Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
D-O-2 санаты санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес немесе ғылыми дәрежесінің болуы; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.
«Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» КММ, 050010, Алматы қаласы, Қонаев көшесі 122, анықтама телефоны: 261-67-33, e-mail: www.uzsp.almatykala.kz, Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік қызметкерлері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ішкі конкурс жариялайды:
Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, D-О-2 санаты, 1 бірлік.
Қызметтік міндеттері: Алматы қаласының 2016-2020 жылдарға даму бағдарламасын жүзеге асыру. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар аймағындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын жүзеге асыруға бойынша Басқарма басшысының бұйрықтарының, жоғары тұрған органдар мен лауазымды тұлғалардың өкілеті шегінде берілген, шешімдер мен тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді: мүгедектермен және ардагерлермен жұмыс бөлімінің, медициналық-әлеуметтік мекемелермен жұмыс бөлімінің, жинақтық талдау бөлімінің, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің, Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандық бөлімдерінің, психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға және он сегіз жастан асқан мүгедектерге үйде әлеуметтік көмек көрсететін бөлімшелердің жұмыстарын бағыттап, бақылауды жүзеге асырады. Бағыттайтын бөлімдерде жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету, мүгедектерді оңалту бойынша шараларды әзірлеп, оларды жүзеге асыру, зейнеткерлерді, мүгедектерді, ҰОС ардагерлерлі мен қатысушыларын санаторлы – курорттық емдеуге жолдамамен қамтамасыз ету, көп балалы аналардың наградтау парақтарын толтыру, мүгедектердің жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтерін, ымдау тіл мамандармен, жетек арбамен, слухопротезбен, техникалық көмекші құралдармен, гигиеналық құралдармен, протезді – ортопедиялық көмекпен, қосымша әлеуметтік көмекпен қамтамасыз етілуін және есепке тұруын бақылау; халықты әлеуметтік қорғау саласындағы әлеуметтік қызметкерлерді мерзімінен бұрын аттестаттауды өткізу, Семей сынақ ядролық полигонында зардап шеккен азаматтардың әлеуметтік қорғалуы бойынша шараларды жүзеге асыру; Басқарма, 8 аудандық бөлімдер, сонымен қатар ведомстваға қарасты мекемелермен кәсіпорындар ғимараттарында күрделі және ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу, Басқарма, 8 аудандық бөлімдер ғимараттарына жылу, су – қуатпен қамтамасыз ету, Басқарманың, аудандық бөлімдердің жылжитын және жылжымайтын мүліктерін нысаналы пайдаланылуын бақылау сұрақтары бойынша жұмысты үйлестіреді және бақылауды жүзеге асырады. Интернат үйлеріндегі толық мемлекет қамындағы қарттарға, мүгедектерге, мүгедек-балаларға медициналық қызмет, материалдық-тұрмыстық қызмет көрсетуде, мүгедек – балаларға үйде әлеуметтік қызмет көрсетуде ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық жүргізеді; құрылыс объектілерін қарау кезінде мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және қадағалау уәкілетті органын тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу және ведомстваға қарасты мекемелермен кәсіпорындардың жұмысын үйлестіреді және бақылау жасайды. Басқарманың тоқсандық, жылдық жұмыс жоспарын құрады, олардың орындалуы жөнінде есеп дайындайды. Басқарманың мемлекеттік қызмет көрсету жұмысына есеп дайындап, жинақтық мониторинг бойынша жұмысты жүргізеді. Басқарма жұмысының тиімділігі бойынша деректерді талдайды. Жиналыстарға, семинарларға және жоғары тұрған органдарға Басқарманың ақпараттық-анықтамалық, аналитикалық құжаттарын дайындайды. Жинақтық есептер мен мәліметтерді дайындайды. Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің сақталуымен қорғалуын қамтамасыз етеді; азаматтардың өтініштерін қарап, қажетті шаралар қолданады; азаматтарды қабылдайды. Басқарма басшысы анықтайтын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білім немесе гуманитарлық ғылымдар, немесе құқық, немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, немесе техникалық ғылымдар және технология саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттердің болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стартегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
Қазақстан Республикасы Заңнамаларын білуіне байланысты тестілеу бағдарламасына сәйкес, нормативтiк құқықтық актiлерiн меңгеруі. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес, облыстардағы қатынастарды реттейтiн Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн, қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты стратегиясын бiлуi. Осы санаттағы лауазымдар бойынша қызметтік мiндеттердi орындау үшiн қажеттi басқа да мiндеттi бiлiмдер
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін 3 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.
Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында өтеді.
Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылар шақырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
Достарыңызбен бөлісу: |