«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға
барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру
«Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ
070004, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27, 1-кіреберіс, 401-кабинет; тел.8 (7232) 26-44-21; 26-65-46; e-mail: s.kokbaeva@akimvko.gov.kz «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орынына барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
1.Басқарма басшысының қаржы-экономикалық және заң мәселелері жөніндегі орынбасары, («D-O-2» санаты, 1 бірлік), лауазымдық жалақысы еңбек өтіліне байланысты 163 233 теңгеден 220 698 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Өз міндеттерін Басқарма басшысының жалпы басқаруымен және басқа құрылымдық бөлімшелердің басшыларымен өзара іс-қимылда бола отырып атқарады. Басқарма басшысы болмаған кезде Басшының міндеттерін атқарады. Өз құзыры шегінде, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, сонымен қатар азаматтармен жұмыс кезінде Басқарманың мүддесіне өкілдік етеді. Жетекшілік ететін бөлімдерге жалпы басшылық етеді, сондай-ақ бөлімдердің жұмысын жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және ұйымдастырады, олардың құрылымдарын жетілдіру жөнінен ұсыныстар дайындайды. Басқарма қызметіне қатысты ҚР Заңдарының, ҚР Президентінің Жарлықтарының, ҚР Үкіметінің, Премьер-Министрінің, оның орынбасарларының, Президенттің Аппарат басшысының, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерін, облыс әкімінің және облыс әкімінің орынбасарларының қаулылары мен өкімдерінің, хаттамалық шешімдерінің, облыстық мәслихат шешімдерінің, Басқарма басшысының бұйрықтары мен тапсырмаларының уақытылы және сапалы орындалуын бақылайды, жетекшілік етеді. Бақылау құжаттарының уақытылы әрі сапалы орындалуына жеке жауапкершілікте болады. Әкімдік қаулыларының, мәслихат шешімдерінің, облыс әкімінің қаулылары мен өкімдерінің қадағалауға жататын мәселелер бойынша жобаларын әзірлеуге қатысады. Ол өз құзыры шегінде өткізілетін мәжілістерге материалдарды уақытылы дайындауды және ұсынуды бақылайды, дербес жауапкершілікте болады. Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді, ұтымды пайдаланылуына дербес жауапкершілікте болады. Басқарма басшысының бұйрықтары мен өкімдерін орындауға жетекшілік етеді; Қаржылық және еңбек тәртібін сақтауды, жоспарланған мақсаттардың орындалу барысын қадағалауды қамтамасыз етеді; Экономикалық, құқықтық және кадрлық қызметінің нәтижелері бойынша жоғары тұрған органдарға есеп беру уақтылылығын бақылайды; Басқарманың құрылымдық бөлімдеріне басшылық етеді, экономикалық, құқықтық және адами ресурстармен жұмыс істейді, Қызметкерлермен жұмыс істеудегі еңбек заңнамасының нормаларын сақтауға басшылық жасайды; Түпкі нәтижелердің тиімділігі мен қолжетімділігіне бағытталған Басқарманың экономикалық қызметін ұйымдастыруды және жетілдіруді қамтамасыз етеді. Басқарманың ұйымдастырушылық-техникалық іс-шараларды әзірлеу қызметіне әдістемелік көмек көрсетеді, басқарады және қызметтерін үйлестіреді. Басқарманың шаруашылық қызметінің барлық учаскесінде материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарды үнемдеу режимінің қатаң сақталуын қамтамасыз етеді. Қаржылық тәртіптің сақталуын, жоспарлы тапсырмалардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді, кешенді экономикалық талдау жүргізуді ұйымдастырады. Басқарманың экономикалық және заңгерлік қызметінің нәтижелері туралы есептіліктің жоғары тұрған органдарға уақытылы ұсынылуын қадағалайды. Басқарма қызметін басқару жөнінен экономикалық жағынан барынша тиімді шешімдерді енгізуді қамтамасыз етеді. Материалдық ынталандыру, еңбек жағдайын жақсарту, қызметтің мәні мен мәртебелігін арттыру жөніндегі ұтымды саясат жүргізу негізінде барлық санаттағы жұмыскерлердің жұмысқа деген құлшынысын арттыру, құрылымдық және штат санын ұтымдылау, тәртіпті нығайту жөніндегі кешенді шаралар ұйымдастырады және үйлестіреді. Персоналмен жұмыс істеу барысында еңбек заңнамасының сақталуын қадағалайды. Ұйымның даму стратегиясына және оны іске асыру шараларына сәйкес, кадр саясатын қалыптастыру, оның негізгі бағыттарын белгілеу жұмысына басшылық етеді. Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша тендерлерді ұйымдастыруды және өткізуді бақылайды; Басшыға қол қоюға ұсынылатын ішкі нормативтік құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қамтамасыз етеді; «Ашық үкімет» енгізу бойынша жұмысты ұйымдастырады. ШҚО аумағында тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру мәселелерін бақылайды; Облыс аумағында салынып жатқан тұрғын үй құрылысының барлық объектілері бойынша жиынтықты ақпараттың уақытылы әзірленуін бақылайды; Мемлекеттік қызмет көрсету регламенттерінің уақытылы әзірленуіне және бекітілуіне бақылау жүргізу; Өзінің лауазымдық міндеттерін сапалы және уақытылы орындайды. Басқа құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, қолданыстағы ішкі нормативтік құжаттарды әзірлеу және жетілдіру жұмыстарына қатысады, оларды өзгерту немесе жою туралы ұсыныстар дайындайды. Заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен шағымдар мен өтініштерді уақытылы қарастырады.
Конкурсқа қатысушыларға білімі бойынша қойылатын талаптар: жоғары білім: «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, жобаларды басқару, статистика, әлемдік экономика) немесе «Құқық» (заңгерлік, құқық тану, халықаралық құқық).
Мынадай құзыреттердің бар болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысу, аналитикалық талдау, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған немесе ғылыми дәрежесі болған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-4, C-R-1, D-4, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар:
1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзіреттер бойынша талаптар;
2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
3) «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда, азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей береді.
Оларды бермеген жағдайда конкурс комиссиясы тұлғаны әңгімелесуден өтуге жібермейді.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған (Уәкілетті органның интернет-ресурсында) күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсыру қажет:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күн ішінде мына мекен- жайда: «ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 27, 1-кіреберіс, 401-кабинетте өтеді.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады. Егер конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда олар Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне 5 жұмыс күн ішінде шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешіміне шағымды келесі мекен-жайға жолдауға болады: ШҚО, Өскемен қаласы, Тәуелсіздік (Независимости) даңғылы, 4-үй.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының негізінде өткізіледі.
Анықтама телефоны: 8 (7232) 26 44 21; 26-65-46: e-mail: s.kokbaeva@akimvko.gov.kz.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттігінің сайты www.kyzmet.gov.kz.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
____________________________________________________________________
________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |