|
Курсы: 5 Құрастырушы (лар): ғыл дәр., қызметі
|
бет | 3/8 | Дата | 19.01.2023 | өлшемі | 55,2 Kb. | | #40967 |
| 5к ОМ силлМед П и СМКаз1. Кіріспе Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құру жағдайында құқықтың рөлі – қоғамдық қатынастардың негіздері, оның ішінде азаматтардың денсаулығын қорғау сияқты айрықша маңызды саяси және әлеуметтік саладағы айрықша маңызды рөл артады. Құқықтық қызметтің медицинада ерекше маңызы бар, өйткені қоғам өмірінің маңызды жағын қозғайды. Дәрігерлер мен пациенттердің арасында жаңа қатынастар туындайды, медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметінде даулы жағдайларды заңды регламенттеуді қажет ететін емдеудің жаңа технологиялары қолданылады. Бұл қажеттілік қажетті құқықтық және медициналық базада жүзеге асырылатын, бірақ әрдайым емес, құқықтық бағалау саласындағы қарқынды өзгерістермен шиеленіседі. Адамның денсаулығы мен өмірі – материалдық емес игіліктер, онсыз көптеген басқа құндылықтардың маңызы жоғалады.
2. Пәннің мақсаты кәсіби медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде заңды шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін мамандандырылған құқықтық білімнің оңтайлы көлемін беру; Нормативтік материалды талдау және ерекшеліктерді бөлу, алынған білімді денсаулық сақтау, пациенттер мен медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау саласында практикалық қолдану үшін пайдалану.
3. Оқытудың соңғы нәтижелері
Қалыптасатын құзыреттілік
(дублиндік дескрипторлар)
|
Пән бойынша оқытудың соңғы нәтижелері
|
Білімі және түсінігі
|
1.Кәсіби медициналық қызметті реттейтін ҚР қолданыстағы заңдарының және өзге де заңға тәуелді актілерінің нормаларын білу. 2. ҚР сот-медициналық қызметін заңды ұйымдастырудың негізгі принциптерін білу.
3.Денсаулық сақтаудың түрлі медициналық мекемелерінің ұйымдыққұқықтық аспектілерін түсіну
4.Медициналық қызметкерлердің құқықтары мен міндеттерін, оларды әлеуметтік-құқықтық қорғаудың қағидалары мен ережелерін білу.
|
Білімі мен түсінігін қолдана білуі
|
1.Мәйітті сот-медициналық сараптау, зертханалық зерттеулер (сот-химиялық, гистологиялық) үшін ағзаларды немесе олардың бөліктерін алу техникасын меңгеру, осы зерттеулерге жолдамаларды толтыру және сарапшы қорытындысының зерттеу бөлігін ресімдеу, қайтыс болғаны туралы дәрігерлік куәлікті толтыру;
2.Кәсіби қызметті жүзеге асыру кезінде туындайтын нақты жағдайларда заңды шешімдер қабылдай білу
3. Пациентке тиісті емес көмек көрсету жағдайларына, медицина қызметкерлерінің өзге де кәсіби және лауазымдық құқық бұзушылықтарына заңдық баға беру және ықтимал құқықтық салдарларды анықтау
4.Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілермен, кодекстермен жұмыс істей білу
|
Өзіндік пікірлерін қалыптастыруы
|
Кәсіби міндеттер шегінде заңдар мен құқықтық актілерді қолдану дағдыларын меңгеру
|
Коммуникативтік қабілеттері
|
1. Пациенттермен және куәланушылармен, әріптестерімен, медициналық персоналменжәне тергеу органдарымен үйлесімді қарым-қатынасты қалыптастыру дағдыларын жетілдіру.
2. Командада жұмыс істеу дағдыларын меңгеру
|
Оқу дағдылары және оқуға деген қабілеттері
|
ҚР қолданыстағы заңдарын талдау және заңды бағалау, кәсіби қызметте өз құқықтары мен мүдделерін қорғау қабілеті
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|