын алып отырған кемшіліктерді ашып, оларды түзетуге бағытталған журналдар шыға баста- ды. Солардың бірі 1917 ж. жарық көрген «Садақ» журналы. Бұл журналдың редакторы Ə. Басиров болса, оған идеялық жағынан белгілі мемлекеттік қайраткер Ораз Жандосов жетелік жасады [4; 56]. Газет-журналдардың редакторлары жəне олардың негізгі авторлары жайлы осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Бірақ бұл мақалада қазақ мерзімді баспасөзінің қалыптасуы мен дамуының кейбір мəселелерін ғана қарастыруды мақсат еткендіктен, осылайша шектеліп, редакторлар мен ав- торлар жайлы мақаланы алдағы уақыт еншісіне қалдырдық.

1919 ж. шыққан «Мұғалім» журналы қоғамдық-саяси, ғылыми педагогикалық жəне əдеби бағыттағы қызметімен танымал болды. Оның беттеріне ел ішіндегі өзекті мəселелер көтерілген мақалалармен бірге К. Марк, Ф. Энгельстің қысқаша өмірбаяндары басылып шығады. Ал журналдың 1919 ж. 15 шілдесінде № 7 санының бірінші бетті ұлы Абайдың өлеңімен ашылғандығы туралы зерттеуші Х. Бекхожин жазған болатын [4; 78].



Қазақ баспасөзінің даму тарихы Қазан төңкерілісінен кейін дами түсті. Төңкеріліс жылдарынан кейінгі басылымдар да бұрынғысынша ресми жəне ресми емес бағытты ұстанып қалды. Ресми бағыт ұстанған басылымдардың бірі, Кирревкомның органы болған 1919 ж. шыққан «Ұшқын» жəне 1920 ж. шыққан «Известия Киргизского края» газеттері. Осы екі газеттен «Социалистік Қазақстан» мен «Ка- захстанская правда» газеттері бастау алып, бүгінгі тəуелсіз Қазақстанның республикалық басылым- дары — «Егемен Қазақстан» мен «Казахстанская правда» газеттері арқылы жалғасын тауып отыр.

Уақыт өте мерзімді басылымдардың идеялық мазмұны мен материалдық сапасы жоғарылап отырды. Газеттер мен журналдар бірнеше рубрикалармен берілетін болды. Бірақ олардың басым көпшілігі 1991 ж. дейін кеңестік идеологияға сəйкес жұмыс істеді. Тіпті атауларының өзі кеңестік идеологияға тəн болды. Мысалы, «Коммунист», «Қызыл Қазақстан», «Қазақстан коммунисі» жур- налдары, «Правда», «Известия», «Социалистік Қазақстан», «Советтік Қарағанды», «Лениншіл жас», «Коммунизм таңы» газеттері т.с.с.

1920–1930 жж. жарық көрген газет-журналдардың барлығы да халық шаруашылығын қалпына келтіру, жаңа экономикалық саясат тəрізді мəселелер көтерген мақалалар мен жаңалықтарды жария- лауда коммунистік партияның лениндік ұлт саясатына сəйкес жүргізді. Мысалы, 1931 ж. бастап шыққан Қарағандыдағы қазақ тіліндегі «Қарағанды пролетариаты» жəне орыс тіліндегі «Большевист- ская кочегарка» газеттері сол саясат негізінде жарық көрді. Екі газет те 1936 ж. бастап облыстық басылымға айналды, ал 1963 ж. бері бүгінгі атауы, яғни «Орталық Қазақстан» деген атпен белгілі.

Барлық газет-журналдар «Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!» деген ұран аясында жарық көрді. Сол себепті қазақ еңбекшілері мен жұмысшыларына, интеллигенция өкілдеріне кеңес өкіметінің нағыз халықтық өкімет екенін, оның жұмысшы-шаруа одағы жəне халықтар ынтымағы негізінде құрылғанын, пролетарлық интернационализм идеясын түсіндіруге арналған мақалалар көп болды.

Мерзімді басылымдардың барлығына тəн ортақ идеология — лениндік ұлт саясаты, социализм жəне коммунизм идеяларын насихаттау болды. Бұл дəстүр келесі онжылдықтарда да өз жалғасын тапты. 1940 жж. баспасөз соғыс уақытының талаптарына сай тəртіпке келтірілді. Соғыс жылдарындағы ең маңызды іс — Советинформбюросының құрылуы болды. Бұл үкіметтік орган майдандағы жəне тылдағы аса маңызды оқиғалар туралы хабармен газеттерді жəне радионы қамтамасыз етіп отырды. Соғыс жағдайында Қазақстандағы газет-журналдардың біразы уақытша тоқтатылды, сол арқылы қаржы үнемделді. Керісінше, əскери басылымдардың жүйесі өрістеді.

«Барлығы майдан үшін!», «Барлығы Жеңіс үшін!» деген ұран арқылы халықтың күш-жігерін жұмылдыруға шақырған, патриоттық рухтағы басылымдары арқылы газет-журналдар соғыс жағдайына бейімделді. Майдандық газеттер қазақ тілінде да жарық көрді. Олардың беттерінде соғыс барысында ерлік көрсеткен жерлестеріміз жайлы, майдан даласындағы жаңалықтар туралы жазылды. Осы жылдарғы Қазақстан баспасөзі туралы зерттеуші Х. Бекхожинның кітабында біршама жақсы жазылған [4; 187–217].

4. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі қазақ баспасөзі халық шаруашылығын қалпына келтіру, ел экономикасын одан əрі дамыту мен мəдени өмірдегі айтулы оқиғаларға арналған материалдарды жариялауға көшті. Бұл үрдіс 1990 жж. дейін жетті. Сондай-ақ газет-журналдардың беттеріне бұрынғысынша коммунистік партия съездерінің қарарлары мен шешімдері де жарияланып отырды. Оқырмандардың белгілі бір категорияларына арналған мерзімді басылымдар көбейе түсті. Əсіресе мектеп оқушылары мен жастардың сүйіп оқитын «Балдырған», «Пионер», «Білім жəне еңбек» жур- налдары, «Қазақстан пионері», «Лениншіл жас» газеттері ерекше сұранысқа ие болды. Ағарту сала- сында «Қазақстан мұғалімі» газетінің алған орны ерекше. Əрине, аталған бұл басылымдардан басқа да газет-журналдар көп жəне олар белгілі бір салаға байланысты да шығатын болды. Жалпы кеңестік дəуірдің мерзімді басылымдары туралы қысқаша шолу жасай отырып, қазақ баспасөзі осы дəуірдің тарихи оқиғалары — азамат жəне Отан соғысы жылдарына, халық шаруашылығын қалпына келтіру мен экономиканы индустрияландыруға, ауыл шаруашылығын алғашқыда ұжымдастыру, кейінірек кеңестік шаруашылық орталықтарына айналдыруға байланысты мəселелерді көтерді деп айтуға бо- лады.

Ал Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы деп аталған алып империя ыдырағаннан кейін, оның орнында пайда болған тəуелсіз мемлекеттерге төл тарихтарын жаңаша жазатын кез келді. Тарихтың ақтаңдақ беттері ашылып, Қазан төңкерісіне дейінгі, тоталитарлық билік жылдарындағы отандық тарихтың көкейкесті мəселелерін көтеруде жəне оны барша халыққа жеткізуде іргелі ғылыми зерттеулермен бірге, тағы да қазақ баспасөзі өзінің қызметін көрсете бастады. Мерзімді баспасөз халыққа қай уақытта да қоғамдық өмірдің айнасы бола отырып, қазіргі өзгермелі заманда, жаһандану кезеңінде Қазақстанның саяси, əлеуметтік-экономикалық жəне рухани-мəдени дамуын көрсетуде үлкен рөл атқаруда. Егемендікке қол жеткізгенімізге 24 жыл ғана болғанына қарамастан, Қазақстанның тəуелсіздік жылдарындағы баспасөзі жайлы жинақ жарық көрді [5–7]. Мұнда 1991–2008 жж. аралығындағы баспасөз мəселесі біршама қарастырылды. Дегенмен, 1991 жж. пайда болған жəне бұрыннан келіп жеткен мерзімді басылымдарға жəне жаңадан қосылып отырған газет-журналдарға сыни тұрғыдан қарай отырып, оларды да ресми жəне бейресми деп жіктеуге болады. Мысалы, 1919 ж. бүгінгі күнге дейін жетіп, жалпыұлттық республикалық газет сипатына ие болып отырған «Егемен Қазақстан» ресми басылымға жатса, ал оппозициялық сипатқа ие «Дат», «Свобода слова» газеттері бейресми бағыт ұстанатындығын айту керек. Сонымен бірге бүгінгі газет-журналдар заманға лайық қызмет атқарып отырғандығын атап өткен дұрыс. Қазір экономика, нарық заманы болғандықтан, га- зет-журналдардың басым бөлігі ақпараттық, танымдық, тəрбиелік сипатқа ие болып қоймай, жарнамалық қызметтің түрін қоса атқарып отыр. Қалай болған күннің өзінде газет-журналдарды де- рек ретінде қолдану əлі де өзекті.



Сонымен, ХХ ғ. мерзімді баспасөздің қатары бұқаралық ақпараттық құралдардың түрлері радио жəне телевидениемен, ал ХХ–ХХІ ғ. тоғысы ғаламтормен (интернет) толықтырылды. Заманауи бұқаралық ақпарат құралдары күн сайын жетіле түсуде, саны көбеюде. Олардың сапасы артып, үйлестірілуі мен белсенділігі анағұрлым тез дамуда. Соған қарамастан, газет-журналдар бұқаралық ақпарат құралдарының бастауы, қайнар көзі болып қалуын жалғастыруда. Газет-журналдардың сандық форматы ғаламтор арқылы өз оқырмандарына ғана емес, əлемнің кез келген нүктесіндегі қызығушылық танытқан адамдардың танысуына мүмкіндік беруде. Сондықтан қазақтың мерзімді баспасөзі өз халқына əлі де ұзақ уақыт қызмет ететіні сөзсіз.

5. Қазақ баспасөзінің бағыт-бағдарына алғаш баға бергендердің бірі жазушы-академик С.Мұқанов.Ол өзінің 1932 жылғы «XX ғасырдағы қазақ әдебиеті» деген кітабында қазақ баспасөзіне біраз талдау жасайды. Сол сияқты профессор Қ. Жумалиев пен профессор Е. Исмайыловтың 1941 жылғы «Қазақ әдебиеті» деген оқу құралында, «Қазақ ССР тарихында»., Қ.Бисембиевтің 1961 жылғы «Қазақсанда XIX ғасырдың аяқ шенінде және XX ғасырдың басында болған саяси-идеялық ағымдар» деген кітабында қазақ баспасөзі туралы сөз болды. Қазақ баспасөзінің кешегі-бүгінгісін бірыңғай зерттеп, мол мұра қалдырған Х. Беккожиннің есімі ерекше аталуға тиіс. Аталған авторлардың еңбектері кезінде өз міндеттерін атқарады, өз қызметтерін көрсетті.

  Революциядан бұрынғы баспасөз бетінде басылған мәліметтерді ғылыми маңыздылығы жағынан архив қазынасы мен бір дәрежеге қоюға болады. Әрине осы газет-журналдарда басылған шығармалардың кез келгенін пайдаланарда оған сын көзімен қараған дұрыс.

  Қазақстан жерінде шыққан газет-журналдардың басым көпшілігі орыс тілінде басылғанымен қазақ тіліндегілер де аз болған жоқ. Солай дегенмен де орыс тіліндегі газет-журналдардың көпшілігі реттеліп, библиографиясы жасалып, материалдары ғылыми айналымға түскенімен қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздер күні бүгінге дейін реттелмеді, олардың толық библиографиялық көрсеткіштері жоқ. Осыдан барып көптеген ғылымдарға, әсіресе шығыс халықтарының әдеби, мәдени мұраларын, тарихын, экономикасын, тілін зерттейтін ғалымдарға осы бай мұра бүтіндей белгісіз болып келді. Ал, бұл газет журналдарға көз жіберіп , сырын ашып, ақтарып көретін болсақ, олар революцияға дейінгі Қазақстанның тарихынан, әдебиетінен, мәдениетінен, шаруашылық жайларынан толып жатқан соны деректер бергені даусыз. Тағы бір айта кететін жай Қазақстанның тарихын, экономикасын, әдебиетін, мәдениетін зерттейтін ғалымдар қазақ тілінде ертеректе шыққан газет-журналдарын тауып пайдалану үшін көптеген уақыттарын жоғалтады. Оның қиындықпен түсетін бір себебі мынада: бұл газет-журналдар кітапхана қорымен архивтерде түгел сақталмаған.

  Патшалық Россиялыќ қол астындагы ұлттар тіліндегі шыққан газет-журналдарда басылған мақалалардың түгелге жуығы библиографияға түсірілмегенін ескерсек, қазақ тіліндегі библиография тіпті болмаған. Бұл жұмыс тек кейінгі кезде ғана қолға алынып, қазақ халқының мәдени өмірін, тарихи даму жолындағы өзгерістерді талдап, зерттеуде жұмыстар атқарылып, түрлі энциклопедиялар мен библиографиялармен жинақтар шығарылды [45].

  Қазақ баспасөзінің тарихын зерттеуде елеулі қателіктер, үлкен кемшіліктер болды.

  Кейінгі жылдары қазақ баспасөзін зерттеудегі қателіктерді түзеу жөнінде бірқатар жұмыстар істелді. Б. Кенжебаев өзінің алғашқы кітабын түзетіп, 1956 жылы «Қазақ баспасөзі тарихынан» деген атпен қайта бастырып шығарды. Осы кітаптың авторы да бұрынғы жіберілген қателіктерін ескере отырып , қазақ баспасөзі тарихына байланысты бірқатар мақала жариялады, осыған орай басқа авторлардың да мақала, кітапшалары жарық көрді.

Қазақ баспасөзін зерттеуге бұрын-соңды басылып шыққан библиографиялық көрсеткіштер көп жеңілдік келтіреді. Бұл жөнінде Алянтровтың, Седельниковтың, Сабитовтың, сондай-ақ академик Ә. Марғұлан мен профессор Е. Исмайыловтың басшылығымен Ү. Субханбердина құрастырған библиографиялық көрсеткіштерді атап көрсетуге болады.

  Осылардың бәрі қазақтың мерзімді баспасөзінің тарихы туралы жинаѓы кітап жазу қажеттігін туғызды. Бұл жөнінде Х. Беккожин көптен бері зерттеу жүргізді, бірақ бұдан 1830 –1960 жылдар арасында шыққан қазақ газеттерімен журналдарын түгелдей егжей-тегжейлі зерттеген екен деген ұғым тумауы керек. Бұл, біріншіден, тек бір кісінің қолынан келетін іс емес. Бұл кітапты («Қазақ баспасөзінің даму жылдары») автор өзінің және басқалардың зерттеулері негізінде жазды.

  Екіншіден бір кітаптың ішінде қазақтың мерзімді баспасөзінің барлық жағдайын қамтуда мүмкін емес.

  Әрине, қазақ баспасөзінің тарихын Россиядағы жұмысшы баспасөзінің тарихымен теңестіруге болмайды.

  Біз жоғарыда қазақ баспасөзінің тарихи әр кезеңдегі тарихы оқиғаларға байланысты зерттелуі тиіс дедік. Бұл қазақ халқының әлеуметтік өміріне, экономикалық жағдайына тығыз байланысты зерттелуі тиіс деген сөз. Осылай зерттелгенде ғана баспасөздің қоғам дамуында атқаратын рөлі айқындала түседі [9].

  Ұлы орыс халқының озат мәдениеті қазақ мәдениетінің өркендеуіне игі әсерін тигізді, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев сияқты демократ-ағартушылар шықты, олардың ізінше ұлт интелегенциясы қалыптаса бастады. Орысша және қазақ тілінде оқытатын мектептер ашылды. 1862 –1900 жылдар арсында қазақ тілінде 70 шамалы кітап басылып шығып, қазақтың жазба әдебиеті мен мерзімді баспасөзі пайда болды.

  Қазақстанның қалаларында патшаның жергілікті әкімшілік орындарының ресми органдары болып табылатын газеттер шыға бастады. «Облыстық ведомоствалармен « қатар қазақ тіліне аударылып Орынборда «Торғай газеті», Омбыда «Дала уалаяты», «Ауыл шаруашылық листогі» сияқты газеттер шығып тұрды. Ташкентте қазақ тілінде шығарылған «Түркістан уалаяты» газеті, сондай-ақ Оралда, Астраханьда және кейбір қалаларда шығарылған газеттер де Қазақстан өмірімен байланысты болды.

  Бұл газеттер қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік шаруашылық және мәдени-ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, патша өкіметінің отаршылдық саясатын күшейте түсу, оның бұйрық-жарлықтарын жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындату сондай-ақ оның ресми көзқарастарын халық арасында кең таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатымен шығарылды.

  Алайда патша үкіметі тарапынан көзделген мақсатқа қарамастан «Қазақстан да мәдениеттің дамуына мерзімді баспасөздің пайда болуы елеулі әсер еттті». Патша өкіметінің заңдарын, жарлықтарын жариялай отырып, оның реакцияшыл, отаршылдық саясатын уағыздай отырып, бұл органдар сонымен қатар өз беттерінде өнеркәсіп пен ауылшаруашылығы өндірісін дамыту мәселелерін көрсетеді. Бұл газеттер де мал шаруашылығы мәселелері, жаңадан ашылған мектептер туралы кең жазылып отырды, қазақ халқының тарихына, тіліне, ауыз әдебиетіне, этнографиясына, Қазақстанның орхиологиясы мен пайдалы кен байлықтарына арналған мақалалар басылып тұрды.



  Әсіресе, әуел баста аударма болса да, бірте-бірте дербес газет дәрежесіне дейін жетіп, қазақ тілінде шығарылған «Түркістан уалаяты» (1870-1882), «Дала уалаяты» (1888-1902) қазақ баспасөзі тарихынан алғашқы беташары болып табылады [9].

6. Қазақстанның Россияға қосылу нәтижесінде орыс пен қазақ халықтарының алдыңғы қатарлы өкілдері арасында рухани жағынан да достық қарым - қатынастар орнады. Революциядан бұрынғы кездің өзінде демократияшыл орыс интеллегенциясының аса көрнекті қайраткерлерінің Россияның барлық халықтарының алдыңғы қатарлы өкілдерімен тығыз байланысты болғаны, ұлттық езгіге қарсы белсенді күрес жүргізгені, әр түрлі ұлттар мен халықтардың мәдениетін дамытуға игі әсер еткені мәлім.
Қазақстанға Орталық Россиядан орыс шаруаларының көшіп келіп орналасуының зор маңызы болды. Олар қазақтардың отырықшылыққа, егіншілікке көшуіне әсер етті, орыстар мен қазақтар арасында достық қатынастар күн санап нығая берді
Патшалық Россия халықтардың түрмесі болғаны мәлім. Ол шет аймақтардағы халықтарды аяусыз езіп, азапқа салды, оларды надандық пен қараңғылықта ұстауға тырысты, ұлт араздығын қоздырып отырды. Россияның басқа халықтары сияқты, қазақ халқы да саяси жағынан еріксіз болды, ұлт мәдениеті, әсіресе, тілі қорланды. Бірақ патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарамастан, Қазақстанның Россияға қосылуының терең прогрестік маңызы болды. Бұл қосылудың нәтижесінде Қазақстанда экономика мен мәдениеттің дамуына жағдай жасалды.
«Капитализмнің ескі шаруашылық құрылысқа қатысты аталған барлық өзгертулері,- деп көрсетті. В.И.Ленин,- сондай-ақ халықтың рухани бейнесін өзгертуге де сөзсіз әкеліп соғады». Қазақстанға капиталистік қатынастардың терең бойлай таралуы мұндағы ескі шаруашылық құрылысты өзгертті, ал мұның өзі қазақ халқының санасына да елеулі өзгеріс енуіне әсер етті. Орыс халқының озат мәдениеті қазақ мәдениетінің өркендеуіне игі әсерін тигізді, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин және Абай Құнанбаев сияқты демократ ағартушылар шықты, қазақ халқының ішінде ұлт интеллигенциясы қалыптаса бастады. Орысша және қазақ тілінде оқытатын мектептер ашылды. 1862-1900 жылдар арасында қазақ тілінде 7 шамалы кітап басылып шықты. Қазақтың жазба әдебиеті мерзімді баспасөзі пайда болды. Орыстың революцияшыл - демократиялық баспасөзі мен публицистикасы қазақ ағартушылары Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің және Абай Құнанбаевтың қоғамдық - саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер етті. В.И.Ленин атап көрсеткендей, крепостниктікке қарсы күрес, тұрмыстық прогрестік формалары мен ағарту ісін жақтаушылық, халық бұқарасының мүддесін қорғау, орыс ағартушыларының осындай үш түрлі сипаты қазақ ағартушыларына да тән қасиеттер еді. Қазақстанның қалаларында патшаның жергілікті әкімшілік орындарының ресми органдары болып табылатын газеттер шыға бастады. «Облыстық ведомстволармен» қатар қазақ тіліне аударылып, Орынборда «Торғай» газеті, Омбыда «Дала уалаяты» газеті, сондай-ақ Оралда, Астраханьда және басқа кейбір қалаларда шығарылған газеттер де Қазақстан өмірімен байланысты болды. Орыстың ұлы ағартушыларының демократияшыл дәстүрінен үлгі - өнеге ала отырып, олар қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті, феодалдық - патриархалдықтың сарқыншақтарына қарсы шықты, ұлы орыс халқымен дос болу, оның озат мәдениетінен үйрену идеясын қызу насихаттады.  Азаттық жолындағы қозғалыста орыстың алдыңғы қатарлы жазушылары мен аса көрнекті публицистері баспасөзді күрес құралы етті. Мысалы, 1836 жылы А.С.Пушкин ұйымдастырған «Современник» журналын алпысыншы жылдары А.Г.Чернышевский мен Н.Л.Добролюбов басқарып, оны шаруалар революциясы идеясын насихаттайтын айбынды органға айналдырды. Қазақ ағартушылары алдыңғы қатарлы орыс баспасөзінің тамаша дәстүрлерінен үлгі - өнеге ала отырып, қазақтың бұқарашыл публицистикасы мен журналистиканың негізін қалады
Бұл газеттер қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік-шаруашылық және мәдени - ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, патша үкіметінің отаршылдық саясатын күшейе түсу, оның бұйрық - жарлықтарын жергілікті халықтардың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындаттыру, сондай-ақ оның ресми көзқарастарын халық арасына кең таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатын көздеді.
Алайда патша үкіметінің екіжүзді мақсатына қарамастан, Қазақстанда мәдениетің дамуына мерзімді баспасөздің  пайда болуы елеулі әсер етті. Патша үкіметінің заңдарын, жарлықтарын жариялап, оның реакцияшыл, отаршылдық саясатын уағыздай отырып, сонымен қатар бұл газеттер өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту мәселелерін көтеруге мүдделі болды. Бұл газеттерде мал шаруашылығы жайлы, мектептер, егіншілік туралы және сауда туралы жазылып тұрды, қазақ халқының тарихына, тіліне, ауыз әдебиетіне, этнографиясына, Қазақстанның археологиясы мен пайдалы кен байлықтарына арналған мақалалар басылып отырды.
Алдымен аударма ретінде шығып, бірте - бірте дербес газет дәрежесіне дейін жетіп, қазақ тілінде шығарылған «Түркістан уалаяты» газеті (1870-1882) мен «Дала уалаяты» газеті (1888-1902) қазақ баспасөзі тарихының алғашқы бет ашарлары деп есептелінеді. Бұл газеттер патша үкіметі қойған міндеттер мен мақсаттарға, оның отаршылдық саясатын жүзеге асыруға, Қазақстанда капиталистік қатынастарды орнықтыруға қызмет еткенімен, объективтілік тұрғыдан қарағанда қазақтың тілі мен жазба әдебиетін қалыптастыруда, ұлттық мәдениеті мен экономикасының тарихын жазу жөнінде белгілі дәрежеде айтарлықтай роль атқарды. Ташкент қаласында 1870-1917 жылдары орыс тілінде «Туркестанские ведомости» газеті шығып тұрды. Түркістан өлкесін Газетті шығарысуға Н.С.Сеерцев, В.В.Бортольд, Н.П.Остроумов, Ш.М.Ибрагимов сияқты белгілі ғалымдар қатысты.билейтін генерал-губернаторлардың ресми органы болғанымен, бұл газетте жарияланған Орта Азия халықтарының тарихы мен этнографиясы, археологиясы және географиясы жөніндегі материалдардың мәні зор болды

Осы газеттер қосымша ретінде сол жылдан бастап тұңғыш қазақ тілінде Түркістан генерал - губернаторының ресми органы «Түркістан уалаяты» газеті шығарылды. Бұл газет ол кезде Түркістан өлкесіне қарайтын осы күнгі Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы облыстарының қазақтарына арналды. Газеттің редакторы және аудармашысы ағайын Ибрагимовтар болды. Қазақ газетін шығару ісіне Хасан Жанышев, Заманбек Шайхыәлібеков, Жүсіп Қазыбеков аудармашы әрі әдеби қызметкер болып қатысқан.Патша үкіметінің отаршылдық саясатын уағыздай отырып, ресми газеттер, кейде Россияның самодержавиелік езгісіндегі ұлттарды ұлы орыс халқының озат мәдениетіне тарту идеясын насихаттап отырды. «Россия халықтары арасындағы қатынастардың мұндай демократиялық және гуманистік бағытталуына мерзімді баспасөздің ұйымдастырушылары, редакторлары және қызметкерлері көбінесе прогресшіл ниетті орыс интеллигенциясының арасынан шыққан қайраткерлер болғаны себеп болды «Түркістан уалаяты» газетінің бетінде өзбек халқының революцияшыл ниеттегі демократ ақыны Мұқимидың және ағартушы ақыны Фурхаттың, орыс әдебиетінің классиктері Крыловтың, Пушкиннің, Толстойдың шығарамалары басылды.
Осы газет арқылы қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уалихановтың өмірі мен ісі бүкіл қазақ еліне мәлім болды. Қазақ тілінде газет шығарылуын жұршылық қуана қарсы алды. Семей жағының қазақтары бір жиында бұл газетті оқығанын, көңілдеріне ұнағанын, бұған дейін тек татар тілінде намаз оқуды үйрететін кітапшаны оқитындарын айта келіп, біздің қазақты бір жұрт біліп, біздің тілімізде газет бастырғаны үшін» алғыс айтады деп қуанды. Басылған хат-хабарларға қарағанда газеттің Ақмола (Целиноград), Ақмешіт (Қызылорда), Алматы Әулие-Ата (Жамбыл), Қапал, Қазалы, Қызылжар, Қарқаралы, Көкшетау, Омбы, Семей, Түркістан уездерінен жазып тұратын тұрақты тілшілері болған. Газет халықаралық жағдай және Россияның сыртқы саясаты туралы орталық үкімет газеттерінен көшіріп басып отырды. Мысалы, Париж пролетариатының 1871 жылы 18 мартта көтерілісі туралы хабар беріп тұрды. 1877-1878 жылдарда орыс - түрік соғысы кезінде бір пантюркистің Турция әскері жәрдем беру керек деген үгітіне қазақтардың қалай қарағандығы жөнінде газетке заметка жариялады. Онда Россияға мемлекет жәрдем бермейміз деп жұрт бір ауыздан мәлімдеген. Керісінше, Жетісу облысының Алматы, Қапал уездерінің қазақтары мен армиясының атты әскеріне жөнелткен. Газет қазақтарды отырықшы тұрмысқа ауысуға, егіншілік кәсібін қоныс аударып келген орыс шаруаларынан үйрену, бірлесіп Арыс -Түркістан каналын салуға шақырды. Әрине, ол заманда мұндай идеяны жүзеге асыру мүмкін емес. Бұл арман тек Кеңес өкіметі тұсында ғана орындалады.
Газет бетінен капиталистік қатынастардың қазақ даласына өтуінің жағымды және жағымсыз жақтары да көрінеді. Ақмоладан келген тілші хатында кедейленген қазақтар қала шетіне жатақ болып жиналып, жаңаша өмір сүре бастаған олардың тұрмысы көшпенділерден көп ілгері екендігі айтылады. Олар орыс тілін үйрене бастаған, үй ұстаулары мұнтаздай таза, самауыр стол, қасық, киім - кешегі-бәрі түзу. Көшеде екі кісі кетіп бара жатса қайсысы жатақ, қайсысы ел қазағы екенін сұрамай-ақ танисыз. Газет ауыл кедейлерінің хал - жағдайының әбден нашарлағанын, соның салдарынан олар қалаға келіп жалшы болып, күн көретінін, сөйтіп олар байлардың езгісінен өсімқорлардың тонауынан қашатынын аңғартады. «Түркістан уалаяты» газеті оқу - ағарту және әдебиет мәселелеріне едәуір орын беріп отырды. Ол қазақ жастарының гимназияда, орыс - қазақ мектептерінде оқи бастағанын құптайды. Әрине, алдымен дәулеттілердің балалары оқитыны сөз болады. Жастардың оқуға деген құштарлығын қуаттай отырып, орысша оқып білім алған қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі туралы өнеге ретінде арналған мақала жариялады
Орыстың мерзімді баспасөзінің әсерімен алғашқы қазақ газетінде заметка, корреспонденция, мақала, фельтон мен очерк сияқты жанрлар туа бастады.
«Ғылыми хабарлар» рубрикасымен сол кездегі ғылым мен техника табыстары жайында түсінік, сондай-ақ жаратылыс жөніндегі ғылыми тақырыптарда мақалалар, ветеринария және зоотехника мәселелері жайында консультациялар жариялауының қандай маңызы болғаны өзінен - өзі түсінікті. Бұлардың бәрі көшпелі халықтың дүниетанымына игі әсер еткені сөзсіз.
Газет оқушыларына танымдылық сипатты материалдардың әсер еткені қызық. Батыс Европа туралы очерк жөнінде біреу «Осы күнге дейін біз дүниенің бәрінде үш-ақ мемлекет бар деп жүруші едік - орыс, түрік және қытай мемлекеті. Қарасақ, дүниеде мемлекет үшеу емес, көп екен» депті. Н.П.Остроумовтың «Петр Ведомостволарының» XVII-XVIII ғасырларда орыстар үшін қандай маңызы болса, «Түркістан уалаяты» газетінің де XIX ғасырда өзбектер мен қазақтар үшін сондай маңызды болды деген тұжырымымен келіспеуге болмайды.  Әрине, Қазақстанды, зерттеп білу мақсаты көзделді. Аптасына бір рет шығып қазіргі Қазақстанның бүкіл территориясына дерлік таралды.«Дала уалаяты» газеті барлық патшалық губерниялық газеттердей ресми және ресми емес бөлімдерден тұрады. Ресми бөлімінде үкімет 1882 жылы Дала генерал - губернаторы құрылып, оның құрамына Ақмола, Семей, және Жетісу облыстары енгізілді. Орталығы Омбы қаласы болды. 1888 жылы 1 январьда Омбыда «Дала уалаяты» газеті шыға бастады. Баспасөз ісі жөніндегі бас басқарма оны «жергілікті халықты үкімет бұйрықтарымен таныстырып отыру өтінішін шығарып тұруға рұқсат етті» және әкімшілік органдардың указдары, нұсқаулары, бұйрықтары басылды. Сонымен бірге «ақ патшаға» адал берілгендікті сездіретін материалдар да жарық көрді. Әсіресе ресми емес бөлім ерекше назар аударады.
Мұны сол замандағы қазақ аулының қоғамдық ой-пікірі біршама көрініс берген.
Газетте экономика мен мәдениет жөнінен анағұрлым ілгері Россияның қазақ халқының өміріне тигізген әсерін көрсететін құнды материалдар жарияланды.
Осы газеттің маңына топталған өдерінше прогресс ниеттегі қазақ интеллигенттері Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннің және А.Құнанбаевтың өнегесі бойынша көшпелілерді шаруашылықты жаңаша жүргізуге, басқаша айтқанда отырықшы болып, егіншілікпен айналысуға шақырды, орысша оқып білім алуға, орыстың озат мәдениетіне жақындасуға деді. Олар өздерінің  ізашаралары сияқты қазақ әдебиетін, тілін дамытуды көздеді, әйелдерді азат етудің және соңғы әлеуметтік проблемаларды ұсынады. Осындай проблемаларды талқылаудың барысында бірін - бірі қарама -қарсы екі ағым - кертартпа және прогрестік ағым туды. Қазақ қауымының арасында сондай екі ағымның барлығын Ш.Уәлиханов елуінші жылдардың орта шеніннен-ақ атап көрсеткен болатын. «Осы уақытта,- деп жазды Ш.Уәлиханов,-ескі мен жаңаның арасында елеусіздеу, бір күшті күрес болып жатыр деуге болады»
Қазақ қауымының үстем тап өкілдері жаңалық пен прогрестің бәріне мейлінше қарсылық білдірді. Өмірде бола қоймайтын өзгерістерге қарсы және күні өтіп бара жатқан іріткіні сақтау үшін күресте үстем тап өкілдері рухтандыратын күшті мұсылман дінінен, панисламизм мен пантюркизмнен деді. Кертартпа ақындар қазақ халқының қас жауы К.Қасымовтың реакцияшыл қозғалысты басқарғаны үшін мадақтады. Осыған байланысты айта кету керек: «Дала уалаяты» газеттерінде Кенесары тонағыш және бұзақы деп сипатталады. Қазақ қауымының ішінде кертартпа, мұсылманшылдық және прогресшіл орыс мәдениеті ықпалдарынан туған екі түп мәдениеттің арасындағы идеялық күрес XIX ғасырдың аяққы шенінде және  XX ғасырдың басында күшейе түсті. Бұл күрес  «Дала уалаяты» газетінің бетінен көрініс тапты.  Газет бетінде «Редакцияға хат» деген арнаулы рубрика ашылған-ды. Біреулер таңдаулы ақындардың шығармалары және халықтың ауыз әдебиетінің үлгілерін қазақ тілінде кірген жинақ етіп бастырып шығаруды талап етті, басқалары қазақ газетіне кім немен көмектесе алар екен деп жазды. Көптеген хаттарда қазақтың жазба әдебиетін қандай жолмен дамыту керек екені туралы сөз болды. Сөйтіп қарама - қарсы екі идеялық ағымның соқтығысын бейнелейтін айтыс туды
Ақыры прогресшіл ағымды жақтаушылардың мерейі үстем болды. Газетте ең алдымен халық туындылары және демократияшыл  жазушылармен публицистердің шығармалары басылды, сонымен бірге қазақтың реалистік бағыттағы жазба әдебиетінің әдеби тілін ұстанудың негізін қалаған Абай Құнанбаевтың, Ыбырай Алтынсариннің шығармалары және Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі туралы мақалалар жарияланды. Осы газеттің бетінде орыс әдебиеті классиктері: А.С.Пушкиннің, Л.Н.Толстойдың, В.Г.Белинсийдің М.Ю.Лермонтовтың, И.А.Крыловтың  және басқаларының шығармалары қазақ тіліне аударылып басылды.
Тілшілері мен авторлары арасында аса ірі шығыс зерттеушілері, этнографтар, фольклористер: Г.Потанин, Н.Добромыслов, В.Обручев, Н.Пантусов және басқалар бар еді. Қазақстанның барлық облыстарында газеттің тілшілері болды.
«Дала уалаяты» газетінің редакторы міндетін Ешмұхамет Абылайханов пен Дінмұхамет Сұлтанғазин кезек атқарды. Аудармашы және әдеби қызметкерлері, тілшілері, авторлары арасында Рақымжан Дүйсенбаев, Мұқаметжан Сералин, Асылқожа Құрманбаев, Қорабай Жапанов сияқты қазақ ағартушыларының жолын қуған демократиялық-прогресшіл адамдар болды, алғашқы екеуі кейін большевик болды.  Прогресшіл бағыттағы интеллигенттер «Дала уалаяты» қараңғы бұқараны ағартуға себеп болатын маңызды құралдардың бірі деп есептеді. Мысалы, Сұлтанғазиннің пікірінше газет қазақ шаруаларына өздерінің мұқтаждары, мал бағу, егіншілік, мәдени өмірдің барлық мәселелері  жөнінде пікір алысуына мүмкіндік жасайды
Тілшілер қазақ халқын  отырықшы болып, егіншілікпен айналысуға, мұны интенсивті мал шаруашылығымен қоса жүргізуге үнемі үгіттеп отырды. Газет көшпенді қазақтардың отырықшылану және егінмен шұғылдануы елеулі қозғалысқа айналғандығын атап көрсете келіп, бұл қозғалысты қазақ даласына енген жаңалықтардың бастамасы деп бағалады. Қазақтардың жаңаша өмір салтына бет бұруына (бұл ол кезде бұқаралық құбылыс болған жоқ еді, ал патша өкіметі тұсында ондай болуы мүмкін де емес еді) Россияның орталық аудандарында қоныс аударып келген еңбекші орыс шаруаларының жергілікті халықты жер өңдеу  ісін үйренуіне көмектесуі себеп болды. Газет материалдарынан қазақ аулына капиталистік қарым - қатынастардың қалай тарағанын айқын көруге болады. Бұл жөнінде бір ғана мысал келтірсек те жеткілікті. «Қазақ арасында да өсімқорлар бар,- деп жазды Павлодар уезіндегі тілші Қ.Жапанов,- бұлардың сауда жүргізетін уақыты көбінесе алым алғанды әм қазақтар қалаға шығарда болады. Теңге басы 70 тиын өсім деп нарық айтады, кедей байғұстың екі сиырынын екі бұзауы борышқа кетіп, баяғы екі сиыр төлсіз қала берді»

7. Қорытынды. ХХ ғасырдың басы – қазақ халқының тарихында бүкіл қоғамдық ой-пікірдің өрлеуіне мүмкіндік туып, Ресей патшалығы әдейі тұмшалаған ұлттық сананың ояну дәуіріне жол ашқан кезең. Ендеше, осы тұста ұлттық сананың ең өнімді саласы - әдебиеттің, қоғамдық сананың көрсеткіші – баспасөздің күрт алға басуы заңды нәрсе.
Халқымыздың саяси-әлеуметтік, әдеби, мәдени ой- пікірін оятып, қалыптастыруға септігін тигізген ұлтымыздың кейінгі жүз жылдан аса тарихының сырлы шежіресі – қазақ баспасөзі ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында «Түркістан уалаяты», «Дала уалаятының газеті» болып патшалық Ресей үкіметінің үкімімен дүниеге келді.
Қазақ баспасөзінің іргетасын қалаған «Түркістан уалаяты» газетінің соңын ала Орта Азия халықтарының тіліндегі газет-журналдар шыға бастады. Соның бірі «Дала уалаяты» газеті болды. Өзінің бағдарламасына сәйкес газет ресми түрде патша үкіметінің бұйрық – жарлықтарын, заң – закондарын әкімшілік басқару істерін жариялайтын басылым болды.
Газет қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік ой-пікірін оятуға, мәдени-әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге едәуір әсер етті. Саяси-экономикалық мәселелермен қатар оқу-ағарту ісінің жай-күйі, өнер-білімнің пайдасы, орыс мәдениетінің жетістіктері, қазақ әдебиетінің хал-қадірі, қазақ зиялылары мен ғалымдарының өмірі жайында бірқыдыру тарихи мақалалар, хабарлар жарияланды.
Орыстың революцияшыл-демократиялық баспасөзі мен публицистикасы мен журналистикасының негізін қалады. Орыс баспасөзінің әсерінде қазақ тілінде «Қазақстан», «Серке», «Қазақ», «Алаш», «Бірлік туы», «Сарыарқа», «Ұлан», «Үш жүз», «Тіршілік» және т.б. газет- журналдар шығып, қазақ халқының дүниетанымына әсер етіп, көзқарастарын кеңейтіп, прогрессивтік ағартушылық бағытта үлкен қызмет атқарды.
Қазақстанда ұйымдастырылған социал-демократиялық топтар мен ұйымдар өлкедегі революциялық қозғалысқа басшылық етті, сонымен қатар олар жергілікті басылымдарды пайдалана отырып, өздерінің дербес баспасөз органдарын құрды.
Патша самодержависінің отаршылық саясатын батыл әшкерлеп, пролетариатты оған қарсы әзірлеуде аса маңызды рөл атқарған газеттер Лениндік «Искра» , «Новая жизнь», «Орал», «Трудавая жизнь», «Степная жизнь» еңбекшілердің саяси оянуы туралы үнемі хабарлап, бұл фактілерге айқын большевиктік баға беріп отырды, сөйтіп ұлт-азаттық қозғалысқа жергілікті партия ұйымдарының дұрыс басшылық етуіне жөн сілтеді.
1905 – 1907 жылдардағы Қазақстан большевиктік баспасөзі, қазақ еңбекшілерін революциялық күреске қатыстыруда үлкен рөл атқарды. Қозғалысқа басшылық етуде бұл баспасөздер жергілікті партия ұйымдарының жауынгер қаруы болды.
Большевиктік баспасөздері «Социял-демократ», «Звезда», «Правда» - Қазақстан еңбекшілерінің азаттық жолындағы күресі туралы үнемі хабарлап отырды. Орыс және қазақ еңбекшілерінің ауыр халі мен күресін жазған баспасөзхалықтың таптық ынтымақ сезімін шыңдады. Большевиктік идеалдардың ұшқындары көрінген қазақтың демократиялық баспасөздері пайда болды. «Қазақстан» газеті, «Айқын» журналы қазақтың қоғамдық ой-пікірін, әдебиеті мен публицистикасын  Ш. Уалихановтың, Ы. Алтынсаринның, А. Құнанбаевтың ағартушылық дәстүрлері негізінде дамытты.
1915 – 1918 жылдары Уфадағы Рама медресінде оқып жүрген қазақ жастары Б. Майлиннің ұйымдастыруымен «Садақ» журналы шықты. 1913 жылы «Елім» газеті. Росиядағы революциялық қозғалыстың жаңадан өрлеуі және дүниежүзілік бірінші империалистік соғыс кезінде большевиктік баспасөз, демократиялық бағыттағы қазақ баслымы Қазақстан еңбекшілерін самодержавиеге қарсы аттанысқа орыс пролетариаты, оның серігі еңбекші шаруалармен бірлесіп шығуын әзірлеуде елеулі қызмет етті.
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзінің саяси-қоғамдық және әлеуметтік мәні орасан күшті. Біз бітіру жұмысында, әсіресе қазақ қауымы үшін қызмет көрсеткен «Қазақ» газеті мен «Айқын» журналының қызметіне ерекше тоқталдық.
Ахмет Байтұрсынов, М. Дулатов, Әлихан Бөкейханов, М. Тынышпаев сияқты қазақтың біртума талаптар шоғырын осы газеттер арқылы үзеңгі қағыстыра мәдениет майданына шығуы ұзақ уақыт отар болып келген елдің қордаланып қалған келелі мәселелерін көтерді.
Қорыта келгенде,     ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ баспасөзі – қазақ халқының қоғамдық - әлеуметтік ой – пікірін оятуға, мәдени - әдеби дүниетанымын қалыптастыруға, кеңейтуге едәуір әсер еткен рухани құрал қызметін атқарды.
Жалпы баспасөз атаулыға тән төл ерекшелік үгіт – насихат қызметін атқару барысында салмақтанады. Сондықтан да болар әр жылдары жарық көрген басылымдар – еліміз тарихының әр күні, айы мен жылының жылнамасы іспетті.


жүктеу 62,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау