Кјсіптік лицейде ќазаќстан республикасы їздіксіз білім беру жїйесіндегі тјрбие тўжырымдамасын жїзеге асыруды ўйымдастыру



жүктеу 58,5 Kb.
Дата21.11.2018
өлшемі58,5 Kb.
#23338

КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРЕТІН ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘРБИЕ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мусаев Арман Қонысбайұлы

Директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары

Қазалы аграрлы – техникалық колледжі
« Сапалы білім беру Қазақстанның ин­дустрияландырылуының және ин­но­ва­циялық дамуының негізіне айналуы тиіс.» 
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауынан
Бүгінгі ХХІ ғасыр талабында жан – жақты ел тарихын жетік білетін, заман талабына сай егеменді еліміздің ертеңі болатын азаматтарды тәрбиелеу – басты міндет. Еліміздің білім жүйесін жетілдіру – мемлекеттің басты басымдықтарының бірі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан 2030» стратегиясында былай деп жазылған: «Мен өзіме 33 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетемін? Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады. Олар, бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады».

Өмір тәжірибесі көрсеткендей, тәрбие білім берумен қатар жүретін үрдіс және арнайы ұйымдастырылған педагогикалық іс-әрекет ретінде қарастырылады. Егер оқыту тәрбие үшін “ақпараттық қорек” қыз­метін атқарса, тәрбие оның адам игі­лігіне жұмсалуына кепілдік береді. Осыған қарай білім беру үрдісінде тәрбие рөлінің басымдылығы жоғары екенін көруге болады. Мұның бәрі “Білім туралы” Заңда айқындалған.

Мектеп – оқушыларды тәрбиелеудің негізгі құралы. Сондықтан да ондағы оқу-тәрбие үрдісі ертеңгі Қазақстанның болашағына ықпалын тигізеді, себебі мектеп – қоғам идеясын жүзеге асырушысы. Еліміздің жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектепті еш уақытта отбасынан, қоғамнан бөліп қарауға болмайды. Осы тұрғыдан ол - балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырып, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлі факторлардың ықпалын үйлестіріп, біріктіретін орталық.

Тәрбие дегеніміз – адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатында көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық – тарихи тәжірибені беру процесі. [2]

Тәрбие жүйесі – педагогикалық процестерді қамтитын тәрбиелеудің педагогикалық басты қағидасы, яғни сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды тәрбиеге баулу ортасы.

Білімді, адамгершілікті, ын­ты­мақтасуға және өзара іс-қимылға қабілетті, қазақстандық патриотизмнің негізгі құндылықтары қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеу мәселесі жөнінде әр жылдары Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие беру бағдарламасы, мемлекеттік жастар сая­саты, Қазақстан балалары, үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы сияқты аса маңызды құжаттар қабылдануда.

Қоғамдағы зор міндеттердің бірі - болашақ ұрпақты, жеке тұлғаны тәрбиелеу. Тұлға – жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі. [2]

Мек­теп қабырғасындағы білім алушы оқушыға рухани-адамгершілік, азаматтық қасиеттерімен бірге, жаңа заманға сай өзінің бар мүмкіндігін пайдалы мүддеге жұмсауға дайын болатын жеке тұлға қалыптасатындай тәрбие жүйесі қажет.

Тәрбие жүйесі – педагогикалық процестерді қамтитын тәрбиелеудің педагогикалық басты қағидасы, яғни сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды тәрбиеге баулу ортасы.

Тәрбие жұмыстарының ең негізгі міндеті - оқушылар арасындағы тәрбие жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыру және жүзеге асыру.

Кәсіптік лицейдің басты қызметі - қазіргі заман талабына сай бәсекеге барынша қабілетті, адамгершілігі жоғары жеке тұлға қалыптастыру.



Оқу орнында Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасымен жұмыс жүргізеді. Оны іске асырудың басты мақсаты - үздіксіз білім беру жүйесінде кәсіптік лицей оқушыларының Қазақстан Республикасының азаматтары және патриоттары ретінде қалыптасып, өзін-өзі танытуына, болашақ мамандық  иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және әлеуметтік шығармашылыққа жетуіне оңтайлы жағдай жасау.

Тәрбие тұжырымдамасы негізінде тәрбие жүйесінің стратегиялық жоспары құрылды.

Кәсіптік лицейдегі тәрбие жұмысының стратегиясы кәсіптік арнаулы орта оқу орнының оқушысын тұлға ретінде қалыптастыру үдерісіне белсенді қатысуына бағытталған.

Кәсіптік білім берудегі тәрбие жұмысының негізгі факторлары біріншіден, кәсіптік лицейдің өзіндік ұйымдастырылуы, екіншіден оқу және тәрбие саласында оқушылардың өзін - өзі басқаруын ынталандыру және оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру.

Стратегиялық жоспардың мақсаты - Жас ұрпақты тәрбиелеу проблемаларына көңіл бөлуді күшейту, Қазақстан Республикасында балалар мен жастарға тәрбие беру міндеттерін шешудегі тәрбие үдерістеріне барлық субъектілердің іс-қимылдарын келістіру.

Стратегиялық жоспарды іске асыруда алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық.



  • Жастардың кәсіптік білім алуға қолжетімдігін кеңейту;

  • Кәсіптік лицей оқушыларының рухын көтеру;

  • Оқушылардың қоғамдық жұмыстарға тарту; белсенділігін көтеру және ынталандыру;

  • Сапалы білім алуға насихаттау, оқушылардың діни және саяси бірлестіктермен байланысын нығайту;

  • Өзін-өзі басқаруға бағытталған ұйымдастырушылық қабілетін дамыту;

  • Қазақстандық отан сүйгіштікті, төзімділікті, жоғары мәдениеттілікті, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу;

  • Оқушыларды жалпы адамзаттық құндылыққа, адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі дамытуға бағытталған еркін, ізетті тұлға ретінде тәрбиелеу;

  • Оқушыларды адамдар арасындағы ізгілікті қарым-қатынас орната білуге бағытталған зорлықсыз рухында тәрбиелеу;

  • Оқушылар ұйымдары мен бірлестіктері қызметін жетілдіру және олардың өркенденуіне  тиісті жағдай жасау;

Стратегиялық жоспардың басты мақсатына жетудің негізгі басымдылықтары:

  • Оқу үдерісінде тәрбие қызметін нығайту

  • Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының әрекетін кеңейту

  • Оқушылардың үш тілділік даярлығын нығайту

  • Оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру

  • Оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін жандандыру

  • Оқушыларға құқықтық тәрбие беру

  • Оқушылардың қоғамдық жұмыстарын ынталандыру жүйесі

  • Кәсіптік лицейдің жағымды бейнесі және бірлескен рухани оқушылар ортасының қалыптасуы

Тәрбие жұмыстарының стратегиялық бағыттары:

  • ҚР үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы негізінде 12 бағыт бойынша тәрбиелік шаралардың мазмұнын жетілдіру және сапасын арттыру

  • Ата – аналармен жұмыс

  • Қоғамдық ұйымдармен жұмыс

  • Қабілетті оқушылармен жұмыс

  • Қиын оқушылармен жұмыс

Тәрбие жүйесінің негізгі бағыттары:

  • Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие

  • Рухани-адамгершілік тәрбиесі

  • Отбасы тәрбиесі 

  • Өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамыту қажеттілігін қалыптастыру. 

  • Әлеуметтік-мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру

  • Коммуникативті мәдениетті қалыптастыру

  • Экологиялық тәрбие

  • Эстетикалық тәрбие

  • Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру 

  • Еңбек және экономикалық тәрбие

  • Кәсіби-шығармашылық тәрбие

  • Интеллектуальді мәдениетті дамыту

Тәрбие жүйесінің өзегі педагогикалық ұжым мен жеке тұлға болып табылады. Педагогикалық ұжымның қызметі - жеке тұлғаны шығармашылық, жоғары рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеу.

Стратегиялық жоспар бойынша оқушылармен тәрбие жұмысын жүргізудің жолдары сараланып, оларға тәрбие берудің негізгі мақсаттары мен міндеттері және оқушылардың білім алуы барысында тәрбие үдерісін жүзеге асыру бойынша негізгі іс – шаралар анықталды.




Стратегиялық жоспардан күтілетін нәтиже - оқушылардың тәрбиелеу ортасын дамыту нәтижесі болып жан-жақты дамыған тұлға қалыптасады, Қазақстан патриоты және кәсіптік лицейдің бәсекеге барынша қабілетті жұмысшы маманы қалыптасады.

Кәсіптік лицейде тәрбие жұмыстарының мазмұнын жақсартуда 2011-2013 жылдарға арналған тәрбие жүйесінің стратегиялық жоспары – тәрбие жүйесін жүргізуді іске асыратын басты құжат екенін дәлелдеуде.

«Жаста берген тәрбие – жас шыбықты игендей», - деп Ы. Алтынсарин айтқандай халқымыздың сан ғасырлық тарихын, рухани мұрасын ұрпақ бойына сіңіргенде ғана еліміздің болашақ жастары жұлдызы жанып, әлемдік мәдениетке ұмтылары анық.

Әрбір ата-ана өз баласына ұлттық рухта тәрбие беріп, мектеп ұстаздары ға­сырлар бойы халқымыздың жинаған ұлт­тық мұрасы мен озық мәдениетін, ізгі салт-дәстүрін жас ұрпақтың бойына сіңіре білсе, қоршаған ортаға қарым-қатынасын, өмірге деген көзқарасын, дүниетанымын, мінез-құлқын үйлестіре білсе, міне, тәрбиенің бірлігі осында болмақ.


Әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2011 жылғы 29 қаңтардағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауы

2. Қазақстан Республикасы Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы

3. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев.Педагогика. - Алматы, 2000.
4. Ш.Х.Құрманалина, Б..Мұқанова, Ә.У.Ғалымова, Р.К.Ильясова. Педагогика. «Фолиант» баспасы, Астана-2007 ж.


5. Р.Набуова. Тәрбие берудің стратегиялық жоспары – сынып жетекшісінің шығармашылық зертханасы. Әдістемелік құрал. Қызылорда, «Тұмар» баспасы, 2010 жыл
жүктеу 58,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау