|
Курсы: 5 Құрастырушы (лар): ғыл дәр., қызметі
|
бет | 2/8 | Дата | 19.01.2023 | өлшемі | 55,2 Kb. | | #40967 |
| 5к ОМ силлМед П и СМКазБайланыс ақпараты: Маресьев көшесі, 68-үй. Бас ғимарат, 6-қабат. Кафедра телефоны: 56-80-62; kafedra.ogd@mail.ru
Пән саясаты.Кафедраның жалпы талаптары – білім алушы университет Жарғысы мен ережелерін сақтап, сыртқы киімі мен келбеті лайықты кейіпте болғаны жөн, сабаққа кешікпеуі, қоғамдық-этикалық нормаларды сақтай білуі, оқу құралдарының болуы керек.
Жұмыс бөлімдерін орындамаған кездегі айыптау шаралары:жіберген сабақтарын өтеуге рұқсат қағазының болуы, аптасына екі рет сабаққа қатыспағандығы туралы баяндау хаттар жіберу (ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес).
Пәннің саясатына қойылатын жалпылама талаптар мына бөлімдерді қамтиды:
1. Оқу процесін ұйымдастыру. Кафедра факультеттер мен курстардағы сабақ кестелеріне, оқыту формаларына сай оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады. Білім беру процесінің формаларын жетілдіреді. Студенттердің үлгерімінің ағымдағы бақылауын сабақ кестелеріне сай жүргізеді. Пәннің оқу бағдарламасымен білім алушылардың үлгерімін бақылаудың ауызша сұрау, жазбаша бақылау, кешенді бақылау, үй тапсырмаларының орындалуы және тесттер секілді түрлері анықталған. Білім алушылардың аралық бақылауы оқу жоспарына, академиялық күнтізбеге және оқу бағдарламаларына сай жүргізіледі. Білім алушылардың білім жетістіктері емтихан сессиясының кезінде пән бойынша емтихандар тапсыру түрінде өткізіледі. Емтиханның өткізілу тәртібі ауызша бақылау формасында жүреді. Студенттерді оқу-әдістемелік құжаттардың барлық формаларымен қамтамасыз етеді. Марат Оспанов атындағы БҚМУ-ң Ғылыми орталығымен тығыз байланыста жұмыс жасап, практикалық сабақтарды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Қызметкерлер мен студенттердің ҒЗЖ жүзеге асыруға қолайлы жағдайлар туғызады. Үшінші семестр жүргізу кезінде қосымша білім беру үшін қажетті жағдайлар жасайды.
2. Білім беру процесін ақпараттық қамтамасыз ету. Силлабустардың электрондық нұсқасы студенттерге кафедрада «Платонус» жүйесі мен Moodle платформасы арқылы ұсынылады. Сабақ, кеңес берулер кестелері, кафедра қызметкерлерінің жұмыс кестелері кафедраның ақпараттық стенділеріне ілінеді. Білім алушыларды уақытылы хабардар ету мен рейтингтік бағалары туралы ақпарат ПОҚ тарапынан сабақтар кезінде беріледі.
3. Аудиториялық сабақтар мен БӨЖ жүргізуге қойылатын талаптар: Аудиториялық және аудиториядан тыс жүргізілетін сабақтарды әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз ету факультеттер, курстар бойынша, сабақ кестелеріне сай жасалады.
4. Білім алушыларға қойылатын талаптар: Студенттердің практикалық сабақтар мен дәрістерге қатысуы міндетті. Киім үлгісі ішкі нормативтік талаптарға сай. Айыптық шаралар «Марат Оспанов атындағы БҚМУ-де білім беру процесін ұйымдастыру туралы ережелерге» сай жүзеге асырылады. Жіберілген сабақтардың өтелуі өтем сабақтарын тіркеу журналында тіркеледі. Жіберген сабақтарына өтем жасамаған білім алушылар, аралық бақылау тапсыруға жіберілмейді. өтем жасағаннан кейін аралық бақылауға деканаттың рұқсат қағазымен жеке кесте бойынша жіберіледі. өтем жасамаған немесе жіберілу рейтингін ала алмағандары аталмыш пәннен қорытынды бақылау тапсыруға жіберілмейді. Барлық талаптар Университеттің Академиялық саясатына, Білім алушылардың Ар-намыс Кодексіне, Академиялық адалдық кодексіне, Университет Жарғысына қатаң сәйкестендірілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|