Бейнероликтің бағдарламасы
I.Жалпы бағдарламасы
Бейнеролик балабаќша әкімшілігінің ұсынысы бойынша өткізілмек. Бейнеролик конкурсының таќырыбы «ЖАС ҰРПАҚ- ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ»
II. Маќсаты:
«Балапан ќыран болу үшін, оны самғатып ұшыратын ата да қыран болу керек»- деп отбасы тәрбиесіне ерекше тоқталған. Себебі отбасы бала үшін - алтын бесік. Бала тәрбиесі мен барлыќ адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы негізінен отбасында жүзеге асады. Олай болса балаға өз шаңырағында, өз табалдырығында дұрыс тәрбие берілуі - тәрбиенің ең басты шарты.
III. Конкурс міндеттері
3.1. Медиашығармашылыққа ата-аналардың назарын аудару және қатыстыру.
3.2. Жас бүлдіршіндер арасынан Қазақстанның болашақ патриот азаматтарын таланттарын анықтау.
3.3. Өз Отанына деген патриоттық тәрбие беру.
3.4. Эстетикалық сезім және шығармашылық потенциалын дамыту.
3.5. Ой-өрісін кеңейту.
IV. Конкурсты өткізу мерзімі.
Конкурстың дайындық мерзімі- 12.11- 3.12.2014 жыл
Қаралатын мерзімі- 3.12-6.12.2014 жыл
V. Конкурсқа қатысушылар:
Конкурсқа «Балдырған»балабақшасының тәрбиеленушілері, ата-аналары қатыса алады. Жұмыс жеке тұлға немесе отбасы жайлы болуы мүмкін. Отбасылық шығармашылықта қаралады.
VI. Конкурс шарттары:
6.1. Конкурсқа мына бейнероликтер ұсынылады, қолайлы құралдармен түсірілген , тақырыпқа сай және конкурс номинациялары бойынша бағаланады.
6.2. Бейнероликтің талаптары:
6.2.1. Өз бетімен түсірілген форматта.
6.2.2. Бейнеролик ең көп дегенде 5-7 минут болуы.
6.2.3. Бейнероликті жасауда бағдарлама мен ќұралдар түсірушінің ќұзырында.
6.2.4. Бейнероликтер саны — әр номинацияға қатыса алады.
6.2.5. Бейнероликтің жанрын түсірушілер өздері анықтайды (сұқбат, репортаж, бейнеклип т.б)
6.2.6. Роликте фотосуреттерді пайдалануға болады.
6.2.7. Конкурсқа жарнамалық мінездегі,басқа адамдардың намысына келетін, таќырыпқа сай емес роликтер қабылданбайды .
6.3. Келесі номинациялар бойынша қарастырылады:
6.3.1. «Өзін-өзі таныстыру» - баланың қабілеті мен талантын көрсету.
6.3.2. «Біздің балабақшамыз» - балабақша өмірінен сюжеттер.
6.3.3. «Мен- бақытты баламын» - отбасындағы дәстүрлі іс-шаралар.
6.3.4. «Баламның болашағына сенемін» - елге, Отанға деген патриоттыќ тәрбие жайлы.
6.4. Бейнероликтерді Ұсыну.
6.4.1. Бейнеролик авторлары өз жұмыстарын «Конкурс» тақырыбымен және аты-жөнін мына электронды мекен- жайға жібере алады baldirgan118@mail.ru
6.4.2. Немесе қол жетімді ќұралда балабақша әкімшілігіне әкеліп бере алады.
VII. Бағалау критериялары
7.1. Конкурс номинациялары бойынша бейнероликтің тақырыпқа,міндеттеріне сай болуы.
7.2. Шығарамышылық жаңалыќтар
7.3. Оригиналды
7.4. Бейнеэффектер, дыбыстық
7.4. Жалпы эмоционалды қабылдауы.
VIII. Автордың ќұќығы
8.1. Ұсынылєан бейнероликтер қайтарылмайды.
IX. Конкурстың қорытындылары және марапаттау
9.1. Авторлар барлық бейнеролик номинацияларына қатыса алады.
9.3.Конкурста жеңімпаздары дипломмен және жүлделермен мараптталады.
9.4.Конкурс қорытындысы және марапаттау еліміздің Тәуелсіздік күніне өткізілетін іс-шараларада өткізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |