Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы
ішкі конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-5 санаты үшін:
жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
C-R-3 санаты үшін:
жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
6) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы.
C-R-4 санаты үшін:
жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
C-О-5
|
83282
|
112430
|
C-R-3
|
96607
|
129920
|
C-R-4
|
73288
|
99105
|
І. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, 130000, Маңғыстау облысы Ақтау қаласы, 31 Б шағын аудан, № 35 әкімшілік ғимарат, анықтама үшін телефондар: 8(7292)30-13-10 /1184/, электрондық адресі a.kaldybaeva@kgd.gov.kz «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
1. Талдау және тәуекелдер басқармасы талдау бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Бюджеттер мен облыс өңірлері бойынша жоспардың орындалуы жөнінде күнделікті есеп дайындау;Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің және жергілікті атқарушы органдардың тапсырмаларын сапалы әрі уақтылы орындау; аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының бақылау тапсырмаларын және есептерді уақтылы ұсынуын бақылау, басқармалар бойынша есептер дайындауды қамтамасыз ету;аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары мен кеден бекеттері бөлінісінде жоспардың орындалуы бойынша ай, тоқсан және жыл қорытындысы бойынша аналитикалық ақпаратын дайындау;кіріс хаттарының белгіленген тәртіпте уақтылы орындауын қамтамасыз ету;бір реттік сипаттағы түсімдер бойынша ақпаратты ҚР ҚМ МКК-не ай сайын ұсыну;облыстың қала және аудан бойынша республикалық бюджеттің жоспарлы деректері жөнінде ақпаратты жоғары тұрған және жергілікті атқарушы органдарға ай сайын ұсыну;аумақтық мемлекеттік кірістер басқармалары мен кеден бекеттері бөлінісінде республикалық бюджетке күтілетін түсімдері жөнінде ақпаратын ай сайын ұсыну (сондай-ақ, ірі салық төлеушілер бөлінісінде);бас маманның өзі болмаған уақыты кезіндегі міндеттерін орындауды бас маманның біріне бұйрыққа сәйкес жүктеу;сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық белгілері пайда болған жағдайда, ішкі қауіпсіздік басқармасына кідірместен хабар беруге міндетті.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика; менеджмент; есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар).
2. Заң басқармасының бас маманы (С-О-5, 4 бірлік, оның ішінде 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 28 қыркүйек 2021 жылға дейін).
Функционалдық міндеттері: Басқармаға жүктелген міндеттер шегінде өз функцияларын орындау.Құқықтық сұрақтар бойынша салық, кеден және басқада мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау.Кеден және салық ісі саласында құқықтық актілердің және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындауға қатысу.Заңда көзделген негіздер болған жағдайда, мемлекеттік органның пайдасына шешілмеген соттық актілерге барлық сот сатыларына уақытылы шағым келтіру бойынша шара қабылдау, сонымен қатар заңда көрсетілген тәртіпте прокуратура органдарына шағымдарымен қадағалау тәртібінде наразылық келтіру.Басқарманың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу.Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа талап арыз дайындау, сонымен бірге келісімдерді заңсыз деп тану туралы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 49 бабының 2 тармағының 1), 2) тармақшалары негізінде заңды тұлғаларды тарату туралы, жеке тұлғалардан салық және кеден төлемдерін мәжбүрлеп өндіріп алу туралы және Департаменттің құзыретінде ҚР заңнамаларына сәйкес басқа да талап арыздар дайындау.Әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша істер туралы хаттамаларды ЭКНА ИС бекіту мен тексеруді жүргізу, оны қарастыру ӘҚБтК көзделгендей Департамент басшысының және оның орынбасарларының өкілеттілігіне кіреді.Басқарманың құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың, Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің сұрауларына қорытынды беру.Сотта істі қарауға тиісті әкеліп соққан негізгі жағдайларды және себептерді анықтау мақсатында талап арыздар жұмысына, Департаменттің қатысуымен туындаған даулар бойынша сот тәжірибелеріне талдау жүргізу және оны болдырмауға және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту бойынша басшыға ұсыныстар беру.Басқармаға түсетін тұлғалардың өтініштерін және шағымдарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы заңнамаға сәйкес қарау.Құқықтық сұрақтар бойынша Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне тексерістер жүргізу.Департаменттің құрылымдық бөлімшелеріне тәжірибелік және әдістемелік көмек көрсету.ҚР ҚМ МКК жолданатын Басқарманың міндеттеріне кіретін есептік мәліметтерді сапалы және уақытылы дайындауды қамтамасыз ету. Басқармаға түсетін тұлғалардың шағымдарын жинақтау, талдау және шағымды беруге негіз болған себептерді болдырмау мақсатында Басқарма басшысының қаперіне жеткізу.Шаруашылық қатынастарды реттеуші актілерге және келісім-шарттарға бұрыштама қою және құқықтық талдау жүргізу.Басшының тапсырмасы бойынша Басқарманың құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша басқада функцияларды орындау.Басқарма басшысы болмаған жағдайда оның функционалдық міндеттерін орындау.Жетекші маманның жұмысына координация жүргізу және оған тәжірибелік көмек көрсету.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі).
3. Адам ресурстары персоналмен жұмыс бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 06 сәуір 2021 жылға дейін).
Функционалдық міндеттері: Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді қабылдау, жұмысқа орналастыру, жұмыстан босату, мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік қызметтен өткеруге байланысты басшылықтың шешімін ресімдеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Қызметкерлердің жеке істерін жасақтау. Мемлекеттік қызметшілерге олардың құқықтық жағдайына, мемлекеттік қызметке қатысты шектеулерді сақтауына қатысты мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің жеке жұмыс жоспарын жинақтау. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді бағалау, конкурстық, аттестаттау, тәртіптік комиссияраын және жұмыс өтілін белгілеу бойынша комиссияның құжаттарын даярлау, өткізу және хаттамаларын жасақтау; штаттық кестеге сәйкес «Е.Минфин» АЖ-не қызметкерлер туралы мәліметтерді және ағымдағы өзгерістерді енгізу.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім- құқық, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес; қызмет көрсету, гуманитарлық ғылымдар.
4. Ақпараттық технологиялар басқармасының бас маманы С-О-5, 3 бірлік, оның ішінде 2 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 01 наурыз 2021 жылға дейін, 11 шілде 2021 жылға дейін).
Функционалдық міндеттері: ҚР ҚМ МКК және бөлім басшылығының тапсырмаларын, хаттамалық нұсқауларын уақытылы және сапалы орындау; Консультация, ақпараттық жүйелерді пайдаланудағы ақпараттық технологиялар мәселелері бойынша пайдаланушыларға практикалық көмек көрсету, семинарларды ұйымдастыруға техникалық көмек көрсету; ИС ЦУЛС, ИС СОНО, «Web-1АП» веб-платформасы, «ЕХД» бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдануға жауапты; Ағымдағы проблемалық мәселелерді шешу (ИС ЦУЛС, ИС ИНИС, СОНО, ИС Акциз, ИС УКМ, РНиОН, ИС Астана-1); Пайдаланушылардың өтініші бойынша бағдарламалық және бағдарламалық өнімдерді, салықтық және кеден органдарының ақпараттық жүйелерінің клиенттік қосымшаларын орнату бойынша шараларды өткізу. www.kgd.gov.kz веб-порталында ресурс ережелерін сақтау. Қауіпсіздік саясатының сақталуы мен мониторингі және ішкі ақпараттық қорларды қорғау.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік моделдеу, техника және технология), білім (информатика), жаратылыстану ғылымдары (информатика).
5. Аудит басқармасы № 1 аудит бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 02 мамыр 2020 жылға дейін).
Функционалдық міндеттері: Қызметін орындау және құзіретін жүзеге асыру барысында салық төлеушінің құқықтарын сақтауға;Нұсқама негізінде салықтық тексерулерді сапалы және заңдылықта белгіленген мерзімде жүргізуге; «Салық аудитін электрондық бақылау» ақпараттық жүйесіне деректерді уақтылы, әрі сапалы енгізуді жүзеге асыруға;Салықтық тексеру жүргізу барысында әкімшілік құқық бұзушылық анықталған жағдайда, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіпте салық төлеушіні әкімшілік жауапкершілікке тартуға;Салықтық тексерулер барысында салықтарды және бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеуден қасақана жалтару деректерін, сонымен қатар, қылмыстық белгілерін көрсететін жалған, қасақана банкротқа ұшырау деректерін анықтаған жағдайда, Департаменттің Экономикалық тергеу қызметіне процессуалдық баға беру үшін құжаттар тізбесін қоса жалғап, материалдарды жіберуге;Салықтық тексеру барысында жалған және күмәнді белгілері бар мәмілелер жасау деректерін анықтаған жағдайда материалдарды дайындап, мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талаптарды сот органдарына жолдау үшін заң басқармасына жіберуге;Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін әділ, жан-жақты және уақтылы, қажет жағдайда олардың қатысуымен, қарауға;Өз құзіреті шегінде, салықтық міндеттемелердің туындауы, орындалуы және тоқтатылуы туралы түсіндірме беруге;Бөлім, Басқарма туралы ережелерді әзірлеуге қатысуға; Басшылардың бұйрықтары мен өкімдерін, жоғары тұрған органның және лауазымды тұлғалардың шешімдері мен тапсырмаларын орындауға; Баяндамаларды, анықтамаларды дайындауға, Комитет және Маңғыстау облысы Әкімі аппаратына ақпараттарды ұсынуға қатысуға;Қазақстан Республикасының заңнамаларына енгізілген өзгертулер мен толықтырулар бойынша техникалық сабақтар өткізуге;Салық төлеушілерден салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламалар бойынша келіп түскен шағымдарды қарауға, қарсы пікір дайындауға, шағымда көрсетілген қарсы пікірлерге түсіндірме беруге, заң басқармасымен бірге сот отырыстарына қатысуға;Қызметтік міндеттерін тиімді қолдану мақсатында, кәсіби білімі мен біліктілігін арттыруға;«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексімен белгіленген тәртіпте салықтық құпияны қатаң сақтау;Жоғары тұрған және басқа да мемлекеттік органдарға ақпараттарды уақтылы, әрі сапалы ұсынуға;Басшылық жүктеген басқа да қызметтерді орындауға.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).
6. Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасы мемлекеттік қызмет көрсетулерді дамыту және сапасын бақылау бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік).
Функционалдық міндеттері: Облыстық департаменттің басқармаларымен, департаменттің аумақтық басқармаларымен және кеден бекеттерімен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттеріне сәйкес көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 20.06.2016 жылғы №354 бұйрығымен бекітілген "құпия тұтынушы" әдісімен мемлекеттік кірістер органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау тәртібіне сәйкес мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылауды жүзеге асырады; Ай сайын 20.03.2019 жылғы бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес ШҚ есебіне сәйкес жыл АЖО Мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді енгізу бойынша жұмыстарды жүзеге асырады; 20.03.2019 жылғы бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес Ақтау, Жаңаөзен қалалары, Мұнайлы және Бейнеу аудандары бойынша МКБ орналастырылған ЭШУО арқылы салық төлеушілерге қызмет көрсетудің сандық уақытша көрсеткіштеріне ай сайын талдау жүргізеді; Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 78 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес олардың орындалуын бақылайды; Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 22.01.2019 жылғы №28 іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық кодексі) 93-бабының нормаларына сәйкес салық төлеушілерді мәжбүрлеп тарату бойынша жұмыстарды жүзеге асырады; МҚО-да есепте тұрған және төлеуге тартылған, арнайы салық режимдерін қолданатын жеке кәсіпкерлердің саны туралы мәліметтерді және ҚР ҚМ МКК ұсыну бойынша жұмысты жүзеге асырады; Онлайн-БКМ енгізу бойынша тиімділіктің негізгі көрсеткіштері (KPI) бойынша жұмысты жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Төрағасының 09.06.2016 жылғы №326 бұйрығымен бекітілген аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша Мемлекеттік кірістер органдарының қызмет көрсету тәртібіне сәйкес тоқсан сайын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылауды жүзеге асырады; Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен уақтылылығы мәселелері бойынша облыстық Департаменттің басқармаларында және аумақтық мемлекеттік саяжайлар басқармаларының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарында тақырыптық тексерулер жүргізеді; Мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасы мен уақтылығына, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қашықтықтан бақылауды жүзеге асыру және жүргізу жолымен мониторингті жүзеге асырады; Тиісті негізгі бағыттар бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің халықты, салық төлеушілерді қабылдауға бағытталған қызмет көрсету сапасымен салық төлеушілердің, халықтың қанағаттану деңгейін және адалдығын Өлшеу мақсатында, тәуелсіз зерттеулер жүргізу мәселесі бойынша бизнес-қоғамдастықтармен өзара іс-қимыл жасайды; Төмен тұрған аумақтық басқармаларға практикалық және әдіснамалық көмек көрсетеді, мемлекеттік қызмет көрсету бөлігінде аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтарының жұмысын үйлестіреді; Бөлім құзыреті шегінде мемлекеттік қызмет көрсететін қызметкерлердің мінез-құлық ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады; Сипатты бұзушылықтар көрсетілген шолу хаттарын дайындайды, Ай сайын ҚР ҚМ МКК-да мемлекеттік қызмет көрсетудің экстерриториалдық қағидатын енгізу бойынша пилоттық жобаның ақпаратын ұсынады; Өз құзыреті шегінде талдау жүргізеді және Мемлекеттік кірістер органының деректер базасында резидент еместер бойынша қайталанатын ЖСН-нің бар-жоғын анықтайды, талдау нәтижелерін аумақтық ТБ-ға қосымша хатпен жібереді; Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі мемлекеттік бақылау жөніндегі бақылау іс - шараларының жоспарына (бұдан әрі-бақылау іс-шараларының жоспары) сәйкес салық есептілігін табыс етуді тоқтата тұру (ұзарту, қайта бастау) туралы салықтық өтініштерді уақтылы өңдеу бойынша ай сайын бақылауды жүзеге асырады; 20.03.2019 ж. бақылау іс-шаралар жоспарына сәйкес салық органының шешімі бойынша ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығарылған тұлғаларға, сандық қолтаңбаны уақтылы жою мәселесі бойынша бұзушылықтарды анықтау және жою бойынша ай сайын жұмыс жүргізеді; Ай сайын салық заңнамасы нормаларының сақталуына бақылау жүргізеді және ЗТ таратылған (қайта ұйымдастырылған), ЖК Кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру тоқтатылған жағдайларда мемлекеттік тізілімнен шығарылған кезде бақылау-кассалық машиналарды есептен шығармау мәселесі бойынша аумақтық МКБ бұзушылықтарды анықтау және жою бойынша жұмыстарды жүргізеді; АСР қолдану немесе тоқтату қате күнін түзету (өзгерту) бойынша жұмысты жүзеге асырады;ҚР ҚМ МКК 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 609 бұйрығымен бекітілген ақпараттық жүйелерге ақпаратты өңдеуге енгізудің уақтылы сақталуына бақылауды ай сайын жүзеге асырады; ҚР ҚМ МКК, Департамент басшылығының, басқа да мемлекеттік органдардың тапсырмаларын, сондай-ақ азаматтардың және Департаменттің құрылымдық бөлімшелерінің өтініштерін сапалы орындайды; "Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңға сәйкес бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша салық төлеушілердің шағымдары мен арыздарына жауап дайындайды және қарайды; Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша салық төлеушілердің шағымдары мен арыздарына жауап дайындайды және оларды "заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңға сәйкес орындалуын бақылайды. Салық төлеушінің құқығын сақтайды; Мемлекеттің мүддесін қорғайды; Салық кодексінің ережелеріне сәйкес салық құпиясын сақтайды, Өзге де функцияларды жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).
7. Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы ҚҚС салықтық аудит бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 26 мамыр 2021 жылға дейін).
Функционалдық міндеттері: Салық төлеушілердің ҚҚС қайтару бойынша талабына сәйкес тақырыптық салықтық тексеру жүргізеді; Бұрын оңайлатылған түрде қайтарылған ҚҚС асып кеткен сомасының дұрыстығын растау мәселесі бойынша жоспардан тыс тақырыптық салықтық тексеру жүргізеді; Тексеріліп жатқан салық төлеушінің тауарлар, жұмыстар, қызметтер көрсеткен тікелей жабдықтаушыларына және де АМКО келіп түскен сұратулар бойынша қарсы салықтық тексерулер жүргізеді; ҚҚС сомасын растау және ТБЖ бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша сұратуларды орындауды жүзеге асырады, ТБЖ бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша АМКО келіп түскен сұратуларды орындау үшін аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларына салық төлеушілердің мекен-жайы бойынша жолдайды; Салықтық тексеру кезінде анықталған салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлеуден әдейі жалтарған қылмыстық белгілері бар материалдарды тиісті құқық қорғау органдарына тергеу жүргізіп, Қазақстан Республикасының заңдылық актілеріне сәйкес процессуальды шешім шығару үшін жолдайды; Салықтық тексеру кезінде анықталған жалған және күмәні бар келісімдер жасалған фактілер анықталған жағдайда материалдарды заң басқармасына әрі қарай келісімді жарамсыз деп тану жөнінде сот органдарына талап беру үшін жолдайды;Басшылықтың тапсырмаларының белгіленген мерзімде сапалы орындайды; Салық заңдылықтарын сақтау бойынша салық төлеушілерден келіп түскен шағымдарды және өтініштерді қарайды; Жұмысында салық салу мәселелері бойынша нормативтік актілерді және басқа да нормативтік актілерді басшылыққа алады; ҚР Салық кодексімен белгіленген салықтық тексеруді жүргізу тәртіптері мен мерзімін қатаң сақтайды; Салық төлеушілер бойынша салықтық құпияларды қатаң сақтайды; Басқарма, бөлім басшыларымен жүктелген басқа да міндеттерді орындайды.
Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: Жоғары білім - құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі, кеден ісі); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, маркетинг, мемлекеттік және жергілікті басқару, әлемдік экономика).
8. Берешектермен жұмыс басқармасы өндіріп алу бөлімінің бас маманы (С-О-5, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне 01 тамыз 2020 жылға дейін).
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік кірістер басқармаларының қызметін ұйымдастыру және жалпы бақылауын қалыптастырады, өз құзыретінде мерзімінде орындалмаған салық міндеттемелерін және басқа да төленетін міндетті төлемдердің төленуін, кедендік төлемдер, салықтар және өсімпұл, міндетті зейнетақы төлемдердің зейнетақы қорлатына, әлеуметтік сақтандыру төлемдерінің сақтандыру қорларына түсуі бойынша іс-шаралар жүргізеді; Дәрменсіз борышкерлерге оңалту рәсiмiнің және банкроттық рәсiмiнің жүргiзiлуiн қадағалайды, бақылауды жүзеге асырады:
- Банкроттық шаралардың жүргізілуін және сот отырыстарына қатысуын;
- Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңында қаралған барлық шаралардың жүзеге асуын; Кеден төлемдерінің берешектерін өндіру жұмыстарын жүргізеді; Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитетіне уақытылысыз және анық емес есептемеліктерді тапсырғаны үшін жауап береді; Қалалық аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының тақырыптық және комплекстік тексерулер жүргізуіне қатысады; Жеке тұлғалардан алынатын жергілікті салықтардың түсімін қамтамас ету мақсатында аумақтық МКБ-ның осы бағытта жұмысын бақылау; Айыппұл берешектерінің 5 жылдан астам төлеу мерзімі өткен салық төлеушілердің тізімін шығару тиісті басқармаларға есептен шығару жұмыстары үшін жолдау; Бөлімнің жұмыскерлерінің біліктілігін арттыру бойынша сабақтарының және жұмыс жоспарларын жасауға қатысады, бөлімде бекітілген тәртіпте іс жүргізуге жауап береді және құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді; Басқарманың жұмыс жоспарын жасақтауға, қызметкерлерінің біліктіліген жоғарылатуға сабақтарға қатысады, Басқарманың тиісті тәртіпте іс жүргізуін және құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді; Өзінің қызметін Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысымен бекітілген және ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңды күші бар ҚР Президентінің жарлығымен анықталған лауазымдық міндеттеріне және мамандық талаптарына сәйкес жүзеге асырады; Салық Кодексінің 30 бабына сәйкес салық төлеушілер туралы мәліметтердің құпиясын қатаң сақтауға міндетті; Еңбек тәртібін және қызметтік этиканы сақтауды қамтамасыз етеді; Қызметкердің жіберген кез-келген мерзімде табылған кемшіліктерді, қызметкер еш қосымша төлемсіз, қандай көлемде болса да түзетуге; Облыстың аудандық және қалалық мемлекеттік кірістер басқармаларының жұмыстарын ұйымдастырады және жалпы бақылау жасайды; Салық және кеден заңнамаларын жетілдіру бойынша ҚР ҚМ МКД-не ұсыныс беруге.
Достарыңызбен бөлісу: |