Кјсіпорын активтерін талдау


«ҰК ҚТЖ» АҚ-ның төлем және несие қабілеттілігін талдау



жүктеу 1,45 Mb.
бет5/6
Дата26.05.2018
өлшемі1,45 Mb.
#18079
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

2.3. «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның төлем және несие қабілеттілігін талдау
«ҰК ҚТЖ» АҚ-ның төлем қабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі және сондықтан онымен тығыз байланысты болады. Сол себепті нарық экономикасы жағдайында оған көп көңіл бөлінеді.

Төлем қабілеттілігі бұл барлық қысқа мерзімді міндеттемелер бойынша қарыздарды өтеу және өнім өндіру процесін үзіліссіз іске асыру үшін жеткілікті қаржының болуы.

Төлем қабілеттілігінің өте қысқа және дәлірек анықтамасын профессор В.П.Кондраков береді. Оның пікірінше «төлем қабілеттілігі - бұл кәсіпорынынның өз міндеттемелері бойынша есеп айырыса алу мүмкіндігі» бұл жағдайда міндеттеме - бұл кәсіпорынның банке немесе басқа қарыз берушіге ақша төлеу және сонымен өз қарыздарын өтеу міндеті. ¥зақ мерзімді қарыздарды өтеу мерзімі шарты бойынша ұзақ мерзімді несиенің және қарыздың мерзімінің өтуіне байланысы, қысқа мерзімді қарыздармен сәйкес келуі мүмкін және есепті жылы өтеуі қажет ұзақ мерзімді қарыздардың бір бөлігін қысқа мерзімді қарыздарына жатқызу керектігін есептеу біздің ойымызша дұрыс. Себебі ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелер шотының Бас жоспары "несиелер" 60 бөлімшесінің 601-603 (4010-4020) синтетикалық шоттарының әр түрлі субшоттарында ескеріледі.

Айта кететеін жайтымыз «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның 2004 жылдың соңында ағымдағы активтері 255 млн. теңге, ал ұзақ мерзімді активтері 94 млн теңге, 2005жылы ағымдағы активтер 397 млн теңге, ал ұзақ мерзімді активтер 333 млн.теңгені құрайды. Сондықтан, «ҰК ҚТЖ» АҚ төлем қабілеттілігі бар деп айтуға болмайды, ағымдағы активтің сомасы ағымдағы міндеттемелерінен көп төмен. «ҰК ҚТЖ» АҚ қарыздарды өтеуге ғана емес, сонымен бірге үздіксіз өндіріс үшін қаржылары болуы керек. [35]

Ағымдағы төлем қабілеттілігі баланс жасау мерзіммен анықталады. Кәсіпорын жабдықтаушыларына, банктік қарыздар және басқа да есеп айырысулар бойынша қарыздары жоқ болса төлем қабілетті деп саналады.

Төлем қабілеттілігі белгілі бір мерзімде қолдағы ақша сомасының жедел төлемдер сомасына қатынасын көрсететін төлем қабілеттілігі коэффициенті арқылы көрінеді. Егер төлем қабілеттілігі коэффициенті 1-ге тең немесе үлкен болса, онда бұл ол кәсіпорынның төлем қабілетті екенін білдіреді. Егер коэффициент 1-ден аз болса, онда талдау процесінде төлеу құралдарының жетіспеуі себептерін анықтау керек.

Төлем қаражатының сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Төлемге қабілетті құралдарға ақша қаржыларын, қысқа мерзімді бағалы қағаздарды жатқызу әлдеқайда тиімді, себебі олар тез өткізіледі және ақшаға тез айналады. Ағымдағы міндеттемелерге ағымдағы пассивтер, яғни, өтелуге жатқызылған міндеттемелер мен қарыздар: банкінің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді қарыздар, кредиторлық борыштар және басқа пассивтер кіреді. Төлем құралдарының ағымдағы міндеттемелерден асуы кәсіпорынның телемге қабілетті екенін білдіреді.

Банкте есептің және басқа шоттарда ақшаның болмауы, банкке қайтарылатын несиенің мерзімі өтіп кетуі, қаржы органдарына қарыз болу, еңбекке төленетін қаржылар мерзімінің сақгалмауы төлемге қабілетсіздікгі көрсетеді. Төлем қабілеттілігі оны қысқа мерзім ішінде (апта, жарты ай) талдау кезінде анығырақ көрінеді.

Кәсіпорынның перспективті төлем қабілеттілігін анықтау үшін кәсіпорын активіндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипаттайтын өтімділіктің статистикалық көрсеткішітері кеңінен пайдаланылады.

Үш көрсеткіш жиі қолданылады:

1) абсолютті өтімділік коэффициенті;

2) аралық өтеу (жабу) коэффициенті;

3) жалпы өтеу (жабу) коэффициенті.

Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттары мен тез өткізілетін бағалы қағаздардың мерзімді және қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы ретінде есептеледі.

Ол баланс жасалған мерзімінде немесе жақын мезгілде ағымдағы қарыздардың қандай бөлігі өтелетінін көрсетеді.[35]

Осы көрсеткіштің дұрыс шектеуі келесі түрде болады:

Ка. ө. > 0,2 / 0,5.

Бұл - ағымдағы міндетгемелердің қандай бөлігі жедел өтелуі керек екендігін көрсететін төлем қабілеттілігінің қатаң белгісі. В.П. Палий бүл коэффициенттің мәні 0,2-0,25-тен жоғары болуы керек деп санайды. [16]

Аралық өтеу коэффициентін есептеу үшін ақша қаражатының құралдарын көрсеткіштің алымына дебиторлық борыш және басқа да активтер қосылады. Ол «ҰК ҚТЖ» АҚ дебиторлармен өз уақытында есеп жүргізу жағдайында болжамданған төлемдік мүмкіндігін көрсетеді, яғни ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тек ақша қаражаты есебінен емес, сонымен қатар өткізілген өнімдер, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін түсімдер есебінен өтелетінін сипаттайды.

Аралық өтеу коэффициентінің қалыпты төменгі шегін бағалау былайша өрнектеледі:

Кар.ө> 1.
В.Ф. Палий "бұл коэффициенттің теориялық ақталған бағалауы 0,7-0,8 аралығында жатыр" деп есептейді. Қауіпті өтімділік коэффициенті кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттілігін дебиторлық борыштың бір айналымьшың орташа ұзақтығына тең кезеңге сипаттайды. [16]

Жалпы өтеу коэффициенті өндіріс сипатына байланысты күрт ауытқуы мүмкін. Оның деңгейіне тиелген тауарлар мен көрсетілген қызметтермен есеп айырысу нысандары, өндіріс циклінің ұзақтығы, тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының құрылымы және басқалар әсер етеді. Берілген көрсеткіш үшін мына шектеу (2, 25, 29, 30) қалыпты мән болып табылады:

Кағ..ө> 2.
Берілген шектеу кәсіпорынның өтімді құралдарға (немесе қаражаттарға) тиімді қажеттілік деңгейі ағымдағы міндеттемелерден 2 есе асуы қажет екендігін көрсетеді. Ағымдағы өтімділік коэффициенті барлық айналым қаражаттарының бір айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңдегі кәсіпорынның күтілетін төлеу қабілеттілігін сипаттайды. [39]

Егер «ҰК ҚТЖ» АҚ ағымдағы активтері мен қысқа мерзімді міндеттемелерінің ара қатынасы 1:1 - төмен болса, онда «ҰК ҚТЖ» АҚ өз шоттарын төлей алмайды деуге болады. 1:1 арақатынасы ағымдағы активтер мен қысқа мерзімді міндеттемелердің теңдігін білдіреді. Активтер өтімділігінің әр түрлі дәрежесін ескере отырып, активтердің барлығы тез арада өтімді деуге болмайды, яғни бұл жағдайда кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төнеді. Егер де Кағ.ө. мәні 1:1 арақатынасынан көп болса, онда кәсіпорынның өзіндік көздері есебінен құралатын бос ресурстарының едәуір көлемі бар екені туралы қорытынды жасауға болады.

Осы кезде тұтынушының өнімдер мен қызмет көрсетулер үшін төлем жүргізуді кешіктіруінің, дайын өнімнің, шикізаттың, материалдардың және тағы басқа шектен тыс қорлануының себептерін жеке талдау керек. Бұл себептер сыртқы және ішкі себептерден болуы мүмкін. Бірақ, алдымен өтімділіктің жоғарыда аталған коэффициенттерін есептеп, олардың деңгейлеріндегі ауытқуларды және оларға әр түрлі факторлардың әсер ету келемін анықтау керек. Есептеулер 9 - кестеде келтірілген.
«ҰК ҚТЖ» АҚ-нық ағымдағы активтерінің өтімділік керсеткіштері, (млн теңге)

Кесте 11




Көрсеткіштер


2004 жыл

2005 жыл

Ауытқуы (+;-)

(2гр.-1гр)



1.

Ағымдағы активтер млн теңге, оның ішінде:

255,0

397,0


+142


1.1

Ақша қаражаттары және қысқа мерзімді қаржылық салымдары

76,0

36,0

-40

1.2

Дебиторлық борыш және басқа да активтер

77,0

246,0

+149

1.3

Алдағы кезең шығыдарынсыз тауарлы-материалдық қорлар қосылған басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдарының мөлшеріне азайтылған құрылтайшылармен есеп және ұзақ мерзімді қары салымдары

102,0

115,0

+13


2.

Қысқа мерзімді міндеттемелер

млн теңге, оның ішінде:


314,0

403,0

+89


2.1

Қысқа мерзімді несиелер мен заемдар

-

150,

+150


2.2

Кредиторлық борыш

314,0

253

-61

2.3

Басқа да ағымдағы міндеттемелер

-

-

-

3.

Өтімділік көрсеткіштері

-

-

-

3.1

Абсолюттік өтімділік коэффициенті(1.1қ:2қ)

0,242

0,09

-0,152


3.2

Аралық өтімділік коэффициенті [(1.1қ+1.2):2қ]

0,487

0,700

+0,213


3.3

Жалпы (ағымдағы) өтімділік коэффициенті [(1.1қ+1.2+1.3қ):2қ]

0,812

0,985

-0,173

Кәсіпорында аралық өтімділік коэффициентінің жоғары және жалпы өтеу коэффициентінің төмен болуы кезінде, айналымдылықтан аталған көрсеткіштерінің нашарлауы осы «ҰК ҚТЖ» АҚ төлем қабілетінің нашарлағанын дәлелдейді. Өтімді қаржылардың айналым көрсеткіштерінің нашарлауы болған кезде, кәсіпорынның төлем қабілетін объективті бағалау үшін осындый төмендеу себептерін айқындау керек.

Келтірілген есептеулерден, жалпы өтеу коэффициентіне дебиторлық борыштар (3,2 есе) мен тауарлы-материалдық қорлардың (1,1 есе) кұрт өсуі оң әсер еткенін көруге болады. Кредиторлық борыштың 3,2 есе және басқа да ағымдағы міндеттемелердің 1,3 есе өсуі, сонымен бірге өтімді активтердің азаюы осы көрсеткіштердің төмендеуіне әкелді. [41]

Осылайша, біз «ҰК ҚТЖ» АҚ қаржылық тұрақтылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі - төлем қабілеттілігін толық қарастырдық. Ол баланстың өтімділігіне тығыз байланысты. Сонымен бірге кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне басқа да факторлар - елдегі саяси және экономикалық жағдай, ақша нарығының жағдайы кепілдік және банктік заңдардың жетілуі, меншіктің капиталмен қамтамасыз етілуі, дебиторлық борыш, кәсіпорынның қаржы жағдайы және басқалар әсер етеді.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі - несиеге қабілеттілігі. Төлем қабілеттігі «несие қабілеттілігі» түсінігімен салыстырғанда кеңірек ұғым. Төлем қабілеттілігі кәсіпорынның барлық қарыздарын өтеуге, соның ішінде алған банк несиесін қайтаруға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайын сипаттайды.

Талдаудың келесі кезеңі кәсіпорынның несиеге қабілеттігін айқындау болып табылады.

Банктер қарыздарды өндірістің тиімділігін, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, өнімнің жаңа жоғары тиімді түрлерін шығаруға ынталандыруға, тұрғындарға әр түрлі қызмет көрсетуге, тауарларды халық үшін және экспортқа өндіруге байланысты мақсаттар мен шаралар үшін береді. Банк несиелерді қайтарымдылық, жеделдік, тиімділік принциптерін қатаң сақтау, несиелерді мақсатты пайдалану мен заңда қарастырылған және екі жақпен келісілген жағдайда коммерциялық негізде береді.


Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдаудың міндеттері.

• кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтау;

• қарыз алушының шаруашылық қызметінің тиімсіздігі салдарынан несие ресурстарын жоғалтудан алдын ала сақтандыру;

• қарыз алушы кәсіпорынды оның тиімділігін көтеру бағытында қызметін ынталандыру;

• несиелердің тиімділігін көтеру.
Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін бағалаудын басты әдісі - оның ресми бухгалтерлік есеп берулерін талдау. Осыған сүйене отырып, банк мыналарды бағалауы керек;

1) кәсіпорынның төлем қабілеттігін және өтімділігін:

2) айналым қаражаттарын және алған несені пайдаланудың тиімділігін;

3) барлық қарыз міндеттемелерді, несиенің сомасын қоса, өтімді қаржылармен жабуын;

4) шаруашылық айналымда меншікті айналым жаттарының болуын;

5) кәсіпорынның табыстылығын (рентабельділігін) бағалау. [41]


«ҰК ҚТЖ» АҚ меншікті айналым қаржыларының деңгейі

(млн тенге.)

Кесте 12


Көрсеткіштер


2004жыл

2005жыл

ауытқулар

жыл басына



жыл

соңына




жыл басына



жыл соңына



абсолюттік шамада

%

2004

2005

2004

2005

1. Жарғы капиталы

35,0

35,0

35,0

35,0

0

0

100

100

2.Қосымша капитал

-

-

-

-

-

-

-

-

3.Резервтік капитал

























4.Қор жинау қоры

























5.Тұтыну қоры

























6.Өткен жылдардың бөлінбеген пайдасы

-

-

-

-

-

-

-

-

7. Есепті жылдың бөлінбеген пайдасы

-

-

-

292,0

-

-

-

100

1.Барлығы

35,0

35,0

35,0

327,0

0

292,0

100

9,3 есе

Одан шегеріледі:

























материалдық емес активтер

-

4,0

4,0

-

4,0

4,0

-

-

2. Негізгі қорлар

24,4

64,0

64,0

307,0

39,6

243,0

2,6 есе

4,8 есе

3.Аяқталмаған құрылыс

























Барлығы;

24,4

68,0

68,0

307,0

43,6

239,0

2,8 есе

4,5 есе

5. Есепті жылдың шығыны

24,0

26,0

26,0

26,0

2,0

0

1,1 есе

100

Барлығы шегеріледі:

48,4

94,0

94,0

333,0

45,6

239,0

1,5 есе

9,8 есе

Меншікті айналым қорлары барлығы;

-13,4

-59,0

-59,0

-6,0

-45,6

53,0

4,4 есе

9,8 есе

Ақпарат көзі: «Қазақтелеком» АҚ жылдық есебі 2003,2004, 2005 г.
«ҰК ҚТЖ» АҚ меншікті айналым қаржыларын талдау барысында абсолюттік шамасы 2004жылы жылдың басына қарағанда 4,4есе, 2005 жылы жылдың басына қарағанда 0,1 есе өскен.Яғни меншікті айналым қорлары 2005жылы 2004 жылға қарағанда 5,4 есе артқан.
«ҰК ҚТЖ» АҚ несие қабілеттілін бағалау үшін рентабельділігің деңгейін қарастырып өтейік.
«ҰК ҚТЖ» АҚ рентабельділігінің деңгейі, млн. теңге

Кесте 13



Көрсеткіштер

2003

2004

2005

Ауытқулар, + /-

2004 - 2003 жылдан

2005- 2004 жылдан

1. Өнімді, қызметтерді сатудан түскен табыстар (ҚҚС, акциздер және сол сияқты төлемдерді шегеріп тастағанда) млн. тенге

831,7

1632,2

5605,0

800,5

3972,8

2. Өнімді, қызметтерді сатудан түскен табыс (шығын)

146,9

33,4

631,0

-113,5

597,6

3. Баланстық пайда

73,4

12,2

413,0

-61,2

400,8

4. Таза табыс

51,4

10,8

292,0

-40,6

281,2

Барлық сатылған өнімнің рентабельділігі

17,7

2,0

11,2

-15,7

9,2

5. Жалпы рентабельділік

8,8

0,7

7,4

-8,1

6,7

6. Сату рентабельділігі

6,2

0,7

5,2

-5,5

4,5

Ақпарат кезі: «ҰК ҚТЖ» АҚжылдық есебі 2003, 2004, 2005 г.
Жалпы сатылған өнімнің (қызметтің, жұмыстың) рентабельділігі есепті кезеңде 9,2 % құрап, 2005 жылдың соңында 11,2 % болды. Басқаша айтқанда, есепті кезең соңында сатудың әрбір теңгесі 9,2 тиын артық әкеле бастады.

Сонымен, қорытындылай келе, біз рентабельділіктің әрбір көрсеткішінің орташа, кейбірінің төмен екендігін байқаймыз. 2005 жылмен салыстырғанда 2004 жылы кәсіпорынның өніміне, қызметіне деген сұраныстың төмендеуінің нәтижесінде рентабельділіктің деңгейі төмендеді.

Кәсіпорынның несиеге қабілеттігін бағалау белгілі бір уақытта және динамикада жүргізіледі.

Талдау негізінде банк қарыз алушыға несие беру туралы қорытынды жасайды. Несиеге қабілеттілігін талдау кезінде бірқатар көрсеткіштер қолданылады. Ең маңызды болып өтімділіктің әр түрлі коэффиценттері, сонымен қатар таза табыстың авансталған капиталдың жалпы сомасына қатынасымен анықталатын кәсіпорынның табыстылығы болып табылады. Соңғы көрсеткіштің өсуі қарыз алушының қызметінің табыстылығын сипаттайды.

Банк мекемелері табыстылығы төмен, қаржылық жағдайы тұрақсыз қарыз алушылармен несиелік қатынас орнату кезінде ерекше сақтық көрсетулері керек. Осындай кәсіпорынға несие беру банк үшін жоғары тәуекелмен байланысты және билік органдарының немесе жоғары тұрған буындардың негізделген өтініштері бойынша тиянақты жеке ықпалынан кейін, тек осы несиелерді қайтаруға кепілдеме алғаннан соң шешілуі мүмкін.

Несиеге қабілеттігін бағалау кезінде банктер, өтеудің аралық коэффициенттерімен қатар, өтімділіктің жалпы коэффициентін кең қолданады. Егер бұл коэффициент 1-ден төмен болса, онда банк төлем қабілеттілігі жоқ кәсіпорынмен істес болады деп саналады және несие тек ерекше шарттармен ғана беріледі. Осы коэффициенттің 1-1,5 шегіндегі деңгейі қарызды уақтылы өндіріп алуда белгілі бір тәуекелге ұрындыруы мүмкін, коэффициенттің 1,5-тен жоғары деңгейінде қарыздың қамтамасыз етілуі және оның қайтарылу кепілдігі жеткілікті болады. «ҰК ҚТЖ» АҚ –ның несие қабілеттілігін талдау кезінде абсолюттық коэффициенттінің -0,152, аралық коэффициенттінің +0,213, жалпы коэффициенттінің -0,173 тең екен көреміз. Бұл жерде аралық коэффициенттінің +0,213 ауытқуымен шығуы «ҰК ҚТЖ» АҚ-ның 2005 жылы қысқа мерзімді заемдарды иемденгені көрініп тұр. «ҰК ҚТЖ» АҚ –ның несие қабілеттілігін қарастырарда өтеудің аралық және жалпы коэффициеттері кеңінен қолданылады.

Өтеудің аралық коэффициентті 0,213< 1.

Өтімділіктің жалпы коэффициентті 0,173< 1.

Несиеге қабілеттілікті талдау кезінде банктің қарыз беруші ретіндегі тәуекелділік дәрежесін зерттеуге көп көңіл бөлінеді. Тәуекелділіктің жоғары дәрежесінде пайыздық мөлшерлеме орташадан жоғары. Тәуекелділік дәрежесі сараптамалық әдіспен анықталады. Нарықтық қатынастарға өту несиеге сұранысты көбейтті, бұдан оны беру жағдайының қатаюы туындайды.

Сонымен несиеге қабілеттілігін талдау кезінде тек өтімділік көрсеткіштері мен табыстылық деңгейі емес, сонымен бірге айналым қаражаттарының айналымдылығы, қолда бар меншікті айналым қаражаттары, өткізудің өсу қарқыны, өнім көлемінің өсу қарқыны мен банк несиесінің өсу қарқынының қатынасы, несиелер бойынша уақыты өткен қарыздардың сомалары мен мерзімдері, операциялар сонымен анықталатын есептік шотты жүргізуді оперативтілігі сияқты экономикалық көрсеткіштері зерттеледі.

Банк кәсіпорынға несие беру туралы мәселені шеше отырып, қарыз алушыларды үш категорияға бөледі: Сенімді (несиеге қабілетті), тұрақсыз (несиеге қабілеттілігі шектеулі), сенімсіз (несиеге қабілетсіз), сөйтіп оларды бағалау жүйесін қалыптастырады. Сенімді қарыз алушы жалпы жағдайларда несиеленеді, бұл жағдайда несиелеудің жеңілдікті тәртібі қолданылуы мүмкін. Егер қарыз алушы тұрақсыз клиент болса, онда несие шартын жасау кезінде қарыз алушының қызметін және несиенің қайтарылуын бақылау нормалары қарастырылады.

«ҰК ҚТЖ» АҚ несиеге қабілетсіздігінің басты себептері анықталмаған дебиторлық борыштардың болуы, клиенттер алдында міндеттемелерді бұзу, артық өндірістік және тауар қорларын жинау, шаруашылық қызметінің төмен дәрежедегі тиімділігі, айналым қаражаттарының айналымдылығының (-18,6) бәсеңдеуі болып табылады.



жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау