Конкурс туралы хабарландыру Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар



жүктеу 100,31 Kb.
Дата11.12.2017
өлшемі100,31 Kb.
#3858
түріКонкурс

«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік қызметшілер арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру
Барлық ішкі конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Е-3 санаты үшін:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес;

4) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.




Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

Е-3

min

max

102 437

138 248


Е-4 санаты үшін: 

1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

5) ғылыми дәрежесінің болуы.




Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

Е-4

min

max

77 452

104 936


«Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050065, Алматы қаласы, Шаңырақ-2 ы/а, № 26, анықтама үшін телефондар: 299-86-77, e-mail: kadr.alatau@mail.ru, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппаратыныңмемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

  1. Аудан әкімінің көмекшісі (Е-3 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Телефонхаттарды уақтылы тіркеуге алып, жедел түрде онымен басшылықты, орындаушыларды таныстыруға жауапты. Аудан әкімінің қызметімен тікелей байланысты тапсырмалардың орындалуын ұйымдастырады. Аудан әкімі қабылдау бөлмесінің жұмысын, орынбасарлармен, аппарат қызметкерлерімен, аудандық қызметтермен, азаматтармен жедел байланысын қамтамасыз етеді. Әкімінің аппаратындағы бөлімдерден ақпарат жинап, барлық сұрақтар бойынша аудан әкіміне баяндама дайындайды. Қала әкімінің, орынбасарларының, құрылымдық басқармаларының жиналысына аудан әкімінің аппаратының тиісті бөлімдерінен ақпараттар жинап аудан әкіміне ұсынады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технология саласында немесе құқық саласында немесе білім саласындағы (педагогика және психология немесе математика немесе физика немесе тарих немесе құқық негіздері және экономика немесе қазақ тілі және әдебиеті) жоғары білім. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдаструшылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік

2. Ұйымдастыру жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: -Аудан әкімінің халық алдында есеп беру кездесулерін ұйымдастыру, берілген тапсырмалардың орындалуын қадағалау, шақырылғандардың қатысуын қамтамасыз ету; кездесу, конференция және басқа да іс-шараларды дайындап, өткізуді ұйымдастыруға қатысу; Аудан әкімінің жоспарлы жиналыстарын ұйымдастырып, шақырылғандардың қатысуын қамтамасыз етіп; жиналысқа қатысты құжаттарды жүйелейді; қала және аудан әкімінің хаттамалық тапсырмаларын тиісті құрылымдық бөлімдерге жеткізу, олардың орындалуы туралы мәліметтер жинау, Алматы қалалық Ақпараттық жүйелер орталығымен сайлаушылардың тізімін анықтау бойынша жұмыс жүргізу; сайлау және референдум бойынша жұмысты дайындау және өткізу барысындағы жұмыстарға қатысу; Алматы қаласы әкімінің аппаратының қызметкерлерімен берілген тапсырмаларды орындау, қорытындылау және бақылауда ұстап, аудан әкімінің аппарат қызметкерлеріне уақытылы жекізу. Алатау ауданы бойынша әлеуметтік-экономикалық төлқұжатты жаңартып, айлық, тоқсандық, жылдық ақпаратты қорытындылау.Аудан әкімінің азаматтарды жеке қабылдауын ұйымдастырады және әкімнің жеке қабылдауындағы тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етеді.Мереке күндері және қажет болған жағдайларда аудан әкімінің аппаратында жауапты қызметкерлердің кезекшілігін ұйымдастырады. Аудан әкімі аппаратымен өткізілетін іс-шараларына қатысады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар немесе гуманитарлық ғылымдар саласында немесе құқық саласында немесе білім саласында (педагогика және психология немесе математика немесе физика немесе тарих немесе құқық негіздері және экономика) саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Кәсіпкерлік пен өнеркәсіпті дамыту жөніндегі бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Шағын бизнесті қолдау мен дамыту жөніндегі аудандық бағдарламаны әзірлейді. Қызмет көрсету саласындағы шағын бизнесті (ателье, шаштараз, жөндеу шеберханалары) және ұсақ сауданы ақпараттық құжаттармен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Олардың қатысуымен іс-шаралар ұйымдастырады және өткізеді.Кәсіпкерліктің, шағын бизнестің және өндірістік саладағы шағын кәсіпкерліктің, дәріханалардың, жазғы алаңдардың, қызмет көрсету саласындағы шағын саудалардың жұмысын үйлестіреді. Қалалық және аудандық іс-шараларды өткізуге қатысады. Ауданда шағын кәсіпкерліктің дамуына талдау жасап, жаңа кәсіпорындардың, өндірістердің, жұмыс орындарының ашылуына жүйелі түрде мониторинг жүргізіп отырады. Шағын бизнесті қолдау мен дамыту жөніндегі қалалық және аудандық бағдарламаның жұмысын әзірлейді. Шағын бизнесті дамыту мен қолдау жөніндегі қалалық және аудандық бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстарын орындайды, Кәсіпкерлер мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен аудан әкімі өткізетін кеңестер мен конференцияларды ұйымдастырып, өткізуге қатысады. Қала және аудан әкімдерінің шешімдерінің, өкімдерінің және хаттамалық тапсырмаларының орындалуы жөнінде ақпараттарды дайындайды. Өнеркәсіптің және кәсіпкерліктің дамыту қоғамдық эксперттік кеңесінің жұмысына тікелей қатысады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасымен, аудандық ішкі істер басқармасымен және Ветеринарлық қызметпен бірге жабайы сауданы жою мақсатымен бірлескен рейд жұмыстарын жүргізеді. Аудандық эвакуациялық комиссия жұмысын жүзеге асырады.Бөлімнің іс-қағаздарын жүргізеді. Азаматтардың өтініштері мен қызметтік хат-хабарламалардың мерзімінде орындалуына жауапкершілікте болады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: экономика және бизнес немесе құқық саласында немесе техникалық ғылымдар саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдаструшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4. Коммуналдық-шаруашылық бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Нормативтік-құқықтық актілердің орындалуы жөнінде талдау ақпараттарын, анықтамалар, басқа да құжаттарды және аудан әкімінің, әкімнің тұрғын үй-коммуналдық, көркейту және құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларын, нұсқау беру сипатындағы құжаттарын, іс-шараларын дайындайды.Тұрғын үй фонды бойынша анықтамалар, ақпараттық құжаттар дайындайды, сүру туралы акт береді. Бөлімнің перспективалық және ағымдағы (жылдық, тоқсандық, айлық) жұмыс жоспарын әзірлейді. Аудандағы барлық пәтер иелерінің кооперативінің, жеке үйлер кооперативінің, жеке үй иелерінің тұтынушылар кооперативінің, жеке пәтер иелерінің кооперативінің шаруашылық қызметінің жұмысын жүргізеді және үйлестіреді. Аудандық барлық пәтер иелерінің кооперативінің, жеке үйлер кооперативінің, жеке үй иелерінің тұтынушылар кооперативінің, жеке пәтер иелерінің кооперативінің төлқұжаттарын жаңарту мәселелерімен айналысады. Автокөлік жолдары және тротуарларды күрделі және ағымдағы жөндеу жаңа құрылыс жұмыстарының орындалуына бақылау жасайды. Ауданның тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының және құрылыстың дамуына, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының объектілерін және құрылысқа бөлінетін күрделі салымды пайдаланудың тиімділігін арттыру бойынша көмек көрсетеді. Өз құзіреті шегінде азаматтардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарайды. Бекітілген номенклатураға сәйкес бөлімнің іс-қағаздарын жүргізеді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: экономика және бизнес саласында немесе техникалық ғылымдар саласында немесе құқық саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдаструшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

5. Коммуналдық-шаруашылық бөлімінің бас маманы (Е-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттер: Нормативтік-құқықтық актілердің орындалуы жөнінде талдау ақпараттарын, анықтамалар, басқа да құжаттарды және аудан әкімінің, әкімнің тұрғын үй-коммуналдық, көркейту және құрылыс мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларын, нұсқау беру сипатындағы құжаттарын, іс-шараларын дайындайды.Тұрғын үй фонды бойынша анықтамалар, ақпараттық құжаттар дайындайды, сүру туралы акт береді. Бөлімнің перспективалық және ағымдағы (жылдық, тоқсандық, айлық) жұмыс жоспарын әзірлейді. Жер басқармасы және басқа жерге қатысты мекемелермен жұмыс жүргізу, инвентаризациялау, орындарға комиссиялық шығуғка қатысу. Аудан көлеміндегі құрылыстарды тиісті мекемелермен, басқармалармен бірге санитарлық жағдайын, қазба жұмыстарының толық қалпына келтірілуін бақылауда ұстау. Ауданның инфраструктуралық дамуына, нақты жоспарлау кезінде немесе өзгерістер кезінде басқармалармен бірге ұсыныстар дайындауға қатысу. Пәтер иелерінің кооперативінің жұмысын жүргізу және үйлестіру: тұрғын үйлерге жүргізілетін жөндеу жұмыстарын және аулалардың тазалығын қадағалау.

Өз құзіреті шегінде азаматтардың өтініштерін, арыздары мен шағымдарын қарайды. Бекітілген номенклатураға сәйкес бөлімнің іс-қағаздарын жүргізеді.



Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: экономика және бизнес саласында немесе техникалық ғылымдар саласында немесе құқық саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдаструшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күннен кешіктірілмей береді.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.

Кандидаттармен әңгімелесу «Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (Алматы қаласы, Шаңырақ-2 ы/а, № 26, 4 қабат, 408 кабинет) әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде өтеді.



Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылар шақырылады.

Байқаушылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредителген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.
жүктеу 100,31 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау