Спорты
жамбыл
6
19 қаңтар, 2015 жыл
№1-2 (279-280)
«ЕЛ СПОРТЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН АЯНЫП ҚАЛМАЙМЫЗ»
Манарбек АҒАЙДАРОВ:
- Манарбек Ержанұлы, әрбір адам — өз бақытының
ұстасы дейді. Сіз алдымен қай күресті таңдадыңыз?
Таңдауыңыз неліктен татамиге түсті?
- Әкем Ержан бала кезімнен мені халықтың ба-
ласы етіп тәрбиеледі. Аптаның демалыс күндерінде,
айтулы мейрам кездерінде қаладағы спорттың әр
түрінен болатын жарыстарға және домбыра, баян
сатып әперіп театрға, концерттерге алып баратын.
Қазір ойлап отырсам, бұл әкем мен шешемніңмені
спортқа, өнерге қызықсын, бос уақытын қалай өткізуді
өзі таңдасын деген ізгі ойынан туған екен. 12 жасым-
да әкеммен ақылдасқан анам мені қаладағы «Ди-
намо» спорт кешеніндегі самбо күресінің үйірмесіне
жетелеп апарды. Самбо – менің қалауым болатын.
Үлкен спортқа мен осылай келдім. Самбо кейін
өмірлік таңдауыма айналды. Ал орта мектепте жақсы
оқып, үлгілі оқушылар қатарынан болдым.
- Сізге үлкен спорт әлеміне бағыт берген бапкеріңіз
кім? Сіз ол адамның қандай қасиеттерін бойыңызға
сіңірдіңіз?
- Мен бапкер таңдауда жолым болған адам-
мын. Өйткені, ҚазССР, КСРО-ның еңбек сіңірген
жаттықтырушысы Жақыт Марат Нұрмағанбетұлынан
тәлім алдым. Сол кісінің ақыл-кеңесі мен тәрбиесінің
арқасында кілемде абыройымыз асқақтады. Ма-
рат ағаның ең ізгі қасиеттерін бойымызға сіңірдік.
Атап айтар болсам, ұстазымнан адалдықты,
еңбекқорлықты үйрендім. Бапкерім тек кілемде
қалай күресу керектігін үйретіп қана қоймай, өмірде
өз орнымызды табуға да көмектесті. Ол бізді үнемі
жеңіске ғана жетелейтін.
- Спорт әлеміндегі тырнақалды табысыңыз тура-
лы айтып өтіңізші. Алғашқы жеңіске жеткен күніңіз
есіңізде шығар?
- Әрине, ең алғаш жеңіске жеткен сәтін ешбір спорт-
шы ұмытпайды. Өйткені, сол бір тәтті кезеңді естен
шығару мүмкін емес. Тұңғыш рет самбодан Ташкент
қаласында Бүкілодақтық ірі жарыста жеңімпаз атан-
дым. Жасым 15-те еді. Қарымды қарсыластармен
жолықсам да, жеңіске деген жігерімнің арқасында
топ жарып шықтым. Ол кездері одақтық жарыста
жеңімпаз атанудың құны тым қымбат болатын.
- Сіздің спорттық ғұмырыңыздағы ең қымбат ме-
даль деп қай жүлдеңізді айтар едіңіз?
Е
л спортындағы қайраткерлердің бірі, талантты самбошы, білікті
басшы ретінде танылған Манарбек Ағайдаров confederation.
kz сайтына арнайы сұхбат берді. Бүгінде Жамбыл облыстық
дзюдо, самбо және қазақ күресі федерациясының президенті, ауыр
атлетика федерациясы мен еркін және грек-рим күресінен облыстық
федерациясының вице-президенті қызметін атқаратын Манарбек аға
аймақтағы спорттың дамуы туралы тұщымды ойларымен бөліскен
болатын.
- Мен үшін 19 жасымда ҚазССР чемпи-
оны атанғанда алған жүлдем өте ыстық.
Өйткені, менің спорттық ғұмырымдағы айтулы
жеңістеріме тап осы медаль жол ашқан болатын.
Кейін ҚазССР чемпионатында бес мәрте чемпи-
он атандым.
- Өзіңіздің спорттық карьераңызға көңіліңіз
тола ма? Спортшы ретінде бағындыра алмаған
белесіңіз, әттеген-ай дейтін сәттеріңіз болды ма?
- Шынымды айтсам, спорттық карьерама
спортшы есебінде көңілім толмайды. Себебі,
Азия және әлем чемпионаттары мен Олимпиа-
да шыңдарына жете алмадым. Әр спортшы үшін
жоғарыда айтып өткен жарыстардың орны бөлек
болады ғой. Өкінішке қарай, маған бұл биіктер
бағынбай кетті. Әйтсе де, өткенге өкінуден келер
пайда жоқ. Бүгінде еліміздің мерейін асыратын
азаматтарды тәрбиелеуге үлес қосып жүрміз.
- Спорттық ғұмырыңызды қашан аяқтадыңыз
және оған не себеп болды?
- 24 жасымда үлкен спортпен қоштасып,
кілемнен кеттім. Өйткені, оң аяғыма жасалған
ота әрі қарай күресуге мүмкіндік бермеді де,
спортқа қош деуге тура келді. Менің спорттағы ең
өкінген кезім деп осы кезеңді айтар едім. Нағыз
жалындап тұрған шағыңда жарақаттың жолыңды
байлағаны жаман.
- Жақсы балуаннан жақсы бапкер шықпауы
мүмкін. Бұл өте күрделі және ауыр жол. Алайда,
сіз дәл осы жолды таңдадыңыз… Неліктен?
- Жарақат алып, күреспейтінім белгілі
болған соң, бапкер боламын деп шештім.
Ондағы мақсатым — өзімнің Марат ағам сияқты
ұлы бапкер болсам, өзім жетпеген биіктерге
шәкірттерімді, яғни, қазақ ұлдарын жеткізсем де-
ген ой. Өзім спорттағы несібемді толық алмаған
соң, қазақ балаларынан қарымды спортшылар-
ды шығаруды армандадым. Бойымдағы күш-
қуатымды, бар білгенімді балаларға үйреткім
келді. Аллаға шүкір, бүгінде жемісті еңбек етіп
келеміз.
- Әрине, бастапқыда спортшы үшін бапкердің
орнында болу оңай болмаған шығар. Сол кезде
әсеріңізді еске түсіре кетсеңіз.
- Спортшыдан бапкерге ауысудың күрделі
де ауыр жол екенін жас балалармен жұмыс
жасағанда, сол шәкірттерімді жарыс жолы-
на шығарғанда түсіндім. Бұрын спортшы өзің
болғандықтан көп нәрсе біліне бермейді екен.
Шәкіртіңе бар білгеніңді үйретіп, ең шешуші
сәттерде кілем шетінен қарап тұру оңай емес.
Одан бөлек, бапкер балуанға тек кілемде орын-
далатын әдіс-тәсілдерді ғана үйретпейді ғой.
Өзіңнің жауапкершілігіңе алған соң, оның тәртібі
мен өмірден өз орнын табуға көмектесу де бап-
кер мойнында. Яғни, бір адамды тәрбиелеп
шығару оңай емес. Мен бапкерлікті қиындығы
мен рахаты бірдей мамандыққа балар едім.
- Өзіңіздің бапкер ретіндегі басты жетістігіңіз
туралы сөз қозғасақ…
- 1985 жылы институтты бітіргеннен кейін
облыстық спорт мектебіне бапкер болып ор-
наластым. 1 жылдан кейін облыстағы жастар
құрамасының аға бапкері болып жұмыс істедім.
Облыс
орталығындағы
колхозшылардың,
малшылардың балаларын таңдап алып және
бұрын өзіммен бірге күрескен, менен 5-10 жас
үлкен спортшылардың ұлдарын жинап, со-
ларды кішкентай кезінен спортқа баулыдым.
Яғни, спортшыларды жаттықтырып, самбо
күресінен халықаралықдеңгейге шығара алдым
деп ойлаймын. 1993-1999 жылдары Қазақстан
жасөспірімдер құрамасының аға бапкері міндетін
атқардым.
- Өзіңіз тәрбиелеген спортшылардың
жетістіктерімен таныссақ…
- Әрине, талай шәкіртім дүбірлі додаларда
топ жарды. Бұл менің бапкер ретіндегі мерейімді
асырады. КСРО кезінде, яғни, 1986-1990 жыл-
дары Бағлан Айнақұлов пен Бауыржан Мұсаев
есімді шәкірттерім бүкілодақтық жастар ойында-
рында күміс жүлдегер атанды. Егемендік алған
жылдары жетістігіміз еселене түсті. Арман Таш-
метов жастар арасында Азия чемпионы, жастар
арасында әлем чемпионатының күміс жүлдегері
атанды. Самбо күресінен жастар арасында
әлем чемпионатының 2 дүркін жеңімпазы Ал-
мас Бейсен та менің шәкіртім. Самбо күресінен
жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының
2 дүркін жеңімпазы Жалғас Серікбаевтың
жетістігімен мақтанамын. Олардың барлығы
да халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері.
Самбо күресінен жасөспірімдер арасында әлем
чемпионатының жеңімпазы және ересектер ара-
сында әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Дидар
Молдағалиев, жасөспірімдер арасында әлем
чемпионатының қола жүлдегері Азамат Тамби-
ев, Азия чемпиондары Нұрбол Жүнісбеков мен
Мият Мухумов есімді шәкірттеріммен ел намы-
сын абыроймен қорғағаны үшін мақтанамын.
- Кейін сіз басқарушылық қызметке
ауыстыңыз. Өміріңіздің осы кезеңіне кеңірек
тоқталып өтсеңіз…
- 2001 жылы бапкер ретінде көрсеткен
жетістіктерімді бағалаған сол кездегі облыс
әкімі Серік Үмбетовтіңқаулысымен облыстық
Олимпиада жеткіншектерін даярлайтын кешенді
мектептің басшысы болдым. 2004 жылы Жам-
был облысында мамандандырылған спорттағы
дарынды балаларға арналған мектеп-интернат
ашылған соң, аталған мекемеге директор болып
тағайындалдым. Бүгінге дейін осы қызметімдемін.
Жалпы алғанда спорт мектептерінде 14 жылдан
бері директорлық қызмет атқарып келемін. Соның
соңғы 10 жылын спорттағы мектеп интернатын-
да өткізіппін. Интернаттың 10 жылдығын да атап
өттік. Бұл айтулы датаны еркін күрестен спорт
мектептері арасында тойлаған едік. Елімізге да-
рынды спортшылар сыйлап, Қазақстанның абы-
ройын асқақтатқан талай шәкіртті тәрбиелеген
7
Спорты
жамбыл
19 қаңтар, 2015 жыл
№1-2 (279-280)
«ЕЛ СПОРТЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН АЯНЫП ҚАЛМАЙМЫЗ»
бұл интернатты республикамыздағы
спорт саласының басшылары келіп
көрді. Елсияр Қанағатов, Дәулет
Тұрлыханов, Тастанбек Есентаев
сынды ағаларымыз жоғары баға бер-
ген біздің мектеп-интернат еліміздегі
үздік спорт мектептерінің бірі болып
саналады.
- Мектеп-интернаттан түлеп ұшқан
атақты спортшылар деп кімдерді ай-
тар едіңіз?
- Жоғарыда айтып өттім, біздің мек-
теп-интернаттан ел намысын абырой-
ымен қорғаған дарынды спортшылар
өсіп шықты. Олардың арасында еркін
күрестен Азия чемпионы Мейіржан
Әшіров, Азия чемпионатының екі
дүркін күміс жүлдегері Бақтияр
Сұлтанбек, күрестің осы түрінен
құрлық додасының күміс жүлдегері
Руслан Сексенбаевтар бар. Дзю-
додан Еуропа кубогі мен Гран-при
турнирінің күміс жүлдегері Ертуған
Төренов, Азия чемпионатының қола
жүлдегері
Дәулетхан
Жақыпов,
Қазақстан чемпионатының үш дүркін
жеңімпазы, Азия чемпионатының
қола жүлдегері Жеңіс Сайлаубай да
біздің мектеп-интернатымызда тәлім
алады. Олар дзюдодан Қазақстан
ұлттық құрамасының мүшелері.
Грек-рим күресінен Азия чемпи-
оны, әлем чемпионатының күміс
жүлдегері, халықаралық дәрежедегі
спорт шебері Жансерік Сәрсенбиев,
жастар арасындағы Азия чемпионы
Әбунасыр Өмірзақовтыңболашағына
үмітпен қараймыз. Бокстан әлем
чемпионатының екі дүркін қола
жүлдегері Алуа Балқыбекова біздің
мектептің ғана емес, қазақ елінің де
даңқын арттырып жүр.
- Ал мектеп-интернатта тәлім ала-
тын спортшылардың ішінде ұлттық
құрама мүшелері бар ма?
- Әрине, бар. Жоғарыда айтып
өткен Ертуған, Алуа, Мейіржан,
Жансеріктен бөлек, Ақерке Наурыз-
баева атты спортшы қызымыз бок-
стан ұлттық құрама сапында. Азамат
Исақұлов есімді боксшымыз да бас
команда қатарына алынды.Оразәлі
Ермекбаев дзюдодан ұлттық құрама
мүшесі.
- Бүгінгі таңда білім алып
жатқан жасөспірімдердің ішінде
болашағынан зор үміт күттіретін
спортшылар деп кімдерді атар едіңіз?
-
Қуанышқа
қарай,
біздің
интернаттағы сапалы мамандар
үздік спортшыларды дайындауда.
Бокстан ел чемпиондарыНұрболат
Қожахмет пен Айдын Батал, еркін
күрестен еліміздің 3 дүркін чемпио-
ны Алмас Жұмабаев, таеквондодан
ел біріншілігінің 3 дүркін чемпионы,
әлем чемпионатының қатысушысы
Рабил
Сағитжанов,
дзюдодан
еліміздің 3 дүркін жеңімпазы, Еуро-
па кубогінің күміс жүлдегері Аида
Карчаева есімді спортшылар ке-
лешекте ел үмітін ақтайды деген
сенімдемін. Одан бөлек, дзюдошы
Ахмет Дәулет, грек-рим күресінің
шебері Төлеген Кемалов, боксшы
қыздарЭльмира Нұртай, Арайлым
Бекділда, Мәриям Жарылқасын
және Жазира Шажировалардың
аяқ алысы қуантады. Ал ауыр ат-
летикадан ел чемпионы Сәтімбек
Бекарыстың бағындырар биігі мол
деп есептеймін. Жалпы, спорт-
шылардан бірден нәтиже сұрау
әбестік. Өйткені, жастайынан қатты
салмақ түсіріп жіберсек, спортшы
ересектер қатарына келгенде күшін
сарқып алуы мүмкін. Сондықтан,
бәрін өз ретімен, жүйелі түрде
орындау керек деп ойлаймын. Ал
біздің мектебіміз қатты ауқымды
болмаса да, жас өрендеріміз ай-
тулы жарыстардан жүлдемен ора-
лып жүр. Жасөспірімдер Олим-
пиадасына да қатысып үлгерді
шәкірттеріміз.
Мектеп-интернатта
барлық жағдай жасалған. Оқушылар
алаңсыз сабақтарын оқып, спортпен
шұғылдануда.
-
Мектеп-интернаттың
инфрақұрылымымен таныстырып
өтсеңіз. Қандай жұмыстар жүзеге
асырылуда? Оқушылар спорттың
қай түрінен қабылданады? Бапкер-
лер құрамы қандай?
- Біздің интернаттың басты
мақсаты – сапалы білім және са-
налы тәрбие беру, шәкірттерді
спорт шыңына жетелеу. Яғни,
педагогикалық ұжымның кәсіби
біліктілігін, шеберлігін арттыра оты-
рып, мықты спортшы ғана емес,
рухани дамыған, Отанын сүйетін,
елінің даңқын шығара білетін, спорт-
ты біліммен ұштастыра білетін
ұрпақ тәрбиелеу. Біздің мектебіміз
2004 жылы желтоқсан айында есігін
айқара ашты. 176 адамға арналған
жатақхана, 400 оқушы сыятын оқу
корпусы, сауықтыру орталығы мен
3 спорт залы және 3 ойын алаңы
бар. Еркін және грек-рим күресі,
дзюдо, бокс, таеквондо және ауыр
атлетикадан спорт бөлімдері жұмыс
істейді. 24 бапкер еңбек етуде.
Мектебімізде тәрбие бөлімі, ме-
дицина бөлімі, әдістемелік жұмыс
орталығы, кітапхана, мұражай және
мәжіліс залы бар.
- Жамбыл облысындағы спорттың
дамуына қандай баға бересіз?
- Біздің Әулиеата өңірінен
қазақтың даңқын аспандатқан ұл-
қыздар түлеп ұшты. Елімізге таны-
мал Ермахан Ыбырайымов, Марат
Мәзімбаев, Бақтияр Артаев сынды
күрзі жұдырықты жігіттеріміз бар. Ал
қазіргі уақытта Лондонда ел байрағын
биікке көтерген Ақжүрек Таңатаров,
қазақ күресінің майталманы Бейбіт
Ыстыбаев, дзюдодан шыққан жас
таланты Елдос Сметов пен кеше
ғана әлемдік доданы бағындырған
Жасұлан Қыдырбаевтар ел намысын
абыройымен қорғап жүр. Бұл Жам-
был облыстық спорт басқармасының
дұрыс жолда екенін, өнімді еңбек
атқарып жатқанын көрсетеді.
- Жақында Жамбыл облысының
тумасы Елдос Сметов тарих-
та тұңғыш рет дзюдодан Азия
ойындарының чемпионы атанды…
- Елдос Сметов өте талантты
спортшы. Біз оны спорттағы ең биік
шың – Олимпиада биігінен көреміз
деген үміттеміз.
- Спорт саласында талай жылдар
қызмет етіп келесіз. Жалпы еліміздегі
самбо және дзюдо спортының қазіргі
жағдайына көңіліңіз тола ма?
- Сөз жоқ, дзюдо да, самбо
да елімізде жақсы даму үстінде.
Әсіресе, Олимпиада ойындарының
бағдарламасына енетін дзюдоның
Қазақстандағы қарқыны қуантады.
Талантты спортшыларымыз әлемдік
сындарда абыроймен өнер көрсетіп
жүр.
Жалғасы 8-бетте
Жамбыл
8
ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:
«жуАЛЫ-АСЫЛ
мҰРАТ» жШС-і
Бас редактор
марат АХмЕТОВ
Ұ.т: 8 775 629 08 33
Газеттің мекен-жайы:
Тараз қаласы,
Сүлеймен көшесі, 5
тел/факс
8 (7262) 45-13-27.
Біздің электрондық
адрес: make_sport@
mail.ru
Газетті есепке алу туралы
нөмірі 14497-Г
куәлік 2014 жылы
6 тамызда Қазақстан
Республикасының
байланыс және ақпарат
агенттігімен берілген.
Газет редакцияның
компьютерлік
орталығында теріліп,
беттелген. Қалыбы
Жеке кәсіпкер
Д.ШӘРІПТІҢ
баспаханасында
жасалып, көбейтілді.
Индексі 160012,
Шымкент қаласы,
Республика даңғылы, 6 а
үй. Тел: 33-87-25.
Таралымы 1700
Тапсырыс
Автордың пікірі
редакцияның түпкілікті
көзқарасы болып
табылмайды.
Қолжазбалар әдеби
тұрғыда өңделеді және
авторға қайтарылмайды.
Ақпарат ақиқаттығына
мақала авторы,
ал жарнама мен хабар-
ландыру үшін тапсырыс
иелері жауап береді.
«Жамбыл Спорты»
газетінің материалдарын
басу үшін редакцияның
келісімі керек.
Спорты
19 қаңтар 2015 жыл
№1-2 (279-280)
«ЕЛ СПОРТЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ ҮШІН
АЯНЫП ҚАЛМАЙМЫЗ»
Манарбек АҒАЙДАРОВ:
Дзюдо федерациясы мен спорттық жекпе-жек және
күш қолданылатын спорт түрлері Конфедерациясы
спорттың осы түрін дамытуға ерекше күш салып жа-
тыр. Нәтижесінде, дзюдошыларымыз Гран-при жа-
рыстарында, Азия ойындарына сәтті өнер көрсетуде.
Самбошыларымыз да көштен қалып жатқан жоқ.
Спортқа өмірін арнаған адам ретінде, менің самбо мен
дзюдоның даму қарқынына көңілім толады.
- Биыл өткен ауыр атлетикадан өткен әлем чемпио-
натында жас талант Жасұлан Қыдырбаев чемпиондық
атаққа қол жеткізді. Бұл спортшы сіздің мектеп-
интернатыңызда білім алды. Көз алдарыңызда өскен
талантты спортшы туралы не айтасыз?
- Жасұлан Республикалық спорттағы дарынды
балалар спорт интернатында оқыды. Алматы об-
лысы Талғарда ауданында туылған. Ауыр атлети-
кадан Жамбыл облысының түлегі. Облыстық Олим-
пиада орталығында, одан кейін облыстық жоғарғы
спорт шеберлігі мектебінде дайындалып, жастар
арасында 2-рет Азия чемпионы, жастар арасында
әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанған. Өздеріңіз
көрдіңіздер, күні кеше ғана ересектер арасында Жамбыл
облысының атынан Қазақстан құрама командасының
сапында қазақтан шыққан тұңғыш әлемге чемпионы
атанды. Соңғы 3-4 жыл оның қалай жаттыққанын көріп
бақылап жүрдім. Сондағы көңілге түйгенім, спортшы
он жерден талантты болса да, жалқаулық жар берме-
се, еш нәтиже шықпайды. Жасұланның үлкен қасиеті
- талмайтын еңбекқорлығы және таланты. Мен оның
еңбекқорлығына тәнтімін. Елдос Сметов, Дәулетхан
Жақып, Жасұлан Қыдырбаев және тағы да басқа та-
лантты спортшыларға тек сәттілік тілеймін.
- Алдағы жылға жоспарларыңыз қандай?
- Спорт саласында жүргеннен кейін, жоспарлы
түрде жұмыс істеуді жалғастырып, жаңа жеңістерге қол
жеткізуді ойлаймыз.
- Сіздің қандай да бір хоббиіңіз бар ма?
- Бос уақытымда футбол ойнап, аңға шығамын.
Кітап оқып, бизнеске көңіл бөлемін.
- Әңгіме соңында отбасыңыз туралы айтып өтсеңіз…
- Орынкүл есімді анам бар. Шұға атты әпкем, Мей-
рамбек деген інім бар. Ғалымбек, Қайсар деген екі
ұлдың және Айжан, Ләйлә атты екі қыздың әкесімін.
- Әңгімеңізге рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |