Костанайская область


Аудан жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай - ақ олардың елдің әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық - саяси дамуына ықпалы



жүктеу 0,8 Mb.
бет2/9
Дата23.11.2018
өлшемі0,8 Mb.
#23866
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2.1 Аудан жағдайының жағымды және жағымсыз жақтарын бағалау, сондай - ақ олардың елдің әлеуметтік - экономикалық және қоғамдық - саяси дамуына ықпалы


Географиялық орналасуы

Таран ауданы облыс орталығының батыс бағытында, Зауралья, Батыс Сібір және Орталық Қазақстан қиылыстарында орналасқан. Аудан солтүстікте Ресей Федерациясымен және Федоров, Қостанай аудандарымен, шығыс бөлігінде Әулиекөл ауданымен шектеседі, оңтүстгінде Қамысты ауданы және батысында Денисов ауданы.

Аудан орталығы – Таран селосы, 1903 жылы құрылған, Аят өзенінің оң жағалауында орналасқан, облыс орталығы Қостанай қаласынан 97 шақырым жерде орналасқан.

Рельеф. Геологиялық жағынан аудан, Орал және Қазақстан шоқысының аралығында, Торғай иілісінің батыс беткейінде, Торғай үстірті шегінде орналасқан. Ауданның рельефі қыратты жазықтар, оларды төбелерінің беті ашық тасты арқалық пен жыралар кесіп өтеді, Аят, Тобыл, Қаратомат су қоймасының маңында шамалы төмен түседі.

Климаты шұғыл континенттік және өте қуаң. Қысы ұзақ, аяз, желді және қатты боран, жазы ыстық және құрғақ болып келеді. Жылдық жауын-шашын мөлшері 2650 мм, бірақ ол құбылмалы: 130-дан 368 милиметрге дейін. Вегетациялық кезеңі солтүстігінде 150-175 тәулік, оңтүстігінде 180 тәулік.

Су қорлары. Өзендер тармағы сирек. Аудан аумағындағы Тобыл өзені пайдаланылатын жердің орталық бөлігі бойынша , оңтүстік – батыстан солтүстік – шығысқа қарай ағады. Солтүстік – батыс шекарасында Аят өзені ағады, Аят өзені аудан аумағынана алыс жерден басталып, Тобыл өзенінің саласы болып табылады. Бұдан басқа, аудан аумағында екі топтағы көптеген өзендер бар: қазаншұқырлы және жайылмалы. Бұл көлдер онша үлкен емес, көлемі бір метрден бес метрге дейін, сулары тұщы, жерді суаруға жарады. Олардың ішіндегі ең белгілілері Қайыңдыкөл, Татабайкөл, Угловое, Карминкөл, Қоржынкөл, Қарасор, Қайранкөл, Жаманкөл, Жертікөл. Бұл көлдерде табан, шортан, алабұға, тұқы, ақтабан сияқты балықтар бар.

Топырағы. Облыс топырағының құрамы күрделі механикалық, құндылығы жоғары және тұздылығымен ерекшеленетін қара және қоңыр болып келеді. Шалғынды – қаратопырақ және шалғынды – сарғылт топырақ сирегірек кездеседі. Олар жоғары жер аты және жер үсті ылғалдылығына байланысты. Ауыл шаруашылығы жерлерінің аумағы 640,734 мың гектар егістікті, оның ішінде 466,603 мың гектарды құрайды, соның ішінде 285,764 мың гектарды құрайды немесе 61,3 %, 171,684 мың гектарды (36,8%) жайылымдар алып жатыр.

Ауданның жалпы жер көлемі 640,734 мың га құрайды. Ауылшаруашылыққа пайдаланатын жер 466,603 мың га құрайды, соныңішінде 285,764 мың га, немесе 61,3 % егістік, 171,684 мың га (36,8%) – жайылым.



Өсімдік. Жердің үстіңгі қабаты негізінен шөп: ауданның солтүстігінде түрлі шөпті – ақселеу басым, кейжерлерде кешенді далалар, орманды далада шырша мен қайың шоқтары өседі. Оңтүстік аймақта бетегелі – жусанды жерлер, олар түрлі шөпті шабындықтармен алмасады: шабындық шөптер, ұзын жапырақты қияқтар, атқұлақ, тасшөп.

Әкімшілік-аумақтық құрылымы.

2013 жылы ауданда 42 елді мекен бар, оның ішінде 9 ауылдық округте 38 ауылдық елді мекен, 3 бөлек ауыл және 1 кент бар. Аудан орталығы – Таран ауылы, тірек ауылдар - Асенкритовка және Новоильиновка. Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша 10 ауыл дамудың жоғарғы потенциалына, 19 – орта және 13 ауыл төменгі потенциалына жатады.

Халық тығыздығының жоғары деңгейі Тобыл кенті, Таран, Майское, Новоильиновка және Береговое, Красносельское, халық тығыздығының төмен деңгейі – Достияр, Жамбаскөл, Нелюбин, Ленинское ауылы

Қостанай облысының дамуында Таран ауданының алатын орны

Ауданның стратегиялық мақсаты қолайлы тұрғылықты орта құру және халықтың өмір сүру сапасын дамыған елдердің деңгейіне жеткізу болып табылады.

Аудан зерттеліп өңделген пайдалы қазбалар бойынша облыстың ең бай ауданы. Бізде қоңыртемірлі кен, боксит, соннымен қатар құрылыс материалдарының – құмтас, ақ тас, құрылыс тастарының сарқылмас қорлары ашылды. 2004 жылдан Варваринка ауылында карьерлерден алтын өндіру жұмыстары басталды, шикізатты түпкі өнімге өңдейтін фабрика жұмыс істейді.

Аудан аумағында Солтүстік Қазақстанның бес облысының ішінде ең ірі теміржол торабы бар – бұл бірінші сыныпты бекет болып саналатын Тобыл бекеті, оның өткізу қабілеті тәулігіне 5 мың жүк вагондары және 6 мың жолаушылар поездары.

Аудан тұрғындарының әл-ауқатын арттыру ортамерзімдік дамудың басты мақсаты болмақ.
2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.2.1 Ауданның экономикасын талдау

Өнеркәсіп

Өнеркәсіп өнімдерін өндірумен ауданда алты кәсіпорын айналысады, бұл сала аудан экономикасы дамуының және аудан бюджетін қалыптастырудың негізгі бағыты болып табылады, оның бюджет құрылымындағы үлесі 40 % құрайды.


2013 жылы 30,1 млрд. теңгеге немесе өткен жылдан 17 % кем өнім өндірілді. Физикалық көлем индексі – 92, 9%, өнімнің облыстық көлемдегі салыстырмалы салмағы 5,6 % құрайды.

Ауданның ірі кәсіпорны «Варваринское» АҚ кен өндіру көлемінің қысқаруына және оның құрамындағы мыс пен алтынның аздығына байланысты өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 18,5 % төмендеді. Бір жыл ішінде кәсіпорын 4064 кг алтын өндірді, бұл облыс көлемінде шығарылған Доре қоспасынан 58% және өткен жылдың деңгейінен 25% артық және 27 мың тонна мыс концентратын өндірді, бұл облыстық көлемде шығарылған ұқсас өнімнің 67 % және 2012 жылдың деңгейінен 27% құрайды.

Өндірістік көрсеткіштің көлемін сақтап қалу үшін алтын өңдеуші кәсіпорнында кен өңдеу үшін Баталы бекеті – «Варваринское» бекеті темір жолымен тасымалданатын сырттағы кен орындары пайдаланылады. Темір жолдың құрылысы 2014 жылы қарастырылуда,пайдалануға беру мерзімі 2015 жыл.

Есептік кезеңде ауданның өңдеуші цехтары 2716 тонна ұн, 1645 тонна нан және нан-тоқаш өнімдерін, 112 тонна жарма, 46 тонна шұжық өнімдерін шығарды. Азық-түлік құрылымындағы көлемнің өсуі ұн өндірілімінде 3,5 %-ға, нан және нан-тоқаш өнімдерінде 9,2 %-ға, жарма өнімінде 1,7 %-ға артты, шұжық өнімдерінің өндірісі өткен жылдың деңгейінде қалды.

2013 жыл ішінде 30105 млн.теңгеге тауарлық өнімдер өндірілді, бұл 2009 жылдан 2 есе артық .

Өндеу кәсіпорын өндірісінің динамикасы




Көрсеткіштер

Жылдар

2009

2010

2011

2012

2013

1

2

3

4

5

6

7

1

Өнеркәсіп өнімнің көлемі, млрд. теңге

14563

21218

32359

36100

30105

2

өткен жылға қарағанда НКИ, %

123,4

106,9

117,7

108,5

92,9

3

Тау-кен саласының негізгі өнім түрлерін өндіруі:



















- қоспадағы мыс, мың тонн

32,1

25,5

38,7

37,6

27,4




- Доре ертіндісі, кг

1600,1

2251,1

2405

3247,6

4064,1

Күшті жақтары

- ауданда өнеркәсіптік өндіріс көлемінің;

- өндірістік қуаттылқтардың пайдаланылмаған қорларының барлығы;

- минералды – шикізат ресурстарының барлығы.

Әлсіз жақтары:

- өнеркәсіптің шикізаттық бағыты;

- ғылымды көп қажетсінетін технологияларды енгізу деңгейінің төмендігі;

- инвестициялық ресурстардың тапшылығы;

- облыстың басқа аудандарында осындай өнім шығарушылар тарапынан бәсекелестік туындау.

Қауіп - қатерлер

- аудан экономикасының шикізатқа тәуелділігінің өсуі;

- таукен өндіру сеторының өнімдеріне бағаның төмендеп кет мүмкіншіліктері

Мүмкіндіктер

- ауданның, мультикөліктік торап ретінде РФ шекарасында гоеэкономикалық қолайлы орналасуы;

- таукен өндіру саласындағы белгілеген инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда аудан экономикасы даму потенциалының артуы.
Аграрлық-өнеркәсіп кешені

Ауыл шаруашылығы саласы аудан материалдық өндірісінің екінші жетекші саласы болып табылады.

Ауыл шаруашылық өнімінің жалпы шығарылымы 10,5 млрд. теңгені құрады, бұл былтырғы жылдың деңгейінен 8,8 % артық.

2013 жылы жаздық егіс 178 гектар аумақта жүргізілді, бұл меморандумға қатысты 103 % құрайды. 2012 жылдың деңгейімен салыстырғанда жаздық егіс 0,6% артты.

Ауыл шаруашылық мәдени дақылдарды әртараптандыру мақсатында май дақылдарының егіс көлемі 5,8 мығ гектарға немесе 2012 жылдың деңгейімен салыстырғанда 60%, жемшөптік дақылдарының көлемі 3,4 мың гетарға немесе 2012 жылдың деңгейіне қарағанда 44% көбейтілді.

Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 5,9 млрд. теңгені құрады, физикалық көлем индексі - 141,4 %.

Астық жиналатын 151,6 мың гектар танаптан 111,5 мың тонн дәнді дақылдар мен дәнді бұршақты дақылдар бастырылды, орташа егін шығымдылығы - 6,9 ц/га.

6,3 мың тонна картоп жиналды, орташа егін шығымдылығы 148,4 ц/га, 2,2 мың тонна көкөніс жиналды, орташа егін шығымдылығы 233,2 ц/га.

67,2 мың тонна шөп шабылды, силосқа 19,4 мың тонна, көк азыққа – 2,3 мың тонна, пішендемеге – 11,8 мың тонна жүгері дайындалды.

Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға қарамастан, ауданда мал шаруашылығы өнімідерін өндіру өткен жылдың деңгейіне жеткен жоқ.

Мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы өнімі 4,7 млрд. теңгені немесе 2012 жылдың деңгейіне 87,7 % құрады.

Ет өндірісі 7,2 %-ға төмендеді және 9,1 мың тоннаны құрады, жұмыртқа өндірісі - 55 % немесе 41,4 млн. дананы құрады. Ет өнімдері көлемінің төмендеуі шошқа басының 59 %-ға төмендеумен байланысты, себебі шошқа етіне сұраныс болмағандықтан, оны сатып алу бағасы төмендеді, ал жұмыртқа өнірісі мен құс басының төмендеуіне төрт құс шаруашылығы жұмысының тоқтатылуы себеп болды.

Сүт өндірісі 6,3 %-ға артып 18,8 мың тоннаны құрады.

2014 жылдың 1 қаңтарына қарасты аудан шаруашылықтарындағы жағдай мынадай болды:

20 306 бас ірі қара мал, бұл өткен жылдың деңгейінен 1,7 % -ға төмен;

оның ішінде сиырлар – 8 992 бас немесе 2012 жылдың деңгейіне 126,6 %;

қойлар – 12 368 бас немесе 112,0 %;

ешкілер – 633 бас немесе 93,1 %;

шошқалар – 4 334 бас немесе 41,0 %;

жылқылар – 2 603 бас немесе 109,6 %;

құстар – 269 058 бас немесе 31,8 %.

Елбасымыздың «Ірі қара мал етін шетелге шығару шамасын дамыту» тапсырмасын орындау шеңберінде және ет өндірісі көлемін арттыру мақсатында ауданда біршама іс шаралар кешені жүргізілуде.

«Сыбаға» бағдарламасын орындаудың үш жылы ішінде аудан шаруашылықтары 802 бас ірі қара мал сатып алды, бұл жоспарға қатысты 111% құрады.

2013 жыл ішінде шаруашылықтар 236 бас ірі қара мал сатып алды,оның ішінде 213 бас сиыр және 23 тұқым бұқалары, бұл тапсырысқа 133 % құрады (177 бас).

«Global Beef kz» америкалық фирмасы 3000 басқа дейінгі тұқымдық репродуктор және әрі қарай ет кластерін құратын 5000 басқа дейінгі бордақылау алаңын құру бойынша жобаны жүзеге асыруда, АҚШ-тан Смайловка ауылына «Ангус» тұқымды 1503 ірі қара мал әкелінді. Шаруашылық ауылшаруашылық техникасын сатып алды, 1,5 мың тонна шөп әзірледі, 2,0 мың тонна мөлшеріндегі мал жемін алу үшін «Орлан 2004» ЖШС-мен келісімшарт жасады.

«Ахметжанов С. К.» шаруа қожалығы қой етін жеткізіп тұру үшін ресей кәсіпорындарымен байланыс жасауда, 2013 жылы бұл шаруашылық 15 тонна ет сатты.

Мал азығының нашар базасына, мал шаруашылығының ұсақ тауарлығына, тұқымдық ет малы басының жетіспеушілігіне қатысты негізгі мәселені шешу үшін ауданда шабындықтар мен жайылымдарды жаңарту, ескі жайылымдарды жаңғырту, егіс алаңдары құрылымында мәдени дәнді дақылдарды енгізу және арттыру, ұсақ тауар өндірушілерді біріктіру үшін кооперативтер мен кластерлер құру бойынша жұмыстар жүргізіледі.

2013 жылы тұқым шаруашылығын дамытуға республикалық бюджеттен 315,0 тыс. теңге субсидиялар – элиталық тұқымдардың құнын жартылай арзандату үшін бөлінді.

Көктемгі егіс және астық жинау жұмыстарын жүргізуге қажет жанар – жағармай және басқа да тауарлық – материалдық құндылықтардың бағасын арзандату бағдарламасы бойынша 2013 жылы ауданның ауылшаруашылық тауар өндірушілері мемлекеттік субсидияның 312 млн. 382 мың 111 млн. 986,3 мың теңгесін игерді, оның ішінде - 19 млн. 462,5 мың теңге – отандық қайта өңдеушілер өткізген майтұқмдары.

2013 жылдың 1 қаңтарында ауданда 1353 трактор, 441 астық жинайтын комбайн, 770 сеялка және басқа ауыл шаруашылығы техникалары болды.

2012 жылы ауданның ауыл шаруашылығы кәсіпорындары 91 ауыл шаруашылық бірлік техникасы сатып алды.

Республикалық бюджеттен 2014 жылы тұқым өсіру шаруашылығын дамуға тұқымды ұрықтың жартылай арзан сатып алуға қаражаттандыруы – 315,0 мың теңге бөлінді.

Аудан ауыл өңдірушілерімен 2013 жылы көктемгі егін және астық жинау жұмыстарын өткізу үшін жанар – жағармай материалдардың және басқа тауар – материалдық құндылығының арзан сатып алу бағдарламасы бойынша мемлекеттік қаражаттандыруы 312 млн. 382 мың теңге игерілді (2012 жылы- 111 млн. 986,3 мың теңге), оны ішінде гербицидтармен ауыл шаруашылық мәдени дақылдарды өңдеуге 85 млн. 276,8 мың теңге (2012 жылы 19 млн. 462,5 мың теңге).

2014 жылғы 1 қаңтарға қарасты ауданда: 1322 трактор, 442 астық жинау комбайны, 770 тұқымсепкіш және ауыл шаруашылық техникасы бар.

Ауданның ауылшаруашылық кәсіпорындары жыл сайын ауылшаруашылық техникасын сатып алады. Мысалы, «Майлин ат.» ЖШС «Клаас» астық оратын комбайын - 1 бірлік, «МСС»ЖШС - ПЗ-3,4 жинағыш платформа – 1 бірлік, «Аскар-07» ЖШС- «Авагро» бүріккіш - 1 бірлік, «Global beef KZ» ЖШС FL 250 1 бірлік жаппай тиегіш, Scorpion тиегішіне 1 бірлік айыр, 1 бірлік Claas Scorpion 7030 телескоптық тиегіш , 1 бірлік Xerion 4500 Trac тракторын, 1 бірлік Claas Axion 820 тракторын, 1 бірлік «Белорусь» 892 тракторын, 1 бірлік Соломикс 21800ZK азық илеуіш, 1 бірлік сабан майдалағыш, 1 бірлік Horsch Sprinter 24NT егін егу кешенін сатып алды.

Ветеринария

Ауданда мал шаруашылығы өнімдерінің қауіпсіздігі мен эпизоотикалық қолайлылықты қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда.

2011 жылғы 5 қаңтардан бастап, бөлек ветеринария бөлімі құрылып, жұмыс істей бастады, 2012 жылғы 20 наурыздан бастап, шаруашылық жүргізу құығындағы, 16339,1 мың теңге жарғылық қорымен ГКП «Ветеринария» МКК ұйымдастырылды.

Жергілікті атқарушы органдардың ветеринарлық қызметі 9 мал дәрігерімен қамтамасыз етілген, қажеттілігі 19 (89%).

2013 жылы жұқпалы ауруға қарсы алдын алу іс-шараларына 31958,7 мың теңге бөлінді және ветеринарлық препараттарды сақтауға 164,0 мың теңге оның ішінде республикалық бюджет қаражат есебінен бөлінді.

26 жұқпалы аурға қарсы эпизоотикаға қарсы, қан алу бойынша 43110 манипуляция және алдын алу екпелері бойынша 135060 әр түрлі іс шаралар өткізілді.

Ауданда үш мал сою пункті қызмет етеді, 3 мал сою алаңдары бар.

Инфекцияланған малды жерлеу 19 мал моласында жүзеге асырылады.

2013 жылдан бастап ауданда адам мен мал үшін жалпы ауруларды диагностикалау мақсатында 69951 бас малды бруцеллез, туберкулез, туберкулинге зерттеу жүргізілді.

600 бас қараусыз жүрген малдарды ұстау үшін 988,0 мың теңге жұмсалды.


Күшті жақтар:

- тұрғындар мен қайта өңдеуші кәсіпорындарды өздік шикізатпен толығынана қамтамасыз ету;

- өндірістік инфрақұрылымның барлығы :астық токтары, темір жолдары жақын элеватор;

- ірі құс өсіру шаруашылығының барлығы ;

- ірі қара мал өсіру бойынша тұқымдық шаруашылықтардың барлығы.

Әлсіз жақтар:

- нарықтық инфрақұрылым, менеджмент пен маркетингтің нашар дамуы;

-мал азығы бағасының қымбаттығы ауданның қоғамдық және үй шаруашылықтарында мал мен құсты сойыуға мәжбір етеді;

-ауылшаруашылық құрылымдарындағы техника мен жабдықтардың тозуы.

Қауіп-қатерлер:

- ауданның қауіпті егіншілік аумағында орналасуы;

- меншікті энергетикалық ресурстардың жоқтығы;

- ауданнан еңбекке жарамды тұрғындардың кетуі .

Мүмкіндіктер:

- географиялық орналасқан жерінің тиімділігі (Ресей шекарасына және өнім тұтынушы қалаларға жақындығ);

- мемлекеттің қаржылай қолдауы (көктемгі егіншілік және астық жинау жұмыстарыа субсидиялар).



Шағын және орта бизнес, сауда

Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасының «Жаңа бизнес бастамасын қолдау» атты бірінші бағыты аясында Май ауылында Черных ЖК наубайханасы жұмысын жалғастыруда.

Гранттық қаржыландыруға төрт өтінім берілген болатын, дегенмен оның біреуі де қаржыландырылған жоқ.

«Olzha Storage» ЖШС үшін инфрақұрылым жүргізуге бес өтінім берілді. .

«Кәсіпкерлік потенциалын арттыру» атты төртінші бағытын жүзеге асыру мақсатында ауданда сервистік қызметті 27 кәсіпкер алды, «Бизнес Кеңесші» оқуын 60 адам оқыды, «Іскерлік байланыс» жобасы аясында екі өтінім берілді.

2014 жылғы 1 қаңтарға қарасты жағдай бойынша ауданда 1134 белсенді шағын кәсіпкерлік субъектері жұмыс жасады, оған қатысқандар саны 2246 адамды немесе өткен жылдың осы кездегі деңгейіне 102 %. Бөлшек тауар айналымы 13,8 %-ға арттыжәне 1,3 млрд. теңгені құрады, физикалық көлем индексі 110,5 %.

558 бірлік сауда нысандары бар, жалпы қоғамдық тамақтандыру – 27, қызмет саласында 106 объект пайдалануда.

Аудан аумағында жол бойындағы сервистің 6 объекті, 12 қоғамдық тамақтандыру пункті, 5 техникалық қызмет көрсету станциясы, жиһаз бен терезелер шығаратын 6 цех, 3 сұлулық салоны, 5 жанармай құятын станция, құс шығаратын 2 инкубатор, 1 орманпитомнигі, 1 гүл өсіретін жылыжай бар.

Көрсеткіштердің өсуіне қарамастан, шағын бизнесттің дамуына кедергі көп қалады. Несиелендірудің бірнеше бағдарламасы бар, дегенмен, кепілдік қамтамасыз етудің жоқтығы мен жоғары пайыздық мөлшерлемелер несиелік ресурстарға қол жеткізуді қиындатады. Негізгі кедергі – сауда, қызмет, қоғамдық тамақтану салаларында білікті мамандардың жоқтығы.

Негізгі капиталдағы инвестициялар

2013 жылы негізгі капиталға инвестиция мөлшері 9 млрд. 334 млн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 4 млрд. теңгеге артық. Аудан бойынша физикалық көлем индексі– 168 %, облыстық көрсеткіш-105,1 %.

Қаржыландыру көзі құрылымында бюджеттік қаражаттар 341,0 млн. теңгені немесе жалпы инвестиция көлемінен 3,7 % құрады, кәсіпорынның меншікті қаражаттары– 7483,0 млн. теңге немесе 80 % және қарыз қаражаттар– 1510,0 млн. теңге немесе 16,3 %.

Есептік кезеңде жоспар бойынша 1055 шаршы метр баспана орнына жеке құрылысшылар пайдалануға 1277 шаршы метр енгізді, бұл өткен жылдың деңгейіне қарасты 103 % құрады.

Индустрияландыру картасын жүзеге асыру кезеңінде Қызылжар ауылында сомасы 1 млрд. 148 млн. теңге «Әк күйдіру пешінің құрылысы. Әкті ұсату және орау бойынша желіні жобалау және пайдалануға енгізу» инвестициялық жобасы пайдалануға енгізілді, 59 жұмыс орны құрылды, жобаның бастамашысы «ССГПО» АҚ.

Мемлекеттік бағдарлама аясында ағымдағы жылы жалпы құны 4 млрд. 050 млн. теңге «Таран ауданы Смайловка ауылында 3000 басқа дейін тұқымдық репродуктор мен инфрақұрылымы дамыған 5000 басқа дейін бордақылау алаңын салу» («Global Beef KZ» ЖШС), инвестициялық жобаны пайдалануға енгізу қарастырылуда, 15 жұмыс орны ашылады.

2014 жылы Индустрияландыру картасына жалпы құны 3 млрд. 720 млн. теңге және 104 жаңа жұмыс орны ашылатын екі инвестициялық жоба енгізіліп отыр: ««Баталы» бекеті – «Варваринское бекеті жаппай пайдаланылмайтын темір жол құрылысы» («Варваринское» АҚ) және «Астық сақтау үшін силос құрылысы (40 мың тонна)» ( «Olzha Storage» ЖШС).
2.2.2. Ауданның әлеуметтік саласын талдау
Білім беру

Мектепке дейінгі білім беру

Таран Ауданын аумағында 432 бала тәрбиеленетін 4 бала бақша, 551 бала баратын, оның ішінде 10-ы - толық күн болатын, 25 шағын орталық бар.

Мектепке дейінгі оқыту және тәриелеу ұйымдарының сапалы қызмет көрсету қажеттілігін қанағаттандыру және мектепке дейінгі ұйымдарда орын тапшылығын төмендету мақсатында 2011 жылдың қыркүйк айынан бастап «Балапан» бағдарламасы жұмыс істейді.

Бағдарлама шеіберінде 150 баланы қамтитын Май және Калинин бала бақшалары, 127 баланы қамтитын жеті шағын орталық жұмыс істейді, олардың екі тобы мемлекеттік тілде, алтауы орыс тілінде оқытылады.

Небары 25 шағын орталық жұмыс істейді, дегенмен мектепке дейінгі сапалы білім мен тәрбиені балалар бала бақшаларда алады, ал мектеп жанында ашылған шағын орталықтар ауылдарда жоқ балабақшаларды уақытша ауыстыру ретінде құрылған.

Шағын орталықтар кәдімгі мектеп кабинеттерінде орналастырылғандықтан, толыққанды тәрбие беретін қажетті жағдайлар жасалмаған, жүктемелері толық емес, еңбекақысы төмен, білікті мамандар жетіспейді.

Балалардың мектепалды мекемелерінде орын тапшылығы мәселесі әлі де орын алуда, тек Таран ауылы мен Тобыл кентінің өздерінде ғана бала бақшаға мұқтаж балалар саны 300-ден артық, бұл елді мекендерде бөпе-бақшалар ашу қажет.

Сондай-ақ Асенкритовка, Новоильиновка, Юбилейное, Елизаветинка, Красносельское, Береговое ауылдарында жаңа балабақшалар салу, Май ауылындағы балабақшаның екінші ғимаратын іске қосып ашу қажеттілігі туындап тұр, мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылмаған балалар саны 752 баланы құрады.

2013 жылы Калининский балабақшасында 10 балаға қосымша топ ашылды, аудандық бюджет қаражаты есебінен 1,0 млн. теңгеге жиһаз, тұрмыстық техника, музыкалық аспаптар алынды.

Күшті жақтар:

- шағын орталықтар толық күнге ауыстыру;

- шағын орталықтарды қайта құру бала бақшада толық күнімен.

Әлсіз жақтар:

- ауданда бала бақшаның жеткіліксіз желісі.

- МДБҰ спорт залдары, жүзу бассейдері және музыкалдық залдарының жоқтылығы.

Ұсыныстар:

Аудан бойынша мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі педагогикалық құрамының жалпы құрылымындағы жоғары білімді педагогтар үлесін арттыру.
Орта білім

Ауданның білім беру мекемелерінің жүйесі Увальный, Вороненский негізгі мектептері мен Нелюбинка бастауыш мектебін жабудың арқасында үш бірлікке қысқарды, қазір ауданда 3663 оқушы оқитын (мектепалды даярлық сыныптарымен бірге) 29 жалпы білім беретін мектеп, оның 14-і орта, 12-сі негізгі, 3 –еуі бастауыш, 77 бала жатып оқитын 3 интернат бар.

3,5 млн. теңгеге Павлов орта мектебі ғимаратына, 1,8 млн. теңгеге Май орта мектебі спорт залы ғимаратына, 2,1 млн. теңгеге Калинин балабақшасына ағымды жөндеу жүргізілді.

Республикалық бюджеттен трансферттер есебінен 8,8 млн. теңгеге 15620 дана немесе 973 оқулық жиынтығы алынды, ауданның төрт мектебіне 16,3 млн. теңгеге химия кабинеттеріне оқу жабдықтары алынды.

1,6 млн. теңгеге костюм дайындалды, 2,2 млн. теңгеге, № 116 Тобыл орта мектебі аумағының жартысы абаттандырылды, 3,3 млн. теңгеге спорт жабдықтары (шаңғылар, дзюдо үшін татами) алынды .

Ауданның жалпы білім беру мектептерінде 604 педагог жұмыс істейді, оның 30-ы - жоғарғы санатты, 181-і – бірінші санатты, бұл мұғалімдердің жалпы санынан 40% құрайды.

2013 жылы 47 мұғалім үш деңгейлік жүйе бойынша оқытудан өтті.

Мектеп жасындағы балаларды оқытумен толық қамту мақсатында ауданда оқушылар контингентін есепке алу және сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Әлеуметтiк қорғалмаған бiлiм алушылар мен күнкөрiсi төмен отбасылардан шыққан бiлiм алушыларға қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлiнетiн қаражатты жұмсау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысына сәйкес 34 мемлекеттік жалпы білім бер мектептерінде жалпыға міндетті оқу қорлары құрылды.

2013 жылы жалпы оқу қорына қарастырылған қаржыландыру аудан бойынша 102986,0 мың теңгені құрайды (2012 жылы – 9311,2 мың теңге), оның ішінде киім алуға, ыстық тамаққа, -6146,0 мың теңге (2012 жылы – 5164,2 мың теңге), табысы аз отбасы балалары мен жетім балаларға каникул кезінде демалыс лагерлеріне жолдама-3300,0 мың теңге (2012 жылы - 3788,4 мың теңге) жағажылдық сыйлықтар - 840,0 мың теңге (2012 жылы- 358,0 мың теңге).

Ауданда мектептер жанында 3 интернат бар, оларда 2013 жылдың аяғында 77 оқушы болды, 2012 жылмен салыстырғанда 5 оқушыға. Интернат оқушыларын тамақтандыруға 2013 жылы 3892,4 мың теңге, 2012 жылы 2050,0 мың теңге бөлінді.

2013 жылы аудан мектептері үшін 4453,7 мың теңгеге 38 дана компьютер, 9258,8 мың теңгеге көмір, газ қазандықтары, сорғы, 2180,0 мың теңгеге дзюдо үшін таблосымен татами, 8458,8 мың теңгеге жиһаз, 540,0 мың теңгеге интерактивтік тақталар, 951,9 мың теңгеге сынып тақталары, 1156,9 мың теңгеге спорттық жабдықтар (шаңғылар) сатып алынды.

2013 жылы 2,5 және 9 сыныптар үшін жалпы сомасы 8700,0 мың теңгеге 15620 дана немесе 973 жиынтық оқулықтар сатып алынды, оның ішінде 96 жиынтық мемлекеттік тілде және 877-сі орыс тілінде .

2013 жылы жетім балалар мен ата-анасының қамқорынсыз қалған балалардың асыраушыларына ай сайынға ақшалай қаражат төлеуге 15304,0 мың теңге жұмсалды.

Жыл сайын аудан мектептеріне күрделі жөндеулер жүргізіледі.

2010 жылы Приозерное ОМ күрделі жөндеуден өтті.

Таран аулында 2011 жылы 300 орынға мемлекеттік тілде білім берілетін мектептің құрылысы басталды, 2012 жылғы тамыз айында пайдалануға енгңзңлдң.

2012 жылы Б. Майлин атындағы Таран ОМ күрделі жөнделді.

2013 жылы №116 Тобыл орта мектебі күрделі жөндеуден өтті.

Күшті жақтар:

- апаттық жағдайда тұрған және 3 ауысымдық мектептердің жоқтығы;

Әлсіз жақтар:

- педогикалық кадрлардың перманентті жетіспеушілігі (әсіресе математика, физика, информатика, химия, ағылшын тілі мұғалімдері);

- мектептердің жеткіліксіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілу деңгейі;

Қауіп-қатерлер:

- мектептегі жиһаздар мен жабдықтардың тозығы жетуі.

Мүмкіндіктер:

- бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету және 1 компьютерге бір немесе екі адамнан келетін мектеп оқушыларының саны мен мектептерді компьютерлік техникалармен толтыру және кең жолақты Интернет желісіне қосу деңгейін 100% дейін жеткізу мақсатында орта білім объектілерінің материалдық - техникалық базасын нығайтуға байланысты шығындарды қаржыландыруға жеке сектордың қатысуын ынталандыру;

Ұсыныстар:

- 12 жылдық оқытуға толыққанды көшуді қамтамасыз ету мақсатымен білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға жеке қаржыландыруды ынталандыру және бюджеттік қаржыландыруды қамтамасыз ету (физика, химия, биология зертханалық кабинеттерін, информатика кабинетін, оргтехника, интерактивтік тақталар, алу, кітапханалық қорды жаңарту және толықтыру, мультимедиалық кабинеттер алу; рокожолақты Интернетке қосылу, спорттық құралдар алу және т.б.).


Денсаулық сақтау

2014 жылдың басында Таран ауданы аумағында медециналық қызмет көрсеткен орталық аудандық аурухана, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт, 22 медициналық пункт және 3 дәрігерлік амбулатория.

2010 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан медицинасы дамудың жаңа кезеңіне көшті. Денсаулық сақтауға соңғы нәтижеге бағытталған ДСҰБЖ жаңа моделін енгізу, төлемді сапаны бақылау, медицина қызметі үшін төлемдердің айқындығы негізінде жүргізуга мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтаудың ұлттық бірыңғай жүйесін ендіру 2020 жылдары ҚР кереуеттік қорды тиімді пайдалануға және стационарлық көмек шығындарының үлес салмағын БМСК ауыстыруға мүмкіндік береді.

Стационардан БМСК шығындарды қайта бөлу, медициналық қызмет көрсету жүйесінің алдын ала көмек көрсету бағытын, стационардың орнын басатын технологияларын, СӨС, ауаыруды ертерек анықтауды, профилактикалық дәрі терапиясын күшейтуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде күтулі өмір ұзақтығын арттыруға, өлім – жітімді төмендетуге әкеледі.

2010 жылғы 1 шылдеден бастап, Таран АОА науқастарды аудандық аурухана мен аймақтық клиникаларға жоспарлы жатқызуды ауыруханаға жатқызудың Портал Бюро арқылы жүргізуде. Порталдың мақсаты – шұғылдылық, өзектілік, шынайылық, адами факторды ықшамдау, айқындылық.

Ауданда 29 дәрігер мен 133 орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді.

2013 жылғы демографиялық көрсеткіштер:

Туу -14,2 (394 бала) 2012 жылы -14,0 (394)

Жалпы өлім - жітім- 11,9 (331 адам) 2012 жылы -13,3 (376 адам)

Тұрғындардың табиғи өсуі +2,3 2012 жылы +0,7

Балалар өлімінің көрсеткіші – 12,5 ( бес жағдай) 2012 жылы – 7,6 (үш жағдай).

Таран АОА толық жүктемелі жұмыс жасайды.

2013 жылдың 12 айы ішінде ауданның медициналық мекемелерінде дәрігерлерге келушілер саны102466 адам болды, 2012 жылы – 105288.

Ауданда стационар ауыстыру технологиясы жұмысын жалғастыруда: стационар жанындағы күндізгі стационар. Емханалардағы күндізгі стационарда 1330 ауыру емделді.

Ауданның барлық ЕАМ тұрындрды мақсатты профилактикалық қадағалау жүргізді.

Медициналық қадағалауға жататындардың 98% скринингтік қадағалаудан өткізілді.

Қатерлі ісік қызметі бойынша 2013 жылдың көрсеткіші мынадай болды:






2013 жыл

2012жыл

«Д» есепте тұрғандар

351

373

Есепке жаңадан алынғандар

77

86

Өткізіліп алған жағдайлар

15

13

100 мың халыққа шаққандағы ауру

276,9

305,1

Қайтыс болғандар

19

21

100 мың халыққа шаққандағы өлім

68,3

74,5

5жылдық өмір сүру

189-52,9%

187-51,3%

3-4сатыдағы өтіп кеткен визуалдық локализация жағдайларын анықтау

6-37,5%

-

Туберкулездік қызмет бойынша жағдай тұрқты қызмет. Д есепте 2013 жылы барлығы 124 науқас тұр, оның 1-еуі бала, жасөспірімдер жоқ, 2012 жылы есепте 128 науқас тұрды, оның 2-еуі бала және 1 жасөспірім.

2012 жылы туберкулезден 2 науқас қайтыс болды, өлім 1 000 тұрғынға шаққанда 7,2 құрады, 2012 жылы да 2 өлім болды, көрсеткіш - 7,1 тең. Бұдан әрі облыстық туберкулезге қарсы диспансердің мамандары өткізетін жұмыс, емдеу – диагностикалық іс шаралары, алғашқы медициналық - санитарлық көмек және тұрғындар арасындағы белсенді санитрлық – медициналық жұмыстар осы қызметтің көрсеткішін жақсартады.

Психиканың бұзылуымен ауыратын науқастардың көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 2012 жылы 36 болса, 2013 жылы 38 өсті.

Наркологиялық берекесізік ауырулары 100000 тұрғынға шаққанда 194,2 құрады, 54 науқас анықталды, 2012 жылы науқастық 10000 шаққанда тұрғынға -177,4 40 науқас анықталды.

2013 жылы 279 жүкті әйел жүктіліктің бас кезінде есепке алынды ( 2012 жылы-285).

2013 жылы аудан бойынша 394 бала туылды, өлі туылғандар жоқ.

Ағымдағы жылдың 12 айы ішінде участкілерге 397 бала келді. Бұл баларадыңденсаулық индексі 71,2% құрады, (2012 ж.-81,5%).

Ауданда үйде босанушылар болған жоқ.

Медициналық көмектің кепілдік көлеміне сәйкес «Д» есепте тұрған топтардың бәрі 2011 жылғы 04.11. № 768 бұйрыққа сәйкес тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді.

Шешуді талап ететін мәселелердің бірі –кадрлық мәселе: ауданда терапевт дәрігерлер, окулист дәрігерлер, стоматолог, хирургтер жетіспейді. Психиатр, нарколог дәрігерлер жоқ. Облыс және аудан әкімдерінің гранттарымен жоғары медициналық мекемелерде оқып жатқан болашақ мамандарға үміт артылуда.

Жұмыспен қамтамасыз ету және тұрғындарды әлеуметтiк қорғау

Елбасымыз еңбек нарығының тиімділігін арттыру, аз қамтылғандарды, жұмыссыздар мен өз бетінше жұмыс жасайтындарды тиімді жұмысқа қолдау бағдарламаларына белсендітарту бойынша міндет қойған болатын, «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасы жұмыссыздыққа қарсы күрестің бірден-бір тиімді шарасы болды.

Мемлекеттік бағдарламаның бірінші бағыты аясында республикалық бюджеттен трансферттер есебінен 168,1 млн. теңге сомасына №116 Тобыл орта мектебі ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді, жөндеу жұмыстарына Жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша 24 жұмыссыз азамат орналастырылды.

«Кәсіпкерлікті дамыту мен тірек ауылдарды дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» екінші бағыты бойынша 37 қарыз алушыға жалпы сомасы 67 млн. 150 мың теңгеге шағын кредит берілді, оның 22-сі мал шаруашылығын дамытуға, 6-ауы – түрлі қызмет түрлерін көрсетуге, 3-еуі – жолаушылар мен жүк тасымалдауға, 2-еуі – балық аулауды дамытуға, 2-еуі – құс шаруашылығын дамытуға, бір- бірден ұлттық киім тігу мен көкөніс шаруашылығын дамытуға бағытталды.



«Жұмыс берушінің қажеттілігі аясында оқыту және қоныс аудару арқылы арқылы жұмысқа орналастыруға көмектесу» бағыты бойынша 10,7 млн. теңге бөлініп игерілінді,оның ішінде:

- 10 адамды кәсіби қайта даярлауға 1 млн. 384 мың теңге бағытталды;

- жастар практикасын өту үшін құрылған жұмыс орындарына 19 түлекті орналастыруға 2 млн. 680 мың теңге игерілді;

- еңбек ақыны жартылау субсидиялауға 6 млн. 651 мың теңге бөлінді. 48 адам жұмысқа орналастырылды, қазіргі кезде олардың 32-сі тұрақты жұмысқа қабылданды, 3 адам ағымдағы жылда жұмыс істеуде, тұрақты жұмыс орынсыз қалған он үшіне қатысты Жұмыспен қамту орталығы оларды жұмысқа орналастыруға көмек көрсетеді.

Қабылданған шаралар арқасында тіркелген жұмыссыздар саны 0,01%-ға дейін төмендеді, жұмысқа орналастырылғандар үлесі 99,3 % құрады, облыстық көрсеткіш- 94,9 %, 574 жұмыс орны құрылды.

Орташа айлық табыс аудан бойынша өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 8 %-ға артып, 90 751 теңгені құрады, бұл орташа облыстық жалақыдан 9%-ға артық.

Халықтың әлеуметтік нашар тобын әлеуметтік қорғау бойынша жұмыс жалғасуда. Аз қамтылған азаматтар саны 2 адамды құрайды (1 отбасы), бұл 2012 жылдың көрсеткішінен 24 адамға аз.

Мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуге 15,4 млн. теңге игерілді, бұл шара 103 қарт азаматтар мен мүмкіндіктері шектеулі 12 балаға қызмет көрсетуге бағытталды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек үш отбасында тұрып жатқан 11 адамға берілді, төлем 223,7 мың теңгені құрады.

10,7 млн. теңге сомасындағы тұрғын үй көмегі төленді, Май ауылындағы құс фабрикасының жұмысы тоқтатылуына байланысты көмек сұраушылар саны өсіп, жыл аяғында 432 адамды құрады.

18 жасқа дейінгі балаларға 9,2 млн. теңге сомасында мемлекеттік жәрдемақы төленді, алушылардың орташа жылдық саны 441 адам.

Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес гигиеналық құралдармен 30 мүгедек, жеке көмекші қызметімен 5 адам қамтамасыз етілді. Бұл мақсаттарға аудандық бюджеттен 1,9 млн. теңге төленді.

Алайда тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтiк қолдау жүйесінде оң өзгерiстермен қатар шешiлмеген мәселелер де сақталып отыр:

кедейлiктен шығу бойынша белсендi шаралардың төмен тиiмдiлiгi;

кедейлiк пен теңсiздiктiң сақталуы;

мүмкiндiктерi шектеулi адамдардың толық қамтылмауы;

көп балалы үйлерде кедейлiктiң басымдылығы;

әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қызмет көрсету стандарттарының жетілдірілмеуі.

Бұндай жағдайда, кірісі белгіленген ең төменгі табыс деңгейінен аз халықтың әлсіз топтарына әлеуметтік көмек көрсету жергілікті атқарушы органдар жұмысының стратегиялық бағыты болып табылады.

Күштi жақтар:

- еңбек нарығында жаппай жұмыстан босату көзделіп отырған жоқ, бұл жұмыссыз азаматтар санының ұлғаюына апармайды;

- жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға жергiлiктi атқарушы органдардың қаражаттары жеткiлiктi;

- әлеуметтiк қолдауға мұқтаж азаматтардың барлық санаттарын іс жүзінде қамту;

- медициналық - әлеуметтiк мекемелерде мүгедектерді, қарттарды, мүгедек балаларды арнайы әлеуметтiк қызмет түрлерiмен толық қамту;

- мүгедектерді әлеуметтiк және кәсiби оңалтуға бағытталған іс-шараларды өткiзу мүмкiндiктерi шектеулi адамдарға барынша тәуелсіздікке, толық физикалық, зерделi, әлеуметтiк және кәсiби қабiлеттiлiктерге қол жеткізуге және сақтауға және оларды өмiрдiң барлық кезеңдерінде толық қосуға және тартуға мүмкiндiк береді.
Әлсiз жақтар:

- ауылдық елдi мекендердегi бос жұмыс орындар санының аздығы;

- еңбек нарығындағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкессiздiк;

-азаматтардың белгілі санаттарына мемлекеттiк бюджеттен жәрдемақы алу ақша алудың жалғыз қайнар көзi болып табылады;

- үнемі бөгде адамдардың күтіміне мұқтаж, психоневрологиялық аурулармен ауыратын 18 жастан жоғары тұлғалар санының өсуi;

- мүгедектерге бюджет қаражаты есебінен барлық қызметтер көрсетілмейді, атап айтқанда мүгедектердің жеке санаттарына протез-ортопедиялық көмек бойынша қызметтердi көрсету бұйымдардың құнынан 50 пайыз жеңiлдiкпен немесе жеке меншiк қаражат есебінен белгіленген;

- медициналық-әлеуметтiк сараптамалық комиссиялары мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламасы мүгедектің жүгінуіне қарай әзірленеді, ал келесi қаржы жылына бюджеттi құрастыру ағымдағы жылдың үшiншi тоқсанында қалыптасады, сондықтан бюджеттi құрастырудан кейiн әзірленген ОЖБ мерзiмінде орындалмайды.

Қауiп-қатерлер:



  • бүркемелі жұмыспен қамту;

  • тiркелген жұмыссыздар санының өсуi;

  • жасанды жұмыссыздықты жасау (мемлекеттiк жәрдемақы тағайындау жұмыспен қамтылмаған тұрғындардан жұмыссыз азаматтың мәртебесiн және табыстар туралы анықтама берудi талап етеді);

  • арнайы әлеуметтiк қызмет түрлерiн беру саласында ҮЕҰ құру бойынша ынталы топтардың болмауы;

  • мүгедектердің оңалту іс-шараларымен толық қамтылмауы.

Мүмкiндiктер:

- жұмыс орындарын жасау, оның iшiнде халықтың жұмыспен уақытша қамтылуына жәрдемдесудiң белсендi бағдарламаларын iске асырудың бөлiгiнде:

- қоғамдық жұмыстар;

- әлеуметтiк жұмыс орындары;

- жұмыссыз азаматтарды кәсiптiк оқыту, қайта даярлау;

- бос жұмыс орындары мен бос лауазымдардың жәрмеңкелерiн өткiзу;

- әлеуметтiк қобалжушылықтың төмендеуi;

- әлеуметтiк қызмет түрлерiн көрсету саласындағы жұмыс iстейтiн ҮЕҰ-дың қызмет саласын кеңейту.
Мәдениет және тілдерді дамыту

Таран ауданында 53 мідениет объекті жұмыс істейді, оның ішінде мемлекет желісінің 30 кітапханасы мен мемлекет желісінің 23 клуб мекемелері бар.

Ауданда 49 тарихи және мәдени объект бар, оның 22 ескерткіші жергілікті тарихи және мәдени ескерткіштер.

Таран ауданында 53 мәдениет объектілері, оның ішінде 30 кітапхана, 23 клуб қызмет етеді. .

2013 жылы кітапханалық жүйеде 30 кітапхана, оның біреуі – орталық аудандық кітапхана, 28-і ауылдық және 1-еуі балалар кітапханасы, кітап қоры 347293 дана.

2013 жылда ішінде 3713 кітап қорын толықтыруға 1993,0 мың теңге.

2013 жылы 1447,0 мың теңге сомасына Тобыл кітапханасына ағымды жөндеу жүргізілді, Таран балалар кітапханасына өрт дабылы орнатылды.

В 2013 жылы клуб мекемелерінде 1916 мың іс-шара өткізілді

За счет средств районного бюджета приобретен комплект музыкальной аппаратуры на 4,2 млн. тенге, на сумму 2,8 млн. тенге проведены работы по текущему ремонту кровли здания Дома культуры «Искра», 1,9 млн. тенге направлены на ремонт отопительной системы Тобольского Дома культуры, 1,0 млн. тенге – на пошив сценических костюмов.

Реализацией языковой политики в районе занимается Центр обучения языкам, на развитие государственного языка и других языков народа Казахстана направлены средства в размере 6,9 млн. тенге.

Аудандық бюджет қаражаты есебінен 4,2 млн. теңгеге музыкалық аппаратура жиынтығы сатып алынды, 2,8 млн. теңгеге «Ұшқын» Мәдениет үйіғимаратының төбесіне ағымды жөндеу жүргізілді, 1,9 млн. теңге Тобыл Мәдениет үйінің жылыту жүйесін жөндеуге, 1,0 млн. теңге – сахналық костюм тігуге жіберілді .

Тіл саясатын жүзеге асырумен ауданда Тілдерді дамыту орталығы айналысады, мемлекеттік тіл мен Қазақстан халықтарының басқа да тілдерін дамытуға 6,9 млн. теңге мөлшеріндегі қаражат бағытталған.

Орталықта мемлекеттік тілді үйрету бойынша 9 топ ұйымдастырылған, оның ішінде 2013 жылы Тобыл кентінде 1 топ ашылды, ағылшын тілін 2 топ оқиды.

Өткен жылы 16 тыңдаушыға толық курс өткендерітуралы сертификат тапсырылды, оның 13-і – мемлекеттік тіл, 3-еуі – ағылшын тілі бойынша.

Сонымен қатар, белгілі оң нәтижелерге қарамастан мемлекеттік тілдің дамуында проблемалар:

1. Қоғамда мемлекеттік тілді меңгерудің тұрақсыз деңгейі;

2. Өңірдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі болып табылады.

3. Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын нығайту мен сақтау қажеттігі.

Негізгі ішкі және сырқы факторларды бағалау:

Мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай әдістемесінің және стандарттарының, оқу инфрақұрылымы қызметтерінің жалпы стандарттарының, сондай-ақ мемлекеттік тілді меңгеру үдерісін ынталандыру және мониторингі жүйесінің болмауы қоғамда мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін арттыру ісіндегі ұстап тұрған фактор болып табылады. Мемлекеттік тілді әлеуметтік - коммуникативтік кеңістікке енгізу үрдісінде маңызды фактор халықаралық коммуникация, ойын-сауық, демалыс салаларында оны белсенді қолдану аясын кеңейту, отбасылық құндылық ретінде мемлекеттік тілді қолданудың мерейін арттыру және насихаттау, балаларды мемлекеттік тілде танымдық, радио және теле бағдарламаларды оқып-үйренуді қалыптастыруда БАҚ рөлін күшейту.

Тілдік мәдениетті арттыру, қазақстандық қоғамның лингвистикалық капиталын нығайту аясында антропонимика мен ономастика салаларындағы мәселелерді шешу, тіл мен жазу мәдениетін жетілдіру, сондай – ақ толеранттық тілдік орта қалыптастыру басым бағыт болып табылады.

Спорт

2013 жылы ауданда 138 дене шынықтыру ұжымы бар (білім беру мектептерінде-32, кәсіпорындар мен мекемелерде- 95 және т.б.).

Ауданда спорт ғимараттарының желісі 132 құрайды, оның ішінде 3 спорт кешені, 28 спорт залы, 1 ату тирі, 2 шаңғы базасы, 81 тегіс құрылыстар, 2 хоккей корты бар. 2012 жылы Таран селосында спорт залы, табиғи жабынды футбол алаңы, 2 волейбол және 2 баскетбол алағы бар мемлекеттік тілде оқытатын мектеп құрылысы арқасында спорт ғимараттары 6 бірлікке артты.

Аудандық бюджет қаражаттары есебінен 909 мың теңгеге спорт формасы алынды, көпшілік-спорт іс шараларын өткізуге 5,2 млн. теңге жұмсалды.

«Варваринское» АҚ 12 млн. теңге мөлшеріндегі қаражаты есебінен Май ауылындағы стадионның әкімшілік ғимараты шаңғы базасы мен тренажерлік залға қайта құрылуда және 10 млн. теңгеге Таран ауылындағы стадионды қалпына келтіруге жобалау-сметалық құжаттамаға тапсырыс берілді.

2013 жылы дене тәрбиесі және спортпен тұрақты айналысатын балаларды қамту 562 адамды құрады. Аудандық жарыстарға небары 18042 адам қатысты.

2012 жылдың басынан 34 іс шара өткізілді, оған қатысқандар саны 18042 адам.

Спорт мектебінде спорттың 6 түрі таралған (жеңіл атлетика, күрес, дзюдо, волейбол, футбол, греко - римдік күрес, шаңғы).

Ауданның спортшылары мен спорттың түрлері бойынша құрама командаларға облыстық жарыстарға қатысу үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2013 жылы 3010,0 мың теңге бөлінді, немесе 2012 жылғы қарасты 101,6% - 2960,0 мың теңге.

Аудандық команда «Целина» Спартакиадасында 8 орын, спорттың қысқы түрлері фестивалінде 2 орынға ие болды, облыстық көпшілік спорт іс шараларына 35 адам қатысты. Дене тәрбиесін дамытудың жалпы жағдайы бойынша Таран ауданы облыс қалалары мен аудандары арасында бірінші бестікке кірді.

Талдауға сүйене отырып, тұрғындардың спорт және дене шынықтыру қызметтерінде қамтамасыз етілу деңгейі, сонымен қатар осы секторлар мекемелерінің құрылымдарының тармақтылылығы аудандарға қарағанда қалаларда және аудандар бойынша орташа есеппен жоғары деген қорытынды жасауға болады.

Спорт мекемелері ұсынатын қызметтер кешенін кеңейту қажет. Осындай шараларға арнайы объектілерді (корттар, спорт алаңдары) жатқызуға болады.

Негізгі проблемалардың бірі – дене шынықтыру мен спорт секторынан кадрлардың кетуі. Жүлделі орындарға шығу үшін және мықты олимпиада чемпиондарын тәрбиелеу үшін балалар-жасөспірімдер спорт ұйымдарын қаржыландыру қажет.

Күшті жақтар:

- тұрғындардың спорт объектілеріне баруын ұлғайту;

Әлсіз жақтар:

- материалдық-техникалық базаның төмен деңгейде жабдықталуы;

- спорт залдарының жеткіліксіздігі;

- ауылдық жерлерде спорт жөнінде әдіскерлер санының аздығы.

Мүмкіндіктер:

- аудандық инфрақұрылымда дене шынықтыру және спорт сабақтары үшін жағдайлар жасау, жаңа дене шынықтыру - сауықтыру кешендерін салу, қолданыстағы спорт объектілерін қайта жаңарту және күрделі жөндеуден өткізу.

- барлық қызмет салаларында жұмыскерлердің кәсіби деңгейін арттыру (даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру).

Қауіп-қатерлер:

- халықаралық деңгейдегі ресми жарыстарда жоғары спорт нәтижелерін көрсететін спортсмендер мен жаттықтырушыларды әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету мақсатында нормативтік актілердің жетілдірілмеген нысандарының салдарынан кадрлардың осы сектордан кетуі туындап отыр және осы бағытта біліктілігі жоғары мамандардың төмен қызығушылығы байқалып отыр.

Жүргізілген талдау негізінде облыстың қалалары мен аудандарында дене шынықтыру мен спорттың дамуын тоқтатып тұрған негізгі проблемалар анықталды:

1. Спорт инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, спорттық ұйымдарды материалдық-техникалық жабдықтармен жабдықтаудың төмен деңгейі;

2. Дене шынықтыру мен спорт секторынан кадрлардың кетуі.

Ішкі саясат

Таран ауданында 19 астам қоғамдық ұйымдармен және бiрлестіктермен өзара іс-әрекет жүзеге асырылуда, олардың қатарында: 3 – саяси партиялардың аудандық филиалдары, 4 – дiни бiрлестiктер, 7 – ұлттық үймелер, 6 –үкiметтiк емес ұйымдар бар.

2013 жылы мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырысты қаржыландыру жергілікті бюджеттен 1961,0 мың теңге бөлінді, 2012 жылы осы шараларға 1 млн. 568 мың теңге жоспарланды.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жастар саястын жүзеге асыру үшін екінші жыл «Таран ауданы ауылдық округтерінде жастардың азаматтық белсенділігінің шараларын жүзеге асыру» атты жастардың мемлекеттік емес «Жастар» ұйымы жобасы жүзеге асырылуда, бұл ұйым 2013 жылы 22 жастар іс шараларын өткізді.

Қазақстанның жаһандық халықаралық ұйымдардағы көшбасшылығын мойындаудың жетекші факторларының бiрi облыстағы мемлекеттiк саясатты, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларының негiзгi бағыттарын және оларды іске асыру барысын түсiндiру мен насихаттау жөніндегі жұмыстар қолдайтын iшкi саяси тұрақтылық болып табылады.

Ауданда жастардың 1 бастама тобы әрекет етеді, бұл «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанаты (151 мүше).

Ауданда азаматтық қоғам өсуін қамтамасыз ету және мемлекет пен МЕҰ әлеуметтік серіктестігін әрі қарай жүзеге асыру мақсатында диалогтік алаңдар жұмыс істейді: аудан әкімдігі жанында МЕҰ байланыс бойынша Кеңес отырыстары, қоғамдық тыңдаулар. Ауданның МЕҰ азаматтық форум, ауылдық МЕҰ арасында өткізілетін форумдар шеңберінде өткізілетін диалогтік алаңдар жұмысына белсене қатысады.

Қазақстанның жаһандық халықаралық ұйымдардағы көшбасшылығын мойындаудың жетекші факторларының бiрi облыстағы мемлекеттiк саясатты, Мемлекет басшысының жыл сайынғы жолдауларының негiзгi бағыттарын және оларды іске асыру барысын түсiндiру мен насихаттау жөніндегі жұмыстар қолдайтын iшкi саяси тұрақтылық болып табылады. Тұрғындардың көпшілігін хабардар ету үшін ауданда 18 ақпараттық - насихаттық топ құрылған, оның ішінде 15 АНТ, 1 жастар, 1 тақырыптық, 1 аудандық, олардың құрамында мемлекеттік органдардың басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық пікір көшбасшыларынан тұратын 140 адам бар, олар шалғай селолық округ тұрғындарын, ата-аналар қоғамын қамтыған, мектеп директорлары мен Тобыл кенті кәсіби лицей директоры орынбасарларының ресурстарын пайдаланады.

Мемлекеттік ақпараттық саясаттың іске асырылуы телерадио хабардар тарату арқылы және «Маяк» газеті арқылы жүргізіледі.

Мемлекеттік ақпараттық саясатты ауданның бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асыру бойынша мемлекеттік тапсырыстың жалпы сомасы 2014 жылы 3700,0 мың теңгені құрады.

Телерадио хабарлары арқылы мемлекеттің ақпараттық саясатын таратуды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік тапсырыстың жалпы сомасы 2014 жылы 1980,0 мың теңге. Ауданның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өмірі туралы трансляция «ОТРК-Қазақстан» АҚ және ТОО «Акцент ЖШС арқылы жүргізіледі.

Күштi жақтар:

- ауданда ҮЕҰ төрт белсене жұмыс iстейдi;

- Таран ауданы әкімінің сайты тиімді қолданылады;

- жастар саясатын жүзеге асыруға жастарды мемлекеттiк қолдауды қаржыландыруды ұлғайту.

Әлсiз жақтар:

- азаматтық қоғамдық институттарды кадрлық қамтамасыз ету;

- ақпараттық-насихаттау жұмыстарын өткiзу кезiнде жаңа ақпараттық технологияларды, коммуникативтік технологияларды жоғары деңгейiне жеткiлiксiз қолдануы;

- қазiргi ақпараттық нарықтың талаптарын сай кәсіпқой-мамандардың тиiстi санының жоқтығы;

- ауылдық ҮЕҰ сандары аз.

Мүмкiндiктер:

- мемлекет пен ҮЕҰ әлеуметтiк әрiптестiгiн әрі қарай тереңдету.

- ақпараттық-насихаттау жұмысының кадрлық әлеуетін нүктелiк бағыттауы және кәсібилендіру.

- мемлекеттiк ақпараттық саясатты қаржыландыру көлемiн ұлғайту.

- аудандық БАҚ-дардың сапасының жоғарылауы.

Мемлекеттiк жастар саясатын табысты iске асыру үшiн отан сүйгiштiк сезiмін, азаматтық жауапкершілiгін жоғарылатуға, белсендi қоғамдық позицияларын қалыптастыруға, жас тарандықтардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға бағытталған жас ұрпақтармен қарым-қатынасы тиімді моделін әзірлеу қажет.


Қоғамдық қауіпсіздігі және қылмыс

Соңғы жылдары ауданда қалыптасқан қолайлы экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайлар, мақсатты шаралар кешенін қабылдау АІІБ қызметін айтарлықтай белсендіруге мүмкіндік берді.

Аудандағы қылмыс жағдайы қылмыстарды сандық тіркеудің 99,6% өсуімен сипатталады (1 271-ден 541-ге дейін).

Қылмыстың өсуі негізінен шағын және орташа қылмыстар арқасында болды +110,8% (195-тен 411-ге дейін). Оларды ашу пайызы 38,4% құрады.

Қылмыстарды жалпы ашу 2013 жылы 44,1% құрады. Ауыр қылмыстарды ашу 79,3% құрады, аса ауыр қылмыстарды ашу – 50%.

2013 жылы кісі өлтіру фактілері азайды (3-тен 1-ге дейін), бұзақылық фактілері болған жоқ, тонау саны 10 фактіге артты (11-ден 21-ге дейін), ашу 87% құрады.

1560 әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, 2012 жылы-1307

Жол-көлігі апаттарының деңгейі артты 2012 жылы – 35, 2013 жылы – 47, жол-көлігі апаттарынан қайтыс болғандардың деңгейі сол қалпында қалды (10 адам).

2013 жылы кәмелетке толмағандар бойынша 5 қылмыс 2012 жылғы осы мерзімге сәй 3 қылмыс болды.

Ішік істер органдардың қызметшілерімен келесі алдын – ала шаралар мектептерде, еңбек ұжымдарда әңгімелесулер, мектептерде зерттеулер өткізіледі, аудан газетіне мақалалар жариялайды Таран аудан аумағында су тасқыны, тұрмыстық, орманды дала өрттер және қыс мерзіміндегі т өтенше жағдайлар болып тұрады.

2012 жылы ауданда 47 өрт тіркелді, 8 адам құтқарылды, оның нәтижесінде 2 адам қайтыс болды.

Аудан масштабындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға аудандық бюджет қаражаты есебінен 300,0 мың теңге бөлінді, су тасқынынан болған 3000 шаршы метр аумағында кептіру жұмыстары жүргізілді.

Аудан аумағында орман қоры жерлерінің жалпы көлемі 2829 га құрайды.

Ормандарды жаңарту және орман өсіру аумағы 2013 жылы 10 га құрады.

Орман алғаптары басқан аумақтар 2013 жылда 3 га арттылады.

Аудан аумағында аумағы 1,5 га орман питомнигі бар.

2013 жыл ішінде 80 га аумаққа орман алқаптары отырғызылып, 0,38 га орман қорығы себілді, 100 кг орман дәндері жиналды, 110 мың дана көшеттер өсіріліп егілді.

2014жыл ішінде 30,2 га күтім шабыс,62,5 га санитарлық тазалау шабу, 32,5 га басты пайдалануға шабусияқты орман жұмыстары жасалды

Орман шаруашылығы қызметі бойынша 2013 жылы 7425 текше метр мөлшерінде отын әзірленіп, тұрғындарға сатылды. .

2.2.3 Ауданның инфрақұрылымдық кешенін талдау

Коммуникациялық және байланыс

Жергілікті басқарушы органдардың компьютерлік техникалармен техникалық жабдықталуы 100%, Интернет желісіне кіру орташа өткізу қабілеті 1 Мb/s байланыс арналарында ұйымдастырылған.

Қазіргі кезде аудан әкімі аппараты мен 8 мемлекеттік мекеме арасында локалды – есептеу жүйесі жұмыс істейді, ал қалғандарымен ақпарат алмасу электрондық пошта арқылы жүргізіледі. Барлық ауылдық округ әкімдері аппараттарында локалды- есептеу желісі ұйымдастырылды.

Ауданда облыс әкімінің www.taran.kz ресми порталы қызмет істеуде. Порталда 45 ақпараттық бөлім және 4 интерактивтік қызмет (виртуалдық қабылдау, сауалдама жүргізу қызметі, жаңалықтарға жазылу) бар. Сайттың мобильдік нұсқасы мен нашар көретіндер үшін нұсқалары, бейне галереясы бар.

Аймақ басшысының тұрғындармен интерактивтік қарым-қатынаста болуы мақсатында 2011 жылдың қазан айынан Қостанай облысы мемлекеттік органдарының блог-платформасында аудан әкімінің ресми блогі жұмыс істейді.

В Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру мақсатында бірқатар мемлекеттік мекемелерде ХҚКО ИАЖ, «е-әкімдік» ақпараттық жүйелері енгізілген. 2012 жылдың қыркүйегінен аудан әкімі аппаратында электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі (ЭҰАБЖ) жұмыс істейді. 2013 жылдың қараша айынан бастап аудан әкімі аппаратының жұмысында ҚР мемлекеттік органдарының интернет порталы (МОИП) қолданылады.

Тұрғындарды электрондық үкімет қызметтерінің және әкімдіктің веб-порталына кірумен қамтамасыз ету үшін облыстың әлеуметтік-маңызы бар жерлерінде жұмыс стансалары және инфокиосктер түрінде орналасқан 4 пунктен қоғамдық кіру пунктерінің желісі құрылды. Электрондық үкіметпен жұмыс және электрондық қызметтерді алу жөніндегі пунктердің инфрақұрылымдық дайындығы 100% құрайды, оның ішінде 3 инфокиосктерде электрондық - сандық қолтаңбаларды тасымалдаушылар үшін USB-кірістер орнатылған. 2013 жылдың соңында қоғамдық қол жеткізу пункттері халыққа қызмет көрсету орталығына берілді.

Тұрғындарды электрондық үкімет қызметтерінің және әкімдіктің веб-порталына кірумен қамтамасыз ету үшін облыстың әлеуметтік-маңызы бар жерлерінде жұмыс стансалары және инфокиосктер түрінде орналасқан 4 пунктен қоғамдық кіру пунктерінің желісі құрылды. Электрондық үкіметпен жұмыс және электрондық қызметтерді алу жөніндегі пунктердің инфрақұрылымдық дайындығы 100% құрайды, оның ішінде 3 инфокиосктерде электрондық - сандық қолтаңбаларды тасымалдаушылар үшін USB-кірістер орнатылған.

Тұрғындарды компьютерлік сауаттылыққа үйрету мақсатында 2012 жылы Ақпараттық теңсіздікті төмендетудің мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауданда 1314 адам, оның ішінде мемлекеттік қызметші – 52, бюджеттік саладан – 402 адам және т.б..

Таран АТТ жергілікті желісінде 2012 жылғы 31.12. қарасты жағдай бойынша 16 АТС бар, олардың ішінде: сандық -12 дана, ВТS WLL CDMA 450-4 дана. 2012 жылғы 31.12. қарасты жағдай бойынша телефондар саны 7271 абонентті құрайды, Megaline байланыс қызметін пайдаланушылар саны 1938, IP VPN пайдаланушылар 28 таксофон, Ғаламтор желісіне қоғамдық қол жеткізудің 5 пункті, ұжымдық қол жеткізудің 4 пункті және Таран АТТ сервис бюросында орналасқан ID TV, Megaline қызметтерін көрсетудің 1 demo нүктесі жұмыс істейді.

2012 жылы Таран АТТ ID TV интерактивтік теледидар қызметі іске қосылды. Бұл қызметке қосылушы абоненттер саны күн сайын өсуде. Қызметті әрі қарай жылжыту және жарнамалау үшін ақпан айында демо – нүкте ұйымдастырылды. Мысалы 2012 жылдың 31. 12. қарасты 220 коммерциялық нүктелер орнатылды. Телефон тығыздылығы 100 тұрғынға 84,9%, 100 отбасына 484,9%, 100 үй басына 85,5%.

Құрылыс

2012 жылы Таран ауылында 12 пәтерлік екі қабатты үй құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, оны жүзеге асыру үшін облыстық бюджеттен 100,8 млн. теңге сомасындағы қаражат бөліну қажет етіледі.

Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жетілдірудің 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін нақты жұмыстар жүргізілуде. Ауданда 15 кондоминимум объектері тіркелген. Абаттандырылған баспана қоры 44 көп қабатты тұрғын үйді құрайды.

Республикалық трансферттер есебінен көп пәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жүргізу үшін 2013жылы «Таран-Қызмет» ЖШС құрылды.ағымдағы жылы екі көп пәтерлі үйді жөндеу жоспарланып отыр.

Елді мекендерді абаттандыруға өткен жылы 35,2 млн. теңге бағытталды, соның ішінде 1353 көше жарықтандыру шамдарын күтіп ұстауға – 19,9 млн. теңге, санитарияны қамтамасыз етуге – 9,0 млн. теңге, абаттандыру мен көгалдандыру бойынша іс шаралар өткізуге – 6,1 млн. теңге.

Жолдар және көлік

Автомобиль жолдары – тиімді жұмыс және тұрақты даму жаңа замандық шарттарда экономиканың көтерілуіне, тұрғындардың тіршілік ету деңгейін арттыруға және шарттарын жақсартуға көшудің аса маңызды факторлары болып отырған ауданның көлік-коммуникациялық кешенінің негізгі элементтерінің бірі.

Ауданның автокөлік жолдарының жалпы ұзындығы: 276,5 км –елді мекендердегі көшелер, 286 км. – аудандық маңызы бар жолдар, 150 км – облыстық маңызы бар жолдар, 65 км – республикалық маңызы бар жолдар.

Аудан экономикасын дамыту міндеттері көлік – коммуникациялық желісін жаңартуды талап етеді. Жоспардың негізгі міндеті аудандық маңызы бар автомобиль тас жолдарын қалпына келтіру және жөндеу болып табылады.

Саланың негізгі техникалық мәселесі – жол жабындыларының жүру қабілеттіліктерін жоғалтуы. Облыста жолдардың үлкен бөлігі автомобильдің өсіне жүктеме 6 тоннадан жоғары бекітілмеген кезде 60-80 жылдары жобаланған және салынған. Бүгінгі күні өске түсетін салмақ 10-12 тоннаға дейін жетеді. Тек қана осы салмақтан асып кететін үлкен жүк көлігінің облыстық және аудандық маңызы бар жолдар бойынша ақырындап қозғалуы олардың одан әрі бұзылуынан сақтайды.

2013 жылы ауыл ішіндегі жолдарды қардан тазартуға 13 ауылдық округтер 6963,8 мың теңге жұмсаған, бір шақырымға 2,5 мың теңге құрды.

Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жалпы сомасы 11724,9 мың теңге жөндеу жұмыстары жүргізілді, соның ішінде: ауданның автокөлік жолдарын ұстауына 2503 мың теңге (286 км) сомасына, қысқы жолдың ұстауына – 9221,0 мың теңге.

Жазда жол жиектерін қыру материал қоспай гравилік және тас жолдарын – 70 км, жол жиектерінің шөптерін шауып, шөптерді резервке жинау -730 км/пр

Таран ауданы аумағында 42 елді мекен бар, оның ішінде 31 елді мекен автобус бар. Таран аумағын пассажирлер мен жүкті тасымалдайтын ауданның елді мекендерін қосатын 6 бағыттық автобустар қамтиды және Таран ауданын Ресеймен қатынастыратын 1 бағыт бар. Қостанай – Варваринка бағыты тасымалдаушылар үшін шығынды, дегенмен бұл бағыттың қажеттілігі аудан тұрғындары үшін әлеуметтік – экономикалық маңызы зор. Мүгедектерді, зейнеткерлерді, және тұрғындардың тағы да аз қамтылған топтары үшін тасымалдау бағасын жартылай өтеу үшін ауданның жергілікті бюджетінен жәрдем ақша алу арқылы бұл мәселені шешуге болады.

Тұтынушыларға су, жылумен қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуінде, Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың коммуналдық инфрақұрылымының негізгі қорларының моральдық және сапалық тозуына байланысты, су мен жылудың айырылу көбейеді. Тозығы жеткен жабдықтар ауаға зиянды заттарды таратуға себеп болады, инженерлік желілердің тозуына байланысты, көптеген бұзылулар болады. Бұның бәрі қоршаған ортаға жағымсыз әсет етеді. Сонымен қатар, коммуналдық инфрақұрылымының тозығы жеткен негізгі қорларының, автомобиль жолдарының, күрделі жөндеулері толыққанды жүргізілмейді, тұрғын үй қоры мен автожолдар саласының инженерлік қамтамасыз ету жүйесі мен сыртқы желілерінің функционалдық тұрақтылығы мен сенімділігі төмендейді.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы

Газбен жабдықтау

Газкөліктік жүйеге небары сегіз елді мекен қосылған, халықтың 54 % ғана табиғи газбен қамтамасыз етілген.

Таран ауылы мен Тобыл кентін газбен қамтамасыз ету үшін жобалы-сметалық құжат әзірленді. Таран ауылында ұзындығы 5,2шақырым төмен қысымды газ құбырының құрылысы облыстың 2015-2017 жылдарға арналған басым бағыттағы бюджеттік инвестициялық жобалар Тізіліміне енгізуді қажет етеді

Электр энергетикасы

Таран АЭС ұзындығы 442,35 шақырым, ВЛ- 0,4 кВ -276,16 шақырым, 10кВ ауа желісін бойынша, сонымен қатар шкафтар мен 222 дана КТП қызмет атқарады.

Энергожүйесінің сенімде де үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін Таран ауданында 2011 жылғы мерзім ішінде ВЛ-10кВ,ВЛ-0,4кВ және КТП техникалық қадағалау мен күрделі жөндеу жобалануда.

«Аймақтарды дамыту» бағдарламасы шеңберінде 21,1 млн. теңге мөлшеріндегі республикалық тансферттер есебінен Тобыл кенті мен Таран ауылында люминесценттік шамды 63 жарықтандыру құралы орналастырылды.



Жылумен қамтамасыз ету

Таран ауданында 2 қазандық бар (1- «Тобыл» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның балансында, 1 - «Тарандық» коммуналдық кәсіпорнының балансында) және 32 автономдық жылыту жүйесі.

Таран ауданы бойынша жылумен қамтамасыз ету желісінің жалпы ұзындығы 12,7 шақырымды құрайды. Ауданның жылу көздері пайдалануға 50-ші жылдардан 80-ші жылдарға дейін енгізілген, сондықтан жылу энергетикалық жабдықтар мен қазандықтардың тозуы да 50 –ден 80 пайызға дейін.

Ауданның тұтынушыларын сенімді жылумен қамтамасыз ету үшін қазандық жабдықтарын жаңарту және жылыту жүйелерін қалпына келтіру және жаңадан салу қажет.

Осы мақсатта Таран ауданының ең ірі елді мекені – Тобыл кенті үшін «Таран ауданының Тобыл кентін 2015 жылға дейін келешекте 2030 жылға дейін жаңа қуаттылықтарды енгізе отырып, жылумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту сұлбасы» әзірленді.

2013 жылы «Тобыл» МКК үшін коммуналдық меншік нысандарының материалдық – техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджеттен 51157,9 мын теңге мөлшерінде қаржы бөлінген.

Мыналар сатып алынып, қондырылды:

- экскаватор – 1 дана, 1734,0 мың теңге сомасына

- ПСК-10,35/75 көтергіш құрылғысы- 1 дана, 4315 мың теңге сомасына;

- ТЛЗМ механикалық оттық – 2 дана, 5982,0 мың теңге сомасына;

- блоктық экономайзер ЭБ2-236 – 1 дана, 6800,0 мың теңге сомасына ;

- экономайзер– 1дана, 6147,0 мың теңге сомасына;

- ПП-1-35-2-2 жез жылытқыш-3 дана, 3981,0 мың теңге сомасына;

- механикалық оттық -1 дана, 6471,1 мың теңге сомасына;

- сумен жылытқыш 325*2000 жез -3 дана, 2430,0 мың теңге сомасына;

- вакуумдық хлоратор -1 дана, 297,8 мың теңге сомасына.

Бұл құрал-жабдықтар Тобыл елді мекенінің жылыту-,сумен қамтамасыз етуді айтарлықтай жақсартты.

Сумен қамтамасыз ету

Су құбырының магистральдық және айыру желілірі Таран ауданы бойынша 117 шақырымды құрайды, оның ішінде ауданның 6 елді мекенді «Тобыл» МКК қызмет көрсетеді, ал қалған елді мекендерде сумен қамтамасыз етілетн орындары, желіллері жеке ұйымдардың қолыңда тұр. Су құбыры желісінің көбінің пайдалану мерзімі 35-40 жылдан асып кеткен, бұл пайдаланудың нормативтік мерзімінен көп. Бұл су құбырлары желісінің апаттық жағдайын арттырады, су беруде бөгеліс тудырады, құбырлардың даттануына байланысты ауыз суының бактериалдық қалдықтармен ластануына байланысты сапасын төмендетеді.

Аудан коммуналдық кәсіпорындарының негізгі инженерлік коммуникациялары мен технологиялық жабдықтарының тозуы – 77% құрайды. Аудан су құбырлары желілері мен құрылғыларының 77%-дан астамы, 8% жүйелері күрделі жөндеу қажет.

Аудан тұрғындары әлі түгелдей орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз етілген жоқ, 42 елді мекеннен халықтың 37 % тұрып жатқан 27 ауыл ауыз суды орталықтандырылмаған көздерден алып отыр (ұңғымалар, құдықтар).

«Ақ бұлақ» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде ағымдағы жылы Таран ауылында ұңғымаларды, су келтіргіштерді, су тазалау құрылғыларын және айыру желісін қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда, бұған республикалық трансферттер есебінен және жергілікті бюджет қаражатынан 402,7 млн. теңге бөлінген. 2013 жылы 301 млн. теңге игерілді, 25,4 шақырым жүйе салынды. Объекті пайдалануға бері ағымдағы жылдың қазан айында жоспарлануда.

осы салада мыналар кездесетін болады:

еңбек ақы төмен болғанымен кадрларының келіп-кетуі;

коммуналдық инфрақұрылы жоғары тозу деңгейі;

Өңірдің газбен қамтамасыз ету деңгейінің төмендеуі.

энергия тапшылығы;

компаниялардың нарықтың мүмкіндіктері мен келешегі туралы жеткіліксіз ақпараттандырылуы.


жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау