«Күршім ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылғы атқарылған жұмыстары бойынша ақпарат
Білім беру «Қазақстан – 2050» ұзақ мерзімді Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі болып танылады. Қазақстандағы білім беру реформаларының жалпы мақсаты- білім беру жүйесін жаңа әлеуметтік-экономикалық ортаға бейімдеу. Қазақстан Республикасының Президенті республиканы әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына енгізу туралы міндет қойған болатын. Білім беру жүйесін жетілдіру осы мақсатқа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады. Елбасының алға қойған міндетін жүзеге асыру мақсатында Күршім ауданының білім беру мекемелері білім бөлімінің 2014-2015 жылдарға арналған жоспарына сай жұмыс атқарды.
2014-2015 оқу жылында ауданымызда 46 мектеп қызмет етті, оның 23 орта, 20 негізгі орта, 3 бастауыш мектеп. Оқу жылының басында 4473 оқушы болса, оқу жылын 427 сынып-комплектіде 4411 оқушы аяқтады. 2014-2015 оқу жылында білім сапасы 58 % құрап, білім сапасы 1,82 % өсті.
2015-2016 оқу жылында Күршім ауданында барлығы 43 мектеп бар, оның 23- і орта, 17- і негізгі орта, 3 бастауыш мектептер, соның ішінде 37-сі қазақ, 6- уы аралас мектеп. 43 мектептің 30-ы типтік, 13- і бейімделген ғимаратта орналасқан. 43 мектептің 36-сы шағын жинақталған мектептер. 4 балабақша, 2 өнер мектебі, 1 шығармашылық үйі, 1 сауықтыру лагері («Балдәурен») бар. 2015- 2016 оқу жылында аудан мектептеріндегі оқушы саны - 4384.(қосымша 1)
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасында бiлiм сапасын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiлеу енгiзiлгенi белгiлi. Бүгінгі таңда Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді өткізу елімізде үлкен жауапты шараға айналды. 2014-2015 оқу жылы аудан бойынша орта мектепті 256 оқушы бітіріп, 177 оқушы Ұлттық бірыңғай тестке қатысты.
Мектеп түлектерінің 5-еуі «Алтын белгі» төсбелгісіне, 4-уі «Үздік аттестатқа» аяқтады. (қосымша 2)
2015 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша көрсеткіш 87,64 баллды құрап, өткен оқу жылымен салыстырғанда 11,16 баллға жоғарылады. (қосымша 3)
2015 жылы «Алтын белгі» белгісін қорғағандар:
№
|
Оқушылардың аты- жөні
|
Мектептің атауы
|
1
|
Ошаев Шерхан Қабиолдаұлы
|
№1 Теректі орта мектебі
|
2
|
Хибырат Елшат
|
№1 Теректі орта мектебі
|
3
|
Әділ Балнұр
|
№3 Күршім гимназиясы
|
4
|
Әубәкірова Айым Әбілсейітқызы
|
№3 Күршім гимназиясы
|
5
|
Сәдуова Ақмарал Қуанышқызы
|
№4 Күршім орта мектебі
|
«Үздік аттестатқа» ие болған оқушылар
6
|
Саматов Азамат Саматұлы
|
№3 Күршім гимназиясы
|
7
|
Ақанова Назерке Ақанқызы
|
№2 Теректі орта мектебі
|
8
|
Қожабаева Айжан Мұратқызы
|
№3 Күршім гимназиясы
|
9
|
Бұлжанова Аяжан Оралбекқызы
|
№1 Күршім орта мектебі
|
Білім сапасының жоғарылауына білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының әсері зор деуге болады. 2011-2014 жылдар аралығында аудан мектептеріне жергілікті және республикалық бюджеттен 59 жаңа модификациялы кабинеттер сатып алынды. 2014 жылдың аяғына мектептердің жаңа модификациялы кабинеттермен жабдықталуы 58,7 % - ды құрап, жалпы саны 108 –ге жетті. Оның ішінде физика кабинеті -29, мультимедия -33, химия – 24, биология -22. (қосымша 4)
2014 жылдан бастап аудан бойынша 2 мектеп: Күршім № 4 Күршім орта мектебі және Қалжыр орта мектебі жан басына қаржыландырудың пилоттық жобасына енгізіліп, республикалық бюджеттен қаржыландырылады.
2015 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы -2020» бағдарламасы бойынша Қаратоғой ОМ, Ақбұлақ ОМ, Сарыөлең ОМ ғимаратын ағымдағы жөндеу жұмыстарына, Мөнекей ОМ спорт залының шатыры мен еденін ағымдағы жөндеуге қаражат бөлінді. (қосымша 5)
Жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат Бірлік НОМ, Күршім № 5 ОМ, Балалар шығармашылық үйі, Күршім бала бақшасының, «Болашақ» бала бақшасының ғимараттарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына жұмсалды. (қосымша 6)
2015-2016 оқу жылында Ақжайлау негізгі орта мектебі қолданысқа беріліп, Үшбұлақ орта мектебінің құрылысы жалғастырылмақ.
2015-2016 оқу жылына аудандық маслихат сессиясында бөлінген қаражатқа барлығы 16 869 дана оқулықтар алынды.
Білім беру сапасы, бірінші кезекте, сапалы даярлығы бар оқытушылармен айқындалады. 2015-2016 оқу жылында білім беру сапасын жаңа көзқарас тұрғысынан түсіне отырып, ауданда 853 мұғалім қызмет атқарады. Оның ішінде: 740 мұғалім - жоғары білімді, 113-і - орта арнайы білімді. Аудан мектептерінде жоғары санатты – 81, бірінші санатты – 331, екінші санатты - 230, санаты жоқ -211 мұғалім қызмет етеді. (қосымша 7)
Бүгінгі таңда біліктілікті арттыру бағдарламасын жаңарту және білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген. Осыған орай, аудан мектептерінің мұғалімдері Алматы, Астана, Өскемен, Семей қалаларында білім жетілдіру курсынан жоспарлы түрде өтіп отырады. Біліктілікті арттыру курстары "Өрлеу" ұлттық біліктілікті арттыру орталығы" акционерлік қоғамының базасында, сондай-ақ "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымының базасындағы педагогикалық шеберлік орталығында курстық даярлықтан өтіп, біліктілік емтиханын тапсырғаннан кейін педагогке еңбекақысына әсер ететін 1-, 2-, 3-деңгейлі курстар градациясына сай тиісті сертификат берілуде. Күршім ауданы бойынша 43 мектептен бүгінгі күні барлығы 135 мұғалім деңгейлік курстардан өтіп, сертификат алды. 1 - деңгейден – 17 мұғалім, 2 - деңгейден–15 мұғалім, 3- деңгейден–103 мұғалім сертификатталып отыр. Ауданда «Аруна» желілік қоғамдастығы жұмыс атқарады. Жылдың басында желілік қауымдастықтың жоспары құрылып, осы жоспарға сәйкес 5 желілік қауымдастық жұмыс істеді. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің пәндік құрамы: қазақ тілі мен әдебиеті - 25, орыс тілі мен әдебиеті – 13, математика -18, шет тілі - 15, химия - 7, биология - 6, география – 4, физика-2, тарих-13, бастауыш сынып - 20, информатика – 9, дене шынықтыру-1, өзін-өзі тану-2, басшы кадрлар – 2. (қосымша 8)
«Ел болашағы - білімді жастардың қолында» деген қағида негізінде аудан мектептеріне 2014 жылы 29 жас маман жұмысқа орналастырылды, оның 13-і - аудан әкімінің грантымен жоғарғы оқу орнын тәмамдағандар. 2015 жылы 27 жас маман аудан мектептеріне жұмысқа орналасты. Оның 6 – уы аудан әкімінің грантымен ауданға келіп қызмет етуде.
Аудан мектептерінің оқушылары Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен өтетін сайыстарға, байқауларға, олимпиадаларға белсене қатысып отырады. Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми - практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 1-7 сынып оқушылары арасында республикалық «Зерде» ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңіне 7 оқушы қатысып, 6-уы жүлделі орындармен марапатталды. Щучье қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен республикалық кезеңде Ақылбекова Дана- ІІ орын, Набиолда Дильназ- ІІІ орынды жеңіп алды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар сайысының облыстық кезеңіне Күршім ауданынан 11 оқушы қатысып, 8-і жеңімпаз атанды. Алматы қаласында өткен ғылыми жобалар сайысының республикалық кезеңінде Бақтиярова Жансая (Қ.Нұрғалиев гимназиясы)- ІІ орын, Қайсанов Ақжан (Қалжыр ОМ) - ІІІ орын, Марқабаев Жарқын сертификатпен марапатталды.
2014-2015 оқу жылында ғылым негіздері бойынша 8-11 сынып оқушыларының республикалық олимпиадасында Күршім ауданының командасы облыс бойынша «Үздік олимпиада командасы-2015» номинациясы бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды. І орын алған №3 Күршім гимназиясының 9- сынып оқушысы Алтаева Ақтоты Орал қаласында өткен республикалық кезеңде сертификат алып қайтты.
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми- практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен оқушылардың «Ақберен» байқауының облыстық кезеңінде ауданымыздан қатысқан 6 оқушыдан тұратын команда жүлделі ІІ орынды иеленіп қайтты. Сарыөлең орта мектебінің 11- сынып оқушысы Өнер Камшат Түркістан қаласында өткен республикалық кезеңде 1-орын иеленіп, грант иегері атанды.
Ағымдағы жылдың 11 сәуірінде өткен бастауыш сынып оқушыларының пәндік олимпадасының облыстық кезеңіне ауданымыздан 10 оқушы қатысып, барлығы түгелдей жүлделі орындармен марапатталып, облыс бойынша Күршім ауданының командасы І орынға ие болды.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы, ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығы, Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының 2012 жылдың 13 қарашадағы № 382 бұйрығы, Күршім ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 20 желтоқсандағы № 3143, №3144 Қаулылары негізінде «№3 Күршім гимназиясы» КММ базасында 2011 жылы, 2014 жылы 10 қаңтардан бастап Құмаш Нұрғалиев гимназиясының базасында тірек мектебі (ресурстық орталық) ашылған, орталыққа 8 магниттік мектептер бекітілген, оған 4 НОМ және 4 ОМ тартылған. 2 ресурстық орталықта 93 оқушы қашықтықтан білім алуда.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту - үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы деңгейі. Уақытында алынған мектепке дейінгі білімнің әр бала үшін де, еліміздің әл-ауқаты үшін де өмірлік маңызы зор. 2014-2015 оқу жылында ауданда 0 жастан 7 жасқа дейінгі бала саны - 3556. 4 балабақшаға 470 бала, 38 шағын орталыққа 915 бала қабылданды. 38 шағын орталықтың 23- толық мерзімді, 15- қысқа мерзімді. Балалардың 675- толық мерзімді, 240-қысқа мерзімді шағын орталықтарда тәрбие мен білім алуда. Аудан бойынша 2-5 жас аралығындағы 1385 бала балабақша және шағын орталықтармен қамтылды. Мектепке дейінгі мекемелермен қамту 100% құрайды. Балабақшада - 50, шағын орталықта- 46 тәрбиеші қызмет атқаруда. Барлығы 96 мұғалім-тәрбиеші дәріс беруде. Оның ішінде: жоғары білімді - 49 (48%), арнаулы орта білімді - 47 (52%),
2015 жылы 25 мамырда Ақсуат орта, Жаңаауыл, Шеңгелді негізгі орта мектептеріндегі қысқа мерзімді шағын орталықтар толық мерзімді шағын орталықтарға ауыстырылды.
«Саламатты Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыруда 2014-2015 оқу жылында 4473 оқушы 100 пайыз ыстық тамақпен толық қамтылған, оның ішінде, 1-4 сынып оқушылары -1778 (562 оқушы аз қамтылған) және аз қамтылған жанұя балаларының саны – 1604 оқушылары тегін, 1653 оқушы ақылы тамақтанады).
2015 жылы тегін ыстық тамаққа бөлінген қаражат- 81573,0 мың теңге. Жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген 46917,0 мың теңгенің ішінде 1- 4 сынып оқушыларының тамақтануына - 16438 мың теңге, 5-11 сынып оқушыларының аз қамтылған отбасы балаларына- 30479 мың теңге бөлінген. Жалпы 1-4 сынып оқушыларына (1778 ) бөлінген қаражат- 51094 мың теңге. 10275,0 мың теңге балға, 10216,0 мың теңге сүтке бөлінген. Аудан оқушыларының 1-4 сыныптарына күніне 10 грамм, ал 5-11 сынып оқушыларына 20 грамнан қалбырланған бал, аптасына үш рет 200 грамнан сүт беріледі.
Аудан мектептерінде спорт және дене тәрбиесімен жүйелі түрде айналысатын балалар санын арттыру мақсатында сыныптан тыс 147 спорт үйірмелерінде 2100 оқушы тартылды. Бұл 4473 жалпы оқушылар құрамынының 49,9 % құрайды. 29 спорт зал, 44 спорттық алаң, 3 арнайы кіші футбол алаңдары бар. БЖСМ мектебінде 956 бала спорттың 9 түрімен айналысады. Ауданда қысқы спорт түлерінен хоккей ,шаңғы спорты дамып келеді. Ауданның 11 мектебінде хоккей қораптары салынды. Аудан әкімінің жүлдесіне хоккейден «Жұлдызша» жарысы өткізілді және ауыл мектептерінің арасында жолдастық кездесулер өткізіліп тұрады. Ауданның хоккейден құрама командасы облыстық «Жұлдызша» жарысында 2014-2015 оқу жылында 1-орынды иеленді. 2014-2015 оқу жылында облыстық қысқы Президенттік көпсайыс жарысында 2-орын иеленді.
Биылғы оқу жылында аудан әкімінің «Спорттағы жетістіктері үшін» медалімен 17 түлек марапатталды. Қ.Нұрғалиев атындағы гимназияда Қ.Нұрғалиевтің 90 жасқа толу мерейтойына орай волейболдан турнир өтті.
Ағымдағы оқу жылында балалардың жазғы демалысы мен жұмыспен қамтылуы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 126 «2013-2014 жылдардың жазғы маусымында облыс балаларының демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» қаулысы негізінде және аудандық білім бөлімімен әзірленген «Жаз-2015» Концепциясы негізінде қаланды.
Жаз айларында балалардың сауықтырылуы мен бос уақытын ұйымдастыру негізгі бағыттар бойынша жүзеге асырылды:
-сауықтыру демалысы
- қызығушылықтары бойынша демалыс
-жазғы еңбек демалысы
-спорттық-туристік саяхат.
2014-2015 оқу жылында ауданның 46 мектебінің 1-10 сыныбын 4158 оқушы аяқтады, оның ішінде 1531- аз қамтылған отбасы балалары, 20 – ата-ананың қамқорынсыз қалған, 25-жетім , 34- патронаттағы және аудандық ішкі істер бөлімінде есепте тұрған 6 бала (2 оқушы -11 сыныпта бітірді). Аталған санаттағы балалар жас ерекшеліктеріне қарай демалыспен және сауықтырумен қамтылып, еңбекке тартылды.
Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы мен сауықтырылуын ұйымдастыру бойынша ауданда бірқатар жұмыстар атқарылды: 40 мектеп жанындағы сауықтыру алаңдарында 1753 оқушы демалыс және сауықтырумен қамтылды (оның 1353 жалпыға бірдей білім беру қорынан, 400 бала кәсіподақ арқылы), 4 мектеп жанындағы интернаттарда (Қалжыр, Қаратоғай, Төсқайың, № 2 Теректі) 540 балаға, Ұрынхай шағын орталықтарында 280 балаға лагерьлер ұйымдастырылды. Сарыөлең ауылындағы «Балдәурен» демалыс лагерінде 700 бала және „Кеңсу“ демалыс үйінде 200 бала демалыспен қамтылды.
Жазғы демалысты ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 19675,0 мың теңге, аудандық кәсіподақ ұйымынан 900,0 мың теңге қаражат қарастырылады және ата-аналардың демеушілігімен 2975,0 мың теңгеге балаларға демалыс ұйымдастырылды. Жалпы бөлінген қаражат 23610,0 мың теңгені құрайды.
Барлығы жаз айларында демалыс және сауықтырумен қамтылған бала саны: 4354 бала (104,7%).
„Отанымыздың елордасы – Астанамен танысамыз“ атты өлкетану жобасын іске асыру мақсатында жаппай оқу қорының қаражаты шеңберінде ауданның 20 білім беру ұйымдарынан 20 аз қамтылған отбасының баласы және ата-аналардың демеушілігімен 51 бала Астана қаласына туристік саяхатқа жіберілді.
Ауданымыздың білім беру мекемелерінен Абай ауданына «Жидебай – дана Абайдың Отаны» атты бағдарламамен саяхатқа 95 бала және 101 бала Катон -Қарағай ауданына 3 күндік саяхатқа барды. Аудандағы тарихи ескерткіш орындарда өлкетану, экология, патриотизм, спорт бағыттары бойынша экспедициялар 3 және көп күндік саяхаттар өткізілді, онда 2285 бала тартылды. Аудан мектептерінде оқитын бастауыш сыныптың 1758 оқушысы 3 күндік саяхаттарға шықты. Жаз айларында туристік саяхаттармен қамтылған бала саны - 4890 (117,60%).
Жаз айларында балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында аудандығы 3 қосымша білім беру мекемелері және әр мектептерде 144-тен астам үйірмелер (музыка, шахмат, тоғызқұмалақ, компьютер сауаттылығы, спорт) қызмет атқарды, онда 1520 бала үйірмелерге тартылды. Ауданда орналасқан спортмодульде, жасанды және мектеп жанындағы спорт алаңдарында және «Сарытау» спорт кешенінде жаз айларында 2130 бала денсаулықтарын шынықтырды.
Жаз айларында балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырған шаралармен қамтылған бала саны - 4198 (101%).
Ауданның 3010 оқушысы мектеп ауласын абаттандыру жұмыстарында, жер телімдерінде, мектеп жанындағы оқу-тәжірибе үлескілерінде жұмыс істеді. Оның ішінде 24 мектептегі өндірістік бригадаларға 600 бала тартылды. Ұрынхай, Маралды, Төсқайың, Үшбұлақ ауылдарындағы 96 мектеп оқушысы орман шаруашылығына көмектесті. Қаратоғай ауылындағы интернатта еңбек демалыс лагерінде 460 бала демалыс және еңбекке тартылды.
Еңбекпен қамтылған бала саны 3260 (78%).
Жаз айларында балалар толық сауықтырумен және демалыспен қамтылып, еңбекке тартылды, ол 100 пайызды құрайды.
Күршім аудандық білім бөлімінің 25 мектебінде жетім және ата- анасының қамқорынсыз қалған 45 бала, 35 патронаттық тәрбиедегі балалар бар. Осы ата-анасының қамқорынсыз қалған 45 баланың 25-ы ата- анасынан айырылған балалар. Қалған 20 баланың ата – аналары - әр түрлі себептен өз борышын өтеуден бас тартып жүргендер. Бұл категориядағы балалардың тұрмыс- тіршілігі, тәрбие жағдайлары жылына 2 рет тексеріліп, қадағаланылып отырылады. Барлығы аудан бойынша жетім және ата-анасының қамқорынсыз қалған 80 бала бар.
Қамқоршылықтағы балалардың қамқоршыларына, патронаттық тәрбиешілерге патронаттық тәрбиедегі баланы күтіп-бағуға 19820 теңгені құрайтын әлеуметтік жәрдемақы уақтылы төленіп отыр.
Аудан мектептерінде асырап алу ата-ана мектебі жүйелі жұмыс жүргізеді. Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу, отбасылық құндылықтар мен отбасылық тәрбиені насихаттау мақсатында асырап алушылар, қорғаншылар (қамқоршылар), патронаттық тәрбиеленушілер және баланы отбасына тәрбиеге алу жұмысы мектептер тарапынан жүйелі жүргізіліп, өз нәтижесін беріп отыр.
Бүгінгі күні Маралды орта мектебінде 11 бала, Үшбұлақ орта мектебінде 16, Қыстау-Күршім орта мектебінде 1 бала, Күршім №4 орта мектебінде 1 бала, Күршім №1 орта мектебінде 1 бала, Ақши негізгі орта мектебінде 3 бала, Ақжайлау негізгі орта мектебінде 2 бала патронаттық тәрбиеде тәрбиеленуде.
Барлығы 35 бала.
Ауданымыздағы жетім 25 бала, патронаттық тәрбиедегі 35 бала, Серебрянск қаласындағы «Психикалық дамуы тежелген жетім балаларға арналған орталау түзеу мектеп –интернатының» 6 баласы білім беру ұйымдары және жеке бөлімдерге, ауылдық әкімдерге, кәсіпорындарға, жеке кәсіпкерлерге бекітіліп беріліп, осы балалардың «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы жеке есеп шоттарына қазіргі уақытта барлығы 11 407 400 теңге қаржы аударылды.
Жыл сайын «Ризашылық» мерекесінде мекемелер, мектептер өздеріне бекітілген патронаттық тәрбиедегі балаларға барып, сый-сияпат көрсетіп, отбасылық мереке сыйлап қайтуы дәстүрге айналған. 2012 жылы 680 мың теңгенің көмегі көрсетілсе, 2013 жылы 760 мың теңгенің, 2014 жылы 1 200 мың теңгенің көмегі көрсетілді.
Ауданда 3 қосымша білім беру мекемелері жұмыс істейді. Қосымша білім беру мекемелеріне осы оқу жылында 543 бала тартылды. Ол барлық оқушылар санының 12,1 % құрайды (2013 ж -11,7 %).
2015 жылдың 25 қазанында КСРО Халық мұғалімі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО халық ағарту ісінің үздігі, жаңашыл-педагог Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиевтің туғанына 90 жыл толуына арналған «Құмаш Нұрғалиевтің педагогикалық мұралары» атты аудандық педагогикалық оқулары өтті. Семинарға ауданымыздың жаңашыл ұстаздары, жалпы білім беру мекемелерінің басшылары мен педагогтарын қосқанда 40-қа жуық мұғалімдер қатысты. Облыстық педагогикалық оқудан Қ.Нұрғалиев атындағы гимназияның тарих пәнінің мұғалімі А.М Болатов 2 орынды, Қалжыр орта мектебінің директоры Д. М Азимбаева 1 орынды, Бурабай орта мектебінің ұстазы Г. К Құрманғалиева 2 орынды иеленіп қайтты.
2015 жылы 15 қазанда Күршім ауданының әкімі С.Ж.Чукаев Күршім ауданының ұстаздар қауымын және ауданның білім саласында жетістікке жеткен ұстаздарын төл мерекелерімен құттықтау үшін аудан орталығынан шалғайда орналасқан Теректі ауылында салтанатты кездесу жиынын өткізді. 50-ден астам ұстаздарға білім саласында жеткен жетістіктері үшін аудан әкімінің құттықтау грамотасы және Алғыс хаттары салтанатты түрде табыс етілді. 2015 жылдың 15 қыркүйегінде Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Абай мұрасы әлемдік руханият кеңістігінде» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.Конференция аясында «Абай оқуы»сайысы өтті. Байқау қорытындысында 9 жүлдегер анықталып, Бас жүлде Күршім ауданы №1 Теректі орта мектебінің 11-сынып оқушысы Шәріпжанова Аяулымға бұйырды. (Жетекшісі «Абайтану» пәнінің мұғалімі Байата Гүлжан). Күршім ауданынан облыстық байқауға 3 талапкер қатысып, №1 Күршім орта мектебінен барған 11 сынып оқушысы Мұхаметқанова Назгүл (Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Меруерт Жұмажанова) «Өлең- сөздің патшасы, сөз сарасы» номинациясына ие болды. 2015-2016 оқу жылында 16 қазан күні Алматы облысы, Қапшағай қаласындағы №12 мектептің базасында өткен «Модернизациялау жағдайында ресурстық орталықтың (РО) оқу-тәрбие жүйесіндегі инновациялық үдеріс» тақырыбымен өткен өңіраралық семинарға ауданнан білім бөлімінің басшысы Б.Елеубаев пен Құйған орта мектебінің директоры А.Сейташимов қатысып, «Мұғалімнің кәсіби құзыреттігі – нәтижелі білім берудің кепілі» тақырыбымен пленарлық бөлімде баяндама жасап, еңбегі семинар жинағына енді.
Күршім ауданы
әкімінің орынбасары М.Қалелов
Достарыңызбен бөлісу: |