Маңғыстау облысы ақтау қаласы
"№15 жалпы білім беру орта мектебі" КММ
Дюсембаева Айкумис Балтабаевна
қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Коучинг жоспары
Дюсембаева.А.Б.
Мерзімі: 03.05.16 жыл 2-күн
Коучинг тақырыбы:
" Гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытуда диалогтік оқытудың маңызы. "
Жалпы мақсат: Мұғалімдерге диалог түрінде оқыту туралы түсінік беріп, «ЖАДА-ға» және әңгімелесудің үш түріне сипаттама беру.
Мұғалім мен оқушылар арасында диалогтік өзара әрекеттестік арқылы ойлауды дамыту, ойлау туралы ойлануға үйретуі, өзіндік пікірлерді дәлелдеуге бағыттауы, бағалаудың түрлі жүйелерін пайдалануы
Сілтеме: 1.Мұғалімге арналған нұсқаулық, ресурстар
Оқу нәтижесі «Диалог түрінде оқыту» модулімен танысу арқылы елестетуге, баламалы шешімдер қабылдауға, іс-
әрекеттің түрлендірілген тәсілдерін енгізуге ықпал
етеді, қатысушылардың ойлау қабілеттерін дамытады,
функционалдық сауаттылыққа бейімділікті
қалыптастырады.
Коучингте қолданылатын материалдар:
А- 4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, флипчарт,
маркер, қалам, слайдтар, таныстырылым, суреттер,
бейнероликтер
Оқыту әдістері: Диалог түрінде оқыту ОүБ және оқуды бағалау. АКТ СТО әдісі
1. Диалог
2. Жеке жұмыс
3. Топтық жұмыс
Тапсырмалар: Сұрақтарға жауап іздеу, маңызды жауап беру, сыни тұрғыдан ойлану, жауаптарды дәлелдеу; формативті бағалау, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау; топтық
тапсырма және қорғау, рефлексия
Оқуға арналған тапсырма:
1. Мұғалімге арналған нұсқаулық.
2. Қосымша дерек көздері
Коучинг бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
№ р/с Коучтің іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
Ұйымдастыру кезеңі:
1. Топқа бөлу.
Шағын топқа бөліну үшін түрлі түстер арқылы Фонетика, Лексика, Морфология, Синтаксис болып бөлінеді.Мұғалімдер ұсынылған сиқырлы қоржыннан түрлі түсті қағаздардың біреуін
таңдап алып, жайына отырады. Мұғалімдердің іс-әрекетін қадағалап үйренуіне жол ашу, ой-пікір қозғау, жауапта нақтылық, тұжырымдамалыққа үйрену.
Тақырыпты: " Гуманитарлық бағыттағы пәндерді оқытуда диалогтік оқытудың маңызы. "
1. Топтық тапсырма беру: Журналистпен сұхбат, оқушы мұғалім арасындағы сұхбат, ата-ана мен мұғалім арасындағы сұхбат, ана мен бала арасындағы сұхбат. Мұғалімдер диалогтік қарым-қатынасқа түсу арқылы адамдардың бейнесін көрсетеді. Рольдік ойындарға ат салысады.
2. «Тіл тағдыры – ел тағдыры» тақырыбында әңгіме-дебатқа қатысады. Мұның бізге, Мұғалімдер алдымен өздеріне берілген сұраққа өзінше ой-толғаныс жасайды, ой-пікірлерін
параққа жазады. Топта талқылайды, постер жасайды.
Әр топтың лидері шығып қорғайды.Мұғалімдерге не қатысы бар?
Сергіту сәтін ұйымдастыру. Мұғалімдер сергіту сәтінде бір-бірімен қол ұстасып, хормен ән айтады. Мұғалімдердің пікірін жинақтау, негізгі тақырыпқа назар аударту, бейнероликтерге назар аударту, ойұшқырлығы, пікір қозғау.
Мұғалімдерге Александрдің (2008) диалогтік оқыту туралы
берген түсініктемелерін және Мерсердің әңгімелесудің зерттеуі бойынша әңгіменің үш түріне түсінік береді.
Мұғалімдернің бірлесе топтық жұмысын ұйымдастыру. Көрсетілім негізінде болжау, сыни тұрғыдан ойлау, бір-бірін тыңдау әрекеттері. Сұрақтарға ауызша жауап беру. Негізгі сұрақтар бойынша пікірлесу, жеке, жұптық, топтық бірлесе
жұмыс. Қорытындылау. Рефлексия. Сабақтан алған әсері
туралы пікірін стикерге жазып, «Ізгілік ағашына» жапсыруды тапсыру Коучингке қатысқан мұғалімдерге алғыс жазылған конфеттер ұсынады. Мұғалімдер бүгінгі сабақ туралы "екі жұлдыз, бір тілек" жазып қалдырды.
Достарыңызбен бөлісу: |