Жаңаөзен қаласы әкімдігінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыруы
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
E-R-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы.
Санаты
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
E-R-4
|
195 895
|
255 514
|
«Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, 130200, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, Сәтпаев көшесі, 1-ші ғимарат, персоналды басқару бөлімі, 2-қабат, 202-бөлме, анықтама алу үшін телефондар: 8-72934-78468, e-mail: K.turtkulova@mangystau.gov.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға Жалпы конкурс жариялайды:
«Жаңаөзен қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Е-R-4, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері:
Нысандар құрылысы барысында техникалық қадағалауды жүзеге асыру үшін келісім-шарттардың мерзімі ішінде жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Құрылыс саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізудегі бағдарламаларды басшылыққа алып, қала көлемінде құрылыс саласын дамытудың бірыңғай стратегиясын жүзеге асыруды жүргізеді. Қала бойынша құрылыс ережелерін сақтай отырып, құрылыс жобалардың іске асырылуын қадағалауды жүзеге асырады және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды қамтамсыз етеді. Бюджет қаражатының уақытылы игеруін ұйымдастырады және қадағалайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім.
Өнер (сәулет); Құқық (құқықтану); Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы).
Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім. Қаржы мамандықтары (бухгалтер, экономист-бухгалтер); Экономика мамандықтары (экономист); Құқық (заңгер, заңгер кеңесші).
«Жаңаөзен қалалық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Е-R-4, 1 бірлік (уақытша бос орын, 2019 жылғы 30 қарашасына дейін негізгі қызметшінің бала күтіміне байланысты демалыс кезеңіне).
Функционалдық міндеттері: Тиісті тексеруші органдардан түскен сұраныстарға уақытылы ақпараттардың жіберілуіне қамтамасыз етеді. Қала әкімінің, оның орынбасарларының, аппарат басшысының бұрыштамасымен түскен хаттарға, арыз-шағымдарға жауап дайындайды. Құзыретті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен хаттардың, өтініштердің мерзімінде орындалуын қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалардан түскен арыздар бойынша Мемлекеттік Коммуналдық Кәсіпорындардан, мұрағат пен әділет басқармасынан, т.б. тиісті тексеруші органдарға сұраныстар жолдайды. Қалалық жер учаскелері мәселелерін қарау жөніндегі комиссиясына құжаттарды жасақтайды. Комиссияда хатшылық етіп, отырыстарының хаттамаларын жүргізеді. Комиссияда қаралған арыздар бойынша тиісті хаттамаға сәйкес жауап жолдайды. Хаттама қорытындысын шығарады. Комиссия отырысы нәтижесінде, мақсатына сай пайдаланылмай отырған жер учаскелерінің иелерін анықтап және пайдалану мерзімі өтіп кеткен жер учаскелерінің құжаттарын тиісті шара алу үшін Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына жолдайды. Жерге орналастыру мәселелеріне байланысты жер есебін жүргізу құжаттарына уақытылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілуін қамтамасыз етеді. Жылдық жер есебін тапсырады. Бөлімнің кадрлық қызметін атқарады. «Е-қызмет» персоналды басқарудың ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің автоматты-штаттық режимде жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім.
Техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтары: (геодезия және картография, геология және пайдалы қазбалар кен орнын барлау, тау-кен ісі, құрылыс); қызмет көрсету мамандықтары (жерге орналастыру, кадастр, бағалау); құқық мамандықтары (құқықтану); әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтары (есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару).
Орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Геология, тау-кен өндірісі және пайдалы қазбаларды өндіру (пайдалы қазбалар кен орындарын геологиялық түсіру, іздеу және барлау, пайдалы қазбалар кен орындарын барлау технологиясы және техникасы, жер асты құрылымдарының құрылысы, геодезия және картография); Құқық (құқықтану).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы тармақша 2019 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылады;
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы тармақша 2019 жылғы 1 ақпанға дейін қолданылады;
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген "Наркологиялық ұйымнан анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (7 жұмыс күні), ол жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмелері әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.
Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттардың тізімі мен әңгімелесуді өткізу кестесі конкурс жариялаған мемлекеттік органның интернет-ресурсында және ғимаратында көпшілікке көрінетін жерлерде конкурс комиссиясымен шешімді қабылдау күннен кейін бір жұмыс ішінде және әңгімелесуді өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей орналастырылады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күнннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Әңгімелесу өткiзілгеннен кейiн екі жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізілетін қорытынды отырыста конкурс комиссиясы кандидаттарды ұсынылған құжаттардың негізінде, сондай-ақ эссені бағалау нәтижелерін және конкурс сұрақтарына жауаптарды қамтитын өткiзiлген әңгiмелесудiң нәтижелері бойынша кандидаттардың қатарынан бос лауазымға орналастыру үшiн iрiктеудi жүзеге асырады.".
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, осы Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.
Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда осы Қағидалардың 13-тармағында, 15-тармағының бірінші бөлігінде, 16-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.
Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Шағым жасау тәртібі:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені_________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны_________________________________________
__________________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
|
_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
|
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
|
|
|
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
|
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
|
1.
|
Туған күні және жері/
Дата и место рождения
|
|
2.
|
Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
|
|
3.
|
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
|
|
4.
|
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
|
|
5.
|
Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
|
|
6.
|
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
|
|
7.
|
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
|
|
8.
|
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
|
|
9.
|
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
|
Күні/Дата
|
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
|
қабылданған/
приема
|
босатылған/
увольнения
|
|
|
|
|
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
|
_______________
күні/дата
|
Достарыңызбен бөлісу: |