Конкурс туралы хабарландыру Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары



Дата11.01.2020
өлшемі78 Kb.
#26185
түріКонкурс

Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған


ішкі конкурс туралы хабарландыру
Ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптары:
D-O-3 санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

      2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

      3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

      4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

      5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

      6) ғылыми дәрежесінің болуы.



Конкурс ҚР ӘМ 2017 жылғы 27 наурыздағы №14939 тіркелген, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты




min

max

D-О-3


305 771

398 831


«Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ, 050001, Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, анықтама үшін телефон/факс 271-66-88, e-mail: a.turdali@almaty.gov.kz, Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының қызметшілері арасында «Б» корпусы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

Алматы қаласы Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының Жылу -энергетика кешенінің объектілерін басқару бөлімінің басшысы, D-О-3 санаты, (1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басшылықты жүзеге асырады.

Ұйымдастыру-бақылау, жеке атқару, реттеу функцияларын орындайды (келіседі, ұсынады, тапсырады, бақылайды, әзірлейді, жинайды, зерделейді, жүйелендіреді): жылу-энергетикалық кешен объектілерін басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады, жылу-энергетикалық кешен объектілерінің жай-күйіне талдау жүргізеді, жоғары тұрған органдарға ақпарат, қала әкімдігіне материалдар дайындау, қала әкімінің шешімдері мен тапсырмаларын, қала әкімдігінің қаулыларын орындау бойынша жұмысты ұйымдастырады.; бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жоғары тұрған және төменгі мемлекеттік органдармен бөлімнің өзара іс-қимылын ұйымдастырады; бөлім қызметінің мәселелері бойынша талдау жұмыстарын жүргізуді, статистикалық ақпаратты жинауды, жүйелеуді, есепке алуды жүзеге асырады. инженерлік инфрақұрылыммен жұмыс жүргізуді бастау және аяқтау мерзімдері туралы халықты және басқа да мүдделі тараптарды алдын ала (кемінде 3 күн бұрын) хабардар етуді қамтамасыз етеді.; ҚР заңнамасына сәйкес инженерлік инфрақұрылыммен жұмысты ұйымдастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету, тәжірибе алмасу, қаланың инженерлік желілерін дамыту және жаңғырту бойынша үздік әлемдік тәжірибелерді енгізу үшін құрылыс ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасауға қатысады; желілердегі ықтимал ақаулар мәніне инженерлік инфрақұрылымдардың қашықтықтан мониторинг жүйесін қамтитын бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану бойынша ұсыныстар енгізеді.; қызмет тиімділігін, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын, ашықтығын, жеделдігін және қол жетімділігін арттыру үшін бизнес-процестерді цифрландыруға қатысады; алушылардың қанағаттануын арттыру үшін ашықтық және есеп беру қағидаттарында мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді; ведомстволық бағынысты ұйымдардың сапасыз көрсетілген қызметтерге тұрғындардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссиялар құру туралы бұйрықтың жобасын әзірлеп, енгізеді және оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізеді; Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін; қамтамасыз етуге; ресурстарды ұтымды пайдаланатын тұтынушыларды материалдық көтермелеу шаралары жөнінде ұсыныстар енгізуге; Алматы қаласында жылыту маусымына дайындық және оны өткізу ережелерін әзірлеуге және бекітуге енгізуге; Алматы қаласында коммуналдық қызмет көрсету ережелерін, инженерлік коммуникацияларды ұстау ережелерін әзірлеуге және бекітуге енгізуге; Алматы қаласында есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін коммуналдық қызметтерді тұтыну нормаларын әзірлеуге және бекітуге енгізуге; Алматы қаласында жылу беру маусымына дайындық және оны өткізу; мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін әзірлеуге және бекітуге енгізуге; жылу желілері бойынша жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының дайындығы мен жүзеге асырылуын және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды қамтамасыз етуге; жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарға тексеру жүргізуге қатысуға; жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жөндеу жоспарларын келісуді қамтамасыз етуге міндетті.); аяқталған объектіні коммуналдық меншікке беруді және ведомстволық бағыныстағы заңды тұлғалардың теңгеріміне не республикалық меншікке бекітуді қамтамасыз етеді; заңнамада көзделген жағдайларда пайдалануға берілетін объектілерге техникалық паспорттарды ресімдеуді қамтамасыз етеді; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді атқарады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс және/немесе мұнайгаз ісі және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе электрмен жабдықтау (салалар бойынша)); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару).

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. белгіленген нысан бойынша өтініш (қоса беріліп отыр);

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік отыз күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 3 жұмыс күннің ішінде конкурс өткізу туралы хабарландырудың соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Аппаратқа тапсырылуы тиіс.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қаласы әкімі аппаратының (Алматы қаласы, Республика алаңы, 4) ғимаратында өтеді.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылардың қатысуына жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей біріңғай персоналды дамыту қызметіне тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға біріңғай персоналды дамыту қызметіне жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.



Конкурстық комиссия тарапынан заңсыз фактілер анықталған жағдайда конкурс кандидаттары мен қатысушылары Алматы қаласы, Сейфуллин даңғылы, 555 мекенжайында орналасқан Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментіне 254-90-26, 254-90-20 байланыс телефондары арқылы шағымдануға құқылы.

«Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымдарына орналасу үшін

ЖАДЫНАМА
Конкурсқақатысушылар мен кандидаттарқұқылы:

- Құжаттарын (нысандағы өтініш; тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім) хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы немесе «е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсыруға. Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей ұсынуға.

- Бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды беруге.

- Конкурстың өтетін уақыты және күні туралы ақпаратты электрондық мекен-жайға және ұялы телефонға хабарлама алуға.

- Хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде әңгімелесуден өтуге.

- Әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда техникалық жазба құралдарын қолдануға.

- Мемлекеттік органның ақпараттық қабырғаларында, баршаға көрінетін жерлерге, сондай-ақ оның интернет-ресурсынан конкурс комиссиясының шешімі мен конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған кандидаттардың тізімімен танысуға.

- Әңгiмелесудің оң қорытындысын алған жағдайда конкурс нәтижесiмен, ол аяқталғаннан кейiн екі жұмыс күн iшiнде танысуға.

- Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн өткеннен кейін, конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда лауазымға қабылдануға, немесе конкурсқа бір кандидат қатысып, ол конкурс комиссиясының оң қорытындысын алған жағдайда, ол конкурс комиссиясының қорытынды отырысы өткен күннен бастап тағайындалуға.

«Б» корпусының мемлекеттік


әкімшілік лауазымына   
орналасуға конкурс өткізу 
қағидаларына 2-қосымша 

____________________________________


(мемлекеттік орган)
Өтініш
      Мені ______________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________
___________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу
конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:



________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
      Мекенжайы және байланыс телефоны _________________________________________
________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
_________________                         ___________________________________
  (қолы)                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау