Конус.Конустың табиғатпен байланысы.
Конус – грек сөзінен “конос” шырша жаңғағы деген мағынаны білдіреді
Леонард Эйлер (1707-1783) айналу денелерінің көлемін өлшеу әдісін ойлап тапқан.
Анықтама:Тікбұрышты үшбұрыштың катетінен айналдырғанда шығатын фигура конус деп аталады.
Конустың элементтері.
Конустың табаны–дөңгелек.
Төбесін шеңберінің кез- келген нүктесімен қосатын кесінді жасаушысы деп аталады.
Төбесінен табан жазықтығына түсірілген перпендикулярбиіктігідеп аталады.
Табаны дөңгелек болып келетін және оның биіктігінің табаны дөңгелектің центіріне дәл түсетін конусты тік конус деп атаймыз.
Қиық конус.
конустың табан жазықтықтарының арасындағы бөлігін қиық конус деп атайды.
Күнделікті өмірде және тұрмыста кездесетін конус пішінді заттар.
Күнделікті өмірде және тұрмыста конус тәрізді заттар көп.Солардың бірі-сәбіз, оның пішіні конус тәріздес.Сәбіз адамның бойын өсіреді, себебі онда С витамині бар. Көздің көруін де жақсартады. Өмірге қажетті заттарда конус пішіндес болып келеді. Мысалы,клоунның бас киімі,жол жөндеуге арналған белгілер,өрт сөндіруге арналған шелек.
Конус архитектурада.
«Хан Шатыр» - Қазақстанның астанасы Астана қаласындағы ірі ойын-сауық және сауда саттық орталығы.(Астананың жаңа символы) 2010жылы 6 шілдеде Астана күніне орай ашылған.Бұл Лорд Норман Фостердің қиялынан шыққан сәулет ғажайыбы –«Хан Шатыр» сауда және ойын-сауық орталығының ғимараты.
Орталық Азиядағы бойамасыз әрі ең ірі архитектуралық жоба болып табылады. Биіктігі 150 м ішкі көлемі 110мың шаршы метр. Хан Шатырдың да пішіні конус тәріздес.
Конустың табиғатпен байланысы.
Жанартау(вулкан) -жер қабатының тереңдігі жарықтарынан оның бетіне шығатын балқыған тау жыныстары мен ыстық газдардың геологиялық құрамалары.Төбесінде шұңқырға ұқсас кратері бар,көбінесе конус немесе күмбез тәріздес болып келетін геологиялық түзілім.Ол тереңдік магмалық ошақтардан жер бетіне лавалар, ыстық газдар мен булар, сондай-ақ тау жыныстарының сынықтарын атқылап тұратын жер қыртысындағы каналдар мен жарықтардың үстінде пайда болады. Жанартау жылына жер бетіне 5-6км3 жанартаулық материалдар шығарады, оның 80%-ы су асты жанартауларына, 20%-ы құрлықтағы жанартауларға тиесілі.
Таулар-жер бетінің жазықтардан оқшау көтеріліп жатқан қатпарлы немесе қатпарлы-жақпарлы құрылымды бөлігі.Ұзындығы жүздеген, мыңдаған км-ге дейін созылады.
Таулар алып жатқан көлеміне, құрамына, жасына қарай-Жота,Тау Жүйесі,Тау массиві,Таулы қырат,Таулы үстірт,Тау сілемі болып бөлінеді. Және таулар биіктігіне қарай аласа(1000м-ге дейін), орташа(1000-3000м), биік таулар(3000м) деп бөлінеді. Дүние жүзінде ең биік тау-Гималайдағы Джомалунгма(Эверест-8848м),Қазақстандағы ең биік тау-Хантәңірі(6998м).
Шырша-қарағай тұқымдасына жататын қылқан жапырақты,мәңгі жасыл ағаш. 15-20жылға дейін өте жай кейін жылына 30см-ге дейін өсетін болады.Мәңгі жасыл өсімдік болғанымен,6-12жылда қылқандарын кезекпен түсіріп,жаңартып отырады.Өсе келе жан-жағына жайыла түсетіндіктен,олардың бір-бірінен немесе өзге ағаштардан ара қашақтығы кемінде 6м болғаны дұрыс.Осы себепті де оны тар аулалардан гөрі,арнайы бақтарда,кең ауласы бар балабақшаға, мектеп алаңқайларына еккен жөн. Шырша ауа тазартатын ерекше қасиетіне қарай, аурухана, шипажайлардың маңына көптеп еккен дұрыс.
Құмырсқаның илеуі.Құмырсқалар көбіне топтанып арнайы илеу жасап тіршілік етеді.Құмырсқалар илеуін қураған өсімдік сабақтары мен жапырақтарының қалдықтарынан жасайды. Олардың илеуінің пішіні конус тәрізді болып келеді.
Теңіз ракушкалары да конус тәріздес болып келеді.Олардан сәнді әшекей бұйымдар жасайды.Кейбір ракушкалардың емдік қасиеті бар түрлеріде кездеседі.
Саңырауқұлақтың қалпағының да пішіні конус тарізді. Ғалымдардың зерттеуі бойынша саңырауқұлақтардың 100 000-дай түрі кездеседі. Қалпақшалы саңырауқүлақтар белгілі ағаштың түрімен микориза түзеді. Кейбір түрлері ағаш діңдерін бұзады, сонымен қатар адам жане жануарлардың қорегі ретінде пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |