Конвертерлік болат өндіру тәсілі


Фосфордың тотығуы мен тотықсыздануы



жүктеу 6,83 Mb.
бет13/40
Дата14.05.2018
өлшемі6,83 Mb.
#12513
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40

Фосфордың тотығуы мен тотықсыздануы. Фосфор темірде едәуір мөлшерде еріп, жылу шығарады
2[Р]; ∆G°= –24530038T (2.60)
Төменгі температурада фосфор болаттың морттылығын арттырады, жалпы ол болатта зиянды элемент болып есептелінеді. Сондықтан болат қорыту барысында, фосфорсыздану үрдісіне айрықша көңіл бөлінеді.

Балқыма фосфоры тотығады[4]:

1)газ фазасындағы оттегімен
4/5[Р]+О=2/5 (Р2О5); ∆G°=619180+175T; (2.61)
2)металл фазасында еріген оттегімен
4/5[Р]+2[О]=2/5 (Р2О5); ∆G°= 385220+170T; (2.62)
3)қож фазасының оттегісімен

4/5[Р]+2(FeO)=2/5 (Р2О5)+2Fec; ∆G°= 143050+66T (2.63)


Фосфордың тотығу реакциялары экзотермиялық. Фосфорсыздану үрдісі жүру үшін қожда берік фосфаттар түзу керек, өйткені Р2О5 оксиді тұрақты емес.

Үрдіс қожы қышқылды болғанда (бессемерлік үрдіс), фосфаттардың түзілуі шектеулі болып, фосфорсыздану үрдісі орын алмайды деп есептелінеді.

Негізді қожды үрдістің бас кезінде, төмендеу температурада, темір фосфаты негізінен мына реакция бойынша түзіледі

2О5)+3(FeO)=(3FeO· Р2О5) (2.64)


Болат қорыту үрдісінің жоғары температураларында (FeO)3 Р2О5 қосылысы тұрақты емес. Р2О5 оксидінің қождағы активтілігін төмендету негізінен әк салып, қождың негізділігін жоғарылату арқылы іске асырылады. Сонда (СаО)m Р2О5 типті берік қосылыс түзіледі.

Әк – темірлі қождың металл фазасымен әрекетінен мына реакция орын алады


2[P]+5(FeO)+3(CaO)=(CaO)3 Р2О5+5[Fe] (2.65)
Қож негізділігі жоғары болса
2[P]+5(FeO)+4(CaO)=(CaO)4 Р2О5+5[Fe] (2.66)
Балқыманың фосфорсыздану көрсеткіші ретінде фосфордың фаза аралық бөліну коэффициенті LP=( Р2О5)/[P] алынады. Оған әсер ететін негізгі факторлар:

1)қождың немесе металдың тотықтырғыштық қабілеті;

2)қождың негізділігі;

3)температура және т.б.

Қождың берілген тотығу дәрежесінде, неғұрлым қож негізділігі жоғары болса, соғұрлым металдан қожға фосфор көп өтеді. Қождың берілген негізділігінде, неғұрлым (FeO) мөлшері көп болса, соғұрлым фосфорсыздану үрдісі жақсы өтеді.

ЛД үрдісі балқымасының жоғары фосфорсыздануын қамтамасыз ететін қождың оңтайлы негізділігі 3,03,5.

Балқыманың фосфорсыздану үрдісінің жылдамдылығына қождың оңтайлы құрамының түзілу қарқындылығы үлкен әсерін тигізеді. Неғұрлым аққыштығы жоғары әк–темірлі қож ертерек түзілсе, соғұрлым фосфордың тотығуы тезірек басталады.

ЛД конвертерінде қож түзілу үрдісін тездету үшін, оттегілік фурманы жоғары деңгейде ұстап, балқыманы үрлегенде негізінен темір тотығып, активті әк–темірлі қождың түзілуі тездейді. Қож түзілу үрдісін жеделдетуде әктің балқу температурасын төмендетіп, қождың аққыштығын жоғарылататын қосымша материалдар қолданылады. Аққыштығы жоғары активті қож түзуде боксит пен балқытқыш шпат қолданыс тапты.

Балқыманың фосфорсыздану үрдісіне оң әсерін тигізетін қож компонентінің бірі MnO. Негізді оксид MnO қождағы О2– анионының концентрациясын жоғарылатады әрі әктің ерігіштігін арттырады. Сондықтан шойында Mn мөлшері жоғары болса, металдың фосфорсыздануына оң ықпал етеді.

MgO негізді оксид болғанымен, қождың тұтқырлығы мен балқу температурасын жоғарылатып, металдың фосфорсыздануына кері әсер етеді. Хром оксидінің де әсері осындай.

Амфотерлі оксид Al2O3 O2– анионының концентрациясын азайтып, қож негізділігін төмендеткенмен, оның аққыштығын жақсартып, әктің еруін тездетеді. Сондықтан қож құрамында аздаған Al2O3 болуы, фосфорсыздану үрдісіне оң ықпал етеді.

Сонымен балқыманың фосфорсыздану үрдісінің негізгі шарттары:

1)тотықтырғыш атмосфера мен тотықтырғыш қождың болуы, қождағы FeO оксидінің жоғары активтілігі;

2)қождың негізділігі мен қождағы СаО активтілігінің жоғары болуы;

3)әк–темірлі қождың тез түзілуі;

4)салыстырмалы төмен температура;

5)қождағы фосфор активтілігінің төмен болуы.

Балқыманы оттегісіздендіру, қосындылау, шөмішке ағызу және құймақалыпқа құю кезінде, болатта фосфор мөлшері жоғарылайды. Фосфор балқымаға ферроқорытпалардан енеді және қождан металл фазасына өтеді.



Фосфордың қождан металға өтуіне жоғары температура, ферроқорытпалардың ықпалынан қож негізділігі мен (FeO) мөлшерінің төмендеуі әсер етеді. ЛД үрдісінде оттегісіздендіру және қосындылау үрдістері балқыманы шөмішке ағызу кезінде жүргізілетіндіктен, мартендік үрдіске қарағанда, фосфордың қайтадан металл фазасына өтуі азырақ орын алады.

Балқыманың күкіртсіздену үрдісі. Күкірттің темірде еріп,
1/2; ∆G°= 7200010,25T (2.67)
жылу бөліп шығаруы, ерітіндегі күкірт пен темірдің арасында белгілі бір байланыс барын көрсетеді. Темір катионы Fe2+ және күкірт анионы S2– арасында иондық байланыс бар деп есептелінеді.

Күкірт болаттың механикалық беріктігін және пісірілгіштігін төмендетеді, коррозияға төзімділігі мен электртехникалық қасиетін және т.б. нашарлатады. Сондықтан болат қорыту үрдісінде зиянды элемент – күкірт мөлшерін төмендету шаралары жүргізіледі.

Марганці жоғарылау шойынды домна цехынан конвертер цехына жеткізу кезінде күкіртсіздену орын алады.

Оттегі үрлемесінің әсерінен балқыма күкіртінің 6–8%–ы негізінен SO2 түрінде газ фазасына шығады, ал жалпы балқыманы күкіртсіздендіру негізінен күкіртті металл фазасынан қож фазасына шығару арқылы іске асырылады.

Ең арзан да қолайлы күкіртсіздендіргіш материал – әк. Қож түзілуден бастап, бөліну заңы бойынша Ls=(S)/[S], күкірт металдан қожға өтеді
[FeS]→(FeS) (2.68)
Қож фазасында еріген СаО қож және металл фазасының күкіртімен әрекеттеседі:
(FeS)+(CaO)=(CaS)+(FeO); (2.69)
[FeS]+(CaO)=(CaS)+(FeO) (2.70)
Соңғы реакцияның (2.70) тепе–теңдік константасы
Ks=a(CaS)a(FeO)/a[FeS]a(CaO) (2.71)

осыдан


a[FeS]=a(CaS)a(FeO)/KSa(CaO). (2.72)
Неғұрлым қожда СаО активтілігі жоғары, ал күкірт пен FeO активтілігі төмен болса, соғұрлым металл фазасындағы күкірт мөлшері аз болады.

Қождың күкіртсіңірімділік қабілетін сыйпаттау үшін күкірттің фаза аралық бөліну коэффициентін Ls=(S)/[S] пайдаланады. Ls коэффициентіне әсер ететін негізгі факторлар:

1)температура;

2)қож құрамы;

3)металл құрамы және т.б.

Температура жоғарылаған сайын СаО қожда жақсы еріп, қождың негізділігі артып, күкіртсіздену үрдісі жақсарады.

Күкірттің фаза аралық бөліну коэффициентіне қож құрамының әсері үлкен. Қышқылды қождың (бессемерлік үрдіс) күкіртсіңірімділік қабілеті өте төмен. Сондықтан қышқылды үрдісте металл фазасы күкірттен тазармайды деп есептелінеді.

Негізді қождың күкіртсіңірімділік қабілеті жақсы. Қождың негізділігі жоғары, гомогенді активті және аққыштығы жоғары болса, металл фазасының күкірттен тазаруы жақсарады. FeO мен MnO оксидтері әктің еру үрдісін тездетеді. Қожда SiO2 мөлшерінің төмен болғаны қолайлы.

Күкірт – беттік активті элемент және күкіртсіздену реакциясы (2.70) металл –қож шекарасында өтетіндіктен, екі фазаның жанасу беті неғұрлым үлкен болса, соғұрлым күкіртсіздену үрдісі жақсы орын алады.

Қазіргі кезде күкіртсіздендіру үрдісі агрегаттан тыс балқыманы шөміште жасанды сұйық қожбен өңдеу арқылы жүргізіледі[11].

А.С.Точинскийдің (Россия) тәсілі бойынша 1938 жылы Р.Перрен (Франция) Южин зауытында электрдоғалы пеш балқымасын шөміште әк – глиноземді қожбен (53–55% СаО; 43–45% Al2O3; 3% SiO2) өңдеу арқылы, оның күкіртін (0,006–0,010%) және металл емес кірінділерін төмендетіп, болат сапасын арттыруға болатынын дәлелдеді.

1953–жылдан бастап С.Г.Воиновтың басшылығымен И.П.Бардин атындағы Қара металлургия орталық ғылыми – зерттеу институтының (Москва қаласы) қызметкерлері металлургиялық зауыттарда болатты шөміште жасанды қожбен өңдеу ғылыми –зерттеу жұмыстарын жүргізе бастап, әк – глиноземді қождың құрамын және болат өңдеу технологиясын жетілдіріп, болат қорыту агрегатының түріне қарамай, конструкциялық, құрал–саймандық және арнайы болаттардың сапасын арттыруды 1963жылы өндірістік жолға қойды. Глиноземнің қымбаттылығынан әк – глиноземді қождың екі варианты ұсынылды: №1 қож өте жоғары қасиетті жоғары сапалы болат алу үшін, №2 қож жоғары сапалы болат үшін (2.1 – кесте).


2.1 – кесте – Жасанды сұйық қож құрамы [11]

Қож

вариан

ты

Қож құрамы, %
CaO

Al2O3

SiO2

FeO

MgO

Cr2O3

TiO2

C

№1

52–55

38–42

≤3,0

≤1,0

≤3,0

≤2,0

≤0,8

≤0,05

№2

53–57

28–32

8–12

≤1,0

4–6

≤2,0

≤2,0

≤0,05

жүктеу 6,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   40




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау