Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).
26. Мұнайлы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс және мәжбүрлеп өндіру бөлімінің бас маманы (С-R-4, 3 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Камералдық бақылау нәтижесінде, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды салық төлеушілерге жолдау. Салық төлеушілер бойынша салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдердің түсім динамикасына бақылау және талдау жүргізу. Салық төлеушілердің жеке шоттарында есептелген салық сомалары бойынша мәліметті уәкілетті органдардан алынған мәліметтермен салыстыру жұмыстарын жүргізу. Салық кезеңі ішінде есептелген аванстық төлемдер сомасының дұрыстығы сұрақтары бойынша камералдық бақылау жүргізу. Салық заңнамасының бұзылу фактілері бойынша әкімшілік жадығаттарды жасақтау. Шағын бизнес субъектілерінің арнаулы салық режимін қолдану заңдылықтарына бақылау жасау. Методикалық нұсқауларға сәйкес, уақытылы және сапалы тексеріс жүргізуге, бақылау-экономикалық жұмыстар жағдайына бақылау жасау. САЭБ АЖ бағдарламасына салықтық тексеріс мәліметтерін белгіленген мерзімде және сапалы түрде толықтай енгізілуін қамтамасыз ету. Анықталған әкімшілік заң бұзушылықтар бойынша хаттамаларды міндетті түрде ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылықтар туралы Кодексі талаптарына сәйкес, белгіленген мерзімде және сапалы түрде САЭБ АЖ бағдарламасына жасақтау. 2-Н нысаны бойынша бақылау-экономикалық жұмыс есебін жасақтау. Прокуратураға нұсқамалардың 1АП-Н карточкалардың және 1-П карточка-талондарының уақтылы тапсырылуы мен тіркелуін қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың көлік құралдары, мүлік және жер салықтарын және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша әкімшілендіру сұрақтары бойынша ҚР заңнамаларының орындалуын қамтамасыз ету. Бюджетке берешекті жою бойынша барлық тәсілдерді қолдану, салық және басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету шараларын жүргізу. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіру бойынша қолданылатын тәсілдер туралы хабарламаларды жолдау. Банкрот деп тану туралы талап-арыздарды сот органдарына жолдау жұмыстарын ұйымдастыру. Салық төлеушілер тарапынан түскен өтініштерді уақытылы қаралуы және олардың орындалуын қамтамасыз ету. Мемлекеттік кірістер басқармасы бойынша салық заңнамаларын түсіндіру сұрақтары бойынша семинар-жиналыстар мен техникалық оқу сабақтарын жүргізу. Қызметтік этика мен еңбек тәртібінің сақталуын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің, Облыстық мемлекеттік кірістер департаменті мен басқарма басшыларының тапсырмаларына сәйкес бөлімге жүктелген басқа да міндеттерді атқару және басқа бөлімдермен қарым-қатынасты үйлестіру.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).
Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент).
27. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (С-R-3, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 30 желтоқсан 2021 жылға дейін).
Функционалдық міндеттері: Құқықтық мәселелер бойынша Актау қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасы Бөлімінің және құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын жалпы басқаруды жүзеге асыру. Бекітілген тәртіпте сот органдарында басқарма талапкер, жауапкер, қызығушылық танытқан тұлға болатын азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерде және құқыққорғау органдары мен өзге де органдарда Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметіне қатысты құқықтық мәселелер қаралғанда Мемлекеттік кірістер басқармасының мүддесін көздеу. Мемлекеттік кірістер басқармасының пайдасына шешілмеген сот актілері бойынша бекітілген мерзімде соңғы инстанцияға дейін қайта шағымдану. Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату және құқықтық оқыту шараларына қатысу. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырудың дұрыстығын және заңдылығын тексеруді жүзеге асыру. Басқарма басшысына қол қоюға ұсынылатын құқықтық сипаттағы бұйрықтар жобаларының, нұсқаулықтардың, хаттардың және өзге де құжаттардың заңнама талаптарына сай келуін тексеру. Басқарманың лауазымдық тұлғаларына оларды құқыққорғау органдары мен прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдарына шақырылған кезде құқықтық көмек көрсету. Бөлім қызметкерлерінің еңбек және қызмет тәртібін сақтауын қамтамасыз ету. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің және Басқармасының басшылығының тапсырмасына сай бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді орындау, Басқарманың өзге бөлімдерімен жұмысты үйлестіру.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі).
28. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Салық төлеушілерді тіркеу орталығы» бөлімінің басшысы (С-R-3, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 04 қыркүйек 2021 жылғы дейін).
Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылық жүргізу, жүктелген барлық міндеттердің, сонымен қатар жоғарыдағы салық органынан, Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының тапсырмаларын, бұйрықтарын уақытылы, сапалы орындау. жоғарыдағы Мемлекеттік кірістер комитетінен, Мемлекеттік кірістер департаменті басшысынан келіп түсетін тапсырмаларына сай ақпараттар мен есептілік мәліметтердің берілуінің дер кезінде әрі сапалы орындалуына бақылау жасау. Бөлім қызметкерлерінің өз қызметтік міндеттерін орындауына бақылау ұйымдастыру. Бөлім қызметкерлерінің арасында техникалық оқытуды жүргізу. Қатал есептілік бланкілерінің сақталуы, қолданылуы және берілуінің дұрыстығын бақылау. Қызметкерлердің құжаттарды мұрағатқа уақытылы тапсыруын қадағалау. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 09.06.2016 жылғы №326 бұйрығымен бекітілген аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету тәртібіне сәйкес салық төлеушілерден құжаттарды қабылдау (кіріс құжаттары) және құжаттарды беру (шығыс құжаттары); айсайын Ақтау қаласы бойынша «2-С» есептілігін құру. Мәліметтері тіркеу базасында салық төлеушілер туралы мәліметтердің өзгерістерінің дер кезінде енгізіліп отыруын үнемі бақылауда ұстау. Кіріс құжаттарының мемлекеттік кірістер органдарында ақпаратты қабылдау және өңдеу Орталықтарын құру және жұмыс жасауының Ережелеріне сай уақытылы және сапалы өңделуін жүргізу. Патент негізінде жұмыс жасайтын салық төлеушілермен салыстыруды жасау. ЖК және заңды тұлғалардың салық режимін өзгерту туралы арыздарын өңдеу және енгізу. Бөлім құзыретіне жататын мәселелер бойынша салық төлеушілердің хаттары мен арыз-шағымдарын қарау және оларға жауаптар дайындау. Салық төлеушілердің құқықтарын сақтау; Бөлім қызметкерлерінің еңбек және қызмет тәртібін сақтауын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).
29. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Есептілікті қабылдау және өңдеу орталығы» бөлімінің басшысы (С-R-3, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысын жалпы басқару. Бөлімде орындаудағы ҚР ҚМ МКК басшылығының тапсырмаларын, бақылау тапсырмаларын және өзге де құжаттарының орындалуына бақылау жасау; азаматтарды қабылдауды жүргізу, салық төлеушілердің жазбаша арыздарын қарауды қамтамасыз ету, МКД басшысының, МКД басшысының орынбасарына қызметтік жазбаларын, ақпараттарын, анықтамаларын дайындау; салық жүйесінің мәселелері бойынша заңнамалық, нормативтік материалдарды, ҚР Үкіметінің Қаулыларын, өкімдерін, бұйрықтарын зерделеу бойынша оқытуларды, семинарларды ұйымдастыру және жүргізу. Бөлім қызметкерлері арасында салық жүйесінің мәселелері бойынша заңнамалық, нормативтік актілерді, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің нұсқаулықтарын зерделеу бойынша техникалық оқытуларды жүргізу. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 09.06.2016 жылғы №326 бұйрығымен бекітілген аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету тәртібіне сәйкес уақтылы және сапалы өңдеу жүргізу; бөлім қызметкерлерінің еңбек және қызмет тәртібін сақтауын қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің басшылығының, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің және басқарма басшысының тапсырмаларына сәйкес бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді орындау, басқа бөлімдермен жұмысты үйлестіру.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).
30. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы (С-R-4, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Салық міндеттемелерін орындау негізінде салықтық бақылауды жүргізу, бөлімде бекітілген бюджеттік санаттың кодтары бойынша болжамның орындалуы, бөлімде бекітілген бюджеттік санаттың кодтары негізінде талдау жүргізу, сондай-ақ артық төлемдерге бақылау жасау; артық төлемдерді жою бойынша іс-шараларды жүргізу, бөлімдер ұсынған белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін есептілікпен ақпаратты қайта қарауға жіберу және лауазымды тұлғаларды сапасыз ұсынылған ақпарат үшін тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша басшылыққа ұсыну. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түсімдерінің серпінін бақылау; басқармада бекітілген бюджеттік санаттың кодтары бойынша болжамдарды орындау шеңберінде іс-шаралар өткізу, бюджеттік санаттың бекітілген кодтары негізінде талдау жүргізу; артық төлемді бақылау, артық төлем сомасын жою бойынша іс-шаралар жүргізу; уәкілетті органнан алынған ақпаратты салық төлеушінің дербес шотында төленген түсімдермен салыстыру; салық кезеңі ішінде КТС және ЖТС бойынша салық кезеңі ішінде енгізілген нақты сомалардың төлем көзінен ұсталмаған КТС және ЖТС бойынша төленген аванстық төлемдер сомасының дұрыстығын анықтау негізінде осы кезең ішінде енгізілген аванстық төлемдер сомасынан асып түсуі байқалатын салық төлеушілерді анықтау бойынша камералдық бақылау жүргізу; басқармада бекітілген бюджеттік санаттың кодтары бойынша болжамды орындау, бюджеттік санаттың бекітілген кодтарының негізіне талдау жүргізу, сондай-ақ артық төлеуге бақылау орнату, артық төлемді жою бойынша іс-шараларды жүргізу; КТС бойынша енгізілген нақты соманың енгізілген аванстық төлемдер сомасынан асып кетуі бойынша камералдық бақылау жүргізу. Кең таралған пайдалы қазбаларға және су асты көздеріне жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға салықтық зерттеулер жүргізу. Салық төлеушілерден түскен өтініштерді уақытылы қарау және оның орындалуын бақылау; еңбек тәртібі мен қызметтік этиканың орындалуын бақылау.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент).
31. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бөлімінің бас маманы (С-R-4, 2 бірлік, оның ішінде 1 уақытша бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 17 шілде 2021 жылға дейін).
Функционалдық міндеттері: Жеке тұлғалардың өндірістік емес төлемдерінің түсуін қамтамасыз ету, болжамнан айтарлықтай ауытқу себептерін анықтау, сондай-ақ берешек пен артық төлемдердің қалыптасуын, ұлғаюын және азаюын бақылау, камералдық бақылау жүргізу; 2-Н ескере отырып, басқарма деректері бойынша белгіленген мерзімдерді жасау; бюджетке өндірістік емес төлемдердің түсуі туралы жиынтық ақпаратты жасау; ӨОӘ АЖ бағдарламасының жұмысын қамтамасыз ету, жеке тұлғалардың алымдары және басқа да салық төлемдері бойынша күтілетін түсімдер туралы мәліметтер жасау; уәкілетті органдар ұсынған деректерді зерделеу негізінде жеке тұлғалардың салық міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру; Салық кодексінде көзделген жағдайларда салық төлеушіге салық міндеттемелерін мерзімінде орындау бойынша хабарламаны беру ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес салық төлеушілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика), техникалық ғылымдар және технологиялар (стандарттау, сертификаттау және метрология). Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім - құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент), метрология, стандарттау және сертификаттау (стандарттау технигі, техник-метролог, техник-дозиметрист).
32. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы «Салық төлеушілерді тіркеу орталығы» бөлімінің бас маманы (С-R-4, 1 уақытша бірлік, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 14 сәуір 2020 жылға дейін).
Функционалдық міндеттері: Салық мәселелері бойынша заңнама актілерін сақтауға. Кіріс құжаттарды уақытында қабылдау, тіркеу, шығыс құжаттарды тіркеу және беру бойынша бөлімге жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың орындалуы бойынша жұмыстарын жүргізеді. ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 09.06.2016 жылғы №326 бұйрығымен бекітілген аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету тәртібіне сәйкес уақтылы және сапалы өңдеу жүргізу; Салық заңнамасы нормаларын түсіндіру бойынша салық төлеушілердің шағымдарын қарау және қорытынды беру. Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің тіркеу сипатындағы құжаттарды өңдеу. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне алу туралы салық өтініштерін өңдеу. Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебінен шығару туралы салық өтініштерін өңдеу. Қосылған құн салығы бойынша куәлігін тіркеу. Жекелеген қызмет түрлері бойынша салық салуға байланысты нысандар мен салық салу нысандарын есепке алуды тіркеу кәртішкелерін өңдеу. 2-Н есебін дұрыс қалыптастыру үшін әкімшілік өндіріп алу сомасын төлеу туралы мәліметтерді ҚР БАСЖ ДБ-на (ЭКНА – өндіріп алу есебі) уақытылы және дұрыс енгізу. ҚР Заңнамалық актісіне сәйкес жүктелген өзге де қызметтік талаптарды орындау.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика), білім (құқық және экономика негіздері); Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім- құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі), қызмет көрсету, экономика және басқару (есеп және аудит, қаржы, экономика, менеджмент).
33. Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (С-R-4, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 22 наурыз 2021 жылға дейін).
Функционалдық міндеттері: Құқықтық мәселелер бойынша Актау қаласы Мемлекеттік кірістер басқармасы Бөлімінің және құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын жалпы басқаруды жүзеге асыру. Бекітілген тәртіпте сот органдарында басқарма талапкер, жауапкер, қызығушылық танытқан тұлға болатын азаматтық, қылмыстық және әкімшілік істерде және құқыққорғау органдары мен өзге де органдарда Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметіне қатысты құқықтық мәселелер қаралғанда Мемлекеттік кірістер басқармасының мүддесін көздеу. Мемлекеттік кірістер басқармасының пайдасына шешілмеген сот актілері бойынша бекітілген мерзімде соңғы инстанцияға дейін қайта шағымдану. Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкерлерінің біліктілігін жоғарылату және құқықтық оқыту шараларына қатысу. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырудың дұрыстығын және заңдылығын тексеруді жүзеге асыру. Басқарма басшысына қол қоюға ұсынылатын құқықтық сипаттағы бұйрықтар жобаларының, нұсқаулықтардың, хаттардың және өзге де құжаттардың заңнама талаптарына сай келуін тексеру. Басқарманың лауазымдық тұлғаларына оларды құқыққорғау органдары мен прокуратура, ұлттық қауіпсіздік органдарына шақырылған кезде құқықтық көмек көрсету. Бөлім қызметкерлерінің еңбек және қызмет тәртібін сақтауын қамтамасыз ету. ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің және Басқармасының басшылығының тапсырмасына сай бөлімге жүктелген өзге де міндеттерді орындау, Басқарманың өзге бөлімдерімен жұмысты үйлестіру.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі). Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім- құқық (құқықтану, құқық қорғау қызметі).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің және мемлекеттік қызмет істері бойынша уәкілетті органның интернет-ресурстарында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн
мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электрондық үкімет порталы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 31 Б шағын аудан, 4 қабат, кіші залында өтеді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар, сондай-ақ Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, тиісті ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларына 2-қосымша
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік
лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________
________ ______________________________
қолы (Т.А.Ә. (болған жағдайда)
«___»_______________ 20 __ ж.
Әңгімелесуді өткізу тілі_____
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
|
_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
|
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
|
|
|
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
|
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
|
1.
|
Туған күні және жері/
Дата и место рождения
|
|
2.
|
Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
|
|
3.
|
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
|
|
4.
|
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
|
|
5.
|
Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
|
|
6.
|
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
|
|
7.
|
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
|
|
8.
|
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
|
|
9.
|
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
|
Күні/Дата
|
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
|
қабылданған/
приема
|
босатылған/
увольнения
|
|
|
|
|
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
|
_______________
күні/дата
|
Достарыңызбен бөлісу: |